Professional Documents
Culture Documents
Дәріс ДМжС педагогикасы
Дәріс ДМжС педагогикасы
№2 № 2 дәріс. Дене тәрбиесі бойынша білім берудің әлемдік білім беру кеңістігі мен
дәріс бірлестігі
Дене тәрбиесінің әлеуметтік жүйе және қоғамдық құбылыс есебінде дене тәрбиесі
жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, оның қызметі мен
құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім мен тәрбие талаптарына сәйкес өсіп келе
жатқан ұрпақтың дене тәрбиесін қамтамасыз ету үшін керек. Дене тәрбиесі тек мектептегі
дене шынықтыру сабағы ғана емес, ол сабақтан тыс, мектептен де тыс денсаулыққа
байланысты шаралар жүйесі екенін ескерсек, қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы
дене тәрбиесінің жүйесі жастардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, тұлға бойындағы
биологиялық-психологиялық қажеттіліктердің жан-жақты жетілуіне, өмірге белсенді
ұстаным мен ізгілікті қатынастарын дамытуды меңзейді. Мұндай маңызды әдістеме
ғылыми және оқу пәні ретінде жетекші рөл атқаратын, дене тәрбиесі
саласындағы кәсіптік бағытта болашақ мұғалімдерді дайындауды жүзеге асыратын
жоғары оқу орындарындағы оқыту жүйесіне тікелей байланысты. Қазіргі кезеңде жалпы
орта мектептердегі оқу бағдарламаларын құрастыру бағыт-бағдары өзгерді. Алайда,
бұлардың бәрінде мектеп оқушыларын қайда оқитындығы ескерілмейді, олардың меңгеруі
тиіс негізгі дағдылар мен қабілеттер, оқу нормасын тапсыруға арналған шарттар
көрсетілген. Денені шынықтыру жаттығуларының орындалуы қозғалыс дайындығының
деңгейі туралы мәлімет береді. Дегенмен, бұл бағдарламалар базалық, үлгілік сипатқа ие,
сондықтан оларды әрбір педагог жергілікті жағдай мен салт-дәстүрлерге орай өзгертулер
мен толықтырулар енгізіп, өзгерте алады. Дене тәрбиесі мәселелерін шығармашылық
тұрғыда шешуге, өзгермелі өмір жағдайында инновациялық процестер мен жаңашыл
бағыттарды дер кезінде меңгере отырып, тәжірибеге сын көзбен қарап, дене тәрбиесі
міндеттерін жүзеге асыруға белсенді, салауаттылық пен дене мәдениетін меңгерген маман
даярлаудың маңыздылығы артуда.
Дене тәрбиесі өсіп келе жатқан жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру саласының бір
тармағы болып табылады және ол жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, күшті де қуатты
болып өсуіне, ұзақ уақыт шығармашылық еңбекке жарамды адамды қалыптастыруға, оны
Отан сүйгіштікке дайындауға қызмет етеді.
Республикамыздағы білім беру саласында және әртүрлі қолдану салаларына
байланысты жаңа бағыттағы спорт, дене тәрбиесі жүйесі бойынша мамандарға деген
сұраныстардың артуы, оларды дайындаудағы білімділігі мен қабілеттілігі, біліктіліктің
қазіргі талаптарға сай болуы өте үлкен маңызды жұмыстарды атқаруды талап етеді және
болашақ педагогтардың кәсіби даярлығын, білім стандартына, мазмұнына сай жетілдіру
мәселелері көкейкесті мәселе болып отыр. Көрсетілген міндеттерді толық жүзеге асыру
дене тәрбиесі жүйесіне тікелей байланысты. Дене тәрбиесін жүзеге асыру – денсаулықты
нығайту, білім беру, дамыту, тәрбиелеу міндеттерін шешуге арналған педагогикалық
жұмыстардың бірі бола отырып, жеке тұлғаның денсаулық деңгейін арттыру, табиғи күш-
қуатын нығайту, дене мүшелерін гигиеналық негіздері мен дене- қозғалыс қабілеті
мүмкіндіктеріне сай, өз бетінше қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындап, өзін- өзі үнемі
дамытып, көңілді де сергек жүруге баулиды. Болашақ ұрпағымыздың денсаулығының
мықтылығы, салауатты өмір сүруі мектеп мұғалімінің жеке басымен оның жоғары оқу
орнындағы теориялық жеке тәжірибелік дайындығының дәрежесіне тікелей байланысты.
Осыған орай оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыру жұмыстарын
ұйымдастыруға болашақ мұғалімдерді даярлау ісін кәсіби дайындықтың ажырамас бөлігі
Ф КазНПУ 0703-03-15 (1). Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым.
ретінде қарастыру керек. Дене тәрбиесі және спорт мамандары күрделі әлеуметтік
міндеттерді шешуге араласумен бірге оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне сай,
оқу-тәрбие міндеттерін шешуде олардың рухани жетекшісі де болуы тиіс.
Оқу үдерісінің үздіксіздігі негізгі үш қағидаларда көрініс тапқан:
а) оқу-тәрбие үдерісі көп жылғы және жыл бойындағы сипатқа ие болуы тиіс;
ә) сабақ барысында әрбір келесі сабақтың әсері алдыңғы сабақтың ізінше қатпарлы
әсер қалдыруы тиіс, себебі жас оқушының ағзасында алдыңғы сабақтардың әсерінен пайда
болған жағымды өзгерістер беки түсуі және жетіле түсуі қажет;
б) демалыс жұмыс қабілетін қалпына келтірудің арта түсуі үшін жеткілікті болуы
тиіс.
Дене жүктемелерін бірте-бірте және жоғары деңгейге арттыру ұстанымы олардың
көлемі мен қарқындылығының, оқушыны дайындауға қойылатын талаптардың бірте-бірте
күрделенуінің үздіксіз арта түсуімен байланысты болып келеді.
Сабақтарды бір-бірте күрделендіру оқушыны дайындаудың мүмкіндіктері мен
деңгейлеріне сәйкес келіп, олардың спорттық жетістіктерінің үздіксіз арта түсуін
қамтамасыз етуі тиіс. Дене жүктемелерінің толқынды түрде өзгеру ұстанымы олардың
динамикасының толқынды сипатын көрсетеді, себебі ол салыстырмалы алғанда оқу –
тәрбие үдерісінің кіші-гірім үзіндісіне, немесе сабақтардың кезеңдері мен тұтас бір
дәуіріне де тән болуы мүмкін.
