You are on page 1of 168

Фетхуллаһ ГҮЛЕН

ҮКІЛІ ҮМІТ
(та ң да ма л ы-4)

Алматы 2011
УДК 28
ББК 86.38
Г 97

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі


Дін істері комитетінің дінтану
сараптамасының оң қорытындысы берілген

Түрік тілінен аударған: Құдайберді Бағашар

Аударма мына түпнұсқадан жасалды:


Кырык тесті
«Нил» йайынлары, Стамбул.

ГҮЛЕН Ф.
Г 97 Үкілі үміт (таңдамалы-4). – Алматы: «Көкжиек-Б»
баспасы, 2011. – 168 бет.

ISBN 978-601-7271-45-9

Қазақ оқырмандарына «Ғаламның рақым нұры –


Мұхаммед (с.а.с.)», «Ақырет ақиқатына сенім», «Ғұмырлық
өлшемдер» атты еңбектерімен танылған ислам ғалымы М.Ф.
Гүленнің қолдарыңыздағы кезекті еңбегі – «Үкілі үміт» деп
аталып отыр.
Кітап – иман байлығын, ардың тазалығын жанынан биік
санайтын барша оқырманға арналған.

УДК 28
ББК 86.38
ISBN 978-601-7271-45-9

© «Көкжиек-Б» баспасы, 2011


МАҚТАНСҮЙГІШТІК ЖӘНЕ КӘНІГІ НАРЦИСТЕР

Сұрақ: Адамзаттың асыл тәжі Мұхаммед


пайғамбарымыз (с.а.с.) және оның ізбасарлары
қошемет пен мақтау сөзге қалай қарайтын
еді? Бұл мәселеде мүминге тән ұстаным
қандай болуы қажет?
Жауап: Мақтансүйгіштік, жұрттан мақтау сөз естуге
құмартып тұру – адамның рухани дүниесін жегідей
жеп, кісілік қасиеттен айыратын жаман әдет. Кісінің
өзі туралы жұрттың көпіртіп мақтау айтқанын, астына
көпшік қойып, жетістігі мен табысын асырып айтқанын
құмартып тұруы – оның жүрегін рухани індет жайла-
ғанын көрсетеді. Жүректегі осы бір кеселдің дауасы да
қиын. Мақтансүйгіштік мүминдер арасында да кездесе-
ді. Алайда мүминдердің мақтангершілігінде тәкаппар-
лық пен өркөкіректік болмайды. Тәкаппарлық, паңдық,
басқаларды менсінбеу – көбіне имансыздар мен екіжүз-
ді мұнафықтарға тән рухани кесел.
Бүлікшілдік сипаты
Жүрегіне иман ұяламаған адам істеген ісімен ғана
емес, істемеген ісімен де мақтанудан тайынбайды. Бо-
йында жоқ ізгі қасиеттермен жұрттан жылы лебіз естіп,
қошеметке бөленуге құмартып тұрады. Бұндай адамдар-
дың ақыретте қиын жағдайға душар болатыны туралы
Құран кәрімде: «Істегендеріне мәз болып, істемегенде-
рімен де мақтау қалап тұратындарды қаперге алма.
4 Таңдамалы-4

Сондай-ақ, оларды азаптан құтылады деп әсте ойлама.


Өйткені олар үшін жан түршігерлік азап бар»1 – делінген.
Тәпсіршілер бұл аятта Пайғамбарымыздың дәуіріндегі
«әһл-кітап» иелері (христиандар мен яһудилер) мен екі-
жүзді мұнафықтар жайында айтылғанын алға тартады.
Өйткені осы аяттың түсуіне екі оқиға себеп болған.
Бірде Алла елшісі (с.а.с.) «әһли кітаптың» бетке ұстар ға-
лымдарынан діндеріне қатысты бір мәселені сұрайды.
Әлгі ғалымдар қасақана шындықты бүркемелеп, бірқа-
тар жалған мәліметтер келтіреді. Олар өздерінің осы
бір айла-шарғыларына өздері тәнті болып, осы үшін ай-
наласындағылардан алғыс, ілтипат күтеді. Жоғарыда-
ғы аятта осындай екіжүзді ғалымдардың жан дүниесі
сипатталған.
Енді мәселенің келесі бір қырына тоқталайық. Бірде
Алла елшісі (с.а.с.) елді жорыққа шақырып, жар салады.
Осы кезде екіжүзді мұнафықтар түрлі сылтау айтып, мұ-
сылмандардың сапына қосылмайды. Олар мұсылмандар
жеңіліске ұшыраса, соғысқа қатыспай аман қалғандары-
на қатты қуанатын еді. Тәкәппарлықпен өздерін ақылды,
көреген санайтын. Ал егер мүминдер жеңіске жетіп, ол-
жамен оралса, жорыққа қатыспаса да мүминдермен
ниеттес, тілеулес екенін айтып, олжадан үлес алуға жан-
таласатын. Жорықтан кейінгі жағдайдың бір қалыпқа тү-
суіне өздерін жауапты адамдай санап, істемеген істері-
мен елден мақтау мен марапат, жылы сөз, сый-сияпат
күтетін. Аталған аятта бітірген ешбір ісі болмаса да маң-
ғазданып, мақтануды ұнататын мұнафықтардың ішкі дү-
ниесі суреттелген.
1
«Әли Имран» сүресі, 3/188.
Үкілі үміт 5

«Бұл аят маған айтылған!..»


Жоғарыда келтірілген аяттың түсуіне басқа да оқиға-
лар себеп болғаны айтылады. Алайда тәпсіршілер көбіне
аталған екі оқиғаға баса мән беріп, соған сілтеме жасай-
ды. Кез келген аяттың белгілі бір мән-жайға байланысты
түсуі тек сол оқиғаға ғана қатысты деген сөз емес. Хақ
тағаланың әрбір сөзі мыңдаған хикметке толы. Әрбір аят
талай жайдан сыр шертіп, көптеген мәселені қамтиды.
Әрбір Құран аяты сол аяттың түсуіне себеп болған оқи-
ғамен қоса соған ұқсас басқа да көптеген мән-жайлар-
ды қамтып, үкімін шығарады. Сондықтан бір аяттың түсу
себебі ретінде бірнеше оқиғаның көрсетілуі түсінікті, қа-
лыпты жағдай. Ендеше, аятты «иқтиран» (екі нәрсенің
қатарынан қамтылуы) тұрғысынан қарап, «Алла тағала
белгілі бір хикметпен аятты аталған оқиғалардың бар-
лығымен бірдей байланысты еткен» деп пайымдап, түсу
себебінен бұрын мазмұнына баса мән беру қажет.
Сахабалар мен олардың ізбасарларының көпшілігі
жоғарыда айтылған аяттарды белгілі бір адамдарға ғана
түсті деп санамаған. Олар аяттарда баяндалатын сипат-
тарға баса назар аударған. Мәселен, кез келген бір аятта
имансыз немесе екіжүзді адамдардың жалғанға әуестік-
тері жайында айтылса, бұл аятты «Бізге еш қатысы жоқ,
басқалар туралы түскен» деп, елеусіз қалдырмайтын.
Олар: «Біздің бойымызда да осы кеселдің нышаны бар
шығар» деп уайымдап, өз өздерін тергеп, сын елегінен
өткізіп отыратын. Бұл мәселеде қара қылды қақ жара-
тындай туралықты басты назарда ұстады.
«Суайттық – Алланың ренішін тудыратын нашар әдет.
Алла тағала адамдардың бойындағы сипаттарға қарап
айыптайды немесе нығметіне бөлейді. Ендеше, жалған
сөйлеген, өтірік айтқан жан – кім екеніне қарамастан
айыпты, кінәлі пенде» деген ұстанымда болды. Сахаба-
лар мен олардың ізбасарлары адам бойындағы барлық
жаман сипаттарды дәл осылай таразылып отырды. Олар
Алла тағала разы болмайтын істердің маңына да жола-
май, о дүниеде опық жеп қалмас үшін асқан сақтықпен
ғұмыр кешті. Ешқашан да болдым-толдым демеді. Құ-
ранда Алла тағала айыптап, тыйым салған кез келген
жағдайдың, іс-әрекеттің және сипаттың өз бойларында
кездесіп қалуынан қатты қорқып, мұндай жиіркенішті
әдеттерден бойларын аулақ ұстаған.
Есеп күніне таза баруды негізге алған сахабалар мен
олардың ізбасарлары аса ыждағаттылық танытқаны
соншама, Құрандағы имансыздарға қатысты түскен аят-
тарды оқығанда жанарлары жасқа толып, ағыл-тегіл жы-
лайтын. Мәселен, Омар ибн Абдулазиз Құрандағы: «Сол
уақытта олардың мойындарында темір құрсаулар, аяқ-
тарына кісен салынған күйде әуелі қайнап тұрған суға
пісіріледі, сосын отта күйдіріліп өртеледі»2 деген аятты
таң атқанға дейін қайталап, сәждеде жатып жылай-жы-
лай талықсып кететін. «Уақыты келгенде имансыздар
жаһаннам отының алдына әкелініп: «Барлық рақатты
жалған дүниеде тамашалап бітірдіңдер. Ал енді бүгін
жер бетінде орынсыз менменсіп, бұзақылық қылғанда-
рың үшін күйзелтуші азаппен жазаланасыңдар» делі-
неді»3 деген аятты оқығанда, ішіп-жеуден сап тыйылып,
терең уайымға бататын. Ол о дүниенің нығметтерін осы
дүниеде тауысып бітіруден, о дүниеге құр алақан бару-
дан қорыққаны сондай – бір кесе су ішуге, бір-екі қасық

2
«Ғафыр» сүресі, 40/70-71.
3
«Ахкаф» сүресі, 46/20.
ас жеуге дәті бармайтын. Алғашқы ғасырлардағы мүмин-
дердің халі де Омар ибн Абдулазиздің жағдайына ұқсас
еді. Олар кез келген аят оқылғанда құдды өзіне қарата
айтылғандай уайымдап, Алла тағаланың үкімдерінің
жалпы мазмұнына қарап бой түзеген.
Кәнігі нарцистер
«Әли Имран» сүресінің 188-аятында өмірінде істе-
меген істерді жұртқа майын тамызып айтып, дінге, ру-
ханиятқа берік болмаса да, өзін өте діндар, тақуа етіп
көрсететін, осынысымен жұрттан қошемет күтетін кітап
иелерінің кейбір ғалымдары тілге тиек етілген. Соны-
мен қатар ой-пікірі мен ақидасында имансыз бола тұра,
жұртқа өзін басқаша танытып, жағдайға қарай мың құ-
былып, әр түрлі ортада өз мүддесіне қарай түрлі мінез
көрсетіп, жұрттың ілтипатын іздеп жүретін екіжүзді мұ-
нафықтар туралы да айтылған. Осылардан басқа аятта
кейбір мұсылмандарға да ескерту бар. Жүректеріне
имандылық терең бойламаған, Алланың разылығы мен
ақыреттің игіліктерін басты мақсат санамайтын, жұрт-
тың мақтау-марапаты мен фәни дүниенің өткінші рақа-
тына бой алдырған мұсылмандарға да ишарат жасайды.
Аят мүшріктер мен мұнафықтарға қатысты түскенімен,
мұсылмандарды бұдан сырт қалдыру дұрыс емес. Аятта
құр мақтанға, қошеметке жаны құмартып, маңғаздық
пен паңдыққа бой алдырған мұсылмандар үшін ескерту
жасалған.
Шын мәнінде істеген ісімен мақтанып, жасамаған іс-
терін жасағандай етіп көрсетуден арланбайтын мақ-
танқұмар адамдардың бойын билеген рухани кеселдің
белгілері бір-біріне ұқсас келеді. Мұндайлар – көбіне
діннен бейхабар, өз табиғатындағы «нәпсі әммараның»
8 Таңдамалы-4

(жамандықты қалап тұратын нәпсі) парқына бара алма-


ғандықтан соның ығына жығылып, атақ пен даңқ қуған
адамдар. Олардың көпшілігі өзін өзгелерден артық көріп,
тіпті жұрттан бөлек жаратылғанына сенеді. Ел арасында
өзін басқаша ұстайды. Айналасындағыларды түгел мо-
йындатып, өзінің айрықша бір миссиямен жаратылған
адам екеніне сендіруге тырысады. Көңіл түкпірінде әл-
дебір жартыкештік байқалатын осындай адамдардың
айналасында жағымпаздар жиналса, нағыз нарцистер
сонда шығады.
Тіпті руханияттың заңғар шыңына жеткен алып тұл-
ғалардың өзі айтпаған «Мен адамдарды тура жолға
салдым», «Мен ғауыспын (ең үлкен әулие)» сынды әсіре
сөз айтатындар шығады. Олар өзі тұрғанда өзге тұлғалар
туралы әңгіме қозғалғанның өзін жақтырмай, жайсызда-
нады. Мұндайлар арасында өзін пайғамбар-дың немесе
пәлен деген әулиенің өкілі немесе ізбасары екенін алға
тартып, айналасындағыларды осыған сендіру үшін жан-
таласып жүргендер де баршылық. Олар ешбір артық қа-
сиеті болмаса да, жұрттың өзі туралы «тақуа», «діндар
және «Алладан қорқатын мүмин» деп мақтау айтқанын
қатты қалайды немесе «елі үшін еңіреген ер», «жанкеш-
ті», «өзгелер үшін өз басын бәйгеге тігетін тұлға» сынды
сөздермен өзін дәріптей түскенді қалайды. Тіпті өз ба-
сында бұл қасиеттер болмаса да, бәрібір осылай мақта-
ғанды қалап тұрады. Титтей бір нәрсе жасаса, сонысы
үшін мақтау, қошемет күтеді. Түймедей істерінің өзін тү-
йедей етіп көрсетуден арланбайды. Қайта осыны жан-
дүниесімен қалайды.
Пайғамбарға тән кішіпейілділік пен
қарапайымдылық
Үкілі үміт 9

Шынайы мұсылман әрқашан кішіпейіл болуы қажет.


Жүрегіне иман ұялаған адам өзінің Алланың құлы екенін
ешуақытта ұмытпайды. Мүмин өзін өзгеден артық сана-
майды, жұрт қатарлы адаммын деп есептейді. Тіпті Ал-
ланың мейірімінен мақұрым қалар болса, бордай тозып,
азғындыққа салынып кетер ме екенмін деп уайымдай-
ды. Сондықтан мақтау мен марапатты ұнатпайды. Қоше-
мет пен ілтипатты жақтырмайды. Кез келген біреу оған
арнап керемет мақтау айтып, Фирдәусидің дастанындай
жыр жырласа да құлақ аспайды, «сондай екенмін» деген
алдамшы ойға берілмейді. Кез келген адамда менмен-
дік сана аз-кем болатыны рас. Ықтиярынан тыс осындай
ішкі буырқаныстар көңілді билей бастаса, ар-ұжданы-
мен дереу қарсылық танытып, мұндай бықсыған сезім-
дерді тұтанбай жатқанда өшіріп тастайды. Көңілге хош
келсе де әсіре айтылған сөздерге желікпейді. Біреудің өзі
туралы мақтауларын әсіре немесе жалған сөз ретінде
қабылдайды.
Адамзаттың асыл тәжі Пайғамбарымыз (аләйһи әкмә-
лут-тахая) өнегелі ғұмырын қарапайымды-лықпен, кіші-
пейілділікпен өткізді. Үмбетіне де осыны насихаттады.
Бірде ол кісіні әзірет Мұсамен салыстырып, пайғамба-
рымыздың артықшылықтарын жіпке тізе бастағандар-
ға: «Мені Мұсадан артық көрмеңдер» деп тыйып тастап,
қатал ескерту жасады. Тағы бірде «Балық иесі (әзірет
Жүніс) секілді болма!»4 деген аят түскенде, кейбір саха-
балар «Әзірет Жүніс қандай қателік істеді екен?» деген
жаман ойға берілмесін деген ниетпен Алла елшісі: «Мені
Жүніс ибн Мәттадан артық санамаңдар» деп ескерту
жасайды.
4
«Қалам» сүресі, 68/48.
10 Таңдамалы-4

Кішіпейілділікте алдына жан салмаған ардақты Пай-


ғамбарымыз өзіне «Сен – біздің жол сілтеушімізсің» де-
гендерге сол заматта: «Жоқ, ең мәртебелі, жол сіл-теуші
ол – Алла тағала» деп қарсылық білдіреді. Бірде «Уа, жер
жүзінің ең қайырлы адамы» деп лебіз білдірген кісіге:
«Жер жүзінің ең қайырлы адамы – Ибраһим» деп жауап
береді. Негізінде Пайғамбарымыздың көзіндегі ғайып
пердесі көбіне ашық күйде болды. Ол Алланың қалауы-
мен оқтын-оқтын арғы дүниені тамашалайтын еді. Бір
күні Айша анамыздың бөлмесіне бір топ әйел жиналып:
«Біздің арамызда ертең не болатынын білетін Пайғамбар
бар» деп иләһи ән шырқап отырады. Мұны естіген сүйік-
ті Пайғамбарымыз: «Ән салсаңдар да шындықты айтың-
дар. Мен күні ертең не болатынын білмеймін. Алла нені
білдірсе, соны ғана біле аламын» деп ескерту жасаған.
«Ей, екі жүзді нәпсі!»
Әзірет Әбу Бәкір (р.а.) адамзаттың шамшырағы ардақ-
ты Пайғамбарымыздан (әләйһи әкмәлут тахая уә тәсли-
мат) дәріс алған. Ол мінез-құлқы мен әрбір ісінде Пай-
ғамбарымызға қарап бой түзеуге тырысатын. Әбу Бә-
кірдің (р.а.) бойында да пайғамбарға тән кішіпейілділік
пен қарапайымдылық бар еді. Ол осы қалпынан жаз-
бастан кіршіксіз ғұмыр кешті. Мақтануға жаны қас бо-
латын. Басқалардың өзін мақтағанын да жақтырмайтын.
Ықтиярынан тыс өзін біреулер мақтап жатса, ұяттан жүзі
қып-қызыл боп қызарып кететін. Алладан қатты қорқа-
тын еді. Мұндайда қолын жайып: «Раббым! Сен менің
қандай екенімді менен әлдеқайда жақсы білесің. Ал мен
өзімді өзгелерден жақсы білемін. Уа, әлемдердің Раббы-
сы! Халықтың менің бойымнан көргісі келген жақсылығы
мен ізгілігін шынымен де маған нәсіп ет! Басқа адамдар
Үкілі үміт 11

білмейтін жасырын күнәларымды кешір! Жұрттың мен


туралы айтқан жылы лебіздеріне масаттанып, өз-өзімді
жақсы көруден, тәкаппарлыққа салынудан сақтай гөр!»
деп дұға ететін.
Қошемет жасалып, мақтау айтылғанда, мүмин ұс-
тамды болып, кішіпейілділік танытуы қажет. Мұндайда
«Уа, Алла тағалам! Мен туралы айтылған жылы лебіз-
дерді дұға ретінде қабыл ет! Осының кесірінен тәкаппар-
лыққа, менмендікке салынып кетуден сақта! Мені нәпсі-
ге еріп кетуден сақта! Аяғымды шалыс бастырма!» деп,
мақтау мен мадақтың шынайы иесі Ұлы Құдіретке сиын-
ғаны жөн. Мақтау мен марапатты күтпеу, ілтипат пен қо-
шеметті тілемеу шын мәнінде мүминнің жан дүниесінің
тазалығын көрсетеді. Пендешілікпен кейбір мүминдер
аракідік істеген амалдарын жұрттың көргенін, осыған
жылы лебіз білдіргенін қалауы да мүмкін. Сондықтан
да, мақтау сөзге масаттанбайтындай дәрежеде жүрек-
ке имандылық ұялату, осындай халге қол жеткізу үшін
адамның іштей өз-өзімен күресуі иманды жандар үшін
қасиетті борыш. Адам бойын нәпсі билеп, даңғойлыққа,
ғапылдыққа салынса, мақтау сөздер, марапат пен қоше-
меттер оны тура жолдан тайдыруы әбден мүмкін. Уәһб
ибн Мунәббиһтің айтуынша: «Бір адамның діни өмірін-
дегі ең көркем қасиеті – дүниеге беріліп кетпей, ұстамды
бола білуі. Ең жаман қасиеті – нәпсінің шырмауында
қалып, бойдағы құмарлықтарына жеңілуі. Нәпсіге жеңі-
лудің нышаны – мал-мүлік, шен-шекпен және мақтан-
сүйгіштік» деген екен. Тамаша айтылған сөз. Осындай
ұстанымда болған жан жұрттың ілтипатына бөленуді
әсте мақсат тұтпайды. Елдің өзі туралы айтқан жылы
лебізі мен ізгі ойларына масаттануы, мақтансүйгіштікке
12 Таңдамалы-4

салынуы, екіжүзділік танытуы тіптен мүмкін емес. Істе-


ген қызметін әлдеқандай етіп көрудің орнына өзіне нәсіп
болған сансыз нығметтердің шүкіршілігі ретінде құлшы-
лыққа ден қояды. Осындай түсінік екіжүзділік пен даң-
ғойлықтан бойын аулақ ұстатады.
«Қойныңда жылан бар, абайла!»
Шынайы мүмин өзі туралы айтылған мақтау сөзге де,
сын пікірге де ұстамды бола білуі қажет. Негізі, адамның
өз-өзін кінәлап, кемшіліктерін өзі айтуы белгілі бір тұр-
ғыдан алғанда оңай нәрсе. Алайда кемшіліктерін басқа-
лар айтқан кезде де ұстамды, сабырлы қалпын сақтап
«Қойнымда жылан бар екенін айтқан адамға борыштар-
мын» дей білу – кез келген пенденің қолынан келе бер-
мейді. Көбіне адам өзіне қарата айтылған сынды дәл
сол заматта емес, кейіннен барып мойындап жатады.
«Кемшіліктерімді айтқаны қандай жақсы болды. Онысы
– менің жақсылығыма тілеулестігі» деп, іштей ризашы-
лығын білдіруі де мүмкін. Дегенмен өзіне қарата сын
айтылған алғашқы сәтте нәпсісін тізгіндеп: «Қателікте-
рімді айтып, маған көмектескенің үшін Алла сенен разы
болсын» дей білу – нағыз мәрттік, нағыз қаһармандық
болып табылады.
Негізінде, өз істеріне өзі тәнті болу, өзіне еш қатысы
болмаса да бірқатар жетістіктерді өзімдікі деп мақтану,
лайықты болмаса да бірқатар істермен немесе сипат-
тармен жұрттың назарына ілігуге құмартып тұру күпір-
лік, бүлікшіл мінезге жатады. Жүректің нұрын сөндіре-
тін мұндай қауіпті вирус ішінара болсын мүминдерде де
кездесетіні өкінішті. Шын мәнінде жүрегіне иман ұялаған
адам мақтау сөзге де, сын сөзге де бірдей ұстамдылық
танытады. Мұндай жан мақтау сөзді ұнатпағанымен,
Үкілі үміт 13

өзіне қарата айтылған сын сөзді қалап тұрады. Өзін


сынаған адамға ренжу былай тұрсын, қайта өзіне қол
ұшын берген адал дос ретінде оны жақсы көретін дә-
режеге жетеді. Міне, бұл – кемелдік шыңына шыққан
нағыз мүминнің халі. Мұндай жан жұрттың мақтауына
әуестенудің жүректегі нұрды өшіріп, ішкі дүниені алай-
дүлей ететін фитнә екенін білгендіктен, бос сөз, бөстекі
әңгімелерді, мақтау-марапаттауларды жаны сүймейді.
Керісінше, ғайбат, жала немесе шынайы әділ сынды жа-
нындай жақсы көреді. Әділ сын айтып, қателіктерін көр-
сеткендерге шексіз алғыс білдіреді. Тіпті әділ болмаса да
өзіне сын айтылғанда, осы сынға сабыр сақтап, байсал-
дылық танытқаны үшін сауап жинайтынын білгендіктен,
мұндай сынның өзіне жылы қабақ таныта алады.
АДАЛ АС ЖӘНЕ АРЛЫ ҰРПАҚ

Сұрақ: Арам ас ішіп-жеу рухани өмірге


қаншалықты кері әсерін тигізеді? Арлы
ұрпақтың өсіп-жетілуінде адал астың маңызы
қандай?
Жауап: Алла тағала жердің асты мен үстінде сан-сыз
нығметтерді жаратып, адам баласының игілігіне тарту
еткен. Адамзат Хақ тағала тарту еткен нығметтерді игі-
лігіне жарату барысында бұлардың мүбаһ5 болуына
мән беруі қажет. Алла тыйым салмаған нығмет – халал
болып табылады. «Алла жер бетіндегі барлық жараты-
лысты сендер үшін жаратты»6, «Көк пен жердегінің бар-
лығын нығмет ретінде сендердің игіліктеріңе беруші –
Өзі»7 деп келетін аяттарда жер мен көктегі барлық нығ-
меттің адамдар үшін жаратылғандығы баяндалған. Бас-
қалай айтқанда, кез келген нәрсені ішіп-жеу, немесе қол-
дану аят пен хадисте тыйым салынбаса – халал.
Хақ тағала кейбір нәрселерді қолдануға тыйым салып,
шектеу жасаған. Жоғарыда айтылған «Барлық нығмет-
тер адамдар үшін жаратылған» деген жалпы үкімге бір-
қатар шектеулер қойған. Аят пен хадистерде нақты үкім
айтылып, тыйым салынған нәрселер – харам болып та-
былады. Ненің харам, ненің адал екенін тек шариғаттың
5
Мүбаһ – орындалуы мен орындалмауында діни жағынан
ешқандай тыйым болмаған, яғни жауапкердің еркіндегі іс-
әрекеттер. Мәселен, тамақ ішу, ұйықтау, т.б.
6
«Бақара» сүресі, 2/29.
7
«Жасия» сүресі, 45/13.
Үкілі үміт 15

Иесі – Алла тағала белгілейді. Сондықтан адам баласы


харам атаулыға Алланың әмірі болғандықтан жақын-
дамауы тиіс. Мұнымен қоса кез келген харамның адам
үшін көптеген зияны мен залалы бар екені шындық.
Оның харам етілуінің астарында бірқатар хикметтер бар
екені және рас. Харамға бойлау адамға материалдық әрі
рухани тұрғыдан зиянын тигізеді. Мәселен, бір жұтым
немесе бір шайнам харам ас адамның өмірінде адасуы-
на сеп болуы мүмкін. Тіпті бала-шағасының баянды бо-
лашағына кері әсерін тигізуі де ықтимал.
Иә, халал мен харам Алла тағаланың әмірлерімен бел-
гіленеді. Ешбір адам өз білгенімен халалды харам, ха-
рамды халал ете алмайды. Осындай қателікке бой ал-
дырған жандарға қатысты Ұлы Құдірет Иесі: «Өз сөзде-
ріңнің жалғаны мен қателіктерін Алла тағалаға таңып,
«мынау халал, мынау харам» деп айтпаңдар. Аллаға
өтірік жала жапқан боласыңдар. Шындығында Алланың
атынан өтірік айтатындар құтылмайды» деп қатал ес-
керту жасаған8.
Рызық-несібе беруші Раззақ-Кәрім: «Алланың сендер-
ге берген халал, таза несібесінен жеңдер»9, «Ей, адам-
дар! Жер бетіндегі халал әрі таза нәрселерден жеңдер»10
деп келетін аяттарда Алланың нығметтерін пайдала-
ну жайы баяндалады. Сонымен қатар, халал әрі таза
рызық-несібемен күнелтудің қажеттігі айтылған. Адам
Құдай бұйыртқан рызық-несібені сенімді түрде пайдала-
нып, ішіп-жеуіне болады. Алайда бұл қолына түскеннің
барлығын пайдалануына болады деген сөз емес. Оны
8
«Нахыл» сүресі, 16/116.
9
«Маида» сүресі, 5/88.
10
«Бақара» сүресі, 2/168.
16 Таңдамалы-4

қандай жолмен тапқаны өте маңызды. Адам ішіп-жей-


тін нәрселерінің шариғат бойынша халал, таза болуына
және тапқан табысында кісі ақысы болмауына баса мән
беруі керек. Ақ адал маңдай термен табыс, пайда табу
өте маңызды. Халал, материалдық әрі рухани тұрғыдан
таза нығметтерді рұқсат етілген шеңберден шықпай, өз
орнымен пайдаланған жөн.
Алла тағала еңбек етіп, күстенген қолды
жақсы көреді
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Құлшылық он бөліктен, ол он
бөліктің тоғызы халал рызық-несібе табудан тұрады»
деп, харам-халалға өте мұқият болудың маңыздылығы-
на назар аудартады. Басқа да көптеген хадистерінде сү-
йікті Пайғамбарымыз табыс табу үшін ақ адал маңдай
термен еңбектенуді қолдап, үмбетін адал табыс табуға
ынталандырады. Пайғамбарымыз даналыққа тұнған ха-
дистерінің бірінде: «Кейбір күнәларға намаз да, ораза
да, қажылық та кәффәрат (өтем) бола алмайды. Ондай
күнәлар тек ақ адал маңдай термен табыс табу үшін ең-
бектенгенде ғана кешіріліп, тазарынуы мүмкін» деген
еді. Енді бірде Пайғамбарымыз: «Еңбек етуден қолдары
күстенген, шаршап-шалдығып ұйқыға кететін адам кеші-
рімге лайық болып, күнәларынан арылады» деп, еңбек-
қорларды сүйіншілейді.
Ешбір пенде ақ адал маңдай терімен тапқан табыс-тан
артық рызық-несібеге кенелуі мүмкін емес. Алла елшісі:
«Дәуіт пайғамбар (а.с.) да өзі еңбектеніп, тапқан табысы-
мен күнелтетін» деп, адамның өз еңбегімен табыс тауып,
отбасының күнкөрісін қамтамасыз ететіндерге ілтипат
жасайды. Өзінің сахабаларын да еңбек етіп, адал жолмен
табыс табуға, көнкөрісін адал жолмен қамтамасыз етуге
Үкілі үміт 17

үндеп отыратын. Бірде Пайғамбарымыз (с.а.с.) Сағыд ибн


Муазбен қол алысып амандасып тұрып, қолдарының
күстеніп кеткенін байқайды. Себебін сұрағанда, ардақ-
ты сахаба отбасын адал еңбегімен асырау үшін еңбекте-
ніп жүргенін айтады. Бұл жауапқа Расулалла (с.а.с.): «Міне,
Алла тағала осындай қолды жақсы көреді» деп, досының
күстенген қолына ілтипат көрсетеді.
Сүйікті Пайғамбарымыз үмбетіне жалған фәни өмірдің
көзді ашып-жұмғанша зулап өте шығатынын ескертеді.
Осы тұрғыдан оның сөзі мен ісі, бүкіл ғұмыры – нағыз үлгі-
-өнеге. Жүрегінде иманы бар адам істеген ісінің қиынды-
ғына немесе жеңілдігіне, беделділігіне емес, ең алдымен
тапқан табысының адалдығына баса мән береді. Мүмин
қандай қиындық немесе кедергі болмасын адал жолмен
табыс табуға міндетті. Тауға барып тас уатса да, табысы
адал болуы тиіс. Қажет болса, қолына күрегін алып,
жұмыссыздар тұратын мекенге барып, жұмыс беретін
бір кісі шықса, соның бақшасының топырағын тазалап,
жолын жөндеп беріп өз еңбегімен адал табыс табуға күш
салуы керек. Қандай адам болмасын Хақ тағала рұқсат
еткен шеңберде адал жолмен күнкөрісін табу өте маңыз-
ды. Өз еңбегімен адал табыс тауып, осыдан күнкөрісін
айырып жүрген адам не жұмыс істесе де бұдан намыс-
танып, ұялмауы қажет. Базбіреулер кейбір жұмыстарды
менсінбей, мұрнын шүйіріп қараса да, Алланың алдында
адал жолмен тапқан табыстан артық абыройлы іс жоқ.
Жүректің жауы – арам ас
Харам-халал мәселесінде қара қылды қақ жаратын-
дай асқан мұқияттылық танытқан Алла елшісі (с.а.с.) бір
хадисінде: «Халал мен харам белгілі. Алайда осы екеуі-
нің арасында кейбір күдікті нәрселер бар. Адамдардың
18 Таңдамалы-4

көпшілігі осының ара жігін айыра алмайды. Осы күдікті


нәрселерден бойын аулақ ұстаған жан дінін, ар-намысын
сақтап қалады. Күдікті нәрселерге жақын болған адам
қорық жағасында мал жайған шопанға ұқсайды. Оның
бағып жүрген қойлары кез келген сәтте қорыққа түсіп
кетуі мүмкін. Дәл осы секілді күдікті нәрселерге жақын
жүрген жан да кез келген сәтте харамға ұрынуы әбден
мүмкін. Жақсылап біліп қойыңдар. Әрбір әміршінің бір
қорығы болады. Ал Алланың қорығы – харамдар. Ағзада
бір кесек ет бар. Егер ол сау болса, ағза да сау болады,
бұзылса, ағза да бүлінеді. Ол – жүрек» деген екен.
Ардақты пайғамбарымыздың талай хикметті бірден
қамтыған осы бір мағынасы терең сөзінен бірқатар түйін
жасауға болады. Біріншіден, жүректен қантамырлар
арқылы дене мүшелерімізге айдалатын қан адал, таза
астан қуат алатын болса, жүрек сау болып, жақсы жұмыс
істейді. Әрі осындай сау жүректен бүкіл дене мүшелері-
мізге айдалатын қан арқылы ағзамыздың да аман-сау
болуын қамтамасыз етеміз. Керісінше, жүректен дене
мүшелерімізге нәжіс қан айдалатын болса, жүректің
қызметі бұзылып, сырқаттанады. Жүрек сырқат болса,
одан тұла бойымызға айдалатын қан арқылы басқа да
ағзаларымыз сырқаттанады. Бұл мәселенің бір қыры.
Енді екінші қырына тоқталсақ, осыған қатысты Хақ дос-
тарының бірі: «Кей жағдайларда харам астан жүрек-
тің бұзылып, бүлінетіні сондай, қайта бұрынғы қалпына
келе алмайды. Күнә атаулы жүректі қарайтып, қатайта-
ды. Әсіресе, түнгі ғибадатқа селкеу түсіреді. Түн қараң-
ғылығының түндігін түріп ашып, қара түнді жарыққа,
шуаққа бөлейтін тәһәжжүд намазынан адамды суыта-
тын ең үлкен кедергі – харам ас. Жүректі нұрландыруда,
Үкілі үміт 19

шырайын келтіруде ешбір нәрсе адал ас секілді әсерлі,


ықпалды бола алмайды. Адал ас жүректе ізгіліктің жа-
лынын жағып, адамды ғибадатқа жігерлендіреді. Жүрек-
терінде «мурақаба» орнатқандар, яғни, Алланың бақы-
лауында екенін әрдайым қаперінде ұстап, нәпсісін әр-
қашан бақылауда ұстайтындар харам яки адал астың
рухани кемелдік тұрғысынан қаншалықты маңызды (Ис-
ламдағы шейіттік мәртебесінен кейін) екенін өз тәжіри-
белерінен жақсы біледі» деген екен.
Ғалымдар харам аспен қоса, бірқатар харам нәрсе-
лердің рухани өмірге төндіретін қауіп-қатеріне қатыс-
ты: «Алла адам болмысында қаншама рухани қабілет-
тер мен латифаларды11 орнатқан. Бұлардың кейбірі күллі
дүниені жұтса да тоймайды. Ал енді біреуі бір түйір то-
заңның өзін бойына сыйдыра алмайтындай нәзік келеді.
Адамның басы едәуір салмақты көтере алғанымен,
оның көзі бір тал қылға да нәзік келеді. Дәл осы секілді
адамдағы кейбір латифалар болмашы бір ауыртпалық-
қа төтеп бере алмайды. Ғапылдық пен адасушылықтан
туындаған бір сәттік босаңдықтың өзіне шыдас бере
алмай, өшеді немесе өледі. Ендеше, өте сақ бол! Әрбір
қадамыңды абайлап бас! Бір жапырақ астың, бір жұтым
судың, бір сәттік назардың, бір ауыз сөздің, бір мезеттік
халдің кесірінен құрдымға кетпе! Күллі дүниені бағынды-
рар латифаларыңды осылардың кесірінен өлтірме!» деп
ескерту жасаған екен.
11
Адам бойында миллиондаған жасуша болатындығы секілді оның
рухани болмысында да миллиондаған рухани жасуша болады.
«Латифа» термині бұл жерде рухани жасуша мағынасында
қолданылған. (Ауд.)
20 Таңдамалы-4

Харам нәрселердің адамды талай игіліктен мақұрым


қалдыратынына қатысты ардақты Пайғамбарымыз
(с.а.с.) айтқан бір ғайып хабарының тағылымдық мәні өте

үлкен. Баршаға мәлім, қажылыққа барғандар «Ләббәйк


Аллаһумма Ләббәйк» сөздерімен сай-саланы жаңғыр-
тып жатады. Бұл қажылықта ихрамда болған кезде ай-
тылатын мүминдердің қасиетті сөзі. Бұл сөздер жалпы
алғанда: «Әміріңе құлдық, уа, Раббым! Әміріңе құлдық
ұрып, құзырыңа келдік, уа, Раббым! Уа, серігі, ұқсасы
жоқ Раббымыз! Саған ғана мадақ айтып, Сені ұлықтай-
мыз. Құлшылық Саған ғана жасалады. Күллі жаратылыс-
тың Иесі Өзіңсің! Сен жалғызсың, теңдессізсің, ұқсасың
жоқ. Әміріңе құлдық, уа, Раббым» дегенге саяды. Қажы-
лықтағы адамдардың ағынан ақтарылып, шынайы жү-
рекпен айтатын осынау қасиетті сөздері сай-саланы те-
бірентіп, толқытатыны шындық. Рахман әрі Рахим Алла
тағала Өзінің қасиетті мекеніне қонақ болған шынайы
құлдарын ұлы Құдіретіне лайықты түрде разылық таны-
тып, иләһи сый-сияпаттармен қарсы алады. Қажылар-
дың арасында үстіне харам ақшамен киім киген, бойын-
да харам астың қалдығы бар адам да «Ләббәйк Алла-
һумма Ләббәйк» деп дауыстайды. Хадисте хараммен қо-
ректеніп, тұла бойын харам жайлаған осындай адамға
«Лә ләббәйкә уә лә сағдайк» деп жауап берілетіні айты-
лады. Бұл сөздің мағынасы «Ләббәйк дегенің де, сағдайк
дегенің де өзіңмен кетсін, қош келмедің, құзырымызға
игілікпен келмедің» дегенге саяды.
Иә, мүмин киімінің жіптерінің де харам немесе күдік-
ті заттардан болмауына өте мұқият болуы қажет. Білмей
істегендерінің кесірінен әрқашан Хақ тағалаға сиынға-
ны жөн. Харамға бойлаудан қатты қорқып, етек-жеңін
Үкілі үміт 21

жиып жүруі тиіс. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Харамнан сақ-


таныңдар. Асқазанына харам ас түскен адамның дұғасы
қырық күнге дейін қабыл болмайды» деген еді. Басқа бір
хадисінде: «Алла тағала асқан пәк, Ол халал, таза бол-
ғандардан басқа ешбірін қабыл етпейді» деп, бұл мәсе-
леге ыждағатты болуды насихаттайды.
Бір күні Сағыд ибн Әбу Уаққас: «Уа, Расулалла! Менің
әрбір дұғамның қабыл болуы үшін маған дұға етіңіз» деп
өтінгенде, Адамзаттың асыл тәжі (с.а.с.): «Дұғаларыңның
қабыл болғанын қаласаңдар, адал аспен қоректеніңдер.
Кейбіреулер харам жейді, харам киеді. Сонан соң, көкке
қолын жайып дұға етеді. Мұндай кісінің дұғасы қалай
қабыл болсын?» деген екен. Тағы бірде Алла елшісі осы
сөзін: «Дұғаларың қабыл болсын десеңдер, халал әрі
таза аспен қоректеніңдер» деп қайталайды.
Сахабалардың харам-халал мәселесіндегі
мұқияттылығы
Адамзаттың шамшырағы Пайғамбарымыз (с.а.с.) ха-
раммен қоректенген адамның ағзасындағы харамның
тозақ отымен ғана тазаратынын айтып, үмбетіне ескер-
ту жасаған. Осы ескертуді қаперге алған сахабалар мен
кейінгі Алла достары харамның маңайына да жуымай,
асқан мұқияттылықпен ғұмыр кешкен.
Әзірет Әбу Бәкірдің (р.а.) басынан мынадай бір оқиға
өткен деседі. «Сыддық әкбәр» атанған, Пайғамбардың
айнымас адал досы әзірет Әбу Бәкір өзіне тамақ әкелген
қызметшісінен әрдайым асты қайдан, қалай тапқанын
сұрайтын көрінеді. Бірде әзірет Әбу Бәкір (р.а.) қызметші-
сі әкелген сүт пен етті әдеттегіше тексеріп жатпай бірден
ауыз салады. Шамасы қатты ашығып, тезірек ифтар жа-
сауға асықса керек. Алдындағы астың біразын жегеннен
22 Таңдамалы-4

кейін бірден іркіліп қалады. Күмәнді оймен қызметшісіне


қарап: «Бұл тамақ қайдан келді? Қандай ақшаға алдың?»
деп сұрайды. Қызметшісі әзірет Әбу Бәкірдің алдында
өзін құл немесе қызметші секілді емес, өте еркін ұстай-
тын. Әбу Бәкірдің күмәнді назарына еш тосылмас-тан:
«Жаһилия12 кезінде пал ашушы едім. Сәуегейлік айтып,
палшылықпен күнелтетінмін. Сол кездері пал ашып бер-
генім үшін бір кісі қарыз болып қалған-ды. Кеше қары-
зымды қайтарды. Тамақты сол ақшаға сатып алдым»
деп жауап береді. Мұны естіген әзірет Әбу Бәкірдің өңі
қуарып, боп-боз болып кетеді. Іле-шала саусағын тама-
ғына бойлатып, өзін зорлап тұрып, ішіп-жегенінің барлы-
ғын ақтарып тастайды. Сөйтіп, ауыр өкінішпен: «Раббым,
қаныма сіңіп кеткендерінің кесірін тигізе көрме!» деп
тәубе еткен деседі.
Әзірет Әбу Бәкірдің өзін мұншама қинағанына таңыр-
қаған әлгі қызметші «Уа, Алланың пайғам-барының хали-
фасы! Өзіңді неге мұнша қинайсың? Бұлай әбігерге түсу-
дің қажеті қанша?» деп сұрағанда Әбу Бәкір (р.а.): «Алла
елшісінен өз құлағыммен естігенмін. Ол (с.а.с.) ағзасына бір
түйір харам ас кеткен адамның тек жаһаннаммен ғана
тазаратынын айтқан» деп жауап береді.
Иә, халал-харам мәселесіне мұншама ыждағат-тылық
таныту сахабалардан бастап барша мұсылман игі-жақ-
сыларының өмірлік ұстанымы болғаны шындық. Әзірет
Омар да бірде байқамай зекет ретінде берілген мемле-
кет қазынасындағы түйенің сүтінен ішіп қояды. Осыны
білуі мұң екен, дереу саусағын тамағына сұғып жіберіп,
өзін қинап тұрып ішкен сүтін қайта құсқан. Олардың бұл
12
Ислам діні келгенге дейінгі арабтардың қараңғылық, надандық
дәуірінің атауы
Үкілі үміт 23

