You are on page 1of 4

Мазмұнды қалыптастыру және басқару жүйелерінің мақсаттары

мен міндеттері.

Контент-жоспар не үшін қажет?


Сапалы және қызықты пост алдын-ала дайындықты талап етеді, ол
үшін тақырыпты жан-жақтан зерттеу керек. Құнды дүние шығару үшін нақты
жоспар қажет. Бұл жоспар сізге қамтылатын тақырыптарды таңдап, оларды
аудиторияға «тәтті» етіп ұсынудың жолдарын көрсетеді. Егер сіздің қол
астыңызда копирайтер, дизайнер, видеограф және т.б. болса, контен-жоспар
командадағы әр мүшенің жұмысын жақсартады.
Контент-жоспар жасағанда
Жарияланатын посттардың күнін, уақыты мен жалпы санын белгілеп
аламыз. Сіз күніне бір немесе екі пост жазуыңыз мүмкін. Сіз үшін
бастапқыда бұл көп және ауыр көрінсе, аптасына 3-4 рет ғана пост шығаруға
болады. Мысал:

1-кестеде көріп отырғандарыңыздай, біз екі аптаға контент-жоспар жасадық.


Яғни қай күні қандай пост шығатынын және оның тақырыбын анықтап
алдық. Бұл контент-жоспардың бір түрі, ал енді келесі кестеге назар
аударыңыздар:
1-кесте мен 2-кестенің айырмашылығын өзіңіз байқаған шығарсыз.
Егер, бірінші кестеде тек посттардың шығу күні мен тақырыптарын белгілеп
алған болсақ, екіншісінде күні мен тақырыбына қоса уақытын, қолданатын
хештегтерді (#) және мәтінді көре аламыз. Сондай-ақ, бұнда сіздің
посттарыңыздың стастистикасын көруге болады, сол үшін есепке арналған
торкөздер де қалдырылаған. Посттың қанша рет қаралып, қанша лайк пен
пікір жинағанын бақылай аласыз. Бұл сіздің қандай тақырыптардың
аудиторияға жақсы өтетіні анықтауға көмектеседі.
Егер де күн сайын емес, аптасына 2-3 рет пост салу бастапқыда мен
үшін жеткілікті деп ойласаңыз, онда, 3-кестеге назар аударыңыз.

Байқағаныңыздай, посттарды араға 1-2 күн салып жариялауға болады.


Сонымен, жоғарыда мен сіздердің назарларыңызға контент-жоспарды
уақыты мен тақырыбын анықтап, жасауды үйреттім.
Тура осы принциппен 2-кестедегі контент-жоспарды да бояп шығуға
болады. Өзіңізге ыңғайлы, өзіңіз ұнататын түстерді таңдап алсаңыз болады.
Әр ұяшықты түрлі түстерге бояған себебіміз, контент-жоспарға
қарағанда, сіз ертеңгі күнге қандай видео, қандай сурет дайындап қою керек
екендігін біліп тұрасыз.
Енді, жалпы, сіздің әлеуметтік желіңіздегі контентті қандай ақпаратпен
толтырып, қандай айдарларға бөлуге болатынына тоқталайық:
Сауалнамалар
Бір қызықты тақырыпты талқылайсыз және оқырманыңызға соған
байланысты сұрақ жолдайсыз. Мысалы, күніне қанша сағат ұйықтайсыз?
Жазғы демалыстарда қайда барасыз? Және т.б.
Жаңалықтар
Егер сіз компанияның (дүкеннің,сұлулық салонының және т.б.)
аккаунтын жүргізсеңіз, сіздің фирмадағы жаңалықтармен, жеңілдіктермен,
командадағы адамдар туралы посттармен бөліссеңіз болады.
Саяхат
Егер, көп саяхаттасаңыз, онда бұл туралы жазсаңыз болады. Мысалы,
әр елде қай қалада тоқтап, қандай көрнекті орындарды көруге болады.
Сіздің миссияңыз, өмірлік ұстанымдарыңыз.
Пайдалы ақпарат
Дұрыс тамақтану, жүгіру, сурет салу, медитация, кітап оқу туралы және
т.б.
Өзіңізге ұнайтын қанатты сөздермен бөлісіңіз.
Қызықты оқиғалар
Әсіресе, олар өз басыңыздан өткен болса, жақсы қаралым мен лайк
жинайды.
Құттықтау посттар
КОПИРАЙТИНГ
Күн сайын ғаламтор желісі жаңа ақпаратпен толықтырылады. Бұл
мәтіндердің артында орасан еңбек, үлкен ізденіс, копирайтерлік құралдар
мен білім және тәжірибе бар.
Әдемі мәтін жазып шығу
Әп-сәтте бола салатын нәрсе емес. Әсіресе, ол мәтін сіздің
тауарыңызды немесе қызметіңізді сату керек болса. Себебі, жарнамалық
мәтін көп оқылып, клиенттерді белгілі бір іс-әрекетке интермелеуі қажет.
Пост жазу барысында көбісі келесі қателіктерге бой береді:
Қызықсыз
(тізесі шыққан) тақырыптарды таңдайды;
Клиентпен (оқырманмен) тілдескенде,
Оны түсінбейді. Сіз, қандай да бір тауарды ұсынғанда, немесе пайдалы
бір пост жазғанда клиент, оқырман сиқты ойлануыңыз керек. Егер сіз, оның
орнында болсаңыз, сізге қандай ақпарат пайдалы болар еді, қандай сұрақтың
жауабын алғыңыз келеді;
Сатпайтын/қызықтырмайтын бірінші абзац.
Қазіргі таңда адамдардың ұзақ мәтіндерді оқып отыратын уақыты жоқ.
Сондықтан ауқымды постыңыздың соңына дейін оқылғанын
қаласаңыз,тақырыбы мен бірінші абзацы адамды артынан ертіп алып кететін,
тартымды болуы қажет. Әсіресе инстаграм әлеуметтік желісінде, посттың тек
бірінші екі жолы көрінеді.
Үй - тапсырма
1. Жоғарыда берліген ақпаратта мысалға келтірілген бір кестені негізге
алып, өзіңіздің конент-жоспарыңызды жасаңыз.
2. Контент жоспар келер айына арналған посттарды қамтитын болсын.
(мысалы: Тамыз айы болса, Қыркүйек айына контент-план жасайсыз)
3. Контент-жоспарыңызды айдарларға бөліңіз, әр ұяшықты бағытына
сай түстерге бояңыз, әр ұяшықты толтырыңыз.
4. Бөлек Word файлында бүгіннен бастап контент-жоспарыңыз
бойынша посттарыңыздың мәтінін жаза бастаңыз. Алдыңғы тапсырмаларда
есебін сұраймыз.
5. Бүгінгі постты осы тапсырма бойынша есеп беруге арнаңыз. Постта
контент-жоспардың не екендігін, өз жоспарыңызды қандай айдарларға
бөлгеніңізді, оқырмандарға қалай пайдалы болатыныңызды жазыңыз.
6. Міндетті түрде пост жазамыз, осы жолы 100 сөзден кем емес. Фото
сапалы болу керек.

You might also like