You are on page 1of 23

«Қазақ тілі» пәнінен

(оқыту қазақ тілінде емес)

тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы

11-сынып
(жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық бағыт)

2023-2024 оқу жылы

І жартыжылдық

1
Мазмұны
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты...................................................................... 3
2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар ............................. 3
3. Ойлау дағдыларының деңгейі .................................................................................................... 6
4. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі .......................................................................................... 6
5. Модерация және балл қою.......................................................................................................... 6
1-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ ............................................. 7
2-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ ........................................... 16

2
1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына


сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға
бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу
мақсаттарына жету деңгейін тексереді.

2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар

Жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-


сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу
бағдарламасы

3. Күтілетін нәтижелер

1) тыңдалым:
білім алушы қарым-қатынастың әртүрлі аяларындағы мәтіндердің мазмұнын,
коммуникативтік ниетін, сонымен қатар, сөйлеушінің әлеуметтік және эмоционалды-
экспрессивті сөйлесім ерекшеліктерін толық түсінеді; ақпаратты сыни тұрғыдан түсіну
деңгейінде қабылдайды; тыңдалған мәтінді айқындылығы мен бейнелілігі жағынан
бағалайды;
2) айтылым:
дәлелді монологтік немесе диалогтік сөз дайындай отырып, коммуникативтік
мақсатқа сәйкес түрлі тіл құралдарын тиімді қолданады; көркем шығармалардың тақырыбы
бойынша пайымдайды, шығарма кейіпкерлеріне және олардың әрекеттеріне деген өзінің
қатынасын білдіреді; әртүрлі айтылған сөздерді сыни тұрғыдан бағалайды; тіл нормаларын,
сөйлеу тәртібі мен әдеп нормаларын сақтайды; проблеманың себептері мен салдарларын
болжайды; мәселелерді шешу жолдарын ұсына отырып, қоғамның әлеуметтік-
экономикалық, адамгершілік-рухани, патриоттық, тарихи-мәдени дамуымен байланысты
идеяларды жинақтайды;
3) оқылым:
жасырын мағынасын таба отырып, тұтас және тұтас емес мәтіндердің мазмұнын
толық түсінеді; мәнмәтіннен таныс емес сөздердің мәнін анықтайды; оқытылатын
тақырыптар шеңберінде академиялық мәтіндердің ерекшеліктерін айқындайды; түрлі
дереккөздерден алынған ақпараттарды іріктейді; көркем шығармаларда және фольклорда
қазақтың және өзге де ұлттардың өнегелік идеалы туралы түсінігін талдай отырып, әдебиет
туындыларын өнердің басқа түрлеріндегі бейнесімен салыстырады; қойылған міндеттерге
байланысты оқылымның әртүрлі стратегияларын қолданады;
4) жазылым:
тақырып, мақсат, мәселелер және тілдесу жағдаятына сәйкес орфографиялық,
грамматикалық және стилистикалық нормаларды сақтай отырып, түрлі типтегі және
стильдегі мәтіндерді құрастырады; алынған ақпаратты зерттеу және жинақтау негізінде
түрлі тақырыпта тұтас немесе тұтас емес мәтіндер құрайды; мәтіндерге әртүрлі жоспарлар
құрастырады; мәдениет пен тілдің көпқырлылығы, патриотизм және тұлғаның рухани-
адамгершілік дамуы мәселелерін қарастыра отырып, көркем әдебиет шығармалары
бойынша шығармашылық жұмыстар жазады; ойы мен сезімін анағұрлым дәлме-дәл
жеткізу үшін көркемдеу құралдарын – троптар мен стилистикалық тәсілдерді қолданады.

3
4. Ойлау дағдыларының деңгейі

Ойлау Сұрақтар
Дағдылар
дағдылары Тапсырмалар сипаттамасы түрі
тобы
ның деңгейі
Тыңдалым Білу және  мәтін үзінділері бойынша болжам жасап, Сәйкестенд
түсіну тиісті ақпаратты анықтайды; іруді және
 мәтінді тыңдай отырып, негізгі идеяларды қысқа
(ақпараттарды) қысқаша түртіп жазады жауапты
Қолдану (конспектілеу) және берілген ақпараттарды қажет
жүйелейді; ететін,
 оқу-кәсіби, қоғамдық-саяси, әлеуметтік- көп
Жоғары мәдени тақырыптар аясында және таңдауы
деңгей мамандандырылған тар аядағы арнайы бар
дағдылары мәтіндердегі сөздер мен термин сөздердің сұрақтар
мағынасын түсінеді;
 көркем шығарманы тыңдап, басқа өнер
туындыларымен (кино, театр, музыка, би,
сурет-мүсін өнері, сәулет) салыстырып,
тақырып ортақтығына сипаттама жасайды;
 мәтін бойынша автор позициясын және
көтерілген мәселеге қарым-қатынасын,
тыңдаушыға ықпал ету тәсілін талдай
отырып, негізгі ойды анықтайды;
 көтерілген мәселе бойынша әртүрлі
дереккөздерден алынған мәтіндерді
тыңдайды және салыстырады, өз ойын
логикалық дұрыс, аргументті және айқын
жеткізеді.
Оқылым  мәтіннен детальді ақпараттарды, факті мен Оқылым
көзқарасты, астарлы ойды анықтап, негізінде
берілген ақпараттың оқырманға әсерін және қысқа
автор позициясын талқылайды; жауапты,
 ғылыми және публицистикалық стильдегі толық
мәтіндердің (мақала, аннотация, үндеу, жауапты
очерк, дәріс, баспасөз парағы) құрылымы қажет
мен рәсімделуін біледі, жанрлық және ететін
тілдік ерекшеліктерін талдайды; сұрақтар.
 әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік- Сөйлемді
қоғамдық мәселеге баға береді және әлем перифразда
әдебиеті үлгілерімен салыстырады; уды қажет
 ғылыми және публицистикалық стильдегі ететін
мәтіндер (мақала, аннотация, очерк, үндеу, тапсырмал
дәріс, баспасөз парағы) бойынша ар
салыстырмалы (құрылымы, қызметі,
мақсатты аудиториясы, оқырманға әсері)
талдау жасайды;
 қосымша ғылыми-анықтамалық ақпарат
көздерінен алынған материалдар негізінде
мәтін мазмұнына сыни тұрғыдан талдау
жасайды;

