You are on page 1of 7

ЖЫЛУФИЗИКАЛЫҚ СПЕЦПРАКТИКУМ

№9 ЖҰМЫС

СҰЙЫҚТЫҚТАРДЫҢ ТҰТҚЫРЛЫҚ КОЭФФИЦИЕНТТЕРІНІҢ


ТЕМПЕРАТУРАҒА ТӘУЕЛДІЛІГІН ЗЕРТТЕУ.

1. Жұмыс мақсаты.
 Жылуфизикалық өлшемдерді өлшеу әдістері туралы дәріс білімін бекіту.
 Сұйықтықтардың тұтқырлық коэффициентін өлшеудің ротациялық әдісімен
танысу.
 Әртүрлі температурадағы глицериннің тұтқырлық коэффициентін өлшеу.
 Алынған температуралық тәуелділіктен туған сұйықтық тұтқырлығы арқылы
активация энергиясын анықтау.

2. Қысқаша теория.
 Сұйықтықтардағы ішкі тұтқырлық.
Сұйық қүйдегі заттың құрамын зерттеу, физикалық зерттеулерде маңызды орын
алады. Табиғаттағы орын алатын құбылыстардың көбісі және технологиялық
процесстердің химиядағы, мұнай өндірісіндегі, тамақ өндңрңсі мен басқа да
өндіріс көздерінде толығымен немесе бірсыпыра сқййық түрде жүреді.
Сұйықтық энергетикада жылутасымалдаушы мен жұмыс орындаушы дене
ретінде қарастырылады. Молекулярлық биология мен медицинаның дамуы,
организмдердің өмір сүру процесстерін тану, сұйықтық молекулаларының
жылулық қозғалысын тануынсыз мүмкін емес. Тұтқырлықты сұйықтық
молекулаларының тасымалының құрамы ретінде зерттеу физикалық
құбылыстардың айқын түсінігін, және де көптеген технологиялық есептердің
шешімін береді.
Тұтқырлық – сұйықтар мен газдардағы бір бөліктің екінші бөлікке кедергі
келтіру қасиеті.
Біртекті жағдай үшін тұтқыр ағынның заңы И.Ньютонмен (1687) бекітілген
болатын.
τ = μ |dν∕dn| (1)
τ – үйкелістің түйістірілген кернеуі, беттің бірлік ауданына түйістірілген ішкі
үйкеліс күші.
dν∕dn – бет қабатының ішкі нормалына бағытталған жылдамдық градиенті..
μ – динамикалық тұтқырлық коэффициенті.
Осы жерден тұтқырлық коэффициентінің анықтамасын аламыз. Тұтқырлық
коэффициенті санды түрде бірлік көлемде, сұйықтық немесе газдың екі қабаты
арасындағы тангенциал тұтқырлық күшіне тең.
СИ жүйесінде Па с пен өлшенеді. [μ] = Па с = кг/м с.
Динамикалық тұтқырлықпен қатар кинематикалық тұтқырлық қолданылады
ν.
ν = μ/ρ. СИ жүйесінде [ν] = м^2 / c
1. Теңдеу тұтқыр сұйықтықтың тензорлы кернеуі мен деформация жылдамдығы
тензорының сызықты байланысының меншікті жағдайы болып табылады.
сұйықтықтарда, тұтқырлық – молекулааралық әсерлесуі деп қарастырылады.
Сұйықтықтарда молекула қозғалысының екі типі: а) активті бірбөлшекті
орын ауыстыру, ол кристаллдарда кездеседі. в) көпбөлшекті коллективті
эффект, ағымның әсерінен қозғалыстағы молекулалар көршілес молекулаларға
әсер етуі.
Активация энергиясы w – бұл қуысты тудыруға қажетті энергия.
Сұйықтықтарда молекула көршілес қабатқа тек онда қуыс қалыптасқан кезде
ғана асып түсе алады.
Τ – орташа уақыт кезінде әрбір бөлшектің тербеліс центрі өзгермейді. τ >> τ.

(2)

Осы уақыт арқылы v сұйықтық молекуласының орын ауыстыруының орташа


жылдамдығы.

Δ – орташа молекулааралық арақашықтық.


Сұйықтық ағыны динамикалық тұтқырлық коэффициентіне кері шама.

А – Температураның әлсіз функциясы. Сұйықтықтардың тұтқырлығы


температура өсуіне қарай жылдам азаяды.
W активация эненргиясын 1 мольге шаққанда:
W = w N.
Сонда (3) формула:

(3)
Сыртқы және ішкі цилиндрлердің радиустері сәйкесінше r1 мен r2, биіктігі h
болсын. Онда Ньютон заңы бойынша, цилндрдің қабаттық радиусына әсер
ететін тұтқырлық күші:

(4)
- цилиндрлік қабаттың ауданы.

