You are on page 1of 6

18 ғасырдың екінші жартысындағы Ресей

отаршылдығына қарсы ұлт-азаттық қозғалыстар

XVIII ғасырдың екінші жартысындағы патша үкіметінің Кіші


жүз бен Орта жүздегі саясаты.

XVIII ғасырдың алғашқы жартысында қазақ қоғамының онсыз да


ауыр жағдайын солтүстік-батыстан — башқұрттар мен Еділ
қалмақтары, солтүстіктен
— Сібір қазақтары,
оңтүстіктен Қоқан және Хиуа
хандықтары тарапынан
төнген қауіп күрделендіре
түсті.
Қазақ елінің халықаралық
жағдайының шиеленісіне
түсуі және ішкі ұлттық
тұтастықтың
болмауы Әбілқайыр бастаған саяси топтың Ресей
империясының үкіметімен жақындасуына жол ашты. Бұл жағдай
қазақ қоғамындағы саяси күштердің өзара алауыздығын тереңдете
түсті.
Кіші жүзде өзара дүрдараз Әбілқайыр хан мен Батыр сұлтан билік
жүргізсе, Орта жүзде Сәмеке мен Күшік хандар ресми хан
саналғанымен, Барақ пен Әбілмәмбет сұлтандар да дербес билікті
иемденді. Сәмеке мен Күшіктің билігі Ұлы жүздің бір бөлігіне де
тарады. Олар өз кезегінде Жоңғарияға тәуелділікте болды. Ал Ұлы
жүздің қалған бөлігінде Жолбарыс ханның билігі сақталды. Патша
үкіметі қазақ билеушілерінің өзара алауыздығын шебер
пайдаланып, әкімшілік және саяси шаралар арқылы батыс
аудандарды отарлауын жеделдетті. Қазақ жерінің батыс бөлігі
Ресей империясына іргелес орналасқан аймақ еді. Кіші жүздің
бірінші болып Ресейге қосылуы мұнда, отарлық езгінің алғашқы
ауыртпалығын да ала келді. Осыған байланысты Кіші жүз үнемі
ұлт-азаттық қозғалыстың ошағына айналды.
XVIII ғасырдағы қазақ қоғамындағы билеуші топтардың
арасындағы алауыздық 1748 жылы Әбілқайыр ханның өліміне
әкелді. Бұл қазақ жүздерінің басын біріктіру мүмкіндігін әлсіретті.
Әбілқайыр ханның орнына келген Нұралы ханның билігі енді Орта
жүзге жүрмеді. Тіпті Кіші жүздің
өзінде Әбілқайыр мұрагерлерінің
жағдайы орнықты болмады. Нұралыны
Кіші жүздің рубасылары түгелдей
мойындаған жоқ.
Әбілқайыр хан Сырдария
төңірегіндегі, шекті руы Батыр
сұлтанды хан сайлады. Нұралыны
тек байұлы рулары қолдады.
Нұралы өз жағдайының
қиындығын жақсы түсінді, ендігі уақытта
қолдауды рубасыларынан емес,
патша үкіметі тарапынан іздей бастады. Кіші жүздегі нақты
жағдайдың барысын бақылап отырған патша үкіметі де өз
тарапынан Қазақ жүздерінің саяси жағынан нығаюына мүдделі
болған жоқ. Орта жүздегі Абылай ықпалының арта
түсуі, қазақтарға көрші башқұрт халқында азаттық күрестің өрістеуі
патша үкіметінің отаршылдық мүдделеріне қайшы келеді.
1748 жылы патша үкіметі Нұралыға хан атағын бекітіп беріп,
жылына 600 сом мемлекеттік жалақы белгіленген. Ол орыс
мемлекетінен жалақы алатын шенеунікке айналды. Нұралы хан енді
өзінің барлық іс-қимылдарын патша үкіметімен ақылдасып
жүргізуге тиіс болды, оған Орынборға аманат жіберіп тұру міндеті
жүктелді. Патша үкіметінің бұл шаралары Нұралыға
деген сұлтан ақсүйектері мен рубасыларының қарсылығын одан әрі
өршіте түсті. XVIII ғасырдың 40—60-жылдарында оңтүстік
шекаралардағы жайылымдар
үшін қарақалпақтар, түрікмендермен қақтығыстар да күшейе
бастаған еді.
Қазақтардың Еділ мен Жайық арасындағы жерлер үшін
торғауыт қалмақтарымен қарым-қатынасы нашарлай берді.
Халықтарды бір-біріне айдап салу мақсатында патша үкіметі «ішкі
жаққа» өткен қазақтарды тұтқындауға бұйрық берді. Осының бәрі
Нұралы хандығында қысқы жайылымдар үшін жер тапшылығы
дағдарысын туғызды.

