You are on page 1of 8

«Макроэкономика» пәні бойынша зерттеу жұмысы

Тақырып: Қазақстан экономикасының дамуындағы


мұнай-газ кешенінің рөлі

Орындаған: Қаржы, 2 курс, Темиркулова Алина

Қабылдаған: Бактиярова Альфия Жалеловна

Алматы, 2023
Зерттеу жұмысының мақсаты: Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласын
зерттей отырып экономиканың дамуындағы маңыздылығын жеткізу.

Зерттеу жұмысының міндеттері:


– Қазақстанның мұнай-газ саласын талдау және синтездеу. Қазақстандағы
маңызды орын алатын мұнай-газ саласының жіктелуі, сыртқы ортадағы
мемлекеттермен саудасы және қызметтерін талдау.
– ҚР-ның мұнай-каз кешенінің қазіргі таңдағы жағдайын бағалау.
Қазақстандағы мұнай-газ өндіру саласының жағдайын статистикалық мәліметтер
нәтижесінде зерттеу және әлсіз, күшті жақтарын анықтау. Басқа мемлекеттермен
салыстыра отырып еліміздің мұнай-газ кешеніне салыстырмалы талдау жасау.
– Мемлекеттік стратегияларды зерттеп, ұсыныстар әзірлеу. Қазақстандағы
мұнай-газ саласын дамыту, тұрақтандыру мақсатындағы ұсыныстар арқылы
зерттеуді қорытындылау.

