You are on page 1of 20

Педагогикадан тест сұрақтары

1. Спартандық мемлекеттік тәрбие жүйесінің мақсаты:


Әскери даярлығы күшті, шыныққан, табанды, болашақ құл иеленушілер тәрбиелеу

2. Афиналық тәрбие жүйесінің (б.з.д. V-VI ғ.) мақсаты:


Әскери жауынгерлер дайындау ғана емес, білімді, қабілетті, жан-жақты үйлесімді дамыған жастарды
тәрбиелеу

3.Афиналық тәрбие жүйесіндегі грамматист мектебінің мақсаты:


Оқу, жазу, санау

4.Афиналық тәрбие жүйесіндегі кифарист мектебінің мақсаты:


саз, ән-күй, тақпақ айту

5.Афиналық тәрбие жүйесіндегі эфебия мектебі:


әскери қызметке дайындау

6.Аристотель бойынша мектеп типтері


Отбасы тәрбиесі, Әкесінің басқаруындағы тәрбие, Мемлекеттік мектептер, Мемлекеттік философия

7. Музыканың үлкен кітабы», «Қайырымды қала тұрғындары», «Әлеуметтік-этикалық трактаттар»


еңбектерінің авторы:

Әбу Насыр әл-Фараби

8. Дидактиканың негізгі ережелерін ұсынған:


Дистерверг А

9. Грек тілінен аударғанда «баланы жетектеу» («paida gogos», «paida» - бала, «gogos»- жетектеу) түсінігін
береді
Педагогика

10. Тәрбие жөніндегі ғылымның әсер ету ауқымын ең дәл анықтайтын термин
Педагогика (грек сөзі «пайдос»- бала және «аго»- жетелеу)

11. Ағылшын тілді мемлекеттерде ол қолданыста жоқ, аталған мемлекеттерде бұл ұғымның орнына «білім
беру туралы ғылым» термині қолданылады.
Педагогика

12. Педагогика ғылымдарының мақсаттары:


Тәрбиенің заңдарын тану, практик педагогтарды оқу тәрбие процесінің теориялық білімдерімен
қаруландыру

13.Педагогика ғылымының пайда болған жері:


Греция

14.Педагогиканың объектісі –…
Педагогикалық іс-әрекет

15.Педагогикалық ғылымдар мақсаттары:


Тәрбиенің заңдарын тану, оқу-тәрбие процесінің теориялық негізімен қаруландыру

16.Тәрбиенің мақсатын анықтау, мазмұнын белгілеу; тәсілдерін зерттеу; оқыту мен тәрбиелеудің өзара
байланысы:
Педагогика ғылымының зерттейтін мәселелері

17.Педагогика пәні көбінекей … категориясының көмегімен анықталады


Тәрбие

18.Жалпы педагогиканың құрылымы (артығын алып таста):


Ұстаз психологиясы
19.Ағылшын тілді мемлекеттерде ол қолданыста жоқ, аталған мемлекеттерде бұл ұғымның орнына «білім
беру туралы ғылым» термині қолданылады.
Педагогика

20. Педагогика қандай ғылымға жатады?


Гуманитарлық

21.Педагогиканың білім беру және оқыту мәселелерімен айналысатын бөлімі:


Дидактика

22.Педагогиканың тәрбие мәселелерімен айналысатын бөлімі:


Тәрбие теориясы

23.Мектептегі басқару ісінің мазмұнын және әдісін, тәсілін зерттейтін, мектеп жұмысын ұйымдастыру
жүйесінің ерекшеліктерін анықтап, саралайтын педагогика бөлімі:
Мектептану

24.Тәрбиенің мазмұны, процесі, әдістері, түрлері, заңдылықтары, принциптері және т.б.


Тәрбие теориясы бөлімінде қарастырылатын мәселелер

25.Педагогика ғылымының салалары:


Жалпы педагогика, жас ерекшелігі педагогикасы, арнайы педагогика, педагогика тарихы, әлеуметтік
педагогика, этнопедагогика

26.Мектептегі балалардың жеке тұлғасының даму мен қалыптасу заңдылықтары туралы ғылым:
Мектеп педагогикасы

27.Мектепке дейінгі балалардың жеке тұлғасының даму мен қалыптасу заңдылықтары туралы ғылым:
Мектепке дейінгі педагогика

28.Жеке тұлғаға кәсіп пен кәсіби біліктілік қалыптастыратын заңдылықтарды зерттейтін, әлеуметтік
сұранысты қанағаттандыратын педагогика ғылымының негізгі саласының бірі:
Кәсіби педагогика

29.Жеке тұлғаны немесе кейде әлеуметтік зардап шегіп реабилитацияны немесе емдеуді қажет ететін
адамдар тобын оқыту мен тәрбиелеудің теориясы мен практикасы, оларды әлеуметтендірумен айналысатын
ғылым саласы:
Әлеуметтік педагогика

30.Әр түрлі мемлекеттердегі оқу-тәрбие жүйесінің жүзеге асырылу мен даму заңдылықтарын ұқсастығы мен
салыстыра айырмашылығын отырып зерттейді:
Салыстырмалы педагогика

31.Дене және психикалық дамуында ауытқушылығы бар балалар мен ересектерді оқыту мен тәрбиелеудің
теориялық негіздерін, принциптерін, әдіс-тәсілдерін, құралдарын қарастырады:
Арнайы педагогика

32.Педагогика тарихы нені оқытады


мектеп пен педагогика ғылымының әр түрлі уақыттағы даму
құрылымының тарихы

33.Жалпыадамзаттық, мәңгілік категориялар құрамына енген, материалдық емес, рухани мәнге ие:
Тәрбие

34.Педагогика ғылымының әдіснамасы туындайды:


А) Ғылымның жалпы әдіснамасынан
В) Қоғамдық ғылыми жүйенің даму тенденциясын оқып үйренумен және зерттеумен
С) Педагогикалық құбылыстардың жағдайлары туралы теориялық қағидалардан
D) Жаңадан алынған білімдерді тәрбие, оқыту, білім беру тәжірибесіне енгізумен
Е) Барлығы дұрыс
35.Кез келген ғылымда қолданылатын зерттеу тәсілдерінің жүйесі, дүниені ғылыми тану мен түрлендіру
әдістері жөніндегі ілім:
Методология

36.Баланы «таза тақтаға» теңеді; бала – не жазғың келсе соны жазуға болатын «ақ тақта» сияқты тап-таза:
Джон Локк

37.«Ұлы дидактика», «Әлемді суреттеп бейнелеу», «Жалпыға кеңес», «Ана мектебі», «Жақсы
ұйымдастырылған мектеп заңдары», «Жастарға арналған мінез-құлық ережелері» еңбектерінің авторы:
Коменский Я.А.

38.«Педагогикалық әдебиеттің пайдасы туралы», «Қоғамдық тәрбиенің халықтық негізі туралы», «Мектепті
құрайтын үш нәрсе», «Ана тілі»,«Балалар әлемі», «Педагогикалық антропология» және т.б.еңбектерінің
авторы:
Ушинский К.Д.

39.«Халыққа наннан кейінгі керегі - мектеп» деген ұлы сөздің авторы:


Алтынсарин Ы.

40.«Қазақтарды орыс тіліне оқытудың бастарқы жетекшісі», «Қазақ хрестоматиясы» (1879ж); «Мәктубат»
(1896ж); «Шариятул-ислам» және т.б. еңбектерінің авторы:
Алтынсарин Ы.

41.«Мен, егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адамның мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер
едім», - деген:
Құнанбаев А.

42.«Ұстаздық дастан», «Мұнара үстіндегі тулар», «Ата-аналар кітабы», «Балаларды тәрбиелеу туралы
лекциялар»,«Тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі»,«Кеңестік мектеп тәрбиесінің мәселелері»
еңбектерінің авторы:
Макаренко А.С.

43.«Балаға жүрек жылуы», «Павлыш орта мектебі», «Ұжымның құдіретті күші», «Мектептің жас
директорымен сырласу», «Ұлыма хат» еңбектерінің авторы:
Сухомлинский В.А.

44.Қазақ даласында қазақ балаларына арналған еуропалық-ресейлік үлгідегі тұңғыш бастауыш мектеп
ашқан (1864ж), қазақ мектептеріне арналған тұңғыш оқу құралдарын жазған:
Алтынсарин Ы.

45.Латын тілінде - жаңару, жаңалық, өзгеріс деген түсінікті береді:


Инновация

46.«Үш анық», «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» (1911ж), «Қалқаман- Мамыр», «Еңлік-Кебек»
поэмалары және т.б. еңбектердің авторы:
Құдайбердиев Ш.

