You are on page 1of 6

1.

Кедейлік пен теңсіздікті жекеменшікке бағытталған, бай адамдардың мүдделерін қорғайтын


жүйенің адамдарға келтірген зияны ретінде қарастырған. Карл Маркс
2.Әлеуметтік ұйымның қалай жүзеге асырылатыны туралы проблеманы зерттейтін әлеуметтану
тәсілі. Құрылымдық-функциялық теория
3.Бәсеке, құрылымдық теңсіздік және әлеуметтік өзгеріс деген құрамдас бөліктерден тұратын
әлеуметтанушылық тәсіл. Конфликт теориясы
4.Адамдар өз мәдениеті мен қоғамында табысқа жету үшін қажетті ережелерді, тәжірибелерді
және құндылықтарды үйренетін әлеуметтік үрдіс Әлеуметтену
5.Әлеуметтенуді талдауда екі негізгі ұғымға («Мен» тұжырымдамасы мен рөлді қабылдау) ден
қоятын тәсіл Символдық интеракционизм теориясы
6.Адамның басқа топ мүшелеріне қатысты қоғамнан алатын орны Мәртебе
7.Бұл қоғамдар қарын тойдыру экономикасына негізделген, яғни адамдар өздері жей алатын
тағамнан артық азық таппаған әрі оны сақтамаған. Аңшылық-терімшілік қоғам
8.Экономикасы механикалық, электр қуатын немесе қазба отын энергиясын пайдалана отырып,
ауыл шаруашылығына емес, тауарлардың жаппай өндірісіне негізделген қоғамИндустриялық
қоғам
9.Адамдар өз топтарының нормаларын қабылдап, оларды өз сенім жүйесі мен бірегейлігінің бір
бөлігіне айналдырғанда өз-өздерін іштей бақылай бастағаны ол...Конформизм
10.Өздерінің мақсатқа жетуден бас тартқанына қарамастан, қоғам мақұлдаған мақсаттарға жету
үшін мәдениетке сәйкес құралдарды пайдалануды жалғастырып жүрген адамдардың іс-әрекеті
Ритуализм
11.Бір ауданда түратын адамдар әлеуметтік тәртіпті сақтау үшін өзара араласып, бірге әрекеттеуге
ниеттенеді деп түсіндіретін теория Ұжымдық тиімділік теориясы
12.Адамдарды әлеуметтік нормаларды ұстануға немесе бұзуға бірдей механизмдер үйретеді деп
түсіндіретін теория Дифференциалды ассоциация теориясы
13.Бұл теория қандай адамдар мен іс-әрекетке қалай және неліктен «девиант» деген ат
қойылатынын зерттейді. («девиантты мінез-қүлық – халықгың таңған аты»)
Стигматизация (ат таңу теориясы) теориясы
14.Шектеулі ресурстарды қол жеткізген мәртебеге сәйкес үлестірілуі. Стратификация
15.Қаны бір болу немесе некеге тұру, бала асырап алу, неке тектес міндеттемелер арқылы
байланысатын адамдар тобы. Отбасы
16.Ерлі-зайыптылар мен олардың балалары өзге туыстарымен, яғни ердің не әйелдің ата-
анасымен немесе бауырларымен бірге өмір сүретін әлеуметтік топ Әулет (кеңейтілген отбасы)
17.Міндетті нәрсе емес, бұған қол жеткізу өмір бойы жалғаса береді.
Қол жеткізген мәртебе
18.Тұрақты қауымдастық ұлт немесе бір аумақтағы, экономикалық, мәдени және саяси
байланыстарды және әлеуметтік сенімдерді тоғыстыратын үлкен топтастық Қоғам
19.Моральдық құндылықтарды қастерлейтін нормалар Ғұрыптар
20.Әлеуметтанудың пәні ол.... Қоғам, табиғат әлем
21.1839 жылы «әлеуметтану» терминін алғаш енгізген де осы ғалым Огюст Конт
22.«Әлеуметтік тұрақтылық - әлеуметтік тәртіп пен еркіндіктің арасында лайықты теңгерім болуын
қажет етеді» деген. Эмиль Дюкгейм
23.Әлеуметтік құрылымдардың жоспарланған және жоспарланбаған қарекетінің салдарын
қарастыратын, сондай-ақ салдардың оң (функциялық) немесе теріс (дисфункциялы) екендігін
бағалайтын тәсіл. Құрылымдық-функциялық теория