Әдебиеттерге шолу
1. Сабирова Р. және Мукашева А. “Қазақстанда мұнай-газ секторын
дамытудың экономикалық механизмдері” атты мақаласында
Қазақстандағы мұнай-газ саласын дамыту маңыздылығы мен қарқының
“ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясының көрсеткіштері негізінде талдап,
алдағы жылға табысты арттыру бойынша болжамды ұсыныстар жазған.
Сонымен қатар, мақалада 2020 жылғы орын алған пандемия нәтижесінде
мұнай бағасы арзандап, ал оны сақтау, өндіру қоймаларының бағасы
қымбаттауы Қазақстанның экономикалық жағдайын тұрақтандыру
мақсатында инновациялық үлгілерді ойлап табу мәселесіне алып
келгендігі туралы жазылған. Осыған орай, автор “Жасыл экономика”
үлгісін мысал ретінде келтірген. “Жасыл экономика” үлгісінің міндеттері:
ресурс үнемдеу, экотиімділік, тұрақты өндіріс және тұрақты
инфрақұрылым сақтап отыру. Авторлардың мақаладағы басты ойы –
қазіргі таңда ҚР экономикалық жағдайы мұнай-газ кешенімен тікелей
байланысты.
2. Болуспаев Ш.А. “Қазақстанның мұнай-газ саласын дамыту мәселесі”
деген еңбегінде талқыланып жатқан мәселені бұрынғы жылдардағы
жағдаймен салыстыра отырып маңыздылығын жазған. Сондай-ақ, автор
қартайған кен орындары ұғымын қолданған. Қартайған кен орындары –
өндірісі төмендеп немесе құлдырау кезеңінде тұрған кен орындары.
Автордың пікірінше, соңғы жылдары елде тұрып қалған өндіріс орындары
көбеюде, сондықтан жаңа инновациялық технологиялар қолдану, осы
салаға білікті мамандар көбейту елеулі мәселе болып табылады және
берілген мәселе бойынша шет елдердің тәжірибесін ескере отырып, мұнай-
газ саласын мемлекеттік реттеу механизмдерін іске қосу қажет деген
тұжырыммен қорытындылаған.
3. Тулеуова Е.Ж. жазған “Қазақстандағы мұнай-газ келісімшарттары”
аталған мақаласында ТМД елдерінің осы саладағы ахуалы Қазақстанның
мұнай-газ саласына тікелей әсерін тигізеті туралы жазған. Автордың
зерттеліп жатқан мәселе бойынша басты тұжырымдамасы ҚР-ның мұнай-
газ саласын тұрақтандыру болып табылады.
4. Балапанова Ж.А. және Жаксылыкова А.Е. авторлары жазған
“Қазақстанның энергетикалық саясатының өзекті мәселелері” деген
еңбегінде еліміздің экономикасындағы мұнай-газ саласының жағдайы
SWOT анализі ретінде берілген. Анализ қолдану аясында мұнай-газ
саласының әлсіз, күшті жақтары жазылып, алдағы уақыттағы
мүмкіндіктері мен қауіптерін болжамданған. Авторлар анализді
қорытындылай отырып, отын-энергетика ресурстарын ұтымды пайдалану,
импорттың жоғары үлесін төмендету, саланың жалпы мұнай бағасына,
сыртқы факторларға тәуелділігін азайту деген сияқты т.б. экономиканы
қарқынды дамуына ұсыныстар келтірген.
5. Жайтлеуова А.А. “Роль невтегазовой промышленности в экономике
Казахстана” атты еңбегінде Қазақстанның мұнай-газ кешенінің соңғы
жылдардағы пайдасын ескере отырып статистикалық мәліметтерді
диаграмма арқылы келтірген. Бұдан басқа, мұнай өндіру саласында алдағы
орын алатын мемлекеттердің көрсеткіштері негізінде салыстырмалы
талдау жасап, жоспарланған мақсаттағы көрсеткіштерді ұсынған.
6. Қазтаева Л.Ш. Қазақстан “Республикасының мұнай-газ саласының
экономикалық тұрақсыздық кезіндегі жағдайы” аталған мақаласында
еліміздің мұнай өндіру көлемі бойыншы ұзақ мерзімді статистика
қарастырып, COVID-19 кезіндегі мұнай өндіретін ірі кәсіпорындардың
көрсеткішіндегі тұрақсыз жағдайға баға берген.
7. Қазтаев Л.Ш. автордың келесі реттегі мақаласында “Мұнай өңдеу
саласы: Қазақстан Республикасы және шет ел тәжірибесі” ҚР-ның
мұнай өндіру кешенің жетекші орын алатын шет елдердің көрсеткішімен
салыстыра диаграмма жасаған. Қорытындылағанда, автор мемлекет
мұнай-химия кәсіпорындарына отандық шикізат құру, стратегиялық
маңызды бағыт ретінде қарастыру мәселесін тұжырымдаған.
Кіріспе
Зерттеу әдісі: сапалық әдіс. Қазақстан Республикасының Ұлттық Статистика