47.Педагогиканың негізгі ұғымдары:


Тәрбие, білім беру, оқыту

48.Саналы түрде қоғамдық-тарихи тәжірибені меңгеру және осының негізінде жекелей тәжірибені
қалыптастыру – бұл:
Оқу

49.Қоғамдық-тарихи тәжірибеде тексеруден өткізілген ақиқатты тану процесінің нәтижесі:


Білім

50.Арнайы ұйымдастырылған, мақсат көздеген және басқарылатын, педагог пен балалар арасындағы білім,
іскерлік, дағдыны меңгеруге, дүниеге көзқарасты қалыптастыруға бағытталған өзара әрекеттесу процесі:
Оқыту

51.Адамның оқу іс-әрекетінде жаңа психологиялық қасиеттер мен сапаларды меңгеруі немесе жинақтауы:
Үйрену

52.Алған білім негізіндегі балалардың практикалық іс-әрекеті:


Іскерлік

53.«Әліпби» (1910ж.), «Оқу кітаптары» (1912-1914ж), «Оқу құралы», «Әліппе астары» (1924ж); «Баулу
мектеп» (1925ж.); «Сауат ашқыш» (1926ж.); «Жалқылау (айырыңқы әдіс)» (1927ж.); «Ана тілінің әдісі»
(1927ж.) еңбектерінің авторы:
Байтұрсынов А.

54.«Педагогикалық үдеріске» ең алғаш анықтама берген:


П.Ф.Каптерев

55.Оқытудың ең негізгі және ұтымды түрі сыныптық-сабақтық жүйе деп белгілеген ғалым:
Коменский Я.А.

56.«Эмиль, немесе тәрбие туралы» атты еңбектің авторы, «еркін тәрбие» идеясын ұсынған:
Жан Жак Руссо

57.Белгілі талапты орындауға арналған әрекет. Онда міндетке қарағанда логикалық құрылымы күрделі, бірақ
талаптары бірдей: сұраққа жауап беру, белгілі бір істі атқару және т.б.:
Тапсырмалар

58. Мемлекеттегі білім беру мен экономиканың жағдайы туралы кең түрдегі мәлімет негізінде анықталатын,
өкіметтік құжаттарда белгіленген, кез келген педагог жұмысының негізгі бағыты:
Мемлекеттік педагогикалық мақсаттар

59.Әр түрлі топтардағы адамдардың қажеттілігі, қызығушылығы, қоғамдық көзқарасы түрінде қалыптасады
Қоғамдық мақсаттар

60.Адамның белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдарының және т.б. жиынтығы:
Білім

61. «Теория и технология реализации целостного педагогического процесса» (Оқу құралы, 2002), «Жоғары
педагогикалық мектептегі педагогикалық үрдіс» (2002) жұмыстарының авторы:
Хмель Н.

62. «СССР-де кәмелетке жетпеген балалардың қылмыс жасау себептері» (1960-жылдардың бас кезі)
тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған Қазақстандық ғалым:
Уманов Г.А.

63. «Қазақстанда кәсіби-техникалық білім беруді дамытудың педагогикалық проблемалары» (1970ж.)


тақырыбында докторлық диссертация қорғаған Қазақстандық ғалым:
Уманов Г.А.

64.«Ғ.Мүсірепов творчествосын орта мектепте оқытудың жолдары» тақырыбында кандидаттық диссертация


қорғаған Қазақстандық ғалым:
Қалиев С.Қ.

65.«Қазақтың халықтық тәлім-тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық негіздері» тақырыбында докторлық


диссертация қорғаған Қазақстандық ғалым:
Қалиев С.Қ.

66.«Қазақстанда қазан төңкерісіне дейінгі тәлім-тәрбиелік ойдың дамуы» (1982ж., Киев) тақырыбында
докторлық диссертация қорғаған Қазақстандық ғалым:
Жарықбаев Қ.Б.

67.«Қазақстандағы психология ғылымы (ХХғ.тарихы мен даму кезеңдері)» (2003ж.) тақырыбында


докторлық диссертация қорғаған Қазақстандық ғалым:
Жарықбаев Қ.Б.

68.«Пайда ойлама, ар ойла. Талап қыл артық білуге. Артық білім кітапта. Ерінбей оқып көруге» шумағының
авторы:
Құнанбаев А

69.«Бес нәрседен қашық бол, Бес нәрсеге асық бол, адам болам десеңіз...» деп өсиет айтқан:
Құнанбаев А

70.«Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі», «Үш анық» еңбектерінің авторы:
Құдайбердиев Ш.

71.Мақсат, міндет, мазмұн, форма, құрал, әдіс-тәсілдер, тапсырма:


Біртұтас педагогикалық үдеріс компоненттері

72.Қарым-қатынас, сөз, оқу, еңбек, табиғат, өнер, т.б.


Педагогикалық үдеріс құралдары

73.«Білім беру» ұғымын педагогикаға енгізген:


Песталоцции И

74.Педагогикада кеңінен таралған және жиі қолданылатын әдіс:


Бақылау

75.Білім алушылардың іс-әрекетін және мінез-құлқын ынталандыру әдістері:


Жарыс, мадақтау, жазалау

76.Білім алушының санасын қалыптастыру әдістері:


Жарыс, мадақтау, жазалау

77.Кәсіптік немесе өзге әрекеттердегі жағдайларға құрылған ойын:


Іскерлік ойын

78.«Психология» (1926ж.), «Жан жүйесі мен өнер таңдау» (1926), «Тәрбие жетекшісі» (1922ж.); «Комплексті
оқыту жолдары» (1929ж.) және т.б. еңбектерінің авторы:.
Аймауытов Ж

79.Тәрбиені төртке бөлген. Олар: дене, жан, ақыл тәрбиесі, сұлулық пен құлық тәрбиесі
Жұмабаев М.

80.Халықтық тәрбие принципін ұсынған:


Ушинский К.Д.

81.«Дидактикалық очерктер» еңбегінің авторы:


Лемберг Р.Г.

82.Білім алу құқығы қандай құжатта айтылған:


ҚР Конституциясы

83.Ян - Амос Коменский «Ұлы дидактика» атты еңбегін .... жазған:


1657 ж.

84.«Дидактика» термині қолданылмайды:


Англо-американдық педагогикада

85.«Түсіндермелі - иллюстративті» оқытудың негізін қалаған:


Гербарт

86.ХVІІІ-ғ. аяғында Индияда, XIX ғ. басында - Англияда пайда болған оқушылардың бір-бірін оқыту жүйесі,
демек ересек оқушылар немесе үлгерімі жақсы оқушылар (мониторлар) мұғалімнің басшылығымен сабақ
өткізеді
Белл-Ланкастрлық жүйе

87.Германияның халық мектептерінде XX ғ. басында пайда болған дифференциалды оқыту жүйесі. Онда
сыныптың 4 түрі қарастырылады: қабілеттілігі орта, төмен, ақыл-есі кем және оқуын жалғастыруға ынталы
балалар
Мангейімдік жүйе
88. ХХғ. басында АҚШ-та пайда болған индивидуалды оқыту формасының бірі. Оқушылар тапсырманы
жаппай емес, әрқайсысы өзіне оқу жоспарын, жеке пәндерді меңгеру ретін, жұмыс уақытын,қолдану
тәртібін өздерінің меңгеруі
Дальтон - жоспар

89.«Жақын арадағы даму аймағы» терминінің авторы:


Коменский Я.

90.Ең алғаш рет «Дидактика» кімнің еңбегінде оқыту өнері ретінде қарастырылған:
Ратке (Ратихия)

91.«Оқыту процесінде дифференциалды 5 балдық бағалау жүйесін қолдану туралы» қаулы қабылданды:
1935 ж. 3 қыркүйек
92.Қазақтың тұңғыш «Педагогика» оқулығының авторы:
Жұмабаев М.

93.Қазақтық дидактика негізін құрушы педагог:


Алтынсарин Ы.

94.Алғашқы мектептердің пайда болған жері:


Вавилон, Ассирия, Египет, Үндістан, Қытай және т.б. елдерде

95.Алғашқы мектептер туралы жазбаша деректер б.з.б. 2500 жылы ...


