You are on page 1of 5

И.

Сүйеубаев атындағы №8 жалпы білім беру орта мектебі КММ

Сынып сағаты
Тақырыбы:

«Төл теңге-ұлттық мақтаныш»

Орындаған: 6 А сынып жетекшісі:Жолдыбаева Ш.Б

Ақтау – 2017ж
13.11.17 ж
Сыныбы 6А

Пәні Тәрбие сағаты

Сабақтың тақырыбы: «Төл теңге-ұлттық мақтаныш»

Жалпы мақсаты: Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі – теңгемен тереңірек


таныстыру. Ақша айналымы тарихынан мағлұмат беру;
оқушылардың іскерлік, кәсіпкерлік, ақша туралы түсініктерін
кеңейту, сөйлеу мәдениетін дамыту; өз Отанына мақтаныш сезімін
ояту.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Рухани қазына» бағытының
«Туған жер-туған ел» тақырыбымен байланысты
Күтілетін нәтиже Сыни ойлана отырып өз ойларын ашық жеткізеді.
Шығармашылық жұмыс жасай отырып дарынды оқушылар
анықталады. Баланың айналаны қоршаған ортаға, еліне, туған
жеріне, Отанға сүйіспеншілігі артып, елін мақтан тұтар азамат
болады .Ұлттық теңгенің маңызын,тарихын біледі.

Сілтеме Слайд, кітаптар, постер материалдары, қосымша ресурстар.

Негізгі идеялар Теңгенің енгізілуімен Қазақстан толық мағынасында тәуелсіз


мемлекеттің барлық нышандары (елтаңбасы, туы, гимні, ұлттық
валютасы) бар егеменді елге айналды..
Әр елдің ұлттық ақшасы болады. Біздің ұлттық ақшамыз теңге.
«Ақша» сөзіне балама ретінде «валюта» сөзі қолданылады.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін ұлттық валюта теңгеміз
айналымға енді. 1993 жылдың15 қарашасы төл теңгеміздің туған
күні саналады.
Ұлттық теңгеміздің шеттері Қазақтың ою өрнектерімен
безендірілген. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы
тұлғаларының бейнелері басылды.
Алғаш шыққын теңгелерде Абылай, Әбілқайыр секілді
хандарымыз бен Әл - Фараби, Абай, Шоқан сияқты ұлы
тұлғаларымыздың бейнелері салынған болатын.
1993 жылы алғашқы тиындар қағазбен басылып шыққан болатын.
Аз уақыттан кейін осы қағаз тиындар айналымнан алынып
тасталып, олардың орынына монета нысанындағы тиындар
айналымға жіберілді.
Теңге біздің дербес ел болғанымыздың белгісі. Басқаның
валютасына тәуелді болу, барлық байлығымызды біреудің билігіне
беру. Ұлттық валюта - еліміздің даму кезеңі.
2007 жылы теңгенің бейнесі өзгерді. Қазіргі теңгеде
тәуелсіздігімізді білдіретін мемлекеттік рәміздеріміз орын алған.
Ту, Елтаңба, Бәйтерек Елбасымыздың алақан ізі және қолтаңбасы,
әнұран ноталары бейнеленген.
Қолданылған әдістері Диалогты оқыту: сұрақ қою, әңгімелесу;
мен тәсілдері Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Оқуды және оқыту үшін бағалау
Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс;
Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту.

Міндеттері Сабақ барысында оқушылардың толық қатысуы.


Топтық байланыс орнату.
Өзара келісіммен зерттеушілік- диалог құру.
Ұйымдастыру:
Сабақ жоспары топқа бөлу(Түстер бойынша бөлу), мақсат қою
Сабақ барысы: Блум таксономиясы бойынша
Рефлексия. Кері байланыс.
Үйге тапсырма
Тапсырма көздері Әр түрлі жағдаятқа байланысты сұрақтар.
Ақша туралы ырымдар
Кері байланыс «Инсерт» стратегиясы, топтық бағалау

Бағалау Алған білімдерін жинақтап, түйіндеу арқылы, тақырыпты бағалау.

Сабақтың кезеңдері: Мұғалімнің іс-әрекеті: Оқушының іс-әрекеті:


Ұйымдастыру кезеңі: Сыныпта жағымды психологиялық Сәлемдеседі, бір-біріне
ахуал қалыптастырады сәттілік тілейді
Оқушыларды топқа Оқушыларды топқа Топтарға бөлінеді
бөлу: арқылы бөледі
«Табыс» « Теңге» « Тиын»

Білу Ой қозғау: (түрткі сұрақтар) Берілген сұрақтарға жауап


Теңгенің тарихы береді.