бюросынан қолданылған ресми статистикалық, көрсеткіштік деректер.
Гипотеза: Мұнай-газ саласы әрбір елдің жалпы салалар табысының негізгі үлесін
алатыны бәріне мәлім. Мемлекеттің ЖІӨ-нің көрсеткіші мұнай-газ саласындағы
өндіру көрсеткіші, сыртқы ортадағы сауда жағдайы мен мұнайдың әлемдік
бағасының өзгерісіне байланысты. ЖІӨ-ді анықтай отырып, елдің
макроэкономикалық тұрақтылығын бағалап, зертттеуге болады.
XXI ғасырда әлемді отын-энергетикалық ресуртарды пайдаланусыз елестету
мүмкін емес. Күнделікті өмірде халық мұнай-газ өнімдерін ұдайы қолданады және
кез келген елдің экономикалық жағдайы мен дамуы мұнай-газ саласының
жағдайымен тікелей байланысты. Қазіргі уақытта мұнай-газ саласы Қазақстан
Республикасы үшін де ең маңызды жектекші саласының бірі, себебі бұл сала
жалпы мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдердің 40%-ын құрайды [1]. Қазақстан
пайдалы қазбаларға өте мол, соның ішінде газ конденсаты бойынша әлемде 14
орынды, ал мұнай қоры 13 орынды алады [2]. 2015-16 жылдары Қазақстанның
ЖІӨ-нің нақты өсімі 1,2-1%-ға төмендеген, нәтижесінде инфляция деңгейі күрт
өсіп халық қаржылық дағдарысқа түсіп, экономикада тұрақсыз жағдай орын алды.
Осы жылдары ЖІӨ-нің төмендеуінің басты себебі мұнайдың әлемдік бағасы 1
баррельдің 27 долларға дейін арзандауы болатын. Мұнай-газ саласы ЖІӨ-нің
шамамен 19%-дық үлесін құрайды, сондықтан Қазақстан экономиканың
тұрақтылығы, қаржылық табыс көзі мен халықтың өмір сүру жағдайы мұнай-газ
ресуртарының қоры мен әлемдік бағасына тәуелді. Бүгінгі таңда елімізде мұнай
өнімдерінің бірнеше түрлерін өндіреді. Оның ішінде негізі үлесін дизель, бензин
және мазут өнімдері құрайды. Мұнай-газ ресуртарын өндіру орталық негізінен
Оңтүстік Торғай ойпаты, Маңғышлақ, Каспий маңы ойпаты, Бозашы өңірлерінде
орналасқан. Қазақстан әлемдегі мұнай-газ қоры құрылымында 1,8%-ға жуық
үлесті құрағандықтан шет елдермен экспорттық-шикізаттық бағытты ұстанады.
Мұнай өнімдері көбінесе Италия, Нидерланды және Францияға жеткізіледі.
Қазақстанда өндірілетін мұнайдың шамамен 80%-ы экспорттық сатылымға
жіберіліп, қалған мұнай үлесі ішкі нарыққа жіберіледі, нәтижесінде шетелдік
инвестициялар 33%-ға өскен [3]. Соңғы жылдары Қазақстанда мұнай саласындағы
жұмыскерлер саны өскенімен, аса инновациялық технологиялар іске
қосылмағандықтан мұнай алу көрсеткішінің үлесі 28%-ға дейін төмендеген.
Нәтижесінде, Қазақстан үшін мұнай-газ саласындағы басты мәселе – сыртқы
нарықтағы саудағы тәуелділік және ресурстарды толықтай өндіре алмау болып
табылады. Зерттеу жұмысында Қазақстанның мұнай-газ секторының жағдайына
жан-жақты талдау жүргізе отырылып, мәселені шешу бойынша болжамды
ұсыныстар берілетін болады.
Негізгі бөлім
Ағымдағы жылы Қазақстанда мұнай-газ өндірісі 3.5 есеге артып, әлем бойынша 18
орынға ие болды. Мұнай секторы ұлттық қорға түсетін түсімдердің айтарлықтай
үлесін алатындықтан елдің ЖІӨ-не тікелей әсер етеді деген тұжырымға келдік.
Зерттеу құралы ретінді ресми статистикалық мәліметтерді қолданып, соңғы
жылдардағы мұнай-газ саласының көрсеткіштеріне талдау жүргізетін болсақ,
экономикаға әсері мен жағдайына болжам жасауға болады. Тәуелсіздік алған кезде
мұнай-газ өндіру көлемі 28 млн тоннадан, қазіргі уақытта 84.2 млн тоннаға жетіп,
жоспар 101,6%-ға орындалды [4]. 2024 жылға қарай 100 млн тонна өндіру серпіні
күтілуде.
90 12.0%
10.5%
77.5 78.64 10.0%
80
72.92 73.01 73.93
69.48 67.91 8.0%
70 66.48 66.52 65.57
6.0%
60
4.8%
4.0%
50 3.2%
2.0%
40 0.3%
0.3% 0.2% 0.0%
-1.2% -1.7%
30 -1.8% -5.4% -2.0%
20 -4.0%
12.94 12.46 13.27 12.86 11.91 12.65 11.95
10 -6.0%
2.75 2.30 2.92
0 -8.0%
2012 2013 2014 2015 2016 2017 2018 2019 2020 2021
Шикі мұнай Газ конденсаты
Мұнай-газ өндіру статистикасы