әрекеттерінен харам астың қанға араласып, ағзаға сіңіп


кетпеуіне үлкен мән бергенін байқаймыз.
Арлы ұрпақ өсіргің келсе, жеген асың адал
болсын
Ибраһим Әдһам: «Кісі ішіп-жеміне мұқияттылық та-
нытқанда ғана рухани кемелдікке қадам баспақ» деп,
білместікпен харам ішіп-жеуден уайым жеп, қорқады
екен.
Мәулана Руми: «Ілім де, хикмет те, Құдайға деген ға-
шықтық та, шынайы мейірімділік те ішіп-жемнің адал бо-
луына байланысты. Асқазанға түскен бір түйір ас бойда
қызғаныш пен арамзалықты оятса, надандық пен ғапыл-
дыққа берілуге сеп болса, онда мұндай ас – харам. Бидай
егіп, соңында арпа жиды дегенді естідің бе?» деген екен.
Осылайша, Мәулана ізгі адам болудың және ізгі ұрпақ
өсірудің халал аспен тығыз байланысты екенін меңзей-
ді. Арлы ұрпақтың өсіп-жетілуіне халал астың әсері тура-
сында тағы бір ғұлама: «Бүгінде мағрифат13 иесі немесе
ақиқатқа көкірек көзі ашылған жандардың көп шық-
пауының себебі – рухани тазалық пен тереңдіктің жоқ-
тығынан. Рухани кемелдік ең бірінші ішіп-жемнің адал-
дығы арқылы шыңдала түседі. Ішіп-жемге харам аралас-
қан сайын, көкіректе мағрифат пен ақиқат шырағы сөне
бастайды» деген екен.
Аят-хадистерге және мұсылманның игі жақсылары-
ның насихаттары мен ескертулеріне құлақ түрсек, жүрек
тазалығына қол жеткізу үшін міндетті түрде харамнан
бойды аулақ салып, халал нәрселерді қанағат тұтқан
13
«Мағрифат» – Аллаға деген таным, ілім. Алланы ішкі рухани
танымы арқылы білу, сезіну дегенге саяды (Ауд.)
24 Таңдамалы-4

жөн. Келер ұрпақтың ары таза, рухани дүниесі бай


болсын десек, бала-шағамызды, отбасымызды халал,
таза аспен қамтамасыз етуіміз қажет. Күдіксіз біз еккен
әрбір тұқым я заққум14 болып, өзгелерге залал береді
немесе тамыры тереңге бойлап, бұтақтары көкке шан-
шылған, көлеңкесі, жапырағы, бұтақтары, жемісі – бәрі-
бәрі адамзат игілігіне жарайтын мәуелі ағашқа айнала-
ды. Харам жолмен табыс табу – жаһаннам заққумын ғана
өсірмек. Ішіп-жемі харам болған балалар бір күн болма-
са бір күні міндетті түрде я әке-шешесіне немесе қоға-
мына қан құстырады. Ішкеніміз харам, жегеніміз харам,
кигеніміз харам болып, өміріміз харамның ми батпағын-
да қорлықпен өтсе, рухани өміріміз де құлдырап, қожы-
рай түседі. Мұнымен қоймай, балаларымызды да ізгілік-
тен мақұрым қалдырамыз. Уақыттың, заманның өзгеруі
сылтау бола алмайды. Айналамыз түгел харамға белше-
ден батып, дүниенің соңын қуалап кетсе де, біз харамға
жоламауға тиістіміз. Әсіресе, бағып-қағып отырған бала-
шағамыз бен шаңырағымызды харамнан аулақ ұстауы-
мыз қажет.
Дәрігерлер жүкті әйелдерге «Диазем» сынды ты-
ныштандыратын дәрілердің өзін беруге болмайтынын
айтады. Өйткені мұндай дәрілер жатырдағы эмбрион-
ның қалыптасуына кері әсерін тигізіп, бірқатар ағзалар-
ды зақымдайтынын алға тартады. Бұл дәрі жүктіліктің
түрлі кезеңіндегі әрбір балаға бірдей кері әсер етпеуі
мүмкін. Алайда жүзден бір ықтимал болса да ананың дә-
рігер кеңесіне құлақ асып, сақтық танытқаны абзал. Әсі-
ресе, босанардан бірнеше ай бұрын мұндай дәрілерден
бойды аулақ ұстағаны жөн. Енді осы мәселенің келесі бір
14
«Заққум» – жаһаннамда өсетін ағаштың атауы
Үкілі үміт 25

қырына келсек, Абдулқадир Гейлани, Имам Шазили, Шах


Нақшыбәнди және Имам Ғаззали сынды алып ғұлама-
лар өздерінің тасаууыф іліміндегі тәжірибелеріне сүйене
отырып, харам астың адамдарға орасан зиян тигізеті-
нін ескерткен. Мысалы: Құдай сақтап, жаратқан мейірі-
мімен қақпаса, харам ішіп-жеген әке-шешеден дүниеге
келген баланың да рухани жұтаңдыққа бой алдыраты-
нын айтқан. Аталмыш ғұламалар харам астың салдары-
нан харамзадалар (харамнан етек-жеңін жимайтын сал-
ғырт жандар) қалыптасатынын алға тартқан.
Имам Ғаззали харам ішіп-жеген әйелдің сүтін емген
баланың да болашақта лас нәрселерге, жире-нішті іс-
терге бейім келетінін алға тартады. Сол үшін баланы
харам асқа қол сұқпайтын тақуа әйелдің емізуі қажетті-
гін айтады. Өйткені харам ішіп-жеп, осыдан ұйып шыққан
сүттің берекесі болмайды деп есептейді. Мұндай ана ба-
ласын емізгенде сүт арқылы баланың табиғатына ха-
рамға деген бейімділік дариды екен. Өз ойын қорыта
келе, «Баланың қасиетсіздігі – харам астың кесірінен»
деп түйіндейді. Тақуа кісілердің бірі: «Ақымақ әрі ғапыл-
дыққа берілген әйелдің сүті де зиянды болады. Ғапыл-
дықпен емізген болсаң, дереу құстыр» деп, бұл мәселеде
өте мұқияттылық танытудың маңыздылығын көрсетеді.
Баланың дені сау, он екі мүшесі түгел туылуы үшін қо-
лынан келгеннің барлығын істеп, жүзден бір ықтимал-
ды қауіп-қатердің өзінен аулақ болуға тырысқан әке-ше-
ше неліктен баласының рухани саулығына дәл осылай
ыждағаттылық танытпасқа? Мәселенің осы қырын да
ескеру қажет.
«Мүбәрак» атты күйеу бала
26 Таңдамалы-4

Мұсылман ғұламалары халал-харам мәселесінде


асқан ыждағаттылық танытқаны сонша, отбасыларын
адал кәсібімен асырап, балаларының рухани тазалы-
ғына жағдай жасап, дені сау, рухын биік етіп өсіру үшін
қолдарынан келгенін аямаған. Жалпы ұлы кісілердің өмі-
ріне қатысты ғибратты оқиғаларды айтқанда, астарына
үңілу керектігін ұдайы қайталап отырамын. Осы ойымды
тағы бір қайталап, ел аузында жиі айтылатын бір хикая-
ны тілге тиек етуді жөн көрдім.
Ертеде Мәрв қаласының қазысының жалғыз қызы
болған деседі. Қызы балиғат жасына жеткесін, қазы
қызына лайықты күйеу жігіт іздестіре бастайды. Қазы-
мен құда болғысы келетіндердің қатары күн сайын көбе-
йіп, көптеген адам құда түсіп келе бастайды. Алайда қазы
қызын ұзатуға асықпайды. Келген кісілерді әбден барлап,
бақылап, жалғыз қызына лайықты күйеуді ұзақ іздей-
ді. Бір күні қазы түс көреді. Түсінде біреу қызын «Мүбә-
рак» деп аталатын құлына ұзатуын бұйырады. Осы түсті
бірнеше рет қайталап көргеннен кейін қазы құлын түрлі
жағдайларда сынап, байқап көреді. Сөйтіп, құлының қа-
йырымды, ізгі адам екеніне көз жеткізеді. Қызын құлына
ұзатпақ болған ойын бірқатар достарына да айтып көреді.
Достары қазының бұл ойынан біраз іркіліп, қызын текті
біреуге ұзатқаны жөн болатынын айтып көндірмек бол-
ғанымен қазы алған бетінен қайтпайды. Ол өз ниетін
қызына айтып, ризашылығын алғаннан кейін құлы мен
қызының некесін қиып, үйлендіреді.
Неке қиылғалы арада бір айдай уақыт өтеді. Бір күні
қазы күйеу баласының үйіне жағдай сұрай барады.
Әкесін көріп арқа-жарқа болып қалған қызының көке-
йінде бір уайымы барын байқап қалған қазы қызынан
Үкілі үміт 27

мұның себебін сұрайды. Қыз әкесіне: «Әкетай, күйеу


балаң өте жақсы адам. Бірақ бүгінге дейін орамалымды
ашқан жоқ. Үйленгелі маған жақындаған емес. Ішіп-же-
мімді түгел қамтамасыз етуде. Бірақ осы уақытқа дейін
қолымнан да ұстап көрген емес» дейді. Қазы бұл жағ-
дайға таң қалады. Дереу күйеу баласын оңаша шақырып
алып, мұның мәнісін сұрайды. Күйеу баласынан алған
жауабы қазының көңілінен шыққаны сонша, қызын ең
лайықты адамға ұзатқанына көзі жетіп, шүкіршіліктен
жанарынан жас моншақтап қоя береді. Сондағы күйеу
баласының айтқаны: «Ата, сізден өтінемін, маған ренжи
көрмеңіз. Сіз туралы жаман ойда екен деп ойлап қал-
маңыз. Айтпағым, сіз қаланың қазысысыз. Сізге келіп-
кететіндер де аз емес. Үйіңізге сыйлықтар да жіберіп
жатады. Сіздің қызыңызды Хақ тағаланың маған нәсіп
еткені үлкен нығмет деп білемін. Үйіңізге келетін күдікті
ас-ауқаттан қызыңыздың жеп қоюы мүмкін екенін ойлап,
секем алдым. Алла елшісінің адам бойындағы бір түйір
харам астың әсері оның бойынан қырық күннен кейін
барып қана жоғалатынын айтқан хадисін естіген едім.
Сүйікті жарымды тым болмаса қырық күн бойы өзімнің
ақ адал маңдай теріммен тапқан адал аспен асырағым
келді. Сөйтіп, Алла бізге ізгі ұрпақ нәсіп етсін деген ниет-
пен қызыңызға әлі жақындамадым» деген екен.
Иә, бұл ғибратты әңгіме. Үйленген әрбір жұптың дәл
осылай 40 күндік «арбағин»15 жасауы шарт емес. Мүбә-
рак атты жігіттің қырық күн жарына жақын-дамауы оның
өзіне ғана қатысты жағдай. Дегенмен руханият әлемінің
15
«Арбағин» – тасаууыф ілімінде кісінің 40 күн бойы аз ішіп-жеп,
аз ұйықтап белгілі бір діни, рухани тәжірибені бастан өткеруіне
айтылатын сөз (Ауд.)
28 Таңдамалы-4

заңғар тұлғаларының бірі, үлкен әулие Абдулла ибн Мү-


бәрәк дәл осы бұлақтай мөлдір, пәк некеден туғанын да
ұмытпаған жөн.
Имам Ағзамның әкесі Сәбиттің басынан
өткен жағдай
Имам Ағзам Әбу Ханифаның құрметті әкесі Сәбит
туралы да ел аузында жиі айтылатын бір аңыз бар.
Сәбит бір күні өзеннің жағалауында дәрет алып отырып
суда ағып бара жатқан бір алманы көреді. Әлгі алмаға
қарап тұрып: «бәрібір шіріп кетеді ғой, зая кетпесін»
деген ниетпен алып жейді. Артынша бір бұрышқа барып
түкіргенде түкірігінен қан көреді. Осы уақытқа дейін қан
түкіріп көрмеген Сәбит мұның жаңа ғана жеген алманың
кесірінен болғанын ойлап, өкіне бастайды. Сөйтіп, алма-
ның иесінен ақысын кешуін өтіну үшін өзенді жағалап
жүре береді. Сұрастыра-сұрастыра ақыр соңында алма-
ның иесін табады. Басынан өткен оқиғаны түгел баяндап,
алманың иесінен ақысын кешуін өтінеді. Әлгі кісі бұған
бірден келісе салмай, ақысын кешу үшін Сәбитті өзінің
қолында ұзақ уақыт бойы жұмыс істеткізеді. Оны түрлі
жағдайларда сынап көреді. Құдай деген ізгі жан екені-
не көзі жеткесін: «Менің соқыр, саңырау, мылқау және
мүгедек бір қызым бар. Сол қызыма үйленсең, алма-
ның ақысын кешемін» деп соңғы шартын айтады. Сәбит
ақыретке кісі ақысын арқалап кетуден қорыққандықтан,
бұған да келісіп, әлгі кісінің ұсынысын қабыл алады.
Некелері қиылғаннан кейін Сәбит келіншегі отырған
бөлмеге кіреді. Ол некелі жарының жүзін көрмеген бола-
тын. Бөлмеге кіргені мұң екен аңтарылып тұрып қалады
да, дереу бөлмеден қайта шығады. Қайын атасын тауып
алып: «Бір қателік болған секілді. Менің бөлмемде сіздің
Үкілі үміт 29

қызыңыз емес, басқа бір қыз отыр» дейді. Сәбиттің шына-


йылығына көңілі толған қайын атасы күлімсіреп: «Балам,
бөлмеңде отырған – саған некелеген қызым. Сол сенің
жарың» дейді. Артынан мәселенің мән-жайын жеке-жеке
түсіндіріп: «Қызымды соқыр деген себебім, ол ешқашан
харам көрген емес. Саңырау деген себебім, ол ешуақыт-
та харамға құлақ түрген емес. Мылқау дегенім, ол ешқа-
шан өсек айтқан емес. Мүгедек деген себебім, ол ешуа-
қытта харамға беттеген емес. Енді құдай қосқан қоса-
ғыңның жанына бар. Құрған отауларың құтты болсын!»
деп түсіндірген екен.
Міне, осындай әке-шешеден Имам Ағзам Әбу Ханифа
дүниеге келеді. Әрине, бұл да ел аузындағы әңгіме.
Алайда ең маңыздысы, Имам Ағзам сынды алып ғұлама-
ның қандай отбасында, қандай тәрбиемен өсіп-жетілге-
нін парықтап, осыдан ғибрат алып, ой түю болса керек.
Анасының инесі, ұлының бізі...
Жатырда жатқан кезінен бастап, сәбидің адал астан
нәр алуы өте маңызды. Баланың іште қалыптасу, даму
сатыларында ананың діни, рухани тұрғыдан салғырт-
тыққа салынған кез келген жағдайы өткінші болса да
сәбиге кері әсер етіп, кесірін тигізеді. Әке-шешенің қа-
нындағы бір түйір харам нәрсе баланың өмірде адасу-
шылыққа ұрынуына сеп болуы әбден мүмкін.
Әзірет Әбу Уәфә осыған қатысты өз басынан өткен
бір оқиғаны былай жеткізеді. Әзіреттің баласы өсе келе
қолына біз ұстап жүретін әдет шығарады. Сөйтіп, құдық-
тан су таситын адамдардың торсықтарын тесіп, жұрт-
тың мазасын алып, әбігерге салатын қылық шығара-
ды. Әзірет Әбу Уәфәның көңіліне қаяу салмау үшін жұрт
бастапқыда тіс жарып ештеме айтпайды. Алайда уақыт
30 Таңдамалы-4

өткен сайын мәселе ушыға түседі. Ақыр аяғында жұрт


баласының істеп жүрген қылығын айтып, ғұламаның
өзіне шағымданады. Баласының жаман әдетін естіген-
де,әзіреттің көңілі қатты құлазиды. Бір жағынан аң-таң
болып, таңырқайды. Жұрт кеткесін жағдайды әйеліне
айтып түсіндіреді. Сөйтіп, баланың мұндай басбұзар-
лыққа баруына екеуінің бірі себепкер болуы мүмкін еке-
ніне тоқталады. Артынан әйелінен жүкті кезінде бір ық-
тимал қателік кетпегендігін сұрап көреді.
Әйелі ойланып-толғанып отырғанда бір жайт есіне
сап етіп түсе кетеді. Сонысын хазіретке айтып: «Бала
туылмастан бірнеше ай бұрын көршінің үйіне барған
едім. Көршінің бақшасында өсіп тұрған апельсин мен
анарды көріп, соны жегім келіп, қатты аңсарым ауды.
Бірақ сұрауға ұялдым. Көршіме айтпай қолымдағы тебен
инемен жемістердің қабығын тесіп, дәмін татып, шыры-
нын сорған едім» дейді. Осыны естуі мұң екен Әбу Уәфә:
Елдің торсығын бізбен тесетін жаман әдет баламыз-
ға содан жұққан екен» деп мұңаяды. Артынан әйеліне:
«Енді істеген қателігің үшін Алладан кешірім тіле» дейді.
Әйелі істеген қателігінің баласында қалай көрініс тап-
қанын көріп, қатты өкінеді. Көршісінен барып кешірім
сұрап, жылап-еңіреп Алладан кешірім тілеп, тәуба етеді.
Анасын көріп баласы да өзінің істеп жүрген ісіне өкіне
бастайды. Тіпті көп өтпей қолындағы бізін де лақтырып
тастайды.
Шын мәнінде саналы адам үшін қатты алаңдап, қауіп-
тенетін мәселелердің бірі «бала-шағама харам жегізіп
қоямын ба?» деген қорқыныш сезімі болуы қажет. Өйтке-
ні Пайғамбарымыз (с.а.с.) «Харам асты талғажау етіп өскен
адам отқа (түсуге) лайықты» деген еді. Әрбір харам оны
Үкілі үміт 31

ішіп-жеген адамнан немесе оның бала-шағасының ал-


дынан осы дүниеде болмаса да, арғы дүниеде міндетті
түрде шығады. Халал – жүректі нұрландырып, жарқы-
ратса, харам – оны қатайтып, қарайтады. Ғибадаты кем-
шіліксіз, дұғасы қабыл болғанын, ұл-қызының ізгілерден
болуын қалайтын кісі халалдың аясынан шықпауға аса
мұқият болуы қажет.
ҰМЫТШАҚТЫҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАУАСЫ

Сұрақ: Не себепті адамда есте сақтау қабілеті


нашарлайды? Ұмытшақтықты жеңіп, есте
сақтау қабілетін күшейту үшін не істеу қажет?
Жауап: Есте сақтау қабілеті деп – адамдағы жаттау,
білгенін көкейге түю және есінде ұстау қабілеті айтыла-
ды. Сонымен қатар, кісінің түйсінген, ұғынған және үй-
ренген нәрселерін жадында сақтап, реті келгенде еске
түсіруін де есте сақтау қабілетіне жатқызуға болады. Ме-
дициналық зерттеулер бойынша, адамның миында мил-
лиондаған нейрон (жүйке жасушалары) орналасқан. Хақ
тағала кітапхана сөрелеріндегі том-том кітаптардағы мә-
ліметті жадында сақтап, ретімен қолдану үшін миға ней-
рондарды орнатқан. Түптеп келгенде, есте сақтау қабі-
леті дегеніміз – нейрондарда сақтаулы тұратын мәлімет-
терді қажетті жағдайда қолдану үдерісі болып табылады.
Зейінділер мен ұмытшақтар
Шексіз Құдірет иесі Ұлы Жаратушы миға үйрену және
есте сақтау функциясын орнатып, айрықша қабілет-
ті берген. Алайда Хақ тағала Өзінің мінсіз жарату құді-
ретіне бірқатар материялық себептерді перде етіп, бүр-
кемелеген. Мәселен, мидың таңғажайып құрылымы,
жүйке талшықтары және сан миллиондаған жасушалар-
дың атомдары аса ауқымды мәліметті сақтау қабілеті-
не ие. Зейіннің мүмкіндігін ұтымды қолдана білетіндер
көргенін, естігенін, оқығанын мұқият жадында сақтап,
Үкілі үміт 33

тез үйреніп алуы Хақ тағаланың құдіретін бүркемелеген


перде іспетті.
Расында да адамгершілік қасиеттер қастерленіп, сана-
сезім уланбаған дәуірлерде ел арасынан зейінімен дүйім
елдің таңдайын қақтырған дана тұлғалар шықты. Мә-
селен, әзірет Әбу Һурайра (р.а.) бір естігенін екінші рет
қайталаттырмай бірден жаттап алатын. Зәйд ибн Сәбит
Алла елшісінің (с.а.с.) әмірімен он бес – жиырма күн ішінде
хаттарды аудара алатындай және жауап жаза алатын-
дай деңгейде ибрани тілін үйренген. Осы сынды бір есті-
генін дереу жадында сақтап, ешқашан ұмытпайтын жүз-
деген сахаба бар еді. Әсіресе, табиғиндар16 мен тәбәи-
табиғиндар17 өмір сүрген дәуірде зейіні зерделі, орасан
күшті есте сақтау қабілетіне ие адамдар өте көп болды.
Ахмед ибн Ханбәл түрлі рауилардан жеткен мағына-
сы бір, рауиы әртүрлі сахихы, хасаны, әлсізі бар жалпы
саны бір миллион хадис мәтінін жатқа білген. Ол қырық
мың хадистен тұратын әйгілі «Мүснәд» атты кітабын үш
жүз мың хадис арасынан іріктеп, құрастырған.
Өкінішке орай, замана керуені алға ілгерілеген сайын
адамдардың зейіні мен есте сақтау қабілеті де нашар-
лай түсті. Кісі қысқа ғана мәтінді жиырма рет қайталап
оқыса да, есіне сақтай алмайтын мүшкіл жағдайға жетті.
Қарапайым ғана мәліметті жаттап, үйрену қиынға ай-
налды. Сананың ластануынан, ой-пікірдің құнарсызда-
нуынан, жүректің кірленуінен есте сақтау қиындап қана
қоймай, білген нәрсенің өзін тез арада ұмытып қалатын
сумилық пайда болды. Адам баласы бүгін үйренгенін ер-
теңіне ұмытып қалатын жағдайға ұшырады. Бүгінгі таңда
16
Сахабалардың көзін көрген ұрпақ
17
Табиғиндардың көзін көрген ұрпақ
34 Таңдамалы-4

зейінінде мін жоқ, ұмытшақтық дертіне шалдықпаған


адам табу қиынның қиыны. Өз зейініне көңілі толмаушы-
лық барлық дәуір адамының басынан өткен. Дегенмен
бүгінгі жағдайдың жөні бөлек. Мәселен, табиғиндардан
бір кісі бір парақты бір рет оқығанда жадына жаттап ала
алмағаны үшін уайым жегені мәлім. Ал бүгінгінің адам-
дары бір мәтінді отыз рет оқыса да, есіне сақтай алмай-
тынын және білген мәліметтерінің өзін тез ұмытып қала-
тынын айтып зар илеуде.
Сананың ластануы
Зейінді сансыратып, ұмытшақтыққа жол ашатын көп-
теген факторлар бар. Мамандар мұндай факторлар ре-
тінде миға қажетті оттегі, глюкоза және басқа да қоректік
заттардың жетіспеуінен туындайтын стресс пен депрес-
сия, ағзадағы қуат көзінің сарқылуы салдарынан мидың
функциясының бұзылуы, мидың мүмкіндігін толық қол-
данбау, кейбір жайларға әсіре бас қатырып, осының сал-
дарынан мидың кейбір бөліктерінің қолданылмай сал
боп қалуы, жүйесіз ойлану сынды жайларды атайды. Со-
нымен қатар, адам физиологиясы мен денсаулығында-
ғы түрлі дерттер де зейіннің нашарлауына себеп болады.
Әсіресе, егде тартқан кісілердің өзге ағза мүшелерінің
нашарлап, әлсірейтіні сынды жас ұлғайған сайын мидың
да бірқатар функциялары нашарлай бастайды.
Осы жерде айта кететін тағы бір жайт, Ислам ғұлама-
лары көп ұйықтау салдарынан мидың қалыпты қызметі
бұзылатынын алға тартады. Әсіресе, қомағайлықпен көп
тамақ жеудің зейінге кері әсер ететініне, таң атқаннан
кейінгі «кәрахат» уақытында ұйықтау мен «харамға қа-
раудың» ұмытшақтыққа сеп болатынына айрықша назар
аударады. Олар ақыл-ой мен сана-сезімнің тұнығын
Үкілі үміт 35

лайлайтындықтан, пайдасыз істерден, қажетсіз мәлі-


меттерден, бос сөз, бөстекі әңгімелерден, қай-қайдағы
қиялдардан бойды аулақ салу қажет деп есептеген. Тіпті
ғалымдар ойды он саққа ұрындырып, зейінді пайдасыз
мәліметтерге толтырудан сақтану үшін, мазарлардағы
жазуды да оқымауға кеңес берген. Бүгінгі жарнама биль-
бордтары, автокөлік номерлері, теледидардағы түрлі
бағдарламалар, газет-журналдардағы түрлі хабарлар
зейін үшін мазардағы жазулардан әлдеқайда қауіпті. Са-
на-сезімнің тұнығын лайлап, жүректі жаралайтын, ақыл-
-есті мешеу ететін толып жатқан қоғамдық індеттермен
біте қайнасып өмір сүріп жатқан бүгінгі адамдар зейінін
кірлетпес үшін мазарлардағы жазулардың өзіне назар
аудармауға тырысқан ата-бабаларымыздың ыждағат-
тылығын байыбына барып түсінуі қиын. Сондықтан ата-
бабаларымыз бұл мәселеге өздерінің парасат биігінен
назар аударып, соған сай өз-өздеріне сын көзбен қара-
ғанын ұмытпауымыз қажет.
Менің ойымша, адамның зейінін нашарлататын ең
қауіпті індет – нәпсіқұмарлықты қоздыратын фактор-
лар. Бүгінгі таңда отбасы мен қоғамдық орта жастардың
жақсы тәлім-тәрбие алуына тиісті жағдай жасай алмай
отырғаны жасырын емес. Қоғамдық өмірді жайлаған
түрлі теріс пікірлер адам санасын кірлетіп, рухын жасы-
туда. Бүгінгі адамдардың зейін-зердесін теледидар бағ-
дарламалары, интернет, компьютерлік ойындар, шым-
шытырық хабарлар, саяси айтыс-тартыстар, спортшы-
лар мен өнер адамдарының тұрмыстық өмірінің бүге-
шігесі, сенсация тудыру үшін ойдан шығарылған түрлі
қауесеттер, өтірікті шындай қылып көрсететін көзбояу-
шылық пен қынжыларлық қылықтар жайлаған. Онсыз
36 Таңдамалы-4

да әбден тоқыраған зейін-зердені, ақыл-ойды осы атал-


ған факторлар шырмауықтай шырмап тастаған. Адам
бойындағы нәпсіқұмарлық сезімдер қозып, бойындағы
ізгі қасиеттер өшуде. Осының салдарынан бүгінгі адам-
дардың оқып-тоқуы, үйренуі, тереңнен толғап ойлануы
қиындап, зейін-зердесі құлазыған қу тақырға айналып
барады. Өкінішке орай, бүгінгі адамдар харам нәрсені
тыңдау, сөйлеу, қарау сынды күнәлардың шеңгелді қыс-
пағында рухани тұрғыдан әлсіреп бара жатқаны ащы
шындық.
Харам және ұмытшақтық
Тақуа кісілер харамға қараудың ұмытшақтыққа жол
ашатынына үлкен мән берген. Олар жыныстық сезім-
дерді қоздыратын түрлі көріністерге қараудан адамның
есте сақтау қабілеті әлсіреп, құлдырайтынын алға тарт-
қан. Бірде имам Шафиғи ұстазы Уақи ибн Жәррәһқа есте
сақтау қабілетінің нашар екенін айтып мұң шағады. Шоқ-
тығы биік алып ғұлама Уақи ибн Жәррәһ имам Шафиғи-
ға кішігірім күнәлардың өзінен бойды аулақ ұстауға кеңес
беріп: «Ілім – иләһи нұр. Хақ тағала күнәһар пендесін ілім
нұрына бөлемейді» деген екен. Имам Шафиғи мәтінді
алғашқы ретте емес, екінші немесе үшінші рет оқыған-
да ғана жаттайтынына, есте сақтау қабілетінің нашарлап
бара жатқанына уайым жеген еді. Осыған қарап, имам
Шафиғи сынды алып ғұламаны күнәһар адам ретінде па-
йымдау үлкен қателік боларын ескерте кеткен жөн.
Үлкен ғұламалар да осы ғасырда адамдардың ашық-
шашық жүруді әдетке айналдыруы салдарынан, ұмыт-
шақтық індеті асқына түскенін тілге тиек еткен. Тартын-
бай, қымсынбай харамға қарай беретін адамдардың Құ-
раннан көкейге түйгендерін ұмыта бастайтынын айтқан.
Үкілі үміт 37

Сонымен қатар, «Ақыр заманда хафыздардың көкірегі-


нен Құран сөгіліп алынады» деген хадистің астарлы ма-
ғынасын да осы бір індетпен байланыстыра қарастыру-
дың қажет екенін білдірген.
Адамзаттың шамшырағы Алла елшісі (с.а.с.) үмбетінің
харамға қарамауы үшін көптеген ескертулер жасаған.
Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.с.) Ислам үстемдік құрып,
әйел мен еркек арын кіршіксіз пәк ұстайтын алтын дәуір-
де қажылық уақфасын жасап Арафаттан қайтып келе
жатып, атының артына мінгестіріп алған әзірет Аббас-
тың ұлы Фазылды айналасындағы әйелдерге көзі түс-
пеуі үшін, басын оңға бір, солға бір бұрып отырған еді.
Иә, бұл нағыз ізгілік дәуірінің үстемдік құрған шағы бола-
тын. Қала берді қажылық кезі екенін де қаперден шығар-
мау қажет. Алла елшісінің (с.а.с.) атының артына мінгізіп,
басын бірде оңға, бірде солға бұрып отырған кісі – ар-
намысын асқақ ұстағаны баршаға мәлім әзірет Фазыл
сынды асқар таудай алып тұлға еді. Осындай қасиетті
айда, осыншалықты рухани ортада Алла елшісі әзірет
Фазылдың назарына көлденең бір көрініс пен қиял еніп,
жүрегіне шайтанның зәрлі оғы қадалмауы үшін, басын
бірде оңға, бірде солға бұрып отырғанында үлкен ғибрат
бар. Осыған қарап сүйікті Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бұл
мәселеде асқан мұқияттылығын сақтаған.
Шайтанның зәрлі оғы
Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Назар (харамға қарау)
шайтанның улы оқтарының бірі» деп, осынау рухани
апаттан сақтану қажет екенін білдірген. Әуелі әзірет
Алиге (р.а.), сосын күллі үмбетіне қарата: «Уа, Али, бірін-
ші рет көзің түсіп кетсе жауапты емессің, әдейілеп екінші
рет қарасаң сен үшін күнә жазылады» деген еді. Харамға
38 Таңдамалы-4

әдейілеп қарамағандықтан, алғашқы назарда кінә бол-


маса да, екінші рет қайталап назар салудың күнә ретін-
де жазылатынын ескерткен. Осылайша, харамға жете-
лейтін жолды әу бастан бекітіп, күнәнің жасалуына мүм-
кіндік бермеуге күш салған. Осыған қатысты ардақты
Пайғамбарымыз (с.а.с.) Алла тағаланың: «Кімде-кім Менен
қорыққанынан харамға қараудан бас тартса, жүрегін
иман шаттығы мен ләззатына молынан кенелтетінім
сонша, көңілінің терең түкпірлерінде оның рақатын се-
зінетін болады» деген сүйінші хабарын жеткізіп, мұсыл-
мандарды харамға қарамауға ынталандырады.
Харамға қарау ақыл-ойды сан-саққа ұрындыра-ты-
нын, есте сақтау қабілетін әлсірететінін білетін жан зәру
бір іс немесе имандылық жолында қандай да бір қызмет
атқару ниеті болмаса, селдей боп күнә аққан көше мен
көпшілік ортадан аулақ болғаны абзал. Көпшілік орын-
дарға барған күннің өзінде миналанған алқапта жүрген-
дей әрбір қадамын абайлап басып, шайтанның азғыруы-
на қарсы аса мұқият болуы керек. Мұның екі жолы бар:
біріншісі көшеге немесе көпшілік орындарға шықпай
тұрып, жүрекке азық болатын, көзге жас үйіретін, рухани
сезімдерімізге серпін беретін кітаптар оқу керек немесе
уағыз тыңдау қажет. Екіншісі, көпшілік орындарға
мүмкін болса жалғыз шықпай иманды, тақуа достарды
ерте жүрген дұрыс. Алайда адам мұншама қам жасап,
күнәдан сақтанса да, көшенің аты көше. Адамға ұрым-
тал тұстан соққы беріп, ойламаған жерден күнәға баты-
рып, жүрегінің тұнығын шайқауы әбден мүмкін. Мұндай-
да дереу сәждеге бас қойып, тәубе етіп, Хақ тағалаға бет
бұру қажет. Иншалла, намаз, ораза, садақа, дұға сынды
Үкілі үміт 39

ғибадаттар білместікпен, еріксіз жасаған күнәларымыз


үшін кәффәрат болады деген үміттеміз.
Негізінде, адамның харамға көз салу-салмауы өз ық-
тиярына байланысты. Кез келген кісі қаласа осы бір кү-
нәнің алдын алып, сақтана алады. Кішкене сабыр сақта-
са, күнә саналатын харам көріністерге көзін тарс жұмуы
аса қиындық тудырмаса керек. Назарымыз ауған жире-
нішті бір көріністі жадымыздан өшіру анау айтқандай
ауыр іс емес екені белгілі. Назар оғы алғаш қадалған
сәтте адам жүзін бұрып, екінші қайта қарамауына күші
жетеді. Харам көрініске көз жұму адамға уәжіп амал
жасағандай сауап боп жазылатынына үміт артып та кү-
нәдан іргені аулақ салуға болады. Алайда назарын сол
заматта басқа жаққа аудармай, харам көрініске қайта-
қайта назар салу кісіні күнәнің ұйығына қарай батыра
түседі. Ал енді көзбен көргендерін қиялымен қоздыра
түссе, буырқанған теңіз толқынының жағалаудан алыс-
татқанындай, тізгіннен еріксіз айрылары анық. Мұндай-
да жағалауға қарай қанша қарманғанмен, кері қайту өте
қиын. Бір ақын: «Бүлікшілдік дариясына желкен аштым,
жағалауға қайта шығуға дәрменім жоқ» деп налыған
екен. Иә, күнә дариясы жағалаудан ұзақтаған жанды ту-
лаған толқындары арасында тұншықтырып, қайта қай-
туына мүмкіндік бермейтінін әрқашан қаперде ұстаған
жөн.
Есте сақтау қабілетін күшейтетін факторлар
Есте сақтау қабілетін нашарлататын факторлармен
қоса, оны күшейтетін факторлар да баршылық. Мәсе-
лен, салауатты өмір салтын ұстану, жүйелі жұмыс істеу
дағдысы, жүйелі ойлану және миды дұрыс жұмыс іс-
теткізу сынды факторларды атауға болады. Кейбір
40 Таңдамалы-4

мамандардың «Ми көп жұмыс істегеннен шаршайды»


деген көзқарасы мүлдем қате. Ми көп жұмыс істегеннен
емес, дұрыс жұмыс істемегеннен немесе мүлде жұмыс
істемегеннен шаршайды. Керісінше, ми жұмыс істеген
сайын дамып, жетіле түседі. Күн өткен сайын толысып,
кемелденеді. Еңбек ету миды мешеу қылмайды, керісін-
ше ойсыздық, бейқамдық, ғапылдық, жұмыс істемеу –
миды сорлатпақ. Қолданылмаса кез келген нәрсенің то-
тығып, шіритіні сынды есте сақтау қабілеті де дұрыс қол-
данылмаса істен шығады.
Бір өкініштісі, күн санап қарыштап дамып жатқан
техника мен технология да адамның миы мен зейінін
мешеу қылуда. Бүгінгі мектеп оқушылары электронды
есеп құралдары мен компьютерлерге иек артып, қарапа-
йым есеп кестесінің өзін жаттай алмайтын күйге жетті.
Мұндай «дайын асқа тік қасық» деген түсінік мидың
түрлі бөлімдерінің белсенді қызмет атқаруына кедер-
гі келтіреді. Әрине, адам техника мен технологияның
мүмкіндіктерін мейлінше пайдаланғаны дұрыс. Деген-
мен белгілі бір тепе-теңдіктен айрылмау қажет. Мәселен,
қарапайым істерде компьютерге иек арту дұрыс емес.
Әйтпесе, есте сақтау қабілетіміз шыңдалып, шынықпай-
ды. Бір жағынан компьютерлерді есте сақтау үшін кө-
мекші құрал ретінде пайдалана отырып, екінші жағынан
компьютерлерге зейінімізді шынықтырып, шыңдай түсе-
тін арнайы бағдарламалар енгізген жөн. Адам кез келген
нәрсені жаттап алудан бұрын соны үйренуге мән бергені
абзалырақ. Алайда кейбір маңызды мәліметтер мен мә-
тіндерді жаттап алудың миды шынықтыру тұрғысынан
өте пайдалы екенін де ұмытпаған жөн.
Үкілі үміт 41

Мамандар кейбір тағам түрлері мидың жұмысына


жақсы әсер етеді деп есептейді. Мәселен, таңертең-гілік
ас миға өте пайдалы. Таңғы асқа дағдыланбаған кісілердің
бір нәрсеге зейін қою қабілеті төмендей бастайды
немесе мүлдем жойылады. Ұмытшақтықты жеңіп, есте
сақтау қабілетін күшейту үшін құрамында мидың негізгі
қуат көзі глюкозаға бай кептірілген жүзім сынды тағам
түрлерін пайдаланған жөн.
Хифыз18 намазы
Ғұлама-ғалымдардың бірқатары есте сақтау қабілетін
күшейтіп, ұмытшақтықты жеңу үшін күн сайын кейбір дұ-
ғаларды қайталап оқып отырған. Сонымен қатар, күнде
таңертең дәні бар кептірілген жүзімнің жиырма бір түйі-
рін жеуді дағдыға айналдырған. Тақуа кісілер есте сақтау
қабілеті нашар, тез жаттай алмайтын жандарды бір ха-
дисте айтылған төрт рәкәттық намаз оқуға және арты-
нан арнайы дұға жасауға кеңес беретін.
Бірде әзірет Али (р.а.) Алла елшісіне келіп Құранды
жадында сақтай алмайтынын мұң етіп: «Құранның көке-
йіме қонар түрі жоқ. Оны жадымда жаттай алар емеспін»
дейді. Сонда сүйікті Пайғамбарымыз (с.а.с.) әзірет Алиге:
«Жұма күні түннің үштен бірінде ұйқыдан тұр. Бұл – пе-
ріштелер куә болатын сәт. Осы кезде жасалған дұғалар
қабыл болады. Егер осы уақытта тұра алмасаң, түннің
бастапқы кезінде немесе ортасында тұрып, төрт рәкат
намаз оқы. Бірінші рәкатында «Фатиха» мен «Ясин» сү-
ресін оқы, екінші рәкатында «Фатиха» мен «Духа» сү-
ресін, үшінші рәкатта «Фатиха» мен «Сәждә» сүресін,
төртінші рәкатта «Фатиха» мен «Мүлік» сүресін оқы.
18
Есте сақтау
42 Таңдамалы-4

«Әттәһиятты» бітірген кезіңде, Хақ тағалаға жақсылап


хамд айтып, шүкіршілік жаса. Маған және басқа да пай-
ғамбарларға сала-уат айт. Еркек–әйел барша мүминдер
үшін Алладан мағфират (кешірім) тіле. Содан кейін мына
дұғаны оқы» деп кітаптарда «Хифыз дұғасы» деп атала-
тын дұғаны оқуға кеңес береді.
Әзірет Али бес немесе жеті түн бойы аталған намаз-
ды оқып, дұғасын жасайды. Сосын келіп: «Уа, Расулалла!
Мен бұрындары төрт-бес аяттың өзін жаттай алмай әлек
болатынмын. Қазір қырық аятқа дейін жаттай аламын.
Аяттарды құдды Алланың кітабы көз алдымда тұрған-
дай еркін оқимын. Бұрындары бір хадисті естіп, оны қай-
таласам да жаттай алмай қиналатынмын. Қазір хадис-
терді естіп, оларды риуаят еткенде бір әріптің өзін ұмыт
қалдырмайтын болдым»19 деген екен.
Қорыта айтқанда, есте сақтау қабілеті – Хақ тағала-
ның адам баласына тарту еткен ең үлкен нығметтерінің
бірі. Бұл қабілет күллі дүниені сыйдыратындай ауқымды
мәліметтерді қамтитын ғаламат мүмкіндікпен жаратыл-
ған. Есте сақтау қабілеті үшін шүкір ету керек. Сондық-
тан осынау қабілетті жаратылыс мақсатына сай жөнімен
қолдану маңызды. Жөнімен қолдану үшін санада рухани
сілкініс жасап, көзді харамнан сақтау қажет. Пайдасыз
бос нәрселерді тәрк етіп, жүйелі ойлану, қажетті мөл-
шерде ғана ішіп-жеп, артық ұйқыдан бойды аулақ салған
жөн. Пікір өрбітіп, миды бар қуатымен жұмыс істеткі-
зу, дамытып, жетілдіру керек. Бойдағы мін мен келең-
сіздіктерді дұға мен зікір арқылы тазартып, есте сақтау
19
Тирмизи, Даауат, 114.
Үкілі үміт 43

қабілетін толықтай қолдана білу үшін «Хафыз Зулжә-


ләл»20 болып табылатын Аллаға бет бұруға тиістіміз. Ең
берекелі уақыт саналатын сәһәр21 сәттерін ұтымды пай-
даланып, дұға-тілегімізді іспен дәлелдеп, талмай, тынбай
еңбек ету қажет.