Түсіну 1993 жылдың 12 қарашасында Оқушылар ұлттық теңгенің


маңыздылығын, ақша
Қазақстан Республикасы аумағында айналымының тарихын
Ұлттық валютаның енгізілуі туралы біледі
шешім қабылданып, 15 - 16 қарашада
1961 - 1991 жылдарда шығарылған
рубльдерін ұлттық валютамыз
теңгеге айырбастау шаралары жүзеге
асты. Қазақ теңгесі Англияда
басылды
Қолдану «Табыс» 1-жағдай. Биылғы оқу Талдау жасау арқылы
Талдау жылында қазақ тілі оқулығы тақырыптың мағынасын
жетіспейді,базардағы оқулық бағасы түсінеді
800 теңге. Анаң туыстардан Салыстырады, сараптайды
оқулығыңды тауып әкелді.Бірақ
оқулық ескі.жыртық.Сен оқулықты
ұстағың келіңкіремей тұр .Сенің іс-
әрекетің …?
« Теңге» 2-жағдай: Сен екі ініңді
бала бақшадан алып қайттың.
Інілерің қарындары ашқандарын
айтты. Сенде 60 теңге
бар.Балмұздақ 60 теңге, 3 алма 60
теңге, 1 қорап сағыз 60 теңге. Қай
затты алар едің? Неге?
« Тиын»3-жағдай: Мұғалім бүгін
сағат екіде цирк болады деді. Билет
бағасы – 300 теңге.Сондай-ақ
информатика оқулығы 300 теңге,
алмасақ болмайды,сабақ өте алмай
қаламын. Не істейсің ?

Жинақтау 3.Жаңа тақырып бойынша алған Берілген тапсырманы


білімдерін жинақтап, түйіндеу үшін орындайды,білімдерін
Әр түрлі купюраларды суреттеу жинақтайды, сараптайды

Бағалау Жаңа тақырыптың маңыздылығын, Алған білімдерін жинақтап,


қажеттілігін сұрайды. түйіндеу арқылы,
тақырыпты бағалау.
Рефлексия Сабақтан алған әсерлерін сұрайды. Сабақтан алған әсерлерін
Кері байланыс Бағдаршам «Бағдаршам»әдіс іарқылы
жазады.
Қызыл.Түсініксіз
Сары.Азғана түсінікті
Жасыл.Түсінікті

Қай халықта да ақшаға байланысты сан қилы таным түсінік, наным сенім, ырымдары бар.
Бірқатар болжамдар бойынша, ақша жансыз қағаз болып көрінгенімен, оның сезімталдық
қасиеті бар.
Ақшаның да ырымдары бар.
Біреуге бос әмиян сыйлауға болмайды. Себебі, ол адам өмір бойы ақшаға жарымай өтеді.
Жаңа туған нәрестенің жастығының астына ақша қойсаң, ол бай болып өседі.
Үйде ысқырмау керек, ақша кірмей қалады.
Күн екіндіден ауған шақта қарыз ақшаны қайтаруға болмайды.
Тиын тауып алу байлыққа бастаса, таңертең аш қарынға тауып алған тиын кедейшілікті
шақырады.
Сыны кеткен тиын - тебен кездессе әмияныңызға салып, сақтап қойыңыз. Өйткені ол
табыстарға жеткізеді.
Өз пайдасына шешілген істен үнемі тиын - тебен сақтап қоюды әдетке айналдырған жөн.
Ас үйде, есіктің аузында тұрып ақша санауды әдетке айналдырмаған жөн.
Біз қанша жерден «ақша - қолдың кірі» дегенімізбен, ақша тіршілігіміздің бір бөлшегі.
Адамдар ақша табу үшін жанталасады. Ақша табу үшін қызымет істейді. Ал сол ақшаны
да өз игілігіне жұмсай білуі керек.
Ақша тазалықты ұнатады. Сондықтан ақша сақтайтын әмияныңыз таза, жыртық
болмағаны дұрыс. Егер әмияныңызда ақша бей берекет орналасып, тиындар шашылып
жатса онда сізге ақша құтаймайды деп түсініңіз.
Сондай – ақ, балалар сіздер де ақша табудың өзіндік машақаты бар екенін, қаржыны
орынсыз шашуға болмайтынын осы кезден біліп жүрулеріңіз қажет.

You might also like