Whats App

You might also like

You are on page 1of 6

WhatsApp ?

Шунанова Мадина
WhatApp
қалай пайда болды?
Бағдарламаны 2009 жылы Ян Кум мен Брайан Эктон
жасаған. Бағдарлама аз уақыт ішінде тез танымал
болып үлгерді. 2012 жылдың сәуірінде, ресми
ақпараттарға сәйкес, WhatsApр көмегімен күн сайын 2
млрд хат жіберілсе, тамызында 10 млрдқа жеткен. Ал
2013 жылдың маусымында 27 млрд хат жолданған.
2015 жылы 50 млрдтан астам хат осы бағдарлама
арқылы жіберілгені туралы мәлімет шыққанда
Financial Times басылымы «Скайп телефон
қоңырауларын қалай азайтса, WhatsApр та SMS
хабарламаны солай ысырып тастайды» деп болжаған
еді. Олар қателеспеген сияқты: 2016 жылдың
ақпанында WhatsApp өзінің ресми блогында
қосымшаны қолданушылар саны 1 млрдқа жеткенін
жазды.
Жалпы, бастапқыда қолданушылар саны ашық
жарияланбайтын. Бірақ Enders Analysis сараптамалық
қызметі 2012 жылы қолданушылар саны 100 млнға
жетті деп хабарлаған. Статистикаға қарасаңыз, әр жыл
сайын қосылған қолданушылар саны миллионнан
асып, миллиардқа жетті: 2015 жылы аталған
бағдарламаны Android-та қолданушылар саны 1
млрдқа жетті. Бір жылдары бұл қосымша Apple
дүкенінде 121 елдегі ең танымал – ең көп жүктелген
қосымша болып танылды. 2014 жылғы ақпанның 19-
ында Facebook WhatsApp-ты 19 млрд долларға сатып
алғанын айтқан. Кейіннен қосымшаны жасағандардың
бірі Ян Кум директорлар кеңесінің қатарына
қосылғаны белгілі болды.
Хатымызды
ешкім оқымайды
ма?
WhatsApp-тың алдыңғы нұсқаларында қауіпсіздік
шараларының сақталмауы көп сыналды. Негізі
айтылғандардың бәрі орынды еді. 2011 жылы өзге
қолданушылардың хатын еркін оқу фактілері тіркеліп,
қосымша белсенді юзерлердің кейбірінен қағылған.
2012 жылы да белгісіз хакер WhatsAppStatus.net
сайтын ашты. Сол сайт арқылы оның статусын өзгерте
алуыңызға болатын еді. Сол жылдың 14 қыркүйегінде
германиялық The H техникалық сайты да кез келген
аккаунттан материал «ұрлау» үшін API WhatsApp
бағдарламасын қалай қолдануға болатыны туралы
жазды. Мұның барлығы WhatsApp-тың
қызметкерлеріне үлкен сын-тегеурін болғаны анық.
2016 жылдың сәуірінде шыққан WhatsApp-тың кезекті
2.16.12 нұсқалы жаңаруында қосымшаның
қызметкерлері қауіпсіздік шарасын мықтап қолға
алғаны байқалды.
Олар қалай ақша
табады?

WhatsApp мессенджері 2016 жылдың 18 қаңтарынан


тегін болды. Бұған дейін қосымшаны бір жыл тегін
пайдаланып болған соң, жыл сайынғы төлем 1 АҚШ
доллары тұратын еді. Олардың жалғыз табыс көзі де
сол еді. WhatsApp-та хабарлама жіберуге ақы
алынбағанмен, телефон операторларында интернет-
трафик үшін түрлі тарифтік жоспарлар бар екенін
білетін шығарсыз. Компанияның айтуынша, алда
микротөлемдер мен жарнамалық баннерлер қосу да
жоспарланып отырған жоқ. Қазір WhatsApp-тың
кәсіпкерлер мен ұйымдарға, мысалы банктер мен
авиакомпанияларға арналған түрлі қызметі сыналып
жатыр.
Назарларыңызға
рахмет!!!

You might also like