You are on page 1of 11

XVIII-XIX

ғасырдағы
қазақтың
мәдениеті
мәдениет
Орындаған:Орынбек
Мағжан.
Тескерген;Шанбаева
Арайлым.
Қазақ мәдениетінің
материалдық мәдениеті.

 Қазақтардың XVIII – XIX ғ.ғ. материалдық


мәдениетінің жай–күйі қоғамның экономикалық
дамуы деңгейімен анықталды. Оның дамуы
барысына көшпелі қазақтар экономикасының
дамуындағы ьасты фактор ретінде көшпелі мал
шаруашылығы әсер етті. Бұл жағынан алғанда
егіншілік, сауда дамуының, көрші халықтардың
прогресті ықпалының да маңызы аз болған жоқ.
 Қазақстан Ресейдің,Англияның,Францияның және
басқа мемлекеттердің мүдделері түйіскен
жерінде қалған, сөйтіп, өлкені өнеркәсіптік-көліктік,
саудалық және басқа тұрғыдан игеру
айтарлықтай тездетілген жағдайда ғылым,
техника, мәдениет жетістіктерін кім ертерек
меңгерсе, сол халықтың тарихи болашағы
жарқын болатындығын түсінушілік қоғамдық санда
берік орнықты.
Қазақ халқының тұрғын үйі.
 Қазақ халқының тұрғын үйі – материалдық мәдениеттің тамаша
ескерткіші. Ол аумағымен және түзілісімен ерекшеленіп, қыстық және
жаздық болып бөлінеді. Жазда қазақтар жығып алуға ыңғайлы киіз үйлерде,
қыста – тұрақты: “ағаш үй”, “жер үй”, “қара там” деп аталатын үйлерде
тұрды.
 Өзінің пайдаланылуына қарай киіз үйлер үш түрге бөлінді. Қонақтарды
қабылдауға арналған салтанатты үйлер көлемінің аумақтылығымен және
бай жихаздарымен ерекшеленді. Салтанатты үйлер ең кем дегенде он
екі қанат керегеден тұрғызылып, олардың үстіне ақ киіз бен жібек маталар
жабылды. Жасаулары жөнінен неғұрлым бай үйлер үйлену тойы өтетін –
отау үй болды. Ал тұрғын үйлер шағын көлемде жасалды. Кішкентай
жорықтық үйлер бір түйеге ғана емес тіпті бір атқа тиеліп тасымалданды.
Бұлардан басқа қоймалар ретінде және басқа шаруашылық қажеттерге
пайдаланылатын үйлер болды.
 Жорықтық үйлерді әскери жорықтар үшін немесе бақташылар мен
жылқышыларға әдейі арналып жасалған үйлер санатына жатқызуға
болады. Тасымалдауға жеңіл, неғұрлым қарапайым үй – бірнеше сыртқы
конус пішінде жерге қадап, сыртын киізбен жаба салып отыра беретін
шатыр күрке болды. Жорықтарда үш – төрт кереге мен уықтардан тұратын
“жолама үй” жиі пайдаланылды.
 Бұлармен қатар қазақтар көшіп-қону кезінде сыйымды жылжымалы
күймелерді де пайдаланды.
Мал шаруашылығымен, егіншілікпен, үй
кәсіпшілігімен және қолөнерімен
байланысты еңбек құралдары