20
«Хафыз зулжәләл» – жаратқандарын бәле-жаладан, қауіп-
қатерден қорғаушы Ұлы Алла деген мағынаны білдіреді (Ауд).
21
Таң намазының алдындағы түннің соңғы бөлігі
ПЕРЗЕНТ СҮЮ ҚҰШТАРЛЫҒЫ

Иманды кісілердің Құдайдан жалынып-жал-


барынып перзент тілеуі дұрыс па? Сәби сүйе
алмау жұбайлардың күнәларының кесірінен
бе? Құдайдан сәби тілегенде қандай жайттарға
мән беру қажет?
Жауап: Мүминдер үшін отбасы – қоғамның мәйегі,
ұлттың ұйытқысы. Отбасы – жұмыртқа басып шығара-
тын инкубатор да, тән құмарлығын қанағаттандыратын
санасыз орын да емес. Отбасы – өте киелі қоғамдық
институт. Оның қасиеті мен киесінің басты нышаны – ақ
неке. Исламда жұбайлардың бас қосуының заңды рәсімі
саналатын «неке» ұлттың іргесін бекем етіп, шаңырағын
шайқалтпайтын алтын қазық болып саналады. Жұбай-
лардың мақсат-мұратсыз қалай болса солай бас қосуы,
некенің түпкі мәні мен мақсатына қайшы келеді. Сон-
дықтан қасиетті дініміз некенің асыл мұратын айқындап
берген.
Қажеттілікке қарай талап ету
Отбасын құрудың негізгі мақсаты – Алланы разы қы-
латын, сүйікті пайғамбарымыздың мерейін үстем ететін
ізгі ұрпақ тәрбиелеу болып табылады. Құран кәрім мен
хадис шәріптерден пайғамбарлардың және ізгі құлдар-
дың Хақ тағаладан қайырлы ұрпақ тілеп, жалбарынға-
нын көреміз. Өйткені ізгі ұрпақ отбасын құрудың жемісі
саналады.
Үкілі үміт 45

Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.с.): «Үйленіңдер, көбе-


йіңдер. Өйткені қиямет күнінде сендердің көптіктеріңмен
мақтанамын» деген хадисі және некеге қатысты өзге де
ақыл-кеңестерінен отбасын құрудағы мақсат – үмбеттің
көзайымы болар қайырлы ұрпақ тәрбиелеу екенін бай-
қаймыз. Адамзаттың мақтанышы Мұхаммед пайғамбар
(с.а.с.) көптігімен мақтан тұтатын ұрпақ қандай болмақ?

Біздің ойымызша, олар Алланың разылығына бөленуді


асыл арманына айналдырып, өмірлері дінмен біте қай-
насқан нағыз ізгілер. Ендеше, ұрпақ тәрбиесіне аса ыж-
дағатты, көзі ашық, көкірегі ояу мүминдер адамзаттың
шамшырағы ардақты Пайғамбарымызды риза қылатын-
дай ізгі ұрпақ тілегені жөн.
Шын мәнінде, перзент сүю – Алланың адам баласына
деген айрықша тартуы, жұбайлардың бір-біріне Алланың
нығметі, сонымен қатар аманаты. Ал отбасының жемісі
саналатын бала да – Хақ тағаланың адамдарға берген
айрықша нығметі әрі аманаты. Ендеше, адам баласы-
ның Ұлы Жаратушыдан сәби тілеуі табиғи әрі қалыпты
жағдай. Дегенмен нығметтің үлкендігіне қарай талап-
тілектің де мәнді, мағыналы болуы құба-құп. Мәселен,
өмір де – үлкен нығмет. Адамзаттың жол бастаушысы
(аләйһи әкмәлут тахая): «Раббым! Өмір мен үшін қайыр-
лы болса, маған өмір бер. Ал егер өлім мен үшін әлде-
қайда қайырлы болса, онда берген аманатың – жаным-
ды ал!» деп дұға еткені белгілі. Осы арқылы Пайғамбары-
мыз (с.а.с.) үмбетіне иманнан кейінгі ең үлкен нығмет сана-
латын өмір тілегенде де «қайырлы болса» деген шартпен
дұға ету қажеттігін үйреткен.
46 Таңдамалы-4

Мұсылман пенденің иман және оның жемісі санала-


тын «яқин»22, «мағрифат»23, «ықылас» және «ихсан»24
сынды Алланың разылығына бөлейтін жайттар болма-
са, қайсыбір ісінде әсірелікпен, «әйтеуір, бер, құдайым»
деген қасарысқан түсінікпен тілек тілеуі дұрыс емес.
Мүмин Алланың разылығына бөленуді, Оның разылығы-
на бөленудің ең басты жолы саналатын Алланың ұлық
есімін төрткүл дүниеге паш етуді табандылық танытып,
тілек тілеуіне болады. Бірақ бұдан басқа мәселелерде
Алладан бір нәрсені талмай сұрау дұрыс емес. Иә, тек
Алланың разылығына бөлену мәселесінде ғана шексіз
талап-тілекке рұқсат етілген. Ал енді, өмір, жұбай, ұрпақ
немесе басқа да нығметтерді Алланың разылығына бө-
ленуді талап еткендей, үздіксіз сұрауға болмайды. Адам
көбіне перзентті болу құштарлығымен Құдайдан табан-
дап тілек тілеп, артынан осы үшін опық жеп жатады. Кез
келген жан үйленіп, шаңырақ көтеруді, бала сүюді не-
гізгі мақсатына айналдырмай, өмірлік қажеттілік ретін-
де көріп, соған сай ғана тілек тілегені абзал. Бұл мәселе-
де байсалдылық қажет. «Қалай да тілегім орындалсын»
деген пиғылдан бойды аулақ ұстаған жөн. Үйлену, бала
сүюді ешқашан Алла разылығына бөленумен немесе Ал-
ланың ұлық есімін күллі жаһанға паш ету сынды адам-
ның екі дүниедегі бақыты үшін зәру қажеттілік санала-
тын өміршең мәселемен тең санамаған абзал.

22
«Яқин» – күдіксіз, күмәнсіз кәміл иман келтіру.
23
«Мағрифат» – Алла туралы таным, ілім.
24
«Ихсан» – барлық істе Алланы көріп тұрғандай немесе өзі
көрмесе де Алланың оны көріп тұрғанын сезіну
Үкілі үміт 47

Жасанды ұрықтандыру және құдайдан


перзент тілеу
Дінімізде барша нығметтер секілді сәби сүю де Алла-
ның айрықша нығметі саналады. Осыған қатысты Хақ
тағала: «Көк пен жердің иелігі Аллаға тән. Ол қалаға-
нын жаратады. Қалағанына қыз, қалағанына ұл береді.
Немесе қыз бен ұлды қатарынан егіз береді. Қалағанын
бедеу қалдырады. Ол барлық нәрсені анық біледі. Қа-
лағанын жасауға құдіреті жетеді»25 делінген. Иә, «Халиқ
Кәрим»26 Алла тағала қалағанына қыз, қалағанына ұл,
кейбіреулерге жалғыз, енді біреулерге егіздеп, үшеулеп,
төртеулеп бала береді. Ал кейбір жандарды бедеу қал-
пында қалдырады. Алла тағала барлық нәрсені белгілі
бір себептерге байланысты етіп жарататыны сынды, ба-
ланың да дүниеге келуі бірқатар себептер мен шарттар-
ға тәуелді. Кісі Құдайдан сәби тілеу сынды ең табиғи қа-
лауының орындалуы үшін тиісті шарттарды жасап, содан
кейін Мусәббибул-әсбаб27 болып табылатын Аллаға жал-
барынып, қайырлы нәтиже тілеуі қажет.
Ғылым мен технология қарыштап дамыған бүгінгі
таңда табиғи жолмен сәби сүйе алмайтын жұбайлар
үшін басқа да балама тәсілдер бар екені белгілі. Түркия
діни істер жоғарғы алқасының мүшелері, Ислам әлемін-
дегі беделді ғалымдар жасанды ұрықтандыру арқылы
сәби сүюге болады деп пәтуа берген. Бұл пәтуаға сүйен-
сек, ұрықтанудың негізгі үш элементі: сперма, аналық
жұмыртқалық және жатыр саналады. Осылардың үшеуі

25
«Шуғра» сүресі, 42/49-50.
26
«Халиқ Кәрим» – барлық нәрсені молынан беруші, аса дарқан,
шексіз жомарт Алла тағала.
27
«Мусәббибул-әсбаб» – барша себептерді жаратушы Алла тағала.
48 Таңдамалы-4

де некелі жұбайларға тиесілі болса, жасанды ұрықтан-


дыру арқылы перзентті болуға діни тұрғыдан ешбір
шектеу қойылмайды. Дегенмен бұл тәсіл табиғи жолмен
сәби сүйе алмайтын жұбайлар үшін, ем мақсатында
ғана қолданыла алады. Ал енді жасанды ұрықтандыру
барысында жоғарыда аталған сперма, аналық жұмырт-
қалық немесе жатыр жұбайларға тиесілі болмаса, мұн-
дайға діни тұрғыдан рұқсат етілмейді. Жеке өз басым
бұл пәтуаға ықтияттылықпен қарауды жөн санаймын.
Алайда бұл менің субъективті құлшылық түсінігім, субъ-
ективті ұстанымым. Ал енді жалпы көпшілік жұрт атал-
ған іргелі мекеме мен беделді ғалымдардың пәтуасын
негізге алып, осы тәсілді ем ретінде қолдануына әрі іс-ә-
рекетпен жасалатын дұға ретінде пайымдауына құрмет-
пен қараймын. Сондықтан осы тәсілді қолданушыларға
қарсылық танытпаймын.
Осы орайда, жұбайлардың сәби сүйе алмауды өмірі-
нің ең өзекті мәселесіне айналдыруы, талап-тілекте әсі-
релікке салынуы құлшылық әдебіне сай келмейтінін де
айта кеткен жөн. Иә, дұғаның тылсым күші бар екені рас.
Шынайы көңілден жасалған дұғаны Хақ тағала қабыл
етіп, себепсіз-ақ берем дегенін беретіні және рас. Ұлы
Жаратушы себептер тұрғысынан мүмкін емес жағдай-
дың өзін болдыруға құдіреті жетеді. Ол қалағанына қа-
лауынша нығмет береді. Алла тағала сәби сүйгісі келген
жандардың шынайы көңілден жасаған дұғаларын жауап-
сыз қалдырмайды. Алайда кейбір жұбайлардың дұға-
тілекте әсірелік жасауы салдарынан, тілегі керісінше
орындалуы да ғажап емес. Мәселен, Құдайдан табандап
бала тілеу нәтижесінде нағыз бұзақы, анархист, әке-ше-
шесін зар жылатып, қан қақсататын ұрпақ сүю қаупі бар
Үкілі үміт 49

екенін ұмытпаған жөн. Тіпті шыдамы таусылған әке-ше-


ше бір күні: «Бұдан да өліп көзі құрыса» деп тілек тілеуі
де ғажап емес. Сондықтан жұбайлар сәби сүйе алмау-
ды өздері үшін бақытсыздық ретінде пайымдамай, қайта
Алла тағаладан өздері үшін қайырлы нәтиже тілегені нұр
үстіне нұр болмақ.
Әзірет Зәкәрия (а.с.) да Хақ тағаладан бала сұраған.
Алайда ол: «Шексіз нығметіңмен сондай бір ұл нәсіп ет,
ол маған да, Жақып әулетіне де мұрагер болсын. Оны
разы болатын құлдарыңнан ете гөр, уа, Рабб!»28 деген
еді. Құран кәрімде әзірет Зәкәрия мен әзірет Ибраһим
пайғамбарлардың (а.с.) құдайдан тек ұрпақ сүюді ғана
емес, пайғамбарлықтың ауыр жүгін арқалайтын мұра-
гер, ізгі мирасшы тілегендері айтылады. Олардың дұға-
ларына «мәфхуму мухалиф» яғни, керісінше мағынасы-
нан қарасақ: «Уа, Рабб! Егер қайырсыз, опасыз ұрпақ
болса, оны қаламаймыз» дегендерін байқаймыз.
Құран Кәрімде Құдайдан бала тілеуге қатысты аяттар-
да екі мәселеге баса назар аударылған. Бұлардың бірін-
шісі және ең маңыздысы: осынау нығметті беретін «Му-
сәббибул-әсбаб» және «Халиқ Кәрим» болып табылатын
Хақ тағала екендігіне қатысты ақиқат. Екіншісі, баланың
ізгі әрі қайырлы ұрпақ болуы үшін тілек тілеу. Осы се-
бептен, кез келген әйел немесе ер Құдайдан жар немесе
ұрпақ тілегенде Рахманның ізгі құлдары сынды: «Уа, нығ-
меті шексіз Раббымыз! Бізге көзіміздің, көңіліміздің көза-
йымы болатын пәк жар және таза ұрпақ нәсіп ет, біздер-
ді шынайы тақуаларға жолбасшы ете гөр!» дегені жөн.
Бұл дұға «Фурқан» сүресінің 74-аятында айтылады. Осы
аятта балалар үшін «қуррәтул-айн» сөзі қолданылған.
28
«Мәриям» сүресі, 19/6.
50 Таңдамалы-4

Бұл сөз көздің қарашығындай қадірлі, көз айым, көңілдің


шаттығы деген мағыналарды білдіреді. Бұл әке-шешесі-
нің мерейін өсіріп, жүзін жарқын қылатын, дүниеде де,
ақыретте де көңілін шаттыққа бөлейтін, әрқашан тақуа-
лықты ту ететін қайырлы ұрпақ тілеудің көрінісі.
Муқаррабиннің баламен сыналуы
Жаратушыдан қандай болсын әйтеуір бір жар немесе
бала тілеу дұрыс емес. Отау құруға ниеттенген әйел мен
ер бір-бірінің түріне, әдемілігіне, үсті-басына, киім-ке-
шегіне, тектілігі мен байлығына ғана емес, рухани әсем-
дігіне, ар-намысы мен жан дүниесіне, мінез-құлқының
көркемдігіне мән беру арқылы дұрыс таңдау жасамақ.
Алайда осындай жағдайдың өзінде «қайткенде де тіле-
гім орындалсын» деген әсіре ойға берілсе, бүгін не ер-
теңгі күні, өздері немесе балалары осы әрекеттерінің ке-
сірін көреді.
Өйткені, отау құру мен сәби сүю, осы үшін Құдайдан
тілек тілеу – аса байсалдылықты қажет ететін өміршең
мәселелер. Бұл істе әсірелік жасамаған жөн. Мал-мүлік,
шен-шекпенде ғана емес, жұбай таңдау мен ұрпақ мә-
селесінде де тілекте әсірелікке бару, барша игіліктен ма-
құрым қалуға түрткі болады. Әсіресе, саналы ғұмырын
Хақ жолына арнаған ізгілік жаршылары Алла тағаламен
араларындағы ықыласты қорғау үшін мұндай мәселе-
лерде аса байсалдылық танытуға мәжбүр. Шаңырақ кө-
теріп, отбасын құруда әрбір қадамын абайлап басу өте
маңызды. Әрқашан Ұлы Жаратушыға сиынып, барлық
нәрсенің ең қайырлысын тілеу керек. Осы бағытта қа-
жетті шарттарды түгелдей орындап, борыштарын ат-
қарғаннан кейін шынайы көңілмен Аллаға тәуекел етіп,
Үкілі үміт 51

маңдайға жазғанына шын көңілден ризашылық білдіру


ғана қалады.
Адамның жүрегіндегі мағрифат (Аллаға деген таным)
тереңдігі оның бойында жауапкершілік түсінігінің ор-
нығуы үшін, ең негізгі алғышарт болып саналады. Сон-
дықтан әулие кісілер «Хасанатул әбрар сәийатул муқар-
рабин» яғни, «әбрар29 үшін сауап саналатындар муқар-
рабин30 үшін күнә» деген қағиданы ұстанған. Бұл ұста-
ным Құдайдан жар немесе бала тілеуде де өте маңызды
өлшем. Қатардағы жай адам Құдайдан зар еңіреп бала
тілегені үшін жауапқа тартылмауы мүмкін. Алайда жан
дүниесін Алладан басқа барлық нәрсеге жабық ұстауға
мәжбүр саналатын муқаррабин мұндай талап-тілектен
міндетті түрде есепке тартылады. Тіпті «қурбат» (Аллаға
жақындық) дәрежесіне қарай жазалануы да мүмкін. Осы
тұрғыдан Ибраһим мен Зәкәрия пайғамбарлардың сәби
сүюге деген талап-тілектері ғибратты мысал болса керек.
Шындығында, осынау құтты пайғамбарлардың Құдай-
дан бала сұрауын күнәдан пәк текті бір әулетке өкілдік
ететін ізгі ұрпақ ізденісі ретінде пайымдау ең дұрысы.
Өйткені пайғамбарлар ұрпақты тек перзент сүю үшін қа-
ламайды. Олар артта қалдыратын пайғамбарлық мін-
детті өздерінен тарайтын тап-таза перзенттері арқылы
жалғасын табуын қалаған. Сондықтан пайғамбарлар-
дың бұл мәселедегі талап-тілектері де пайғамбарларға
тән сипатта өрбіген. Дегенмен мына мәселені де айта
кеткен жөн. Біз секілді қарапайым адамдар үшін осын-
дай талап-тілектер дін дағуасы ниетінде болса, үлкен
ізгілік, биік мәртебе болып та саналуы мүмкін. Алайда
29
Әбрар – ізгі құлдар, діндар адамдар.
30
Муқарраббин – Алла тағалаға жақын болған Хақ достары
52 Таңдамалы-4

аталған екі пайғам-бар – муқарраббин болып саналады.


Ал муққаррабин үшін мұндай талап-тілектер, Аллаға жа-
қындықтары және дәрежесіне қарай белгілі бір дәреже-
де дүниелік қалау ретінде саналуы да бек мүмкін.
Әзірет Ибраһим мен әзірет Зәкәрия Алладан ізгі ұрпақ
тілеп, пайғамбарларға тән ұлы ниетте болса да, сырттай
қарағанда дүниелік бір нығметті қалағандықтан, екеуі
де балаларымен өте үлкен сынақтарды бастан өткер-
ген. Әзірет Ибраһим (а.с.) бәлкім қалауын ішінде сақта-
ғаны үшін, баласын айдалаға тастап кетуге және белгілі
бір жасқа жеткенде, оны бауыздауға әмір алды. Алайда
Аллаға деген берік тәуекелінің арқасында бұл сынақ-
тан өтіп, Исмайылды құрбан қылып бауыздаудан соңғы
сәтте босатылады. Әзірет Зәкәрия (а.с.) Құдайдан ашық
түрде бала тілегені үшін, тек пайғамбарлар ғана шыдай
алатын аса ауыр сынаққа душар болады. Ақырында,
өзінің де, баласының да мүбәрак бастары шабылды.
Қайырлы игілік тілеу
Алла сақтасын, осы айтқан пікірмен пайғамбар-ларға
баға беруден мүлдем аулақпыз. Оларды бағалау біз се-
кілді қатардағы пенденің ісі емес. Өз басым олар туралы
жаман ойға жетелейтін азғантай сөздің өзін әдепсіздік
деп санаймын. Олардың бейкүнә бір тілектері үшін, осын-
шама үлкен сынақтарды бастан өткеруінің өзі олардың
ұлылығының өзгеше бір айғағы емес пе? Бұл олардың
қол жеткізген «қурбат» (Аллаға – жақындық) көкжиекте-
рін паш етсе керек. Алайда осы мәселеге қатысты иләһи
шындық бар, Алла тағаланың өзгермес бір сүннеті (заңы)
күшінде. Негізі, Хақ тағаланың разылығы мен «Иғлә кә-
лимәтуллаһ» яғни, Алланы төрткүл дүниеге танытудан
басқа барлық мәселеде табандап тілек тілеу дұрыс емес.
Үкілі үміт 53

Бұл мәселе Құран кәрімде кейде ашық, кейде астарлы


түрде ишарат жасалады. Өзіміз көріп, естіп, оқып жүрген
мыңдаған оқиғадан адамның мұндай әсіре талап-тілегі
адамның сау басына сақина екенін байқауға болады.
Алла тағала қай мәселені қаншалықты талап ету ке-
ректігін және қандай мәселелерде тойымсыздық таны-
туға болатынын белгілеп көрсеткен. Бала мәселесінде
адам байсалды болуы қажет. Егер табандап тілек тілесе,
арманы керісінше орындалуы ғажап емес. «Қалай да ті-
легім орындалса екен» деген ниетпен тілек тілеген ата-
-аналар көбінесе балаларынан көптеген қорлық-құқай
көреді. Кейбір балалар денсаулығының кемістігімен,
енді бір балалар арсыздығымен, қасиетсіздігімен ата-а-
насын зар илетеді. Ал енді бір балалар жүрек пен ақыл-
ойы азғындап, кейбірі арсыз, ұятсыз өмір салтымен ата-
аналарына у ішкізеді.
Құран кәрім балалардың үлкен нығмет екенін айта
отырып, олардың ата-ана үшін сынақ екенін де ескерткен.
«Біліп қойыңдар, мал-мүліктерің мен балаларың сынақ
қана. Нағыз сый-сияпат ақыретте Алла тарапынан бері-
леді»31 деген жерде де балалар үшін «фитнә» деген сөзді
қолданған. Құран кәрімде түрлі мағыналарда қолданы-
латын «фитнә» сөзі аталған аятта «сынақ себебі» деген
мағынаны білдіреді.
Иә, бала бала ретінде жамандық емес. Алайда бала
ата-ана үшін үлкен сынақ. Дүние-мүлік сынды бала-шаға
да адамның жүрегін басқа жаққа аударып, оны күнәға
және бәле-жалаға ұрындыруы мүмкін. Ендеше, адам
мал-мүлікке, бала-шағаға немесе басқа да дүниенің өт-
кінші нығметтеріне алданып, ақыреттегі үлкен сыйдан
31
«Әнфәл» сүресі, 82/8
54 Таңдамалы-4

мақұрым қалмаудың қамын ойлауы қажет. Қаншама


ата-аналар осы дүниеде балаларының кесірінен қан
жылап, балаларын көрген бетте: «Қап, сені тапқанша тас
тапсамшы» деп опық жейді. Ақыретте осындай өкініш-
ке душар болмас үшін, «Әйтеуір, бір перзентті болсам»
деген әсіреліктен бойын аулақ ұстап, байсалды қалпы-
нан жазбағаны жөн. Алладан дүниелік бір нығмет тіле-
генде «Уа, Раббым! Мен үшін ең қайырлысын нәсіп ет!»
деп дұға жасаса, нұр үстіне нұр болмақ.
Хақ тағала базбір адамдарды «Ата-и иләһисіне»32
бөлеп, иләһи тарту жасайды. «Ата-и иләһи» қандай да
бір себепке немесе заңдылыққа тәуелді емес. Бала көп
адам үшін «Ата-и иләһи» болумен қатар, Алла тағаланың
белгілі бір хикметпен адамға перзент бермеуінің өзі –
түсіне білген жанға үлкен игілік. Өйткені адам үшін ненің
қайырлы, ненің қайырсыз екенін тек «Алламул-ғуюб»33
Алла тағала біледі. Соңғы уақытта бір кісі жаныма келіп
баласы жоқ екенін айтып мұңын шақса, «әттең, бұл мә-
селеде әсірелік танытпаса қандай жақсы болар еді»
деген сезім жанымды жегідей жейді. Алайда әлгі кісінің
ішкі сезімдері мен перзент сүюге деген құштарлығын се-
зінсем, оның көңілін қалдырып, көңіл-күйін бұзбау үшін
«Иншалла, біз дұға етейік, сіз де Хақ тағалаға сиыныңыз.
Алла сізге қайырлы перзент нәсіп етсін» деумен ғана
шектелемін.

32
«Ата-и иләһи» – Алла тағаланың айрықша нығметі, ерекше
тартуы
33
Ғайыпты білуші, ғайып Өзіне түгелдей аян Алла тағала
Үкілі үміт 55

Перзентке айналған күнәлар


Тақырыптың басында «Балалардың болмауы жұбай-
лардың қателіктері немесе күнәларының кесірінен бе?»
деп сауал қойылған еді. Жалпы алғанда, адамның бір
перзентке зар болуы қандай да бір қателікке, күнәға
байланысты емес. Қайта керісінше, адамның қателіктері
мен күнәлары перзент күйінде көрініс тауып, дүние мен
ақыретте әлгі адамның басына бәле болуы әбден мүмкін.
Кейбір мүминдер көптеген күнәға батқандықтан, сол іс-
теген күнәлары перзентінің шектен шыққан басбұзарлы-
ғы күйінде алдынан шығады. Істеген күнәларының кесірі-
нен перзенті азғындыққа салынып, осы өмірде әлгі адам
үшін үлкен сынаққа айналып жатады. Перзенті адасушы-
лыққа бой алдырса, кез келген пенде үшін заққум ағашы
(жаһаннамда өсетін ағаш) сынды ақыретте басына сор
болып, опық жегізеді.
Бүгінде мыңдаған жастар әке-шешелерін сорлатып,
елдің берекесін қашыруда. Азғындаған жастар көбіне
өз жағдайларының парқына да бара алмайды. Олар
батпақта малтығып жатқанын да сезбей, осындай аз-
ғындыққа еті үйреніп, бұны қалыпты жағдай деп ойлап,
алаңсыз өмір сүруде. Мұндайда қасірет тартатын тағы
да ата-ана. Ата-аналар тереңнен қаузаса, балаларының
өз күнәларының кесірінен осындай жағдайда жүрге-
нін түсінген болар еді. Құдайдан зар еңіреп жүріп тілеп
алған перзенті азғындық жолына түсіп ақыретке көшсе,
ата-ана үшін нағыз қасірет сонда болмақ. Өйткені оның
ақыреттегі жағдайы да аяныш тудырмақ.
Сондықтан, перзент сүйе алмау – әке-шешенің күнә-
лары үшін берілген жаза емес, қайта керісінше азғында-
ған ұрпақ – әке-шеше күнәларының жазасы саналмақ.
56 Таңдамалы-4

Өз басым көптеген мүмин адамдардың перзенттерінің


шектен шығушылығын осы бір иләһи хикметпен бай-
ланыстырамын. Тіпті мүминнің күнәлары жиылып бір
ұрпақ бойында көрініс табатынына сенемін. Негізінде,
иман еткен адамдар қателіктері мен кемшіліктерінің
парқына барып, олардың кәффәратын өтеп, тәубе етсе,
жаман перзент түбінде қайырлы ұрпаққа айналады. Мү-
миндер істеген күнәларының бірқатарының жазасын
осы дүниеде балаларының кесірінен тартады. Осылай-
ша, ақыретке едәуір тазарып кетеді.
Бір баланың орнына мыңдаған шәкірт
Перзенттің болғаны – жақсылық, болмағанын – жа-
мандық деп біржақты түсіну дұрыс емес. Адам уақыты
жеткенде дін рұқсат еткен шеңберде отбасы құрады.
Содан кейін «Әл хайру фи махтараһуллаһ» яғни, «қайыр-
лы нәтиже тек Алла тағаланың ықтиярында (таңдауын-
да)» деп, Хақ тағаланың қалауының әрқашан ең дұрыс,
ең берекелі, ең сауапты және ақырет тұрғысынан ең қа-
йырлы таңдау екендігіне сеніп, Алланың қалауына шын
көңілден ризашылық таныту қажет. Егер отбасында
міндетті түрде балалардың шүлдірлеген дауысын естіп,
Алла елшісінің (с.а.с.) мақтаныш тұтатын үмбетін тәрбие-
леп өсіргісі келсе, онда дін талабынан шығып кетпей,
перзент сүюдің қамын жасауына әбден болады.
Осы тақырыпқа қатысты Гандидің басынан өткен бір
оқиғаны тілге тиек ете кеткенді жөн көрдім. Гандидің өмір-
баянын оқып, терең кісілігін, мағыналы ғұмыр кешкенін
байқадым. Сол жылдары мұсылмандар мен үнділер ара-
сындағы жанжал әбден қызған тұста үнді балаларының
бірі қақтығыстарда қаза табады. Өлген баланың әкесі
мұсылмандардың бір баласын өлтіріп, кек алатынын
Үкілі үміт 57

айтып, ант етеді. Осыны естіген Ганди әлгі кісіні жанына


шақырып, неліктен жазықсыз бір баланы өлтіргісі келе-
тінін сұрайды. Әлгі кісі: «Олар менің баламды өлтірді.
Мен де олардың бір баласын өлтіріп, өшімді аламын»
деп жауап береді. Сонда Ганди: «Біреуді өлтіру сенің өліп
кеткен балаңды қайта тірілте ме? Балаңның орнын тол-
тырғың келсе, олардың бір баласын асырап ал, оны өз
балаңдай етіп бауырыңа бас және жақсылап тәрбиеле»
деп парасат тұнған насихат айтады.
Иә, егер перзент мәселесінде жүректегі құштар-лы-
ғыңызды тізгіндей алмай қатты қиналсаңыз, діндегі
рұқсат шеңберінде бала асырап алып, оған жақсылап
тәрбие беріп, үлкен азамат не азаматша етіп өсірсеңіз де
болады.
Жалпы өмірде баласыз өткен адамдар аз емес. Мә-
селен, имам Нәуәи сынды заңғар тұлғаның еш перзенті
болмаған. Алайда Хақ тағала оларға өз балаларынан он
есе адал қызмет ететін мыңдаған шәкірт нәсіп етті.
Қорыта айтқанда, иманды кісілер әйел болсын, еркек
болсын, Құдайдан перзент тілегенде, әсірелікке салын-
бауы қажет. Зар еңіреп Құдайдан перзент тілесе де, ізгі
әрі тақуа бала сұрауы қажет. Жұбайлар балалы болудың
тиісті шарттарын орындап, дұға еткеннен кейін Хақ таға-
ланың ықтиярына ризашылық танытып, барлық мәселе-
де айтатын «Раббәнә атина фид-дуния хасәнәтән уә фил
ахирәти хасанәтән» яғни, «Уа, құлдарына шексіз нығмет
сыйлаушы Раббымыз! Біздерге осы дүниеде де жақсы-
лық пен ізгілік бер, ақыретте де жақсылық пен ізгілік
бер»34 дегені абзал.

34
«Бақара» сүресі, 2/201
ИСЛАМДА ЖҰМЫСШЫЛАР ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ
ЖҰМЫС БЕРУШІ МЕН ЖҰМЫСШЫ ҚАРЫМ-
ҚАТЫНАСЫ35

1. Ислам дініндегі құқық түсінігі

а) Құқық түсінігі
Ислам – «сулх» (бейбітшілік), есендік және тыныштық,
Алла мен елшісінің айтқандарына бағыну, мойынсұну,
амандық, сенімді жолға түсіп, бақытқа бөлену, барша
адамға тіпті күллі тіршілікке қауіпсіздік танытып, ешкім-
ге, ешбір нәрсеге жайсыздық тудырмау деген мағынаны
білдіреді.
Ислам діні – Алла тағаланың әмірлерінен бастау алып,
Расулалла (с.а.с.) тарапынан насихатталған және жүзеге
асырылған, басқалардың да дін жолымен өмір сүруінің
негіздерін қамтитын иләһи дін болып табылады. Осы
дінге шынайы сенім артып, өз өмірінде түгелдей жүзеге
асырған кісі – адам мүмин немесе мүслим деп аталады.
Ислам дінінің ішкі мазмұны иманға, имани дүниетаным-
ға негізделсе, сыртқы мәні мойынсұну мен ізгі амалға
сүйенеді. Ата-бабаларымыз бұл дінді «адамдарды өз
ықтиярымен жақсылыққа бастайтын иләһи заңдардың
жиынтығы» ретінде сипаттаған. Міне, осынау серпінді
35
Бұл мақала автордың «Германия кәсіподақтары бірлестігі»
тарапынан жолданған сауалға жауап ретінде жасаған
баяндамаларынан ықшамдалып алынған.
Үкілі үміт 59

күш өмірде жүзеге асырылу деңгейіне қарай дүние мен


ақыретте айтулы мән иеленеді.
Қазіргі таңда кең ауқымда қолданылатын «хақ» сөзі
ақиқат, шындық және әділет мағыналарын берумен
қатар, адамның бір нәрсеге толықтай ие болуы және
соған билік етуі деген мағынаны да білдіреді. Жалған-
ның, бұрыстың антонимі де «хақ» деп аталады. Жеке
тұлға тұрғысынан алғанда, әрбір адамның өз нәсібі мен
үлесі де хақ деп айтылады. Біз көтерген тақырып тұр-
ғысынан хақ (құқық)36 дегеніміз – заңды билік тарапы-
нан жеке тұлғаларға таңылған, басқалардың құқығына
зиянын тигізбей қалағанынша қоғамдық қатынастарда
өз мүддесін жүзеге асыру, материалдық-рухани қажетті-
ліктерін қамтамасыз ету құқығы болып табылады.
Құқық ұғымы сырттай қарағанда тек жеке және заңды
тұлғаларға тиесілі болып көрінгенімен, шын мәнінде
барша хақтың иесі – Алла тағала. Алайда Алла осы құ-
қықтарға өкілдік етуді адамдарға аманат ретінде берген.
Бұл құқықтар кейбіреулерде белгілі бір мүдде, құзыретті-
лік, енді бірінде аталған мүдделерден пайдалану немесе
құзыретті қолдану құқығы ретінде жүзеге асады. Алла
белгілеген құқықтар адамның Хақ тағалаға құлшылық
міндеті мен қоғамдық құқықтарды түгел қамтиды. Мү-
ліктік құқықтар, еңбек құқықтары, ой мен іс-әрекет еркін-
дігін қамтитын хақтар жеке тұлғаның азаматтық құқық-
тары деп аталады. Ал мүдде, пайда, мәміле тұрғысынан
жеке адамға да, қоғамға да қатысты құқықтар «ортақ
36
Осы жердегі хақ сөзі қазақ тілінде көбіне құқық ретінде
қолданылады. Сондықтан осы жерден ары қарай жеке және
заңды тұлғаларға қатысты хақ сөзін құқық ретінде қолдануды
жөн көрдік (Ауд).
60 Таңдамалы-4

құқықтар» деп аталады. Жалпы бұлардың үкімдік ерек-


шеліктерін фиқх ғалымдары жоғарыдағыдай түрлі тер-
миндермен атағанымен, түптеп келгенде бұлардың бар-
лығы Алла құқықтары екені даусыз.
Ислам діні бойынша адамдар жарық дүниеге еркін
болып келеді. Барлық адамдар құқықтық тұрғыдан бір-
бірімен тең саналады. Ой еркіндігі, сөз бостандығы, ар-
-ождан еркіндігі адам баласының өзгермейтін жараты-
лыс құқықтарына жатады. Нәсіліне, жынысына, ұлтына,
тілі мен діни айырмашылығына қарамастан, барлық
адам теңдей құқыққа және мүмкіндікке ие. Мұндай құ-
қықтар адам табиғатының рух пен тән секілді қос қырын
қамтитын басқа да үлкенді-кішілі құқықтарды, сонымен
қатар белгілі кезеңнен кейін пайда болатын түрлі құқық-
тарды қамтиды.
Құран кәрім өзіне тән иләһи сарынмен адам құқықта-
рына айрықша мән беріп, бұлардың қорғалуына қатыс-
ты ескертулер жасаған. Сонымен қатар, құқықтардың
жүзеге асуы мен орындалуының арнайы механизмдерін
де бекіткен. Алла елшісі (с.а.с.) сөзімен де, ісімен де Құран-
да айтылатын құқықтық мәселелерді нақтылай түскен.
Алла елшісі барлық азаматтық және қоғамдық құқықтар
Алладан бастау алатынын ескертіп, құқықтардың қорға-
луы мәселесіне асқан ыждағаттылық танытты.
Иә, ислами түсінік бойынша, бүкіл құқықтар – Алланың
ерік күшінен бастау алады және Алла тарапынан адам
баласына аманат етілген нығмет. Осынау иләһи нығмет-
тер адам баласына алғаш жаратылған кезден бастап
тарту етілген. Бұл құқықтар адамдар тарапынан күшпен
алынбайды, сатылмайды, азайтылмайды, көбейтіл-
мейді, өзгертілмейді, дүние-мүлікке айырбасталмайды.
Үкілі үміт 61

Ешбір билік иесі құқықтарды өзбетінше бекіте де, белгі-


лей де алмайды. Құқықты ешбір билік сатылатын тауар
сынды бағалай алмайды. Адам құқықтарының сақта-
луын бақылайтын да – адамның өзі және тұтас қоғам.
Ізгілік үстемдік құрған қоғамдарда құқықтың сақталуы-
на жауапты лауазым иелері әрдайым құқықтық жауап-
кершілікті терең түсініп, құқықты қадірлеп, қастерлеген.
Осының өзі ізгілікті қоғамдарда құқықтың сақталуының
ең басты кепілі болып саналған.
ә) Алла елшісінің (с.а.с.) адам құқықтарына
деген құрметі
Сүйікті Пайғамбарымыз (с.а.с.) (аләйһи әкмәлут-тахая)
Мәдинаға һижрет етіп келгеннен кейін қаладағы түрлі
сенім мен ой-пікірді ұстанатын ағымдармен, түрлі этни-
калық топтармен «Мәдина уәсиқасы»37 атты келісім-шарт
жасайды. Алла расулы әруақытта осы келісімге адалды-
ғынан айнымай, барлық міндеттемелері мен шарттарын
мүлтіксіз орындаған. Мәдина уәсиқасында діни, нәсіл-
дік, әлеуметтік дәрежесіне қарамастан, барлық адамның
теңдей құқықтарға ие екені жарияланып, адам құқық-
тарына кепілдік берілді. Осылайша, алыс-жақын барша-
ның ойында Мәдина қаласы «Мәдина Мунәууәра» яғни,
амандық, есендік өлкесі деген түсінік қалыптасып, қала
үлкен абыройға кенелді.
Негізінде, Пайғамбарымыздың жасаған келісім, мә-
мілелері тек Мәдина уәсиқасымен немесе сол дәуірде
орын алған бірнеше белгілі оқиғамен шектелмейді. Алла
елшісі (әләйһи әкмәлут-тахая) бүкіл өмірінде үнемі адам
құқықтарын барынша қадірлейтін. Ол құқықты сақтауда
37
«Уәсика» – араб тілінде құжат деген мағынаны білдіреді
62 Таңдамалы-4

үлкен-кіші істердің баршасын қаперден тыс қалдырмай,


қырағылық танытып отырған. Сүйікті Пайғамбарымыз
кішігірім мәселелер еленбесе, үлкен мәселеге айнала-
тынын терең пайымдағандықтан, үлкен-кіші деместен,
барлық деңгейде құқықтың сақталуына жіті мән берді.
Жоғары дәрежелі құқықтардың аяққа тапталуын Ал-
ладан қорқу сезімінің күшімен алдын алып отыруды
насихаттайтын.
Адамзаттың шамшырағы Пайғамбарымыз (с.а.с.) бақи-
лық болардан сәл бұрын қажылықта он мыңдаған адам-
нан құралған ауқымды жамағатқа қоштасу құтбасын
жасайды. Ол осынау бақытты жамағат арқылы қияметке
дейін келетін болашақ үмбетіне Исламдағы құқықтық мә-
селелерді тағы бір пысықтап, тұжырымдап береді. Шын
мәнінде Алла елшісінің «Уәдә» құтбасында айтқан әрбір
сөзі адам құқықтары тұрғысынан өз алдына дербес, ма-
ңызды бір құжат сипатында еді.
Сөз Сұлтаны (с.а.с.) сол күні Алла құқығынан бастап, отба-
сылық құқықтарға дейінгі барлық мәселені ортаға салып,
бейне бір өзінің пайғамбарлық міндетінің мәні мен маз-
мұнын тереңнен толғай түсіндірген еді. Оның құтбасын-
да ең үлкен құқық – Алла құқығы екеніне баса назар ауда-
рылған. Алла құқығынан кейін дәрежесіне қарай барлық
құқықтарды жіпке тізгендей атап шығып, кейбір кішігірім
құқықтардың өзін ишаратпен болсын меңзеп көрсетуге
күш салғанын байқаймыз. Оның құтбасының ең алғаш-
қы сөзі: «Алладан қорқыңдар. Оған қарсы келуден сақ-
таныңдар» деп басталады. Артынан Аллаға бойсұнудың
қажеттігін айтады. Негізінде Аллаға иман келтіріп, мо-
йынсұну – адам құқықтарын қорғаудың ең басты кепілі
әрі орындалуын қамтамасыз ететін серпінді де тылсым
Үкілі үміт 63

күш. Ал Аллаға иман мен Алладан қорқу сезімі болмаса,


басқалардың құқығын бұзбау, жалпы құқықтық сананың
кәміл түрде орнығуы өте қиын.
Алла елшісі (с.а.с.) Уәда құтбасында отбасы құқықтары-
на да айрықша тоқталып, отбасы мүшелерінің бір-бірле-
ріне деген жауапкершілігі мен міндеттерін атап көрсете-
ді. Өз сөзінде Алла расулы әйелдердің Алланың аманаты
екенін, әйелдердің құқығына асқан ыждағаттылықпен
қарау керек екенін еске салады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) қо-
ғамның тірегі болып саналатын жанұяда бақыт пен үйле-
сімнің орнауы үшін, отбасы мүшелерінің бойында Алла-
дан қорқу сезімінің орнығуының маңызын айрықша атап
өтеді. Осылайша, құтбасының соңында жергілікті жаһи-
лия (Исламнан бұрынғы надандық дәуірі) әдет-ғұрып-
тарына негізделген қоғамдық жүйенің тамырына балта
шабылғанын паш етті.
Алла елшісі Уәда құтбасында мал, жан, ақыл-ой, дін
мен ұрпақты қорғауға қатысты тұжырымды сөз айтып,
осы саладағы құқықтарды пысықтай түсті. Алла елшісі-
нің айтқандары мұсылмандарға бұрыннан да мәлім мә-
селелер еді. Алайда құтба жасалған жер, құтбаны айту
тәсілі мен Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сөзіндегі қоштасу
сарыны мәселеге басқаша сипат беріп, адамдардың кө-
ңілінде тыңнан естілгендей терең із қалдырған еді. «Ей,
адамдар! Раббыларың біреу. Барлығың Адамның ұр-
пағысыңдар. Адам болса топырақтан» деп үндеу тас-
тағанда, бүгінгі таңдағы адамзаттың үлкен дерттерінің
біріне де назар аударады. Біле білгенге Пайғамбарымыз
(с.а.с.) парасат тұнған дана сөздерімен мүминдер үшін нә-

сілшілдік пен этникалық кикілжіңдерді шешудің алтын


кілтін ұсынады.
64 Таңдамалы-4

Бүгінгі таңда әлем елдерінің көпшілігі адам құқықтары


мәселесінде әлі де болса мүшкіл жағдайда екені белгілі.
Ал Ислам діні ғасырлар бұрын қылмыс пен жаза мәсе-
лесінде құқықтың үстемдігін орнықтырып, асыл қағида-
ларын белгілеген. Мәселен, нақты дәлелденбесе ешбір
адам қылмыскер болып саналмайтынын (кінәсіздік при-
зумпциясы), сезікті адамның өзін-өзі қорғау құқығына
кепілдік берілуі, ықтималдылық негізінде ешбір адам
жазаға тартылмайтынын, адамға күш қолдануға тыйым
салынғанын, адам құқығының қадір тұтылып, қастерле-
нетінін, билік иелерінің құқыққа бас июге міндетті екен-
дігін, ешқашан күшпен құқық бұзушылыққа жол беріл-
мейтінін жариялап, баршаны құқықтық жауапкершілік-
ке шақырады. Осылайша, Алла елшісі әрдайым құқықты
қадір тұтатынын тағы бір рет паш етті.
Пайғамбарымыздың құқық мәселесіндегі осынау мұ-
қияттылығы еңбек құқығында да көрініс тапты. Ислам
діні жұмысшыларға да көптеген құқықтар танып, жұмыс
беруші мен жұмысшы арасындағы қарым-қатынасты
әділ түрде тәртіпке келтіретін бірқатар нормалар белгі-
леген.Төменде осыларға жеке-жеке тоқталамыз.
2. Исламда жұмысшылар құқығы
Ислами құқықтық терминологияда жұмысшы – басқа
бір кісіге тиесілі қандай да бір жұмысты немесе қызметті
жалақымен атқаруға міндеттеме алған кісі деген мағы-
наны білдіреді. Басқалай айтқанда, заңмен рұқсат етіл-
ген белгілі бір жұмысты жұмыс берушімен арадағы келі-
сім бойынша, өз еңбегін ақылы негізде бағалай отырып
атқаратын кісіні жұмысшы деп атайды.
Үкілі үміт 65

а) Құрандағы еңбек және еңбекші түсінігі


Жалақы негізінде жұмысшы жалдау немесе жалақыға
жұмысшы ретінде еңбек ету Құран кәрімде, Пайғамба-
рымыздың (с.а.с.) сүннетінде және сахабалардың ижма-
ғында38 бар. Құран Кәрім мен сүннетте Исламнан бұрын-
ғы иләһи діндердің жалақыға жұмыс істеу және жұмыс
істеткізу тәсілдерінен мысалдар келтіріледі. Кейбір тұс-
тарда тікелей үкім айтылып, бұл мәселеге айрықша
тоқталған.
Құранда әзірет Мұсаның (а.с.) өзіне пайғамбарлық
берілмей тұрып Мысырдан шығып, Мәдиән аймағына
барғаны баяндалады. Сол жерде қой-ешкілерін суғарып
жатқан апалы-сіңлілі екі қызды кездестіреді. Әзірет Мұса
әлгі қыздарға мал суғаруға көмек береді. Осыдан кейін
қыздардың бірі әкесіне барып: «Әке, мына кісіні жұмыс-
шы ретінде қолыңа ал. Өйткені жұмсайтын адамың осы
кісі секілді қуатты әрі сенімді болуы керек»39 деп, әкесі-
нен Мұсаны (а.с.) жұмысқа алуын өтінгені баяндалады.
Осыдан кейін әзірет Мұса (а.с.) апалы-сіңлілі екі қыздың
әкесінің (әзірет Шуайб (а.с.) болуы мүмкін) қолында он
жыл жұмыс істейді. Әзірет Мұса (а.с.) сол үйдің қойла-
рын бағып жүріп, Шуайб пайғамбардың дәріс алқасында
пайғамбарлықтың тылсым сырларын да үйренген болуы
мүмкін. Кейіннен осы парасатты қыздардың бірі Мұса
(а.с.) пайғамбардың құдай қосқан қосағына айналады.
38
«Ижмағ» – кез келген бір мәселеде Құран мен сүннеттен шешімін
таппаған жағдайда сол мәселеге қатысты сахаба-лардың өзіндік
шешімдері, пәтуалары, ұстанған жолдары. Ижмағ, Ислам
құқығында Құран мен сүннеттен кейін үшінші қайнар көз болып
саналады.
39
«Қасас» сүресі, 28/27.
66 Таңдамалы-4

Осы жерде апалы-сіңлілі қыздардың бірі Мұсаның (а.с.)