24.Жеке түлғалардың әлеуметтік құрылымдарға қатысын және оларға әсер ету ерекшеліктерін
зерттейтін тәсіл Символдық интеракционизм теориясы
25.Мектеп, діни мекемелер, отбасы және басқа да әлеуметтік мекемелер балаларды әлеуметтік
өмірге еркін араласуы үшін әлеуметтендіреді деп санайтын, отбасында балалар өз-өзін ұстауды,
мектепте уақытқа және ережелерге бағынуды, ғибадат ететін орындарда рәсім жасауды (намаз
оқуды немесе дұға етуді), жақсы мен жаман, дұрыс пен бұрыс туралы дәстүрлі сенімдерді
құрметтеуді үйренеді деп әлеуметтену үрдісін түсінетін тәсіл.
Құрылымдық-функциялық теория
26.Тұлғаға «Мен» тұжырымдамасына, құндылықтар мен мінез-қүлыққа барынша әсер ететін және
әлеуметтік нормаларды үйренуге көмектесетін... Ата-аналар
27.Адамдардың күнделікті бетпе-бет кездесуінің сипаттарын көрсететін қоғамның мәртебелік
құрылымы қалыптастыратын Әлеуметтік интеракция
28.Бұл қоғамда кейбір экономикалық іс-әрекеттер отбасынан тыс жерде жүретін болғандықтан,
бар уақытын осы салаға арнайтын діндарлары бар діни құрылымдар қалыптасты, оның үстіне
бюрократиясы, салық жинаушылары және мұрагерлікпен берілетін билеушісі бар басқару жүйесі
пайда болды. Бағбаншылық қоғам
29.Ақпарат шығару мен қызмет көрсетуге баса назар аударатын қоғам Постиндустриялық қоғам
30.Белгілі бір қоғамның наразылығын тудыратын не тіпті жазалауға әкеп соқтыратын, нормаға
қайшы келетін іс-әрекет Девиация
31.Қоғамның мақсаттарынан және оның мақұлданған қуралдарынан бас тартқан адамдардың
мінез-құлқын сипаттайды Ретритизм
32.Девианттылықтың анықталу жайы мен сол девианттылыққа кімдердің қатысты болуына
әлеуметтік топтардың арасындағы бәсеке мен қақтығыс әсер етеді деп түсіндіретін теория
Конфликт теориясы
33.Адамдар конформизмнен гөрі девианттылық көбірек пайда келтіреді әрі девианттылықтың
қатері мен залалы әлдеқайда аз деп сенгендіктен ереже бұзуға барады деп түсіндіретін теория
Қорқытып-үркіту теориясы
34.Адамның бай немесе кедей болуы, билік басында немесе қарапайым болуы ата-анасының
мәртебесіне байланысты стратификация жүйесі Касталық жүйе

35.Әлеуметтік мәртебелерді шектеулі ресурстарға қолжетімділік тұрғысынан анықтайтын