Спорттық техника мен оны жаңа тұрғыда жетілдіруге үйрету әдістерінің кез-келген
түрінің жағымды жақтары бар, бірақ ол жеке қалпында шапшаң әрі тиімді үйретуді толық
қамтамасыз ете алмайды, сондықтан спорттық техниканы меңгеру барысында барлық
әдістер бірін-бірі толықтыратын түрде қолданылады. Олар жиірек бір уақытта
пайдаланылады.
Қимыл-қозғалыстарды белгілі реттілікте игеру. Атап айтқанда: дайындалып жүрген
оқушылардың оқуға деген жағымды ынтасын қалыптастыру; қозғалыс қимылының мәні
туралы білімді қалыптастыру; әрбір спорт түрлері бойынша үйренетін қозғалыстар туралы
толық түсінікті қалыптастыру; үйренетін қозғалыс қимылын тұтастай игеру. Сөйтіп,
қимылға үйрету дегеніміз - бұл білім алу, қозғалыс икемділігін қалыптастыру және тиісті
дене жағынан қалыптасудың қасиеттерін тәрбиелеу.
Талдау, жалпы білім беру мектептерінде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру мен
басқаруға білім беру мен спорттық мекемелерге тән құрылымдар - мақсат, жалпы және
арнайы (арнайылық) міндеттер, әдістер мен қағидалар, оқу кеңістігінде жүзеге асатын,
нақты бағыттылығы бар, оқу материалының теориялық және тәжірибелік мазмұны
кіретінін көрсетті. Оқушы-спортшының осы білім беру кеңістігіндегі таңдаған жолының
басы, мектептегі оқу мерзіміндегі бастапқы кезеңнің де нақты құрылымы немесе мазмұны
болады.
Дене тәрбиесі сабағында оқытудың дәстүрлі емес құралдарын қолдану барсында
оқушылардың дене тәрбиесін дамыту технологияларын жетілдіруге; дене тәрбиесі
сабақтарында оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуге, дене тәрбиесі арқылы жеке
тұлғаның психофизиологиясын өзгеруге: өзін-өзі реттеуін қалыптастыру; дене тәрбиесі
сабақтарын пәнаралық байланыс арқылы жетілдіру; дене қабілетін рухани құндылықтар
арқылы дамыту; релаксация арқылы жеке тұлғаның психофизиологиялық қабілеттерін
дамыту; психикалық қуат мүмкіндіктері мен дене тәрбиесін сабақтастырып дамытуға т.б.
қол жеткізуге болады.
№3 №3 дәріс. Дене шынықтыру және спорт саласындағы заманауи маманның
дәріс қызметіне қойылатын талаптар
Мектептегі ұжымдық жүйенің құрылымы - мұғалімдер коллективі, оқушылар
коллективі - жеке сынып, түрлі үйірмелер бірлестігі тұрғысында топтасады. Ал дене
шынықтыру мұғалімінің міндеті - жалпы мектептік және сыныптық ұжым қалыптастырып
және оның әдістемелік жолдарын шешеді. Ұжымдық дамудың деңгейі, сипаты педагогтің
қоятын талабына үйлесімді өрістейді. Дене шынықтыру мұғалімі алдымен ұжымның
өмірін ұйымдастырады, топта не істелуге тиісті екендігін түсіндіріп, мақсатты айқындап,
міндетті шешкеннен кейін оның жүзеге асып орындалуын талап етеді. Бұл дене
Ф КазНПУ 0703-03-15 (1). Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым.
шынықтыру мұғалімінің бірінші кезеңде атқаратын ісі болса, екінші кезеңде топтағы
активті қолдап, қойылатын талапты орындаудағы олардың белсенді әрекетіне сүйеніп,
жолдастарына әсер етіп, ықпал жасауына мән береді. Ал үшінші кезеңде іріктелген
белсенді топ өзіне де, басқаларға да талап қойып белгіленген міндетті жүзеге асырып, оны
орындаудың тиімді жолдарын да іздестіреді және әркімнің іс-әрекеттегі шама
мүмкіндігіне де мән береді. Коллективтік үрдіс барысында олардың өзіне және топтағы
басқалардың да бір-біріне деген қарым-қатынасы жетіліп, тиісті дәрежеде дәстүрлік
таным-түсінік, бәріне ортақ құндылықтар дамиды.
Ұжымды құру мен оны тәрбиелеудің әдістемесі оқушыларды бірлескен іс-әрекетке
тарту болып табылады. Бірлескен іс-әрекет оларды топтастырып, еңбектену барысындағы
бірлігі нығайып, ынта жігері өрістейді. Болашақта жалғастық табады. Ол үшін мына
мәселелерге мән беру керек: қойылатын талапты орындау оқушының қолынан
келетіндігіне сенім білдіріп. жүзеге асырылатын міндетке байланысты ережелер мен оның
деңгейін ұқтырып, иландыра білу басты шарт. Ұжым мүшелеріне әсерлі ықпал етерлік
оқушылар активін құрғанда оларды психологиялық жағынан демеп, консультация беріп,
түрлі тәжірибелерді таныстырып, ұйымдастыруға бағдар сілтеп, атқарған істерін
қадағалау қажет. Ұйымдастыру ісіне ертеңгі үмітке былайша айтқанда перспективаға
назар аударылуға тиіс мұның теориялық негіздері мен практиклық жолдары
А.С.Макаренко еңбектерінде жан-жақты сипатталган. Ұжымның дамуын ұйымдастыру
жүйесі бүгінгі, ертеңгі, болашақтағы әрекет нәтижесіне негізделсе, тұлғаны
ынталандырып, іс-әрекетке деген олардың кұлшынысын жебеп жігерлендіреді.