4
 мәтіндегі негізгі ойды анықтап, көтерілген
мәселеге баға береді, өзіндік көзқарасын
жүйелі, дәлелді жеткізеді.
Жазылым  ғылыми және публицистикалық стильдің Жазбаша
және тілдік жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай толық
бағдар тілдік құралдарды орынды қолданып, жауапты
шағын мақала, баспасөз парағы, аннотация, қажет
үндеу жазады; ететін
 қажетті ақпараттарды орынды қолданып, сұрақтар
көтерілген мәселе бойынша өз ойын
дәлелдеп эссе жазады («келісу, келіспеу»
эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті
эссе);
 шығармашылық жазба жұмыстарында
көркемдегіш құралдар мен айшықтау
амалдарын тиімді қолданып жазады;
 тақырып бойынша мәтінге жоспар құрып,
әр тармақшаға қажетті негізгі және
қосымша мәліметтерді жинақтап,
дереккөздерге сілтеме көрсетіп
таныстырады (тірек-схема, менталды карта,
презентация);
 ғылыми және публицистикалық стильдегі
мәтіндерден басты лексикалық бірліктерді
нақтылап, мәтіннің ақпараттық-маңызды
фрагменттерін анықтап, (компрессия)
жинақы мәтін құрастырады;
 мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді
орфографиялық нормаға сай жазады, мәтін
деңгейінде тыныс белгілерін қолданады;
 ғылыми және кәсіби мәтіндер құрауда
грамматикалық омонимдерді ажырата
танып, ауызша және жазбаша дұрыс
қолданады;
 сын есім сөздердің синонимдік қатарын
стильдік ерекшеліктеріне сәйкес
қолданады;
 мәтін құрауда сан есімнің мағыналық
түрлерін стильдік ерекшеліктеріне сай
қолданады;
 мәтін құрауда есімдіктердің мағыналық
түрлерін стильдік ерекшеліктеріне сай
қолданады;
 мәтіндерден көсемше оралымды
сөйлемдерді анықтап,оларды ауызша және
жазбаша мәтіндер құрауда орынды
қолданады;
 мәтін құрауда үстеудің мағыналық түрлерін
стильдік ерекшеліктеріне сай орынды
қолданады;
 мәтін құрауда шылаудың мағыналық

5
түрлерін стильдік қызметіне сай орынды
қолданады;
 оқшау сөздердің қызметін біледі, жазба
жұмыстарында орынды қолданады;
 айқындауыш мүшелер (қосалқы, қосарлы,
оңашаланған) жасалу жолдарын біледі,
жазба жұмыстарында орынды қолданады.
Айтылым  ғылыми және кәсіби мәтіндердегі күрделі Ауызша
сөздер мен терминдердің жасалу жолын толық
анықтап, ауызша мәтін құрауда орынды жауапты
қолданады; қажет
 ғылыми және кәсіби мәтіндерге сүйеніп, ететін
монологпен диалогті үйлестіре қолданады, сұрақтар
сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын
орынды қолданып,тыңдаушылармен қарым-
қатынас орнатады;
 сөйлеу ағымындағы интонацияның
құрамдас бөліктері: әуен, әуез, тембр,
қарқын, кідірісті сөйлеу мәнеріне сай
қолданады;
 кәсіби бағыттағы түпнұсқа мәтіндерден
қажетті ақпаратты (деректерді,
сипаттамаларды, сандық көрсеткіштерді,
сілтемелерді) анықтап, олардың қолданылу
мақсатын талдайды;
 көпшілік алдында сөз сөйлеуде маңызды
орын алатын тілдік (вербалдық) және
бейвербалдық элементтерді қолданып,
сенімді және еркін сөйлейді;
 әртүрлі графиктік мәтіндердегі (кесте,
диаграмма, сызба, шартты белгі)
мәліметтерді салыстырып талдайды, негізгі
үрдістерді анықтайды.

5. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға


мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер,
плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау
оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға
жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен
таныстырып болғаннан кейін, білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау
басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау
барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар
(спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына
мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне
көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына қарындашпен
сызып қою ұсынылады.

6
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім
алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім
алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға
немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі
хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін, білім алушылардан жұмыстарын
тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.

6. Модерация және балл қою

Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация


үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін
балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.