теңсіздіктің институттық құрылымы Стратификация

36.Екі адамның ресми, әлеуметтік немесе заңды түрде мойындаған одағы Неке
37.Ерлі-зайыптылардың бір уақытта бірнеше жұбайы болуы мүмкін неке. Полигамия
38.Туа біткен немесе мұрагерлікпен берілген және өзгермейді деп саналатын Туабітті мәртебе
39.Қажетті мақсаттар туралы ортақ идеялар Әлеуметтік құндылықтар
40.Адамдарды өз мәдениеті мен қоғамының нормалары мен құндылықтарын ұстануға
ынталандыратын күштер мен процестер Әлеуметтік бақылау
41.Әлеуметтік және табиғи өмірдің дамуына эволюция себеп болды деп санаған, қоғамды алып
жаратылысқа ұқсатқан: жүрек пен өкпе ағзаның өмірін қамтамасыз ету үшін бірігіп жұмыс істейтіні
сияқты қоғамның бөліктері де қоғамды сақтау үшін бірге жұмыс істейді деп түсінген
Герберт Спенсер
42.Мінез-құлықтың үлгілерін білу оның мағынасын түсінуден маңызды емес деп санаған.
Макс Вебер
43.Әлемді ымыраға келу емес қақтығыстар мен өзгерістер негізінде сипаттайтын тәсіл
Конфликт теориясы
44.Адамдардың қарымқатынастарды қалайша белсенді түрде өзгертетінін және қалайша келісімге
келетінін анықтайтын тәсіл Символдық интеракционизм теориясы
45.Әлеуметтену теңсіздікті арттыратын механизмдерді үдететінін баса көрсететін
әлеуметтанушылық тәсіл Конфликт теориясы
46.Қоғамдағы қатынастардың қайталанатын заңдылықтары Қоғамдық (әлеуметтік) қүрылым
47.Адамның негізгі қажеттіліктеріне лайық, тұрақты және күрделі әлеуметтік құрылым. Оның
басты ерекшелігі – бірнеше буынның өмірін қамтиды, әрі құндылықтардың, нормалар мен
мәртебелердің және рөлдердің күрделі жиынтығын құрайды және адамның негізгі
қажеттіліктерін қанағаттандырады. Әлеуметтік институт
48.Соқа мен ірі жануарларды пайдалану арқылы экономикасы азық өндіруге негізделген қоғам
Егіншілік қоғам
49.Біздің қарапайым жүзбе-жүз байланыстарымызды қалыптастыратын әлеуметтік процестерге
назар салатын Күнделікті өмір әлеуметтануы
50.Қоғамның ауқымы өсіп, түрлері көбейіп, әлеуметтік өзгеріс жылдамдаған сайын қоғам
нормалары пайдалануға жарамай, түсініксіз бола бастайтын жағдайды Эмиль Дюркгейм атаған
Аномия
51.Қоғамның мақсаттары мен құралдарынан бас тартып қана қоймай, мақсаттар мен
құралдардың балама түрлерін ұстанатындардың іс-әрекеті. Бүлікшілдік
52.Девианттылық басқалармен әрекеттесудің нәтижесінде беріледі, соның салдарынан адамдар
өздерінің девиантты болмысын қалыптастырады деп түсіндіретін теория
Символдық интеракционизм теориялары
53.Әлеуметтік құрылымдар конформизм үшін лайықты сыйақы бермеген жағдайда адамдар
девианттылықты таңдауы мүмкін деп түсіндіретін Тартыну теориясы
54.Адамның әлеуметтік таптағы орнының жоғары немесе төмен ауысуы. Әлеуметтік шұғылдық
(мобильділік)
55.Адамдардың өндіріс құралдарына өздерінің қатынасын түсініп, нақты таптық ерекшеліктерін
мойындауы Таптық сана
56.Құрамында ата-анасы мен олардын, кәмелетке толмаған балалары ғана болатын, тәуелсіз өмір
сүргісі келетіндер және ата-анасын немесе туысқандарын асырағысы келмейтіндер әлеуметтік
тобы. Нуклеар отбасы
57.Адамның топтағы басқаларға қатысты орны. Мәртебе
58.Жеке адамның проблемасын түсінуді, кең әлеуметтік құрылымдарды, аз дегенде ішінара
түсінуді көрсететін қабілет Әлеуметтік қиял
59.Қоғам мүдделеріне қарсы әрекет ететін нормаларға жататын Дисфункциялы нормалар
60.Адамдардың үстем топтың құндылықтары мен әлеуметтік тәжірибелерін үйреніп, қабылдау
процесі. Ассимиляция
61.Сапир-Уорф болжамы бойынша,
Әр тілдегі грамматика, құрылым және санаттар сол тілде сөйлейтіндердің болмысты қалай
көретініне әсер етеді. Мұны кейде лингвистикалық салыстырмалы болжам деп те атайды.
62.Адамдардың үстем топтың құндылықтары мен әлеуметтік тәжірибелерін үйреніп, қабылдау
процесі Ассимиляция
63.Дюркгеймнің айтуынша дін дегеніміз ол...
Құдайға сенетін адамдарды моральдық қауымдастыққа біріктіретін, тылсым да қасиетті
дүниелермен байланысты нанымдар мен тәжірибе жүйесі
64.Қазақстан Республикасы заң бойынша ...
Еш жауап дұрыс емес
65.Секуляризация дегеніміз ол ...
заттардың, ойлардың немесе қасиетті билік (діни адамдар) оқиғаларының қасиетсіз немесе
шынайы, билікке (мемлекет, медицина, т.б.) берілу процесі уақыт өте күшейеді деп ойлады.
66.Фундаментализм дегеніміз ол ...
дінге сенушілердің қасиетті кітаптарын Құдайдың ақиқат сөзі деп, олардың қағидаларының
дәстүрлі тәпсірлерін булжытпай қабылдайтын және сол кітаптарда көрсетілген рәсімдер
бойынша өмір сүру маңызды деп санайтын діни қозғалыс
67.Құрылымдық талдау теориялар бойынша діннің қызметі ол ...
дәстүрлерге имандық императив беру, ортақ қүндылықтар мен кез келген мәдениеттің
қағидалары нығайта түсеру. Бұл құндылықтар мен қағидалар тек бір нәрсе жасаудың
қарапайым жолы емес, оларды атқарудың жалғыз ғана моральдық амалы ретінде
қабылданады. Олар қасиетті бола бастайды.
68.Конфликт теориясының дінді зерттеуге қосқан бір үлесі...
қалыптасқан институттар арасында қарама-қайшылықтар пайда болдыру және олардың
өзгерістерге алып келетіні туралы диалектикалық идеяны ұсыну
69.Конфликтология теорияшылары дінді зерттеу барысында...
діннің әлеуметтік шиеленісті тудыруын немесе тежеуін саралайды.
70.Құрылымдық функцияшылдар дінді зерттеу барысында
діннің жеке адамдар мен қоғам үшін атқаратын қызметін зерттейді