Сурет-1. Мұнай-газ өндіру статистикасы, млн тонна


Ескерту [8] дереккөзі негізінде авторлармен құрастырылған
Графикте көрсетілген 2015-2016 жылдары мұнай бағасының арзандауы
нәтижесінде өндіру серпінінің төмендеуі байқалды (сүрет - 1). Ал 2017 жылы
мұнай бағасы тұрақталып, Қашаған мұнай кен орнында ауқымды жобаның жүзеге
асырылуына байланысты өндіріс көрсеткіші күрт өсті. Дегенмен, 2020 жылы
COVID-19 жаһандық пандемияның салдарынан бүкіл әлемнің экономикасы
құлдырау фазасына түсті. Бұл экономикалық жағдай мұнай-газ өндіру,
тасымалдау серпініне де кері әсерін тигізді. Мәселені ретке келтіру мақсатында
Болашақ кеңею жобасы мен ұңғыма сағасындағы қысымды басқару жобалары
(БҚЖ, ҰСҚБЖ-ның 2023 жылға аяқталуы күтілуде) орындалып 2021 жылы мұнай-
газ өндіру көлемі 85.9 млн тоннаны құрады [4]. Қазақстанда мұнай-газ
секторының қарқынды дамуына мемлекеттермен экспорт саудасы маңызды болып
табылады (сүрет – 2,3).
70 60.0%

60 56.4 57.3 38% 43%


53.6 40.0%
31%
50
20.0%
40 0% 1% 38
-6% 33.6 33.5
31.1 0.0%
30 26.8
19.3 23.7
-12% -20.0%
20
-28% -29%
10 -40.0%
-50%
0 -60.0%
2012 2013 2014 2015 2016 2017 2018 2019 2020 2021

Мұнай экспортының көлемі Экспорттау серпіні

Сүрет- 2. Мұнайды экспорттау серпіні, млрд доллар


4 40.0%
32% 33%
3.5 30.0%
3.5 3.4
3 3.3 3.2 20.0%
3.1
2.5 10.0%
2.4 2.5
2 4% 4% 2.3 4% 0.0%
2.1
1.5 -3% 1.7 -10.0%
1 -15% -20.0%
-22%
0.5 -28% -27% -30.0%
0 -40.0%
2012 2013 2014 2015 2016 2017 2018 2019 2020 2021

Газ эскпортының көлемі Экспорттау серпіні

Сүрет – 3. Газды экспорттау серпіні, млрд доллар


Ескерту [9] дереккөзі негізінде авторлармен құрастырылған
2015-2016 жылдардағы мұнай бағасының арзандауы экспорттың төмендеуіне де
әсерін тигізді. Сондай-ақ, COVID-19 індеті кезінде де мұнай-газ экспорттау
серпіні төмендеді. Мұнай-газ көлемінің 70%-дан астамы негізінен Еуропаға
бағытталған. Мұнай экспорттының Италия 27.7%-ын, Нидерланд 12.2%-ын,
Франция 6.7%-ын және Қытай 6.0%-ын үлесін құрайды, ал газ экспортының
51.5%-дық үлесін Қытай, 11.4%-ын Украина, 8.1%-ын Тәжікістан және 7.6%-ын
Ресей алады [5]. 2022 жылы Ресейге қарсы жарияланған санкция Қазақстанның
мұнай-газ эскпортына кері әсерін тигізді. Нәтижесінде, Ресейдегі экспорттау
құбырлары істен шығып, Еуропа елдеріне мұнай-газды жеткізу қиынға соқты.
111.63 108.56
98.97
71.31 70.86
1.37 54.13 64.3
0.80 1.22 52.32
43.64 0.26
41.96
0.22
0.22

0.44
3503 1.18
3459 3431
3212 0.28
0.83 2859
2613
2034
1630
1400
1138

2012 2013 2014 2015 2016 2017 2018 2019 2020 2021
Мұнай секторынан түсетін түсімдер Басқа да түсімдер Brent бағасы, $/баррель