Педагогикалық кағидаға саналарын егіз ықпал, яғни параллелдік әсерді де естен
шығармаған жөн. Мысал үшін айталық, оқу жылын аяқтау құрметіне бірнеше күнге
созылатын саяхат өткізілетін болды делік. Мұндай жағдайда педагогтің тікелей әсері ғана
емес, онымен қосарлана атқарылатын қоғамдық ортаның талабы егіздесе келіп,
параллелдік ықпал етеді. Оқушының егіз ықпалға риза болмағанның өзінде дөрекілік
көрсетпей, ұжымның талап тілегіне үйлеспейтін кейбір ауытқулар болған жағдайда да
төзімділік көрсетуге және оған шыдай білуге баулу керек. Егіз ықпал қарым-қатынаста
әдептілік көрсетіп, ұстамды болумен қатар ынтымақтылық ниетті тілейді. Сондай-ақ
оқушының алған тәрбиесі тағылымдық өнегені білумен ғана шектелмейді, меңгерген
дәстүрлік тағылымын нақты жүзеге асыру, іс-әрекет барысында түрлі ереже талаптарын
орындау кезінде ұқыптылық сақтай білетін әрекетінен көрінеді. Педагогтің өз тарапынан
әрбір оқушыны қорғап, қолдап сеніммен қарай білуі, оларды жігердендіріп қандай күрделі
тапсырманы да өздігінен орындауға ықыластандырады. Қазіргі оқу орындарында
ұжымдық тәрбиені өркендетерлік және тұлғаның тәлімдік өнегесіне бағдар беріп
басшылық жасап дербестігін дамытарлық жол жетерлік. Атап айтқанда, оқушының білім
алу саласындағы еңбек түрлері, қоғамдық жұмыстар, көркемөнер, спортқа байланысты іс-
әрекеттері, түрлі саладағы үйірмелер мен өнімді еңбекке барар жолдар баршылық.
Оқушылар ұжымындағы жеке тұлға теориясын құрудың негізі А.С.Макаренко
еңбектерінде жатыр. Ол ұжымда жеке тұлғаны тәрбиелеудің басты нәтижесі оның
қоғамдық бағыттылығы деп есептейді. Ол ұжымның басты белгілерін нақты тұжырымдап
берді. Олар: ұжым – басқа ұжыммен органикалық байланыста болатын қоғамның бір
бөлігі; қоғамдық маңызы бар мақсаттың болуы; ұжым мүшелерінің қызметін
ұйымдастыру; ұжым мүшелері арасындағы өзара жауапкершілікті қарым-қатынас орнату;
өзін-өзі басқару органдарының болуы.
Балалар ұжымы алғашқы ұжымдардан (сыныптардан) тұрады; осы алғашқы
ұжымда-ақ балалар жалпы мақсатын жүзеге асыруға бірігіп қатыса отырып бір-бірімен
жақын араласа бастайды. Онда балалардың мүмкіндіктеріне, қызығушылықтарына,
қабілеттеріне, құрбыларына деген қарым-қатынастарына қарай әрқайсысының
белсенділендіруге жағдай жасалады. Сонымен бірге бұл ұжым өзінің тар мағынадағы
мүдделерімен ғана шектеліп қалмай болашақ жоспарларын күрделендіріп, мүдделерін
кеңейтуі тиіс. Бұл тек осы алғашқы ұжымдарды қоғаммен байланыстыратындай
ұжымаралық байланыс жасау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Балалар ұжымы деп мақсатты бағытталған әлеуметтік маңызы бар іс-әрекет
Ф КазНПУ 0703-03-15 (1). Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым.
негізінде оқушыларды біріктірудің ұйымдастырушылық формасы деп түсініледі. Мұндай
іс-әрекет оқушылар үшін ең алдымен оқу іс-әрекеті болып табылады.
Оқушы ұжымының бірнеше кезеңдері бар. Ұжымды дамытудың бірінші сатысы
әдеттегідей оқушылардың нашар ұйымдастырылуымен сипатталады, балалар бұл сатыда
алғашқы ұжымдарға формальды түрде топтастырылады. Сынып белсенділері болмайды,
соған байланысты мұғалім сыныпқа тиісті талаптарды өзі қояды. Бұл мектепке немесе
сыныпқа қайтадан келген балалар жинақталған “құрама сынып” оқушылары ұжымының
басты ерекшеліктері. Көп жағдайда мұғалім бірге көп жылдар бойы бірге оқып келе
жатқан оқушылар ұжымымен жұмыс істейді, бірақ сынып тәртібі нашар, көшбасшылар
формальды түрде сайланады, бірақ мұның ұжымдық қарым-қатынасқа ешқандай ықпалы
болмайды, яғни жалпы нашар ұйымдастырушылық орын алады.
Айтылған кезеңде дене шынықтыру мұғалімі сабақта және сабақтан тыс
уақыттарда оқушыларды әртүрлі бірігіп атқарылатын іс-әрекеттерге араластыру арқылы
бір-бірін (оқушы мен мұғалім) жақсы танысуға күш салуы тиіс. Сонымен қатар, ұжымның
қалыптасуы кезеңінде сынып белсенділері сайлауға, қайта сайлауға дайындалады.
Ұжымды дамытудың екінші кезеңінде талаптарды тек мұғалім ғана емес белсенді
топ мүшелері де (параллель) қоя алады. Сабақта және сабақтан тыс іс-әрекеттердің
түрлері көбейіп, күрделене түседі. Белсенді топ мүшелері тапсырмаларды оқушылардың
мүдделерін ғана емес, ұжым қажеттіліктерін ескере отырып береді.
Балалар ұжымының дамуының үшінші кезеңінде тек мұғалім мен белсенділердің
мүшелеріне ғана талаптар қойылмайды, сонымен қатар ұжымның әрбір мүшесіне де
белгілі бір талап қойылады. Бұл саты қоғамдық пікірлердің ескерілуімен, оқушылардың
өз-өзіні басқаруының жоғарғы деңгейде болуымен, балалардың ұжым жұмыстарымен
айналысумен сипатталады. Дәл осындай ұжым оқушыларды ұжымшылдыққа тәрбиелеу
құралы болып табылады. Бұл жерде әрбір оқушының тұлға ретінде дамуына барлық
жағдайлар жасалады.
Ұжымның барлық даму сатыларында мұғалімнің алдында үнемі тәрбиелеу
міндеттері тұрады. Оның ішіндегі ең маңыздысы: педагогикалық жетекшілік пен
оқушылардың өз-өзін басқаруын дамытуды қалай бірге алып жүруге болатындығында.