7
1-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

1-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу


Ұзақтығы – 45 минут
Тыңдалым – 10 минут
Оқылым – 15 минут
Жазылым – 20 минут
Айтылым сабақтан тыс тексеріледі (әр білім алушыға 2-3 минут беріледі).
Балл саны – 30

Тапсырмалар түрлері:
Жабық типті тапсырма түрлері
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Жиынтық бағалаудың құрылымы


Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 компоненттен тұрады. Бірінші компонент –
тыңдалым, екінші компонент – оқылым, үшінші компонент – жазылым және тілдік бағдар,
төртінші компонент айтылым дағдыларын тексеруге арналған.

8
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
*Орын
*Тап *Тапсырм
Қамтылатын дау
сырм *Тапсырмаларға сипаттама алар Балл
мақсаттар уақыт
а түрлері
ы, мин
1-5 11.1.3.1 оқу-кәсіби, Тапсырма жеке орындалады. Бір жауап 10 5
қоғамдық-саяси, Оқушылар 200-250 сөзден таңдауы
әлеуметтік-мәдени тұратын тыңдалым мәтінін 2 рет бар
тақырыптар аясында тыңдайды. Мәтін мазмұны үшін тапсырма
және тоқсандағы бөлім
мамандандырылған тар тақырыптарының кез-келген
аядағы арнайы біреуі таңдалады. Оқушылар
мәтіндердегі сөздер мәтінді тыңдау барысында бір
мен термин сөздердің жауап таңдауы бар тест
мағынасын түсіну; сұрақтарына жауап береді.
Сұрақтар мазмұны контекстегі
11.1.5.1 мәтін бойынша сөздің мағынасын түсіну,
автор позициясын автордың ойы мен мәтіннің
және көтерілген негізгі идеясын анықтауға
мәселеге қарым- бағытталады.
қатынасын,
тыңдаушыға ықпал ету
тәсілін талдай отырып,
негізгі ойды анықтау
6-9 11.3.6.1 мәтіндегі Тапсырма жеке орындалады. Сәйкестенд 15 10
негізгі ойды анықтап, Оқушылар тоқсандағы бөлім іру
көтерілген мәселеге тақырыптарының кез-келген
баға беру, өзіндік біреуіне қатысты 2 мәтін Қысқа
көзқарасын жүйелі, үзіндісін оқиды. 2 үзіндінің жауапты
дәлелді жеткізу жалпы көлемі 180-200 сөзді қажет
құрайды. Үзінділер бір тақырып ететін
шеңберінде болуы керек, бірақ тапсырма
автор ойы мен көтерілген
мәселесі тұрғысынан әртүрлі
болуы тиіс. Мәтіндер бойынша
тапсырмалар:
1-тапсырма - 5 тұжырымның 2
мәтін үзіндісінің қайсысына
тиісті екендігін анықтау;
2-тапсырма – 5 балға шығатын
мәтін бойынша 2-3 қысқа
жауапты қажет ететін сұрақтарға
жауап беру.

9
1 11.4.2.1 қажетті Тапсырма жеке орындалады. Жазбаша 20 10
ақпараттарды орынды Оқушылар тоқсандағы барлық толық
қолданып, көтерілген бөлім тақырыптарының жауапты
мәселе бойынша өз шеңберінде берілген қажет
ойын дәлелдеп эссе сұрақтардың біреуін таңдап, ететін
жазу («келісу, шамамен 150-180 сөзден тұратын сұрақтар
келіспеу» эссесі); келісу-келіспеу эссесін жазады.

11.4.6.1 мәтін
деңгейінде тыныс
белгілерін қолдана білу
1 11.2.5.1 көпшілік Тапсырма жеке орындалады. Ауызша Айтыл 5
алдында сөз сөйлеуде Оқушы тоқсандағы барлық бөлім толық ым
маңызды орын алатын тақырыптарының шеңберінде жауапты сабақта
тілдік (вербалдық) берілген сұрақтардың біреуін қажет н тыс
және бейвербалдық таңдап, ауызша көпшілік ететін тексері
элементтерді алдында сөйлейді. сұрақтар ле
қолданып, сенімді ді, әр
және еркін сөйлеу білім
алушы
ға 2-3
минут
берілед
і.
Барлығы 45 30

10
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Қазіргі қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік


Экология. Мұнай және атомдық индустрия
Тіл. Өнер. Әдебиет

Тыңдалым
Бұрынғы қазақ байлары халқына тек байлығымен ғана емес, ақыл-парасатымен,
жомарттығымен сыйлы болған, өйткені олар бай мен кедей арасындағы тепе-теңдікті сақтап,
қол астындағы халықтың әл-ауқаты мен жағдайының жақсы болуын бақылауда ұстаған.
Абайтанушы Омар Жәлел: – Байлықтың екі түрі болады. Бірі – материалдық, екіншісі –
рухани. Кезінде рухани бай адамды дәулетті деп атаған. Ілім-білім, ақыл-парасат байлық
арқылы келеді. Мысалы, атақты Құнанбай малы болған соң, Абайды оқытты. Оның
шығармашылықпен еркін айналысуы үшін інісі Оспан да барын аямаған. Міне, содан Абай
Абай болды, халқына баға жетпес құнды мұра қалдырды. Ал жоқшылықтың азабын тартқан,
қарны аш адамның хайуанға айналатыны белгілі емес пе? Өйткені қу тамақты ғана
ойлайтын, өзі аш-жалаңаш адамнан не күтесің, онда қандай сана-сезім болады?! Бұрынғы
байлар осыны жақсы түсінген. Олар өз руының жағдайын жасай отырып, тепе-теңдікті ұстап
отырған. Батыры мен биінің, ауылдың, бір рулы елдің, қала берді жауға шабатын әскердің де
жағдайын жасап, бар шығынын көтерген. Мысалы, Кенесары бастаған көтерілісте
сарбаздарды ас-су мен тамақпен, мініс ат, қару-жарақ, киіммен байлар қамтамасыз еткен.
Тарихта дүниесін игілікке жұмсаған бай аз болмаған. Мысалы, «Қазақ» газетінің алғаш
шығуына байлар ат салысқан. Абайдың әкесі Құнанбай да байлығын құдай жолына жұмсап,
Меккеде мешіт салдырған. Ауыл-ауылды аралаған ақын-жыршыларды, жыраулар мен сал-
серілерді де бай адамдар айлап үйінде қонақ қылған. Соның арқасында ел-жұрт ән-жырға
қаныққан. Рухани азық алған. Қазақта малдың, байлықтың иесін емес, рухани жан-дүниесі
мықты, ақылы толысқан, түсінігі жоғары, өзі текті адамды бай деп атаған. (220 сөз)