- жылдамдық градиенті.

екенін ескерсек.

(5)
Осыдан ішкі үйкелістің момент күшін анықтаймыз:

(6)

(6) теңдеуі – бөлшекті айнымалысы бар теңдеу. Ол оңай интегралданады:

(7)

С1 интеграл тұрақтысын шекті шарттардан анықтаймыз.

- цилиндрдің бірлік уақыттағы айналым саны.

осыдан:

демек:

(8)

Бұл күш моменті ішкі цилиндрді φ бұрышқа бұрады:


(9)
А1 – пружинаның геометриялық өлшемдері мен қатаңдығына тәуелді тұрақты.
(8) бен (9) теңдеулері теңестіре отырып келесі өрнекті аламыз.

Осы жерден:

(10)

прибор тұрақтысы.

Сыртқы цилиндрге белгілі бір жылдамдық беріп, ішкі цилиндрдің бұрылу бұрышын
өлшеу арқылы зерттеліп отырған сұйықтықтың тұтқырлық коэффициентін
анықтаймыз.
А тұрақтысы вискозиметрді калибровкалау арқылы анықталады.

Эксперименталды қондырғының анықтамасы.

Қондырғының жұмыс істеу принципі қарастырылып отырған ортадағы кернеудің


ығысуын есептеу. Ол өлшегіш цилиндр мен айналмалы сыртқы гильзаның
арасында, цилиндрлі бұрама пружинамен байланысқан.
Конструкциясы жағынан ротациялы вискозиметр құрама корпустан, өлшегіш
жүйеден, жетек пен өлшенетін сұйыққа арналған ыдыстан тұрады.
Корпус – қабыршадан 1; негізден 2,3; жоғарғы және төменгі платадан тұрады.
Платада вискозиметрдің жалпы механизмдері орналасқан.
Өлшегіш жүйе жоғарғы платаға бекітілген және өлшегіш цилиндрден құралады.
Цилиндр биіктігі (60,0 +- 0,1)мм, сыртқы диаметрі (39,62 +- 0,05)мм.
Осьтің жоғарғы бөлігіне шкала мен өлшегіш пружинаның бір шеті орнатылған.
Пружинаның екінші шеті негізге жалжанған 3. Өлшегіш цилиндр айналмалы
гильзаның 8 ішінде орналасқан және ортақ оське бекітілген. Гильзаның ішкі
диаметрі (44,00 +- 0,05)мм. Вискозиметр жетегі 5 жылдамдыққа ие: 0,2, 200, 300,
400, 600 айн/мин. Динамикалық тұтқырлықты өлшеу кезінде 4 жылдамдық
қолданылады. Зерттеліп отырған сұйықтық ыдысқа 9 құйылады, ол сыртқы
термостатпен қаптырылған. Сұйықтық температурасы кернеу термометрімен
өлшенеді.

Жұмыс орындау тәртібі.


1. Зерттеліп отырған сұйықтықты ыдысқа құйып, ыдысты стөлді көтеріп
стөлге қоямыз.
2. Термостатты қосамыз, термометрдің белгісін 50˚С – ге қоямыз.
3. Термостаттың регуляторын сағат тіліне қаосы соңына дейін бұраймыз.
4. Тумблерді «сеть прибора» қосып бөлме температурасынан бастап 50˚С –
ге дейін әр 2 градус бойынша прибор шкаласының 300, 600 айн/мин
көрсеткіштерін жазамыз.
Эксперименталды мәндер.

Қателік мәндерін сараптау.


Динамикалық тұтқырлық:

Кейін алынған мәнді сызықтық тәуелділік ретінде қарастырамыз.

11 мен 12 формулаларды салыстыра отырып екенін байқаймыз.


Осы жерден сұйықтықтың 1 мольге шаққандағы активация энергиясын анықтаймыз.
алынған нәтиженің қателігін бағалаймыз.

Өзін – өзі даярлау сұрақтары.


1. Тұтқырлық коэффициентіне анықтама беру. μ СИ жүйесінде қандай
өлшем бірлігімен өлшенеді. Динамикалық тұтқырлық коэфф. мен
кинематикалық тұтқырлықтың коэффициенті қалай байланықан?
2. Сұйықтықтардағы молекулалардың жылулық қозғалысының қабілетін
сипатта.
3. Сұйықтықтың μ температурамен қалай байланысты?
4. Тұтқырлықты анықтаудың ротациялық әдісі қандай?
5. Тұтқырлық коэфф. температураға тәуелділігі арқылы активация
энергиясын анықтаймыз? Активация энергиясы температура мен
қысымға тәуелді ме?

You might also like