жұмысқа алынуын қалағанда, бір жұмысшының бойын-
да болуы тиісті екі сипатты атап өткен. Осы екі сипат жұ-
мысшының міндеттемесі мен жауапкершілігі тұрғысы-
нан маңызды өлшем болып табылады. Бұлардың бірін-
шісі: берілген жұмысты атқара алатындай күш-қуаттың,
қабілеттің болуы; екіншісі: сенімділік пен адалдық.
Құранда Қызыр (а.с.) мен Мұса (а.с.) пайғамбардың
сапары баяндалғанда да жалақыға жұмыс істеу мәсе-
лесіне ишарат бар. Олар жолда бір ауылға соғады. Сол
жерде Қызыр (а.с.) жығылғалы тұрған бір дуалды қайта
түзетіп қояды. Алайда осы үшін дуалдың иесінен жалақы
талап етпейді. Осыны байқаған әзірет Мұса (а.с.): «Қа-
ласаң, осы ісің үшін жақсы жалақы алуыңа болар еді»40
дейді.
Ислам ғұламалары осы және басқа да аяттарды негіз-
ге алып, бір кісінің басқа бір кісіге жалақыға жұмыс іс-
теуінің шариғатқа қайшы емес екенін тұжырымдап, Құ-
рандағы жоғарыда аталған мысалдарды дәлел ретінде
келтірген.
Құран кәрімде: «Енді таразыны дәл тартыңдар, адам-
дардың құқықтары мен жалақыларын кемітпеңдер, ха-
лыққа әділетсіздік жасамаңдар»41 делінеді. «Сонан соң
айырылған жұбайларыңмен арадағы қатынастарың
үзілгенде, сендер үшін балаларыңды емізетін болса,
ақыларын төлеңдер. Араларыңдағы ақы мәселесін
заңды негізде ғұрыптарға сәйкес көркем түрде сөйлесіп
шешіңдер. Егер анасының баласын емізе алмауы сал-
дарынан қиындыққа душар болсаңдар, мұндайда әкесі
40
«Кәһф» сүресі, 18/77.
41
«Ағраф» сүресі, 7/85.
Үкілі үміт 67

жалақысын бере отырып, басқа бір емізетін әйел таба-


ды»42деген секілді аяттарда да жалақы мәселесіне қа-
тысты үкімдер айтылған. Осы жерде жоғарыдағы аяттың
тақырыбымызға қатысы болмаса да, өте маңызды бір
қырына қысқаша тоқтала кеткенді жөн көрдік. Баланы
асырау, бағып-қағу ең алдымен әкенің міндеті болған-
дықтан, жұбайлар айырылған жағдайда анасының өз
баласын емізгені үшін әкесінің оған ақы төлеуге міндет-
телуі адам құқықтары (әсіресе әйел құқықтары) тұрғы-
сынан өте маңызды ислами мәселе болып табылады.
Басқа бір аятта Хақ тағала адамзатты дүние және
ақырет игілігі үшін еңбектеніп, қажыр-қайрат жұмсау-
ға үндейді. «Адам өз еңбегі мен қажыр-қайратының нә-
тижесінен басқа ешбір нәрсеге қол жеткізе алмайды»43
деп, адам тек еткен еңбегінің ғана нәтижесін көретіні
айтылады.
ә) Пайғамбарымыздың сүннетінде еңбек
және еңбекші түсінігі
Ислам дінінде Ұлы Жаратушы алдындағы құлшылық
борыштарын атқарған адамның еткен еңбегінің өзі ғи-
бадатқа айналады. Сондықтан да, дінімізде жұмысшы-
лардың еңбегіне өте үлкен мән беріліп, қадірленеді. Пай-
ғамбарымыз (с.а.с.): «Ешбір пенде өзінің маңдай терімен
тапқан табысынан басқа қайырлы адал табысқа қол
жеткізе алмайды» деген еді. Сүйікті Пайғамбарымыз (с.а.с.)
Алланың елшісі болғанына қарамастан, өзінің маңдай
терімен күнкөрісін қамтамасыз еткен Дәуіт пайғамбарды
42
«Талақ» сүресі, 65/6.
43
«Нәжм» сүресі, 53/39.
68 Таңдамалы-4

(а.с.) үлгі ретінде көрсеткен44. Алла елшісі (с.а.с.) балала-


рының нәпақасын табу, әке-шешесінің қажеттіліктерін
немесе өзінің күнкөрісін қамтамасыз ету үшін үйінен
жұмыс істеуге шыққан кісіні үйіне қайта оралғанша Алла
жолында болатынын айтқан. Сонымен қатар, ешкімге
қол жаймау, әке-шешесі мен бала-шағасының жұртқа
телміріп, тіленбеуін қамтамасыз ету үшін жұмыс істеген
кісінің әрбір қадамында бір ғибадат сауабы жазылаты-
нын сүйіншілеген.
Бір күні Алла расулы (с.а.с.) саңлақ сахаба әзіреті Муаз-
бен амандасып тұрып: «Уа, Муаз! Қолдарың күстеніп
кетіпті» дегенде, әзірет Муаз: «Рас айтасыз уа, Расулал-
ла! Жер аударып осымен бала-шағамның нәпақасын
тауып жүрмін» дейді. Сонда адамзаттың асыл тәжі ар-
дақты Пайғамбарымыз (с.а.с.) барша жұмысшылардың
еңбегі мен маңдай терін қадірлеу қажеттігін паш еткен-
дей әзірет Муазға разы кейіпте: «Мұндай қол жаһаннам
отына күймейді» дейді.
Бірде Мәдинада Пайғамбарымыз (с.а.с.) сахабалары-
ның арасында отырғанда, олардың жанына жап-жас
жігіт қайыр сұрап келеді. Әлгі жігіт өзі де, бала-шағасы
да аш екенін айтып, отырған жамағаттан көмек сұрайды
да шығып кетеді. Ол кеткесін Алла елшісі жігіттің үйіне
әзірет Алиді (р.а.) жібереді. Әзірет Али әлгі кісінің үйінде
балалардың үстіне жабатын жамылғы мен бір табақтан
басқа еш нәрсе жоқ екенін біліп қайтады. Осыдан кейін
Алла елшісі (с.а.с.) әзірет Алиге жігіттің үйіндегі жамылғы
мен табақты базарға апарып сатып, орнына бір арқан
алуын тапсырады. Әзірет Али Алла елшісінің айтқа-
нын орындағасын Пайғамбарымыз арқанды әлгі кедей
44
Ибн Мажә, Тижарат, 1.
Үкілі үміт 69

жігітке беріп: «Тауға шығып отын жина. Сөйтіп, жинаған


отыныңды базарда сат. Қырық күнге дейін үйіңе келме.
Бала-шағаңның қажеттіліктерін біз өзіміз өтейміз» дейді.
Қайыршы жігіт қырық күннен кейін тапқан табысымен
Алла елшісінің алдына келеді. Пайғамбарымыз жігітке
сол ақшамен Мәдинада бір дүкен аштыртады. Осылай-
ша, жігіт өз күнін өзі көретіндей жағдайға жетеді. Осы
оқиғадан кейін Алла елшісі (с.а.с.): «Сіздердің біріңіздің ар-
қанын иығына салып, таудан отын жинауы, содан кейін
оны арқалап, базарға апарып сатып өз күнін өзі көруі –
жұрттан қайыр сұрауынан әлдеқайда қайырлы»45 деген
екен.
Расул Әкрамның (с.а.с.) жұмысшы-лардың құқықтары-
ның қорғалуы, жалақыларының кемітілместен уақытын-
да төленуі, олармен жақсы қарым-қатынас жасау мәсе-
лесі жөнінде көптеген насихаттары бар. Пайғамбары-
мыздың насихаттарын реті келгенде жан-жақты талдай-
тынымызды білдіріп, осы жерде екі хадис шәріпті еске
сала кетумен шектелмекпіз. Сүйікті Пайғамбарымыз (с.а.с.)
бірде: «Қолындағы жұмысшысын барынша жұмсап, жұ-
мысын жасатып алғасын оның жалақысын толықтай тө-
лемеген адамға Алла тағала арғы дүниеде жау болады»46
дейді. Тағы бір құдси хадисте Алла тағала: «Қиямет кү-
нінде үш түрлі адам қарсылығыма душар болады. Олар:
менің атымды айтып өтірік ант-су ішіп әділетсіздік жа-
сайтын адам, азат адамды сатып, ақшасын жейтін адам,
жұмысшыға жұмыс істетіп, жалақысын бермейтін адам»47
деген екен.
45
Бұхари, Ижарә, 12, 15.
46
Бұхари, Ижарә, 10.
47
Бұхари, Ижарә, 12, 15.
70 Таңдамалы-4

б) Жұмысшыларға қатысты жалпы үкімдер


Ислам ғұламалары жұмысшыларды жеке және ортақ
деп екі топқа бөліп қарастырған.
1. Жеке жұмысшы (әжри-хас) – келісім-шарт негізінде
белгіленген мерзімде және бекітілген бір жалақыға тек
қана бір жұмыс берушіге жалданып жұмыс істейтін кісіге
айтылады. Жұмысшы сол уақыт аралығында тек өзінің
жұмыс берушісіне ғана бағынышты болып, басқа жұмыс
беруші үшін жұмыс істей алмайды. Жұмыс берілген жағ-
дайда міндетін дер кезінде атқару үшін жұмыс орнында
әрқашан сақадай сай тұруға тиісті. Ол жұмыс орнында
ешбір жұмыс істемесе де жалақысын алады. Айлық жа-
лақыға жалданған қызметкер, маусымдық ауыл шаруа-
шылығы жұмысшылары, құрылыс шеберлері және мем-
лекеттік қызметкерлер осы категорияға кіргізілген.
2. Ортақ жұмысшы (әжри-муштәрәк) – дәрігерлік, бух-
галтерлік, тігіншілік немесе ағаш ұстасы сынды ешкімге
бағынышты емес еркін кәсіптік жұмыспен айналысатын
адамдарға айтылады. Бұлар тек бір ғана жұмыс берушіге
емес, бірнеше жұмыс берушімен келісім-шарт негізінде
міндеттемелер алып, жұмыс жасай береді. Алайда алған
міндеттемелерін орындамайынша, жасаған жұмысы
үшін жалақы ала алмайды. Мұндай жұмысшылар істе-
ген жұмыстарына қарай жалақы алады.
Ислам құқығы бойынша, жұмысшыға оның әлі кел-
мейтін шамадан тыс ауыр жұмыстар жүктелмейді.
«Алла тағала ешбір адамды шамасы жетпейтін ісі үшін
жауапқа тартпайды» деген аят еңбек құқығы тұрғысы-
нан мүминдерге иләһи аһлақты паш етіп, адамдарға тек
шамасы келетін істерді ғана міндет-теу қажеттігін ескер-
теді. Ардақты Пайғамбарымыз осы мәселеге қатысты
Үкілі үміт 71

бір хадисінде: «Жұмысшылар – сендердің шаруала-


рыңды тындыратын бауырларың. Алла оларды сендер-
дің қол астарыңда жұмыс істет-кізуде. Қаласа, сендерді
олардың қол астында жұмыс істеткізер еді. Ендеше, жұ-
мысшыларыңа өздерің жегенді жегізіп, өздерің кигенді
кидіріңдер. Оларға шамасы келмейтін жұмысты жүкте-
меңдер. Егер ауыр жұмыс берсеңдер, өздерің де көмек-
тесіңдер»48 деп, мұсылмандардың жұмысшыларға қалай
қарау керек екенін айтып кеткен.
Адамдарды шамасы келетін жұмыстарға ғана жұмсау,
әрбір адамның өзіндік жағдайын, шамасын қаперге алу
Ислами түсініктің алтын қағидаларына жатады. Осын-
дай түсінік балалар құқығы мәселесінде де айқын байқа-
лады. Ислам еңбек құқығы балаларды жұмысқа жегуге
тыйым салған. Балалардың ең бірінші кезекте білім алуы
қажет екенін білдіріп, тек осы мақсатта ғана белгілі бір
жұмыстарды тапсыруға рұқсат еткен. Балалар әке-ше-
шелерінің және басқарушылардың рұқсатымен белгілі
бір өнерді үйрену мақсатында ғана жұмысқа алынады.
Осы мәселеге қатысты Ислами түсініктің тағы бір терең
қырын айта кеткенді жөн көрдік. Ислам еңбек құқығы
бойынша, әке-шешесі өздеріне тиесілі жұмыс орнында
жалақы төлеу шартымен өз балаларын жұмыс істеткі-
зе алады. Алайда балалары өздеріне тиесілі жұмыс ор-
нында өз әке-шешелерін жалақыға жұмыс істеткізуіне
тыйым салынған. Өйткені Ислам діні кәмелетке толған
және мүмкіндігі жеткілікті жандарға өз әке-шешелерін
бағып-қағу міндетін жүктеген.
Ислам еңбек құқығы бойынша жұмысшыға денсаулы-
ғына қауіп төндіретін жұмыстарды тапсыруға да тыйым
48
Мүслим, Иман, 38, 40.
72 Таңдамалы-4

салынған. Өйткені Алла алдында бір кісінің өмірі барша


адамдардың өмірі сынды қадірлі саналады49. Ендеше,
қауіпсіздігіне анық көз жеткізбейінше, жұмысшыны
жердің терең қатпарларында жұмыс істеткізуге болмай-
ды. Обал-сауапты білетін мұсылман біле тұра жұмысшы-
ны осындай қатерлі іске салмайды. Негізі мұндай мәсе-
лелер бойынша шешім қабылдау, жұмыс берушінің құ-
зырына жатпайды. Жұмыс орындарындағы жұмыс түр-
лерінің адам өміріне қауіп төндіріп-төндірмейтінін бақы-
лау және тексеру мемлекеттік мекемелердің міндетіне
жатқызылған.
Ислам құқығы бойынша, жұмысшы жұмыс орнында
және жұмыс уақытында намаз, ораза сынды парыз ғи-
бадаттарын еркін атқару құқығына ие. Фиқһ ғалымы Ибн
Абидиннің пікірінше, жұмыс беруші жұмыстың қауырт-
тығына байланысты жұмысшыны парыз намаздарында
мешітке жібермей, жұмыс орнында оқуын талап етуге
хақысы бар. Алайда жамағатпен оқылатын жұма және
айт намаздарында бұлай ете алмайды. Жұмыс беруші
жұмыс уақыты кетеді деген сылтаумен жұмысшының ғи-
бадатына кедергі болмауы қажет. Діни міндеттерін еркін
атқаруы үшін жұмысшыға мүмкіндік беруге тиісті. Ал жұ-
мысшылар жұмыс берушінің ғибадат атқаруға түсініс-
тікпен қарап, төзімділік танытуын теріс мақсатта пайда-
ланбай, құлшылығын орындап, өзіне жүктелген міндетін
адал атқаруға тиісті.
Ислам діні жаһилия50 кезіндегі қалталы бай-шон-
жарлар мен тайпа басшыларының астамшылдық және
49
«Маида» сүресі, 5/32.
50
Ислам дінінен бұрын араб қоғамында үстемдік құрған надандық
дәуірінің атауы
Үкілі үміт 73

тоғышарлықпен жұмысшылар мен құлдарды қанауға


негізделген әділетсіз қоғамдық жүйесін жойып, Алла-
ның әмірлеріне негізделген әділ әлеуметтік жүйе орнат-
ты. Мұсылмандық түсінікте байлық та, кедейлік те адам
үшін сынақ болып саналады. Сондықтан Ислам діні жұ-
мысшылардың қаналуына әсте жол бермейді. Осылай-
ша, белгілі бір мағынада тапсыз қоғам түсінігін қалып-
тастырған. Мұсылман қоғамында жұмыс берушілер жұ-
мысшылардан жоғары қандай да бір әлеуметтік статус-
қа немесе қоғамдық құрметке ие емес. Жұмысшыларды
жұмыс берушілерден төмендететіндей түсінік мүлдем
болмаған. Өйткені Исламда үстемдік тек тақуалықта
деген қағида нық орныққан. Кімнің бойында Алладан
қорқу сезімі басым және құлшылық пен ізгі амалда бас-
қалардан ілгері болса, міне сондай жандар ең үлкен құр-
метке лайықты деп есептелген.
Ислам құқықшылары адамдар жұмыс таппаған жағ-
дайда, мемлекет оларға жұмыс тауып беруге, күнкөрі-
сін қамтамасыз ететіндей еңбек жағдайларын қалып-
тастыруға міндетті екенін айтқан. Мемлекет бір жақтан
қайыршылықтың алдын алып, парақорлыққа, пайызға
және құмар ойындарына тыйым салып, осындай әлеу-
меттік кеселдерді түп тамырымен жойып отыруға тиісті.
Енді бір жағынан қоғамда жатып ішер тоғышарлықтың
белең алуына жол бермей, адамдардың еңбек етуіне,
өнер табуына тиісті жағдайлар қалыптастырып, жаңа
жұмыс орындарын ашуға тиісті деп саналған. Сонымен
қатар, аурулардың, қарттардың, панасыздардың және
әлеуметтік жадайы өте төмен топтардың күнкөрісін қам-
тамасыз ету де мемлекеттің міндетіне жатқызылған.
74 Таңдамалы-4

3. Жалақы
Жалақы – жасалған іске немесе қызметке төленетін
ақы, еңбегі мен маңдай терінің өтемі деген мағынаны
білдіреді. Белгілі бір ақы үшін жасалатын жұмыстың мақ-
саты мен нәтижесі де жалақы деп аталады.
а) Жалақы теориялары
Жалақыны белгілеудің өлшемі, қалай төленетіні,
жалақы төлеудің мерзімі бүгінге дейін экономистердің
ең өзекті тақырыптарының бірі болып келді. Осы мәселе
төңірегінде көптеген жалақы теориялары қалыптасты.
Батыстық экономист ғалым Адам Смитт «Еңбекке
деген сұраныс капиталдың ұсынысына тәуелді» деп, өз
теориясын осы қағидаға негіздеген. Тағы бір батыстық
экономист ғалым Рикардо еңбекті «тауар» ретінде ба-
ғалап, жалақының нарықтағы еңбек ұсынысына қарай
белгіленетінін алға тартқан. Джон Стюарт Милль жалпы
ұлттық табыстан жұмысшылардың жалақыларына бө-
лінген қаржылық қорды жұмысшылардың жалпы санына
бөлу арқылы жалақы мөлшері анықталатынын алға
тартып, «жалақы қоры теориясын» қалыптастырған. Ал
батыста пролетариат мүддесіне негізделген жалақы тео-
риясының негізін қалаушы Карл Маркс «Пайда – жұмыс-
шының жалақысынан ұрланған жұмысшы ақысы болып
табылады. Жалақыны еңбек белгілейді. Сондықтан өнді-
рілген өнімдердің барлығында қосымша құн мен жалақы
стандарты болуы қажет» деген ойды ортаға тастады.
Батыс әлемінде ең көп қолдау тапқан жалақы теория-
ларының бірі – «маргиналды тиімділік теориясы» болып
табылады. Бұл теория бойынша жалақы мөлшері өнді-
ріске үлес қосқан ең соңғы жұмысшының маргиналды
Үкілі үміт 75

тиімділігіне қарай белгіленеді. Яғни, маргиналды (жалпы


өндірістік қатынастарда кенже қалған ең соңғы) жұ-
мысшы тарапынан қамтамасыз етілетін өнімнің артуы,
жалақы мөлшерін белгілейтін фактор болып табылады.
Басқалай айтқанда, еңбектің тиімділігі артқан сайын
жалақы да арта түседі. Дегенмен осы теорияда айтыл-
ғандай жалақы төлеу негіздері практикада жұмысшы-
ның мүддесіне шешілмеген. Жұмысшылардың көпшілі-
гі ең төменгі жалақы мөлшерінде еңбекақы алып отыр-
ған. Тіпті ең төменгі жалақының өзі азайтылып көрсеті-
ліп, жұмысшыларға жоғары жалақы төленгендей жалған
көрсеткіштерге сүйенушілік белең алып, жұмысшылар
алған еңбекақысымен қарын тоқтығын ғана місе тұтқан.
Батыста пайда болған тағы бір оптимистик жалақы
теориясы – «келісім теориясы» болып табылады. Бұл
теория бойынша жұмысшылар ұйымдаса отырып, түрлі
кәсіподақтарға бірігуі қажет. Осылайша, жұмыс берушіге
қарсы алып күш ретінде қалыптасып, онымен тең дәре-
желі мәмілеге түсіп, келісім жасау арқылы жалақы мөл-
шерін белгілеуді қолдайды.
Сырттай қарағанда аталған оптимистік жалақы тео-
риялары теріс мақсатта қолданылмаса, жұмысшы мен
жұмыс берушінің мүддесін теңдей көздейтін секілді кө-
рінеді. Алайда маргиналды тиімділік теориясы бойынша
жалақының мөлшері еңбектің тиімділігіне байланысты
болғандықтан, жалақы мөлшерін жұмыс беруші белгі-
лейді. Сондықтан жағдайды жұмыс беруші өз мүддесі-
не ыңғайлап қолдануына жол ашық. Ал келісім теория-
сында жалақы мөлшерін белгілеуде жұмысшылар басты
рөл ойнайтындықтан, белгілі деңгейде жұмыс берушінің
мүддесі зиянға ұшырауы мүмкін.
76 Таңдамалы-4

Ал бүгінде жағдай мүлдем басқаша. Дамыған елдер-


де жұмыс берушілердің жұмысшыларға деген адамгер-
шілік қарым-қатынасы бұрынғыдан әлдеқайда жақсар-
ған. Әрине, ең адасқан мәзхабтардың өзінде белгілі мөл-
шерде ақиқаттың тамшысы болатыны сынды аталған
экономикалық теорияларда да бірқатар ақыл-қисынға,
адамгершілікке, ізгілікке сай жайттардың бар екені рас.
Алайда адам баласы ойлап тапқан ешбір жалақы жүйесі
Исламдағы жалақы жүйесінің деңгейіне жете алмағанын
нық сеніммен айта аламыз.
ә) Исламда жалақы
Жұмысшылар бүгінге дейін іздеген асылын капиталис-
тік немесе либералды жүйелерден де, ұжымдық немесе
коммунистік жүйелерден де таба алмады. Батыста жұ-
мысшылардың өмір сүру деңгейі бұрынғыға қарағанда
едәуір жақсарғанымен, бәрібір нарықтағы сұраныс пен
ұсыныс факторы белгілейтін мөлшерге сәйкес келмей-
ді. Мұндай жүйелерде сұраныс пен ұсыныс механизмін
реттеудің тетігі түгелдей мемлекеттің немесе ірі қаржы
иелерінің қолында болғандықтан, жалақы стандартта-
рын белгілеуде жұмысшылардың айтарлықтай ықпал
ету мүмкіндігі жоқ. Жалақы стандарттарын белгілей ал-
майтындықтан, жұмысшыларда төленген ақшаға місе
тұтудан басқа шара жоқ. Мұндай жүйелердің барлығын-
да жұмысшылардың құқығы аяққа тапталуда. Бұл кейбір
жүйелерде көзбояушылықпен жасалса, енді бірінде
ашықтан-ашық жұмысшыларға озбырлық көрсетілуде.
Ислам ұсынған жалақы жүйесімен адам баласы ойлап
тапқан ешбір жалақы теориясы иық түйістіре алмайды.
Ислами жалақы жүйесін жете түсініп, оның артықшы-
лықтарын көру үшін, Ислам діні біртұтас қарастырылып,
Үкілі үміт 77

дұрыс пайымдалуы қажет. Өйткені жалақы мәселесі,


жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы қарым-қаты-
настардың бір бөлігін ғана құрайды. Жалақы мәселе-
сін басқа мәселелерден бөлек, жеке-дара қарастыру оң
нәтиже бермейді. Сондықтан жалақымен бірге басқа да
екі жақты құқықтар мен жауапкершіліктер зерделеніп,
жалақыны аталған үлкен жүйенің бір бөлігі ретінді қа-
растырған жөн. Тіпті бұл мәселені Исламның қоғамдық,
экономикалық өмірге қатысты негізгі қағидалары мен
институттарын да қамтитындай кең көлемде қолға алып
зерттеу артық болмас деген ойдамыз. Негізі жұмысшы
жалақыларының мөлшері аят пен хадистерде тікелей
анықталып, белгіленбеген. Заман мен шарттардың үз-
діксіз өзгеріс үстінде болатынын ескерсек, бұған қажет-
тілік те жоқ. Дегенмен аят пен хадистерде жалақы мөл-
шерін белгілеуде әділдікті негізге алған бірқатар өлшем-
дер берілген. Атқарылатын істің сипаты, жұмыс істелетін
уақыт, аймақтың экономикалық шарттары, жұмысшы-
ның қабілеті жалақыны айқындау барысында маңызды
факторлар болып саналады. Ислам діні жалақы мөлше-
рін белгілеуде аталған факторларды қатаң басшылыққа
алатын қағидаларды белгілеген. «Енді өлшемді, таразы-
ны дәл тартыңдар, адамдардың ақылары мен жалақы-
ларын кемітпеңдер, халыққа әділетсіздік жасамаңдар»
деген аятты, адамның осы дүниеде жасайтын зәредей
жақсылығының қарымын ақыретте көретіні, зәредей жа-
мандық істесе, оның да міндетті түрде жазасын шегетіні
жайындағы ескертулер Ислам ахлақын паш етеді. Осын-
дай алтын қағидалар жұмысшылар құқығының қағида-
ларында да көрініс тапқан. Мұсылмандардың жалақы
түсінігін осы тұғырдан қарастырып, зерделеу қажет.
78 Таңдамалы-4

Ислам дінінде атқарылатын түрлі іс пен кәсіп үшін


жалпы жалақы мөлшерлері белгіленбейді. Бұл келісім-
шарт жасасу барысында тараптар арасында өзара келі-
сіммен белгіленеді. Осылай болмаса еңбек келісім-шар-
ты жарамсыз болып, жұмысшы жұмыс істейтін күндері
үшін қосымша жалақы алуға құқылы саналады. Басқа-
ша айтқанда, жалақы жұмысшы мен жұмыс беруші ара-
сындағы келісімге байланысты. Алайда әуел бастан та-
раптар арасында келісім жасалмаса, «әжри мисл» яғни,
қосымша жалақы беріледі. Мұндай жалақы дәл сондай
істер үшін төленетін орташа жалақы стандарты мен ғұ-
рыптарға қарай сол саланың мамандары тарапынан
белгіленеді. Негізінде, бұл жүйе жұмысшының мүддесі
үшін өте тиімді. Әрі жұмыс берушінің де мүддесі ескері-
ліп, әділетсіздікке ұшырауына жол берілмейді.
Ислам құқығы бойынша жалақының мөлшері белгі-
ленгенде жұмысшының өз басы мен қарауындағы кісі-
лердің күнкөрісін, ішіп-жемін, киім-кешегін және білім
алу сынды негізгі қажеттіліктерін қамтамасыз ететін
деңгейде болуына баса мән беріледі. Осы аталған шарт-
тардың орындалуына мұқият назар аударған ардақты
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Қандай да бір кісі бізге жұмысшы
ретінде жалданатын болса, егер паналайтын баспана-
сы жоқ болса, өзіне бір үй алсын, бойдақ болса үйленсін,
қызметшіге мұқтаждығы болса қызметші алсын, мініс
көлігі жоқ болса, мініс көлігін алсын. Кімде-кім осыларға
қанағат етпей бұдан да көп нәрсе қаласа, ол кісі аманат-
қа қиянат жасайтын немесе ұрлыққа беттейтін кісі болуы
мүмкін»51 деген.
51
Ахмад ибн Ханбәл, Мүснәд, 4/299.
Үкілі үміт 79

Осы хадисте атап көрсетілген жұмысшылардың өмір


сүру стандарттары жалақы мөлшерінің қандай болуы
қажеттігін көрсетеді. Хадисте айтылған шарттар бо-
йынша, жұмысшы алатын жалақысына ақылға қоным-
ды уақыт ішінде үй алу, бойдақ болса үйлену, мініс көлігі
жоқ болса автокөлік сатып алу мүмкіндігі қарастырылуы
қажет. Қазіргі уақыттағы бірқатар Ислам құқықшылары-
ның пәтуасына сүйенсек, жалақы мөлшерін белгілеуде
жұмысшы жоғарыда аталған шарттар мен механизм-
дерді еркін қолданатындай қаржылық мүмкіндікке ие
болуды талап ете алады. Негізі жұмысшының өндіріске
қосатын үлесі мен еңбегі жоғарыда аталған шарттарды
түгелдей қамтамасыз етуге жетеді.
Экономикалық өмірде тұтыну өнімдерінің бағасын
ұзақ уақыт бойы тұрақты ұстап тұру мүмкін болмаған-
дықтан, еңбекке берілетін жалақы мөлшері де бір қалып-
та сақталып қала алмайды. Сондықтан діни өлшемдер
тұрғысынан әділ түрде жалақы белгіленгеннен кейін ха-
дисте аталған стандарттар негізінде жалақы мөлшері де
инфляция мен тұтыну өнімдерінің қымбаттауына қарай
кезең кезеңмен көтеріліп отырылуы қажет.
б) Жалақы айырмашылықтары
Исламдағы жалақы жүйесінің тағы бір ерекшелігі
жалақы айырмашылықтарына қатысты өзіндік ұстаным-
дары болып табылады. Негізі Хақ тағала адамдарды әр-
түрлі қарым-қабілетпен жаратқан. Адамдардың қарым-
қабілеті олардың жасайтын істерінде де көрініс табады.
Бұл қалыпты, табиғи жағдай. Ендеше, адамдардың қа-
рым-қабілетіне қарай жалақы алуы да қалыпты жағдай
саналады. Жасалатын істер бірдей еңбек пен бірдей қа-
білетті қажет етпейді. Дәл осы секілді еңбек үдерісіндегі
80 Таңдамалы-4

тәуекел деңгейі де бірдей бола бермейді. Сондықтан да,


түрлі саладағы жұмысшылардың теңдей жалақы алуы-
ның мәні жоқ. Мәселен, құрылыста істейтін қатардағы
жұмысшы арнайы бір білімге немесе қабілетке ие болуы
шарт емес. Алайда құрылыс саласының инженері немесе
құрылысты мәрмармен, паркетпен, керамикамен қап-
тайтын мамандар өзінің арнайы қабілетімен, кәсіби бі-
ліктілігімен ғана өз ісін атқара алады.
Негізі бұл дүние адамның кәсіби қарым-қабілетін
шыңдап, дамытатын мекен болып саналады. Исламда
адамдардың қарым-қабілетін дамыту үшін еңбегіне қа-
жыр-қайрат көрсеткеніне қарай, сый-сияпат беру қағи-
дасы бар. Құран кәрімнің: «Адамға өз еңбегінің нәтижесі
ғана бұйырмақ» деген аяты қарым-қабілеттің дамыты-
луына орай, айрықша қарым-қатынас жасау қажеттігін
меңзейді. Исламның жалақы немесе еңбекақы мәселе-
сіндегі басты қағидасы осындай түсініктен бастау алады.
Исламдағы иләһи жүйе ой мен дене қуатына атқара-
тын еңбегі мен бейнетіне қарай, сияпат жасауды басты
өлшем етіп алады. Сондықтан әзірет Омардың қабіле-
ті мен парасаты жай қара жұмысшының қабілетімен
тең саналмайтыны анық. Жалақы да олардың қабілеті-
не қарай әртүрлі мөлшерде төленуі әбден орынды. Күн-
діз-түні тыным таппай жұмыс істейтін адам мен бірне-
ше сағаттық жұмыстан кейін шалқасынан түсіп жататын
кісіге бірдей жалақы төлеу әділетсіздік болса керек. Осы
себептен барлық адамға теңдей жалақы төлеу түсінігі
адам жаратылысына жат саналып, әлемнің ешбір жерін-
де жүзеге де аспады, қолдаушы да таппады.
Адамдарға қарым-қабілеті мен бейнетіне қарай
жалақы төлеу аса өзекті мәселе. Алайда ислами түсінік
Үкілі үміт 81

бойынша, ең төменгі санаттағы жалақы да жұмысшы-


ның адам секілді өмір сүруіне жететіндей мөлшерде
болуы шарт. Жалақы мөлшерінің көптігі не аздығы адам-
дардың өз істеріндегі қабілеті мен тәжірибесіне қарай
айқындалады.
4. Жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы
қарым-қатынас
Басқа кісінің жұмысын белгілі бір ақыға жалданып ат-
қаратын кісі «жұмысшы» деп аталса, қолында қаржысы,
жұмыс орны бар, жалақыға жұмысшы жалдайтын және
олардың жұмыс істеу тәртібін белгілейтін кісі «жұмыс
беруші» деп аталады. Жұмыс беруші жеке тұлға болумен
бірге қор, компания немесе мемлекет сынды заңды тұл-
ғалар да бола алады.
Жұмыс беруші мен жұмысшылардың тап ретінде қа-
лыптасуы қоғамдағы экономикалық қатынастардың күр-
делене түскен кезеңдерінде пайда болған Батыс елдері-
не тән құбылыс. Өндірістік қатынастарда еңбектің жал-
дануы, жұмысшы мен жұмыс беруші ұғымдары Ислам
қоғамдарында да болған. Алайда Исламда жұмысшы-
лар табы, пролетариат, олигархтар, буржуазия ұғымда-
ры мүлдем болған емес.
Мұсылман қоғамы үшін таптар арасындағы бітіспес
қайшылық, қақтығыс пен күрес ұғымдары мүлдем жат.
Өйткені Ислам қоғамындағы жұмысшы-жұмыс беруші
қатынастары діни бауырластыққа, барша «өз қарауын-
дағы отарға жауапты шопан жауапкершілігі» қағидасы-
на, адамның жасаған зәредей жамандығының немесе
жақсылығының нәтижесін арғы дүниеде міндетті түрде
көретіндігіне қатысты сенімге негізделіп, осындай мо-
ральдық түсінікті алдынғы орынға қояды. Сондықтан
82 Таңдамалы-4

мұсылмандар үшін жұмысшы ұғымының таптық, әлеу-


меттік астары жоқ. Исламның әділдікті ту еткен қоғамдық
жүйесінде адамдар өмір бойы жұмысшы немесе жұмыс
беруші деңгейінде қала бермейді. Кеше ғана еңбекші
ретінде жалданған жұмысшы араға біраз уақыт салып,
үлкен қаржысы бар дәулетті кісі бола алады. Кешегі жұ-
мысшы біраз уақыттан кейін еңбек пен қаржының үлес-
кері (мударабә), шаруашылық бірлестіктің қатысушысы
(музараа) сынды басқа серіктермен ортақ жұмыс орнын
құрып, жұмыс беруші дәрежесіне жете алады.
а) Еңбек пен капиталдың күресі
Еңбек пен жалақы, еңбек пен капитал тақырыбы әлеу-
меттік төңкерістер тарихында өте өзекті мәселелер
болып саналады. Әлемдегі төңкерістердің шығу төркіні
еңбек пен капиталдың күресіне қатысты өрбіген. Өйткені
бай-шонжарлардың кедейлерді еңбегін де ақтамайтын
аз ақшаға жұмыс істеткізуі, ірі қаржы иелерінің еңбек-
шілер мен қызметкерлерді жалшылықта ұстауы үлкен
төңкерістерге жол ашқан. Иә, социализм немесе боль-
шевизм кейпінде әуелі Ресейді сергелдеңге салып, сонан
соң бүкіл әлемді жайлаған еңбек пен капитал арасында-
ғы бітіспес күрес бай мен кедейдің арасында өшпенділік
өртін қоздырғаны соншама, мұның арты әлеуметтік төң-
керістермен аяқталды. Таңның атысынан күннің батысы-
на дейін тиын-тебен үшін бейнет шеккен кедейлердің жү-
ректерінде банктері арқылы миллиондап ақша табатын
ірі қаржы иелеріне өшпес ыза мен кек жиналды. Осының
нәтижесінде әлемнің түкпір-түкпірінде халықтық толқу-
лардың ақыры бітіспес таптық күреске алып келді.
Таптық сана мен таптық күрестің дау-дамайы шын мә-
нінде өте қарапайым мәселеден яғни, «капитал маңызды
Үкілі үміт 83

ма әлде еңбек маңызды ма?» деген сұрақтан бастау


алады. Тап күресінің тарихында бүгінге дейін осы сұрақ
дау-дамайдың басы болды. Негізі ислами түсінікпен қа-
рағанда, әуел бастан бұл мәселе дұрыс талқыға салын-
бағаны көрініп тұр. Сондықтан таптық пікірталастар тұ-
йыққа тіреліп, арты күреске ұласты.
Экономикалық жүйелердің кейбірі капиталдың маңы-
зын аса жоғары бағалап, «Капиталсыз еш нәрсе болмай-
ды» деп еңбекті, адамның бейнетін екінші орынға қояды.
Мұндай көзқарастағылар үшін еңбекшілер басын қатер-
ге тігіп, жерасты кеніштерінде жұмыс істесе де, тунелдер-
де дем жетіспей бейнет шексе де, қолынан орағын таста-
май егістік алқаптарында тер төксе де, тау қопарып, тас
уатса да бәрібір еңбектің маңызы мен рөлі шектеулі. Ең-
бекшілердің жалақысы капиталдың өрісін ашу тұрғысы-
нан ғана маңызды. Яғни, жалақы жұмысшыға берілетін
садақа тәрізді. Мұндай жүйеде капиталға табынушылық
түсінігі үстемдік құрып, капитал бейне бір пұтқа айнал-
дырылған. Таптық күрестің шығу тарихына көз жүгірт-
сек, барлық дауға осындай түсініктің себепкер болғанын
байқаймыз. Бүгінгі таңда көптеген елдің шырқы дәл осы
себептен бұзылып жатқаны жасырын емес.
Капиталистік жүйелерге қарсы қалыптасқан социа-
листік жүйелерде керісінше еңбекке табыну-шылық
белең алып, «еңбексіз еш нәрсе болмайды» деп, жаңа
«пұт» ойлап табылған. Мұндай түсінікте капитал тек қа-
наудың құралы деп саналады. Ал капитал иелері – ең-
бекшінің қанын соратын «паразит».
Осы аталған екі жүйенің екеуі де бір-бірімен бітіспес
қарсылыққа, полярлануға бет алды. Нәтижеде, соңғы ға-
сырларда адамзат тарихында бұрын-соңды болмаған
84 Таңдамалы-4

үлкен ауқымдағы таптық күрестер мен әлеуметтік төң-


керістер көрініс берді. Көптеген елдердің шырқы бұ-
зылып жаппай анархия белең алды. Бертін келе әлем-
нің кейбір елдерінде жұмыс беруші мен жұмысшылар
арасында ұжымдық келісім-шарттар жасасу, ереуілдер
мен жаппай еңбек наразылықтарын өткізуге мүмкіндік
жасау арқылы таптық қайшылықтар бәсеңдетіліп, бірқа-
тар бітім жолдары ойлап табылды. Дегенмен таптық са-
на-сезім үстемдік құрған қоғамдардағы осындай өткінші
шешімдер ушыққан әлеуметтік жараларды жаза ала ма?
Әлде одан бетер асқындырып, жазылмас жараға айнал-
дыра ма? Мұның нәтижесін уақыт көрсетеді.
ә) Ислами қағидалар тұрғысынан еңбек пен
капитал қарым-қатынасы
Исламның экономикалық қағидалары тұрғысынан қа-
рағанда, еңбек пен капитал адамның жаны мен тәні се-
кілді бір бүтінді құрайды. Бұл өмірде жан мен тән бір-
бірінен ажырамайтын бірегей құбылыс бола отырып,
жанның бірқатар артықшылықтары бар екенін де айта
кеткен орынды. Ислами экономикалық түсінікте еңбек –
жан, ал капитал – тән саналады. Тәннің жанға бағынаты-
ны секілді капитал да еңбекке тәуелді болып саналады.
Капиталдағы тәртіп, жүйе, үйлесім, белсенділік, жыл-
дамдық еңбекке байланысты екенін ұмытпаған жөн.
«Бүгінгі капитал – кешегі еңбектің нәтижесі» деген
Маркс еңбек пен капитал қарым-қатынасының бір ғана
қырын атап көрсеткен. «Бір қыры» дейтін себебім, ка-
питалдың барлық түрі еңбектің нәтижесі деген байлам
дұрыс емес. Өйткені адам өз болмысы мен өмір сүріп
жатқан қоғамын жан-жақты зерделесе, көптеген игі-
ліктерге ешбір еңбексіз тегін қауышқанын көреді. Қала
Үкілі үміт 85