1. Көшпелі қазақ қоғамында байларға неге құрмет көрсетілген?


А. байлығы көп болғаны үшін
В. дана, қамқор болғаны үшін
С. көзі ашық, оқығандығы үшін
[1]
2. Абайдың дана адам болуына ықпал еткен фактор не?
А. байлық
В. кедейлік
С. тектілік
[1]
3. Өнер адамдарының қарапайым халыққа қандай пайдасы тиді?
А. шәкірт тәрбиелейді
В. рухани ләззат алады
С. қарындары тоқ болады
[1]
4. Халықымызда бай деп қандай адамды атайды?
А. малы, байлығы көп адамды
В. кедей болса да, оқыған адамды
С. қолы ашық, кемеңгер адамды
[1]
5. Омар Жәлелдің ойына қай тұжырым сәйкес келеді?
А. Байлық – қолдың кірі.
В. Байлыққа жомарттық жарасады.
С. Байлық байлық емес, бірлік – байлық.

11
[1]

Оқылым
А мәтіні
«Атом» десе болды, біздің есімізге екінші дүниежүзілік соғыста атом қаруынан
қырылған жапон, Чернобыльдағы жарылыс, Семей полигоны түседі. Біз көбіне оның қауіпті
жағын ғана білеміз. Ал энергия көзі ретінде оның әлдеқайда қауіпсіз екенін, өнімді энергия
қайнары екенін біле бермейміз.
Атом электр станциясы – күнделікті қолданатын электр энергиясын алудың бір жолы.
Бүгінге дейін елімізде электр қуаты жылу электр станциялары мен су электр станцияларынан
алынып келеді. Біз қолданып жүрген электр қуатының 90 пайызға жуығы жылу электр
станциясынан алынған. Елімізде электр энергиясының 70 пайызы көмірден, 14 пайызы су
электр станцияларынан, 10 пайызы газдан және 5 пайызы мұнайдан алынып отыр.
Алайда электр энергиясының жеткіліксіздігінен Қазақстан электр энергиясын көрші
елдерден импорттайды.

Ә мәтіні
Қазақстанға атом электр станциясы керек. Алдағы уақытта әрбір ел технологиялық
және экономикалық құрылыс трансформациясына байланысты қиыншылықты бастан
өткереді. Бұл, әрине, ұлттық экономикаға қауіп төндіреді, бірақ бұл қатерді тек өңірлік,
әсіресе жаһандық деңгейде бірлесе жеңуге болады. Дүниежүзінде 32 мемлекет 191 станцияға
иелік етеді. Энергоблоктардың саны бойынша АҚШ алда, тізімде Қытай, Ресей, Франция,
Жапония, Беларусь сынды елдер де бар. Атом станциялары кез келген мемлекеттегі электр
қуатына деген тәуелділікті жояды. Өнімді сырттан тасымалдау тыйылады, бірақ
энергетикалық кешенді дұрыс игере алмау алапат қасіретке де әкеп соғуы мүмкін. 1986
жылғы Чернобыль станциясында, 2011 жылы Фукусима атом электр станциясында апат
болып, ауаға аса ірі көлемде радиация таралды. Соның зардабын бүгінгі ұрпақ әлі күнге
тартып келеді.

6. Берілген тұжырымдардың қай мәтінге сай екенін анықтаңыз.

1) Қазақстан электр қуатын сырт мемлекеттерден сатып алуға мәжбүр. _______


2) АЭС дамыған елдерде дұрыс жолға қойылған. _______
3) Халық атомды адамзат үшін қатерлі деп таниды. _______
4) Елімізде электр энергиясын алуда пайдалы қазбалардың үлесі зор. _______
5) АЭС-те орын алған апаттың қаупі ғасырларға ұласады. _______
[5]

7-8. Сұрақтарға мәтін бойынша жауап беріңіз.

А) АЭС еліміздегі қандай мәселелердің шешімін табуға мүмкіндік береді?


__________________________________________________________________________[1]

Ә) Электр энергиясы өндіруде қандай пайдалы қазба түрі көп пайдаланылады?


__________________________________________________________________________[1]

9. Қалай ойлайсыз, Қазақстанға АЭС салу қажет пе? Ойыңызды ТАФТ негізінде 6-7
сөйлеммен дәлелдеңіз.
Т-тезис

А-аргумент

12
Ф-факт

Т-талдау

Т-тұжырым

[3]

Жазылым
Екі сұрақтың біреуін таңдап, 150-180 сөзден тұратын келісу-келіспеу эссесін жазыңыз.
[10]

1) «Мұнайлы ел-Құдайлы ел» деген пікірмен келісесіз бе?