Сурет-4. Ұлттық қорға түсетін түсімдер серпіні және мұнай бағасы, млрд теңге
ҚР МКК, АҚШ Энергетикалық ақпарат басқармасы
Ескерту [10] дереккөзі негізінде авторлармен құрастырылған
Графикте көрсетілген деректер бойынша мұнай бағасының соңғы жылдардығы
жағдайы тұрақсыз екенін байқауға болады (сүрет - 4). Мұнайдың әлемдік бағасы
түскен кезде мұнай өндіру көлемі төмендеп, елдің экономикалық жағдайына
салдарын тигізеді. Ол көрсеткіштің тұрақсыз болуы мұнай-газ саласының
экономикағы әсері ретінде әлсіз жағына жатады. Сонымен қатар, мұнай-газ өндіру
экологиялық мәселерге алып келіп кері әсерін тигізеді.
Ал мұнай-газ секторының күшті жағы - өндірістің тұрақтылығы елдің саяси және
экономикалық дамуының негізгі факторы болуы. Мұнай-газ саласы ұлттық қорға
түсетін түсімдердің 99%-ға дейінгі үлесін және ТШИ(тікелей шетелдік
инвестициялар) жалпы келуінде 46%-ын құрайды. Сондықтан, өндірілетін және
экспортталатын мұнай-газ көлемі ауқымды болған сайын, ұлттық қор мен
шетелдік инвестициялар көп болады.

Қорытынды
Зерттеу нәтижесі бойынша қазіргі таңда ҚР экономикасына тікелей әсер ететін
мұнай-газ саласын дамыту маңызды деген тұжырымға келдік. Мұнай-газ кешенін
дамытуда келесі шешу жолдарын атап көрсетуге болады:
- Саланың мұнайдың әлемдік бағасына, сыртқы факторлар мен экспортқа
тәуелділігін азайту;
- Ресурстарды үнемді пайдалану, жетіспеушілік мәселесін шешу;
- Мұнай-газ тасымалдауда шығындар үлесін кеміту;
- “Жасыл экономика” жобасы бойынша балама энергия көзіне көшу, көлік
секторына табиғи газды қолдану;
- Қартайған кен-орындары мәселесін шешіп, жаңа тиімді технологияларды
енгізу;
- Импортталатын өнімдер көрсеткішін азайту.
Қорытындылай келе, мұнай-газ кешенін дамыту жобасы ұзақ мерзімді маңызды
бағыт ретінде зерттелу керек. Қазақстан инновациялық өзгерістерді енгізіп,
энергетикалық және жалпы экономикалық қауіпсіздікпен қоса, ілгермелі дамуға
қол жеткізуде жобалар қолдану қажет.

Қолданылған әдебиеттер:
1. Сабирова Р., Мукашева А. Қазақстанда мұнай-газ секторын дамытудың
экономикалық механизмдері // Вестник Атырауского университета имени
Халела Досмухамедова. – Т. 66. – №. 3. – 2023. – 81-90б.
2. Болуспаев Ш. А. Қазақстанның мұнай-газ саласын дамыту мәселелері //
ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы. №4 (98). – 2018. – 127-131б.
3. Тулеуова Е. Ж. Қазақстандағы мұнай-газ келісімшарттары. – 2019.
4. Балапанова Ж. А., Жаксылыкова А. Е. Қазақстанның энергетикалық
саясатының өзекті мәселелері. – 2022.
5. Жайтлеуова А. А. Роль нефтегазовой промышленности в экономике
казахстана // Экономико-математические методы анализа деятельности
предприятий АПК. – 2023. – 7-11б.
6. Қазтаева Л. Ш. Қазақстан республикасының мұнай-газ саласының
экономикалық тұрақсыздық кезіндегі жағдайы // «Жүйелік кәсіпкерлік»
халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының еңбектер жинағы.
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті. – 2022. – 224б.
7. Қазтаева Л. Ш. Мұнай өңдеу саласы: қазақстан республикасыжәне шет ел
тәжірибесі. – 2022.
8. Қазақстанның мұнай-газ саласына шолу // Jusan analytics [Электрондық
ресурс]. – Режим доступа: URL: https://jusan.kz/file-server/filename?
dir=analytics/research/documents&filename=obzor-neftegazovoy-otrasli-rk-
kz.pdf
9. ҚР ҰСБ, ҚМГ 2021 жылғы Жылдық есебі [Электрондық ресурс]. – Режим
доступа: URL: https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgzp_2021_kaz.pdf
10.АҚШ Энергетикалық ақпарат басқармасы // eia.gov [Электрондық
ресурс]. – Режим доступа: URL:
https://www.eia.gov/dnav/pet/pet_pri_spt_s1_a.htm (22.11.2023)

You might also like