берді, адам баласы көп жағдайда ешбір бейнетсіз Хақ


тағаланың нығметтеріне бөленіп отыратынын да естен
шығармау қажет.
Негізі, Маркстің «Бүгінгі капитал – кешегі еңбектің
нәтижесі» деген пайымы белгілі бір тұрғыдан алғанда
шындық. Өйткені Алла тағала: «Адам еңбегі мен бейне-
тінің нәтижесінен басқа ештемеге қол жеткізе алмайды.
Еңбегінің нәтижесін міндетті түрде болашақта көреді.
Еңбегінің қарымы өзіне толықтай қайтарылады»52 деген.
Тіпті Құранның осынау мұғжиза сөзіне иман тұрғысынан
пайым жасасақ, капиталдың астарында еңбек бар екен-
дігіне қатысты ақиқатты көреміз. Ендеше, ең маңызды
фактордың еңбек, ал капитал еңбекке бағынышты екенін
айта аламыз. Алайда біз капиталды тұтастай жоққа шы-
ғарып, мән-маңызынан айырып, еңбекті пұтқа айналды-
рудан да аулақпыз.
Еңбек пен капитал мәселесін Батыстағы экономика-
лық жүйелер бірі ары тартып, бірі бері тартса да, Ислам
екеуін бір арнада тоғыстыра білген. Әрбір тіршілік ие-
сінің өз құқын анықтаған. Алла елшісі (с.а.с.): «Жұмысшы
жалдаған кісі әуел бастан беретін жалақысының мөлше-
рін айтып білдірсін»53 және «Жұмыс істеткен кісінің жа-
лақысын маңдай тері кеппей тұрып беріңдер»54 деп, бір
жағынан еңбектің мәнін әспеттесе, енді бір жағынан ка-
питал иесінің құқығын ескеріп, жұмыс беруші құқығы-
ның аяққа тапталуының харам екенін білдірген.
Адамзаттың асыл тәжі сүйікті Пайғамбарымыз (с.а.с.)
кейде ғибратты әңгімелер арқылы маңызды мәселелерге
52
«Нәжм» сүресі, 53/39-41.
53
Нәсәи, Әймән уән Нузур, 44.
54
Хәйсәми, Мәжмауз-Зәуайд, 4/97.
86 Таңдамалы-4

үмбетінің назарын аударатын. Осындай ғибратты әңгі-


мелердің бірінде мүмин жұмыс берушілердің қол астын-
дағы жұмысшының еңбекақысын айналымға салып кө-
бейтіп, оны да капитал иесі етуге ынталандырған. «Үңгір
оқиғасы» деп аталатын хадис шәріпте мынадай жағдай
баяндалады.
«Бірде үш кісі түнеу үшін бір үңгірді паналайды. Олар
іште отырғанда, таудан домалап түскен үлкен тас үңгір-
дің аузын жауып қалады. Әлгі кісілер қанша талпынса
да, тасты орнынан қозғай алмай әуре-сарсаңға түсіпті.
Амалы таусылған үш кісі ақыр соңында тастың дома-
лап кетуі үшін Алланың алдында қабыл болар деп сенім
артқан ізгі амалдарын себепкер қылып тілек тілейді. Бі-
рінші кісі әке-шешесіне өте жақсы қарағанын себеп етіп,
дұға жасайды. Екіншісі, харам іске беттеп, өз абыройы
мен басқа бір қыздың абыройын айрандай төгудің ал-
дында тұрғанда Алладан қорыққаны үшін сол істен бас
тартқанын дұғасына дәнекер қылады. Екі кісінің тіле-
гімен үгірдің аузын жапқан тас аз да болса жылжиды,
бірақ бәрібір үш жолдас шығып кете алмай дал болады.
Сол кезде үшінші кісі былай деп дұға етеді: «Раббым!
Қол астымда бір жұмысшы ұстаған едім. Басқа жұ-
мысшыларға бергендей оған да өз жалақысын бердім.
Алайда ол менің бергенімді азсынып: «Мынауыңды ал-
маймын» деп, кетіп қалды. Онымен жалақы ретінде бір
қойға келіскен едік. Ол кетіп қалғасын жалғыз қойының
өсіп-көбеюіне айрықша жағдай жасадым. Біраз жылдан
кейін әлгінің жалғыз қойы бір отарға айналды. Бір күні
баяғы кісі үйіме келіп, менен өз ақысын талап етті. Оған
өзі алмай кеткен бір қойдан тараған отарын көрсетіп:
«Міне, мынаның барлығы сенің ақың» дедім. Әлгі адам:
Үкілі үміт 87

«Мен секілді кедейді бұлай келеке етпе» деп реніш біл-


діргенде: «Келеке етіп тұрғам жоқ. Сол кезде алмаған
қойың өсіп, өніп, көбейді. Енді барлық қойыңды айдап
кет!» дедім. Әлгі кісі қуанышы қойнына сыймай, бір отар
қойды алдына салып айдап кетті. Раббым! Осы амалды
Сен үшін ғана жасадым. Егер осы ісімнен разы болсаң,
үңгірдің аузын аша гөр!» деп дұға етеді.
Осы дұғаның жасалуы мұң екен, үңгірдің аузындағы
тас домалап кетіп, үш кісі сыртқа шығады»55.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) осы оқиға арқылы қоғам өмірін-
де бақыт пен ізгіліктің кепілі болатын үш негізгі мәселеге
назар аударады. Қарттарға құрмет көрсетіп, әке-шешені
аялап бағудың, өз абыройы мен өзгенің абыройына дақ
түсірмеудің және жұмысшылардың құқықтарын қорғап,
тіпті жұмысшыны бір серіктес ретінде көріп, оның да ка-
питал иесі болуы үшін жағдай жасаудың маңыздылығын
көрсетеді.
Қорыта айтқанда, Ислам капиталға да, еңбекке де ай-
рықша мән беріп, бірқатар қағидалар белгілеген. Жұ-
мысшы бойындағы барлық күші мен қабілетін салып,
өз жұмысын адал атқаруы қажет. Ал жұмыс беруші ең-
бекшілердің құқықтарын қорғап, атқарған істерінің жа-
лақысын толығымен дәл уақытында төлеуі қажет. Ислам
дінінде жұмысшылар жұмыс берушіге немесе керісін-
ше жұмыс беруші жұмысшыларға қиянат жасаса, қарсы
тарап дәл солай қиянатпен қарымта қайтаруы дұрыс
емес. Құрандағы «Ей, иман келтіргендер! Хақты жақтап,
бар күштеріңмен барлық істеріңде әділдікті жүзеге
асырыңдар және әділдікті ұстанған куәлар болыңдар.
Бір қауымға деген іштеріңдегі ыза мен кек сендерді
55
Бұхари, Буйу 98; Ижарә 12; Әбу Дәуіт, Буйу 29.
88 Таңдамалы-4

әділетсіздікке ұрындырмасын. Әділ болыңдар, тақуа-


лыққа ең лайықты іс-әрекет осы. Аллаға қарсы келуден
сақтаныңдар. Өйткені Алла жасаған барлық істеріңнен
хабардар»56 деген аятты түсіне білген барша мүмин жұ-
мысшы болсын, жұмыс беруші болсын Алладан қорқуы
қажет. Ислам діні мұсылмандарға осындай түсінік пен
ұстаным арқылы рухани бағыт көрсетіп, капитал мен
еңбек арасында үзілмес алтын арқау құрады.
б) Ислам қоғамындағы жұмысшы мен жұмыс
беруші арасындағы қарым-қатынас
Ислами түсінік бойынша, жұмысшы мен жұмыс
беруші бір дененің ағзалары тәрізді өзара тығыз байла-
нысты. Дене мүшелерінің бір-бірімен текетіреске түспей-
тіні сынды жұмысшы мен жұмыс беруші арасында тай-
талас пен өшпенділік жоқ. Өйткені жұмысшы да, жұмыс
беруші де кәсіптік этикаға сай өз борышын атқарып, бір-
бірінің құқығын бұзбауға баса мән береді.
Жұмысшы өз ақысын маңдай тері құрғамай тұрып
алады. Жұмысын адал атқарады. Бойындағы бар күш-
қуатын салып жұмыс істеп, жұмыс берушінің құқығын
бұзатын әрекетке әсте бармайды. Алла елшісінің (с.а.с.) на-
сихаттарына зер салсақ, ең жақсы табыс – берілген жұ-
мысты жан-тәнімен орындап, жұмыс берушіні құрметтей
отырып, қол жеткізген табыс болып табылады. Мұсыл-
ман жұмысшы жасаған ісін Аллаға, пайғамбарға және
барша мүминдерге ұсынатындай етіп сапалы орындай-
ды. Мұндай түсініктегі кісінің жұмыс берушінің құқығы-
на кереғар әрекеттерге баруы мүмкін емес. Жұмыс уа-
қытында уақытын босқа өткізуі, бойындағы бар күшін
56
«Маида» сүресі, 5/8.
Үкілі үміт 89

салмас-тан немкеттілікпен жұмыс істеуі де мүмкін емес.


Өйткені ол барлық ісі бойынша ақыретте жеке-жеке мін-
детті түрде сұралатынын біледі.
Мұсылман жұмыс берушілер қол астындағы жұмыс іс-
тейтіндерді өзінің бауырлары ретінде қамқорлық таны-
тады. Өзі жеген астан олардың ішіп-жеуін, өзі киген киім-
нен киінуін қамтамасыз етеді. Оларға шамасы келмей-
тін жұмыс жүктемейді. Жұмысшы бауырларының құқық-
тарын Алланың құқығы ретінде қарап, олардың аузы-
нан жырып алған астың әрбір түйірі өзіне харам екенін
жақсы түсінеді. Жұмыс беруші ең алдымен жұмысшы-
ның құқықтарының сақталуына мән беріп, олардың
жұмыс тәртібін белгілі бір шартқа негіздеуі қажет. Егер
жұмыс беруші қол астындағы жұмысшысына дәл өзінің
өмір сүру стандарттарына сай ақы төлей алмаса, онда
жұмысшыны өзіндік шарттарымен жұмысына ортақ (се-
ріктес) қылады.
Исламда еңбек жағдайының шарттарын жақсар-
та түсу үшін еңбекшілердің жұмысты жаппай тоқтату
арқылы ереуіл жасауы немесе жұмысшыларға қысым
көрсету үшін жұмыс берушінің локаут57 жасауы құптал-
майды. Өйткені ереуіл тек өндіруші мен тұтынушылар-
ға ғана емес, жұмысшыларға да кері әсерін тигізетін
жағдай. Көп жағдайда ереуіл жасап, жұмысты тоқтатқан
жұмысшылардың өздері зиян шегіп жатады. Локаут жағ-
дайында да өндіріс тоқтап, жұмыссыздық белең алады.
Ереуіл мен локаут нәтижесінде екі жақты мүдделерге
нұқсан келіп, аса күрделі әлеуметтік-экономикалық дағ-
дарыстар, тіпті қақтығыстар пайда болады.
57
Локаут – кәсіп иелерінің кәсіпорынды жауып, жұмысшыларды
жаппай жұмыстан шығаруы
90 Таңдамалы-4

Әлбетте, қоғам болғасын адамдар арасында бірқа-


тар келіспеушіліктердің кездесетіні заңды құбылыс. Сон-
дықтан құқықтары бұзылған тараптардың арыз-тала-
бын қарайтын құзырлы орындардың болуына қажетті-
лік туындайды. Ислам қоғамында осы салада «Хисбә»
атты құрылымдар қызмет атқарған. Пайғамбарымыз
(с.а.с.) өмір сүрген дәуір-ден бері қызмет атқарып келе

жатқан «Хисбә» жалпы алғанда «жақсылықты әмір етіп,


жамандықтан тыю» функциясын атқаратын қоғамдық
институт. «Хисбә» екінші халифа әзірет Омар дәуірінде
толықтай қалыптасып, қоғамдық татулықты қамтамасыз
ететін іргелі мекемеге айналды. Бұл мекеме қоғамдық та-
тулықты қамтамасыз ету, зәру қажеттілік болып санала-
тын азық-түлік және басқа да тұтыну өнімдерінің халық-
қа қол жетімді арзан бағамен жетуін қамтамасыз ету,
осы мақсатта саудагерлер мен кәсіпкерлердің іс-әреке-
тіне бақылау жүргізу, жұмысшы мен жұмыс беруші ара-
сындағы мәселелерді шешу секілді міндеттерді атқарған.
Батыс елдерінде биліктің озбырлығын тежеу үшін би-
лікті бір қолға емес, (атқарушы, заң шығарушы және сот
билігі) бірнеше тармаққа бөліп, осы тармақтардың бір-
бірін тежеп отыруы арқылы қоғамдық татулықты қам-
тамасыз ету көзделді. Ал Ислам діні қоғамдағы билік
өкілдері арасында тепе-теңдік пен өзара үйлесім меха-
низмдерін орнатып, баршаның мүддесін бір арнада то-
ғыстырудың қоғамдық жүйесін қалыптастырды. Эконо-
микалық өмірде жұмыссыздықты жойып, өндірістің тұ-
рақтылығы мен дамуын қамтамасыз етуді басты мақсат
етті. Осы мақсаттағы экономикалық іс-шаралар бары-
сында қоғамдағы түрлі тараптар арасында келіспеуші-
ліктер орын алса, ислами түсінікпен мәселенің шешім
Үкілі үміт 91

жолдарын ұсынып отырды. Бір тараптың келесі бір та-


рапты қанауына, озбырлық жасауына, осылайша қо-
ғамдық татулықтың бұзылуына жол бермеді. Қоғамда
қожайын-құл, қызметкер-жұмысшы, бай-кедей деген
жікшілдікті болдырмады. Осылайша, қоғамдағы түрлі
әлеуметтік топтар арасында жақындық, бауырластықты
қамтамасыз етті.
Мұсылман қоғамда халық мемлекетті әрдайым қадір
тұтып, ел өз басшыларына адалдықпен мойынсұнады.
Ал ел басшылары өздерін халықтың қызметшісі ретінде
көреді. Олар күш пен қуатты, сөз бен салмақты өктемдік-
тен емес, мейірімді әкедей ізгілік пен әділдіктен іздейді.
Осындай тәрбие негізінде бүкіл қоғамда ізгілік түсіні-
гі үстемдік құрады. Сүйіспеншілік пен адамгершілік ең
басты құндылыққа айналып, қоғамда төзімділік пен ке-
лісім рухы нығаяды. Осындай ортада адамдар азғын-
дықтан, қатыгездіктен, арсыздық пен озбырлықтан бой-
ларын аулақ ұстайды. Ізгілікті ту етіп, рухани құндылық-
тарды қастерлейтін кемел тәрбиемен сусындайды.
Мұндай кемел кісілер басқа дінді ұстанатын азшылық,
балалар, ауру кісілер, жолда қалғандар, жұмыссыздар
сынды қоғамдық топтардың құқықтарын қорғауда ұзақ
мерзімді әділ шешімдер қабылдап, жәрдем ету қорла-
рын құрып, оларды қолдап, демеп отырады. Осылай-
ша, әлсіздің, панасыздың мұң-мұқтажын орындауға күш
салады.
Исламда бай мен кедей арасында татулық пен тепе-
теңдікті нығайтатын бірқатар қоғамдық, әлеуметтік те-
тіктер бар. Зекет, садақа, құрбан, кәфарат, хибә (бағыш),
қарыз беруді осыған жатқызуға болады. Иә, бай мен
кедейді бір-біріне жақындататын осындай әлеуметтік
92 Таңдамалы-4

тетіктер дұрыс жолға қойылса, қоғамдағы түрлі әлеу-


меттік топтар арасында өшпенділік те, қақтығыс та орын
алмас еді. Неше түрлі әлеуметтік төңкерістерге де негіз
қаланбас еді. Мұсылмандар қоғамда баршаның құқығын
мұқият сақтап, бейне бір Алланың қызметкерлері сынды
уақыты келгенде зекеттері мен садақаларын мұқтаж
жандарға жеткізіп отырған. Сондықтан да, Ислам қо-
ғамында бір топтың есепсіз байлыққа батып, енді бір
топтың аш-жалаңаш қалуы мүмкін емес. Өйткені мұсыл-
мандар адамзаттың ең ардақтысы Мұхаммед Мұстафа-
ның (с.а.с.): «Көршісі аш болып, өзі тоқ жатқан бізден емес»
деген насихатын берік ұстанып, күнделікті өмірде осы
қағиданы бұлжытпай орындайтын еді.
Мұсылмандар өздеріне жүктелген діни борыштарды
атқарумен ғана шектелмей, жиған-терген дүние-мүлік-
терінде өзгелердің де ақысы бар екенін ешқашан қапер-
ден тыс қалдырмаған. Басқаларға көмектестім деп паң-
дану, тәкаппарлық таныту мұсылмандарға жат қылық.
Олар бергенін міндетсініп маңғазданбастан мұқтаж жан-
дардың қажеттілігін қамтамасыз етіп отырған. Өйткені
осылай жасауды құлшылық борыш ретінде түсінген.
Ислам дінінде жұмыс берушінің озбырлық жасауына,
ақша мен дүние-мүліктің соңын қуып, тек қара басының
қамын күйттеуіне жол берілмеген. Бүкіл халық ретінде
жақсы күнде де, қиын күнде де бірге болу, қиындықты
да, қуанышты да бірге көру түсінігі нық орныққан. Сон-
дықтан да, әзірет Әбу Бәкір (р.а.) бар дүние-мүлкін хал-
қының игілігі үшін жұмсады. Ең алғашқы халифа болға-
нына қарамастан, дүниеден өткенде артында жалғыз
жейдесі қалып, сол жейдемен кебінделіп, жерленді.
Әзірет Омар (р.а.) алып мемлекеттің басшысы бола тұра,
Үкілі үміт 93

ел ішінде жоқшылық белең алған тұста ел қатарлы сірке


суына нан батырып жеп күнелтті. Ол өз қызметшісімен
жалғыз түйені кезектесіп мінуді таңқаларлық амал деп
қарамады58. Олар осыншалықты дәрежеде қарапайым
бола білді. Әбу Убайда ибн Жаррах (р.а.) өзі басқарған
армия аштыққа ұшырағанда, өзі де қатардағы әскерле-
рімен бірге бір-екі құрманы талғажау ететін. Әзірет Әбу
Зәрр (р.а.) бірде қолындағы бір көйлектік матаны екіге
бөліп, бір жартысынан өзіне, келесі жартысынан қол ас-
тындағы жұмысшыға көйлек тіктірген. Осының себебін
сұрағандарға Алла елшісінің (с.а.с.) хадисіндегі: «Олар сен-
дердің қарауларыңа берілген бауырларың. Жеген та-
мақтарыңнан жегізіңдер, киген киімдеріңнен кидіріңдер,
тағаты жетпейтін жұмыс жүктемеңдер, ауыр жұмысқа
салсаңдар, оларға көмектесіңдер» деген сөзбен жауап
беретін.
Бұлардың барлығы утопия емес, тарихта болған
шындық. Қатыгез жаудың аяусыз шабуылдарына қа-
рамастан, сан ғасырлар бұрын мүлтіксіз жүзеге асқан
иләһи жүйенің көрінісі. Иә, әл-Фараби «Мәдинатул-фа-
зыл» (Қайырымды қала) атты еңбегінде утопия айтқаны
белгілі, Платон да утопия жазушысы саналады. Алайда
бақыт ғасырында Мәдинада жүзеге асқандар утопия
емес шындық еді. Алла елшісі (с.а.с.) өте қысқа уақыт ара-
лығында ізгілікті ту еткен қала мәдениетін құрды. Егер
бүгінгі мұсылмандардың жағдайы осы айтқандарымыз-
ға сай келмесе, онда кемшілікті Исламнан емес, дінін
58
Әзірет Омар (р.а.) Қудусқа (Йерусалим) барғанда алып
мемлекеттің халифасы бола тұра қызметкерінің ақысын жемеу
мақсатында жалғыз түйені қызметшісімен кезектесіп мініп
барған.
94 Таңдамалы-4

білмейтін немесе оны өмірде жүзеге асырмайтын мұ-


сылмандардың бойынан іздеу керек.
Ислами түсінік бойынша ой-пікірде, дүниетаным-
да, ақидада тура жолды ұстанбағандықтан экономика-
лық мәселелердің де шешімін табуы, белгілі бір тұрақ-
тылықпен ілгері басуы мүмкін емес. Еңбек пен капитал
қарым-қатынасында да осыны байқауға болады. Әрбір
адам үнемі Алланың бақылауында екенін жан-жүрегі-
мен сезініп, әрбір ісін осындай түсінікпен жасауы жұ-
мысшы мен жұмыс беруші қарым-қатынасын да дұрыс
арнаға салады. Жұмыс беруші жалақы бергенде, жұмыс-
шы өзіне жүктелген міндетті атқару барысында әрқашан
Алланың бақылауында екенін естен шығармайды. Міне,
сонда ғана еңбек пен капитал екеуі де тиісті мән-мағына-
да қауышып, қанаушы-қаналушы қайшылығы түгелдей
жойылады. Мұндай қоғамда жұмыс беруші жұмысшыға
бауырындай қарап, онымен отбасының бір мүшесіндей
ізгі қарым-қатынас жасайды. Ішіп-жемінде, киім-кеше-
гінде, барлық мұқтаждықтарында қолынан келген көме-
гін аямайды. Ал жұмысшылар жұмысына және қожайы-
нына адал қызмет атқарады. Оның ойында жұмыс бе-
рушіге, жалпы капиталға деген өшпенділік мүлдем бол-
майды. Жұмыс берушінің қамқорлығын маңдай терімен
ақтайды. Осы адалдығымен Хақ тағаланың разылығына
бөленетінін білгендіктен, нағыз шаттыққа бөленіп, ғиба-
дат ниетімен, айрықша құлшыныспен, жігермен аянбай
еңбек етеді.
СОҢҒЫ ТАМШЫ

Сұрақ: Кейбір аймақтарда қолданылатын


«сылтау Тәңірі» сөзі қандай мағынаны
білдіреді? Бұл сөздің астарында нендей ой
бар?
Жауап: Көне түркі тілдерінде «Тәңір» сөзі табынатын
құдай деген мағынаны білдіреді. Жалпы сенім жүйелері-
нің көбінде табиғаттан тыс, ұлы құдірет иесіне осы тектес
атаулар қолданылып келген. Сан ғасыр бұрын Ислам
дінін қабылдаған түркі халықтары да, Ислам діні туралы
келелі еңбектер жазған түркі ғалымдары да «Тәңір» сөзін
көбіне Алла сөзінің орнына қолданып отырған. Дегенмен
«Тәңір» сөзі Хақ тағаланың тікелей «Затының» (болмы-
сының) атауы болып табылатын «Алла» сөзіне балама
бола алмайды.
Алла атауының орнына «Тәңір» сөзі
Алла дегенде күллі ғаламда көрініс тапқан ұлық есім-
дерімен Ұлы және Құдіретті Күш ойға оралады. «Алла»
деген қастерлі атауда «Мағбуд Мутлақ» – ғибадат етуге
лайықты жалғыз құдай, «Халық Мутлақ» – абсолютті
жалғыз жаратушы, «Мақсуд Мутлақ» – жалғыз Өзі ғана
мақсат-мұрат болып табылатын теңдесіз иләһ, «Раззақ
Мұтлақ» – түрлі рызықты молынан беретін жалғыз ғана
рызық беруші құдай, «Барииу Мутлақ» – барлық нәрсе-
ге Өзіне тән сипатта үкім етіп, болмысқа қауыштыратын
теңдессіз Раб және «Жәмил Мутлақ» – барша көркем
сипаттардың жалғыз Иесі және барлық әсемдіктерді
96 Таңдамалы-4

жарататын иләһ секілді т.б. иләһи есімдер топталған.


Яғни, Алла атауы Хақ тағаланың көркем есімдерінің бар-
лығын түгел қамтитын Ұлы есім болып саналады.
Алла сөзі – Хақ тағаланың баламасы жоқ айрықша
атауы. Оның мағынасын басқа ешбір сөз қамти алмайды.
Әрине, түркі тілдеріндегі «тәңірі», арабшадағы «иләһ»,
фрацузшадағы «диеу», ағылшыншадағы «гад» және
парсы тіліндегі «һуда» сөздері «Алла» атауының орнына
қолданыла береді. Алайда бұлардың ешбірі «Алла» деген
қастерлі ұғымның қамтитын мағынасын бере алмайды.
«Сылтау тәңірі» деген ұғымда қолданылған «сылтау»
сөзі «дәнекер», «себеп» деген мағынада айтылған. Белгі-
лі бір нәрсенің басты себебінің орнына айтылатын фор-
мальды, сөз жүзіндегі себеп дегенді білдіреді. Бәлкім,
ата-бабаларымыз «шын себеп емес, сылтау» деген мағы-
наны білдіргендіктен, бұл сөзді Алланың «Заты-Улуһият»
яғни, тікелей Өзіне телуден қорыққан болуы мүмкін. Сон-
дықтан «сылтау» деген сөзбен бірге Алла деген қастерлі
атауды атамай, өте биязы тапқырлықпен, терең мағына
білдіретін «Сылтау Тәңірі» деген тіркес арқылы өз ойла-
рын жеткізуді көздеген болуы ықтимал. «Сылтау» деген
сөзді Алла деген қастерлі атауға тіркемей, дәл осы мәсе-
леде «Тәңір» сөзін қолдануы Анадолы (Түркия) халқының
Ұлы Жаратушыға деген терең құрметі мен өнегелі тәр-
биесін паш етеді.
Сылтау Тәңірі
«Сылтау тәңірі» сөзі Эрзурумнан59 бастап, Анадолы-
ның көптеген аймақтарында жиі қолданылады. Бұл сөз
59
Эрзурум – Түркияның шығысында орналасқан, халқының өте
діндарлығымен танымал провинция.
Үкілі үміт 97

құлдарын кешірімге бөлеу үшін оларға әрқашан тәубе


ету, күнәлардан арылу мүмкіндігін беретін Хақ таға-
ланың рақымдылығының шексіздігін паш етеді. Адам-
дарды Хақтың рақымына бөлену үшін Алланың разы-
лығына сай жақсы дәнекерлерге, себептерге ие болуға
шақырады.
Расында да Құранда: «Уа, иман келтіргендер! Алла-
ның құқығын сақтаңдар. Оның құқығын бұзудан сақта-
ныңдар. Оған жақындауға дәнекер іздеңдер және Оның
жолында күрес жүргізіңдер, осылайша қорыққанда-
рыңнан сақтанып, үміттеріңе қауышасыңдар»60 делін-
ген. Марқұм Элмалы Хамди Яазыр сынды тәпсіршілер
«уәсилә», яғни «дәнекер» сөзін «белгілі бір мақсатқа
жеткізетін себеп, жақындататын дәнекер» деп тәпсірле-
ген. Демек, мүминдер «Махбубу-Хақиқи»61 болып табы-
латын Алла тағалаға жақындау үшін әрқашан дәнекер-
лер мен себеп іздегені жөн. Адамдар өздерінің Хақ таға-
ламен араларын жақындату үшін әрбір мүмкіндікті қалт
жібермей, парыздар мен уәжіптерден басқа да ізгілікті
істер жасаса нұр үстіне нұр болмақ. Алланың разылы-
ғына бөлейтін ізгі амалдармен жақсылыққа ұмтылулары
қажет. Шынайы ниетпен өздерін Аллаға жақындататын
«қурбат», яғни жақындау жолдарын іздестіргені абзал.
Көркем мінез бен ізгі амал сынды Хақ тағаланың разы-
лығына бөлейтін дәнекерлерге және себептерге ұмтылу-
лары қажет.
Осы тұрғыдан алғанда «Сылтау Тәңірі» сөзі құлда-
рының болмашы ізгі амалдарының өзін зая етпейтін,
60
«Майда» сүресі, 5/35
61
«Махбубу Хақиқи» – шын сүйікті, шынайы сүйюге лайықты
жалғыз Алла
98 Таңдамалы-4

олардың жақсы ниетпен жасаған титтей қайырлы ісінің


өзін жауапсыз қалдырмайтын, бір амалды мыңдаған
есе нығметтермен жарылқап, адамдарды болмашы бір
себеппен де кешірімге бөлейтін Шексіз Рақым Иесінің
мейірімділігін паш етуде. Алла тағала кейбір құлдарын
шынайы тәубелерін себепкер етіп, кешірімге бөлейді.
Енді бір құлдарын бір қателікті жасап, артынан дереу
жақсылық жасағаны үшін, осы бағытта қажыр-қайрат
танытып, істеген жамандығын жуып-шайғаны үшін ке-
шіреді. Алла тағала кейде шынайы көңілмен жасал-
ған дұғаны, өзегін өртеген өкінішті, енді бірде шынайы
түрде көзден тамған бір-екі тамшы жасты, азын-аулақ
садақаны, кейде елеусіз саналатын қайырымдылықты,
енді бірде аса көп еңбекпен тер төгуді қажетсінбесе де,
шынайы ниетпен жасалған ізгі амалды сол адамның ке-
шірімге бөленуіне, жаннатқа кіруіне, Жамалуллаһты62 та-
машалауына, «Рыдуанға»63 жетуіне себеп қылады.
Негізінде, барша қайырлы және ізгі амалдар сол ізгі-
ліктің өзіне қауышу үшін жай бір себеп, ал адамдар тұр-
ғысынан алғанда сылтау болып табылады. Өйткені ешбір
адам жаннатқа өз амалымен кіре алмайды. Жаннат пен
оның арғы жағындағы шексіз нығметтер – тек Алланың
рақымдылығымен, нәсіп етуімен ғана адамның қолы
жететін игіліктер. Десек те, шексіз мейірімді Раббымыз
құлдарының болмашы жақсылықтарының өзін бағалап,
соны «қурбәт» (жақындық) және услат (қауышу) себебі
ретінде қабылдайды. Сондықтан тәңірі сөзін қанша
62
«Жамалуллаһ» – Алланың шексіз сұлулығы.
63
«Рыдуан» – Алланың «Мен сендерден разымен» деп үн қататын
мүмин үшін ең жоғары дәреже болып табылады.
Үкілі үміт 99

жерден ұнатпасақ та, «Сылтау Тәңірі» сөзі өте терең ма-


ғыналарды қамтитыны рас.
Кішкене ықыласты амал және Зүбәйда ана
Ардақты елші (с.а.с.): «Бауырыңды күлімдеп қарсы алу
болса да, қандай да бір жақсылықты уысыңнан шы-
ғарма» деген екен. Иә, Алла тағаланың разылығы үшін
жасалған ең кішкентай амалдың өзі Жаратушының ал-
дында аса қадірлі. Зәредей ықыласты амал Хақ тағала
алдында тонналармен де есептеуге келмейтін салмақ-
қа және бағаға ие болады. Алла шынайылықпен жасал-
ған жақсылықтарға кейде он есе, кейде жүз, кейде жеті
жүз, кейде жүз мың, ал енді бірде бір миллион, тіпті
кейде санын тек Өзі ғана білетіндей мөлшерде сый-сия-
пат береді. Адам жасаған амалына қандай сияпат бері-
ліп, игілік жазылатынын біле алмайды. Алайда ақыретте
жасаған жақсылығының қарымы адамның арман-қия-
лы жетпейтіндей дәрежеде тосын сый ретінде алдынан
шығады. Сондықтан әрбір мүмкіндікті қалт жібермеген
абзал. Ақыретте қайсы амалымыздың сауабы басым бо-
латынын осы дүниеде біле алмағандықтан, әрбір қада-
мымызға үлкен жауапкершілікпен қарауымыз керек. Қа-
йырлы іс жасау мүмкіндігін қалт жібермей, барлық жағ-
дайда арғы дүниенің қамын күйттеу қажет.
Осы жерде бір ғибратты хикаяны айта кеткенді жөн
көрдік. Харун Рашидтің әйелі Зубәйда Хатун өте жақсы
адам еді. Ол қасиетті Меккеден Арафатқа дейін канал-
дар салдырып, су құбырларын төсейді. Киелі жерде қа-
жылардың суға деген қажеттіліктерін қамтамасыз ету
үшін 100 мың алтын жұмсағаны айтылады. Османлы
мемлекеті кезеңінде осы каналдарға қайта жөндеу жұ-
мыстары жүргізіліп, таяу уақытқа дейін миллиондаған
100 Таңдамалы-4

қажының суға деген қажеттілігі қамтамасыз етіліп келді.


Зүбәйда ханым Хижаз каналымен қоса, керуенсарай-
лар, моншалар, жарлы-жақыбайларға тамақ тарататын
орындар, шипажайлар салдырып, көптеген қайырымды
істер атқарды. Өмірін қайырымдылыққа арнаған осынау
ізгі әйел күндердің күнінде дүние салады. Дүниеден өтке-
сін бір кісі Зүбәйда ханымды түсінде көреді. Әлгі кісі: «Дү-
ниеде Алла үшін қаншама қайырлы іс жасадың, осылар
үшін Алла тағала саған жаннатта қандай дәреже нәсіп
етті?» деп сұрайды. Сонда Зүбәйда ханым былай деп
жауап береді: «Иә, расында да рақымы шексіз Раббым
өте биік дәреже нәсіп етті. Алайда осы мәртебені ел мақ-
таған қайырымдылық істерім үшін емес, басқа бір ама-
лымның құрметіне тарту етті. Бірде көпшілік бір отырыс-
та иләһи ән шырқалып, қасидалар айтылып жатқан бо-
латын. Өнерпаздар саз64 тарта бастағанда, мұнаралар-
дан азан даусы естілді. Азанды ести сала: «Азанмен тай-
таласпай тоқтатыңдар» деп тыйып тастаған едім. Сұрақ-
жауап кезінде жасаған жақсы амалдарымның барлығы
бір-бірлеп саналды. Арафатқа дейін канал салдырғаным
да солардың ішінде аталды. Алайда маған: «Сені азанға
деген сол бір құрметің үшін кешірдік делінді» деген екен.
Мәселені түйіндесек, адамның қаншама таудай амал-
дарының арасында азанға құрмет сынды кішігірім бір
жақсылығы Алланың рақымдылық дариясының асып-
тасуына себепкер болған. Міне, «сылтау Тәңірі» осындай
ізгі оймен айтылған сөз. Хақ тағала кішігірім қайырлы
амалды құлының кешірімге бөленуіне себепкер етуде.
Кейде адамдар Алла тағала үлкен мән беретін және
мұсылмандықтың рәмізі саналатын азанды құрметтеу
64
Саз – музыкалық аспаптың атауы
Үкілі үміт 101

арқылы, енді бірде Алла үшін кез келген тіршілік иесіне


мейірімділік таныту арқылы биік дәрежелерге қауышып
жататыны рас.
Әзірет Омардың есебі
Сияр кітаптарында әзірет Омар (р.а.) дүние салған-
нан кейін әзірет Аббас (р.а) оны түсінде көру үшін қатты
ынтық болғаны баяндалады. Алайда қанша қаласа да
алты ай бойы түсіне кірмейді. Алты ай өткеннен кейін
барып әзірет Омарды түсінде көріп, неліктен өзін осы-
лайша зарықтырған себебін сұрағанда, әзірет Омар:
«Есебімді енді ғана беріп біттім» деп жауап берген екен.
Осы түстің жалғасын айтпай тұрып алты айлық есеп
беру мәселесіне қысқаша тоқтала кеткенді жөн көрдім.
Расул Әкрамның (с.а.с.) «жер бетіндегі екі уәзірімнің бірі»
деп атаған және «менен кейін пайғамбар келер болса, ол
– Омар болушы еді» деп, абыройын асқақтатқан екінші
халифа әзірет Омардың «есебім алты айда әрең бітті»
деуінің терең мағынасы бар. Осы оқиғаға қарап, ақырет-
те барлық нәрсенің есебін беретінімізді, барлық нығмет-
тен міндетті түрде сұралатынымызды терең ойлануы-
мыз қажет. Әрине, үмітсіздікке салынуға да болмайды.
Алдымызда барлық нығметтердің есебі сұралатын үлкен
күн күтіп тұрғаны шүбәсіз. Сол күні Хақ тағала: «Сендер-
ге, аяқ, қол, көз, құлақ, тіл және ауыз бердім. Сендерге
материалдық әрі рухани түрлі қабілеттер нәсіп еттім.
Өмір сүру үшін қажетті барлық нығметтерді алдарыңа
жайып салдым. Осы нығметтерді қандай мақсатта қол-
дандыңдар? Мұның барлығы сендерге ой салды ма?
Осынау нығметтердің қадіріне жете білдіңдер ме? Құл-
шылық пен сынақ әлемінде екендеріңді парықтай ал-
дыңдар ма? Демдерің біткенше адамгершілікпен ғұмыр
102 Таңдамалы-4

кештіңдер ме?». Міне, ақыретте осындай са-уалдар мін-


детті түрде қойылады. Әзірет Омардың: «Есебімді алты
айда әрең бердім» деген сөзі арғы жақта беретін есебі-
мізді ойландыруы, ақырет азығын дайындауға құлшын-
дыруы қажет.
Осы орайда айта кететін тағы бір жайт, әзірет
Омар (р.а.) жарты жылда болсын әйтеуір бүкіл ғұмыры-
ның есебін бере алған. Демек, алты айдан кейін әзірет
Омар үшін есебі берілмеген ешбір мән-жай қалмаған
деген сөз. Осы жерде түс те болса, әзірет Омар бізге на-
сихат жасағанын ұмытпаған абзал. Оның сөзі муқарра-
бинге65 тән үндеу мен ізгі лебізден тұрады. Ол өз дәре-
жесіне сай құлшылық пен амал жасауы қажет еді. Есебі
де соған сай болса керек. Әйтпесе, жай қатардағы пенде
оның атқарған істерін жасаса, үлкен сауапқа кенеліп,
арғы дүниеде нағыз сый-сияпатқа бөленетіні белгілі.
Түстің жалғасында әзірет Аббас: «Уа, Омар! Хақ тағала
сені қандай ісің, қандай амалың үшін кешірді?» деп сұ-
райды. Сонда әзірет Омар (р.а.): «Бірде көшеде бір ба-
ланың құс ұстап алып, қинап жатқанын көрдім. Дереу
әлгінің жанына барып, қалтамнан үш-төрт тиын-тебенді
беріп, құсты сатып алдым да қоя бердім. Мизанда66 сол
амалыммен кешірімге бөлендім» деген екен.
Мейірімділік және кешірім үкімі
Адамның сәті түссе бір жануарға жасаған мейірімді-
лігінің өзі оның тозақтан аман қалуына және жаннат-
қа кіруіне себепкер бола алады. Хақ тағала Өзінің өнер
65
«Муқарраббин» – Аллаға өте жақын болған жандар
66
«Мизан» – ақыретте адамның жасаған жақсылықтары мен
жамандықтары тартылатын таразы
Үкілі үміт 103

туындылары ретінде жаратқан күллі тіршілік иелеріне


мейірімділік танытуды Өзіне деген құрмет ретінде қабыл
алып, осы амалдың өзімен құлын ақыретте игілікке бө-
лейді. Осындай елеусіз көрінетін амалдың өзін құлының
кешірімге бөленуіне себепкер етеді.
Бұхари мен Мүслим сынды ең сенімді кітаптарда осы
ойымызды растайтын хадистер бар. Мәселен, сүйікті
Пайғамбарымыз (аләйһи әкмәлут-тахая) арын былғап,
зинақорлыққа салынған бір әйелдің кешірімге бөленге-
ні туралы: «Бірде зинақор әйел сахарада қатты шөлдей-
ді. Тілі тамағына жабысып, шөлден қаталаған кезінде бір
құдыққа тап болады. Әйел құдықтың ішіне түсіп, шөлін
қандырып, су ішіп сыртқа шыққанда құдықтың аузында
бір иттің әрең дем алып, шөлден топырақты жалап тұр-
ғанын көреді. «Бұл да мен секілді әбден шөлдесе керек»
деп, қайтадан құдықтың ішіне түсіп, теріден жасалған
аяқкиіміне су толтырып, аяқкиімін аузына тістеп сыртқа
шығып, итке су береді. Алла тағала әлгі әйелдің итке жа-
саған жақсылығы үшін оның күнәларын кешірді» – дейді.
Иә, мұны адамның кешірілуі үшін себеп демегенде
басқа не дейміз? Рақымы шексіз Алла тағала бір итке су
беріп, мейірімділік жасаудың өзін жаннатқа кіруге себеп-
кер етуде. Сондықтан ешбір жақсылықты елеусіз көрмеу
қажет. Кейде кішігірім секілді көрінетін бір жақсылық Ал-
ланың рақымына бөленуге сеп болады. Тіпті болмаса,
адамның басқа да жақсы әрі сауапты амалдарын толық-
тыра түсетіндей маңызға ие екенін ұмытпаған жөн.
Тасаууыф ілімінің алып ғұламаларының бірі Имам
Шиблидің бір ғибратты хикаясында осы ақиқатқа ишарат
жасалады. Имам дүние салғаннан кейін достарының бірі
оны түсінде көріп, халін сұрайды. Имам Шибли досына:
104 Таңдамалы-4

«Алла мені өз құзырына алып, қайсы амалыммен кеші-


рімге бөленуді үміт ететінімді сұрады. Мен біраз амал-
дарымды айттым, бірақ Хақ тағала айтқандарымның
ешбірі ондай амалға жатпайтынын білдіріп, соңында:
«Бірде суық түнде жаның ашып, шапаныңа орап жылыт-
қан мысық үшін кешірдім» дегенін жеткізген екен.
Алла Құран кәрімде: «Зәредей қайыр жасаған оның
қарымын алады. Зәредей жамандық жасаған оның жа-
засын тартады»67 деп бұйырып, ең кішкентай жақсы-
лық пен жамандықтың Хақ тағала алдында ескерілетінін
және міндетті түрде қарымы берілетінін білдіреді. Әбір
жақсылықтың өзінше салмағы мен қадірі бар. Сондық-
тан ешбір жақсылыққа немкеттілікпен қарамау қажет.
Елеусіз болса да ешбір жақсылық жасау мүмкіндігін зая
жібермеген абзал. Бұл жамандыққа да қатысты жағдай.
Кейде кішігірім бір жамандық адамның опық жеуіне се-
бепкер бола алады. Осы мәселеге де жіті назар аударып,
үмбетіне ескерту жасаған Алла елшісі (с.а.с.): «Бір әйел мы-
сықты қамап тастағаны үшін азапқа ұшырады. Ол мы-
сықты үйіне қамап тастап, су мен тамақ бермей, жердегі
жәндіктердің өзін жегізбей азаптады. Міне, осы себептен
жаһаннамға тасталды» деген екен.
Кілттеулі құлыпты ашатын амал
Адам баласы жақсылықты да, жамандықты да елеусіз
қалдырмай, барлық ісіне жіті мән бергені абзал. Көзінің
қиығымен харамға назар салу, харамға құлақ түру, Алла
разы болмайтын бір сөздің ауыздан шығуы сынды жайт-
тардың өзіне үлкен мән беріп отыруы керек. Осылардың
67
«Зилзал» сүресі, 99/7-8
Үкілі үміт 105

