You are on page 1of 3

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Толеранттық – үйлесімді өзара қарым-

қатынас негізі»
Тәрбие сағатының мақсаты:
Толеранттылық туралы түсінік беру. Көпұлтты Қазақстан
Республикасындағы ішкі саяси тұрақтылықтың кепілі этникалық
және діни татулықтың қажеттілігін ұғындыра отырып, төзімділікке,
ынтымақтастыққа тәрбиелеу. Ситуациялық тапсырмалар бере
отырып, ой-өрісін дамыту, белсенділігін арттырып, дүниетанымын
кеңейту.
Күтілетін нәтижелер:
а) Толеранттылық мәдениеті туралы біледі.
б) Қазақстанда тұратын өзге халықтардың салт- дәстүр
ерекшеліктерін таниды.
в) Діни, мәдени дәстүрлерге баға береді
Сабақ әдісі: Түсіндіру, топтық тапсырмалар.
Тапсырмалар: топтық тапсырмалар, диалогтық оқыту.
Керекті жабдықтар:маркер,стикер,тапсырмалар.

Тәрбие сағатының барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі.
Амандасу,түендеу.

ІІ. Жазбаша сұрақ., келесі сұрақтарға жауап беруді талап етеді:

Біз сабақ барысында Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы


мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік
болғандығын ұғына отырып, басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын
сыйлау, сөйлеу қабілеттерін, шығармашылықтарын дамытуға үйренеміз.
«Демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет» құру -
Елдік мұраттың басты бағыттары болып бекітілді. Конституцияда этностық
азшылық құқықтарын қорғау жөніндегі халықаралық өлшемдерге жауап
беретін қоғамдық келісім мен этносаралық толеранттылықтың қазақстандық
үлгісінің құқықтық негізі қаланды. Осының негізінде, Қазақстанның
мемлекеттік ұлттық саясаты қоғамдық келісім конституциялық қағидасына
негізделе отырып, жалпы адамзаттық тұжырымдарға сәйкес халықтың
біртұтастығын қалыптастыруға бағытталды.
Толеранттылық – бұл жергілікті халықтың басқа ұлт өкілдеріне және басқа
діндегі адамдарға түсіністікпен қарап, оларды қудаламауының белгісі.
Жалпы толеранттылық өркениетті қоғамға тән құбылыс. Мұндай қасиет
тұтас ұлттың басына бір күнде орнай салмайтыны белгілі. Бұл – халықтың
сана-сезімінің, дәстүрінің, рухани байлығының кемелденгенінің айқын
көрінісі. Осы тұрғыдан алып қарасақ, Қазақстандағы қоғамдық қарым-
қатынастардың белгілі бір дәрежеге көтерілгенін байқаймыз.
1) Толеранттылық дегеніміз не деп ойлайсыздар?
2) Осыған дейін толеранттылық деген сөзді қайдан естідіңіздер?

ІІІ. Танысу.
Екі жұппен жұмыс. «Сіздер бір-біріңізді жақсы танисыңдар. Енді сіздерге 2
минут уақыт беріледі, осы уақытта басқаларға қарағанда өздеріңіздегі ерекше
қасиеттеріңізді айтуларыңыз керек» Мысалы, хоббиіңіз, істей алатын
нәрселеріңіз. Жұптарыңыздан ол туралы естіген соң, орындарыңнан тұрып,
не білдіңіздер сол туралы айтасыздар.

Тезистер:
1. Толеранттылық-жеке қасиет.
2. Толерантты адам өзіне ұқсамайтын адамға өзі сияқты қарайтын адам.
3. Толерантты адам басқа біреудің қуанышы мен қайғысын бірге бөлісуге, оны
түсіне білетін адам.
4. Абсолютті толерантты әлде толерантсыз адам болмайды.
Ситуациялық тапсырмалар.
1-ситуациялық жағдай.
Мен қалада тұрамын.Демалыс күні үйде сабаққа дайындалып отыр едім,
есіктің қоңырауы соғылды.
Есікті ашсам бір топ бала (ұлты орыс ) Пасха мейрамымен құттықтай
келгендіктерін айтты.
Бұл мейрамдағы басты салттың бірі құттықтай келген адамдарға дәм ауыз
тигізу еді.
Мысалы әр түске боялған жұмыртқа, тәтті тоқаш т.б.
Бұдан кейінгі менің әрекетім:
• Бұл мейрамды қазақтар арасында тойламайтындығын сыпайы түрде айтып
шығарып салар едім.
• Ашуланып, үйден қуып шығар едім.
• Тәтті тағамдар ұсынып, мейрамдарымен құттықтар едім.
Сендер менің орнымда болсаңдар тағы басқа қандай іс-әрекетке барар
едіңдер?

2-ситуациялық жағдай.
«Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа» дегендей, әлем елдерінде
сәлемдесу рәсімдері әр түрлі. Кейбір елдер әдеттегі қол алысумен қатар,
үлкен сәлемдесу салтанатын өткізеді. Қазақ халқында тіл шығару әдепсіздік
болып танылса, кейбір жерде тілін шығарған жан жазаға тартылады. Тіл
шығару тибет халқына жат емес, себебі, олар бір-бірін көргенде, тілдерін
шығарады. Бұл рәсім 9-ғасырда бастау алған. Сол замандағы Тибет елінің
көсемі Ландарманың тілі қара болған деседі. Тибет халқы өзгелерге өздерінің
жауыз емес екендерін көрсету мақсатында, бір-бірін көрген кезде тілдерін
шығара бастайды. Бұл дәстүр өз жалғасын әлі күнге дейін табуда.
Сен Тибет еліне саяхатқа бардың. Мұндай сәлемдесу рәсіміне қандай жауап
қайтарар едің?
Қорытынды.
«Толеранттылық ағашын» жасау. Оқушыларға А4 қағазын үйлестіріп өз
ойларын бейнелеп ағашты безендіреміз.
«Мен достықты сүйемін, себебі мен..» деп аталатын ойын – жаттығуда
балалар өз білім – біліктерін қолданып, ой қорытындысын жасауға мүмкіндік

You might also like