Педагогикалық процестің іске асыруын қамтамасыз ететін тұлғаның салыстырмалы
орнықты сапалары мен ерекшеліктерін жиынтығын педагогтың кәсіби маңызды қасиеті
деп санауға болады. Сонымен, біртұтас педагогикалық процестің нәтижелілігі
“педагогтар-оқушылар” жүйесіндегі өзара қатынастың, ықпалдастықтың деңгейіне
байланысты. “Оқушы” жүйесі үшін педагог тұлғасы қоршаған болмысты пәндендіру
арасындағы делдал, ал мұғалім оқушы мен материалдық және рухани құндылықтар
арасындағы делдал болып табылады. “Оқушылар” жүйесінде қарым-қатынас “педагогтар-
оқушылар” жүйесінде бар қарым-қатынас салдары ретінде жасалады.
Ұстаздың ұжымшылдығы оның оқушылармен және оқушылардың бір-бірімен
дұрыс өзара қарым-қатынас жасауының негізінде балалар ұжымының қызметін
ұйымдастыруға даярлығы арқылы көрініс табады. Тұтас педагогикалық процесс
теориясында бұл өзара қарым-қатынас өзара ықпалдасатын тәрбиелеуші механизм болып
табылады және қызмет барысындағы ынтымақтастықтың сипатына тәуелді. Қызмет
барысындағы сипатын түсіну мұғалімнің құзырына кіреді. Соған байланысты мұғалім
өзінің жинақтаған білімінің негізінде балалар ұжымының қызметін ұйымдастыруға дайын
болуы керек.
Дене шынықтыру мұғаліміне, сынып жетекшісіне оқушы ұжымын қалыптастыру
бойынша тиімді жұмыстар ұйымдастыру үшін білім, біліктерді меңгерулері қажет: Оларға
жататындар.
1. Оқушы ұжымының қалыптасу жағдайы мен деңгейін диагностикалай алу, біртұтас
педагогикалық процестің негізгі көрсеткіштеріне диагностиканы негіздей алу, ұжым
дамуын болжау үшін диагностикалық мәліметтерді пайдалану.
2. Мектепте және мектептен тыс уақыттарда алғашқы ұжымды басқа ұжым түрлерімен
өзара байланыс жасауының рөлін түсіну.
3. Әрбір оқушының қызығушылығы мен қабілетіне сәйкес жалпы мақсатқа (сабақта және
Ф КазНПУ 0703-03-15 (1). Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым.
сабақтан тыс уақытта оқушылардың ықпалдасу жүйесі) жетуге бағытталған оқудағы және
оқудан тыс іс-әрекеттерін ұйымдастыру.
4. Алғашқы (сыныптық) ұжымды қалыптастыруда мұғалімнің педагогикалық
жетекшілігімен ұжымда өзін-өзі басқаруды үйрету.
5. Оқушы ұжымын қалыптастыру теориясы мен тәжірибесі және оның негіздері мен даму
заңдылықтары жөнінде біртұтас түсініктің болуы.
6. Педагогикалық ықпалдастырудың негізгі құралдарын білу және оларды балалар
ұжымын қалыптастыру процесінде қолдану.
7. Мұғалім іс-әрекетінің заңдылықтарының, қозғаушы күштерінің және тәрбиелеу
механизмдерінің объектісі ретінде педагогикалық процестің мәні мен құрылымы туралы
теориялық білім.
Мұғалімдердің балалар ұжымымен кәсіби ұйымдастырылған жұмысы барысында
әлеуметтік (қоғамдық) белсенділік ретінде күрделі тұлғалық қасиеттер қалыптасады.
Қайта құру кезеңінде бұл қасиет ерекше маңызға ие болады, өйткені ол қоғамдық іс-
әрекеттердің маңыздылығын оқушылардың санасына сіңіруін, олардың оған
жауапкершілік, белсенділік, ізденімпаздық таныта отырып қатысуға дайындалуын,
ұмтылуын қамтиды.
Оқушылардың қоғамдық пайдалы жұмыстарға қатысуға оң көзқарас
танытпайтындар да аз емес. Оның негізгі себебі ұйымдастырылатын жұмыстардың
бірыңғайлығы, ондағы формальдылық, жұмыстың пайдасыздығының айқындығы,
педагогтың өзінің қызығушылық танытпауы болып табылады. Соған байланысты оқушы
белсенділігі мектепте ұйымдастырылатын жұмыстардың тиімділігіне, сұранысқа ие
болуына, мұғалім позициясына, жеке қатынасына, жұмысты сауатты ұйымдастыра алу
біліктеріне тікелей байланысты.
Тапсырмалар мұғалім тарапынан емес белсенді топ мүшелері, сынып ұжымы
тарапынан берілуі тиіс.
Негізгі тапсырмалар сабақта және сабақтан тыс орындалатын жұмыстарға
байланысты берілуі қажет; мүмкіндігінше ол жұмыстарды оқушылардың өздері
таңдағандары орынды. Орындалған тапсырма мен оның орындалу сапасы жөнінде ұжым
алдында есеп берілуі қажет.
Сынып жетекшісі үнемі оқушы ұжымымен атқарылған жұмыстарды тіркеп отыруы
тиіс: ұжым, белсенді топ мүшелерінің тізімі, әрбір ұжым мүшесінің сабақта және сабақтан
тыс (қоғамдық) орындаған жұмыстарының тізімі (мұнда орындалған жұмыс жөнінде
қашан есеп берілуі керектігі көрсетіледі), жылдық, жартыжылдық, тоқсандық, жоспар
жасалады, әрбір оқушыға мінездеме жазады. Оқушылардың жетістіктерін үнемі айта
отырып, оқушы тұлғасын қалыптастырудағы проблемаларға басты назар аудара отырып
олармен жеке жұмыс жүргізудің маңызы ерекше.
№ 4 №4 дәріс. Дене шынықтырудың және спорттың біртұтас педагогикалық үдеріс
дәріс құрамындағы мәні
Педагогика ғылым ретінде өзінің пәнін зерттей отырып, оқыту–тәрбиелеу процесінің
теориясын жасайды. Теориялық білімге ұғым ( категория) ,заңдар,заңдылықтар жатады,
оларды зерттеу теорияны жасауға және оқыту–тәрбиелеу жұмысын педагогикалық
процесті ұйымдастыру әдістері бағыт береді.
