Professional Documents
Culture Documents
Садака
Садака
Ислам - әлсіз бен күштінің, әйел мен ердің арасындағы құқық пен теңдік.
Бір хадисте: «Әр күні таңертең екі періште түседі. Бірі: «Ей,
Раббым! Садақа бергенге садақасына қайтарым ретінде жаңасын нәсіп
ет», - десе, екіншісі: «Ей, Раббым! Сараңдық еткенге мал-дүниесін опат
ет», - деп дұға етеді», - дейді. (Бухари, Зәкат 27; Муслим, Зәкат 57).
«Адамның өмірінде берген бір дирхам садақасы, өлім сәтінде берген жүз
динар садақасынан артық» (Әбу Дәуіт) хадисіне сай «Садақаны
саулығыңда бер» деген бабалырымыз бес күндік тіршілікте ажал келместен,
басқа бәле келместен алдын садақа беруді үрдіске айналдырған.
сауапты іс жасау үшін тек қаржылай немесе заттай беру міндет емес. Жақсы
ниетпен жасаған әрбір ісіміз садақа болатынын мына хадистер баян етуде:
«Әрбір жақсылық садақа» (Тирмизи)
«Жақсы сөз садақа» (Ахмад б. Ханбал)
«Күлімсіреген жүзбен сәлем беру садақа» (Бәйхақи)
«Дін бауырына күлімдеп сәлем беру садақа» (Тирмизи)
«Жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыйу садақа» (Муслим)
«Бауырына қарсы күлімсіреу бір садақа. Жақсылыққа шақыру,
жамандықтан қайтару да садақа. Жолдан адасқанға жол көрсету садақа,
зағип жанға көмек беру садақа, жолдан тас, тікен, сүйек секілді нәрселерді
алып тастау садақа, өз шелегіңнен бауырыңның шелегіне су құйу да
садақа» (Тирмизи, Бирр 36).
Садақаның пайдасы
Садақа берген сәтте өзгелер үшін пайдасы болған амал ретінде көрінгенімен
негізінде берген адам үшін пайдасы мен сауабы мол. Садақа адамға
мейірімділікті, нәпсіні тәрбиелеуді үйретеді әрі мал-дүние мен жүректі
тазалайды. Ал ақыретте сауапты амал жасау мүмкін болмаған сәтте берген
садақасының сауабы жұмаққа жетелейтін болады.
Пенде дүниеден озғанда мал-дүниесі жайында қиындыққа тап болып, жиған-
терген дүниесі артында қалғанымен сол үшін есепке тартылатын болады. Ал
дүниесінен садақа берсе, есебін беру жеңіл болмақ.
Өзгеге қол ұшын беру мен садақа берудің ең маңыздысы өзі мұқтаж бола
тұра барын бөліп беруі болмақ. «Кімде кім адал жолмен тапқан табысынан
бір құрмадай садақа берсе, Алла ол садақасын қабыл етеді. Содан кейін оны
таудай болғанша, яғни сендерден біреуіңіз тайын өсіргендей иесіне барынша
үлкейеді», - дейді. (Бухари, Зәкат 8; Муслим, Зәкат 63).
Садақа беруде шамаға қарап амал еткен жөн. Әбу Бәкірдің қызы Әсма: «Ей,
Алланың Елшісі! Жұбайым Зубайрдың берген мәхірінен басқа затым жоқ.
Садақа берейін бе?» - деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Шамаңа
қарап садақа бер. Дорбаның аузын бума, Алла да сенің ризығыңды буады», -
деді. (Бухари)
1. Мал-дүниені тазартады;
2. Күнәларды өшіреді: «Су отты сөндіргендей садақа да күнәларды
өшіреді» (Тирмизи)
Мұсылман пенде қолғабыс жасау мен садақа беру барысында кейбір мәселеге
көңіл бөлгені жөн:
– Жақсылықты Алла разылығы үшін жасау.
«Ал сендер қандай қайыр-садақа берсеңдер де ол өздерің үшін, тек оны
Алланың разылығы үшін ғана бересіңдер...», (2.Бақара-272).
– Садақамызды алдымен жарлы адамнан бастаған жөн. Біреуден бірдеңе
сұрауға ары жібермейтін қаншама тұрмысы нашар отбасылар бар. Осындай
жанға жәрдем ету сауабы мол іс:
«Садақа берсеңдер – Құдайға құлшылық етіп, ешқайда шықпайтын,
алыстап ешқайда бара алмайтын жоқ-жітікке беріңдер. (Ешкімнен) еш
нәрсе тілемегеніне қарап, білмегендер оларды бай деп есептейді, ешкімге
жабыспайтынын олардың жүзінен-ақ танисың. Мал-мүліктен нені
садақа етсеңдер де оны Алла айқын біледі», (2.Бақара-273).
– Іске жарамсыз өзіңе де, елге де қажеті шамалы бұйымды садақа ретінде
беру дұрыс болмайды. Бұл жайында аятта былай делінген: «Әй, мүминдер!
