You are on page 1of 7

УДК372.881.111.

1
Қағазбаев Ж.А.
Ердуалиева М.Е.
Шетел тілін оқытуда оқушылардың әмбебап оқу әрекеттерін
дамыту
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті,
Қарағанды қ, Қазақстан
Аннотация. В статье рассмотрена сущность универсальных учебных
действий: функции и потенциал. Следует выделить особое значение обучению
иностранному языку в развитии универсальных учебных действий благодаря
коммуникативной направленности учебного предмета «Английский язык». В
ходе эксперимента определены уровни и показатели сформированности
коммуникативных учебных действий. Развитие универсальных учебных
действий, способствует не только развитию умения взаимодействовать с
субъектами учебного процесса, выполнять различные социальные роли в
образовательной среде, но и является ресурсом эффективности и благополучия
будущей жизни учащихся.
Кілт сөздер: шетел тілі сабағы, білім беру, бағалау, әмбебап оқу іс-
әрекеттері, әлеуметтік құзыреттілік, функциялар.

Кең мағынада «әмбебап оқу іс-әрекеті» термині оқу қабілетін білдіреді,


яғни жаңа әлеуметтік тәжірибені белсенді және саналы түрде игеру арқылы
өзін-өзі дамыту және жетілдіру қабілеті. Басқаша сөзбен айтқанда әмбебап
оқу іс-әрекеті — оқушының жаңа білімді, дағдыларды өз бетінше меңгеру
қабілетін, оның ішінде осы үдерісті ұйымдастыруды қамтамасыз ететін
әрекеттерінің жиынтығы.
Оқушының жаңа білімді өз бетінше игеруі дербес білімді қоса алғанда,
білік пен құзыреттілікті қалыптастыру, оқу үдерісін ұйымдастыру, яғни
әмбебап оқу іс-әрекеттері оқушыларға әртүрлі пәндік салаларда да, оның
мақсатты бағытын білуді қамтиды. Осылайша, оқу қабілетіне қол жеткізу
оқушылардың оқу іс-әрекетінің барлық құрамбөліктерін толық игеруін
меңзейді. Оларға танымдық және оқу мотивтерң, оқу мақсаты мен міндеті, оқу
әрекеттері мен операциялары (бағдарлау, материалды түрлендіру, бақылау
және бағалау) жатады. Оқу қабілеті — оқушылардың пәндік білімді игеру
тиімділігін арттырудың, дағдылар мен құзыреттіліктерді, әлем бейнесін және
жеке моральдық таңдаудың құндылық-семантикалық негіздерін
қалыптастырудың маңызды факторы.
Оқу бағдарламасы аясында «Ағылшын тілі» пәнін игеруде
оқушылардың жан жақты іздену, жаңа материалдарды саналы, белсенді түрде
меңгере отырып тұлғалық қасиеттерді дамыту, өзін-өзі жетілдіру өте
маңызды. Осы тұрғыда Юрий Бабанский, Исаак Лернер, Нелли Лошкарева
сынды педагог-ғалымдар әмбебап оқу әрекетін іскерлік ұғымына теңестіреді.
Ал іскерлік — барлық іс-әрекетті саналы түрде игеру. Ғалымдар ұсынған
интерпретация бойынша әрекеттер біртіндеп дағдыға, ал дағды білікке
1
айналады. Мәселен, бала алдымен цифрларды жаттаса, оның дағдысы еркін
санай білумен айқындалады [1].
Әмбебап оқу әрекеттеріне өзіндік функциялар тән. Білім алушының өз
бетінше жүзеге асыратын оқу іс-әрекеті аясында оқу мақсаттары мен
міндеттерін анықтау, оларға жетудің құралдары мен әдістерін қолдану,
үдерісті өзіндік бақылау, бағалау және өз қызметінің нәтижелерін саралап
отыру қажет.