Египет жазбаларында кездеседі

96.«Қуаныш үйі» деп аталатын мектепті ұйымдастырған:


Витторина-да-Фельре

97.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту; бастауыш білім беруді; негізгі орта білім беру; орта білім беруді
(жалпы орта білім беруді, техникалық және кәсіптік білім беру); орта білімнен кейінгі білім беру; жоғары
білім беру; жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру
Білім беру сатылары

98.Жеке адамның дамуына әсер ететін негізгі факторлар:


B) тұқым қуалаушылық, орта, тәрбие

99.Оқушының қоғамдық белсенділігін арттыруда сынып жетекшісінің негізгі функциясы:


E) бағалау- бағыттау

100.Ұжым:
A) арнайы мақсатқа бағытталған, іс әрекет негізінде ұйымдасқан адамдар
бірлестігінің формасы

101. Дидактика:
C) Оқыту мен білім беру теориясын жасайтын педагогика ғылымының бір саласы.

102.Сыныптық-сабақтық жүйені ғылыми айналымға енгізген:


C) Коменский Я.А

103. Оқу танымдық іс - әрекетін ұйымдастыру әдісін атап беріңіз


B) түсіндірмелі-иллюстративтік, репродуктивтік, проблемалық, эвристикалық, зерттеушілік

104. Әртүрлі тәрбие функцияларын орындайтын әлеуметтік топтар мен институттардың әрекет мазмұны мен
құрылымын қарастырады.
B) Педагогика

105. Тәрбие мақсатын, міндеттерін, құралдарын, мазмұнын және оны практикаға енгізу жолдарын
қарастырады.
B) Педагогика
106.Қоғамның, яғни адамның қалыптасу кезеңіндегі тәрбие мен оның білім беру жүйесіндегі орнын
қарастырады.
D) Философия

107.Тарихи кезеңдердегі тәрбие мақсаты, мазмұны, әдістерін, сондай-ақ оқу-тәрбие институттарының қалыптасуын
қарастырады.
C) Тарих

108.Халықтың тарихи өмір тәжірибелерін жүйеліп тұжырымдаған ұлттық тәлім-тәрбие туралы ғылым
D) Этнопедагогика

109.Қоғамда жинақталған әлеуметтік-мәдени тәжірибені, адамгершілік нормалары мен құндылықтарын


ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыруды қамтамасыз ететін қоғамдық институттардың қауымдасуы.
A) Тәрбие - кең әлеуметтік мағынада

110.Арнайы ұйымдастырылған жүйеде, тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара қарым-қатынасын қамтамасыз


ететін мақсатты түрде жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған үдеріс.
C) Тәрбие - кең педагогикалық мағынада

111. Тәрбие мақсаты мен мақсатты шешуге бағытталған тәрбие субъектілерінің арнайы тәрбие әрекеті
(сынып жетекшісі, тәрбиеші, балалар ұйымының жетекшісі, ата-ана т.б.).
D) Тәрбие - тар педагогикалық мағынада

112.Мәдениетті сақтау, ұрпаққа жеткізу; тұлғаны әлеуметтендіру, жеке бастың шығармашылық потенциалын
дамыту, баланы қорғау.
E) Тәрбие функциялары

113.Жаңа адамды тәрбиелеу мазмұны мен ұйымдастырылуының негізгі бағыттарын анықтауда басшылыққа
алынатын идеялардың жиынтығы.
A) Тәрбие принциптері
B) Оқу функциялары
C) Білім беру принциптері
D) Оқыту принциптері
E) Тәрбие компоненттері

114. Басқалармен қарым-қатынасында «Мен» - дік қасиетті сезіну қабілетін дамыту, әрекетін бағалау,
адамгершілік және азаматтық позицияны қорғау, негативті әсерлерге қарсыласу.
E) Тәрбиенің субъективтілік принципі

115.Тәрбиенің мазмұны мен сипатының әлеуметтік қажеттілікке, мемлекеттің, халықтың қызығушылығына,


гуманистік нормаларына, әлеуметтік мәдени құндылықтарына, ұлттық дәстүр мен нормаларына сәйкестігі.
B) Тәрбие үдерісінің қоғамдық бағыттылығы принципі

116.Тәрбиеленуші тұлғасына деген гуманды қатынас оның құқығы мен бостандығын қорғау, объективті
талап қою; тәрбиеленуші мақсатына нақты тәрбие мақсатын жеткізу; баланы жәбірлейтін, ары мен
намысына тиетін талаптардан аулақ болу.
A) Тәрбиенің адамгершілікке негізделу принципі

117.Дүниетаным компонеттері:
B) Білім, сенім, мұрат

118.Адамзатқа деген сүйіспеншілікті, оның бостандығын, құқығын, қадір-қасиетін құрметтеуді,


рақымшылық пен шыншылдық қасиеттерін қалыптастырады, тұлғаның адами сана-сезімін, іс-әрекетін
қалыптастырып, құндылық бағдарын айқындайтын тәрбие.
A) Адамгершілік тәрбиесі

Тәрбиеленушілерді өмір талабына сәйкес қоғамдық моральдық норманы орындауға қатыстыру, санасына
және мінезіне ықпал жасау, адами қасиеттерді дарыту
A) Адамгершілік тәрбиесі міндеттері
119.Ғылым негіздері бойынша білім жүйесімен қаруландырады. Ғылыми білім негізінде дүниеге ғылыми
көзқарас қалыптасады.
C) Ақыл-ой тәрбиесі

120.Ғылыми білімнің белгілі мөлшерін меңгеру, ғылыми көзқарас қалыптастыру, ақыл-ой қабілетін,
дарындылықты дамыту, танымдық қызығушылықты, белсенділікті қалыптастыру, білімді толықтыруға,
жалпы білім мен арнайы даярлықтың деңгейін жоғарлатуға деген қажеттіліктерді дамыту.
C) Ақыл-ой тәрбиесі міндеттері

121.Денсаулық сақтау, дұрыс дене дамуы, ақыл-ой мен дене қабілеттерін дамыту;
қозғалыстың жаңа түрлеріне оқыту; гигиеналық дағды қалыптастыру; қозғалыс сапаларын дамыту (күш,
шапшаңдық, төзімділік)
C) Дене тәрбиесі міндеттері

122.Болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдау үшін, адамның эстетикалық түсінігін,
сезімін, талғамын қалыптастыру
B) Эстетикалық тәрбие

123. Болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдікті дұрыс қабылдау үшін, адамның эстетикалық
түсінігін, сезімін, талғамын қалыптастыру
B) Эстетикалық тәрбие

124.Тіршіліктегі, табиғаттағы, еңбектегі сұлулыққа ұмтылдыру; білімді, мәдениетті қалыптастыру; сұлулық


заңы бойынша тіршілік пен іс-әрекетті құруға қажеттіліктерді дамыту.
B) Эстетикалық тәрбие міндеттері

125.Адамның бойына табиғатқа әдепті көзқарастың және оған қарым-қатынастың қалыптасуы мен дамуын,
табиғи ресурстардың жағдайына жеке жауапкершілік сезімін және адамдардың олармен парасатты іс-
әрекеттерін болжау.
E) Экологиялық тәрбие

126.Рухани-адамгершілік құндылықтарды әсемдік, көркем мәдениет, халықтар мен дәуірдің әлемдік көркем
құндылықтары мен ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарын зерделеу арқылы қалыптастыруды
көздейді.
B) Эстетикалық тәрбие

127.Жастардың бойына психикалық тұрақтылықты және тиімді кәсіби қызмет қажеттілігін қамтамасыз
ететін өмір салтын дарыту мен жеке тұлғалық сапаны қалыптастыру
C) Дене тәрбиесі мен салауатты өмір салтын қалыптастыру

128.Тәрбиеленушілердің өзіне-өзі қызмет көрсету шеберлігі мен дағдыларын, еңбек түрлеріне адалдықпен,
шығармашылық және жауапкершілікпен қарау, ұжымда, топта жұмыс істей білу икемдігін қалыптастыру
C) Еңбекке баулу

129.Кәсіби және жеке құзыреттілік көзінің мәнін қалыптастыру, білім алушылардың дәстүрді және кәсіби
қауымдастық құндылықтарын игеруі, ұжымдық мәдениет пен кәсіби әдеп нормаларын сақтауы
C) Кәсіби-шығармашылық тәрбие

130.Жастардың бойында ең бірінші өмірлік қажеттілік, өмірлік табыстарға жетудің басты тәсілі мен жоғары
құндылық ретінде қалыптастыру.
C) Еңбекке баулу