2) «Бір тіл білген – бір адам, екі тіл білген – екі адам» деген ойдың бүгінгі заманда маңызы
жоғары. Осы пікірмен келісесіз бе?

Айтылым
Берілген тақырыптардың бірін таңдап, өз көзқарасыңызды білдіріп, 3 минут көпшілік
алдында сөйлеңіз.

1) Біз – өз әдеттеріміздің құлымыз. Әдебіміз түзелсе, өміріміз де өзгереді (Роберт


Кийосаки)
2) Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар: олар – надандық, еріншектік,
залымдық (Абай)
3) Мұнай өнеркәсібінің Қазақстан экономикасындағы рөлі.
4) Атомдық индустрия – электр қуатын алудың көзі.
[5]

13
Балл қою кестесі
Тыңдалым
Тапсырма Жауап кілті Балл Жалпы
балл
1-5 1-В 1 5
2-А 1
3-В 1
4-С 1
5-В 1
Барлығы 5 балл

Оқылым
Тапсырма Жауап кілті Балл Жалпы
балл
6 1-А 1 5
2-Ә 1
3-А 1
4-А 1
5-Ә 1
7-8 А) электр қуатының тапшылығы, энергияға тәуелділік 1 2
Ә) көмір 1
9 Оқушының жауабы ашық сұраққа ТАФТТ бойынша толық 3 3
әрі дәлелді жауап болса 3 балл, ішінара толық болса 2
балл, жүйесіз әрі дәлелсіз болса 1 балл беріледі.
Барлығы 10 балл

Жазылым
Материалға берілген жеке жауабы Сөйлеу тілінің сапасы (әртүрлілігі мен
нақтылығы)
5 балл 5 балл
Білім алушы берілген сұраққа қатысты Лексикалық сөздік қоры мол және тілдік
өз ұстанымын дәлелдеуде қарапайым құрылымдарды шебер қолданған. Жауабы
және күрделі идеяларды келтіре жүйелі және нақты. Қателері аз. Күрделі тілдік
отырып, өте жақсы талдайды. Жанрға құрылымдарды дұрыс қолданады (етістіктің
сай құрылым мен мақсатқа сай ойын түрлері, шақтары, жалғаулықтар, сөздердің орын
жүйелі жеткізеді. тәртібі, салалас және сабақтас құрмалас
сөйлемдерді қолдану)
4 балл 4 балл
Білім алушы берілген сұраққа қатысты Лексикалық сөздік қорды және күрделі тілдік
өз ұстанымын дәлелдеуде қарапайым құрылымдарды дұрыс қолданады. Жалпы
және күрделі идеяларды келтіреді. жауаптары нақты, елеусіз қателер кетіргенімен,
Жанрға сай құрылым мен мақсатқа сай лексикалық және грамматикалық элементтерді
ойын жеткізеді. білетіні көрінеді.
3 балл 3 балл
Білім алушы берілген сұраққа қатысты Лексикалық сөздік қоры мен тілдік
өз ұстанымын дәлелдеуде бірнеше құрылымдарды білуі қанағаттанарлық.
қарапайым дәлелдер келтіреді, талдау Шақтарды, етістіктерді және тілдік
жеткіліксіз. Жанрға сай құрылымды құрылымдарды қолдануы көбіне қарапайым
сақтауда қателеседі және мақсатқа сай деңгейде, бірақ дұрыс құрылған. Сын есімдер,
ойын жеткізуде ауықушылықтар жалғаулықтар мен етістіктерді дұрыс қолдануда
кездеседі. қателері бар.
2 балл 2 балл

14
Білім алушы берілген сұраққа қатысты Лексикалық сөздік қоры мен тілдік
өз ұстанымын дәлелдеуде ойын құрылымдарды білуі шектеулі.
қарапайым білдіреді. Жанрға сай Сын есімдер, жалғаулықтар мен етістіктерді
құрылымды сақталмайды және дұрыс қолдануда қиындықтар бар. Қарапайым
мақсатқа сай ойын жеткізуде тілдік құрылымдарды қолдануда да қателіктер
тақырыпен байланысы шектулі. жібереді.
1 балл 1 балл
Білім алушы берілген сұраққа қатысты Қателер өте көп және қайталанады.
өз ұстанымын дәлелдеуде тақырыптан Грамматикалық тұрғыдан білімі аз немесе
мүлдем ауытқып кетеді және ойы өте мүлдем жоқ. Көптеген тілдік құрылымдары
шектеулі. Жанрға сай құрылым мүлдем аяқталмаған немесе қате берілген. Ойды түсіну
сақталмайды. қиын.
0 – жауабы жоқ

Айтылым
№ Балл қою критерийлері балл
1 сұрақтарға қатысты сенімді аргументтер келтіре отырып, 3 минут 1
сөйлейді;
2 ой жүйелілігін сақтайды; 1
3 ойын білдіруде вербалдық және бейвербалдық элементтерді орынды 1
қолданады;
4 ойын жеткізуде тұрақты тіркестер мен дәйексөз/мақал-мәтелдерді, 1
көркемдегіш құрал түрлерін қолданады;
8 грамматикалық, стильдік қолданысы дұрыс; 1
Барлығы 5

15
2-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

2-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу


Ұзақтығы – 45 минут
Тыңдалым – 10 минут
Оқылым – 15 минут
Жазылым – 20 минут
Айтылым сабақтан тыс тексеріледі (әр білім алушыға 4-5 минут беріледі).
Балл саны – 30

Тапсырмалар түрлері:
Жабық типті тапсырма түрлері
Қысқа жауапты қажет ететін тапсырма
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 4 компоненттен тұрады. Бірінші компонент –


тыңдалым, екінші компонент – оқылым, үшінші компонент – жазылым және тілдік бағдар,
төртінші компонент айтылым дағдыларын тексеруге арналған.

