You are on page 1of 1

№14 апта.

CLIL әдісі бойынша тапсырма құрастыру.


Орындаған: Мадина Рустамқызы ФИПҚ-411

CLIL технологиясы (Content and Language Integrated Learning) арқылы өткізілген


сабақта, оқушылардың ағылшын тілінде оқу, сөйлеу,тыңдау, жазу (Reading , Speaking,
Listening, Writing) дағдысын жетілдіру үшін:
1)Үй жұмысын үш тілде тест тапсырмасы арқылы тексеруге болады.
2)Сабақта, жаңа тақырыпта кездесетін жаңа сөздермен танысып, терминдер бойынша
сәйкестендіру тест (matching) тапсырмалары орындалады. Ағылшын тіліндегі жаңа
физикалық терминдер кабинетте жасыруға болады. Термин-сөздер кез келген жерде
болуы мүмкін, мысалы, үстелдің астында немесе терезе төсенішінде, шкафта немесе
стендте. Оқушылар анықтамаларды іздеп, кейін ол анықтаманы есте сақтау , термин-
сөздерді мәтін кестеге енгізеді. Егер оқушы мәтінді ұмытып кетсе, қайтадан келіп,
көруге рұқсат етіледі. Кестені толтырғаннан кейін мұғалім сыныппен тапсырманы
тексереді.
3)Анықтаманы оқып, мәтінді аударыңыз, терминдердің тұжырымдамасын талдаңыз.
4)Сонымен қатар, STT (student talking time), TTT(teacher talking time) яғни оқушының
сөйлеу уақыты мен мұғалімнің сөйлеу уақытындағы кері байланыс, оқушылардың бірін
бірі бағалауы.Бұл кезде оқушылардың пәндік білімдерін ғана емес тілдік білімдерін
дамытуға ықпалын тигізеді.
5)Мәтінді жылдам қарап шығыңыз (skim) және сіздің болжамдарыңыз дұрыс болғанын
айтыңыз. While-reading: True/false statements (or multiple choice questions) тапсырмасы
арқылы тексеру.

You might also like