71.Қарабайыр (профан) дегеніміз ол...


күнделікті өмірде өздігінен болатын және әдепкі әрекет ретінде көрінетін барлық нәрселер
72.Протестанттық этика дегеніміз ол...
еңбек ету, рационализм және қарапайым өмір сүру- дүрыс, ал жұмыссыздық пен сылбырлық-
күнә деп санау
73.Нәсіл дегеніміз ол...
физикалық ерекшеліктері бойынша жіктелген әлеуметтік маңызы бар адамдар санаты.
74.Этнос дегеніміз ол...
шығу тегі бірдей, мәдениеті ортақ адамдардан түзілген қауым.
75.Дискриминация дегеніміз ол...
адамдарды санаттардағы мүшелігіне қарай кемсіту.
76.Көпшілік топ дегеніміз on...
мәдени, экономикалық және саяси үстем топ.
77.Азшылық топ дегеніміз ол...
мәдени, экономикалық және саяси тұрғыдан бағынышты топ.
78.Плюрализм дегеніміз ол...
әрқайсысы өзінің дара мәдениетіне ие екі немесе бірнеше топтың бір қоғамда теңдікті сақтап,
бейбіт қатар өмір сүруі.
79.Ассимиляция дегеніміз ол...
азшылықтоп мүшелері көпшіліктің мәдениетін, салт-дәстүрін меңгеру барысында өзінің
мәдени, рухани ерекшеліктерін жоғалту процесі
80.Геноцид дегеніміз ол...
халықты жоюға бағытталған жаппай қыру.
81.Бұрмаланған пікір дегеніміз ол...
бұл адамдарды белгілі бір санатқа жатқызуда иррационалды, бұрыс пікірде болу.
82.Стереотип дегеніміз ол...
топ мүшелеріне қатысты алдын ала үйғарылған, күмәнсіз, қарапайым идея.
83.Неліктен, бейтарап болуға тырысқанның өзінде БАҚ әрқашан бұл мақсатқа жете бермейді?
Меншік иелері мен басылымдардың саясаты мен мүддесіне байланысты.
84.БАҚ күн тәртібін қандай факторлар құрайды?
Мақсатты аудиторияның мүдделері және жариялау саясаты.
85.БАҚ-тың белгілі бір позицияны таңдауына қандай факторлар әсер етуі мүмкін?
Мақсатты аудиторияның мүдделері, жариялау саясаты және журналистің жеке көзқарасы.
86.БАҚ шындықты өз ережелері бойынша құрастыратын дәуірді қай термин сипаттайды?
Медиакратия.
87.Қарым-қатынас процесінде қандай элементтер тұрақты болады?
Жіберуші, арна, хабарлама, алушы.
88.1910 жылы қай ғалым баспасөзді социологиялық тұрғыдан зерттеу қажеттілігін негіздеді?
М. Вебер
89.Қай ғалым бұқараны жеке тұлғаларды сіңіру және жеке айырмашылықтарды теңестіру деп
сипаттай отырып, тобырмен сәйкестендірді?
Г.Лебон
90.Жеке мінез-құлықпен салыстырғанда Лебон тобырдың қандай ерекшелігін ерекше атап өтті?
Бейсаналық әрекет
91.Г.Тард өз концепциясында қандай жаңа қоғамдық формацияны бөліп көрсетті ?
Публика
92.Тард бойынша мәтінде ұсынылған коммуникация актісінде идеялардың таралуының үш
заңцылығы қандай ?
Қайталау, қарсы тұру және бейімделу заңдылықтары
9З.Фрейд өз теориясы бойынша массаны қалай сипаттайды?
Импульсивті және қозғыш
94.Фрейдтің теориясына сәйкес массаның әсер етуіне осал ететін негізгі атрибуттары қандай?
Сенімділік пен сынсыздық