16
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

*Тапсырма Қамтылатын *Тапсырмаларға сипаттама *Тапсырмалар *Орындау Балл


мақсаттар түрлері уақыты,
мин

1-5 11.1.5.1 мәтін Тапсырма жеке орындалады. Бір жауап 10 5


бойынша Оқушылар 200-250 сөзден таңдауы бар
автор тұратын тыңдалым мәтінін 2 тапсырма
позициясын рет тыңдайды. Мәтін мазмұны
және үшін тоқсандағы бөлім
көтерілген тақырыптарының кез-келген
мәселеге біреуі таңдалады. Тыңдау
қарым- барысында бір жауап таңдауы
қатынасын, бар тест сұрақтарына жауап
тыңдаушыға береді. Сұрақтар мазмұны
ықпал ету түсіну, автордың ойы мен
тәсілін талдай мәтіннің негізгі идеясын,
отырып, автордың мәселеге қарым-
негізгі ойды қатынасын анықтауға,
анықтау бағытталады.
6- 11.3.1.1 Тапсырма жеке орындалады. Сәйкестендіру 15 10
мәтіннен Оқушылар тоқсандағы бөлім
детальді тақырыптарының кез-келген Қысқа жауапты
ақпараттарды, біреуіне қатысты 2 мәтін қажет ететін
факті мен үзіндісін оқиды. 2 үзіндінің тапсырма
көзқарасты, жалпы көлемі 180-200 сөзді
астарлы ойды құрайды. Үзінділер бір
анықтау, тақырып шеңберінде болуы
берілген керек, бірақ автор ойы мен
ақпараттың көтерілген мәселесі
оқырманға тұрғысынан әртүрлі болуы
әсерін және тиіс. Мәтіндер бойынша
автор тапсырмалар:
позициясын 1-тапсырма - 5 тұжырымның 2
талқылау мәтін үзіндісінің қайсысына
тиісті екендігін анықтау;
2-тапсырма – 5 балға шығатын
мәтін бойынша 2-3 қысқа
жауапты қажет ететін
сұрақтарға жауап беру.
1 11.4.2.1 Тапсырма жеке орындалады. Жазбаша толық 20 10
қажетті Оқушылар тоқсандағы барлық жауапты қажет
ақпараттарды бөлім тақырыптарының ететін сұрақтар
орынды шеңберінде берілген
қолданып, сұрақтардың біреуін таңдап,
көтерілген шамамен 150-180 сөзден
мәселе тұратын дискуссивті эссе
бойынша өз жазады.
ойын дәлелдеп
эссе жазу
(дискуссивті
эссе)
17
1 11.2.6.1 Тапсырма жеке орындалады. Ауызша толық Айтылым 5
әртүрлі Оқушылар тоқсандағы барлық жауапты қажет сабақтан
графиктік бөлім тақырыптарының ететін сұрақтар тыс
мәтіндердегі шеңберінде берілген графиктік тексеріле
(кесте, мәтіндердегі ақпараттарды ді, әр білім
диаграмма, салыстыра сөйлейді. Тоқсанда алушыға
сызба, шартты қанша тарау болса, әр тарауға 4-5 минут
белгі) жеке-жеке графиктік мәтіндер беріледі.
мәліметтерді әзірлену керек.
салыстырып
талдау, негізгі
үрдістерді
анықтау

Барлығы 45 30

18
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Қоғамдағы жұмыссыздық мәселесі