Тұлғаның үйлесімді дамуы, үздіксіз білім беру бағытында өз әлеуетін жүзеге
асыру үшін жағдай жасау және пән бойынша білім, дағдылар мен құзыреттерді
қалыптастыру ерекше маңызды.
Жалпы білім берудің негізгі мақсаттарына сәйкес келетін әмбебап оқу
әрекеттері жеке, реттеуші, танымдық және коммуникативті сынды төрт
құрамбөліктерден тұрады.
Жеке әмбебап оқу әрекеттері білім алушылардың құндылық-
семантикалық бағдарын (іс-әрекеттер мен оқиғаларды қабылданған этикалық
қағидалармен байланыстыра білу, моральдық нормаларды игеру және мінез-
құлықтың моральдық аспектісін ажырата білу) және әлеуметтік рөлдер мен
тұлғааралық қатынастардағы бағдарлауды қамтамасыз етеді. Оқу іс-әрекетіне
қатысты жеке іс-әрекеттің үш түрін бөліп көрсету қажет деп санаймыз. Оларға
жеке, кәсіби, өмірлік өзін-өзі анықтау, оқу мақамын қалыптастыру, яғни білім
алушылардың оқу іс-әрекетінің мақсаты мен оның мотиві, басқаша айтқанда,
оқу нәтижесі мен іс-әрекетті не үшін жүзеге асыратындығы арасында
байланыс орнатуды жатқызуға болады. Жеке әмбебап оқу іс-әрекеттері
саласында білім алушының ішкі ұстанымы, оқу және танымдық мотивтерді
қоса алғанда, оқу іс-әрекетінің моральдық нормаларға бағдарлануы маңызды.
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыруды реттеуші әрекеттер де қамтамасыз етеді.
Оларға мақсат қою, жоспарлау, болжау, бақылау (әрекет ету тәсілі мен
нәтижесін салыстыру мақсатында), түзету (қажетті өзгерістер енгізу), бағалау
(оқушылардың қабылдаған ақпаратты түсінуі), өзін-өзі реттеу жатады [2].
Аталмыш әрекеттер білім алушыларға өздерінің оқу қызметін ұйымдастыру
үшін қажет. Оларға мыналар жатады:
- мақсат қою — бұл оқушылар бұрыннан білетін , игерген және әлі
белгісіз құбылыстардың арақатынасы негізінде оқу міндетін айқындау;
- жоспарлау — түпкілікті нәтижені ескере отырып, аралық мақсаттардың
реттілігін анықтау; іс-әрекеттің жоспары мен реттілік тізбегін құру;
- болжау — нәтижені бағдарлау және білімді игеру деңгейін, оған
уақытша болжалды сипаттама беру;
- түзету — нақты әрекет және оның нәтижесі сәйкес келмеген жағдайда
жоспарға және әрекет ету тәсіліне қажетті толықтырулар мен түзетулер енгізу;
білім алушының, мұғалімнің, осы нәтижені бағалауына сүйене отырып, өз
қызметінің нәтижесіне өзгерістер енгізу;
- бағалау — білім алушыларға қазірдің өзінде не үйренгенін және нені
игеру керектігін анықтау және түсіну, игерудің сапасы мен деңгейіне назар
аудару; жұмыс нәтижелерін бағалау;
- өзін-өзі реттеу — күш пен қуатты, ерік-жігерді жұмылдыру,
кедергілерді еңсеру[].
2
Танымдық әмбебап оқу әрекеттері жалпы білім беру, логикалық оқу
әрекеттері, сонымен қатар мәселені шешуді қамтиды.