131.Білім алушылардың белсенді ойлау қызметінің дамуын, негізгі құндылықтарды және заманауи ғылыми
дүниетанымды қалыптастыру; олардың сана-сезімінің сенімді және қажетті біліммен толығуын, ақыл-ой
қабілеті мен білімге құмарлығын дамыту
A) Интеллектуалды мәдениетті дамыту

132.Ата-анадан берілген, туа бітті және өмір сүру барысында қабылданған дененің барлық мүшелерінің,
оның барлық жүйесі құбылысының ерекшелігін білдіретін, бала организмінің ортамен қарым-қатынасының
нәтижесі.
A) Биологиялық фактор
133.Баламен қарым-қатынас жасайтын адамдардың сипаттары, мінез-құлық және ақыл-ой бейнелері,
олардың мүдделері мен пікірлері, істері мен сөздері, талаптары мен дағдылары, ұмтылыстары, яғни бала
өсіп дамитын рухани орта
B) Әлеуметтік фактор

134.Заң мен құқық күшін сезінетін, мемлекеттік ақпарат жүйесін, қызметтерін, өкілеттіктерін ұғынатын,
құқық бұзушылықтың түрлерін, заңды жауапкершілік шараларын білетін, өз құқықтары мен
бостандықтарын қорғай алатын, заңды міндеттерін орындайтын тұлға.
D) Құқықтық санасы мен мәдениеті қалыптасқан тұлға

135.Табиғат, көркем әдебиет шығармалары, музыкалық туындылар, бейнелеу өнері, мерекелер мен
сауықтар, өнер, ұлттық салт-дәстүрлер, қарым-қатынас
B) Эстетикалық тәрбиенің құралдары

136.Жеке адамның әлеуметтік ортаға бейімделу процесі, әлеуметтік нормаларды қалыптастыруы, дағды мен
мүмкіндікті дамытуы оның практикалық және теориялық білімдері мен дағдыларының қалыптасуы
A) Тұлғаның әлеуметтенуі

137. Г.М. Андреева бойынша әлеуметтендіру кезеңдері


B) Еңбекке дейінгі, еңбектену кезеңіндегі, еңбектен кейінгі

138.А.В.Мудрик бойынша жеке тұлғаның әлеуметтенуіне әсер етуші макрофакторлар


A) Космос, планета, эпоха, ҒТП, демографиялық жағдай; Мемлекет: әлеуметтік-экономикалық жүйе,
қоғамдық психология, қоғамдық сана

139.А.В.Мудрик бойынша жеке тұлғаның әлеуметтенуіне әсер етуші мезофакторлар


B) Табиғи-географиялық жағдайлар, ұлттық-мәдени және діни нормалар, дәстүрлер, мекен-жайы (аймақ,
қала, село), әлеуметтік топ, мәдени білім беруші сфера, БАҚ

140.А.В.Мудрик бойынша жеке тұлғаның әлеуметтенуіне әсер етуші микрофакторлар


C) Отбасы, еңбек, оқу және т.б. ұжым мен топтар, достар, материалдық-тұрмыстық жағдайлар

141.Жеке тұлғаның әлеуметтік толысуы ; интеллектуалдық толысу; құқықтық толысу; саяси толысу:
C) Әлеуметтену нәтижесі

142. Жеке тұлғаны норма мен құндылықтар жүйесін меңгеруге икемдейтін, әлеуметтік тәжірибені тасымалдаушы нақты
топтар
A) Әлеуметтендіру институттары

143.Қатысушылардың санына байланысты тәрбие формалары:


B) Дербес, топтық, ұжымдық, көпшіліктік

144.Қолданылатын құралға байланысты тәрбие формалары:


A) Ойын, еңбек іс-әрекеті формалары, қарым-қатынас формалары

145.Қолданылатын әдістерге байланысты тәрбие формалары:


C) Сөздік, көрнекілік, практикалық

146. Іс-шара уақытының ұзақтығына байланысты тәрбие формалары:


C) қысқа мерзімдік, ұзақ уақыттық, дәстүрлі

147.Дайындалу уақытына байланысты тәрбие формалары:


D) Экспромт, оқушылардың алдын-ала ұзақ дайындығын көздейтін іс-шара

148. Педагогтың әсер ету тәсіліне байланысты тәрбие формалары:


C) Тура және жанама

149.Ұйымдағы субъектілерге байланысты тәрбие формалары:


C) Ұйымдастырушылар педагогтар, ата-аналар және басқа да ересектер

150.Нәтижесіне байланысты тәрбие формалары:


E) Ақпараттың алмасуына бағытталған; жалпы шешімге келуге бағытталған; қоғамдық пайдалы өнімге
бағытталған

151.Мақсатымен, мазмұнымен, ұйымдастырылуымен сипатталатын, ұжым мен жеке тұлғаға тікелей әсер
ететін тәрбие үдерісінің бір үзіндісі
A) Тәрбиелік іс-шара

152.Т.Е.Конникова, Г.И.Щуркова бойынша тәрбие әдістері:


A) Баланы жете түсіну және мінез-құлқы бойынша; іс-әрекеттің басты бағыттары бойынша; баланың іс-
әрекетін ұйымдастыруға деген қатынас бойынша

153.Т.А.Ильина, И.Т. Огородников бойынша тәрбие әдістері:


B) Сананы қалыптастыру бойынша; мінез-құлықты қалыптастыру бойынша; оқушыларды ынталандыру
бойынша

154. В.А. Караковский бойынша тәрбие әдістері:


C) Тәрбие құралдары бойынша

155.С.А.Смирнов бойынша тәрбие әдістері:


A) Балалардың әлеуметтік тәжірибесін қалыптастыру, іс-әрекет және мінез-құлық мотивациясы, баланың
жеке тұлғасын өзіндік анықтау, іс-әрекетті және қарым-қатынасты ынталандыру әдістері

156.Авторитарлық педагогика әдістері:


E) ақпараттандыру; педагогикалық талап; жаттығу; сендіру; жекелей бақылау; жазалау; еліктеу;
кінәлаушылық (айыптаушылық); күштеу (мәжбүр етушілік).

157.Гуманистік педагогика әдістері:


E) Талап қою, үлгі, оқу ситуациясын құру, ойын, үйрету, сендіру; жекелей үлгі, дәріс, мадақтау, құптау,
жаттығу, коррекция, диспут, түсіндіру, жарыс, моральдық жетістік жағдаяты, тәрбие беруші жағдаят

158.Жеке адамның санасын қалыптастыру əдістері:


А) Ұғым, пайымдау-пікірін айту, баға беру, сендіру, этикалық әңгіме, әңгімелесу, пікірталас; дәрістер, үлгі-
өнеге,көндіру, мысал келтіру

159.Баланың бойында қажетті өмірлік сапаларды қалыптастыру мақсатында ақылға, сезімге, ерікке әсер ету
А) Баға беру, этикалық әңгіме

160.Тәрбиешінің тәрбиеленушіге белгілі бір ситуацияда, белгілі бір образдың (идеалдың) мінез-құлқын,
қылығын, іс-әрекетін және т.б. келтіруі.
E) Моральдық жетістік жағдаяты; тәрбие беруші жағдаят

161.Тəрбиеленушілерге эмоционалдық-сөздік ықпал жасау əдісі.


B) Ұғындыру

162.Іс-әрекетті ұйымдастыру мен мінез-құлык тәжірибесін қалыптастыру әдістері:


А) Жаттығу, талап ету, үйрету, дағдыландыру әдісі

163.Мадақтау түрлері:
B) Мақұлдау, алғыс жариялау, құрметке бөлеу, грамотамен, сыйлықтармен марапаттау, мадақтау, жауапты
іс тапсыру, қылығы үшін кешірім беру

164.Жазалау түрлері:
E) Ескерту, ұжымнан алыстатылу, талқыға салу, кінәлау, мысқылдау, ұялту, белгілі бір жеңілдіктерінен
айыру

165.Психологиялық жағдай жасау; тұлғаның өз бойындағы мүмкіндіктерін іске асыруына жағдайлар түзу
А) Педагогикалық қолдау

166.Педагогикалық қолдау формалары:


А) Жылы лебіз, тыңдай білу, кеңес беру, тəрбиеленушіге сенім; оның құқығын қорғау; тəрбиешінің
балаға болған қамқорлық қатынасы
167.Ұжым мүшелерін оқу-танымдық әрекет біріктіреді; бірлестірудің негізгі формалары – білім беру
мекемелері, оқу сыныбы, оқу тобы.
А) Оқу ұжымы

168. Ұжым мүшелерін бірлескен еңбек әрекеті біріктіреді; бірлестірудің негізгі формасы - өндіріс орны,
ұйымдар, мекемелер, олардың бөлімшелері
B) Еңбек ұжымы