Педагогикалық ұғымдардың көмегімен педагогикалық шындыққа, сонымен бірге
мұғалімнің іс-әрекетінің объектісі – біртұтас педагогикалық процеске де сипаттама беруге
болады. Педагогикалық процестің заңдарын білу мұғалімнің іс-әрекетін ұйымдастыруға
жол табуға әсер етеді. Заңдылықтар мен принциптер педагогикалық процестің қызметін
және оны нақтылы жағдайға сәйкес құрауда болжауға болады.
Педагогика тәрбие туралы ғылым ретінде дамиды, сол қоғамдық қызметіне сай
биологиялық мұра болмайтын, өткен ұрпақтың әлеуметтік тәжірибенің өсіп келе жатқан
мұрагерлердің меңгеруіне байланысты. Тәрбиенің мәні және оның мақсаты индивидтің,
адамның барлық қоғамдық қатынастардың бірлігі ретіндегі қалыптасуы болады
әлеуметтік тәжірибенің меңгеру процесі барысында қалыптасатын қоғамдық болмыстың
барлық жақтарымен қатынастары болып саналады.
Ф КазНПУ 0703-03-15 (1). Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым.
Жоғарыдағы педагогикалық процестің төмендегідей заңдары болатындығын айтуға
болады.
1. Бала өткен ұрпақтардың әлеуметтік тәжірибелерінің мұрагері – тек қана өзінің белсенді
творчестволық шығармашылық іс - әрекетінің арқасында ғана бола алады;
2. Индивидтің өзін жүзеге асыра алатын және өз орнын таба алуға дайын белгілі бір
әлеуметтік–азаматтық дәрежесі бар тұлға.
3. Мұғалімдер мен оқушыларды біріктіретін ұйымдастырылған бірлесіп бөлінген іс -
әрекеттері.
Педагогикалық процестің заңдылықтары ол оның мәндік ерекшеліктері болады. Ол,
ең алдымен, педагогикалық процестің бөліктері мен құрылымының ерекшеліктері неде
деген ұғымды түсіну керек.
Қандай да болмасын қиыншылықтарды кәсіби міндеттерді шешуде маман еңбек
процесіндегі әртүрлі элементтер, бөліктер арасындағы байланыстылықты анықтай
отырып,оның жалпы құрылымын көре алады. Мұғалім үшін бұның маңыздылығы біртұтас
педагогикалық процестің жүйелі-құрылымдық сипаттау алда болатын іс-әрекеттің ойша
моделін жасауға нақтылы жағдайды ескере отырып, “ұстаздар – оқушылар” жүйесінің
жағдайының дамуын болжауға мүмкіндік беретіндігімен анықталады. Педагогикалық
процестің белгілері болады. Оған жататындар:
1. Жүйенің жалпы мақсаты ,оның қызметі атқаруы тиімділік сипат әкелді;
2. Өзара тәуелді компонентерден бөліктерден тұрады;
3. Жүйенің белгілі бір қоры.
4. Жүйенің ішкі құрылымы
5. Ішкі қайшылықтар есебінен жүйенің дамуы.
6. Басқару орталығы
Педагогикалық процестің ерекшеліктері оның құрамындағы бөліктерінің ішкі
байланыстарымен көрінеді. Процесс ( латынның processus - қозғалыс) алға басу, жағдай,
белгілі бір нәтижеге жетудегі бірізді әрекеттердің бірлігін білдіреді. Көрсетілген
“процесс”деген ұғымның мағынасы “ұстаздар–оқушылар” жүйесіндегі түпкі мақсатқа
бірізді әрекеттер бірліктері арқылы жету ұстаздан қандай нақтылы жағдайды өзгерту және
осыған сәйкес қандай әрекет істеу керектігін білуі керек.
Педагогикалық процестің ішкі серпілісі оның негізгі, басты өзегі тәрбиенің мақсаты
болады.
Қандайда болмасын мақсатқа белгілі бір мазмұнын іс-әрекеттер міндеттерін шешу
арқылы жетуге болады. Сондықтан педагогикалық процестің бөліктеріне ұстаздарды және
оқушыларды жатқызған жөн. Бұл педагогикалық процестің адамгершілік факторы болады.
Олардың іс-әрекеттерінің бөліктерін мақсат, міндеттер, мазмұны, құрал, форма, әдістер
мен тәсілдер, нақтылы тапсырманың түрі, маңыздылығы олардың оқушыларды оқытудың
мәнінің құрамына кіруінде. Сондықтанда процестің бөліктері “ұстаздар мен оқушылар”
жүйесінің құрамы және олардың іс-әрекетінің бөліктері болады.
Мақсат –идеал немесе іс-әрекеттің нәтижесінің өте оңды тамаша моделі аралық
мақсаттарға жету арқылы қол жетеді, оларды мақсат-міндеттер деп анықтауға болады.
Басқаша айтқанда, педагогикалық процеске сай мақсат идеалға жету осы нақтылы бөлікке
шешуге көздейтін кейбір шартты сатыларға бөлумен байланысты.
Мақсат–міндеттер арасындағы айырмашылықтарына қарамастан міндеттер
қойылған мақсат бағытында жасалған ерекше қадам болады және белгіленген нәтиже алу
үшін не істеу керек деген сұрақтарға жауап береді. Ұстаз үшін оқушылармен бірге тек
қана қандай нәтижелерге жетудегі қозғалыс қайтып ұйымдастыру ғана емес, сонымен
бірге алда істелінетін жұмыстың (не істеу керек) міндеттерін мұқият үйілестіру арқылы
қойылған мақсатқа саналы қозғалысын қамтамасыз ету өте маңызды.
Педагогикалық мақсатты ұйымдастырылған іс-әрекет олардың творчестволық
белсенділігін қалыптастыру жағдайы. Әдеттегі іс-әрекеттер түрлері қарым - қатынас;
ойын, еңбек ортаның белгілі бір жақтарына бағытталған. Сондықтан педагогикалық ықпал
деңгейінің қалыптасу барысындағы тұлғаның ортамен (тек қана әлеуметтік қана емес,
сонымен қатар табиғаттық, материалдық , рухани) алдын–ала қойылған мақсатқа
Ф КазНПУ 0703-03-15 (1). Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым.
байланысты өзара әрекетін реттеу. Бізге тұлғаның қалыптасуы іс-әрекет барысында
қалыптасуындағы , іс-әрекет қандай болса тұлға да сондай. Әртүрлі жас ерекшелік
кезеңдерінде бірғана іс-әрекет маңызды болып қалмайды, іс-әрекеттің маңызын барлық
адамның саналы өмір кезеңдерінде байқауға болады.