Еділ Патша үкіметінің Каспий


теңізінің солтүст ік-батыс өңіріндегі
құнарлы да шұрайлы жерлерді
орыс помещиктеріне бөліп
беруі қазақтардың дәстүрлі
жайылымдық жерлерін мейлінше
тарылтты. Жайық бойын қуалай
тұрғызылған бекіністер тізбегі
— Ор шебі қазақтар
тарапынан қарсылық тудырмай
қоймады. Ор өзенінен әрі
жалғасқан Сібір, Ащы шебі Ертіс шебімен қосылды.
Ал бекіністерге қоныстандырылған орыс-қазақтар мен жерсіз орыс
шаруаларының жергілікті қазақтардың жеріне көз салуы патша
үкіметі езгісіне қарсы наразылықтың өрістеуіне негіз болды.
1742—1765 жылдардағы заң актілері бойынша казақтардың Еділ
мен Жайық арасындағы, Есіл мен Тобылдың жоғары ағысындағы,
Каспий теңізінің солтүстік жағалауы бойындағы жерлерде көшіп-
қонуына тыйым салынды. Бұл жағдай казақтардың түпкілікті
мүдделеріне қайшы келді. 1771 жылы Еділ мен Жайық арасындағы
қалмақтардың біразы Жоңғарияға көшіп кеткеннен кейін де бұл
жер қазақ әскерлеріне және мемлекеттік қорға берілді. Осылайша
жер тапшылығы қазақ билеушілерінің арасындағы алауыздықты
одан әрі ушықтыра түсті.
Ертістің оң жағалауындағы жерлерге қоныстану құқынан
айырылған Орта жүз қазақтарының жағдайы да Кіші жүз
қазақтарының ахуалына ұқсас еді. Сібір қазақ әскері басшылары
қазақтардың орыс бекіністеріне әуелде 10 шақырым, кейіннен 50
шақырым жақын келіп мал жаюына тыйым салды.
Жергілікті сұлтан, билердің Орынбор шекаралық комиссиясына
наразылық білдірген шағым хаттары назарға ілінбеді. Онымен
қоймай Орал әскери бекінісінің атаманы «барымташы,
қазақтарды жазалау» деген желеумен «әскери серуендер» деп
аталған әскери шапқыншылықтар ұйымдастырып тұрды.
Аталған мәселелерді шешуде Нұралы ханның дәрменсіздігі оның
тек сұлтандар мен рубасыларының ғана емес, халық алдындағы
беделін түсірді.
Қазақтардың 1773—1775 жылдары Е.Пугачев бастаған шаруалар
көтерілісіне қатысуы.[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ресейдегі Е.Пугачев бастаған көтеріліс қатыгез басыбайлылық
тәртіпке қарсы бағытталса да, оған үлкен ынта-жігермен
және үмітпен Еділ-Жайық бойындағы башқұрт, татар және қазақтар
да қатысты. Орта жүз, әсіресе Кіші жүз қазақтары патша үкіметінің
жер мәселесіндегі отаршыл саясатына қарсылық танытып,
шаруалар көтерілісіне қосылды. Пугачев үндеуінің Кіші жүзде
таралуы қазақтарды стихиялы түрде көтеріліске тартты. Халық
жасақтары билеуші топтардың қол астына шоғырлана бастады.
Өйткені патша үкіметінің Жайық, Ертіс өзендерінің оң