Табыстарыңның және сендер үшін жерден өндірген өнімнің
жақсыларынан Алла үшін жұмсаңдар. Ал және өздерің көздеріңді
жұмып амалсыз алатын құнсыз, сапасыз дүниені Алла жолына беруді
ойламаңдар. Біліңдер, Алла бай, мақтаулы», (2.Бақара-267).
– Берген көмек пен садақаны міндетсінбеу. Аятта былай ескертеді: «Ей,
иман келтіргендер, мал-мүлкін көрер көз үшін жұмсайтындар, Аллаға
және ақырет күніне сенбейтіндер секілді (сендер де) бергендеріңді міндет
қылып, ренжітіп, садақаларыңның сауабын жойып алмаңдар. Олардың
мысалы: үстіндегі шаң-тозаңын нөсер жуып кеткен жалаңаш жартас
тәрізді болмақ. Олардың еңбектері еш кетеді. Алла ондай безбүйректерді
тура жолға салмайды», (2.Бақара-264).
– Берген садақасын жарияламау. Садақаның жасырын берілуі адамды риядан
сақтайды. Жасырын берілген садақа адамның күнәсінің кешірілуіне себеп
болмақ. «Егер де садақаны құпия түрде берсеңдер, сендер үшін одан да
жақсы. Алла сендердің күнәларыңды жарылқайды», (2.Бақара-271).
َاَتى َس ْعُد بُن ُع َباَد َة َرِض َى ُهّللا َع ْنُه َر ُسوَل ِهّلل َص َّلي ُهّللا َع َلْي ِه َو َس َّلَم: َو َع ْن َسِع يِد بن المسيب َرِض َى ُهّللا َع ْنُه َقاَل
. أخرجه َأُبو َداُو د. اْلَم اُء: َأُّى الَّص َد َقِة َأْع َج ُب ِإَلْيَك؟ َقاَل: َفَقاَل
Сайд ибн Мусайябтан (р.а.) риуаят етіледі Сағд ибн Убада Пайғамбарымызға
(с.а.у.) келіп: «Саған ұнайтын садақа қайсысы?» - деп сұрайды.
Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Су», - де жауап берді. (Әбу Дәуд. Зәкәт 41)
Адам үшін тіршіліктің нәрі су болғандықтан су беру де сауапты амал
болғандықтан мұсылмандар құдық қазып, құбыр тартып беруді үрдіске
айналдырған. Хазіреті Осман (р.а.) Мадина қаласындағы яһудиге тиесілі
болған құдықты сатып алып, мұсылмандарға бағыш еткенін, осы ісімен
жәннатты сатып алғанын білеміз.
Тақырыпты мына бір ғибратты оқиғамен аяқтағанды жөн көрдік.
Ертеректе патшаның ақылды уәзірі болыпты. Сол уәзір ел ішіндегі жағдайы
төмен, мұқтаж жандарға қазынадан қарыз береді екен. Қарыз бергенде патша
өлген соң қайтарасың деп, қол қойдырып алады екен. Алайда уәзірді көре
алмайтын дұшпандары оның бұл әрекетін патшаға жамандайды. Патшаға
сіздің уәзіріңіз қазынаңыздағы қаржыны түгі жоқ кедейлерге таратып жатыр,
ол аздай патша өлгенде қайтарасың деп айтады екен. Ол сіздің өлуіңізді
қалайды. Сіз дүниеден өткен соң сол қаржыларды өзі жинап алмақ деп
жамандайды. Патша айтылған әңгімелерге сеніп, уәзірді жазаламақ болады.
Тіпті өлім жазасына да кесетінін айтады. Сөйтіп уәзірді шақырып, естіген
мәселе жайында сұрайды. Уәзір расында да солай қарыз бергенін, патша
өлген соң қарызды қайтарасың деп келіскенін де жасырмай айтады.
Мұны естіген патша қаһарына мініп, уәзірді өлім жазасына кеседі. Сонда
уәзірі дат сұрап, не үшін олай жасайтынын айтқысы келеді. Патша уәзірдің
соңғы тілегін тыңдауды жөн санап, сөз береді. Уәзір патшаға қарап:
«Мәртебелі патшам. Мен сіздің қазынаңыздан кедейлерге қарыз бергенде
патша өлгенде қайтарасың деп келісетін себебім, олардың қайтаратын
шамасының жоқ екенін білемін. Қайтара да алмайтынына көзім жетеді. Бірақ
олар алған қарыздарын қайтара алмай қиналғандықтан үнемі Алладан «Ей,
Алла! Патша өлмесе екен» деп сіздің тілеуіңізді, өміріңізді тілейтін болады»,
- дейді. Мұны естіген патша, уәзіріне дән риза болып, кешірімін береді.
Берген қол алушыдан жоғары тұрады. Ал алушы берушіге дұғада
болатындықтан, сізде садақа беріңіз, өзгелерде Алладан сіздің тілеуіңізді
тілесін.