 Көшпелі мал шаруашылығына


күрделі еңбек құралдары керек
болған жоқ. Жылқы ұстау үшін құрық,
арқан пайдаланылды, қайыстан
немесе жылқының жал-құйрығынан
тұсау мен шілдер жасалды;
құлындар мен боталарды байлау
үшін жуан арқандар, ноқталар
пайдаланылды; мал суаруға қауға,
науа және т.б. дайындалды. Осы
қарапайым еңбек құралдарын, ер-
тұрман әбзелдерін қоспағанда,
мал өсірушілер өздері жасап алып
отырды.XVIII ғасырдың аяғында қазақ
даласына орыстардың қысқа шөп
дайындауға арналған шалғылары
біртіндеп тарала берді. XIX
ғасырдың орта шегінде шалғымен
қоса темір айыр да кеңінен
қолданыла бастады.
Қазақстанды XVIII-XIXғасырда
зерттеулер жүргізуі.
 Ресей XVIII ғ. Қолға алған Қазақстанды комплексті зерттеудің алғашқы
талабы М.В.Ломоносовтың есімімен байланысты. Ол өлке территориясын
экспедициялық зерттеуді және оның географиялық картасын жасауды
ұйымдастырудың бастаушысы болды, қазақтардың тарихы, лингвистикасы
экономикасы және этнографиясы бойынша ғылыми ізденістер
жүргізілуіне мүмкіндік туғызды.
 1769 ж. өлкеге жасалған алғашқы ғылыми экспедициясының бірін
П.С.Паллас басқарды. Оның жол-сапары Симбирск, Орынбор, Илецк,
Орск, Жайық қалашығы – Гурьев, Орынбор, Уфа арқылы өтті. Бұл
экспедицияның нәтижесі П.С.Палластың “Ресей империясының әр түрлі
шет аймақтары бойынша саяхат” деген үш бөлімнен тұратын еңбегі
болды.1769-1772 жж. Н.Рычков әскерлер құрамында Қара Торғай,
Терісаққан, Есіл аймағында, Усть-Уйск, Крутояр, Троицк бекіністері
төңірегінде мәліметтер жинастыру жұмысын жүргізді. Кейінірек оның
“Капитан Н.Рычковтың 1771ж. қырғыз-қайсақ даласына саяхатының күнделік
жазбалары” деген еңбегі жарық көрді.
 Орыс ғалымдарының Қазақстанды зерттеуінің ірі қорытындысы
А.И.Левшиннің “Қырғыз-қазақтық немесе қырғыз-қайсақтық орталар мен
далаларды суреттеу” деген үш бөлімдік кітабының жарыққа шығарылуы
болды. Қазақ проблематикасы В.В.Вельяминов-Зерновтың,
И.В.Мушкетовтың, В.В.Радловтың, П.П.Семенов – Тяньшанскийдің және
басқалардың еңбектерінде едәуір орын алды.
Қазақ ұлттық киімдері XVIII-XIX
ғасырларда.
 XVIIIғасырда қазақтардың жазда киетін етіктерінің өкшесі биік,
тұмсығы қайқы келген. Алайда XIX ғасырдың екінші
жартысында олар сирек кездесетін еді. Барлық жастағы
еркектердің қыста киетін негізгі аяқ киімі ішінде киіз байпағы
бар, аласа да жалпақ өкшелі, ұзын қонышты саптама етік
болды.
 Әйелдердің сырт киімі еркектердің шапанына ұқсас етіп
тігілді, ауқатты әйелдерде шәйі жең жібек шапандар болған.
 Негізінен алғанда барлық жастағы әйелдердің аяқ киімі мәсі
мен кебісболатын. Қыздардың және жас келіншектердің
ішінде қайқы тұмсық, биік өкшелі жеңіл етік киіп жүретіндері де
аз болмаған.
 Әйелдің жасына және оның отбасындағы жағдайына қарай
олардың бас киімдері да ерекшеленіп отырды. Жаз кезінде
қыздар түрлі-түсті мақпалдан, жібек пен барқытын тігілген,
төбесі жайпақ дөңгелек тебетей киіп жүрген. Әйелдер бас
киімінде қалыңдықтың тойдағы бас киімі–сәукеле ең қымбатты
болып саналады, ол бағалы металдармен, асыл тастармен,
аң терілерімен барынша сәнделетін еді.
 Күйеуге шыққан әйелдің негізгі бас киімі–кимешек ақ
матадан дайындалған.
XVIII-XIX ғасырдағы қазақ
көрнекті өкілдері.
 Орынбордағы зайырлы оқу орындарының
бірін 1857 жылы танымал жаңашыл-педагог,
ағартушы Ы.Алтынсарин аяқтайды.
Ы.Алтынсарин (1841-1889) бастамасымен
және тікелей қатысуымен Қазақстанда
халықтық азаматтық мектептер желісінің
құрылуына қол жеткізілді. Ол, әсіресе,
қолөнер және ауылшаруашылығы
училищелерін ашуға көп күш-жігер жұмсап,
байырғы халық арасынан Қазақстанның
экономикалық дамуы үшін қажетті
мамандар даярлауға ерекше мән берді.
Ы.Алтынсарин орыс-қазақ мектептерінің
оқушыларына арнап “Қырғыз (қазақ)
хрестоматиясы” және “Қырғыздарға
(қазақтарға) орыс тілін үйретуге алғашқы
басшылық” атты оқу құралдарын жазды.
Орыс кластарына қазақ тілінен сабақ беріп,
ол ұлттық әдебиет пен мәдениетті дамыту,
қазақ әдеби тілін қалыптастыру жолында
жемісті еңбек етті.
 Осы кезеңнің дара тұлғаларының бірі ретінде
Ш.Уәлихановты (1835-1865) атаймыз. 1856 жылы
Ш.Уәлиханов екі экспедицияға қатысады. Біреуі
Орталық Тянь-Шань арқылы Алакөлден Ыстықкөлге
дейінгі, екіншісі - дипломатиялық тапсырма
бойынша Құлжаға сапар. 1857 жылы Уәлиханов
Алатау қырғыздарына тағы да сапар шегіп, қырғыз
халқының энциклопедиялық дастаны “Манасты”
көшіріп алды. Ыстықкөлге экспедиция кезінде
Ш.Уәлиханов тарихи деректермен қатар көненің
көзі - ерте заман бұйымдарының құнды үлгілерін
жинады. “Ыстықкөлге барған сапардың күнделігі”,
“Қытай империясының батыс провинциясы және
Құлжа қаласы”, “Қырғыздар туралы жазбалар”
деген тарихи-этнографиялық туындылары
жоғарыда аталған сапарларының нәтижесі
болатын. Ш.Уәлихановтың ғылыми қызметі Орыс
географиялық қоғамының назарын аудартып, 1857
жылдың ақпанында ол қоғамның толық мүшелігіне
қабылданады. Оның ғылыми мұрасы Қазақстанның
және көп ұлтты Ресейдің, басқа да халықтардың
проблемаларының өзекті тұстарын қамтиды. Шоқан
Орта Азия мен оған іргелес жатқан аймақтар
халқының географиясын, этнографиясы мен
фольклорын зерттеуге де үлкен үлес қосты.
 Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-
1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ
әдебиетінің, қазақ әдеб тілінің негізін
қалаушы, философ,
композитор, аудармашы, саяси
қайраткер[1], либералды
көзқарасын исламға таяна
отырып, орыс және еуропа мәдениет
імен жақындасу арқылы қазақ
мәдениетін жаңартуды көздеген
реформатор. Абай ақындық
шығармаларында қазақ халқының
әлеуметтік, қоғамдық, моральдық
мәселелерін арқау еткен.[
 Абай Шығыс пен Батыс мәдениетін
жетік білген. Бірқатар әлем
ойшылдарының еңбектерімен жақсы
таныс болған.
Философиялық трактаттар стилінде
жазылған «Қара сөздері» - тақырып
ауқымдылығымен, дүниетанымдық
тереңдігімен, саяси-әлеуметтік
салмақтылығымен құнды.

You might also like