Жалпы білім беретін әмбебап әрекеттер келесі құрамбөліктерден тұрады:
- танымдық мақсатты дербес бөлу және тұжырымдау;
- қажетті ақпаратты іздеу және бөлу;
- ақпараттық іздеу әдістерін, соның ішінде компьютерлік құралдарды
қолдану;
- білімді құрылымдау;
- ауызекі тілде және жазбаша түрде өз ой-пікірін саналы және ерікті
түрде жеткізе білу;
- нақты жағдайларға байланысты мәселелерді шешудің ең тиімді
әдістерін таңдау;
- іс-әрекет тәсілдері мен шарттарының рефлексиясы, іс-әрекет үдерісі
мен нәтижелерін бақылау және бағалау;
- оқу мақсатын түсіну және мақсатқа байланысты оқу түрін таңдау;
әртүрлі жанрдағы тыңдаған мәтіндерден қажетті ақпаратты алу; негізгі және
қосалқы ақпаратты анықтау; көркем, ғылыми, публицистикалық және ресми-
іскерлік стильдегі мәтіндерді еркін бағдарлау және қабылдау; бұқаралық
ақпарат құралдарының тілін түсіну және талапқа сәйкес бағалау;
- проблеманы тұжырымдау, шығармашылық және іздеу санатындағы
мәселелерді шешуде әрекет алгоритмдерін құру.
Танымдық әмбебап оқу іс-әрекеттері бағытында білім алушылар
хабарламалар мен олардың маңызды құрамбөліктері-мәтіндерді қабылдауға
және талдауға, символдық құралдарды қолдануға үйренеді, соның ішінде
модельдеу әрекетін, сондай-ақ логикалық әрекеттер мен операциялардың кең
спектрін, соның ішінде міндеттерді шешудің жалпы әдістерін меңгереді.
Жалпы білім беру бағдарламаларына мыналар жатады: мақсатты
айқындау, ақпаратты іздеу, ауызша және жазбаша түрде мәлімдеме жасау, іс-
әрекеттің әдістері мен шарттарын қайта қарау, проблеманы қою, модельдеу.
Логикалық әмбебап іс-әрекеттерге белгілерді бөліп көрсету мақсатында
ассимиляция объектілерін талдау, синтез , салыстыру критерийлерін таңдау,
салдарларды жою, себеп-салдарлық байланыстар орнату, логикалық ойлау
тізбегі, дәлелдеу, гипотеза және негіздеу жатады [3].
Коммуникативті әмбебап оқу іс-әрекеттер оқушының өзін-өзі дамуына
әсер етеді, оны келесі аспектілерде байқауға болады:
1) оқыту: бастауыш сынып оқушыларының диалог және монолог сөз
формаларын меңгеруі; нәтижелі жалпы шешімдер қабылдау үшін
ұжым, топ ішінде білім алмасу қабілеті; сұрақтар арқылы қажетті
ақпаратты алу және онымен жұмыс істеу; ой-пайымды ауызша және
жазбаша жеткізе білу;
2) дамытушы: басқа адамдардың пікірлерін болжай білу; өзін-өзі тану
және рефлексия қабілеті;
3) тәрбиелік: сұхбаттасушыға құрметпен қарау қабілеті; ұжымдық
шешімді ұйымдастыру және қабылдау кезінде бастамашы болу қабілеті;
екінші тараптың қажеттіліктеріне барабар жауап беру қабілеті; тапсырманы
орындауда бір-біріне сенім артуға және қолдауға деген ниеттің болуы;
3
4) әлеуметтік: әртүрлі көзқарастардың бар екенін түсіну және оларға
барабар жауап беру, ұжымдық позицияны дамыта білу, өз пікірін дәлелдеу;
іскерлік қатынастарды ұйымдастыра білу және командада дау-дамайсыз
ұжымдық жұмысты қамтамасыз ете білу.