кез келген бірінің кесірінен құрдымға кетуден қорқуы


оның тақуалығының көрінісі болмақ.
Болмашы ғана амалдың да ауыр салмағы болатыны-
на қатысты Алла елшісі (с.а.с.): «Жарты құрмамен, әдемі
сөзбен болсын оттан сақтануға тырысыңдар» дегені бел-
гілі. Бірде әзірет Айша (р.а.) бір дана жүзімді садақа ре-
тінде беріп: «Осының өзінде қаншама салмақ бар» деп,
«Зилзал» сүресінің соңғы аяттарын меңзеп, кішкене ғана
қайырлы істің өзіне міндетті түрде үлкен сый-сияпат кө-
ретінін еске салған.
Иә, жұма күнінде «уақту ижәбә»68, адамдар арасында
әулие құлдар, Рамазан айында Қадір түні, Әсмау Хуснә69
арасында Исму-Ағзам70 жасырулы екені сынды, барша
ғибадат-құлшылықтар арасында Алланың разылығына
қайсысының себепкер болатыны да жасырын күйде қал-
дырылған. Осы арқылы мүминдердің әрқашан рухани
тұрғыдан сергек әрі мұқият болуларына, құлшылықты
кәміл атқаруларына, жақсылық жасаудың ешбір мүмкін-
дігін қалт жібермеулеріне насихат айтылған.
Сондықтан, адамның кешірімге бөленуіне қандай
амалы себепкер болатыны белгісіз болғандықтан, әрбір
мүмкіндікті Алланың рақымына бөлену пәрмені ре-
тінде пайымдау қажет. Біреуге күлімсіреген болуыңыз
мүмкін, енді бір кісіге сәлем беріп, жүрегіне жол тапты-
ңыз, тағы бір кісіні адам деген ардақты атты арқалаған-
дықтан бауырға басып, құшақ жайдыңыз, тіпті шалшық
68
«Уакти-ижәбә» – дұғалардың жаппай қабыл болатын сағаты,
сәті.
69
Әсма-и Хуснә – Алла тағаланың көркем есімдері.
70
«Исми-Ағзам» – Алла тағаланың ең ұлық есімі, мағынасы
жағынан барлық есімдерін түгел қамтитын ең үлкен есімі.
106 Таңдамалы-4

суда тұншығып жатқан құмырсқаны құтқарған болуы-


ңыз мүмкін. Міне, осылар бұл дүниеде елеусіз көрін-
генімен, Алланың алдында үлкен салмаққа ие болуы
әбден мүмкін. Бұлардың барлығы ақыретте сізге шара-
паты тиетін сауапты амал ретінде жазылуы ғажап емес.
Бәлкім арғы дүниеде осындай кішкене амал көрсетіліп:
«Осы үшін кешірілдің» деуі мүмкін. Осындай амалдар-
дың бірі арқылы қанаттанып, жаннатқа жол тартуымыз
ғажап емес. Иә, Алланың рақым дариясының асып-та-
суына себепкер болатын соңғы тамшы, кілттеулі құ-
лыпты ашатын ең соңғы әрекет және сауап таразысын
ауыр басатын зәредей амалдың қайсы екенін білмейміз.
Ендеше, әрбір қайырлы іске «Бәлкім, осы болып қалар»
деп қарау қажет.
Негізі адам қорқыныш пен үміттің ортасында белгі-
лі бір тепе-теңдік ұстанып, өмір сүргені абзал. Десек те,
үнемі «Алланың қаһарына ұшыраймын» деген қорқы-
нышпен, үреймен күнелтуі де өте сенімді жол саналады.
Осы жерде айта кетер бір жайт, егер адам қателіктері мен
кемшіліктері салдарынан үмітсіздікке салынса, әзәзіл
шайтан оны үмітсіздік тұзағымен аяқтан шалса, мұндай
жағдайда өткінші де болса, «Сылтау Тәңірі» деген түсінік-
ті жүрекке үміт, көңілге медеу еткен жөн.
Жаннаттың шексіз нығметтеріне қауышу бірнеше
жылдық амалмен емес, шынайы ниет, мүмкіндігінше
жақсылық жасауға деген құштарлықпен ғана мүмкін
болмақ. Ендеше, адам баласы дінде жақсы, ізгі деп са-
налған барша амалды жасауға талпынуы қажет. Сонда
ғана жасаған амалдарының бірі арқылы кешірімнен үміт
ете алады. Мүмин өзінің қайсы амалымен кешірілетінін
білмегендіктен, істеген әрбір сауапты амалын ақыретке
Үкілі үміт 107

тосын сый ретінде жолдап отырғаны абзал. Бір күні осы


жолданған сауапты амалдар міндетті түрде алдыңнан
шығады. Осылайша, адамның көз көріп, құлақ естіме-
ген, ақыл-ойға кіріп-шықпайтын ғаламат тосын сыйлар-
ға қауышуына себепкер болмақ.
ҚАЙТА ТІРІЛУ ИДЕАЛЫ

Сұрақ: «Әнфал» сүресінің 24-ші аятында


қайта тірілуге үндеу тасталуы нені меңзейді?
«Бағсу бағдәл мәут»71 қаһармандары осынау
иләһи үндеуді қалай түсінгені жөн? Мұны
жүзеге асыру үшін қандай жайттарға баса
назар аудару қажет?
Жауап: «Қайта тірілу» – қайта ояну, қайтадан күш-
қуатқа ие болу, өмірге қайта келу деген мағыналарды
қамтиды. Бүгінде әдебиетте, пәлсапада Сезаи Каракоч-
тың72 «қайта тірілу» ұғымы жиі қолданылып жүр. Алайда
марқұм Нэджип Фазыл73 көбіне «бағсу-бағдәл мәут»
сөзін қолдануды дұрыс көретін. «Бағсу-бағдәл мәут» –
өлгеннен кейін қайта тірілу деген мағынаны білдіретін
«әмәнту» негіздерінің бірі. Жалпыға мәлім «әмәнту» сөзі
«иман келтірдім» деген мағынаны білдіріп, «Аллаға, пе-
ріштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, ақырет
күніне, тағдырға, яғни, жақсылықты да, жамандықты
да Алла жарататынына иман келтіру» деген сөздің қыс-
қартылған атауы. Осы сөздің соңында «Уәл бағсу-бағдәл
мәути хаққун» делінген. Яғни, өлгеннен кейін қайта тірі-
лудің ақиқат екені айтылады. Бұл сөзді барлық мүмин-
дер жақсы біледі. Мағынасын да терең түсінуге әркім-ақ
71
«Бағсу-бағдәл мәут» – араб тілінде қайта тірілу, қайта ояну деген
мағынаны білдіретін сөз.
72
Сезаи Каракоч – белгілі түрік ойшылы
73
Неджип Фазыл – белгілі ақын, ойшыл
Үкілі үміт 109

құштар. Қайта тірілу және «бағсу-бағдәл мәут» ұғымы-


ның келесі бір қыры – түгелдей жойылып кеткен дүние-
лердің қайтадан жаңғыруы, төл болмысынан, өз құнды-
лықтарынан айырылып қалған адамның немесе ұлттың
өз асылдарымен қайта қауышуы деген мағынаны да
білдіреді.
Адам ақыретте мүмин ретінде қайта тіріліп, мәңгілік
бақытқа бөленуі үшін осы дүниеде имани тұрғыдан ояу,
яғни тірі болуы қажет. Өмір атты тамаша нығметті текке
өткізіп, рухани тұрғыдан өлексе секілді мағынасыз ғұмыр
кешкендер хашір (қайта тірілу) алаңына да жансыз,
рухсыз, мүшкіл халде жиналатын болады. Осы дүние-
де жан дүниесімен қайта тірілудің ләззатын татқандар
арғы дүниеде де мәңгілік бақыттың алтын арқауы «бағ-
су-бағдәл мәут» нығметіне бөленіп, жанды, сергек күйде
Жаннатқа қарай қадам баспақ. Арғы дүниеде қайта тірі-
луге қол жеткізу үшін дүниеде Алла мен Оның елшісіне
(с.а.с.) мойынсұнып, әрқашан рухани сергек болуға, яғни
рухани тұрғыдан «тірі» болуға талпыну қажет.
Иләһи үндеу
Қойылған сауалдағы аятта Алла тағала: «Ей, иман кел-
тіргендер! Сендерге өмір беретін ақиқаттарға шақыр-
ғанда Аллаға және Елшісіне бойсұныңдар. Біліп қойың-
дар, Алла адам мен жүрегі арасына перде қояды (қала-
ған кезде қалауын жасатқызбайды) және біліп қойың-
дар, сендер қайтадан Оның құзырында жиналасыңдар»
74
деген.
Аталған аятта ең бірінші назар аударылатын жайт
«Аллаға және Елшісіне бойсұныңдар» делінген. Хақ
74
«Әнфал» сүресі, 8/24
110 Таңдамалы-4

тағаланың қасиетті есімімен бірге пайғамбарымыздың


да аты аталады. Осы тұста Расул Әкрамның (с.а.с.) есімі
үлкен абыроймен аталып, Ғаламның Жаратушысының
жанында қаншалықты қадірлі екеніне және бір рет назар
аударылған. Өйткені жасалған үндеу тікелей Алланың
үндеуі. Аятта әрі Хақ тағалаға, әрі Алла елшісіне мойын-
сұну қажет екені білдірілсе де, үндеу «фиили тәсния» (бір
сөздің екі мағынаны меңзеуі) райында емес, «муфрәд»
яғни, жалқы түрде қолданылған.
Расул Әкрамға бойсұну
Иә, қайта тірілу үндеуінің шынайы Иесі – әзірет Уахи-
бул-Хаят75 болып табылады. Ал сүйікті Пайғамбарымыз
(аләйһи әкмәлус-салауати уә әтәммут-тәслимат) сол үн-
деудің арадағы дәнекері, жаршысы әрі тәржіманы. Алла
елшісі пайғамбарлық міндеті ретінде адамзатқа ең әуелі
Хақ тағаланың «Затын» (өзін), сипаттары мен есімде-
рін танытып, адамдардың жүрегінде Оған деген құлшы-
лық сана-сезімін оятты. Осы тұрғыдан Пайғамбарымыз
(с.а.с.) адам баласы білмейтін не ұға алмайтын көптеген

ақиқаттарды үйреткен мұғалім тәрізді. Сонымен қатар,


адамзаттың Асыл тәжі (с.а.с.) діни үкімдерді айтып жеткі-
зу, адамгершілік құндылықтарды үйрету және көркем
мінездің өнегесі мен үлгісін көрсету тұрғысынан мойны-
на міндет жүктелген «мушәрри» яғни, шариғат үкімде-
рін белгілеуші болып саналады. Расул Әкрәм (с.а.с.) Құран-
ның «мүбхәм» (астарлы) тұстарын тәпсірлеуі, «мужмәл»-
ді (қысқа баяндалған жерлерді) ашып түсіндіруі, «мут-
лақ»-ты (кесімді үкімдерді) нақтылауы, жалпы үкімдерді
75
«Уахибул-Хаят» – жалғыз ғана өмір беруші деген мағынаны
білдіретін Алланың сипаты.
Үкілі үміт 111

жалқыға сәйкестендіруі секілді функциялары арқылы


бейне бір үкім белгілеуші қызметін атқарған.
Иә, адамзаттың Асыл тәжінің (с.а.с.) шариғатты жеткізу
және оның үкімдерін белгілеуші рөлі болмаса біз таяз
ой, тар түсінігімізбен ешбір діни үкімді жете ұғынып,
мінсіз жүзеге асыра алмас едік. Мәселен, Алла тағала
Құран кәрімде көп жерде «намаз оқыңдар» деп бұйы-
рады. Алайда намазды қалай оқу қажеттігін, тәкбірдің
қалай алынатынын, қиямда не істейтінімізді, қырағатта
не оқитынымызды, рукуғ пен сәждені қалай жасайтыны-
мызды тәптіштіп түсіндіріп берген Расулалла (с.а.с.). Алла
тағала жалпы үкімдерді жан-жақты ашып түсіндіруді
Пайғамбарымызға міндеттеген. Ендеше, Алла елшісі ег-
жей-тегжейлі түсіндірмегенде, намаз секілді парыз құл-
шылығымыздың өзін қалай атқаратынымызды білмей
дал болар едік. Зекетті, нисапты және осы секілді басқа
да жайларды қалай түсініп, орындайтынымызды да
білмес едік. Сүннетте тәптіштеп түсіндірілмегенде Құ-
ранда «мүжмәл» (қысқа баяндалған) түрде айтылатын
ораза мен қажылық сынды ғибадаттарды да орындай
алмас едік немесе қателікпен, кемшілікпен атқарар едік.
Алла елшісі (с.а.с.) Құранда жалпылама айтылған мирас
үкімдеріндегі пайғамбарлардың мал-мүліктерінің мирас
болып саналмайтынын, қанішерліктің мирастан мақұ-
рым қалуға себеп екенін түсіндірмесе, мирастың үкім-
дерін де ұғынып қарық қылмас едік. Мәселен, Құран
кәрімде жыртқыш аңдардың етінің харам екені жалғыз
ауыз сөзбен болсын айтылмаған. Осындай жайлардың
да баршылық екенін ұмытпаған жөн. Иә, Алла елшісі ша-
риғат үкімдерін талдап түсіндірмесе, осылардың ешбірін
біле алмас едік.
112 Таңдамалы-4

Сондықтан жоғарыда аталған аятта үндеуді Хақ таға-


ланың Өзі жасаса да «Аллаға және Елшісіне бойсұның-
дар» деп, белгілі бір деңгейде пайғамбарымыздың да
шариғат үкімдерін белгілейтін функциясы бар екенін біл-
діруінің, иләһи ақиқаттардың Пайғамбарымыз арқылы
жететінін ишарат етуінің мәні терең.
Мәңгілік бақытқа жету жолдары
Аяттың жалғасында «иза дәакумлима иухикум» яғни,
«сендерге өмір беретін ақиқаттарға шақырғанда» делін-
ген. Бұл жердегі «ләм» шылауын «ләму-акыбә» ретінде
түсінсек, онда «Алланың сендерді қайта оятуы, «бағсу
бағдәл мәутқа» қауышу, қайта тірілу үшін осы үндеу-
ге құлақ асыңдар» дегенге саяды. Мүминдердің қайта
оянуына, қайтадан еңсе тіктеп, ес жиюына сеп болып,
ақыретте мәңгілік бақытқа қауыштыратыны меңзелген
«өмір бастауын» тәпсіршілер Ислам, Құран, діни ілімдер
және ізгі амалдар деп тәпсірлеген. Иә, Алла мен елшісі
мүминдерді Ислам дініне, Құрандағы ақиқаттарға, кәміл
иманға, «иғлә кәлиматуллаһ»76 дағуасына, адамзатты
құлдарға құл болудан құтқарып, тек Аллаға құл етуге
және адамдық абыройына сай өмір сүруге шақырады.
Иман келтіргендер осындай мәнді де мағыналы өмір
арқылы ғана жүрегі мен рухы ояу күйде шынайы өмірлік
бағыт-бағдарын таба алады.
Сонымен қатар, адамдардың осы дүниеде «бағсу-бағ-
дәл мәутқа» қол жеткізуі – олардың ақыретте де қайта
тірілуінің кепілі. Осы дүниеде Алланың үндеуіне мойын-
сұнып, қайта тірілгендер арғы дүниеде де қайта тірілудің
шаттығын жан-жүрегімен сезінеді. Сезінумен қоса амал
76
Алланың есімін жер-жаһанға таныту
Үкілі үміт 113

дәптерлерін оң жақтарынан алып, нағыз қуанышқа кене-


леді. «Мінекей, дәптерім! Алыңдар, оқыңдар, зерделең-
дер! Шын мәнінде мен дүниеде жүргенде есепке тарты-
латынымды білетін едім» деп, ақыретке азық дайындау-
дың шаттығын жан-жүрегімен сезінеді. Содан кейін тек
бақыт пен шаттықтан тұратын нағыз өмір басталады.
Көз бен құлақты ләззатқа бөлейтін жаннат бақшаларын-
да, бұтақтарынан жемістер төгілген миуа ағаштарының
көлеңкелерінде оларға: «Дүниеде жасаған игі істерің
үшін тәбетпен ішіп-жеңдер!» делінеді. Бұдан қалса, әрбір
адымында жаңа бір жақсылыққа кенеліп, Алла тағала-
ның разылығына бөленудің шексіз ләззатын татып, сол
сәтте барша сезімдері арқылы бақыт құшағына енеді.
Алланың үндеуіне құлақ асудың қаншалықты ғажайып
«абы-хаят» (тіршілік нәрі) екенін түсінеді.
Мәңгілік өлгендер
Хақ тағаланың үндеуіне құлақ аспағандар ешқашан
қайта тіріле алмайды. Өмірдің шынайы ләззатын ешқа-
шан сезіне алмайды. Иман аясынан мақұрым күйде қа-
раңғы ғұмыр кешіп, өздеріне берілген өмір атты нығметті
парықсыздықпен босқа рәсуа етіп, дүниеден өтеді. Осы
дүниенің өзінде олардың рухани өмірі саңырау, мылқау
және жүрексіз келетіндіктен, арғы дүниеде де мәңгілікке
өлім құшады. Олар ақыретте қайта тірілуді ауыр азап-
тың бастауы ретінде көріп, үнемі өлімнің қорқынышын,
үрейін сезінуден көз ашпайды. Алла мен Елшісінің үндеуі-
не құлақ аспаған жандардың өлі жүректері Исрафилдің
сырнайының өзіне тірілмейді. Сырнай даусы олар үшін
мың сан өкініш пен бір-бірімен астасқан қорқыныштың
басталғанын білдіретін ишарат қана болмақ.
114 Таңдамалы-4

Қайта тірілу үндеуіне құлақ аспай, мәңгілік өлім жаза-


сына тартылған бейбақтар амал дәптерлерін сол жағы-
нан алғанда «Неткен өкініш, әттең, бұл дәптер мүлдем
берілмегенде! Есебімді білмей-ақ қойғанда! Өліммен
бірге барлық нәрсе біткенде ғой. Дүние-мүлкімнің маған
ешбір пайдасы тимеді. Күш-қуатым да, билігім де бәрі-
бәрі көзден ғайып болды» деп өкініп, опық жейді. Әсі-
ресе, қараңғы қабір өмірі мәңгілік өлімнің қасіретімен
азапты өтеді. Түбінде жаһаннамға баратынын білгендік-
тен, олар өлімнен бетер ауыр жағдайға ұшырап: «Әттең,
топыраққа айналып жоқ болып кеткенімде ғой» деп, қай-
ғыдан қан жұтып, зар илейді.
Ақыретке сенбейтін адамдар жақындары мен жақсы
көретін адамдарына деген әсіре сезімдері, фәни өмірге
деген ессіз құштарлықтары салдарынан дүниеде жүріп-
ақ үреймен, уайыммен ғұмыр кешеді. Бұл дүниеде рақат
пен молшылықта шалқып өмір сүріп жатса да, сол рақат-
тары бір күні түгесілетінін, ажалдың құрығына ілінетінін
ойлаған сайын фәни дүниедегі алдамшы «жаннаттары»
жаһаннамға айналып шыға келеді. Сондықтан осындай
үрей мен уа-йымды сәл де болса ұмыту үшін, көңіл көте-
руге бас қойып, түрлі азғындықпен өз-өздерін алдаған-
дай күй кешеді. Басын құмға тығып, аңшыдан жасырын-
ғысы келген түйеқұстар сынды олар да ғапылдыққа са-
лынады. Осылайша, өлім мен ажалды бір сәтке ұмытып,
көкейдегі уайымын жеңгендей болады. Олар ең үлкен
ақиқат – мәңгілік өмір барын мойындамағандықтан, әр-
дайым ажалдың үрейімен өмір сүреді. Сондықтан да,
«Жаза – жасалған қылмыстың сипатына қарай тағайын-
далады» деген қағидаға сай арғы дүниеде де әрдайым
жоқ болуды күтіп отырғандай, алапат үреймен жоқ болу
Үкілі үміт 115

қасіретінен арыла алмай ауыр азап шегеді. Әрине, бұл


дүниеде ғапылдықпен, азғындықпен, көңіл көтерумен,
мастықпен аз да болса өлімді ұмытып, көкейдегі үрейін
сейілтетіндер де баршылық. Ғапылдық атты ұйқыға бас
қойып, жүректегі қорқыныш пен үрейді мүлдем ұмыт-
қандар да жетеді. Алайда арғы дүниеге қадам басқан-
да барлық нәрсе ашық көрініп, анық айтылады. Барлық
нәрсе шынайы қалпымен көрініс тауып, адамдардың
көзіне көрсетіледі. Міне, сол кезде дүниеде өлекседей
бәтуәсіз өмір сүргендер өлімнің, мәңгілік азаптың және
жоқ болудың қорқынышын терең сезінеді. Үнемі шыңы-
рауға тасталғалы тұрғандай үрейленіп, осы азап мәңгі-
бақи жалғасатынын ойлағанда, жаны түршігіп бас сау-
ғалайтын жер таппай жапа шегеді. Міне, осы тұрғыдан
алғанда олар белгілі деңгейде мәңгілік өлім атты жазаға
тартылып, қайта тірілудің қуанышы мен шаттығын ешқа-
шан көрмейді.
Жүректегі қараңғы перделер
Аяттың соңында «Уағләму әннәллаһа иәхулу
бәйнәл-мәри уә қалбиһи» яғни, «Біліп қойыңдар, Алла
адам мен жүрегінің арасына бір перде тартады» делін-
ген. Яғни, кейде Алланың (Заты-улуһият) нұры мен адам
жүрегі арасын перде тұмшалайды. Осылайша, бейне
бір күн тұтылғандай құбылыс пайда болып, екі аралық-
ты әлгі перде тас түнек етіп бітеп тастайды. Негізінде,
иршадтың77 мақсаты да Алла мен адам жүрегінің ара-
сындағы осындай перделерді алып тастаудан тұрады.
77
«Иршад» – адамдарға тура жолды көрсету, дұрыс жолға
түсуіне мүмкіндік жасау, ғапылдықтан ояту деген мағыналарды
білдіретін арапша сөз.
116 Таңдамалы-4

Сонымен қатар, жүректің бағытын Хақ тағалаға қарай


бұру адамдардың Аллаға бет бұруына бөгет болатын
бүкіл кедергілерді жойып, сезім мен ой-пікірді иманмен
ізгілендіру, Жаратушыға жақын жүректердің рухани тұр-
ғыдан одан әрі тереңдеп, биіктеуіне жағдай жасау, міне,
осының барлығы иршадтың мақсаты саналады. Алайда
кейде иршад өзінің діттеген межесіне жете алмай, адам-
дар бірқатар кедергілерге бой алдырып, жарты жолда
адасып жатады. Хақ тағала адам баласына оның жүре-
гінен әлдеқайда жақын. Әрі адам баласының жүрегін
толық меңгеруші Хакім болып табылады. Алла қаласа,
құлының ақыл-ойын адастырып, оны санасыздыққа
душар етеді. Сөйтіп, өз болмысының, өз-өзінің парқына
бара алмайтын, өз-өзін сезіне алмайтын халге түсіреді.
Аллаға және ақырет күніне сенбейтін адамдардың
жүрегі мен Алла тағаланың арасын қараңғы перде тұм-
шалап тұрады. Мұндайлар кейде тәкаппарлықтарынан,
кейде адасқан ой-пікірлерінен, кейде әділетсіздігі сал-
дарынан, кейде көрсоқырлықпен ата-бабаның адасқан
жолын ұстанудан, енді бірде Аллаға емес басқа нәрсе-
лерге табыну салдарынан ақиқатқа ешқашан қол жеткі-
зе алмайды. Сондықтан мұндай адамдар мен иләһи нұр
арасында қараңғы перде, өткел бермес кедергі тұрады.
Олардың жүректерінде әрдайым ай немесе күн тұтыл-
ғандағы секілді қараңғылық күй орнайды. Олар Алланы
(Заты-улухият) ешқашан жан жүрегімен сезіне алмайды.
Ай немесе күн тұтылғандай, Алла мен жүректің ара-
сына қараңғы перде тартылуынан мүминдер де қалыс
қалмайды. Мүминдер де үлкен қауіптен сақ болуы керек.
Әрдайым рухани сергектікті сақтап, ыждағаттылық та-
нытпаса, бір сәтте жүректі улайтын түрлі күдік-күмәннан
Үкілі үміт 117

сақтанбаса, Алламен арадағы рухани байланысты берік


күйде сақтай алмаса, ғапылдыққа салынса, кез келген
кезбе жүректі әлгіндей перде тұмшалау қаупі бар екенін
ұмытпаған жөн.
Уа, жүректерге қалауынша билік етуші
Раббым!
Адам жүрегі мен Алла тағала арасын перде тұмшалап,
жүрекке иләһи нұр төгілмейтін болса, мұндай жағдайда
адам иман мен күпірлік арасындағы терең құздың қауіп-
қатерін сезінуден қалады. Әзірет Әнас (р.а.) Расул Әк-
рамға (с.а.с.): «Уа, Расулалла! Біз сізге және сіз дәріптеген
барша ақиқатқа иман келтірдік. Осыған қарамастан, әлі
де болса бізді уайымдайтын кездеріңіз бола ма? Ақырет-
те бізді не күтіп тұрғанын ойлап, қамығасыз ба?» деп сұ-
рағанда, Рақым Пайғамбары (с.а.с.): «Иә, қатты қорқамын.
Өйткені жүректер Рахманның екі (құдірет) саусағының
арасында. Ол адамдардың жүрегіне қалауынша билік
жүргізеді» дейді.
Иә, күнә мен азғындаған ой адам жүрегін қарайтып,
Алланың (Заты-улухият) жүректегі нұрын өшіреді. Осын-
дай аянышты жағдайға ұшыраудың уайымын арқалаған
бір пенденің жаны түршігіп қорықпауы, қалшылдап-ді-
рілдеп үрейленбеуі, Хақ тағалаға жалынып, жалбарын-
бауы мүмкін емес. Ғаламның Төресі (с.а.с.) әрбір дұғасын-
да: «Аллаһуммә йә муқаллибәл кулуб, сәббит қалби
алә диник» («Уа, жүректерге қалауынша билік жүргізе-
тін Алла тағалам! Жүрегімді дініме тұрақты етіп, берік
қыл!») деп тілек тілеуі осындай сана-сезімнен туындаған.
Негізінде, күнәдан пәк саналатын сүйікті Пайғамба-
рымыздың (с.а.с.) өзі жүрегінің Хақ дін жолында тұрақ-
ты әрі берік болуы үшін осылай дұға еткен. Алланың
118 Таңдамалы-4

разылығына бөленгені Құранда сүйіншіленген теңдессіз


ізгі жамағатын ойлап уайымдаған. Ендеше, біз де ертеңгі
күнімізді ойлап қатты қорқуымыз қажет. Әйтпесе, біздің
де жүрегімізді қараңғы перде тұмшалап, иләһи нұрдан
мақұрым қалуымыз ғажап емес. Күнәларымыз бен түрлі
қателіктеріміз жүректегі пердені қалыңдатып, жан-дү-
ниеміздегі қараңғылықты қоюлата түспейтініне кепілдік
жоқ. Ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін парықтап, таразы-
лау қабілетімізден айрыламыз. Дүние-мүлік, шен-шекпен
– жүректі тас-түнек қараңғылыққа батыратын індеттер-
дің бір парасы. Атақ, абырой деп жанталасып жүріп, ақи-
қатты көруден қалмақпыз. Менмендік, өзімшілдік, нәпсі-
құмарлық, үй-жай, бала-шағаға деген әсіре берілгендік,
Алла жолында қызмет етудің жауапкершілігінен қашу
сынды кеселдер тас-түнек қараңғылықта қалдырмақ.
Жүректегі иләһи нұрды бір рет өшірген адамның қайта-
дан еңсе тіктеп, ес жиюы қиын. Мұндайлардың рухани
дүниесін өмір бойы әлдебір жартыкештік билеп, не өлі,
не тірі екені белгісіз шалажансар күй кешпек. Ендеше,
әркім өзінің алдағы күніне алаңдап, өзін ешқашан сенім-
ді жағдайда сезінбеуі қажет.
Жақында бізге қонаққа келген аса қадірлі бір ұстазым
таң намазын имам болып оқытып жатып: «уағләму ән-
нәллаһа иәхулу бәйнәл-мәрии уә қәлбиһи» деген аятты
оқығанда қатты толқып, жылап жіберді. Оның әлгі аяттың
мағынасын осылайша тереңнен тебіреніп, сезімге ерік
бергені мені де толқытты. Иә, біздің де жүрегімізді қа-
раңғы перде тұмшаламайтынына сенім жоқ. Кез келген
сәтте жолдан тайып, адасу қаупі бар екенін ұмытпаған
абзал. Ендеше, мүмкіндік барда, жүректі перде тұм-
шалап тастамай тұрғанда көңілге көктем әкеліп, қайта
Үкілі үміт 119

оянуға бастайтын, бізді мәңгілік өмірге қанаттандыра-


тын дініміздің үндеулеріне, «иғлә кәлимәтуллаһ»78 да-
ғуасына қарай бар күшімізбен ұмтылуымыз қажет. Пай-
далы ілім мен ізгі амалға шақырылсақ, жан-тәнімізбен
қабыл алып, соған ден қойғанымыз жөн. Адам алжып,
жынданып, жолдан тайып, адасып, ой-пікірі азғындап,
жан алқымға келмей тұрғанда иләһи үндеуге бар ын-
тамызбен құлақ асып, соған талпынуымыз қажет. Алла
тағала барша жүректің бақылаушысы, жүректегі күллі
ой мен ниеттен толықтай хабардар. Біздің өзіне деген
ұмтылысымыздың шынайылығын, қаншалықты риясыз
екенін жақсы біледі. Бұдан қалса, «Барлығың оның құзы-
рында жиналасыңдар!» деген иләһи ескертуі барлық іс-
әрекеттерінің ақыретте аян болатынын еске салады. Сол
үшін кәміл иман келтіруге және ақырет күні үшін дайын-
дық жасауға шақырады.
Қайта тірілген қаһармандар
Әрбір пенде белгілі деңгейде қайта тірілудің ғаламат
құбылысын бастан өткеретіні анық. Ал енді, пайғамбар
дағуасының мұрагері болғысы келетін жандардың көңі-
лінде өздері ғана емес, өзгелердің де оянуы үшін аянбай
қызмет ету идеалы, мұраты болуы қажет. Адамзат тари-
хында барша пайғамбарлар және олардың абзал доста-
ры адамдардың тірілуіне жанын салған. Дәл осы секіл-
ді бүгінгі күні пайғамбарлық дағуасының мұрагері бол-
ғысы келетін ізгілік жаршыларының ең маңызды мінде-
ті, «бағсу-бағдәл мәут қаһарманы» немесе «қайта тірілу
қаһарманы» деп аталатын асқар шыңға ұмтылу болмақ.
78
«Иғлә кәлиматуллаһ» – Алланы төрткүл дүниеге таныту, сүйдіру
дағуасы.
120 Таңдамалы-4

Иә, пайғамбарлық дағуасының мұрагерлігінен дәмелілер


саналы ғұмырын осы мақсатқа арнауы қажет. Жер-жер-
ді аралап, баршаға «абы-хаят» атты тіршілік нәрін ішкізу-
ді басты мұраты етуі керек. Жазушы шығармаларымен,
ғалым ғылыми ізденістерімен, ақын өлеңдерімен, өнер
адамдары музыкасымен немесе өнердің басқа да түрле-
рімен және ең бастысы, барлық адамдар шынайы түрде
діндарлықты ұстанып, баршаға үлгі-өнегені өзі бастап
көрсету арқылы төрткүл дүниеде қайта тірілудің үлгісін
паш етуі қажет. Міне, бойына осындай идеалды тұндыр-
ған адамдар аяттағы иләһи үндеуге қалай үн қосудың ең
жарқын үлгісін көрсетпек. Мұны қайта тірілу емес, қайта
тірілту дағуасы деп атаса да жарасады. Мұны «басқалар
үшін өмір сүру мұраты» немесе «басқалардың бақыты
үшін өмір сүру идеалы» деп те атауға болады.
Саналы ғұмырын адамзаттың қайта тірілуіне, мәңгілік
бақытқа кенелуіне арнаған «бағсу бағдәл мәут» қаһар-
мандары Алланың өздеріне тарту еткен барша қабілетін
жүректегі асыл армандарын жүзеге асыру үшін аянбас-
тан қолданып бағады. Олар басқа адамдардың рухани
тұрғыдан әлсіремеуі үшін олардың көкіректерінде иләһи
нұрдың жалынын жағуға тынбай қажыр-қайрат жұм-
сайды. Баршаға қол ұшын созып, жәрдемге мұқтаж жан-
дардан қамқорлықтарын аямайды. Оларды рухани дү-
ниені астан-кестең ететін дүлей дауылдарда жападан-
жалғыз қалдырмай, үнемі жанынан табылады. Жанын-
дағы айнымас адал достарын сезікті қауіп-қатерлерден
қорғап қалуда үнемі сергектік танытады. Ең басынан
бастап шабыт пен жігерден нәр алған табандылықтарын
сақтай отырып, өздерімен тағдыры һәм тілегі бір дос-
тарының да үнемі рухани сергектігін сақтай білуі үшін
Үкілі үміт 121

көзсіз ерлік көрсетеді. Тіпті олар үшін жер мен көктен


қабаттаса түрлі апат төнсе де, күллі әлем қарсы шығып,
жолына тұзақ құрса да, дағуаларынан әсте бас тартпай-
ды. Түрлі байкотқа, азап пен озбырлыққа, жер айдау мен
қуғын-сүргіннің қандайына душар болса да, әсте дағуа-
сынан айнымаған ардақты сахабалар сынды олар да
аңсаған армандары мен дағуаларынан бас тартпайды.
Артқа шегініп, солқылдақтық танытудың өзін дағуадан
бас тартып, тура жолдан жалтару ретінде пайымдайды.
Олар ұлы мақсаттан жалтаруды дінге опасыздық таныту
деп түсінеді.
Йәрмук соғысында жеңіліске ұшырап, тым-тырақай
қашқан Рим империясы әскерінің қолбасшысы импе-
ратордың алдына барып: «Уа, патша ағзам! Бұлармен
соғысу мүмкін емес. Біз өлімнен қалай қорқып қашсақ,
олар дәл солай өлімге қарай ұмтылуда. Өлімнен қаша-
тындар өлімге ұмтылатындармен қалай соғыссын?»
деп, мұңын шаққаны белгілі. Иә, ең алғашқы ізгілер,
яғни сахабалар тұрлаусыз өмірге тұсалған аттай байла-
нып қалмай ажалға тайсалмастан қарсы шауып, қуана
ұмтылғандары сынды барша дәуірдің қайта тірілу қа-
һармандары да сол шамада жанкешті, мәрт және үрей-
сіз болуы қажет. Олардың өмірді тым тәтті көретіндей
рухани солқылдақтықтары болмауы қажет. Жайбарақат
жайлы өмірге қауышу, рақатқа бату, бала-шағаға әсіре
берілу сынды рухани вирустар олардың жүректеріне
әсте әсер ете алмайды.
Дегенмен ең алғашқылар өздерінің жанкештілігін
соғыс майдандарында танытса, қазіргі қайта тірілу қа-
һармандары соғыс, жанжал, қантөгістің ауылына да
жуымайды. Олардың міндеті майданда жан алысып,
122 Таңдамалы-4

жан берісу емес, жүректеріндегі иман шырағын барша-


ның көңілінде жағу үшін, қолдарындағы өрт сөндіретін
түтікшелерімен имансыздық атты өртті сөндіру, осы ба-
ғытта аянбай қызмет ету болып табылады. Олардың мін-
деті Хызыр мен Ілияс секілді елді-мекендерді аралап, өз-
гелерге өмір үмітін үрлеп, аяғы тиген барлық жерде өмір
нышандарының көгеріп, қайта көктеуін қамтамасыз ету.
Әдеби терминологиямызда «Хызыр сәждесін жайған
жер» деп аталатын ұғым бар. Әрбір адам өзінің қабілет-
қарымына сай жүрген жерінде халыққа қайта тірілудің
лебінен тыныстатуға тиісті.
Бағсу бағдәл мәут қаһармандары – ғұмырын басқалар-
дың бақытқа кенелуіне арнаған нағыз бақыттылар. Олар
Алла мен Елшісінің (с.а.с.) үндеуіне мойынсұнса, Хақ та-
ғаланың өздеріне қайта тірілу жолдарын көрсететініне,
ас-сусыз жарты жолда тастамайтынына шын жүректен
сенім артады. Осындай сеніммен әуелі Аллаға шынайы-
лықпен тәуекел етіп, айналасындағы мұңдыларға жұба-
ныш сыйлап, тұманмен тұмшаланған рухтарды нұрға
бөлеу үшін әрдайым жалындап жануды өздеріне борыш
деп біледі. Олар отырса да, тұрса да басқалардың көке-
йіне өмір үмітін берудің ләззатымен тыныстап, өздерінің
мақсаттарын жүзеге асыру үшін ешбір қиыншылықтан
тартынбайды. Қажет болса, қайта тірілту үшін өз жанын
береді. Басқалардың бақыты үшін өз бақытын пида етеді,
өзгелердің рақаты үшін өз рақатынан бас тартады. Бас-
қалар мәңгілік бақыттың дәмін татуы үшін, күндіз күлкі,
түнде ұйқы көрмей тынбай еңбек етіп, бейнет азабын
тартады. Арманына қарай ұмтылған сайын алдынан
шыққан жылтыраған мақтауларға, аяусыз сын пікірлер-
ге де мән беріп көңіл аудармайды. Қайта керісінше, олар
Үкілі үміт 123

қандай да бір ілтипат көрсе іштей азап шегіп, «астағфи-


руллаһ» сөзімен жауап қатады. Шындыққа жанаспайтын
сын пікірлерді естісе, «Алла алдыңнан жарылқасын» деп
қана өтеді. Сын пікірлерден сабақ алып, нәпсісін тежеп,
алған бағытынан танбастан алға қарай ұмтыла түседі.
Иә, бүгінгі таңда жүрегіне мейірім мен сүйіспен-шілік
тұнған осындай асқақ рухты қаһармандарға аса зәруміз.
Адамзат том-том кітаптарға, ғажап философиялық пікір-
лерге, керемет күштердің таңға-жайыптарына емес, қар-
тайған жер бетін соңғы рет шаттыққа бөлейтін, өзінен
гөрі өзгелерді көбірек ойлайтын нағыз ізгілерге, идеа-
лист қаһармандарға мұқтаж. Керемет күштерге иелік ет-
сеңіз де, әрбір күш пен тіршілік иесінің пешенесіне жа-
зылған өмір жасы болатынын ұмытпаған жөн. Асарын
асап, жасарын жасағандар өзегін құрт кеміріп, шіріп
кеткен ағаш сынды бір күні опырыла құлайтыны анық.
Алайда қайта тірілу қаһармандары иләһи үндеуге бой-
сұнған сайын Алланың қалауымен ешқашан құлап, ші-
рімейді. Қияметке дейін төрткүл дүниенің шартарабына
шапқылап, баршаға тостаған толы қайта тірілу шәрба-
тын ішкізумен болмақ.
ЖАТЫП ІШЕР ЖАЛҚАУЛЫҚ ЖӘНЕ ЕҢБЕК
ЕТУДІҢ ЛӘЗЗАТЫ

Сұрақ: Ғалымдар мүминдердің рухани


дүниесі үшін үлкен қатердің бірі ретінде
«рақатқұмарлықты» атап өткені белгілі.
Рақатқұмарлық – адам баласын түбінде опық
жегізетін тұлдыры жоқ тұйық қараңғылық пен
қорлықтың бастауы. Мүминдердің рухани
дүниесін жегідей жейтін осынау қауіп-қатерге
қарсы не істеу қажет?
Жауап: Ғалымдар үмітсіздік, шыдамсыздық және өзім-
шілдік сынды рухани кеселдерді тілге тиек еткен бір тұста
«рақатқұмарлыққа» да айрықша тоқталған. Сауалда да
айтылғандай, рақатқұмарлық – адам баласын түбінде
опық жегізетін тұлдыры жоқ тұйық қараңғылық пен қор-
лықтың бастауы. Ғұламалар рақатқұмарлыққа салыну
адамның төрдегі басын есікке сүйреп, абырой-беделден
жұрдай ететін азғындық екеніне назар аударады.
Рақатқұмарлық кейде жатып ішер жалқаулық, тәнқұ-
марлық ретінде де сипатталады. Рақатқұмарлық дегені-
міз – еңбек етуді жек көру, жұмыс істемеу, ауырдың үс-
тімен, жеңілдің астымен жүретін жалқаулық, үнемі жан
тыныштығын ойлап тұру, дем алу мен көңіл көтеруге
әсіре құмарлық деген мағыналарды қамтиды. Ғалымдар
өз еңбектерінің көп жерінде осы мәселені түрлі қырынан
тілге тиек етіп, ескерту жасап отырған. Осы бір рухани
Үкілі үміт 125

кеселді әзәзілдің ойыны ретінде пайымдап, бұдан құты-


лудың шараларын алға тартады.
Бейнет түбі – зейнет
Рақатқұмарлық немесе жатып ішер жалқаулық – фәни
дүниенің жұғымсыз жылтырақтарына құмарту мен қу
құлқын мен нәпсіге бой алдырудың көрінісі. Бұл кеселге
шалдыққан жан үнемі құлқынының құлы болып, тән құ-
марын қанағаттандырғанына мәз болып, тоғышарлық-
пен ғұмыр кешеді. Өмірді ішіп-жеу, ойнап-күлу, қыдыру,
жату, ұйықтау, жалғанның ләззатын сезіну ретінде ба-
ғамдайды. Алайда осындай таяз түсінікпен өмір сүрген
кез келген кісі жүре келе бұдан да жалығады. Белгі-
лі бір уақыттан кейін еш нәрседен рақат таппай, жаны
жайсыздыққа тап болады. Әу баста рақатқа батырып,
жанына майдай жаққан нәрселердің де қызығы кетіп,
қызуы басылады. Осылайша, еш нәрсеге көңілі толмай,
өміріне налып, жан дүниесін құлазытқан кеселді халдің
шырмауына түседі. Айналасындағы барша нәрсеге ты-
жырына қарап шым-шытырық шиеленіспен өмір сүреді.
Ішкі дүниесі наразылық пен қайшылық салдарынан азап
шегеді. Өйткені ғалымдардың еңбектерінде жамандық-
тың және күнәлардың ұйытқысы – жоқтық сана, яғни
жоқ болып кету түсінігі екені айтылады. Жоқ болып кету
түсінігі – күллі жамандық пен азғындықтың қайнар бас-
тауы. Адамның еңбексіз, қозғалыссыз, бос қарап жатуы
оның жан дүниесін құлазытып жібереді. Бұл өз кезегін-
де жоқ болып кету түсінігін, басқалай айтқанда күпірлік
отын маздата түсері анық.
Рақатқұмарлыққа бой алдыру, еңбек етуден қашу,
жатып ішер жалқаулық адамды терең күйзеліске, үміт-
сіздікке ұрындырады. Көбіне жұмыс істемеу, ешбір іске
126 Таңдамалы-4

