You are on page 1of 5

Педагогтің аты-жөні: Оналбек Аяжан

Күні: 22.02.2022 жыл


Сыныбы: 4 «Ғ»
Сабақтың тақырыбы: Алғыс айту – парызым!
Оқу бағдарламасына Оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Ризашылық, рахмет, алғыс туралы түсінік беру.
сәйкес оқыту Үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын дамыту. Әдептілікке, кішіпейілділікке,
мақсаттары: ізеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың мақсаты Оқушылардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту .
Бағалау критерийі:
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңі/уақыт Педагогтің әрекеті Оқушылардың әрекеті Бағалау Ресурстар
Ұйымдастыру - Оқушылармен амандасу Мұғаліммен бірге бүгінгі
Бір, екі, үш, сабаққа сәттілік тілейді.
Сынып іші тып- тыныш.
Жалқаулықты тастаймыз,
Сабақты біз бастаймыз.
Сәтті өтсін сабағымыз,
Ашық болсын қабағымыз.

Проблемалық сұрақ:
- Жақсылық жасаудың біз үшін қандай пайдасы Оқушылар сұрақтарға ҚБ:
бар? ауызша жауапи береді. Жарайсыңдар!
- Біз неліктен басқаларға жақсылық жасауымыз
қажет?
«Білгенге маржан»
- 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев
Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні
- 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп
жариялап, № 173 Жарлыққа қол қойды. Қазақстан
халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін
атап өтті.
Жаңа сабақ Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, Оқушылар тақырыппен Тақырыпқа
Тәжірибе көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай — танысады қатысты
ақ оның ойы мен іс — әрекетіне, жасаған істеріне суреттер
жоғары баға беруі.
Алғыс айту күні – Қазақстан халқын
мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік
Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының,
қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы –
еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ
астына топтастыратын Қазақстан халқы
Ассамблеясының күні. Бұл күн – күрделі заманда
иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде
Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстанды
құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық
азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн.
Алғыс айту күні – қайырымдылық дәстүрлерін,
әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді
қолдау күні. Бұл – репрессия мен жер аудару
жылдарында біздің халық көрсеткен мейрімділік
пен ақ көңілдік, қолда бармен бөлісу, көмек
көрсету сынды рухани дәстүрлер күні.

- Ең бірінші кімге алғыс айтар едіңдер? Оқуышылар жауап береді. ҚБ:


Жарайсыңдар!
Алғыс - біреудің екінші біреуге ықыласын
білдіруі, рахмет айтуы. Алғысты сөзбен
немесе қимыл, іс-әрекет, заттай сыйлық беру, тіпті
жақсы қарым-қатынас түрінде де білдіруге болады.
Әркім Алғыс алу арқылы өзінің басқалармен
қарым-қатынасын, өмірдегі орнын бағалай алады.
Қазақ халқының ұғымында неғұрлым көп Алғыс
алған адам бақытты болады. “Алғыспен ер
көгерер” деген мәтел соған меңзейді.
Сергіту сәті.
- Жағдайыңыз қалай? Оқушылар қимылмен ҚБ:
- Жақсы! (саусағымен көрсетеді) көрсетеді. Жарайсыңдар!
- Түнде қалай ұйықтайсыз?
- Былай! (көзін жұмып, басын қисайтып)
- Қалай жүгіресіз?
- Былай! (жүгірген қимыл көрсетеді)
- Қалай ренжисіз?
- Былай! (екі ұртын томпитып,)
- Көңіл - күйіңіз қалай?
- Өте жақсы! (саусағымен көрсетеді)
Қорытындылау - Сонымен, рахметке лайықты кімдер? Оқушылар өлеңді хормен, ҚБ:
- Бастысы – алғыс айта білу… мәнерлеп оқимыз. Жарайсыңдар!
Анаға – өмір сыйлағаны үшін,
Әкеге – қорған болғаны үшін,
Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,
Сөзге – жанды жылытатыны үшін,
Күнге – шуағы мен назары үшін,
Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,
Досқа – құшағы мен иығы үшін,
Әжеге – ыстық алақаны үшін,
Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,
Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін
Алғыс айтамыз!!!

«Жалғасын тап» ойыны


Оқушылар жалғасын ҚБ:
1.Алғыс алған арымас,
табады. Жарайсыңдар!
Қарғыс алған жарымас.
2. Алғыс алған жігіттің аты бәйгеден келеді.
3.Алтын алма, алғыс ал: алтын деген жер сыйы,
алғыс деген ел сыйы.
4. Қағынған қарғыс алар,
Қарасқан алғыс алар.
5. Қайырымдылық жасасаң,
Қайырын өзің көресің.
6. Қонағыңның алтынын алма, алғысын ал.
7. Алғыс алған шеккі емес,
Қарғыс алған көктемес.
8. Адамдықтың нұры бол,
Адалдықтың құлы бол.
9. Жақсыдан жылы сөзіңді аяма.
10. Ел алғысын алсаң,
Елеулісі боларсың.

- Құрметті оқушылар, жылы сөз, қайрымды іс,


жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңізді ешкімнен
ешқашан аямаңыздар, «Рахмет» деген қасиетті
сөзді жиі айтыңыздар. Адам алғыс пен
ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы
келіп тұратынын естеріңізде сақтаңыздар. Өмірдің
әрбір сәтін бағалай білу, жақын адамдарға
қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін
алғыс айтуды ұмытпаңыздар.
Бекіту Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Бағалау парақшасын Бағалау
толтырады. парақшасы
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған Смайликтер
нұсқаға жабыстырады
«№188 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тақырыбы:
«Алғыс айту – парызым!»

4 «Д» сынып жетекшісі:


Қайыпова Перизат Әлімқадырқызы
Алматы, 2022 оқу жылы

You might also like