Бұл айтылғандардан мынадай қорытынды жасаймыз:
- қандайда болмасын аяқталған салыстырмалы мектеп жұмысының формасы
болатын уақыт жағынан шектелген педагогикалық процесте ( сабақ, экскурсия , мектеп
кештері және т.б.) жұмыс міндеттерінен туатын педагогикалық ықпал етудің әртүрлі
құралдарының қарым-қатынас, еңбек, ойын тәсілдері және т.б. объективтік алғы
шарттарын көруге болады;
- комплексті түрде педагогикалық ықпал ету құралын қолдану мақсатпен міндеттерді
мұқият үйлестіруді жұмыстың барлық ауыртпалығының ортасын негіздеуді, демек
жетекші, негізгі, өзекті іс-әрекетті анықтауды талап етеді;
Педагогикалық процесс компонентерінің ерекшеліктерін талдау олардың арасында
ішкі бірліктері мен өзара байланыстылығының бар екендігі көрсетіледі, ол ескерілмейінше
педагогикалық процестің жүйе ретіндегі құрылымы туралы мәселені шешу мүмкін емес.
Бұл әрине бөліктер арасындағы байланыстар анықтаумен бірге, белгілі бір нәтижеге
әкелетін, яғни процеске тән заңдылықтарды ақылы білім жағдайларды да анықтауды
шамалайды.
Педагогикалық процестің заңдылықтары дегеніміз “ұстаздар–оқушылар” жүйе
байланысын көрсету болады: жүйенің өзінің ішіндегі кейбір жеке қосымша жүйелердің
және сыртқы басқа одан жоғары сатыдағы жүйелер (мектепті қоршаған әлеуметтік орта ,
қоғам). Көрсетілген себеп бойынша педагогикалық процестің қызмет істеуінің
ерекшелігін жағдай ,байланыс, қатынас көрсететін процестің қасиеті мен оның сапасын,
заңдылықтары анықталады.
Педагогикалық процестің негізгі мынадай заңдылықтары болады:
1. оқу орнының педагогикалық процесі қоғамның әлеуметтік экономикалық қажеттілігіне
сай болады;
2. педагогикалық процестің мақсатқа бағыттылығы қоғамның мақсатын көрсетеді ,ол
әлеуметтік тапсырыс ретіндегі,білім беру заңдары арқылы талап етіледі;
3. педагогикалық процесс екі жақты процесс, ол ұстаздармен оқушылардың өзара
тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің әрекетімен байланысты, міндетті түрдегі екі жақты
іс-әрекет;
4. оқушылардың творчестволық белсенділігі мұғалімнің мұқият ойластырған және
ұйымдастырылған іс-әрекетінің нәтижесі;
5. педагогикалық процестің қызметі оның жасалуымен ұйымдастырудың оқушылар
коллективі, сонымен қатар жеке оқушылардың жас ерекшеліктері мен даму деңгейлеріне
сай келуіне байланысты ;
6. педагогикалық процесс бөліктерінің мағынасы маңыздылығы әртүрлі, олардың бір–
біріне бағыныштылығы (иерархия) мен бір–біріне әсері бар;
7. педагогикалық процесс бір қас қағым сәттік емес,ұзақ мерзімге бағытталған;
8. педагогикалық процестің ішіндегі қосымша жүйелердің ортасы мен өзара қиылысқан
бағыттарының әсері көптеген факторларды тудырады, соның ықпалы негізінде ең ақырғы
нәтиже қалыптасады.
Заңдылықтар педагогикалық процестің ішкі және сыртқы байланыстарын
көрсетеді,олар өз арасында жеткілікті дәрежедегі күрделі байланыстарын құрайды.
Сондықтан, егер ұстаз нақтылы педагогикалық процесс негізгі жағдайда заңдар мен
заңдылықтарды ескермей ұйымдастырса, бұл ең ақырында оқу-тәрбие жұмысының
сапасынан бағалауына әкеледі.
Барлық педагогикалық процестің заңдары мен заңдылықтарын айқындалғандарды
ескере отырып, баланың тұлға ретінде дамуының тиімді жағдайын нақтылы әлеуметтік–
экономикалық жағдайларда өзіндік дамыту және өз орнын таба алу қабілетін қамтамасыз
еткізетін мұғалімнің басшылыққа алуға тиісті сол анықтамаларды принциптері.
Принциптер мұғалімнің іс-әрекетін ұйымдастыруға қойған негізгі талаптар болып
Ф КазНПУ 0703-03-15 (1). Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым.
есептеледі, олар тұрақты нысаналар болып және педагогикалық процестің қызмет
істеуінде творчестволық ықпал көрінеді. Негізінен принциптерде педагогикалық
процестің заңдары мен заңдылықтары жүзеге асады. Бұл мұғалімнің теориядан
практикалық әрекетке көшуі болады:
- педагогикалық процестің ізеттілігі, тұлғалық нысандық бағыттылығы;
- іс-әрекеттің санамен мінез-құлық бірлігін қалыптастыруға бағыттылығы;
- педагогикалық процестегі іс-әрекеттерді оқушылар тұлғасын дамытудың
көкейкесті қажеттілігін ескере отырып ұйымдастыру;
- педагогикалық талап қоюшылықты оқушының көзқарасын оны адамдарға,
құбылыстарға, процестерге қарым - қатынасын сыйлаумен ұйымдастыру;
- оқушы мен ұжымның дамуында жеке даралықты (индивидуалдық) психологиялық
физиологиялықты жас ерекшелік пен ұлттық ерекшеліктерді ескеру;
- педагогикалық басшылықты оқушылардың инициативасымен, қайраткерлігімен
ұластыру;
- оқушылардың іс-әрекеттерде тиімді нәтижелерге жетуге көмектеседі;
- ұстаздардың, оқушылар ұжымының және отбасыларының оқушыларға қоятын
талаптарының үйлесімділігі;
- әрбір бала үшін тиімді психологиялық ахуалдың әлеуметтік қауіпсіздігін
қамтамасыз ету;
- оқушы тұлғасы мен ұжымның дамуындағы жаңа құрылымды үздіксіз бақылау.