169. Ұжым мүшелерін ғылыми зерттеу әрекетінің жалпы бағдарламасы біріктіреді; бірлестірудің негізгі
формалары зерттеу топтары, кафедралар, лабораториялар, ғылыми зерттеу институттары т.б.
C) Ғылыми ұжым

170.Ұжым мүшелерін рухани және қоғамдық идеалдар және ұмтылулар, саяси мақсаттар, бағдарламалар,
қоғамдық кәсіби қызығушылықтар, сондай-ақ оларды жүзеге асыруға бағытталған әрекеттер біріктіреді;
бірлестірудің негізгі формалары қоғамдық ұйымдар, қозғалыстар, ассоциациялар, партиялар
D) Қоғамдық-саяси ұжым

171.Ұжым мүшелерін өнер мен мәдениеттің белгілі аймағындағы іс-әрекет біріктіреді; бірлестіктің негізгі
формалары – шығармашылық шеберханалар, шығармашылық одақтар, мәдени-ағарту саласындағы
мекемелер
E) Шығармашылық-бейнелеу ұжымы

172.Өзара қарым-қатынасқа ұмтылыстан, бос уақытты ұйымдастыру қажеттілігінен туындаған, негізіне


қызығушылықтары мен хоббилары жататын кәсіби емес іс-әрекеттер ұжым мүшелерін біріктіреді;
бірлестіктің негізгі формалары - клубтар, үйірмелер
E) Клубтық ұжым

173.Индивидтің көпшіліктің пікірін қабылдауы, өз пікірінің болмауы; бұл жағдайда жеке тұлға ұжымға
бағынады.
А) Конформизм

174.Топ мүшелері мен жеке тұлға көзқарастарының үйлесімділігі.


D) Қоғамдық-саяси ұжым

175.Жеке тұлғаның ұжымға бағынудан бас тартуы, ұжымға өзінің пікірін қолдатуға ұмтылуы
C) Нонконформизм

176.Жалпы адамзаттық мәдениетті меңгертетін оқушы мен қоғамның арасындағы рухани жалғастырушы;
сынып ұжымының өзара ынтымақтастық қарым-қатынастың қалыптасуын ұйымдастырушы; тәрбиелік
күштердің (мектеп, отбасы, қоғам) басын қосушы, үйлестіруші.
А) Сынып жетекшісі

177.Сынып жетекшісінің ұйымдастырушылық-реттеушілік қызметі


B) Сыныпта позитивті қарым-қатынас орнату; «Оқушы-мұғалім», «оқушы-ата-ана», «оқушы-оқушы»
жүйесіндегі тиімді қарым-қатынасты қалыптастыру; Оқушылардың қоршаған ортамен қолайлы қатынас
орнатуына жағдай жасау.

178.Сынып жетекшісінің коммуникативтік қызметі


А) Мектеп пен отбасы арасындағы байланысты қамтамасыз ету; пән мұғалімдерімен, үйірме, секция
жетекшілерімен, психологпен жұмыс; жеке оқушы және ұжыммен жеке жұмыс жүргізу

179.Сынып жетекшісінің құқықтары:


А) Баланың психологиялық, физиологиялық денсаулығы туралы мәлімет алу; әрбір оқушының үлгерімін
қадағалау; балалармен жеке жұмыс режимін бекіту; тәжірибелік эксперименттік зерттеу жүргізу

180.Баланы саналы түрде өмірге әкелу арқылы адамзат тегін жалғастыру, ер жеткізу және тәрбиелеу
қажеттілігі.
А) Отбасының репродуктивтік функциясы

181.Жалпы шаруашылық пен бюджетті жүргізу, отбасылық рөлдер мен міндеттерді бөлу негізінде
материалдық-тұрмыстық жағдайды ұйымдастыру, еңбекке жарамсыз отбасы мүшесіне қамқорлық жасау
және оларды материалдық жағынан қамтамасыз ету
B) Отбасының шаруашылық-экономикалық функциясы
182.Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуына жағдай жасау; әлеуметтік, еңбектік, өмірлік тәжірибені,
адамгершілік нормаларын, принциптерін және адами құндылықтарды тасымалдау, өзіндік санасының
дамуына әсер ету.
C) Отбасының тәрбиелік функциясы

183.Отбасы мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынасты ұйымдастыру; отбасының басқа адамдармен,


отбасымен, әлеуметтік топтармен өзара байланысы
E) Отбасының коммуникативтік функциясы

184.Отбасына өте қажетті жайлы адами-психологиялық климатты қамтамасыз ету, мінез-құлық пен ішкі
отбасылық қарым-қатынас стилін қалыптастыру, отбасы мүшелерін моральдық-психологиялық қолдау.
E) Психологиялық жайлылық пен эмоционалды қолдауды қамтамасыз ету функциясы.

185.Отбасында адамдардың әлеуметтік жағдайларына, ұлтына, діни және басқа сенімдеріне қарамастан
біріктіру
D) Отбасының интегративті функциясы

186.Бос уақытты дұрыс ұйымдастыру. Отбасы мүшелерінің күш-қуатын, денсаулығын қалпына келтіруі.
C) Рекреативті функция

187.Баланың қоғам нормалары мен талаптарына сай қайшы келетін кейбір теріс пиғылдары және жат
қылықтарын түзетуге бағытталған педагогикалық ықпал ету жүйесі.
B) Қайта тәрбиелеу

188.Адамның белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдарының, т.б. жиынтығы.
E) Білім

189.Аштық, шөлдеу, ұйқы, демалу және физикалық тәуелсіздік сияқты физиологиялық қажеттіліктер.
А.Маслоудың қажеттілік пирамидасының нешінші деңгейі?
А) 1 - деңгей

190.Қауіпсіздікке деген қажеттілік болашағы болжанған және бірізділікке негізделген тіршіліктің болуын
көздейді. Егер де олар қанағаттандырылмаса, адамдар өз әлемін қорғап, жоғары деңгейлі қауіпсіздікті
қамтамасыз ету үшін бар күшін жұмсайды. Ал қанағаттандырылса, келесі деңгейге ауыса алады.
А.Маслоудың қажеттілік пирамидасының нешінші деңгейі?
B) 2 - деңгей

191.Махаббатқа деген қажеттілік және біреуге қажет екеніңді сезіну адамды жылулық пен жолдастық
қарым-қатынасқа жетелейді. А.Маслоудың қажеттілік пирамидасының нешінші деңгейі?
C) 3 - деңгей

192.Құрмет көрсетілуіне деген қажеттілік ерік-жігерге, жетістіктер мен шеберлікке, құзіреттіліктерге ие


болу ниетіне жол ашады. Бұған сенім, тәуелсіздік, абырой және мәртебені де жатқызуға болады.
А.Маслоудың қажеттілік пирамидасының нешінші деңгейі?
D) 4 - деңгей

193.Өзін-өзі таныта білу – дарын, қабілеті мен әлеуетін толық көрсете алу. Маслоу оқуды өзін-өзі көрсетудің
бір жолы ретінде қарастыруға болады деп тұжырымдайды
E) 5 - деңгей

194.Үдерістің дидактикалық мазмұнын жалпылайды, олар оқытудың мақсат, мазмұн, түр, әдіс, құрал, тәсіл,
формалары т.б.
А) Оқыту үдерісінің дидактикалық компоненті

195.Мұғалімнің басшылығымен білім алушылардың объективті шындықты, табиғат пен қоғам фактілері мен
заңдарын, өзін-өзі танумен анықталады.
B) Оқыту үдерісінің гносеологиялық компоненті

196.Оқыту үдерісінде білім алушының ішкі психологиялық танымдық әрекетінің аумағын қамтиды.
C) Оқыту үдерісінің психологиялық компоненті

197.Оқыту үдерісіндегі байланыс түрлерінің көптігі, мәліметтік ағымдар циркуляциясы, мәліметті меңгеруді
басқару.
D) Оқыту үдерісінің кибернетикалық компоненті

198.Оқыту үдерісіне қатысушылардың өзара қарым-қатынасын, олардың әлеуметтік ортамен байланысы мен
оқытудың әлеуметтік маңызы бейнеленеді.
E) Оқыту үдерісінің әлеуметтік компоненті

199.Оқыту мен мұғалім еңбегін ұйымдастыру, оларды материалды-техникалық жабдықтау, өнім шығару,
рентабельділік.
E) Оқыту үдерісінің ұйымдастырушылық компоненті

200.«Нені оқыту керек?», «не үшін оқыту керек?» және «қалай оқыту керек?» сұрақтарына жауап іздейтін
ғылыми білім жүйесі.
C) Дидактика

201.Педагогтың оқыту мақсатын жүзеге асырудағы іс-әрекеті немесе танымдық әрекетті қалыптастырудағы
педагог тарапынан арнайы ұйымдастырылған әрекеті
D) Меңгерту

202. Бала санасында оны қоршаған орта туралы ақиқаттың түсініктер, схема, нақты бейне түрінде
бейнеленуі.
C) Тәрбие

203. Меңгерілген білімді практикада қолдану тәсілдерін, амалдарын меңгеру.