Коммуникативтік әмбебап оқу іс-әрекеттері саласында оқушылар
тараптың ұстанымын ескеру, мұғаліммен және сыныптастармен
ынтымақтастық қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру, ақпаратты барабар
қабылдау және беру, мәтіндері маңызды құрамбөліктері болып табылатын
хабарламалардың пәндік мазмұны мен шарттарын көрсету дағдыларына ие
бола алады. Коммуникативті әмбебап оқу іс-әрекеттер талабы—әлеуметтік
құзыреттілікті және басқа адамдардың, сұхбаттасушының немесе іс-әрекетті
орындау ұстанымын ескеруді қамтамасыз ету; тыңдау және диалогқа түсу
мүмкіндігі; мәселелерді ұжымдық талқылауға қатысу; сыныптастар тобы
құрамында болу, олармен және ересектермен ұтымды өзара тілдесу және
ынтымақтастық негізде әрекет ету. Коммуникативті оқыту әрекеттерінің
құрылымы келесі құрамбөліктерді қамтиды:
1. Оқушылардың ықтимал қарым-қатынас туралы түсініктерінің болуы.
2. Аксиологиялық құрамбөлік коммуникацияның мотивтері мен
мақсаттарын білдіреді: ақпарат сұрау, ақпарат алмасу, презентация, көз
жеткізу, дәлелді бас тарту, эмоционалды көрініс.
3. Интерактивті құрамбөлік әмбебап және пәндік коммуникативті
әрекеттерді, сондай-ақ қарым-қатынас тәсілдерін қамтиды: диалог, монолог,
мәлімдеме, хабарлама, пікірталас, сұрақ, сөйлеу, дәлелдеу, теріске шығару,
телефонмен сөйлесу, хат, жеделхат.
4. Эмпирикалық құрамбөлік мазмұнға негізделген коммуникация
рефлексиясын, тәсілдерді түзетуді және коммуникация мақсатына жету
нәтижесін бағалауды қамтиды [4].
Тұлғаның психологиялық қабілеттерінің дамуын анықтайтын жеке,
реттеуші, танымдық және коммуникативті іс-әрекеттер құрамындағы әмбебап
оқу іс-әрекеттері жүйесін дамыту баланың жеке және танымдық салаларының
нормативті-жас дамуы аясында жүзеге асырылады. Оқу үдерісі білім
алушының оқу іс-әрекетінің мазмұны мен сипаттамаларын анықтайды және
сол арқылы аталған әмбебап оқу іс-әрекеттерінің жақын даму аймағын және
олардың қасиеттерін анықтайды.
Әмбебап оқу іс-әрекеттері—бұл оқу іс-әрекетінің әр түрінің пайда болуы
мен дамуы, олардың бір-бірімен байланысы және оқушылардың жас
ерекшеліктерінің жалпы логикасы арқылы анықталатын біртұтас жүйе.
Қазіргі уақытта мектептегі оқыту тәжірибесінде білім беру үдерісінің
психологиялық құрамдас бөлігі ретінде әмбебап оқу әрекеттерін дамыту
бойынша жұмыс өздігінен жүзеге асырылады. Мұғалімдердің шамалы бөлігі
ғана әмбебап оқу іс-әрекеттерін қалыптастыру талабын жүзеге асыруға
талпынады. Әмбебап оқу іс-әрекеттерінің дамуының стихиялық және
кездейсоқ сипаты оқушылардың оқу мотивациясы мен танымдық
бастамасының төмен деңгейінде, оқушылардың оқу және танымдық іс-
әрекетті реттеу қабілетінің жетілмегендігінде, жалпы танымдық және
логикалық іс-әрекеттердің жеткіліксіз қалыптасуында және мектептің
4
бейімделмеуінде, девиантты мінез-құлықтың өсуінде көрінеді. Қалыптасқан
жағдайға балама сана, парасаттылық, қарым-қатынастың жоғары деңгейі және
әртүрлі құзыретін қолдана білу дайындығы, сыни ойлау, білімді игеру сияқты
алдын ала болжанған қасиеттері бар әмбебап оқу іс-әрекеттерін мақсатты
жоспарлы түрде қалыптастыру қажет.