95.Психология ғылымының шеңберінде «бұқаралық» туралы алғашқы идеялар қандай болды?


Тұлғаның агрегаттық күйі

96.Лебон бойынша бұқараның негізгі ерекшелігі неде ?


Бейсаналық әрекет
Интеллект деңгейі
Жеке адамдар арасында айырмашылықтар жоқ
Әлеуметтік мәртебенің артуы

97.Тардтың қоғамды тәрбиелеу арқылы бұқараға әсер ету тұжырымдамасына қай тұжырым
сәйкес келеді?
Әлеуметтік қауымдастықтың әрбір түрі қарым-қатынас түріне байланысты

98.Креденциализм дегеніміз не?


адамдарды әлеуметтік лауазымдарға, әсіресе жұмыс орындарына біліктілік куәліктері
негізінде бөлу.

99.Еңбекті ғылыми үйымдастырудың рационализация теориясын жасаған


Фредерик Тейлор

100.Еңбек мотивациясының екі факторлық теориясын жасаған


Фредерик Херцбергер
101.Еңбек сапасына және өнімділігіне ұжым ішіндегі әлеуметтік қатынастардың әсерін көрсеткен
Элтон Мэйо

102.Медицина әлеуметтануы қоғам мен денсаулық сақтаудың өзара әрекеттесуін қалай


зерттейді?
Ауру мен денсаулықтың әлеуметтік аспектілерін зерттейді

103.Медицина әлеуметтануы әйелдер денсаулығына әлеуметтік мәдени факторлардың әсерін


қалай бағалайды?
Әлеуметтік-мәдени, экономикалық және саяси аспектілерді есепке алу арқылы

104.Әйелдердің медициналық қызметтерге қол жеткізуіне қандай әлеуметтік факторлар әсер етуі
мүмкін?
Білім, саяси сенім және гендерлік нормалар

105.Медицина әлеуметтануы стереотиптердің әйелдер денсаулығына әсерін қалай бағалайды?


Стереотиптердің денсаулық сақтау және профилактикалық ақпаратқа қол жеткізуге қалай әсер
ететінін талдайды

106.Әйелдердің босану және жаңа туған нәрестеге күтім жасау туралы шешімдеріне қандай
әлеуметтік факторлар әсер етуі мүмкін?
Отбасының экономикалық жағдайы және әлеуметтік мәдени сенімдері
107.Құрылымдық-функцияшылдардың айтуы бойынша...
Білім беружүйесі көпшіліктіңталабын қанағаттандыру үшін жасалған. Білім саласы
функцияларының басты бағыты - оқыту және білім беру, жастарды әлеуметтендіру, сәйкесінше
іріктеу және біртіндеп жақсы жаққа қарай өзгеруіне ықпал ету.
108.Конфликтология теорияшылары...
жеке және, мемлекеттік мектептер дифференциалды жетістік негізінде жастарды әртүрлі
марапат күтуге, яғни осылайша - жастарды теңсіздікті қалыпты деп қабылдауға үйретеді деп
есептейді

108.Креденциализм дегеніміз ол...