Заңдылықтар және педагогикалық процесті ұйымдастыру принциптері өзара
байланыста болады. Бұл өзара байланыстылықты процестің мәнінен оған
қатысушылардың практикалық әрекеттерінен көрінеді. Педагогикалық процестегі
мұғалімдер мен оқушылардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру моделі ретінде ұсынылады.
Ол:
Жалпы практикада мұғалімнің екі тәуелсіз оқыту және тәрбиелеу іс-әрекеттер
саласы бар деп есептелінеді. Осыған сай мұғалім екі роль атқарады: пән мұғалімі және
сынып жетекшісі. Оқытудың тәрбиелік мүмкіншілігін жоспарда қарастыру әрекеті
көбінесе оқылатын материалдың мазмұнымен байланыстырады, немесе оқушыларда
қайсарлықты, мақсаттылықты, жауапкершілікті және т.б. қалыптастыруға ықпалын
тигізеді.
№ 5 №5 дәріс. Жеке тұлғаның дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану
дәріс барысында дамуы
Ғылыми материалистік тұрғыдан қарағанда адам биологиялық табиғат перзенті. Іс-
әрекет, қарым-қатынас, еңбектің, қоршаған ортаның әсері арқасында және қабілеті мен
бейімділігі негізінде жеке тұлға ретінде танылады. Бұл жағынан мынадай төрт жүйені атап
көрсеткен жөн:
1) Психикалық жаратылыс қасиеттері – жас ерекшеліктеріне қарай дамуы,
темпераменті, болмыс бітімінің жетілуі.
2) Психикалық процесс – зейін, ес, ерік, ойлауы т.б.
3) Тәжірибенің өрістеуі – дағды, білік, әдет.
4) Танымдық бағдар алуы – көзқарас, қызығушылық, ынта-ықылас.
Адам – жер бетіндегі тірі организмнің жоғары сатысы, қоғамдық-тарихи іс-
әрекетімен мәдениет субъектісі, ол қарым-қатынас иесі. Демек, оның іс-әрекеті, сезімі,
ойлау ерекшелігі өзі өмір сүріп отырған қоғамдық-тарихи жағдайға да тәуелді. Осыған
байланысты тәрбие беру мақсатын анықтап, оның мазмұнын, ұйымдастырудың нақты
жолдары мен әдістерін белгілеу – тұлғаның қалыптасуындағы ең маңызды мәселе.
Тәрбиенің ықпалды әсері барысында тұлғаның рухани және дене қабілеттері дамып,
эстетикалық танымы, сезімі жетіліп, дүниеге деген көзқарасы өрістейді. Ал көзқарастың
дамуы – дүниенің даму заңдылықтарын терең ашып, өзінің оған деген қарым-қатынасын
белгілеуге жол ашады. Сонымен, адамның жалпы дамуына өзара екі бағыт –биологиялық
тіршілік иесі болып туады, алайда өз дамуы барысында ғана әлеуметтік тіршілік иесіне
айналады. Жеке тұлғаның ең басты белгісі – оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның
әлеуметтік функцияларды атқаруы.
Ф КазНПУ 0703-03-15 (1). Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым.
Тұлғаның дамуы – педагогика мен психологиядағы ең басты категорияның бірі.
Даму заңдылықтарын психология психиканың дамуы деп түсіндірсе, педагогтар адамның
дамуына мақсатты түрде басшылық жасау деген теорияны ұсынады. Сыртқы және ішкі
факторлардың әсерінен тұлғаның дамуы сапалық және сандық үрдіске түседі. Тұлғаның
өзгеруі оның жасының өсу кезеңдеріне, айналасын танып, тиісті дағдыларды меңгеріп
қарым-қатынас жасауға араласа бастаудағы тәлім-тәрбиесі мен өнегесіне байланысты.
Оның басты салалары мынау:
- Денесінің өсуі – бұлшық еттерінің жетіліп, барлық дене мүшелері өркен жайып,
пішін болмысы дамиды.
- Психикалық дамуы – ойлау, қабылдау, зейін, ес т.б.
- Әлеуметтік жағынан дамуы – адамгершілік, имандылық, таным түсінікті сезіну,
әлеуметтік қарым-қатынасты саралай білу тб.
Тұлғаның дамуына ықпалды әсер ететін факторлар және оның қозғаушы күштері
жөнінде ғалымдар арасында пікірталас жетерлік. Оның ішінде екі салаға назар аударған
жөн: Тұлғаның дамуы биологиялық, табиғи, тұқым қуалау факторларына байланысты деп
санайтын биологизаторлық көзқарасты ұстанушылар. Ал екінші саладағы тұлғаның
дамуындағы басты фактор әлеуметтік (социологизаторский) жағдай деп санайтындар.
Бұлардың пайымдауынша тұлғаның дамуын шыққан тегі мен ортасына байланысты,
балаға білім бергенде осы ерекшелікті ескере отырып топтастыру керек деген бағдарды
ұстанады.Осыған байланысты кеңестік дәуірдің 20-30 жылдарында педология деген
ғылым болды да, бірақ кейіннен тоқтатылды.
Қазіргі кезеңдегі педагогика тұлғаның дамуына ықпал ететін екі факторды –
биологиялық және әлеуметтік жүйені бірлікте қарайды. Биологиялық тұрғыдан келгенде
тұқым қуалау жағы, ал әлеуметтік тұрғыдан отбасы, әлеуметтік және қоғамдық жағдай
ескеріледі. Әрине, бұл екі фактор тепе-тең деген түсінік болмау керек. Өйткені тұлғаның
табиғи болмысындағы нышандар, оның даму мүмкіндіктері өзінен өзі шешіле салмайды.
Қалай болғанда да балаға тәрбие берудің рөлі зор екендігін педагогика ғылымы айқындап
та, жан-жақты дәлелдеп те отыр. Тәрбиенің жүзеге асып, баланың бойына дарытудағы
басты фактор – оқыту мен білім беру екені белгілі.
Тұлғаның дамуындағы ішкі факторларға байланысты белсенділікке, былайша
айтқанда, іс-әрекеті, еркі, қызығушылығы, сезімі, қабілетіне мән беру керек. Осы орайдан
тәрбиелей отырып оқыту, оқыта отырып тәрбиелеу деген қағида өріс алған. Демек,
көрсетіліп отырған ішкі факторлармен біріккен нәтижесінде тұлға дамып, өркен жаяды.