жағасындағы шұрайлы жерлерді орыс-қазақтарға беріп,
қазақтардың бекіністер орналасқан өңірге жақындауына тыйым
салуы халықтың ашу-ызасын тудырды. Ал Пугачев болса езілген
халық бұқарасын «жермен қамтамасыз етуге» уәде берген еді.
Емельян Пугачёв
Кіші жүздің ірі ақсүйектері
— Ералы мен Досалы, Айшуақ сұлтандар көтерілісті қолдады,
тіпті 1773 жылы 17 қарашада Нұралының өкілі Зәбір
молда Пугачевқа арнайы сыйлықты табыс етуге аттанды. Одан
Пугачев Кіші жүз қазақтарының көмегі ретінде әскер жіберуін
сұрайды.
Нұралы, бір жағынан, Пугачевқа қылыш, шапан, арғымақ сыйлай
отырып, екінші жағынан, Орынборға көтеріліс қимылдары туралы
хабарлап отыруды да ұмытқан жоқ. Пугачев көтерілісі Жайық
қалашығы ауданында басталды. Ол негізгі күшімен Жайық
бойымен жоғары
жылжиды. Фо рпост, қамалдар, соның
ішінде Илецк қ алашығы Пугачевқа
ұрыссыз беріледі. Көтеріліс
Қазақстанның солтүстік-батысын
қамтып, өлкенің
негізгі әкімшіл ік және әскери
орталығы
— Орынборд ы қоршауға
тырысты. 177 3 жылы 5 қазанда 2500
адам, 20 зеңбірекпен қамалды
алуға ұмтылды. Оған
башқұрт халқының батыры Салауат Юлаев, Оңтүстік Орал
зауытының жұмысшылары қатысты. Орынборды қоршау кезінде
тама, табын, жағалбайлы руларынан шыққан қазақ қолдары
Пугачев жасағына белсенді қолдау көрсетіп, орыс бекінісіне
шабуыл жасайды.
Досалы сұлтан өзінің ұлы Сейдалыны бас етіп, Пугачевқа көмек
ретінде топ жөнелтті. Деректерге қарағанда, Орынборды қоршау
кезінде 2 мыңға жуық қазақтар бекіністерді шабуылдауға қатысқан.
Орта жүз руларынан келген топтар Орынборды қоршауға, Илецкіні
алуға қатысты.
1774 жылы Орынборды қоршау тоқтатылды. Енді Нұралы хан
езінің патша үкіметін қолдайтындығын неғұрлым ашық көрсете
бастады.
Көтеріліс ошағы Кіші жүзден басқа жаққа ауысқаннан кейін де
қазақтардың патша үкіметі бекіністеріне шабуылы тоқтамады.
Тек 1774 жылы жазда осындай 240 шабуыл жасалынды. 1775 жылы
қаңтар айында Нұралы хан патша үкіметінен қазақ
жайылымдарына жазалау жасағын жіберуін сұрап өтініш білдірді.
1775 жылғы ақпанда 300 орал-қазақ әскері, 500 башқұрттан
тұратын Мансуров бастаған жазалау жасағы Гурьев пен Орал
қаласынан шығып, Кіші жүздің ортасына бет түзейді. Осы
кезде Сырым Датұлы халық көтерілісінің басшысы ретінде сахнаға
шығады. Көтеріліс тоқтатылғаннан кейін II Екатерина Жайық
өзенін Орал, Жайық қалашығын Уральск деп өзгерту жөнінде
шешім қабылдатады.

You might also like