айрықша білімі туралы куәлігінің арқасында ғана біреулерді басқалардан жоғары деп санау.
109.Символдық интеракционистер білім беру саласында неге назар аударады?
теңсіздікке алып келетін элиталық сабақтастық процесіне
110.Қай парадигма өкілдері тұжырымдауынша, "білім туралы куәлікті көзбояушылық деуге
болады. Қызметке орналасып, еңбекте жетістікке жетуге негіз болатын куәлік, шын мәнісінде,
нәсілдік, жыныстықжәне қай әлеуметтік таптан шыққанына байланысты дискриминациядан
қорғай алмайды"? Конфликт теориясы
111.Әлі де қала өсімінің жылдар бойы және түрлі жерлерде қолданылып келе жатқан нақты бір
үлгісі әлі де болмай отыр, қаланың өсуі мен құлдырауында қалыпты деп сипатталатын ештеңе
жоқ. Сондықтан, әрбір қала бәсекелес экономикалық және саяси куштердің салыстырмалы
билігіне қарай өзіндік бірегей тәсілмен ұлғаяды немесе кішірейеді. Қай теория өкілдері осындай
көзқарасты алға тартады?
конфликтология теорияшылары

112.Экономикалық бәсекелестердің арасындағы шынайы да мықты жарыс - тауарлар мен


қызметтерді өндіру мен жеткізудің барынша тиімді амалдарын ұсыну үшін, қалаларды кез келген
жолмен дамуға жетелейді. Қалалардың құлдырауы мен қала маңы аудандарының дамуы
экономикалық және әлеуметтік өмірді неғұрлым тиімді ұйымдастыруга деген талпыныстардан
туындап отыр деп тұжырымдайды...
құрылымдық-функциялық талдау өкілдері

113.Қала маңындағы халық санының өсуі олардың қандай өзіндік мәселелерін алға тартты?
үкіметтің әлсіздігі, автокөлікке тәуелділік және қоғамнан оқшаулану
114.Қандай экономикалық жүйе көптеген байлық (жер, капитал және еңбек) жеке меншікте
болатын, ашық нарықта саудаланатын және меншік иелерінің жеке пайдасы үшін қолданылады?
капитализм
115.Қандай экономикалық жүйе қоғам немесе үкімет өндіріс құралдарын (жер, еңбек және
капитал) баршаның игілігі үшін қолданады?социализм
116.Қандай теориялық экономикалық жүйе өндіріс қүралдары мен барлық мүлік мемлекет
меншігінде болатын және әрбір адам қабілеті мен қажеттілігіне қарай жүмыс істеп, еңбекақы
алатын жариялады?коммунизм
117.Әлеуметтік өзгеріс дегеніміз ол...
әлеуметтік қүрылымдардың немесе институттардың уақыт өте келе айтарлықтай түрленуі не
қайта құрылымдануы сияқты процесс.
118.Ұжымдық мінез-қүлық дегеніміз ол...
мінезқұлықтың мәдени ережелері бұлыңғыр болған жағдайдағы топтың тосын әрекеті.
119.Әлеуметтік қозғалыс дегеніміз ол...
әлеуметтік институттарды, қарым-қатынасты немесе өмір салтын өзгерту мақсатымен біріккен
адамдар, топтар және ұйымдар
120.Салыстырмалы депривация дегеніміз ол...
біз қолдағы барымыздан көбірек нэрсеге ие болуымыз керек деп санаған кезде әсіресе ол
әділетсіз әрекеттердің нәтижесінде болды деген ойға келгенде, қоғамдық қозғалыс
туындайтыны білдіретін теория

You might also like