B) Іскерлік

204.Автоматтандырылған іскерлік.
B) Дағдылар

205.Оқу үдерісінің жүзеге асырылу тәсілі, оның ішкі мәнінің, логикасының және мазмұнының сыртқы
пішіні. Ең алдымен ол балалардың санына, уақытына, орнына, жүзеге асырылу ретіне байланысты.
А) Оқыту формасы

206. Мақсат, міндет, мазмұн, форма, құрал, әдіс-тәсілдер, тапсырма:


A) біртұтас педагогикалық процесс компоненттері

207.Оқытушылар мен оқушылар арасындағы сөздік қатынас


D) вербальдық педагогикалық қарым-қатынас

208. Оқыту белгілеріне қайсысы жатпайды:


C) әкімшілік бақылау

209.Дифференциалды оқыту
A) артта қалушы оқушылармен жұмыс

210.Оқытудың заңдылықтары
D) белгілі жағдайларда қайталанатын қажетті елеулі объективті тұрақты байланыстар

211. Кез келген оқыту актісінің механизмі ассоциация; оқыту сезімдік танымнан басталатындықтан, оның
негізі көрнекілік; оқу іс-әрекетінің негізгі міндеті - білім алушының санасын бейнемен және елестетумен
қорландыру; көрнекі бейнелер салыстыру негізінде жалпылауға әкелетін сананың қозғалысын қамтамасыз
етеді.
A) Оқытудың ассоциативті теориясының негізгі қағидалары

212.Доминантты рөл – оқытуда, мұғалімнің іс-әрекетінде. Оқытудың негізгі мақсаты - білімді меңгеру,
практикада қолдану, яғни іскерлік пен дағдыны қалыптастыру. Мұғалімнің басты міндеті - меңгеруге тиісті
материалдарды «дайын» күйінде түсіндіру.
E) Түсіндірмелі-иллюстративтік (дәстүрлі) оқыту

Ақыл-ойдың жоспар бойынша біртіндеп, сатылап, берілген білімді, икемділікті, дағдыны дамытудың
психологиялық негіздерін қарастыратын теория.
C) Ақыл-ой әрекетін кезеңдеп қалыптастыру теориясы

213.Ақыл-ой әрекетін кезеңдеп қалыптастыру теориясының авторлары:


A) П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина

Оқытудың әлеуметтік-мәдени теориясының авторы:


C) Л.С.Выготский

214.«Жақын арадағы даму аймағын» ұсынған:


Оқытудың әлеуметтік-мәдени теориясының авторы:
C) Л.С.Выготский

215. Қарапайым (элементарлық) білім беру теориясының авторы және алғаш рет оқытуды өндірістік
еңбекпен байланыстырған.
D) И.Г.Песталоцци

216. Мақсаты - теориялық сана мен ойлауды дамыту; балаларға білім, іскерлік, дағды ғана емес ақыл-ой
әрекеті тәсілдерін беру, оқу әрекетінде ғылыми таным логикасын қайта жаңғырту.
E) Д.Б.Эльконин – В.В.Давыдовтардың дамыта оқыту жүйесі

217.Оқушылардың өз мүмкіндіктерін қолдану арқылы олардың дене, танымдық және адамгершілікті


дамытуға бағытталған білім беру теориясы мен практикасындағы бағыт.
E) Дамыта оқыту

218.Оқытудың қоғам талабына сәйкестігі, Тұтас педагогикалық үдерістің бір жағы ретінде оқыту,
тәрбиелеу, дамыту үдерістерінің өзара байланыстылығы; Оқушылардың мүмкіндігі мен сыртқы
жағдайларға байланыстылығы заңдылықтары
C) Н.В.Бордовская, А.А.Реан бойынша оқыту заңдылықтары

219. Жалпы заңдылықтар (оқу үдерісінің оның мақсатына, мазмұнына, әдістеріне, оқу үдерісін басқару
сипатына және т.б. байланыстылығын көрсетеді); Нақты заңдылықтар (дидактикалық немесе мазмұндық-
процессуалдық, психологиялық, ұйымдастырушылық және т.б.)
B) И.П. Подласый бойынша оқыту заңдылықтары

220. Сыртқы заңдылықтар; Ішкі заңдылықтар


C) Н.В.Бордовская, А.А.Реан бойынша оқыту заңдылықтары

221. Көп факторлық, үзіліссіздік, екі жақтылық, белсенділік нәтижелерінің белгісіздігі тән:
А) Тәрбие процесінің ерекшеліктеріне

222. Оқытудың жалпы теориясының негізін қалаған:


D)Коменский Я.А.

223. «Оқыту дамудың соңында қалмайды, керісінше, дамуды жетектейді» деген қазіргі оқытудың
концептуалды принципін енгізген:
А) Л.С.Выготский

224. Адамзаттың әлеуметтік маңызды тәжірибесін меңгерумен байланысты білім, іскерлік, шығармашылық
әрекеттерде жүзеге асырылатын жеке тұлғаның дамуы мен өзін-өзі дамыту процесі
С) Тәрбиелеу

225. Оқудың, оқу іс-әрекетінің нәтижесі:


Е) Дағды

226. Әрбір оқу пәні бойынша меңгерілуге тиісті білімнің, шеберлік пен дағдылардың мазмұны мен көлемін
айқындайтын құжат
В) Оқу бағдарламасы

227.Оқытудағы бақылау және өзін-өзі бақылаудың әдістері:


A) Жеке және фронтальды сұрау, есеп беру, емтихан

228.Дәстүрлі емес құрылымы бар сабақ типі. Мысалы, «іскерлік ойындар сабағы», «аукцион - сабақ»,
«сайыс сабағы».
D) Дәстүрлі емес сабақтар
229. Кіріспе сабақ, Жаттығу сабағы, Білімді бекіту, Өзбеттілік жұмыс сабағы, техникалық құралдарды
қолдану сабағы,практикалық жұмыс сабағы, аралас сабақ, қайталау- жинақтау сабағы:
В) Дәстүрлі сабақ типтері

230. Қиял сабағы, Жарыс сабағы, Ашық ой сабағы, Сынақ сабағы, Шығармашылық сабақ, Ертегі сабақ,
Конференция сабағы, Бірін-бірі оқыту сабағы, КВН сабағы, Саяхат сабағы, Білім аукционы, Сиқырлы
конверт, Ойын сабақ, Спектакль сабақ
А) Дәстүрлі емес сабақ типтері

231. Сабақтың тек бір пәнге ғана арналуы


Е) Монизм

232. Дамыта отырып оқыту әдістемесінің негізін салушылар


А) Д.Б.Эльконин, В.В. Давыдов

233.Түсіндірмелі-иллюстративті, проблемалық, бағдарламалық, модульдік және т.б. оқыту:


D) Оқыту түрлері

234.Түсіндірмелі- иллюстративті оқытудың негізін қалаған:


В) И.Гербарт

235.Проблемалық оқытудың негізін қалаған:


С) Д.Дьюи

236. Уақытты үнемдейді, білім «дайын» күйінде беріледі, күрделі материалдарды меңгерулеріне
көмектеседі, түсіндіру көрнекілікпен біріктірілген
D) Түсіндірмелі-иллюстративті оқыту

237. Әр түрлі оқу проблемаларын шешеді, оқушы білімді өз бетімен меңгереді, шығармашылық ойлау мен
танымдық белсенділік дамиды, жобадағы мақсатқа жету барысында уақыт көп бөлінеді
А) Проблемалық оқыту

238. Аты электрондық-есептеу сөздігіндегі «программа» терминінен шыққан, оқу материалын жеке
порцияларға немесе бөліктерге бөлетін, әр жолы бақылаумен аяқталады
С) Бағдарламалап оқыту

239.Оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы


D) Сабақ

240. Білім алушылар санына, оқыту орнына, сабаққа берілетін уақытқа байланысты бөлінеді:
Е) Оқыту формалары

241.Жеке адамның бiлiктiлiгi мен жан-жақты дамуын қалыптастыру үшiн негiз болып табылатын бiлiм берудiң әрбiр
деңгейi бойынша бiлiмдер жүйесi (кешенi)
А) Бiлiм беру мазмұны

242.Басқару органдарынан, түрлі типтегі және деңгейдегі білім беру мекемелерінен, жүйенің жұмыс істеуі
және дамуын қамтамасыз ететін қаржы қорлары мен материалдық обьектілерден, ғылыми орталықтардан
тұратын күрделі құрылым
А) Білім беру жүйесі

243.Зияткерлі (парасатты, интеллектуалды) тұлғадан рефлексиялы тұлғаға көшу.


В) Жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктері

244.«Өмір бойы білім алу» (life long learning) тұжырымдамалық парадигма мазмұны
А) Үздіксіз білім беру барлық жастағы адамдарға арналған және қоғамның барлық интеллектуалдық әлеуетін,
барлық жағдаятты тұлғаның жан-жақты дамуында қолдану мақсатын көздейді.
В) Тұлғаның шығармашылық әлеуетін өмір бойы байыту
С) адам, оның тұлғасы, армандары мен қабілеттері және оның жан-жақты дамуы
D) Тұлғаның шығармашылық әлеуетінің үдетпелі дамуы және оның рухани әлемінің жан-жақты баюын қамтамасыз
ететін тұтас процесс
Е) Бәрі дұрыс
245. Білім беру мазмұнын бейнелейтін нормативтік құжаттар
А) Білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
В) Типтік оқу жоспары. Оқу жоспары
С) Оқу бағдарламасы
D) Жұмыс бағдарламасы
Е) Бәрі дұрыс

246.Базалық білімді, іскерлікті, дағдыны, дүниетанымдық идея жүйесін анықтайды, әдістемелік сипатта
жалпы нұсқау береді.
А) Типтік оқу бағдарламасы

247.Оқу бағдарламалары мен дидактиканың талаптарына, оқыту мақсатына сай нақты оқу пәнінің мазмұнын
ғылыми негізде, жүйемен баяндайтын кітап.
А) Оқулық

248.Оқу пәнінің мазмұнын, уақыт көлемін анықтайтын нормативті құжат.


С) Оқу бағдарламасы

249.Білім алушының білім нәтижесінің сандық сипаты.


А) Баға

250. Оқушы білімінің көрсеткіші, мониторинг, рейтинг


А) Бағалау

251.Оқыту үшін бағалау, жетелеу, ары қарай дамыту үшін бағалау


А) Формативті бағалау

252.Оқытуды бағалау, жиынтық, қорытынды бағалау


В) Суммативті бағалау

253.Мұғалім мен оқушының іс-әрекет тәсілі; жұмыс тәсілдерінің жиынтығы; мұғалімнің оқушыны білімсіздіктен
білімділікке апаратын жолы; мұғалім мен оқушының әрекет жүйесі
А) Оқыту әдістері

254.Сөздік әдістер:
С) Дәріс, әңгіме, сұхбат, түсіндіру, пікірталас, кітаппен жұмыс

2555. Көрнекілік әдістер


В) Иллюстрация және демонстрация

256.Практикалық әдістер
Е) Жаттығу, педагогикалық есептерді шешу, дидактикалық және іскерлік ойындар, тренингтер,
зертханалық жұмыс

257.Индуктивті және дедуктивті әдістер


А) Талдау, салыстыру, абстрактілеу, жинақтау, қорыту, модельдеу (үлгілеу), педагогикалық есептерді шешу,
педагогикалық жағдаяттарды талдау

258.Репродуктивтік әдістер:
А) Түсіндіру, дәріс, әңгіме, нұсқау беру, кітаппен жұмыс, жаттығу

259.Өзіндік жұмыс әдістері:


D) Кітаппен жұмыс, жаттығу, педагогикалық есептерді шешу, тест шешу, зертханалық зерттеу жұмысы, жоба
құру

260.Оқытудағы бақылау және өзін-өзі бақылау әдістері


Е) Ауызша бақылау: жеке, фронтальды (жаппай) тексеру. Жазбаша бақылау: жазбаша бақылау жұмыстары,
тестілеу, түсіндірмелі және графикалық диктанттар. тестілеу, виртуалды зертханалық жұмыс

261.Проблемалық-ізденістік әдістер
Е) Эвристикалық әңгіме, проблемалық сұрақ, жағдаятты талдау, салыстыру, жинақтау, жүйелеу, модельдеу
(үлгілеу), зертханалық зерттеу жұмысы
262.Ынталандыру әдістері
Е) Жарыс, дискуссия, мадақтау, жазалау

263.Ғылымдағы «дайын» білімді оқушыларға әңгімелеу немесе аудиовизуальды көрнекіліктерді қолдана отырып
лекция оқу және оларда қабылдау мен түсіндіру деңгейінде білім мен іскерлікті қалыптастыру.
А) Монологтық оқыту әдістері

264.Оқыту принциптері негізінде оқу материалын түсіндіру, оны оқушыға меңгерту, проблеманы қоя және шеше
білуге деген түрткіні ояту, оқу іс-әрекетін белсендіру мақсатында оқытушының оқушымен хабарламалық әңгіме
өткізуі.
А) Монологтық оқыту әдістері
В) Диалогтық әдіс
С) Ғылыми-зерттеу әдістері
D) Жаттығу, педагогикалық есептерді шешу, тест шешу, зертханалық зерттеу жұмысы, жоба құру
Е) Жарыс, дискуссия, мадақтау, жазалау

265.Мұғалімдердің оқу материалын проблемалық міндетті шешу мақсатында оқушылардың жаңа түсініктерді,
тәсілдерді, әрекет құралдарын өзбетті меңгерулерін, интеллектуалдық және т.б. сфералардың дамуын ұйымдастыруы
С) Ғылыми-зерттеу әдістері

266.Білім алушылар тарапынан шығармашалықты, ізденімпаздықты, осыған сәйкес күш жұмсауды талап ететін
әдістер жүйесі
А) Монологтық оқыту әдістері
В) Диалогтық әдіс
С) Интерактивтік оқыту әдістері
D) Жаттығу, тест шешу, зертханалық зерттеу жұмысы
Е) Жарыс, дискуссия, мадақтау, жазалау

267.Педагогтың жаңашыл идеяларды, жаңашыл әдіс-тәсілдерді оқу-тәрбие процесіне, кәсіби тәжірибесіне, білім беру
мекемесі жағдайына, білім алушылардың білім дәрежесіне сәйкес енгізу
С) Инновациялық іс-әрекет

268.Жаңаша оқыту амалдарын іздеу, білім мен тәрбие беруде ғылыми нәтижелерге қол жеткізу, жаңа ізденістерді
дұрыс пайдалану, сол арқылы жоғары көрсеткіштерге жеткізу
А) Интерактивтік оқыту әдістері
В) Инновациялық технология
С) Инновациялық іс-әрекет
D) Жаттығу, тест шешу, зертханалық зерттеу жұмысы
Е) Жарыс, дискуссия, мадақтау, жазалау

269.Білім беру жүйесінде оның жеке бөліктерін, компоненттерін және тұтастай білім беру жүйесінің мазмұнын
жақсартуға бағытталған тұрақты элементтерді енгізетін, мақсатты көздейтін өзгеріс, оқу-тәрбие ісін алдыға қарай
жылжыту
А) Инновация

270.Онлайн тәртібінде өздігінен дамуына мүмкіндік беретін білу алу. Ең алғашқы Кибер университет ақпарат
көздерінде Жапонияда ашылған. АҚШ, Оңтүстік Кореяда Кибер оқу орындары құрыла басталған.
А) Кибер білім алу

271.Ақылды білім алу мағынасын береді. Кез келген жағдайда, кез келген ортада кедергісіз білім алып қана қоймай,
оны тұлғаның қажетіне қарай жарата білуіне мүмкіндік беретін білім ортасы.
В) Smart білім алу

272.Интернет ресурстар арқылы үнемі толықтырылып отыратын мазмұны бойынша жинақталған құрама оқу
материалдары
В) Smart оқулық

273.Оқу үдерісін жеңілдетеді, қойылған мақсатқа жету үшін білім алушының аз уақыты мен мөлшерлі күшін
жұмсауға мүмкіндік береді.
А) Оқыту құралдарының компенсаторлық функциясы
274.Оқу үдерісінің жағымды жағдайда өтуіне жағдай жасайды, демонстрация, өзіндік жұмыстар жасауға мүмкіндік
береді.
В) Оқыту құралдарының адаптациялық функциясы

