You are on page 1of 1

Ұлт театры туралы С.

Сәдуақасовтың жасаған ұсыныстары мен ойлары «Еңбекші қазақ» газетінде


1925 жылы, 1926 жылы Қызылорда қаласында басылып шыққан «Ұлт театры» деген кітапшасында
жарияланған. Қазақ өнерінің қара шаңырағы,қазақтың тұңғыш кәсіби театры М.Әуезов атындағы
академиялық драма театрының шымылдығы 1926 жылы 13 қаңтарда Қызылорда қаласында
ашылды. Алғашқы қойылымдары Қ.Кемеңгерұлының «Алтын сақина» пьесасы мен М.Әуезовтің
«Еңлік-Кебек» пьесасынан үзінді болды. Театр шаңырағын көтеруге С.Қожамқұлов, Қ.Қуанышбаев,
Е.Өмірзақов, Қ.Бадыров, Қ.Жандарбеков, тағы да басқа «самородок сары алтын» актерлер ат
салысты. Қазақтың кәсіби театр өнерінің қайнар көзі халық шығармашылығына, ежелден келе
жатқан әдет-ғұрып пен тұрмыс-салтқа, ойын-сауық пен Алдар Көсе, т.б. секілді күлдіргі қулар
өнеріне саяды. Қазақ халқының қоғамдық ортасында туған, қиыннан қисын табар тапқыр, ой-
қиялы жүйрік, ділмар адамның жиынтық бейнесі болып, аты аңызға айналған Алдар Көсе,
Жиренше шешен, Қожанасыр мен Тазша бала есіміне байланысты күлдіргі әңгімелер ел арасында
ертеден белгілі. Қазіргі қазақ кәсіби театрының тарихы 19 ғасырдың 2-жартысынан басталады.
1859 жылы Оралда, 1869 жылы Орынборда, 1875 жылы Омбыда орыс драма театрларының негізі
қаланып, жұмыс істей бастады. 1928 жылы театр республиканың жаңа астанасы Алматыға қоныс
аударып, 1930-жылдар белесінде ұжымға жаңа шығармашылық күш қосылды. Бұл қатарда
Қ.Байсейітов, К. Байсейітова, Қ.Бейісов, Ш.Жиенқұлова, М.Ержанов, Ж.Елебеков, Қ.Қармысов,
С.Телғараев, Ә. Хасенов, Қ.Әділшінов, Ж.Өгізбаев, А.Жолымбетов, Р.Есімжанова, Р.Қойшыбаева,
Ш.Айманов, С.Майқанова, Г.Сыздықова, т.б. атауға болады. Қоғамдық құрылым өзгеріп, жаңа
өмірге біртіндеп бейімделе бастаған бұқараны тәрбиелеуде өнердің ролі үлкен болды. Өткен
ғасырдың 20-30-жылдарында үлкен нәубетке ұшыраған қазақ халқы үшін білім мен мәдениет,
өнердің аса зор маңызын қазақ зиялылары да қатты түсінді, сондықтан да қазақ театрының
ашылып, еңсе тіктеуіне Ж.Аймауытов, М.Әуезов, Ж.Шанин, Қ.Сәтбаев, О.Беков, т.б. көптеген
қайраткер ат салысты. Олардың қатарында сол кездегі Қазақстан Халық ағарту комиссариатының
бастығы С. Садуақасов, ал, театрдағы шығармашылық-шаруашылық ұйымдастыру жұмыстарында
ерекше көзге түскен алғашқы директоры Д. Әділов, тағы басқалар болды.

You might also like