You are on page 1of 1

№ 7-8. Деректердің жиын типтерімен жұмыс.

Деректердің аралас типтерімен жұмыс

Мақсаты:
Жиындар ұғымын қалыптастыру. Жиындарды қолданып есеп шығару. Жиындарға
қолданылатын амалдар. Аралас типті деректер туралы ұғым. Оларды сипаттау, қолдану
алгоритмін меңгеру. Жазулар ұғымымен танысу.

1. Тақ сандар жиыны берілген. 7-ге еселі сандардан жаңа тізбек құру.
2. Тақ сандар жиыны берілген. 5-ке еселі сандары нешеу екенін анықтау.
3. n саннан тұратын жиын берілген. 6-ға еселі сандары нешеу екенін анықтау.
4. Бір топта оқитын студенттердің аты-жөні, туған датасы берілген. Әр студенттің туған
датасын енгізгенде оның жасы нешеде екенін шығаратын программа құру.
5. Бір топта оқитын студенттердің аты-жөні, 1-ші және 2-ші семестрда қай пәндерден
емтихан тапсырғандығы, олардан алған бағалары берілген. 1-семестр және 2-семестр
қортындысын жеке жеке шығару.
6. Бір топта оқитын студенттердің аты – жөні, адресі берілген. Фамилиялары бірдей
студенттерді анықтау.
7. Бір топта оқитын студенттердің аты-жөні, 1-ші және 2-ші семестрда қай пәндерден
емтихан тапсырғандығы, олардан алған бағалары берілген. Сессияны тапсыра
алмағандардың тізімін шығару.

You might also like