жарамау, көштің соңында қалу, өз-өзін төмен санау


сынды пессимистік психологияға жеңіліп, іштей терең
қайшылық пен шиеленіске ұшырайды. Адамда ішкі қай-
шылық тереңдеген сайын еңбекке деген ынтасы азайып,
үмітсіздік арта түседі. Жағдайы қанша жерден жайлы
болғанына қарамастан, рухани дүниесін мәнсіздік билеп,
жаны еш нәрседен жай таппайтын жағдайға жетеді.
Тірі аруақтай қалт-құлт етіп, өз көлеңкесінен өзі сеске-
ніп, күйзеліс пен депрессиялық жағдайдан арыла алмай
мазасы кетеді. Жан дүниесін жайлаған күйзелістен құ-
тыламын деп басын тауға да, тасқа да ұрып, азапты же-
ңемін деп көңіл көтерудің бір түрінен келесі түріне бас
қойып, нәпсінің құрдымына батқан сайын батады. Құ-
лазыған жан дүниесіне шуақ шашар сәуле таппағандық-
тан немесе осыны парасатпен парықтай алмағандықтан
рухани дүниесінде жүйтки соққан аласапыран дауылды
әсте тоқтата алмайды.
Шын мәнінде Хақ тағала күллі тіршілік иелерінің бол-
мысына әрекет пен еңбекке деген бейімділік орнатқан.
«Сүннәтуллаһ»79 негізінде барша тіршілік иелері ұдайы
әрекетте. Тіпті белгілі бір деңгейде жансыз болмыс
иелері де өздеріне жүктелген міндетті айрықша ынта-
жігермен, ерекше шабытпен атқаруда. Ендеше, Ұлы Жа-
ратушы белгілеген осынау иләһи заңдылыққа қайшы
келетін жатып ішер жалқаулыққа, рақатқұмарлыққа,
арамтамақтыққа салынғандар көбіне аянбай тер төгіп,
еңбек ететіндерден әлдеқайда көбірек бейнет пен ма-
шақат көреді. Өйткені олар көбіне «қарын тоқ, қайғы
жоқ» деген түсінікке бой алдырғандықтан, жан дүниеле-
рін тұлдыры жоқ тұрлаусыздық билейді. Маңдай термен
79
Алла тағала белгілеген заңдылық
Үкілі үміт 127

еңбек етіп өмір сүрудің орнына түрлі заңсыздыққа бас


қояды. Тәндік ләззат үшін жанын отқа да, суға да салады.
Осы тұрғыдан, бәлкім, адал жолмен күнелтетіндерге қа-
рағанда әлдеқайда көп машақат тартып, рақаты үшін
арқа еті арша, борбай еті борша болып көбірек сорлай-
ды. Мәтелге айналып кеткен мына «Рақатқа апарар жол
бейнеттен өтеді, ал бейнет соңында рақатқа апарады»
деген сөз қандай орынды айтылған.
Өкінішке орай, бүгінде елімізде ұрлық, тонау, алаяқ-
тық сынды қылмыстар адамгершілікті аяқ асты етіп,
қоғамдық сананы ластамақ болған кейбір арамза пи-
ғылды ұйымдасқан топтар тарапынан жасалуда. Атал-
ған қылмыстардың сексен пайызы азғындық жолын-
да ұйымдасқан осындай топтардың еншісінде. Олар
қоғамды үнемі қорқыныш психологиясында ұстап, ха-
лыққа «сендер қауіпсіз жағдайда емессіңдер» дегендей
кейбір қылмыстарды әдейі ұйымдастырып отырады. Ел
ішінде хаос жасап, билік басындағыларды қиын жағдай-
да қалдыру арқылы адамдарды қоғамда тұрақтылық,
тәртіп жоқ деп сендіріп, саяси өмірде бірқатар анти-де-
мократиялық шараларды жүзеге асыруға қажетті алғы-
шарттарды қалыптастырады. Осы уақытқа дейін арамза
пиғылмен ұсақ-түйек қылмыстардың өзін өздерінің жос-
пар-жобаларының бір бөлшегі ретінде асқан шеберлік-
пен қолданып отырды. Кейбір заңды саяси күштер де
қоғамда жаппай етек алған қылмыстар түбінде әлгіндей
қылмыстық топтарға телінетінін пайдаланып, өздері де
заңсыз әрекеттерге барудан тайынбай мафиялану үстін-
де. Осылайша, қоғамда көптеген жандар жазықсыз жапа
шегуде, енді біреулерді қорқытып, үркітіп болсын үнде-
рін өшіруде. Қылмысқа бейім адамдарды айналасына
128 Таңдамалы-4

топтап, ұрлық-қарлық пен алаяқтық сынды қылмыстар-


ды бүркемелеп, қылмыскерлерге пана болуда. Иә, әрбір
қоғамның өзіндік ерекшеліктері болады. Ел ішінде үлкен
ықпалы бар осындай қылмыстық топтар мен мафиялар
сырттай қарағанда рақат өмір сүріп жатқандай көрінге-
німен, олардың маңдайына жазылған бейнет пен маша-
қат тіптен көп.
Оңай олжаға бату, тез байып кету, заңсыз жолмен
болсын көп ақша тауып рақатқа батуды көздейтіндер
ақыл-оймен адал еңбекке жүгінудің орнына аталған қи-
тұрқы жолдарға түсіп ардан аттау-да. Мәселен, банк-
тердің ақшаларын айлакерлікпен талан-таражға салып,
елдің ырыс-байлығын қалтаға тоғытып жүргендердің
жамандық жолында мұншама айлакерлікті қалай ойлап
табатынын көріп жағаңды ұстайсың. Тіпті алдау, арбау,
алаяқтық жолында ойлап тапқан түрлі қитұрқылықтары-
на қарап, осы ақылдарын заңды жолмен табыс тауып,
еңбек етуге жұмсаса, бәлкім елдің алды болып, жұрт-
тан жайлы өмір сүріп, көптің құрметіне бөленер еді-ау
деп те ойлайсың. Сонда адамгершіліктен айнымай жаны
тыныш өмір сүрер еді. Ал қазіргі күйлеріне қарасаң,
заңсыздық пен күнә үшін қаншама тер төгіп, бастарын
қауіпке тігуде. Егер осы күштерін адал еңбекке арнаса,
өзгелер қол жеткізе алмайтын үлкен мүмкіндікке жете-
ріне сенімім кәміл. Заңсыз жолмен оңай олжаға батып,
табыс табу адамды рақатқа батырмайды. Мұндайлар да
көп бейнет шегеді. Алайда мұндай бейнеттен не қайыр,
не үміт? Олардың еңбегі – арам еңбек. Расында да, ға-
лымдардың «Халал шеңбері адамның рақатқа қауышуы-
на жеткілікті, харамға бойлауға қажеттілік жоқ» деген
қағидасы – барлық сала үшін алтын қағида. Ішіп-жеу,
Үкілі үміт 129

дем алу, көңіл көтеру сынды адам табиғатына тән құмар-


лықтарды Алла рұқсат еткен шеңберде ғана қанағаттан-
дыруға болады, харамға бойлауға болмайды. Харамға
бойлау – шайтанның ісі. Шайтан адамның нәпсісін қоз-
дырады. Нәпсіні адал жолмен де қанағаттандыру тұр-
ғанда, харам бағыттарды көрсетіп еліктіреді. Әу бастан
нәпсіге ерік берген жандар құмарлық пен рақаттың
тұтқынына айналады. Мұндайлар ақиқат көз алдында
тұрса да, көрсоқыр адамдай ғұмыр кешеді. Құлақтары
естиді, алайда ақиқатқа келгенде тас кереңге айналады.
Сырттай ақылды болып көрінгенімен, өмірдің мәнін па-
йымдап, парықтай алмайды. Сол үшін де адамгершілік
пен ардан аттап, арсыз істер жасаудан еш тартынбайды.
Күллі азғындықтың ұясы
Рақатқұмарлық күллі азғындықтың ұясы екені рас.
Адамды ұятқа қалдырып, абыройын айрандай төгетін
небір жағдайлар рақатқұмарлықтың салдарынан өрттей
қаулайды. Айналасында ізгілікке жанашыр жандар бол-
маса, адам әдетте шайтанның тұзағына өзі барып түсіп
жатады. Шайтан мұндайлардың нәпсісін қоздырып, ар-
сыздыққа итермелейді. Мәселен, «біраз қыдырып, күй-
зелістен арылатын жерде аздап көңіл көтерейін, кейбір
интернет сайттарына көз жүгіртіп шығайын, пәлендей
бір фильмді көрейін» сынды ойлармен адамды пайда-
сыз, ғапылдыққа салатын қажетсіз істер жасауға азғы-
рады. Әзәзілдің азғыруына еріп, күнә дариясына өз-өзін
күмп еткізіп тастап жіберген жандар аса қымбат уақыт-
тарын бос нәрсемен өткізіп қана қоймай, ретіне қарай
бір түйір аспен, бір ғана көз тоқтатып қарау арқылы, бір
нәрсеге қол созумен адам айтқысыз ауыр күнәларға
қалай бойлағанын білмей қалады.
130 Таңдамалы-4

Өздерін тұтастай жатып ішер жалқаулыққа, тәнқұмар-


лыққа, ғапылдыққа салған адамдар арғы дүниені айтпа-
ғанда, осы дүниеде тақыр жерде жер сипап, барша игі-
ліктен мақұрым қалмақ. Расында да, бесінші ғасырдан
бастап (һижра жыл санағы бойынша) жайлы өмірге құ-
мартып, рақат пен ләззаттың соңынан қуған бақытсыз
Ислам әлемі ғылымға құштарлығы мен ізденіске іңкәр-
лігін жоғалтып, өнер табу мен ғылыми жаңалық ашудан
қалды. Мұсылмандардың осынау ізгі қасиеті өзгелердің
еншісінде кетті. Осылайша, өзгенің табанында тапта-
лып, боданына айналды. Бір кездері мұсылмандардың
босағасынан да сығалай алмайтын надандық жайлаған
бірқатар елдер ғылымға ден қойып, табанды ізденісте-
рі мен қажырлы еңбектері арқасында материалдық-тех-
нологиялық дамуға қол жеткізіп, өзімізге өктемдік жа-
сайтын жағдайға жетті. Енді міне, дүние кезегімен ай-
налып, біз олардың босағасынан сығалайтын бейшара
халге душар болдық. Ғылым мен өнер жолына жан-тә-
німен берілгендердің үй бетін көрместен барша рақаты-
нан бас тартып, көптеген жаңалықтар мен өнертабыс-
тарға қол жеткізгенін деректі фильмдерден көріп, қайран
қалып жүрміз. Мәселен, бір ғалым кобраларды зерттеу-
ге жиырма жыл өмірін арнап, осы үшін талай машақат-
ты тартқан. Кобраларды зерттеу үшін бүгінде кейбір дін-
дарлардың діні үшін жасай алмайтын қажыр-қайратын
танытып, талай күні мен талай түнін орман-тауда өткізіп,
небір қиыншылықтарды жеңе отырып, ғылыми жаңалық
ашқан. Ендеше, жатып ішер жалқаулық пен рақатқұмар-
лық көште қалудың, қорлықтың негізгі себебі екенін бас-
қаға емес, өзіміздің қазіргі халімізге қарап-ақ парықтай
берсек болады. Шын мәнінде рақатқа және жайлылыққа
Үкілі үміт 131

берілген жартыкеш жандардың ғылыми лаборотория-


ларда жан-тәнімен аянбай тер төгіп жұмыс істеуі, саналы
ғұмырын ізденіс пен еңбекке арнауы, зерттеген саласын
бес саусағындай жетік біліп, ғылыми жаңалықтар ашуы
мүмкін емес. Рақат пен жайлылық бір рухани кесел
болса, осы кеселді қоздата түсетін тағы бір індет бар.
Ол – үйкүшіктік. Рақатқұмарлық пен үйкүшіктік қосылса,
онда адам бойында Алла жолында аянбай қызмет жасау
ұғымы мүлдем жойылып, рухтың сал күйге ұшырайтыны
сөзсіз. Бүгінгі әлемнің бет-бейнесіне қарасақ, дүниеде-
гі ең жалқау және ізденістен мақұрым жандардың саны
Ислам әлемінде де жетіп артылатынын көруге болады.
Міне, бұл – мұсылмандар үшін нағыз қорлық, көште қал-
ғандықтың белгісі.
Иә, жеке адамдардың рақатқұмарлыққа салынуы қо-
ғамда да осындай індеттің жайлағанын аңғартады. Нәти-
жеде, жатып ішер жалқаулардан құралған қоғам дертке
шалдығып, өзгенің боданына айналмақ. Кез келген қо-
ғамның іріп-шіруіне жеке тұлғаның рақат соңына түсуі,
өзгелердің есебінен күнелтуге дағдылануы, өзі тоқ болса
өзгенің халіне мүлдем бас ауыртпауы сынды факторлар
негіз қалайды. Өмірін ұйқымен өткізіп, өзгелердің есебі-
нен күнелтетіндер, арамтамақтықпен өмір сүруге дағды-
ланып, осы дүниеде мас адамдай жарымес болып ғұмыр
сүрсе, арғы дүниеде шайтан соққандай есалаң күйде
қайта тірілетін болады. Марқұм Хамди Языр80 «Пайыз
жейтіндер құдды шайтан соққан адамның ұйқыдан оян-
ғанындай түрегеледі»81 деген аят арқылы олардың халін

80
XX ғасырда өмір сүрген белгілі түрік ғалымы, Түркиядағы ең
әйгілі Құран тәпсірінің авторы.
81
«Бақара» сүресі, 2/275
132 Таңдамалы-4

өте тамаша сипаттап береді. «Мұндайлар пайыз жеп,


еңбекші мен жұмысшының үстінен күнелтетіндіктен тер
төгіп, еңбек ету санасынан мақұрым. Бейқамдыққа, жал-
қаулыққа негізделген өмір салтын ұстану салдарынан
төсектен тұрулары да оңай болмайды. Керіліп-созылып
әрең дегенде көзін ашады. Көпшілігі құдды шайтан соқ-
қандай төсекте сағаттар бойы дөңбекшіп, әрі аунап, бері
аунап әрең тұрады. Алайда бәрінен сорақысы, мұндай-
лар қарындарын пайызға толтырғандықтан, бір хадисте
айтылғандай қияметте қабірлерінен есалаң немесе жын-
данған адамдай тұрады. Қиямет күні олардың басты
ерекшеліктері осындай кейіпте болады.
Пәле-жалаға жол ашатын тоғышарлық
Құран кәрім ішіп-жеуі, жүріс-тұрысы құдды аристок-
раттай кербез, атақ-даңққа, шен-шекпенге, комфортқа,
басқаларды билеп-төстеуге жаны құмар, молшылыққа
белшесінен батып, келе-келе тура жолдан тайып, азғын-
дыққа салынған жандарды «мутрәфин»82 деп атап, олар-
дың құрдымға кетуіне сеп болатын факторларға назар
аударады. Әдетте, Алланың азабына ұшыраған аймақ-
тарда мутрәфиндер көбейіп кететін болған. Ішіп-жеуді,
рақатқа батуды, көңіл көтеруді басты мақсатқа айнал-
дырған жандар сол қауымның иләһи азапқа ұшырауы-
на жол ашып отырған. Құран кәрімнің бір аятында: «Уә
изә әрәдна ән нуһликә қәриәтән» яғни, «қандай да бір
аймақты азапқа ұшыратқымыз келсе, «әмәрнә мутрә-
фиһә» сол аймақтың молшылықта, жайлы өмір сүріп
жатқан тоғышарларына, рақатқұмарлыққа, ләззатқа
82
«Мутрафин» – молшылықта, жайлылықта өмір сүріп жатқан
адам дегенді білдіретін арапша сөз
Үкілі үміт 133

және кәйіпке берілген сол жердің аристократтарына


жақсылықты әмір етеміз». «Фә фәсәқу фиһә», «осыған
қарамастан олар алған бетінен танбай күнә мен азғын-
дықтарын жалғастыра берсе, шектен шығып, адамгер-
шіліктен айныса, онда «фә хаққа аләйһил-қаулу» осы
себептен сол аймақтың халқы сөзсіз азапқа ұшырайды.
Оларға қатысты Алла азап үкімін береді. «Фә дәммәрна-
һа тәдмирә», біз ол жерді жермен-жексен етіп, астан-кес-
теңін шығарамыз»83 делінген.
Барлық дәуірде қоғамда аз-кем мутрәфиндер болған.
Олар ақыл, қисын, парасат пен дін үшін емес, үнемі нәп-
сілерін қанағаттандыру үшін өмір сүрген. Барлық қада-
мын нәпсінің арамза пиғылына қарай басып отыру –
олардың әдеті. Мұндай тексіз кісілер әдептің не екенін
мүлдем түсінбейді. Ақыретте жасаған барша амалы үшін
есеп беру сана-сезімінен түгелдей мақұрым. Адамгер-
шілік құндылықтарына қалай құрмет ету қажет екенін
ұқпайды. Реті келсе, ең арсыз істерді жасаудан тайын-
байды. Ізгілік пен арсыздықты, қайыр мен жамандық-
ты парықтай алмағандықтан, оны жай әншейін бос сөз
ретінде көреді. Оларда моральдық тұрғыдан ешбір уа-
йым-қайғы болуы мүмкін емес. Ғапылдыққа салынға-
ны сонша – халіне қарап Нұх пен Сәмуд қауымының аз-
ғындарын, Содом мен Гоморра арсыздарын еске алмай
тұра алмайсың. Мұндайлар бес күндік пәни өмірде ләз-
заттың қанша түрі болса, бәрін бірдей көріп қалудың
қамын күйттейді. Әйел – еркекті, еркек – әйелді пайдала-
нып қалудан басқа ештеме ойламайды. Кез келген оқи-
ғаны, кез келген адамды нәпсіні тояттату үшін мүмкін-
дік ретінде қарап, сол үшін қолданып қалуға күш салады.
83
«Исра» сүресі, 17/16
134 Таңдамалы-4

Бар ойлағаны – көбірек рақатқа бату, өмірдің қызығын


көбірек татып, көңіл көтеру. Осындай пасық пиғылмен
жанталасады.
Тіпті, мұндайлардың ішіп-жеуге, рақат пен ләззатқа,
көңіл көтеруге құлай берілгені сонша, бейне бір нәпсі-
лік құмарлықтарын қанағаттандыру үшін ғана өмір сүре-
тіндей көрінеді. Мәселен, Ежелгі Римнің арис-тократта-
ры ішімдіктің ең күштісі мен ас-ауқаттың ең тәуірін жеп,
рақат өмір сүрді. Олар асқазан мен бауырдың жүгін же-
ңілдететін шырын ішіп, ас қорыту жүйесін тездетіп, үнемі
ішіп-жей беретін. Себебі, олардың ішіп-жеудегі мақсаты
қарын тойдыру емес, тамақтан көбірек ләззат алу бола-
тын. Ежелгі Римнің мутрәфиндері құдды ішіп-жеу, көңіл
көтеру, дем алу үшін ғана өмірге келгендей әсер қалды-
рады. Олар өлім мен өлімнен кейінгі өмірді ойламауға
тырысатын. Мұндай жайттарды көңіл көтеру арқылы
ұмытуға күш салатын.
Дәл осындай ұстанымды «бар болу» экзистенциалис-
тік философиясынан да байқауға болады. Бұл түсініктегі
адамдар ең қиын-қыстау күндердің өзінде рақаттарынан
бас тартпаған. Мәселен, II дүниежүзілік соғыста неміс
армиясы ешқашан жеңе алмайды деп есептеген фран-
цуз легиондары жеңіліске ұшырап, Францияның үстінен
бомба қарша борап жатқанда, әлгіндей түсініктегі кейбір
лауазымдағылар: «Немістер бізді оңдырмайды. Әйтеуір,
өлетініміз рас. Тым құрыса, осы түнде рақатқа батып қа-
лайық, жақсылап көңіл көтерейік» деген екен. Неткен
пасық пиғыл, жетесіз ой десеңізші? Жаназа рәсімі бола-
йын деп жатқанда түні бойы көңіл көтеріп, той-думанда-
туды қалай түсінген жөн? Өлермендікпен ішіп-жеп, көңіл
көтеріп, құмар қандырудың не мәні бар? Тіпті, бір түнде
Үкілі үміт 135

әбден рақатқа батып, күні ертең оның бәрі бітетін болса,


мұның өзі азап емес пе? Иә, мұндай түсінікті ешбір ақыл-
парасат құптамасы анық. Десек те, осындай пікірлер дә-
ріптеліп, кейбіреулер осыны «экзистенциализм» фило-
софиясы деп атаған. Өз әрекеттерін ақтап, ешбір нәрсе-
ге тәуелді болмай-ақ, қалауынша өмір сүру түсінігін алға
тартқан. Әрине, барша мутрәфиндер сынды бұлардың
да ақыры нағыз өкініш болатыны анық.
Арғы дүниеде қиналмаудың қамы
Жан тыныштығын күйттеу, жалқаулық адамды осы
дүниеде опық жегізіп қана қоймай, ақыретте де азапқа
ұшырауына сеп болады. Бұл әлемде «Лә иләһә иллаллаһ,
Мухаммадун расулуллаһ» ақиқатына бас имегендер,
қабір әлемінен махшар алаңына, ол жерден ары қарай
жалғасатын ұзақ сапарға ешбір азық жинай алмайды.
Олар сырттай қарағанда дүниеде ешбір жүк арқала-
май рақат өмір сүргендей көрінсе де, өмірдің әрбір бе-
лесінде алдарынан кесе-көлденең шыққан кедергі атау-
лыдан жан ұшыра үрейленіп, мың сан мұқтаждықта уа-
йым-қайғымен күн кешеді. Осы дүниеде намаз, ораза,
зекет сынды құлшылықтан бойды аулақ ұстайтындар
сырт көзге ғибадаттардың жүгінен құтылғандай көрін-
се де, өмірдің әрбір өткелінде өздерін торуылдап жатқан
шайтани тұзақтарға қапысыз ілігіп, осы дүниеде жасағы-
сы келмеген болмашы бір құлшылық бейнетінің орнына
үлкен қиыншылықтарға кездесіп отырады. Аллаға иман
келтіріп, құлшылық міндетін орындайтындар осы дүние-
де болмашы бейнет көрсе де, Хақ тағалаға тәуекел ет-
кендіктен, жаны жай тауып тыныш ғұмыр кешеді. Осы
өмірде жиған намаз, ораза, қажылық сынды сауап-
тарының арқасында арғы әлемде күтіп тұрған түрлі
136 Таңдамалы-4

қауіп-қатер мен қиындықты еңсеретін азық дайындаған


болып саналады.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) пайдасыз, зиянды нәрселерден
Аллаға сиыну барысында жалқаулықты да атап өтіп: «Уа,
Раббым! Жалқаулықтан сақтай гөр!» деген еді. Құзыры-
на келіп, мұсылмандығын жариялағандардан Алланың
әмірлері мен тыйымдарын басшылыққа алуға уәде алып
жатып, кейбірінен жалқаулықтан бойды аулақ салу үшін
серт (биат) алғаны белгілі.
Еңбек және қажыр-қайрат
Рақатқұмарлық үлкен қатер. Сондықтан «Адамға тек
жасағандарының қарымы беріледі» деген қағиданы
мықтап ұстанып, жалқаулық пен тоғышарлық індетіне
қарсы күресу қажет.
Адам табиғатында ішіп-жеу, дем алу, көңіл көтеруге
деген қажеттілік бар екені рас. Нәпсі мен тәннің рақатқа
батуды қалап тұратыны да шындық. Осы тұрғыдан ал-
ғанда рақатқұмарлық адам табиғатына тән осалдықтың
көрінісі. Алайда Алла тағала адамға өзіндік ерік дарыт-
қан. Егер адам ерік күшін дұрыс қолдана білсе, рұқсат
етілген шеңберде барша қалауын қамтамасыз етіп, ра-
қатқұмарлық сезімін белгілі бір шегарада ұстап тұруға
шамасы жетеді. Рақатқұмарлық адам бойында еңбекке
деген ынтасын өшіріп, жатып ішер жалқаулыққа, тоғы-
шарлыққа жетелеген жағдайда адам дереу ерік жігерін
жинап, бойындағы осы бір індетке қарсылық танытуы
қажет. Еңсесін қайта тіктеп, жалқаулықтың қамытынан
шығып, еңбектеніп тер төгуі керек. Егер еңсесін қайта тік-
теуге жігері жетпесе, «Адам үшін жасағандарынан басқа
ештеме жоқ екенін білсін. Еңбегінің нәтижесін болашақта
міндетті түрде көреді. Сонан соң оған қарымы түгелдей
Үкілі үміт 137

беріледі»84 деген аятқа ден қойып, жігерін жанып, өзіне


рухани күш пен шабыт бергені жөн.
Құрандағы «Адам жасағандарының нәтижесін міндет-
ті түрде көреді» деген сөзді тек арғы дүниеге тән сүйін-
ші, ақырет немесе жаннат жемісі ретінде қарастырмаған
жөн. Хақ тағала еңбек еткен адамға осы дүниенің өзінде-
-ақ мол сый-сияпат береді. Алла кейбір құлдарына жан
рақаты мен жайлылық нәсіп етсе, енді біріне еңбекке
деген құлшыныс, ынта-жігер сыйлайды. Еңбек ету, еңбек
жолында қажыр-қайрат таныту адам жүрегінде рухани
ләззатқа айналып, оның көңіл-күйін көтеретін рақат се-
зімін тудырады. Ғалымдар «Хақ тағала шексіз дарханды-
ғымен еңбектің қарымы ретіндегі сый-сияпатын сол ең-
бектің өз ішіне орнатқан. Амалдың сыйақысын сол амал-
дың ішіне жасырған» дейді. Иә, адам еңбектенген сайын
Алла ол адамның еңбекке деген көңіл-күйі мен құлшы-
нысын арттырып, жігерлендіре түседі. Метафизикалық
тебіренісін еселей арттырып, ол адамды одан да тамаша
істерде табысқа жетуіне жол ашады.
Әйтсе де, адам баласы істеген жақсы амалдарын жіпке
тізгендей санамағаны абзал. Мүмин жасаған-дарымен
әсте мақтанбауы қажет. Қол жеткізген табыс-тарын әл-
деқандай етіп, тәкаппарлыққа салынбауға тиісті. Мүмин
үшін қол жеткізген әрбір жетістігі екі бірдей қайырлы
нәтижені әкелмек. Бір жағынан адам өзінің әлсіздігіне,
дәрменсіздігіне, кемшіліктеріне қарамастан, ізгі құлдар-
дың арасында болып, имани қызметтерге қол ұшын беру
арқылы өзін жақсылар қатарына қосқан Хақ тағалаға
шүкіршілік айтып тебіренеді. Екінші жағынан әрбір же-
тістіктің артынан адам үшін ізгілік жолындағы күрестің
84
«Нәжм» сүресі, 53/39-41
138 Таңдамалы-4

келесі бір пұшпағы шығады. Аллаға сенетін мүмин жаса-


ған істері мен қол жеткізген жетістіктерін шынайы Иесіне
табыстауда өте ыждағатты, өз нәпсісіне ешбір үлес бер-
меуге өте мұқият. Мүмин іштей «Осы бейшара күйіммен
мұндай жетістіктің мыңда біріне де қол жеткізе алмас
едім. Мұны нәсіп еткен – Алла тағала. Бүкіл жетістіктерім
Алладан келген сый, ал бүкіл кемшіліктерім өз нәпсім-
нен» деп, парасаттылық таныта білсе, рухани дүниесін-
де күрес жүргізудің сауабын да иеленбек. Сонда рухани
кемелденуде жетістіктен жетістікке жетіп, қадір-қасие-
ті арта түседі. Мұндай жан еңбегінің жемісін көрумен
қоса еткен шүкіршілігінің нәтижесін тамашалайды. Ең
маңыздысы, барша жетістігін бір Алладан деп пайымда-
ғандықтан, бойдағы игіліктерін еселей арттыра бермек.
Осылайша, ізгілік арнасы қалыптасып, бір қайырлы ісінің
соңы екіншісіне ұласып отырады. Істеген бір жақсылығы
екіншісінің туындауына сеп болады. Рақатқұмарлыққа
бір сәттік қарсылық танытып, ерік күшін қарсы қоя білуі-
нің нәтижесінде Алла тағала адамды көптеген ізгіліктер-
ге қауыштырады.
Шайтанның түйіндерін ағытыңдар!
Ардақты Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Бір кісі түнде ұйқыға
кеткенде шайтан оның мойнына үш түйін байлайды.
Әрбір түйінді байлап жатқанда: «Алдыңда ұзақ түн бар.
Рақаттанып ұйықта» дейді. Әлгі адам түнде оянып дәрет
алса, бір түйін ағытылады. Құран оқып, тәсбих, тәхлил
жасап Алланы еске алса, тағы бір түйін ағытылады. Ал
намаз оқитын болса, шайтанның түйіндерінің барлығы
ағытылады. Осылайша, адам хош әрі сергек күйде таңды
атырады. Әйтпесе, ішкі дүниесі тас түнек боп, мең-зең
күйде таңға жетеді» деген екен.
Үкілі үміт 139

Иә, бір жағынан нәпсі, енді бір жағынан шайтан үнемі


адамның құлағына сыбырлап, азғырумен болатыны рас.
«Рақатыңды бұзба, әлі де жата тұр. Тағы да біраз дем ал»
деп кеудеңнен баса түседі. Адам нәпсі мен шайтанның
азғыруына құлақ асып, ұйқысын аздап соза түскенімен
бәрібір құлақ етін жеген әлгіндей азғырулар бір сәт те то-
ластамайды. Жалқаулық – рақатқұмарлық сезімін қам-
шылай түсетін факторлардың негізгісі. Мұндайда адам
сылбыр, мең-зең күйге душар болады. Сондықтан ең ал-
ғашқы шайтанның азғыруы келгенде-ақ ерікке жеңдір-
мей, еңсесін тіктеп, төсектен атып тұрып кетуі үлкен бе-
лесті бағындырғандай болмақ. Бір белесті бағындыра
білген жан басқа белестерді де бірте-бірте бағындыра
алады.
Кейде адам мойнындағы жауапкершілік өте ауыр көрі-
ніп, қатты қиналады. Кез келген бір істі бастағанда тар-
тыншақтап, күйзеліске түсіп те жатады. Қандай да бір
уағыз, конференция берудің, мақала жазудың уақыты
таяғанда мойныңызға таудай жүк түсіп, соның астын-
да жаншылғандай күйге түсесіз. Алайда сол мәселеге
бір шетінен кірісіп, жобасын жасап, негізгі тұстарын ай-
қындасаңыз, істің қаңқасы жасалып шыға келеді. Сонан
соң жұмысты күнге, сағатқа бөліп тастайсыз. Он сағат-
тық жұмыстың бір сағатын жасап біткенде іштей рақат
күй кешесіз. Осыншалықты еңбек пен қажыр-қайрат-
тың өзі адамға қуаныш, шаттық сыйлайды. Жұмыстың
оннан бірін еңсеру сезімі қалған тоғызын да бітіріп тас-
тауға деген құлшынысты күшейтеді. Міне, осыдан кейін-
-ақ атқарылатын істің нәтижеленуі үшін айрықша құл-
шыныспен еңбектене түсесіз. Белгілі бір уақыт өткенде
көз алдыңызда атқарылған іс тамаша ою-өрнек тәрізді
140 Таңдамалы-4

құлпыра түседі. Барлық істі бітіргенде керемет рақатқа


бөленетініңіз сондай – құдды жеңіске жеткен қолбас-
шыдай немесе мол табысқа жеткен іскер адамдай, тіпті
кейде адамдардың барлығына бірдей тура жолды көрсе-
тіп, жүректерге тереңнен әсер ете білген ізгілік жаршы-
сындай шаттыққа бөленесіз. Сондықтан рақатқұмарлық
сезімі арқылы нәпсі мен шайтанның шабуылы басталған
сәтте дереу ыңғайына жығыла салмай, оған қарсы табан-
дылықпен күресу қажет. Иықтарына үлкен жүк түссе де,
осындай кедергілерді жеңе білу адамға керемет ләззат
беретіні сонша, бұдан асқан рақатты сезіну мүмкін емес.
Адам еңбек еткенде ғана рақатқа бөленеді
Мүмин үнемі белсенді әрекетте болуы қажет. Еңбек
еткенде де, дем алғанда да қимыл-қозғалысты өмірінің
басты қағидасына айналдырғаны абзал. Жұмыс уақы-
тын өте ұтымды пайдаланып, әрекетсіздікке жол бермеуі
керек. Әрине, табиғатына тән қажеттілік ретінде мүмин
де дем алып, тынығады. Алайда артық ұйқыдан бойды
аулақ ұстап, ұйқыдан басқа тынығып дем алу уақыты-
ның өзін мейлінше ұтымды пайдаланған жөн. Мұны бел-
сенді дем алу деп атаймыз. Яғни, дем алуының өзі бір
істен басқа бір іске көшу күйінде жүзеге асады. Мәсе-
лен, кітап талқылаудан шаршаса, зікір мен дұға жасау-
ға көшкені жөн. Бұдан да шаршаса, намаз оқып тыны-
ғуы қажет. Осындай мүмкіндікті пайдаланып қиям, рукуғ
және сәжде арқылы Хақ тағалаға бет бұру керек. Бір істен
шаршағанда, келесі бір іске көшіп дем алуды әдетке ай-
налдыру өте маңызды. Бір жұмыстан әбден қалжырап
шаршаса, шаршауын басу үшін дереу уақыты кірген на-
мазды оқуына болады. Осылайша, «жұмыс істеу арқылы
Үкілі үміт 141

тынығу, тынығу барысында жұмыс істеу» тәсілімен бел-


сенді өмір салтын қалыптастыра алады.
Ғалымдар бұл мәселені түйіндей отырып: «Адам үшін
бейнетті еңбекте үлкен рақат бар. Өйткені жаратылысы
тебіреніске толы адам баласының рақаты тек қана еңбек
пен «жидалда» (құлшыныста, тайталаста)» деп бекер
айтпаған. Ғалымдар бұл жерде «жидал» сөзін қолдану
арқылы Құран кәрімнің «мира» ретінде атап өткен бас-
қаның сөзіне қарсылық білдіріп, онымен жөнсіз тайта-
ласудан басқа мағынада қолданған. Адамның өзгелер-
мен қақтығысуы, сөзбен тайталасуы деген мағынаға ке-
летін «жидал» Ислам тәрбиесінде өте жаман әдет ретін-
де бағаланады. Расул Әкрам (с.а.с.): «Бір қауым тура жолға
түсіп, артынан азғындыққа салынса, бұл міндетті түрде
«жидал» жасаудың кесірінен болады» деу арқылы бір
үмбеттің ішінде «мира» (талас-тартыс) пайда болса, ол
үмбет уахидың берекесінен мақұрым қалатынын айтып
кеткен. Сондықтан табиғатынан қаны тулап құлшыныс-
та жүретін адам баласы үшін рақатқа батып, жанын жай
таптыратын дәнекер ретінде «жидал» сөзін еңбек етіп,
қажыр-қайрат таныту, белгілі бір мақсатқа қол жеткі-
зу үшін қолдан келгеннің барлығын жасау, құлшыныс
таныту деген мағынада түсінген абзал.
Адамның жүрегінде өлгеннен кейін қайта тірілуге
деген сенім болса, Раббы үшін дүниеде жасаған барша
ісі әр түрлі жаннат нығметтері күйінде арғы дүниеде мін-
детті түрде қайтарылатынын ойлап, үнемі жақсы амал
жасайтын болады. Бір қайырлы істі бітірсе, дереу келе-
сісіне көшіп, ақыретке азық жинау үшін дамылсыз еңбек
етеді.
142 Таңдамалы-4

Мұндай еңбек сырт көзге дүние үшін болып көрінуі


де мүмкін. Дегенмен барлық істің қадірін арттыратын
жалғыз тылсым ниет. Егер кісі «Хақ тағала маған түрлі
нығмет нәсіп етсе екен, мен оны қайтадан Өзіне қайта-
рамын. Раббым нығметтерін төбемнен нөсерлетіп төксе
мен оларды су қоймасы сынды жинап, сонан жан-жаққа
арық қазып, суға зәру топырақты нәрлендіремін» деген
ниетте болса, оның сырттай қарағанда дүние үшін секіл-
ді көрінетін істерінің өзі ақыретке арналған болып сана-
лады. Мәселен, бүгінде ағартушылық және диалог бас-
тамаларымен дүние жүзінің бес жүзден астам жерінде
ізгілікті істер атқарылып жатыр. Енді осы санды мыңға
жеткізу үшін тер төгіп жатқан жандардың еңбегін тек
дүниелік пиғылға жатқызу дұрыс емес. Тағы да бес жүз
жерде ізгілік алауын тұтатып, қайырымды істерді атқару
үлкен жауапкершілікті қажет ететін мәселе. Бұл үшін бі-
ріншіден, төрткүл дүниенің кез келген түкпірінде ізгілік
жаршысы бола алатындай қайраткер тұлғалар жетілді-
ру қажет. Екіншіден, ізгілікті істерді қамтамасыз ететін
демеушілік керек. Міне, осындай қайырымды мақсат
үшін әрі қажетті алғышарттарды қалыптастыру, әрі сол
салада қызмет атқаратын адамдарды тәрбиелеу ние-
тімен еңбек еткен адам сырт көзге дүниелік істермен
әлек боп көрінгенімен, ниеті шынайы болса ақырет үшін
еңбек етіп жатқан болып саналады. Мұндайлар Алладан
алып, қайтадан Аллаға беретін таратушы қызметкердің
кейпінде.
Алвар имамы: «Алладан алып, Аллаға қайта бер»
деуші еді. Егер ақыреттің бар екеніне сенсең, өзіңді дү-
ниеге қонақ ретінде көрсең, Алла тағала берген нығмет-
терді ізгілік жолында қайтадан Оның өзіне қайтарасың.
Үкілі үміт 143

Хақ тағала саған байлық, денсаулық, адамгершілік,


күш-қуат берсе, сен бұларды терең құлшылық сезімі-
мен Аллаға адалдық танытып, қайтадан Оның Өзіне
қайтарасың. Алла саған материалдық мүмкіндік, еңбек
қуаты мен құлшыныс, жігер береді. Сен осының бар-
лығын Оның Ұлық есімін төрткүл дүниеге паш ету үшін
Өзіне қайтарасың. Міне, сонда ғана аманатқа адалдық
танытқан болып саналасың. Тарту етілген барлық нәр-
сені көзіңнің қарашығындай сақтап, тіпті оларды жетіл-
діріп, көбейтіп қайтадан Иесіне қайтарасың. «Мен бұл
жерде бар болғаны жай ғана қызметшімін. Мал-мүліктің
Иесі Сенсің! Менің Ием де Сенсің! Әміршім де, Сұлтаным
да Сенсің! Мен сенің құлың әрі мүлкіңмін!» деп ағыңнан
жарыласың. Осындай пәк ниетпен жасалған еңбек пен
жұмсалған қажыр-қайрат қай салада болмасын адал
еңбекке, киелі құлшынысқа жатады.
Мына ғаламда микро болмыстардан бастап, алып
жүйелерге, атомдардан галлактикаларға дейін барлық
нәрсе ұдайы қозғалыста және әрекет үстінде. Барша
болмыс мүмкіндігіне қарай өзінше тынымсыз еңбек
етуде. Өздеріне жүктелген «тәкуини» яғни, жаратылыс
заңдылықтарын орындау үшін үлкен құлшыныспен, жі-
гермен міндеттерін атқаруда. Алланың осынау қозға-
лыс және әрекет заңдылығын адам баласының елемеуі
немесе оған қарсы шығып опа табуы мүмкін емес. Өйтке-
ні борсыған судай бір орында тұрып қалу, еңбексіз өткен
жартыкеш өмір, бір жайда тұралап қалу адамды жоқтық
санаға, бордай тозып, құрып кетуге жетелейді. Тіпті ең
керемет рақаттың өзі бірте-бірте адамды жалықтырып,
мезі ететін болады. Сондықтан жатып ішер жалқау, тоғы-
шар жандар бәрінен көп қасірет шегіп, қатты күйзеліске
144 Таңдамалы-4

ұшырайды. Өйткені қолы бостық жоқ болумен, рақатқұ-


марлық құрдымға кетумен пара-пар. Қолы бостық аз-
ғындықты, азғындық рақатқұмарлықты, рақатқұмарлық
кедейлік пен арсыздықты тудырады. Әрекет пен қозға-
лыс қайта оянудың, қайта туудың нышаны. Еңбекқордың
жүрегіне ізгілік салтанат құрмақ. Еңбек еткен адам ғана
жан рақатына қауышады. Өмірде налу емес, шүкіршілік
сезіміне бөленеді.
ДУАНЫ ҚАЛАЙ ҚАЙТАРУҒА БОЛАДЫ?