Тәлімгерлік жасаушы адам алдымен тұлғаның жас ерекшелігіне, дербес өзгешелігіне,
психологиялық болмысындағы сипатына зейін қойып, тәрбие мен білім берудің мақсатын,
мазмұнын және әдіс-тәсілдерін нақты жағдайға үйлесімді басшылық жасай білсе, оның
нәтижесі айтарлықтай, жоғары деңгейде болады.
№ 6 №6 дәріс. Ұжымның және оқушылардың жеке басылық мәселелерін шешудің
дәріс заманауи тәсілдері
Ұжым дегеніміз – бір мақсат көздеген бірнеше адамнан құрылған топ.
Ұжымда жеке адамның жан-жақты дамуына жақсы жағдайлар жасалады.Бұл туралы
А.С.Макаренко былай деген: «Егер балалар ұжымының нағыз ұйымы болса, онда ғажайып
нәрселер жасауға болады».
Нағыз топтасқан ұжымға мынадай сипаттар тән:
- идеялық-нысаналық;
- оның іс-әрекетін жалпы ұйымдастыру;
- оқушының өзара тығыз әрекет етуі;
- жеке мүшелеріне жекелеген талаптар қою.
Жақсы ұйымдасқан ұжымның маңызды белгісі:
- дені таза;
- қоғамдық пікір;
- сенім;
- жоғары талап.
Сондай оқушылар ұжымы толық қалыптасуы үшін оған:
Ф КазНПУ 0703-03-15 (1). Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым.
- игі дәстүр;
- перспектива қою;
- сергек көңіл-күй;
- жоғары тәртіп орнату;
- сын мен өзара сынды дамыту керек.
Мұндағы педагогтың міндеті – оқушылардың бір-бірімен араласуын
ұйымдастыру, олардың өзара дұрыс қарым-қатынасын қалыптастыру.
Топта өз-өзінен шағын топтар (микроұжымдар) пайда болатыны аз емес. Мұнда Ө.О.Ш.
сол шағын топтардың жұмысын орта мақсатқа бағыттау керек. Осы топтағы
оқушылардың жалпы топтық, жалпы мектептік істерден тыс қалмауына ұмтылу керек.
Ұжымның өсу және даму процесінде онда топ пен мектеп өмірінің маңызды мәселелері
жөнінде немесе оқушылардың ісін бағалауда қоғамдық пікір қалыптасады.
Топтасқан ұжым қоғам пікірінің ұшы мен әр оқушыға оның мінезі мен тәртібі мен игілікті
әсер жасайды. Оқушылар жолдастарының пікірін бағалайды, олардың кеңестерін
тыңдайды. Әрине қоғамдық пікірдің барлығы жақсы роль атқара бермейді. Мысалы,
кейбір топ тәртіп бұзатындарды бүркемелейді, жасырады. Ұжым өз ішінде байсал сын,
өзара сын оның мүшелерінің теріс қылықтары ұжым болып айыптау бар жағдайда ғана
тәрбие берудің қуатты құралына айналады.
Ұжымды құру мен оны тәрбиелеудің әдістемесі оқушыларды бірлескен іс-әрекетке
тарту болып табылады. Бірлескен іс-әрекет оларды топтастырып, еңбектену барысындағы
бірлігі нығайып, ынта жігері өрістейді. Болашақта жалғастық табады. Ол үшін мына
мәселелерге мән беру керек: қойылатын талапты орындау оқушының қолынан
келетіндігіне сенім білдіріп. жүзеге асырылатын міндетке байланысты ережелер мен оның
деңгейін ұқтырып, иландыра білу басты шарт. Ұжым мүшелеріне әсерлі ықпал етерлік
оқушылар активін құрғанда оларды психологиялық жағынан демеп, консультация беріп,
түрлі тәжірибелерді таныстырып, ұйымдастыруға бағдар сілтеп, атқарған істерін
қадағалау қажет. Ұйымдастыру ісіне ертеңгі үмітке былайша айтқанда перспективаға
назар аударылуға тиіс мұның теориялық негіздері мен практиклық жолдары
А.С.Макаренко еңбектерінде жан-жақты сипатталган. Ұжымның дамуын ұйымдастыру
жүйесі бүгінгі, ертеңгі, болашақтағы әрекет нәтижесіне негізделсе, тұлғаны
ынталандырып, іс-әрекетке деген олардың кұлшынысын жебеп жігерлендіреді.
Педагогикалық кағидаға саналарын егіз ықпал, яғни параллелдік әсерді де естен
шығармаған жөн. Мысал үшін айталық, оқу жылын аяқтау құрметіне бірнеше күнге
созылатын саяхат өткізілетін болды делік. Мұндай жағдайда педагогтің тікелей әсері ғана
емес, онымен қосарлана атқарылатын қоғамдық ортаның талабы егіздесе келіп,
параллелдік ықпал етеді. Оқушының егіз ықпалға риза болмағанның өзінде дөрекілік
көрсетпей, ұжымның талап тілегіне үйлеспейтін кейбір ауытқулар болған жағдайда да
төзімділік көрсетуге және оған шыдай білуге баулу керек. Егіз ықпал қарым-қатынаста
әдептілік көрсетіп, ұстамды болумен қатар ынтымақтылық ниетті тілейді. Сондай-ақ
оқушының алған тәрбиесі тағылымдық өнегені білумен ғана шектелмейді, меңгерген
дәстүрлік тағылымын нақты жүзеге асыру, іс-әрекет барысында түрлі ереже талаптарын
орындау кезінде ұқыптылық сақтай білетін әрекетінен көрінеді. Педагогтің өз тарапынан
әрбір оқушыны қорғап, қолдап сеніммен қарай білуі, оларды жігердендіріп қандай күрделі
тапсырманы да өздігінен орындауға ықыластандырады. Қазіргі оқу орындарында
ұжымдық тәрбиені өркендетерлік және тұлғаның тәлімдік өнегесіне бағдар беріп
басшылық жасап дербестігін дамытарлық жол жетерлік. Атап айтқанда, оқушының білім
алу саласындағы еңбек түрлері, қоғамдық жұмыстар, көркемөнер, спортқа байланысты іс-
әрекеттері, түрлі саладағы үйірмелер мен өнімді еңбекке барар жолдар баршылық.