Тәуелсіз еліміздің өткені мен келешегі
Ұлттық театр – өнер ордасы

Тыңдалым
Жұмыссыздық – елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың бір бөлігі өзіне пайдалы
еңбекпен айналысатын кәсіп таба алмай дағдаратын әлеуметтік-экономикалық құбылыс.
Жұмыссыздар санының көбеюі тауар мен қызметке сұранымды азайтады. Елде
жұмыссыздықты саяси жағдайдың шиленісуі өршітіп жібере алады, себебі әбден ашынған
халық жұмыстың, ақшаның жоқтығы діңкелеткен адамдар үкімет өзгерсе, жағдайымыз
жақсара ма деген үмітпен қандай да бір ереуілге қатысуға даяр тұрады. Жұмыссыздық –
жастар арасында қылмыс тамырланатын ұя, себебі күнкөріс көзін таба алмаған кісі оның
басқа жолдарын, көбінесе қылмыспен пайда табу жолдарын іздестіруге көшеді.
Жұмыссыздықтың түрлері:
Уақытша жұмыссыздық. Бұл жұмыссыздық уақытша болады, ол адамдардың жұмыс
орнын ауыстыра беруінен туады. Алайда бір жұмыс орнынан екіншісіне көшу белгілі бір
уақытты қажет етеді, әсіресе, жаңа жұмыс орны елдің басқа бір аймағында болса. Адамдар
жұмыс істемеген осы аралықтағы уақыт уақытша (фрикциялық) жұмыссыздыққа жатады.
Құрылымдық жұмыссыздық. Жұмыссыздықтың бұл түрінің пайда болуына техникалық
прогресс себепші, өйткені бұл процестің нәтижесінде кейбір мамандықтар өшіп, олардың
орнына жаңа мамандықтар дүниеге келеді. Әсіресе, біздің елімізде соңғы он жылда
құрылымдық жұмыссыздық айқын қылаң берді. Әміршіл экономиканың нарықтық
экономикаға көшу барысы бір мамандыққа сұраныстың азайып, екінші мамандыққа өсуімен
қатар жүрді.
Маусымдық жұмыссыздық. Маусымдық жұмыссыздық қызметі белгілі бір маусым
кезінде жүретін жекелеген салаларға тән. Бұл, әсіресе, климат жағдайы бойынша қысы мен
жазы күрт өзгеше болып келетін елдерге қатысты.
Циклдық жұмыссыздық. Жұмыссыздықтың бұл түрі елдегі экономикалық құлдырау
кезінде бой көрсетеді. Құлдырауға барлық дерлік тауар және қызмет көрсетулерге сатып
алушылар сұранысының төмендеуі, өндірістің қысқаруы, демек жұмыс орындарының
қысқарып, жұмыссыздар санының көбеюі тән болып келеді. (234 сөз)

1. Жұмыссыздық мәселесінің елдегі тұрақтылыққа кері әсері қандай?


А. билікке қарсы қозғалыстардың орын алуы
В. халықтың басқа мемлекеттерге қоныс аударуы
С. сұраныстың болмауынан өндіріс орындарының жабылуы
[1]
2. Жаңа мамандықтардың пайда болуы қандай жұмыссыздық түрінің артуына ықпал етеді?
А. уақытша
В. маусымдық
С. құрылымдық
[1]
3. Циклдық жұмыссыздықтың пайда болу себебі қандай?
А. өндірістің азаюы
В. жұмыс орнының ауысуы
С. экономикалық тұрақсыздық
[1]
4. Маусымдық жұмыссыздықтың басқа жұмыссыздық түрлерінен айырмашылығы неде?
А. жыл мезгілдеріне тәуелді
В. эконмикалық жағдайға қатысты

19
С. мамандықтарға сұраныспен байланысты
[1]

5. Мәтінде жұмыссыздықтың кесірінен орын алатын қандай мәселе туралы айтылмайды?


А. саяси тұрақсыздық
В. қылмыстың көбеюі
С. миграцияның артуы
[1]

Оқылым
А мәтіні
Театр көрермендерінің мәдениеті әртүрлі, себебі спектакльге келген адамдардың жасы,
білім деңгейлері мен ұғым-түсініктері, эстетикалық көзқарастары бір-біріне ұқсамайды.
Сондықтан да қойылымды қабылдаулары жеке бастарының мәдениетімен тығыз байланысып
жатады. Театр өнері көрермендердің көз алдында ойналатын жанды өнер болғандықтан да,
спектакль көріп отырған көпшілік қауым өзінің театрға келгенін естен шығармауы керек.
Сахнада комедия жүріп жатса, орынсыз жер тепкілеп, керек емес жерде қол шапалақтап,
шуылдап кететін көрермендер де бар. Сол сияқты, трагедия жүріп жатса, кейіпкерлермен
қоса жағаласып, сөйлесіп кететін көрермендер де жоқ емес. Тіпті кейбіреулер сағыз шайнап,
тамақ жеп отырады. Мұның бәрі ол адамдардың театр туралы түсініктерінің тым таяз
екендігін көрсетеді, сондықтан театр көрерменін балабақшадан бастап даярлау керек.

Ә мәтіні
Театр – нағыз өнердің ордасы. Сергу үшін барасың да, рухани байып қайтасың. Адамға
эмоциялық көңіл-күй тарту ететін актерлер де бар шеберліктерін салып, өз энергияларын
сахна төрінде жұмсайды. Осылайша жұмыс пен үйде болатын мәселелерден демалып
қайтуға болады. Сондай-ақ сахнада болып жатқан қойылымнан жаныңа жақын кейіпкерді
алып, негативті энергияңды сол кейіпкермен алмастырсаң болады. Әрине, ол өзіңе
байланысты. Егер театрға жиі барып тұрсаң, энергияңды да тұрақтандыра аласың. Театр
адам жанын тыныштандыруды үйретеді. Сахнадағы іс-әрекетті көріп отырып, әр көрермен өз
ойымен оңаша қалады. Ойға шому арқылы байсалдылыққа, сабырлылыққа, шыдамдылыққа
үйренеді.

6. Берілген тұжырымдардың қай мәтінге сай екенін анықтаңыз.


1) Адамның мәдениеттілік деңгейі театрдағы әрекетінен көрінеді. _______
2) Театрға барған адамның жан дүниесі жаңарады. _______
3) Жан тыныштығын қалайтын адам театрға барады._______
4) Театрда өзін-өзі ұстауды бал кезден бастап үйрету керек. _______
5) Актерлердің сөзі мен қимылы адамды ойландырады. _______
[5]
7-8. Сұрақтарға мәтін бойынша жауап беріңіз.

А) Театрдың басқа өнер түрінен басты айырмашылығы неде?


_____________________________________________________________________________[1]

Ә) Театрға жиі барудың қандай пайдасы бар? Екі пайдасын көрсетіңіз.