275.Оқу құралдары негізгі дерек көздері бола алады, ал кейбірі ақпараттың таратылуына жағдай жасайды.
С) Оқыту құралдарының ақпараттық функциясы

276.Кешенді оқыту үдерісінде адамдар арасындағы өзара әрекеттесу түрлерiн пайдалана отырып сұхбаттасушының
көңiл күйiне, сенiмiне мiнез-құлқына әсер ету.
Е) Оқыту құралдарының интегративті функциясы

277. Оқу үдерісінде білім алушының жеке пәндерді қоршаған ортамен байланыстыра отырып өз бетінше игеруіне
мүмкіндік береді.
D) Оқыту құралдарының инструменталды функциясы

278.Құндылық-бағдар негізінде автордың немесе ұжымның мақсат-міндеттеріне сәйкес нақты күтілетін нәтижеге қол
жеткізудегі нақты педагогикалық ой-пікірлер, қатаң түрде қойылған мақсатқа сәйкес оқушыларға мемлекеттік білім
беру стандарты деңгейін меңгертуге кепілдік бере алатындай педагогикалық әрекеттің технологиялық тізбегін құру.
А) Педагогикалық технология белгілері

279.Мақсатқа бағыттылық, диагностикалық, оқу сапасына кепілдік, концептуалдық, жүйелілік, жаңалық


А) Педагогикалық технология белгілері
В) Педагогикалық технология элементтері
С) Педагогикалық технология түрлері
D) Педагогикалық технология критерийлері
Е) Педагогикалық технологияның диагностикалық процедуралары

280.Оқушыны азамат етіп тәрбиелеу, олардың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, баланың жаны мен
жүрегіне жылулық ұялату.
В) Білім беруді ізгілендіру технологиясы (Ш.А.Амонашвили)

281. Мұғалім басшылығымен “күрделі” мәселелерді туғызу және оқушылардың белсенді түрде өздігінен ол
мәселелерді шешуі. Қорытындысында олардың ойлау қабілеттері дамып, шығармашылық іскерліктері мен
дағдылары қалыптасуына жағдай жасайды.
D) Проблемалық оқыту технологиясы

282. Баланы жан-жақты дамыту, дербестікке тәрбиелеу, бала санасында нәрселер әлемі мен ойлау әрекеттің бірігуі.
С) Өздігінен даму технологиясы (М.Монтессори)

283.Оқытудың неғұрлым тұтас нысанын құру мақсатында педагогтардың күші мен назарын барлық үш салаға
(танымдық, эмоционалдық, психомоторлық ) бірдей аударту.
Е) Блум таксономиясының мақсаты

284.Арнайы (терминология, нақты фактілер мен т.б.) және жалпылайтын сипаттамаларды білу (конвенциялар,
процестер мен сабақтастықтар, жіктелімдер, санаттар, критерийлер, әдістемелер және т.б.) Тиісті саладағы
универсалды нәрселер және абстрактілерді білу – қағидалар мен жалпылаулар, теориялар мен құрылымдар және т.б.
Блум таксономиясының қай сатысы?
А) Білу

285.Негізгі идеяларды ұйымдастыру, салыстыру, түсіндіру, сипаттау және бекіту жолымен фактілер мен идеяларды
қаншалықты түсінетіндігін көрсету; Аударма жасау; Интерпретация, Экстраполяция. Блум таксономиясының қай
сатысы?
В) Түсіну

286.Жаңа білімдерді, әдістерді және ережелерді түрлі нұсқада пайдалану. Блум таксономиясының қай сатысы?
С) Қолдану

287.Фактілерге сәйкес ақпаратты тексеру және жіктеу. Қорытынды жасау және дәлелдерді анықтау: Элементтерді
талдау; Қарым-қатынасты талдау; Ұйымдастыру қағидаларын талдау.
D) Талдау
288.Жаңа үлгіде әртүрлі тәсілдермен элементтерді қиыстыру арқылы ақпаратты жүйелеу немесе балама шешім
ұсыну: ерекше байланыс орнату; жоспар әзірлеу немесе ұсынылатын операциялар жиынтығы; абстрактілі
қатынастардың жиынтығы негізіндегі қорытындылар.
Е) Жинақтау

289.Пікірмен таныстыру және оны дәлелдеу, ақпарат бойынша қорытынды жасау, бірқатар критерийлердің негізінде
идеяларды негіздеу және жұмыс сапасын бағалау: ішкі дәлелдемелер тұрғысынан қорытынды; сыртқы критерийлер
тұрғысынан жасалған қорытынды.
Е) Бағалау

290.Оқу материалын логикасына қарай бірнеше бөліктерге бөлу.Теориялық білімді қалыптастыруда


схеманы қолдану. Материалдарды біртіндеп қиындату арқылы оқушыларды өзбеттілік еңбекке үйрету.
С) Жүйелілік және бірізділік принципі ережелері

291.Оқыту процесінде ойлау, есте сақтау процесін басқару. Оқушының өзі меңгерген, санасына жеткізген
материалдарды ғана есінде сақтауы. Оқушыларды сөздік энциклопедияларды қолдана алуға үйрету. 0қу
материалын оқушыларға үнемі пысықтатып отыру. Ғылымдағы жаңалықтарды бөліп алуға үйрету, ғылыми
жаңалықтардың дамуын бақылауға үйрету, ғылыми-техникалық және әлеуметтік проблемаларды ұжымдық
талдауға үйретіп оқушыларды ынталандырып отыру.
D) Беріктілік принципі ережелері

292.Қоғамдық-тарихи тәжірибе арқылы ғылыми білімнің қажеттілігін дәлелдеу; теория мен практиканың
байланысын ашу, ғылымның практикалық қажеттіліктің әсері арқылы дамитындығын көрсету; оқушыларды жаңа
технологиялармен, еңбек әдістері мен өндірістік қарым-қатынастармен таныстыру; мектептің өндіріспен
байланысын пайдалану.
Е) Теорияның практикамен байланыстылылығы принципі ережелері

293.Педагогикалық тәжірибедегі,психологиялық әдістемелердегі жаңалықтарды негізге ала отырып оқыту.


Педагогикалық әрекетті ғылыми аспектіден ұйымдастыру. Ғылыми ұғым, пікір, ой қорытындысын
туындататын оқу пәнінің логикасын ашу. Ғылыми жаңалықтарды қайталатып отыру. Ғылымның заңдылық,
заңдарына зерттеу жүргізу.
В) Ғылымилылық принципі

294. Жекелік психикалық қасиеттері дамыған, әлеуметтік ортада өмір сүруге және қарым-қатынас жасауға
қабілеті қалыптасқан адам.
А) Тұлға
В) Индивид
С) Адам
D) Жеке дара адам
Е) Субъект

295.Адам өмірге биологиялық тіршілік иесі ретінде келеді, бірақ өзінің өмірлік іс-әрекет арқылы ортаның
әсерінен әлеуметтенеді.
В) Социогенетикалық концепция

296.Жеке тұлғаның өмірі, оның қатынасы – бекітілген үйретудің, білім қорын және дағдыны меңгерудің
нәтижесі (Э.Торндайк, Б.Скиннер және т.б.)
А) Үйрету теориясы

297.Қоғам әрбір адамға статусы бойынша анықталған тұрақты мінез-құлық тәсілдері жиынтығын (рөлдер)
ұсынады. Осы рөлдер жеке тұлғаның мінез-құлық сипатына, оның басқа адамдармен қарым-қатынасында өз
таңбасын қалдырады.
С) Рөлдерді орындау теориясы

298.Адам дамуының негізі – организм жетілуіндегі биологиялық процестер; даму және мінез-құлық туа
біткен қажеттіліктермен, құштарлық және инстинктермен, адам икемделуге мәжбүр сыртқы талаптармен
анықталады; тәрбие тек табиғи даму процесін жылдамдатушы немесе тежеуші ғана.
D) Биогенетикалық концепция

299.Басты назарда жеке тұлғаның тұтастай дамуы (Э.Шпрангер, К.Бюлер, А.Маслоу және т.б.).
D) Нақты жеке тұлғалық (персоналық) теория
300. Жеке тұлғаның мінез-құлқы эмоцияның, құштарлықтың және психиканың басқа да рационалдан тыс
компоненттерімен байланыстырылуы (Э.Эриксон және т.б.).
Е) Психодинамикалық теория

You might also like