F 61 CCBCD 8 B 34900

You might also like

You are on page 1of 3

Дәріс тақырыбы: Құқықтық нормаларға түсінік беру

Күні: 08.11.2021ж.

Құқық нормаларына түсінік берудің тәсілдері

Түсіндіру әдісі дегеніміз құқық нормасының мазмұнын анықтауға


бағытталған амал, құрал, тәсілдердің жиынтығы.
Келесі әдістерді бөліп көрсетеді:

1) кез келген құқықтық акт заң шығарушының ойын сөзбен өрнектейді.


Грамматикалық (тілдік) әдісі -– тіл заңдылықтары, грамматика ережелері,
орфография көмегімен түсіндіру.

2) логикалық әдіс – логика заңдылықтары мен ережелері көмегімен


түсіндіру;

3) жүйелік әдіс – құқық нормасының өзге нормалармен жүйелік


байланысын анықтай отырып, оның нақты орнын ескере отырып шешу;

4) тарихи-саяси әдіс – нақты құқықтық норманы қабылдаудың саяси


және нақты тарихи астарын анықтай отырып түсіндіру;

5) арнаулы заңдық әдіс – заңнамада қолданылатын заңдық


терминдердің мазмұнын ашу арқылы түсіндіру.

Субъекті бойынша түсіндіру түрлері. Түсіндіру субъектілеріне


байланысты екі топқа жіктеледі:

Ресми түсіндіру – құқық нормаларының мазмұнын құқықты


қолданушы барлық субъектілер үшін міндетті және заңды салдар туғызатын
актілерде арнаулы мемлекеттік органдардың түсіндіруі; мысалы, Заңға
тәуелді актілердің ресми түсіндірмесін оларды қабылдаған (шығарған)
органдар немесе лауазымды адамдар береді («Нормативтік құқықтық актілер
туралы» ҚР Заңының 45 бабының 2 тармақшасы);

Ресми түсіндіру нормативті және казуалды болып бөлінеді. Нормативті


түсіндіру біртектес барлық істерді шешу барысында міндетті болатын, жалпы
сипаттағы түсіндірме. Оның өзі екіге бөлінеді: аутентикалық және легалды.
Аутентикалық түсіндіру деп нормативті актілерді қабылдаған органның
өзінің түсіндірме беруін айтамыз.

Легалды түсіндіру – басқа органдар қабылдаған құқықтық актілерді


заңмен рұқсат етілген, соған өкілетті мемлекет органдарының түсіндіруі.
Казуалды түсіндіру нақты істі қарау кезінде міндетті болатын түсіндірме.
Қазақстан Республикасында заң актілерін түсіндіру құқығы Қазақстан
Республикасының Конституциялық Кеңесіне және сот органдарына берілген.
Бейресми түсіндіру деп заңды міндеттілік күші болмайтын, талдау
тереңдігімен, сенімділігімен және негізделгендігімен сипатталатын құқық
нормаларын түсіндірудің бір түрін айтамыз;

мысалы, Қ. зейнеткер зейнет ақы туралы заң нормаларының мазмұнын


түсіндіреді. Ол үшке бөлінеді: доктриналды, кәсіби және кәдімгі.

1. Кәдімгі – құқықтық нормаларды әрбір жеке азаматтың өзінің білім


деңгейіне және жеке сенімдеріне сәйкес түсіндіруі.

2. Кәсіби – құқықтық арнаулы білімі бар мамандардың өз қызметін


жүзеге асыру барысында беретін құқық нормаларына түсіндірмесін айтамыз.

3. Доктриналды – монографияларда, ғылыми еңбектерде және тағы


басқа құқық нормаларын ғылыми саралау кезінде жүргізілетін түсіндіру.
Түсіндірудің нәтижесі мәтін мен заңды нормалардың нақты мазмұны
қатынастарына байланысты әр түрлі болуы мүмкін.

Осы қатынастан шыға келе, көлемі бойынша түсіндірудің үш түрі бар:


– сөзбе сөз – құқық нормасының мағынасымен оның мәтіндік көрінісінің
мағынасы дәлме дәл сәйкес келуі; мысалы, Парламент – 194 Қазақстан
Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғарғы өкілді
органы. – шектеулі – құқық нормасының нақты мағынасы оның мәтіндік
көрінісі болып табылған кезде қолданылады; мысалы, «Балаларына
қамқорлық жасау – ата-анасының парызы» деген конституциялық нормада
кәмелетке толмаған балалар туралы айтылуда. – таралушы – құқық
нормасының нақты мағынасы оның мәтіндік көрінісінен кең мағынаға ие
болған жағдайда; мысалы, Сот тәуелсіз және заңға ғана бағынады – деген
жерде «заң» терминіне тек заңды ғана емес басқа да сот жетекшілік ететін
құқықтық-нормативтік актілерді (Конституциялық Кеңес пен Жоғарғы
Соттың нормативтік қаулылары) түсіну керек

ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ:

Құқық нормаларына кесте құру

Орындау нысаны: жазбаша.

You might also like