_____________________________________________________________________________[2]

9. Киномен салыстырғанда театрдың көрермені неге аз? Ойыңызды ПОПС формуласы


негізінде 5-6 сөйлеммен тұжырымдаңыз.
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
20
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
[2]

Жазылым
Үш сұрақтың біреуін таңдап, 200-250 сөз көлемінде дискуссивті эссе жазыңыз.
[10]

1) «Техникалық мамандықтарға мемлекеттік гранттар көп бөлінсе, еңбек нарығында


маман тапшылығы мәселесін шешуге болады» деген пікірге көзқарасыңыз қандай?

2) «Еліміздің саяси-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудің басты жолы –


халықаралық ұйымдарға мүше болу». Берілген пікірмен келісесіз бе?

3) «Театр көрерменсіз қалса, оның орнын жат идеология иеленеді». Сіз қалай ойлайсыз?

Айтылым

Кесте-сызбадағы ақпараттарды өзара бір-бірімен байланыстырып, салыстырып, себеп-


салдарына талдау жасап, шешу жолдарын ұсыныңыз.
[5]

21
Балл қою кестесі

Тыңдалым
Тапсырма Жауап кілті Балл Жалпы
балл
1 1-А 1 5
2-С 1
3-С 1
4-А 1
5-С 1
Барлығы 5 балл

Оқылым
Тапсырма Жауап кілті Балл Жалпы
балл
6 1-А 1 5
2-Ә 1
3-Ә 1
4-А 1
5-А 1
7-8 А) көрермендердің көз алдында ойналатын жанды 1 3
өнер 2
Ә) энергияңды да тұрақтандырасың/ жақсы мінезді
қалыптастырасың
9 Пікірге қатысты ойын түсіндіріп, аргументтер арқылы 2 2
дәлелдеп, қорытынды жасай алған жағдайда 2 балл
беріледі. 1
10 балл

Жазылым
Материалға берілген жеке жауабы Сөйлеу тілінің сапасы (әртүрлілігі мен
нақтылығы)
5 балл 5 балл
Білім алушы берілген сұраққа қатысты Лексикалық сөздік қоры мол және тілдік
өз ұстанымын дәлелдеуде қарапайым құрылымдарды шебер қолданған. Жауабы
және күрделі идеяларды келтіре жүйелі және нақты. Қателері аз. Күрделі тілдік
отырып, өте жақсы талдайды. Жанрға құрылымдарды дұрыс қолданады (етістіктің
сай құрылым мен мақсатқа сай ойын түрлері, шақтары, жалғаулықтар, сөздердің орын
жүйелі жеткізеді. тәртібі, салалас және сабақтас құрмалас
сөйлемдерді қолдану)
4 балл 4 балл
Білім алушы берілген сұраққа қатысты Лексикалық сөздік қорды және күрделі тілдік
өз ұстанымын дәлелдеуде қарапайым құрылымдарды дұрыс қолданады. Жалпы
және күрделі идеяларды келтіреді. жауаптары нақты, елеусіз қателер кетіргенімен,
Жанрға сай құрылым мен мақсатқа сай лексикалық және грамматикалық элементтерді
ойын жеткізеді. білетіні көрінеді.
3 балл 3 балл
Білім алушы берілген сұраққа қатысты Лексикалық сөздік қоры мен тілдік
өз ұстанымын дәлелдеуде бірнеше құрылымдарды білуі қанағаттанарлық.
қарапайым дәлелдер келтіреді, талдау Шақтарды, етістіктерді және тілдік
жеткіліксіз. Жанрға сай құрылымды құрылымдарды қолдануы көбіне қарапайым
сақтауда қателеседі және мақсатқа сай деңгейде, бірақ дұрыс құрылған. Сын есімдер,

22
ойын жеткізуде ауықушылықтар жалғаулықтар мен етістіктерді дұрыс қолдануда
кездеседі. қателері бар.
2 балл 2 балл
Білім алушы берілген сұраққа қатысты Лексикалық сөздік қоры мен тілдік
өз ұстанымын дәлелдеуде ойын құрылымдарды білуі шектеулі.
қарапайым білдіреді. Жанрға сай Сын есімдер, жалғаулықтар мен етістіктерді
құрылымды сақталмайды және дұрыс қолдануда қиындықтар бар. Қарапайым
мақсатқа сай ойын жеткізуде тілдік құрылымдарды қолдануда да қателіктер
тақырыпен байланысы шектулі. жібереді.
1 балл 1 балл
Білім алушы берілген сұраққа қатысты Қателер өте көп және қайталанады.
өз ұстанымын дәлелдеуде тақырыптан Грамматикалық тұрғыдан білімі аз немесе
мүлдем ауытқып кетеді және ойы өте мүлдем жоқ. Көптеген тілдік құрылымдары
шектеулі. Жанрға сай құрылым мүлдем аяқталмаған немесе қате берілген. Ойды түсіну
сақталмайды. қиын.
0 – жауабы жоқ

Айтылым
№ Балл қою критерийлері балл
1 кесте-сызбадағы тақырып мен мәселені анықтайды; 1
2 кесте-сызбадағы ақпараттарды өзара байланыстырып талдайды; 1
3 мәселенің себеп-салдарын талқылайды; 1
4 мәселенің шешу жолдарын ұсынады; 1
5 грамматикалық нормаларды сақтайды. 1
Барлығы: 5

23

You might also like