Танымды және реттеуші әмбебап оқу іс-әрекеттері оқу тапсырмасын
орындау және коммуникативті міндеттерді шешу барысын жоспарлауға, осы
мақсатқа жету үшін қажетті ақпаратты іздеуге; олардың ұқсастығын не
айырмашылығын салыстыру және нақты дәлел үшін оның элементтерін
талдауға, себеп-салдарлық байланыстар орнату және логикалық пайымдау
тізбегін құру, қорытынды жасауға; әрекет ету тәсілін берілген эталонмен
салыстыру және қажет болған жағдайда оған түзетулер енгізуге; бұрыннан
білетін және жаңадан қарастыру керек ақпараттарды анықтауға баулиды.
Егер оқушы оқу іс-әрекетін игеру үшін қажетті танымдық, реттеуші
және коммуникативті әмбебап оқу іс-әрекеттерін иеленсе, онда бұл жағдайда
ол мета-пәндік нәтижелерге қол жеткізеді.
Ұсынылған әмбебап оқу іс-әрекеттерді зерттеуші ғалымдар кез-келген
пәндік қызметті игерудің негізі ретінде қарастырады. бұл біздің жағдайда
сөйлеу, тыңдау, оқу және жазу сияқты шет тіліндегі сөйлеу әрекеттері болып
табылады, олар қарым-қатынастың негізгі жаңа тәсілдері ретінде әрекет етеді.
Бұл ереже, бір жағынан, оқушылардың жеке және мета-пәндік білім беру
нәтижелеріне қол жеткізуінің негізі ретінде әмбебап оқу іс-әрекеттерін өзара
байланысты игеруге, ал екінші жағынан, шет тілдік қарым-қатынасты игеру
үшін оқушылардың білім беру мекемелерінің мұғалімін ұйымдастыруға және
басқаруға арналған құралдарды анықтауға көшуге мүмкіндік береді[5].
Қорыта айтқанда, оқу әмбебап іс-әрекеттерін меңгеру, нәтижесінде
жаңа білім алу, жаңа дағдылар мен дағдыларды игеру, соның ішінде игеру
процесін өз бетінше ұйымдастыру қабілетін қалыптастыруға алып келеді. Бұл
қабілет әмбебап оқу іс-әрекеттері – бұл оқушылардың әртүрлі пәндік
салаларда да, оқу іс-әрекетінің құрылымында да кең бағдарлану мүмкіндігін
ашатын жалпыланған әрекеттер, соның ішінде оқушылардың оның мақсатты
бағыты мен құндылық-семантикалық сипаттамаларын түсінуімен қамтамасыз
етіледі. Осылайша, "оқу қабілетіне" қол жеткізу оқу іс-әрекетінің барлық
компоненттерін толық игеруді қамтиды, оған мыналар кіреді: танымдық және
оқу мотивтері; оқу мақсаты; оқу міндеті; оқу әрекеттері мен операциялары
(бағдарлау, материалды түрлендіру, бақылау және бағалау).

ӘДЕБИЕТТЕР
1 Қоянбаев Ж. Б., Қоянбаев Р. М. Педагогика.Алматы, 2002. — 245 бет
2 Асмолов А. Г., Бурменская Г. В., Володарская И. А. и др. Как проектировать
универсальные учебные действия в начальной школе. От действия к мысли: пособие для
учителя / под ред. А. Г. Асмолова. 3-е изд. М.: Просвещение, 2010. 159 с.
3. Лисина М. И. Формирование личности ребенка в общении. СПб.: Питер, 2009.-
318с.
МалявинД.В.Работа с газетой на английском языке.М.:Просвещение,1991. - 128с.
4. Тюрикова С. А. Коммуникативные универсальные учебные действия: сущность и
показатели сформированности [Электронный ресурс] // Науковедение. 2014. № 3. URL:
5
http://naukovedenie.ru/PDF/135PVN314.pdf.
5. Куклина С.С. Полифункциональные упражнения как деятельностные средства
достижения учащимися образовательных результатов по предмету "Иностранный
язык" // Иностранные языки в школе. - 2021. - № 1. - С. 13-20.

6
7

You might also like