Сұрақ: Кейбір кісілер тап болған болмашы


бәле-жаланың өзін дуадан көріп жатады.
Бойын әлдебір тылсым жайт билегенін
байқаса, дереу дуаландым деп ойлап, дем
салатын адам іздеп сабылады. Осы жағдайды
сенім негіздері тұрғысынан қалай түсіндіресіз?
Жауап: Астыртын пиғылмен немесе жаман ниетпен
діни тұрғыдан тыйым салынған жолдарды және метафи-
зикалық күштерді қолдана отырып адамдарды алдап-
арбауға, оларға зиян келтіруге бағытталған көзбояушы-
лық пен сиқыршылық сынды амалдар «дуа» деп атала-
ды. Арабшада «дуа» – сиқыр деген мағынада қолданыла-
ды. Дуаны метафизиканың физикаға ықпал етуі, кейбір
тылсым күштердің рух пен тәнге әсер етуі, осының нәти-
жесінде адамның жұмбақ жайларды сезінуі, естуі және
көруі ретінде сипаттайтындар бар. Енді бір тарап сиқыр-
дың материялық әлемге ықпал ете алмайтынын, тек қиял
мен ойға ғана әсер ететінін алға тартады. Олар сиқырды
көз бояушылық, иллюзия, физиканың заңдарынан тыс
таңғажайыптар көрсету, есірткі немесе масайрататын
заттар қолданып адамдарға әсер ету, қалыпты жағдай-
ды төтенше, тылсым астарлы оқиға секілді көрсету деп
есептейді.
Сиқырдың тарихы және сиқыршылық
Сиқыршылықтың бастауы өте көне дәуірлерге барып
тіреледі. Әзірет Ибраһим (а.с.) пайғамбар ретінде міндет
146 Таңдамалы-4

атқарған Бабыл халқы бастапқыда рух пен періштелер-


ге табынатын. Кейін келе жұлдыздарға, айға және күнге
сиынатын болды. Ең соңында арнайы дайындалған пұт-
тарға табынып кетті. Бүгінде діннен хабары аз кісілер
арасында кең тараған жұлдыз палы мен жұлдыздардың
тылсым күшіне деген сенім де сол кездерден келе жатқан
әдет. Құранда әзірет Ибраһимнің (а.с.) адамдарды иман-
дылыққа шақыру барысында жиі-жиі айға, жұлдыздар-
ға және күнге назар аудартқаны айтылады. Сол дәуір-
дің адамдарының қандай нәрселерге қызығушылық та-
нытқанын да Құрандағы қиссалардан аңғару қиын емес.
Бабыл халқы арасында жындардың көмегін пайдалану,
тылсым күштерді қолдану кеңінен етек алған құбылыс
болатын. Олар осы ерекшеліктерімен ежелгі Мысыр мә-
дениетіне де қатты ықпал етті.
Бабыл мәдениетінің ықпалымен ел арасына жайы-
лып кеткен балгерлік пен сиқыршылықты мысырлықтар
одан ары дамытты. Олар көп мәселені сиқыр арқылы
шешуге талпынатын. Көзбояушылық әбден белең алып,
кез келген мәселеде сиқырдың күшін қолдану әдетке ай-
налады. Сол дәуірде Мысырды билеп-төстегендер көз-
бояушылықты кәсіп қылған сиқыршылар мен солар-
ды қолдап, дем беріп отыратын тәкаппар перғауындар
болды.
Ежелгі Мысырда еврейлер арасында да сиқыр кең та-
раған-ды. Жын-перілерді шақыру, жаман рухтарды өзіне
бағындырып алу, тылсым күштерді араға сала отырып
таңғажайыптар көрсету, дуа мен дем салу сынды әдеттер
еврейлерге де жат емес еді. Сиқыршылықпен айналыс-
қан еврейлердің әрекеттерін Исрайлұлдарының сенім
негіздері мен қасиетті Тәурат кітабымен байланыстыруға
Үкілі үміт 147

ешбір негіз жоқ. Мұндайлар көбіне адасқан ағымдар


арасынан шықты. Олардың дүниетанымдық ұстанымда-
рына сиқыршылықпен тылсым күштерді бағындыруды
мақсат еткен каббализм ағымы мен ежелгі Мысырдың
пұтқа табынушылық түсінігі, перғауындардың сиқыршы-
лары қатты әсер етті. Осы тұрғыдан мұндай ағымдар-
дың да ежелгі Бабыл мәдениетінің ықпалына ұшыраға-
нын айтуға болады.
Сиқыршылық ежелгі Қытай мәдениетінде де қарқын-
ды түрде дамыды. Жалпы ежелгі дәуірлерде жақсылы-
жаманды барлық ілімдердің шыққан жері – шығыс болға-
ны анық. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сөзі ретінде айтылып
жүрген бір насихатта: «Ілім Қытайда болса да, алыңдар»
делінген. Бұл жерде тек білім игеруге деген насихат қана
емес, жалпы ілімге деген айрықша көзқарасты байқауға
болады. Әйтсе де, кейбір хадисшілер осы сөзді «ойдан
шығарылған» хадис деп санайды. Хадистің келу тізбегін-
де (сәнәд) көптеген олқылықтар бар екенін алға тартып,
бұл сөзді Алла расулы айтқанын мойындамайды. Енді бі-
реулер бұл сөзді түбегейлі жоққа шығармаса да, «әлсіз
хадис» ретінде қабылдайды. Егер осы сөзді хадис ретінде
пайымдасақ, мынадай тұжырым жасар едік. Алла елшісі
бұдан да ұзақ жерді нұсқауы әбден мүмкін еді, алайда
Қытайға назар аударған. Демек, ежелгі дәуірде, белгілі
бір кезеңде Қытайда ілім өте жақсы дамыған болуы ық-
тимал. Ілімнің дамып өркендеуімен қоса, тылсым күш-
терді бағындыру дәстүрі де жетілген болуы ғажап емес.
Діндер тарихы бойынша, «тәнәсух» (реенкарнация)
ежелгі Мысыр халқының «Хермесіне» барып тіреле-
ді. Бұл түсінік Пифагор арқылы ежелгі грек мәдениетіне
дейін барған. Пифагор Мысырдағы рух туралы түсінікпен
148 Таңдамалы-4

қоса көрінбейтін тылсым күштерге билік ету туралы пі-


кірлерді де ежелгі Грекияға жеткізген деседі. Уақыт өте
келе Грек-Рим мәдениетінде де шығыстан бастау алған
сиқыршылық пен балгерлік дәстүрі қарқындап дами
бастайды.
Харут және Марут
Расул Әкрамның (с.а.с.) дәуірінде еврейлер арасында
дуа жасау әдеті кең өріс алған еді. Олардың түсінігінше,
әзірет Сүлеймен (а.с.) көзбояғыш сиқыршы (Құдай сақта-
сын) болған-мыс. Еврейлер Сүлеймен пайғамбар өзінің
сән-салтанатына сиқыр арқылы қол жеткізіп, адамдар
мен жындарға сиқыр арқылы билік жүргізген деп есеп-
тейтін. Сол кездері еврейлер арасында сиқыр арқылы
тылсым күштерді бағындырып, басқа қауымдардың зә-
ресін ұшырып, қорқытуды көздейтіндер де көп болды.
Алайда Алла тағала Құран кәрімде Сүлейменнің (а.с.)
пайғамбар екенін анық білдірді. Осыдан кейін еврей-
лер «Мұхаммед Сүлейменді пайғамбар деп айтып жүр,
алайда ол сиқыршы болған еді» деген қауесет тарата
бастады (Құдай өзі кешірсін). Осыдан кейін Хақ тағала
«Бақара» сүресінің 102-аятында олардың Сүлеймен пай-
ғамбарға жапқан жалаларына қатысты: «Сүлейменнің
патшалығы жайында шайтандардың ойдан шығарған
сөздеріне ерді. Сүлеймен күпірлікке бармаған еді. Шын
мәнінде сол шайтандардың өзі күпірлікке бойлады. Ха-
лыққа сиқырды және Бабылда Харут пен Марут атты
екі періштеге түскен нәрселерді үйрететін еді. Ал бірақ
ол екеуі: «Біз тек сынақ үшін жіберілдік, байқаңдар, кәпір
болып кетпеңдер!» демейінше, ешбір адамға (сиқыр
жасауға себепкер бола алатын) ештеңе де үйретпей-
тін. Міне, осылардан ері мен әйелінің арасын бұзатын
Үкілі үміт 149

нәрселер үйренетін еді. Алланың рұқсаты болмайынша,


олар осыларымен ешкімге зиян бере алмайды. Алайда
олар өздеріне зиян келтіріп, пайда бермейтін нәрселер
үйренумен болды. Шындығында, сиқырды қолданған
адамның ақыреттен нәсібі болмайтынын да жақсы біле-
тін. Бар игілігін пида етіп, қол жеткізген нәрселері қандай
жаман! Осыларды түсінген болса!»85 делінген.
Осы аятта Харут пен Марут періштелеріне қатысты
хикаяның түпкі мәні мен астары баяндалады. Кейбір
тәпсіршілер олардың періште емес, белгілі бір символ
немесе астарлы түсіндірме екенін алға тартса да, көп-
шілік ғалым Харут пен Марутты Сүлеймен (а.с.) дәуірін-
де Бабылда адам кейпінде түсіп, халыққа теріс мақсатта
қолданбау шартымен сиқыр ілімін үйреткен, осы арқылы
адамдардың сынаққа түсуіне сеп болған періштелердің
атауы деп есептейді. Харут пен Марут сиқыр ілімін жа-
мандық не күпірлікке арнаған пасықтарға: «Біз сендер
үшін сынақпыз. Осы арқылы игілікке жетулерің де, аз-
ғындыққа түсулерің де әбден мүмкін. Бізден үйренген
нәрселерің бүлік шығаруға ыңғайлы және оны жаман
жолға бағыттау – күпірлік. Ақыл-парасаттан көз жазып,
осы бір сынақтан сүрінбеңдер» деп ескертпейінше, еш-
кімге еш нәрсе үйретпейтін. Келген адамдарға сиқырды
теріс мақсатта қолданбауды ескертетін. Марқұм Хамди
Языр айтқандай, Харут пен Маруттың үйреткен мәлімет-
тері тікелей сиқыр емес, алайда сол мәліметтер сиқыр
жасауға және оны теріс мақсатта қолдану арқылы кү-
пірлікке бойлауға мүмкіндік бар еді. Жоғарыда аталған
аяттағы «екі періштеге түсірілген нәрсе» деген сөйлемде
85
«Бақара» сүресі, 2/102
150 Таңдамалы-4

сиқыр сөзі емес, «нәрсе» сөзінің қолданылуы да осы


ойды айғақтайтын жайт.
Мұсылмандар және дуа
Иә, дуа Исламнан бұрын Бабыл мен Мысыр мәдение-
тінде барынша дамыды. Уақыт өте келе Қытай мен Үн-
дістанда да кеңінен өріс алып, метафизикалық пікірлер-
ге етене жақын Шығыс халықтары арқылы Батыс әлеміне
дейін жетті. Мұсылмандар да періштелер мен жындар-
дың болмысына сенетін. Сондықтан да метафизикалық
әлемді тануға айрықша ықылас танытты. Мұсылмандар-
дың жоғарыда аталған ежелгі мәдениет өкілдерімен қа-
рым-қатынасы артқан сайын сиқырмен де етене таныс
болып, отпен аластау, дем салу, тұмар, пал ашу сынды
діннен тыс әдеттер қоғамға тарала бастады.
Ислам ғұламалары сиқырды бірқатар категория-лар-
ға бөліп қарастырды. Кәлданилер ағымы көп қолдан-
ған жұлдыз жорамалы, рух шақыру сеанстары, гипноз
және осы тәріздес басқа да тәсілдермен адамдарға әсер
ету, жындардың күшін пайдалану, ел арасында «жын
шақыру» деп аталатын сиқыр түрлері, қол жылдамды-
ғымен көзбояушылық әрекеттер көрсету, иллюзия, түрлі
заттарды қолданып дуа жасау, бірқатар дәрілер мен иіс-
терді қолданып оғаш жайт көрсету, «Исми-Ағзамды»86
білетінін алға тартып адамдарға психологиялық қысым
жасау, тылсым күштерді қолданып адамдардың көкейін-
дегісін оқу, жасырын сырларын біліп алу, адамның көңі-
ліндегісін оқып тұрғандай хал-күйін бетіне айту тәрізді
86
«Исми-ағзам» – Алла тағаланың барша есімдері арасында
жасырулы тұрған ең ұлы есімі. Бұл есімді Алла тағаланың
айрықша құлдары ғана сездіріп, білдіреді.
Үкілі үміт 151

көптеген сиқыр немесе сиқырға ұқсас құбылыстар бар


еді.
Әһл-сүннет ғұламалары сиқырдың рас екенін мойын-
дайды. Оның қайсыбір түрлерінің материялық әлемге
әсер ететінін де растайды. Алайда ғалымдар осы бір
тылсым әсер сиқыршының емес, Алланың жаратуымен
ғана болады деп санайды. Яғни, сиқыршы тылсым күштің
себептерін ғана жасайды, ал оның салдарын Алла жара-
тады. Бұхари, Мүслим сынды сахих хадис кітаптарында
Алла елшісіне де (аләйһи әкмәлут-тахая) дуа жасалғаны
баяндалады. Муғтазила ғалымдары мен кейбір модер-
нист тәпсіршілер мұндай оқиғаның болғанын мойында-
маса да, сенімді қайнар көздерде мұндай жайттың бол-
ғаны анық айтылады. Белгілі бір хикметпен Хақ тағала
Пайғамбарымызға жасалған дуаның оған әсер етуіне
рұқсат еткен. Осының салдарынан Пайғамбарымыз (с.а.с.)
«муқаррабиннің87 қателесуі» ретінде пайымдалатын бір-
-екі «сәһу» яғни, кішігірім қателіктер жасағаны кейбір
сахабалар тарапынан (кішкене айырмашылықтармен)
риуаят етілген.
Сахабалар пайғамбарлық түсінігімен үйлесе бермей-
тін осы оқиғаны айтпай жасырып қалуларына да болар
еді. Алайда олар Расул Әкрамның бойында дуаның әсері
қысқа уақытқа болса да байқалғанын айтуда қандай да
бір оғаштық көрмеген. Ардақты сахабалар осы оқиға-
ны жеткізу арқылы дуа Пайғамбарымызға (с.а.с.) да өткін-
ші әсер еткенін, алайда оның ой-пікірі мен діндарлығы-
на әсер етпегенін білдірген. Осылайша, дуаның жаман-
дық (шәр) екенін көрсетіп, сондай бәле-жалаға душар
87
«Муқаррабин» – Аллаға жақын болғандар деген мағынаны
білдіретін арапша сөз.
152 Таңдамалы-4

болғандардың не жасауы керек екенін үйретеді. Осы


сиқырдан кейін Алла елшісі бірнеше намазында ғана
«муқаррабиннің жаңылуы» деп аталатын «сәһу» қате-
лік жасады. Алайда бұл хәл ұзаққа созылмады. Оның
жаңылуының өзі ақырет туралы ойлар мен пайғамбар-
лық дағуасы жайлы пікірлердің Алла елшісінің қиялына
қанат бітіріп, басқа әлемдерге жетелеуі, сөйтіп өзі тұрған
уақыт-мекен кеңістігін өткінші ұмытуы күйінде көрініс
тапты. Ақырет туралы терең ойдан бастау алған осын-
дай «жаңылуға» біз тап болсақ, бұл біздер үшін үлкен же-
тістік болып саналар еді. Өйткені мұндай «жаңылу» халі-
нің астарында имандылық дағуасына терең берілгендік-
тен туындаған буырқанған ойлар бар.
Сүйікті Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзіне дуа жасалғанын
ұққан сәтте-ақ, дереу Алла тағаладан шипа сұрап, тілек
тілейді. Көп уақыт өтпестен Жәбірейіл (а.с.) мен Микайл
(а.с.) періштелер келіп, осының астарындағы мән-жайды
білдіреді. Олар Ләбид ибн Ағсам атты бір кісі Алла ел-
шісінің тарағы, шашы, сақалы мен құрма гүлімен Расу-
луллаһқа дуа жасап, оны Зәруан құдығына тастағанын
айтады. Расул Әкрам қасына бірнеше сахабасын ертіп
әлгі айтылған жерге барып, құдықты жапқызып тастай-
ды. Әзірет Айша (р.а) «Уа, Расулалла! Дуаны қайтарды-
ңыз ба?» деп сұрағанда Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Жоқ қай-
тармадым. Оны қайтарып, түйінін тарқату арқылы ел
арасында сиқырдың мәшһүр болып кетуінен қорықтым»
деген екен. Осы жерде Алла елшісі Хақ тағала өзіне шипа
бергенін және осы үшін міндетті түрде дуаға қайтар-
ма жасап, түйінін тарқату қажет емес екенін білдіреді.
Кейбір риуаяттарда Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сиқырды
Үкілі үміт 153

құдықтан шығарғаны, алайда, бұны халыққа жария ет-


пегені де айтылады.
Сиқыр – күпірлікке ұрындырады
Ислам сиқырға және сиқыршылыққа түпкілікті түрде
тыйым салған. Құран кәрім сиқыршылардың опа тап-
пайтынын ескертеді88. «Түйіншекке дем салу – сиқыр,
ал сиқыр жасаған жан ширк жасаған болып санала-
ды» деген Алла елшісі (с.а.с.) сиқырдың адамды түбінде
құрдымға батыратын ең ауыр жеті күнәнің бірі екенді-
гін баяндаған. Бір хадисінде жұбайлардың арасын бұзу
үшін дем салу, жіпке оқу мен дуа жасаудың ширк екенін
айтқан Пайғамбарымыз (с.а.с.) басқа бір хадисінде: «Кім-
де-кім палшыға, ғайыптан хабар беретіндерге және си-
қыршыға барып, олардан бір нәрсе сұраса, солардың
айтқандарына сенсе және соны мойындаса, күпірлікке
кіреді» деген. Осы хадистерді басшылыққа алған кейбір
ғалымдар сиқыршының кәпір екендігіне қатысты пәтуа
берген.
Көз бояушылық, адамдарды алдап-арбау сияқты түрлі
сиқырларды негізге ала отырып, сиқыршының барлығы-
на бірдей «күпірге ұрынды» демесек те, барлық сиқыр
түрінің харам екендігінде күмән жоқ. Алла елшісі (с.а.с.)
сиқырдың әсер ету күшіне сеніп, Хақ тағаланың құдіре-
ті мен қалауын елемеуді, сиқырды табыс көзіне айнал-
дыруды, адамдардың рухани осал тұстарына сиқырмен
жақындауға күпірлік ретінде қараған.
Бүгінгі таңда көптеген жандар осындай метафизика-
лық құбылыстарды дін орнына қоюда. Йоганы, медита-
цияны, көзбояушылықты, транстық тәжірибелерді дінге
88
«Таһа» сүресі, 20/69
154 Таңдамалы-4

балама ретінде көретіні жасырын емес. Мұндайлар адам


баласы дін арқылы ғана қол жеткізе алатын рухани толы-
суға, бақытқа және басқа да таңғажайыптарға жоғары-
да айтылған әдіс-тәсілдер арқылы да жетуге болатынын
алға тартады. Осылайша, адамдарды діннен алыстатын
иогаға, медитацияға және ешбір рухани негізі жоқ тәжі-
рибелерге ынтықтырып, діннің орнын метафизикалық
пікірлермен толтыруға күш салуда. Бірқатар таңғажа-
йыптар мен адам жанын өткінші тыныштыққа, шаттыққа
кенелтетін рухани тәжірибелер арқылы жұртты қызық-
тырады. Ашықтан ашық айтпаса да, пікірлері мен іс-әре-
кеттеріне қарап өздерін пайғамбар орнында көретінін
аңғару қиын емес. Бүгінде йогаизмнен мистицизмге, ме-
дитациядан кейбір тариқаттардың діни ғұрыптарына де-
йінгі көптеген салада осы аталған жағдайды байқаймыз.
Өкінішке орай, біздің елімізде де мұндай ағымдарға
бой алдырғандардың саны аз емес. Олар «Намаз, ораза,
қажылық аса маңызды емес, мұның барлығы формаль-
дық нәрселер» деп, басты мәселе ретінде дінде елеу-
сіз деп саналатын жайттарды алға тартады. Мұндай-
лар иләһи дінде барлық мәселенің өзіне тән орны мен
маңызы болатынын қаперге де алмайды. Осылайша, Хақ
тағаланың аса маңызды деп басымдық танытқан мәсе-
лелерін елеусіз қалдырып, Жаратушы алдында ешбір
мән-мағынасы жоқ істерді әспеттеп, барлық нәрсенің
өзегі, негізі ретінде көрсетіп, адамдарды шатастырады.
Иә, мұндай қылық – Алла тағалаға деген құрметтің жоқ-
тығы және адасушылық. Олар адам жүрегіндегі тек дін
мен тақуалық арқылы ғана орны толтырылатын рухани
олқылықтарды осындай өткінші, бос нәрселермен толты-
руға күш салуда. Адамдар дін арқылы Аллаға жақындап,
Үкілі үміт 155

діндарлық арқылы рухани қажеттіліктерін толықтыра


алады. Адам көңілі дін арқылы ғана мәңгілік жұбаныш
табады. Тақуалық арқылы Хақ разылығына қол жеткізу
жолы тұрғанда өткінші сипаттағы түрлі фантазиялармен
әурелеп, адамдарды Алладан алыстатады. Нәтижесінде
өзін де, өзгелерді де күпірлікке бойлатады.
Сиқырды және сиқырға ұқсас түрлі көзбояу-шылық-
тарды осындай діни таным ретінде көрмейтін-дер кәпір
болмауы да мүмкін. Хадистердің түсіндірмелеріне қара-
сақ, мұндайлар бәлкім ауыр күнә істеген болып саналуы
ықтимал. Дегенмен жалпы алғанда Пайғамбарымыз (с.а.с.)
сиқырға және сиқыршылыққа күпірлік ретінде қараға-
нын ұмытпау қажет. Сиқырдың кейбір түрлері адамды
күпірге бойлатары анық болса, онда мұндай нәрселер-
ден түгелдей аулақ жүру – ең дұрысы. Мәселен, ғайбат-
тың кейбір түрі зинадан да ауыр күнә саналады. Бір кісіні
ғайбаттау – күнә. Ал енді бір жамағатты немесе сол жа-
мағаттың пір тұтқан адамын ғайбаттау – тіптен ауыр
күнә. Бұл зинадан әлдеқайда қауіпті күнә. Дәл осы се-
кілді сиқырды сенім орнында көретін кейбір түрлері аса
қауіпті. Мұндай сиқырмен айналысу да, соған сену де –
күпірлік. Мұндайдан бойды аулақ ұстау ең абзалы. Алла
елшісі бұл жайтты түсіндіргенде, белгілі бір хикметпен
үкім беріп, «Сиқыр – күпірлік» деген.
Поптың дуасы
Бүгінде көптеген жандар дуаны кәсіпке айналдырып,
сиқырдың соңына түсіп, күпірлікке бойлап жатқаны жа-
сырын емес. Енді біреулер парқына бармастан, Алла-
ның құдіреті мен қалауын басқа нәрселерге теліп, дуа
жасату, не болмаса дуаны қайтару үшін табан тоздырып,
күпірліктің ар жақ, бер жағында сенделіп жүр. Мұндай
156 Таңдамалы-4

кісілер Алла тағала қаласа, қандай сиқырдың да әсерін


болдырмай тастауға құдыреті жететінін түсінбейді. Хақ
тағаладан жалбарынып тілек тілеудің орнына, бір тәуіп-
тен екінші тәуіпті жағалап, одан тағы басқа сиқыршыға
барып табан тоздыруда. Осылайша, «кәсрат-қыбла» (бір
сәтте көптеген құбылаға бет бұру) сынды тұйыққа тіре-
леді. Біресе анда, біресе мұнда барып, ақидасы ойран
болып, сергелдеңге түсіп жатыр. Қанша сандалғанымен,
Алладан басқа ешкім оның дертіне дауа бола алмайты-
нын түсіне алмай дал болуда.
Бұл мәселенің келесі бір келеңсіз тұсы – дуа арқылы
адамдар болмашы нәрселер үшін қорқыныш пен үрейге
беріліп, психологиялық қыспаққа душар болуда. Ғасыр-
лар бұрын перғауындар мен каббалис-тер қолданған
әдіс-айламен адамдардың ықтияры мен еркін бұғаулау-
да. Осындай бос әурешілікпен көптеген жанды ізгілік жо-
лынан алыстатып қана қоймай, олар аяусыз қаналып
жатқаны да белгілі жай. Мәселен, «поп дуасы» деп ата-
латын әйгілі сиқыр түрі осындай психологиялық қару,
әрі үгіт ретінде қолданылуда. Бүгінде сиқыршылар «поп
дуасын» ең қауіпті дуа түрі ретінде көрсетіп жүр. Бұл
дуамен адамдардың үрейін ұшырып қана қоймай, «қай-
тарманы тек поптар ғана жасай алады» деп тіптен әсіре-
леуде. Бүгінгі таңда «поп дуасы» көптеген надан адам-
дарды психологиялық тұрғыдан қорқытудың құралына
айналып отыр. Бұл мәселенің келесі бір қырына тоқтал-
сақ, кейбір кісілерді «Байқа, поптармен араңды жақсы
ұста. Ешқашан оларды ашуландырма. Поп дуа жасаса,
қолыңды да қимылдата алмайтын сал болып қаласың»
деген сынды түрлі үрейлер тудыру арқылы жымысқы
ойлар жүзеге асырылып жатыр. Өкінішке орай, бүгінде
Үкілі үміт 157

мешіт көлеңкесінде өсіп-жетілгенімен, шіркеу күмбезінің


астындағы поптан медет күтіп, дуаға қайтарма жасату
үшін поп алдында кезекке тұрған мұсылмандардың аз
да болса бар екені жасырын емес. Осы жағдайды кейбір
топтар өздерінің жымысқы пиғылдары үшін өте шебер
пайдаланып жатқаны және белгілі.
Осыған қарап халықтың ақидасы қалай ойран-далға-
нын, діннің асыл қалыбын бұзу үшін қаншама әрекеттер
жасалғанын, түрлі соқыр сенімдердің қитұрқы жолдар-
мен дінге балама ретінде дамытылғанын көріп қынжы-
ласың. Тіптен, кейбіреулер Аллаға, пайғамбарға, дінге
сенбесе де бір мекеменің директоры болар-болмас-
тарын, бір креслоны иеленер-иеленбестерін білу үшін
тәуіптердің табалдырығын тоздырып жатады. Бір кісінің
қызметтік лауазымының өсіп-өспейтінін білу үшін тәуіп
жағалауы қандай ұят. Мұндайлар өмірлерінде бір сәт
болсын ғаламдағы ең үлкен ақиқат «Лә иләһә иллаллаһ,
Мухаммадун расулуллаһ» сөзін сезіне алмаған болса
керек. Тәуіпке сеніп, Аллаға иман келтіре алмау қандай
қасірет десеңізші?
Осы жерде мына жайдың да басын ашып алу қажет.
Дін мен діни мәселелер айтыла бастаса, «діни пропа-
ганда» жасалуда деп шулайтындар тәуіп, бақсы-балгер,
жын шақырушы мен сиқыршылардың әрекеттеріне міз
бақпайды да. Теледидар каналдары мен газет беттерін-
де осындай мәселелер қаулап барады. Тіптен, кейбірі ха-
лықтық тұлғаға немесе жұлдызға айналып, адамдардың
адасуына әдейі алғышарттар жасалып отырған жайы
бар. Осының салдарынан халық отқа ұшқан көбелектей
басын тауға да, тасқа да ұрып жатыр.
158 Таңдамалы-4

Дем салушылар арасындағы сыбайластық


Дуаның бар екені, әсер ететіні рас. Алайда барлық бә-
ле-жаланы дуадан деп білу дұрыс емес. Адам басына
келген бәле-жаланы дуадан көру түсінігінен арылуы
қажет. «Дуаландым, жын соқты, пері жабысты» сынды
қорқыныш пен үрейді жеңе білуі керек. Осындай жағ-
дайлар кейбір адамдардың басына келуі әбден ықти-
мал. Алайда әркім бұл жағдайды да сынақ ретінде па-
йымдауы керек. Елді сиқыр мен дуадан қатаң түрде
тыймаса, адамдардың болмашы жайт үшін тәуіпке жүгі-
руін тоқтату мүмкін емес. Бүгінде көптеген кісілер басы
ауырса, жүрегі айныса, үйлену мәселесінде жолы бол-
маса, жұбайымен ұрысып қалса, әке-шешесімен арасы
жақсы болмаса, бала-шағасына сөзін өткізе алмаса, жұ-
мыстары алға баспаса, жұмыс орнында абыройлы бола
алмаса, дереу дуаландым деп ойлап, тәуіпке жүгіретін
әдет шығарды.
Дуаландым деп секемденген жан бір дуашыдан келесі
дуашыға жүгіріп, тәуіптердің жолын тоздырады. Мә-
селен, бір тәуіп келген клиентіндегі сиқырды қайта-
ра алмаса, басқа бір досына жібереді. Ол да қайтара
алмаса, үшінші бір дуашының жолын нұсқап: «Ол кісінің
демі менен де күшті, тұмар жаздырып алсаң, бойыңдағы
жын-періден түгелдей арыласың» деп қоя береді. Өзіндік
еркі жоқ бейшаралар басқа бір дуашының есігін жаға-
лайды. Кейде адамдар өткінші бір сәтке көңілі жұбаныш
табуы да мүмкін. Біраз уақытқа дейін психологиялық
тұрғыдан өзін жайлы сезінгендей болады. Таныстары-
на «Пәленше деген кісіге дем салдырып едім, сол замат-
та жақсарып кеттім» деп, өзгені де еліктіреді. Осылайша
дем салушылардың шеңбері кеңейіп, бір адамнан келесі
Үкілі үміт 159

адамға тарап, ел арасында жаңсақ түсінік нығая түспек.


Сөйтіп, адам бойында дем салдыруға деген психология-
лық тәуелділік орнығып, біраз уақыт өтер-өтпестен қай-
тадан тәуіп іздей бастайды. Жүре келе адам расында
да жаман рухтардың ықпалына түседі. Содан кейін бұ-
рынғы тәуіптеріне көңілі толмай, күштірек дем салушы-
лар іздеп сабылады. Міне, осылайша дем салдыру деген
үлкен бір сектор қалыптасады. Әзәзілдің арбауына ба-
рынша бейім осы бір сектор бүгінде күн санап ұлғайып
барады. Бұл секторда сұраныс та, ұсыныс та бар. Ал бұл
сектордың негізгі капиталы – аңқау, сенімі әлсіз, надан
адамдар болып отыр. Дуаға құлай сенген аңқау жандар
осы сектордың дамуына, ұлғаюына жағдай жасауда.
«Аңқау елге арамза молда» демекші, кейбір алаяқ, қулар
ғайып ілімі мен сиқырды білетінін, жындарға билік жүр-
гізе алатынын алға тартып, адамдарды алдап, қапыда
қалдырып жатыр. Олар клиентсіз қаламын деп қорық-
пайды. Өйткені қоғамда дінінен бейхабар, надан адам-
дардың көп екенін, оларды тұзаққа түсірудің оңай екенін
жақсы біледі. Осы арқылы ақша тауып, дуаны кәсіп етіп
жүр.
Айта кетер тағы бір маңызды мәселе, кейбір кісілер ра-
сында да дуаға, уәсуәсаға, күдік-күмәнға кезігіп, жаман
рухтардың шабуылына ұшыраған болуы әбден мүмкін.
Алайда адамдар мұндай жағдайға көбіне Алладан, пай-
ғамбарымыздан алыстау, Құраннан сырт айналу нәти-
жесінде тап болады. Ендеше, адамдар өздері үшін ең
зәру құндылықтарынан айрылмаудың шарасын жасауы
керек. Адам өзін Алла тағалаға жақындататын себеп-
терді іздеуі қажет. Алла елшісін жанына жақын тұтып,
Құранға көңілін айқара ашқаны абзал. Міне, осылайша
160 Таңдамалы-4

рухани дүниеде келеңсіздік тудыратын түрлі қауіп-қа-


терге қарсы қорғанып, қорқыныштан арылады. Аллаға
шынайы көңілмен бет бұрып, жан жүрегін Хақ тағалаға
айқара ашып, шипаны тек Жаратушыдан тілесе, дұғасы
қабыл, дертіне дауа болмақ.
Ел арасында аузының киесі бар Алланың айрықша
құлдары болады. Олар тек Алла разылығы үшін дұға
етеді. Ауру кісінің шипа табуы үшін түнде сәждеге бас
қойып Хаққа жалбарынады. «Уа, Раббым! Шынайы шипа
беруші жалғыз Сенсің! Мына құлыңа шипа нәсіп ете гөр!
Оны адасушы адамдардың тұзағына түсіріп, азғындық-
қа сала көрме!» деп жалбарынады. Алла тағала сүйік-
ті құлының шынайы дұғасын қабыл алып, қаласа шипа
нәсіп етеді. Міне, осы пайғамбарлардың, әулиелердің,
Хақ достарының жолы. Осындай сенімді жол, Құран
мен Сүннет сынды адастырмайтын темірқазық тұрған-
да, өзге жақтан дертке дауа іздеу – нағыз алданушылық.
Діннің мәңгілік құндылықтарына ден қойғандар мате-
риалдық-рухани барша дертіне шипа табады. Хақ тағала
белгілі бір хикметпен дертіне шипа бермеген күннің
өзінде сабыр атты мықты қорғанды паналап, шыдап
бағады. Бәле-жаланы берушінің кім екенін білгендіктен,
сабыр сақтап, осы сабыр сауабы арқылы әулие, асфия,
әбрар және муқаррабин дәрежесіне дейін жоғарылайды.
Дүниеде едәуір сергелдеңге түссе де, ақыретте мол игі-
лікке қауышатынын ойлап төзімділік танытады.
Осы тұрғыдан алғанда ұстанатын негізгі бағдарымыз –
Құран мен Сүннет болуы қажет. Адас-тырмас жолбасшы-
мыз – адамзаттың асыл тәжі мен әр дәуірде сахабалар-
дың бағытын ұстанған ізгілердің жолы, солардың наси-
хат-кеңестері. Барлық мәселелер секілді метафизикалық
Үкілі үміт 161

мәселелерде де, аталған құндылықтарымызды мықтап


ұстанып, соларға берік болуымыз қажет.
Сұрақ: Пайғамбарымыздың (с.а.с.) дуаға қарсы
оқыған қандай да бір дұғасы бар ма? Өзіне
дуа жасалғанына секемденген жан қандай
дұғаларды оқығаны абзал?
Жауап: Алла елшісі (аләйһи әкмәлут-тахая) күн сайын
жатар алдында екі қолын жайып, «Ықылас», «Фәлақ»
және «Нас» сүрелерін оқып, қос алақанына үрлеп, сонан
соң басы мен жүзінен бастап үш рет қолы жеткенше
бүкіл денесін сипайтын. Әзірет Айша анамыз (р.а) Пай-
ғамбарымыз аталған дұғаны жатардан бұрын үш реттен
жасағанын жеткізген.
Сүйікті Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзіне сиқыр жасалғанын
байқаған сәтте осы сүрелерді оқып, Хақ тағалаға сиынға-
ны белгілі. Екі алақанын жайып, «Ықылас», «Фәлақ» және
«Нас» сүрелерін оқып, алақанына үрлеп, сосын басынан
бастап аяғына дейін бүкіл денесін мәсіх еткен. Риуаят-
тар бойынша пайғамбарымыз мұны 11 рет жасаған. Әр
жолы құдды бір түйін тарқатылғандай сезініп, жаны жай
тапқан деседі.
Сондықтан осындай келеңсіз жағдайға тап болған-
дар «Ықылас» сүресі мен «Муаззәтәйн» деп аталатын
«Фәлақ» және «Нас» сүрелерін 11 рет оқып, Пайғамба-
рымыздың жасағанын қайталағаны жөн. Бұған қосым-
ша ретінде «Фатиха» сүресі, «Аятул-курси» және сенімді
дұға жинақтарындағы «мәснун» (Алла елшісінен жеткен)
дұғаларды оқып, Алладан шипа сұрауға болады. Мәсе-
лен, жын соққан адам «Фатиха» сүресін, «Бақара» сүре-
сінің 1, 2, 3, 4, 5, 163, 164, 255, 284, 285 және 286-аятта-
рын, «Әли Имран» сүресінің 18-аятын, «Ағраф» сүресінің
162 Таңдамалы-4

54, 55 және 56-шы аяттарын, Муминун сүресінің 116, 117


және 118-ші аяттарын, «Саффат» сүресінің алғашқы он
аятын, «Хашір» сүресінің соңғы үш аятын, «Жын» сүресі-
нің үш аяты мен «Ықылас», «Фәлақ» және «Нас» сүреле-
рін оқығаны абзал. Бұл дұғаны аталған дертке тап болған
адамның өзі де оқи алады, жұбайы немесе отбасының
басқа мүшелері де бір-біріне оқи алады. Сонымен қатар,
әр түнін таһажжудпен нұрландыратын, дұғасы қабыл
болады деп үміт еткен, өзін Алланың қарапайым ғана
құлы деп санайтын, кішіпейіл, ықыласты адамдарға да
дұға жасатуға болады.
Шипа беретін де, шынайы әсер еткізетін де
Алла тағала
Жоғарыда аталған дұғаларды оқып, дертіне дауа із-
деген жан өзі тап болған келеңсіздіктерінен тек Алла
тағала ғана шипа беріп, айықтыра алатынына нық се-
німде болуы өте маңызды. Егер адамның сенімі әлсіз
болса, Алланың жалғыз ғана шипа беруші екеніне кү-
дік-күмәнмен қараса, онда оқыған дұғалары пайда бер-
меуі де ғажап емес. Дегенмен шынайы ниетпен Аллаға
жалбарынса, Құранның берекесімен, иншалла, жазылып
кетеді деген үміттеміз. Өйткені Алла тағаланың барлық
нәрсеге құдіреті жетеді. Адамның басына келетін барша
дерттің дауасын беретін тәуіп, бақсы-балгер емес – Хақ
тағала. Басына іс түскенде Хақ тағалаға сиынып, жалы-
нып-жалбарынған жанға Алла шығар жол нәсіп етеді,
дертіне шипа береді. Әрине, адамның Алладан басқаға
сенім артып, шарасыз пенделерден медет күтпеуі аса
маңызды. Алла тағаланы жалғыз дара әсер етуші құді-
рет ретінде мо-йындап, тек Соған жалбарыну, тек Содан
тілеу қажет.
Үкілі үміт 163

«Бізді жоқтан жаратқан әрі бізге өмір беруші – Алла,


материалдық әрі рухани тұрғыдан барша қажеттілікте-
рімізді қамтамасыз ететін – Алла, қарнымызды тойдыра-
тын – Алла, қоректендіретін – Алла, ауырғанда шипа бе-
ретін – Алла. Жанымызды алып, кейіннен қайта тірілте-
тін де – Алла. Ұлы есеп күнінде күнәларымызды кешіреді
деп үміт артатын Ұлы Раббым да – Алла»89 деген әзірет
Ибраһим бізге қандай керемет өнеге. Міне, осындай
берік иманмен әрекет етуіміз қажет. Аш қалсақ та, шөл-
десек те, сүрінсек те, жығылсақ та, бәле-жалаға душар
болсақ та, дұшпанмен бетпе-бет келсек те барлық жағ-
дайда Алла бізге жетеді. Алланың қорғауы мен қамқор-
лығы тұрғанда басқа көмекшіге, дәнекерге қажеттілік
жоқ.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні – сиқыршылардың
тылсым күшпен тылсым істер жасай алатынына сену –
Исламға қайшы. Сиқырды арнайы нарықтық секторға
айналдырып, адамдарды Алладан және діннен алыста-
ту, діннің орнына осы тектес тылсым нәрселерді қою –
күпірлік болып саналады. Сиқырдың харам екенін біле
тұра дуа жасау немесе жасаттыру ең берісі – ауыр күнә.
Адамның жеке басына немесе отбасына шынымен дуа
жасалған күннің өзінде тәуіпке жүгіру, ел-жерді аралап
дем салушының табалдырығын тоздыру, сиқырды кәсіп
еткен алаяқтарға ақша төлеп, олардың қоржынын тол-
тыру – нағыз адасушылық. Иманы берік жандар басына
түскен барлық істе белгілі бір хикмет бар екенін па-
йымдап, жалғыз ғана шипа беруші Алладан ғана дерті-
не дауа сұрайды. Дем салу, сиқыр сынды хурафаларды
әсте дінге балама ретінде көрмейді. Алланың рұқсаты
89
«Шуара» сүресі, 26/78-82
164 Таңдамалы-4

болмайынша, ешбір нәрсенің зияны да, әсері де болмай-


тынына нық сенім артып, Пайғамбарымыз бен оның ізін
басқан ізгілердің жолын берік ұстанады.
МАЗМҰНЫ
Мақтансүйгіштік және кәнігі нарцистер............................................. 3
Бүлікшілдік сипаты........................................................................... 3
«Бұл аят маған айтылған!..» .......................................................... 5
Кәнігі нарцистер............................................................................... 7
Пайғамбарға тән кішіпейілділік пен қарапайымдылық............. 8
«Ей, екі жүзді нәпсі!»...................................................................... 10
«Қойныңда жылан бар, абайла!».................................................12
Адал ас және арлы ұрпақ.....................................................................14
Алла тағала еңбек етіп, күстенген қолды жақсы көреді........... 16
Жүректің жауы – арам ас..............................................................17
Сахабалардың харам-халал мәселесіндегі мұқияттылығы......21
Арлы ұрпақ өсіргің келсе, жеген асың адал болсын................. 23
«Мүбәрак» атты күйеу бала......................................................... 25
Имам Ағзамның әкесі Сәбиттің басынан өткен жағдай........... 28
Анасының инесі, ұлының бізі........................................................ 29
Ұмытшақтық және оның дауасы........................................................ 32
Зейінділер мен ұмытшақтар......................................................... 32
Сананың ластануы........................................................................ 34
Харам және ұмытшақтық..............................................................36
Шайтанның зәрлі оғы.................................................................... 37
Есте сақтау қабілетін күшейтетін факторлар............................. 39
Хифыз намазы.................................................................................41
Перзент сүю құштарлығы...................................................................44
Қажеттілікке қарай талап ету.......................................................44
Муқаррабиннің баламен сыналуы..............................................50
Қайырлы игілік тілеу...................................................................... 52
Перзентке айналған күнәлар........................................................ 55
Исламда жұмысшылар құқығы және жұмыс беруші мен
жұмысшы қарым-қатынасы .............................................................. 58
1. Ислам дініндегі құқық түсінігі................................................... 58
2. Исламда жұмысшылар құқығы................................................64
3. Жалақы....................................................................................... 74
4. Жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы қарым-қатынас.81
Соңғы тамшы........................................................................................ 95
166 Таңдамалы-4

Алла атауының орнына «Тәңір» сөзі .......................................... 95


Сылтау Тәңірі..................................................................................96
Кішкене ықыласты амал және Зүбәйда ана...............................99
Мейірімділік және кешірім үкімі................................................. 102
Кілттеулі құлыпты ашатын амал................................................ 104
Қайта тірілу идеалы.......................................................................... 108
Иләһи үндеу.................................................................................. 109
Расул Әкрамға бойсұну................................................................110
Мәңгілік бақытқа жету жолдары................................................ 112
Мәңгілік өлгендер......................................................................... 113
Жүректегі қараңғы перделер...................................................... 115
Уа, жүректерге қалауынша билік етуші Раббым!..................... 117
Қайта тірілген қаһармандар....................................................... 119
Жатып ішер жалқаулық және еңбек етудің ләззаты......................124
Бейнет түбі – зейнет......................................................................125
Күллі азғындықтың ұясы..............................................................129
Пәле-жалаға жол ашатын тоғышарлық.....................................132
Арғы дүниеде қиналмаудың қамы.............................................135
Еңбек және қажыр-қайрат...........................................................136
Шайтанның түйіндерін ағытыңдар!...........................................138
Адам еңбек еткенде ғана рақатқа бөленеді............................. 140
Дуаны қалай қайтаруға болады?......................................................145
Сиқырдың тарихы және сиқыршылық.......................................145
Харут және Марут........................................................................ 148
Мұсылмандар және дуа.............................................................. 150
Сиқыр – күпірлікке ұрындырады................................................153
Поптың дуасы................................................................................155
Дем салушылар арасындағы сыбайластық..............................158

You might also like