You are on page 1of 11

Тақырыбы: Жамбыл Жабаевтың туғанына 175жыл

«Жүз жасаған бәйтерек»


Мақсаты: Жыр алыбы Жамбылдың ақындық талантын шәкірт
жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай білуге ұғындыру.
Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту, сөз өнерін қадірлеп,
қастерлей білуге дағдыландыру, ақын өлеңдерін, поэзиясын сүйе
білуге үйрету.
Ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып,
адамгершілікке, елінінің өнерін сүюге тәбиелеу.
Көрнекілігі: ақын портреті,, Жамбыл әлемі слайд.
Жүру барысы:
І. Кіріспе:
Мұғалім:
- Армысыздар, ардақты ұстаздар, қонақтар мен балалар!
Заманының "ХХ ғасыр Гомері" жыр дүлділі, ғасыр ақыны, Жыр
алыбы - Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Жүз
жасаған бәйтерек» атты сынып сағатына қош келдіңіздер! Бүгінгі
біздің тақырыптық іс-шара қара өлеңнің алыбы, даланың дархан
данасы Жамбыл ата өзіңнің үміт күткен ұрпақтарың сіз туралы ой
толғап сыр шертеді.
Дана:
Жүзге кеп бақыт тапқан ақын Жамбыл,
Дүниеге түгел кеткен атың Жамбыл.
Тілекке көл аңсаған бүгін жеттің,
Далада жасасаң да ғасыр Жамбыл.
Халық үшін төрге төсеп төсек етер,
Ағарған сақалы мен шашы Жамбыл.
Көтерген көкке төбе тірелгенше,
Иеді көпшілікке басын Жамбыл.
ІІ. Негізгі бөлім:
Інжу:
Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап
шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына
бөленген Жамбыл Жабаев 175 жасқа толып отыр.
1. Өмірбаяны
Асылназ :
Жыр алыбы суырып салма ақын , қазақ халқының ұлы
перзенті Жамбыл Жабаев қазіргі Жамбыл облысы Мойынқұм
ауданы, Жамбыл тауының етегінде 1846 жылы 28 ақпанда көшпелі
кедей отбасында дүниеге келді . Ұлы жүздің шапырашты
тайпасының екей руынан шыққан. Арғы аталары дәулетті болғанымен,
Жамбылдың әкесі Жапа шаруа кісі болған. Кей тарихи деректе жыр
алыбының әкесі туралы шоқпыт шапанды кедей болған деген
сипаттама кездеседі.
Дана:
Әкесі Жабай орта бойлы, жұмыр денелі, ат үстінде әбжіл, найзагер кісі
екен. Досына мейірбан, дұшпанына қатал болса керек. Оның ел, жер,
барымта дауларына араласып, бітімгершілік айтқан кезі де болыпты.
Жамбылдың анасы Ұлдан көп сөйлемейтін, сөйлесе тауып айтатын,
турашыл тік мінезді, әрі абысын-ажын арасында бетті, беделді ана
болыпты.
Жамбыл Жабаев өмірбаяны туралы видеороликтен үзінді.
Марлен:
Қақаған қар аралас соғып боран,
Ел үрей, көк найзалы жау торыған.
Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын,
Жамбыл деп қойылыпты атым сонан.
Дана:
Екі ғасырдың куәсі, жыршы- жырау, халық ақыны, ірі айтыскер ақын,
«Халық поэзиясының алыбы»,«Жамбыл – менің жай атым, халық-
менің шын атым» деген ұлы тұлға.Қазақтың ұлы ақыны Жамбыл жүз
жасаған ақын.
Асылназ:
Жамбыл деген жай атым,
Халық менің шын атым —
Жал, құйрығым, қанатым.
Аңсап тапқан мұратым.
Жаңқамды жауға бермеске
Отанға берген бар антым.
Миллион-миллион барлық жан,
Арыстан жүрек ер балам,
Сарқылғанша тамшы қан
Қорған, шебін құратын.
Жау мойнын жұлатын, —
Антым — осы болатын.
Қасиетін Отанның
Білмеген, менен сұрасын,
Жау сергелдең болмасын,
Болса, көрсін оңбасын!
Көрініс: Жамбыл атаның балалық шағынан үзінді.
Бала Жамбылды сомдаған Қайроллаұлы Ғани.
Атаны сомдаған Бердіғали Дарын
Айкөркем:
Жамбылдың ақындық дарыны жас кезінен -ақ таныла бастаған .
Бозбала шағынан ортасын ән мен жырға кенелтіп, көршілес қырғыз
еліне де даңқы жайылған. Сол кезде Жамбыл Жетісудың дүлдүл
ақыны Сүйінбайға жолығып, оның батасын алады.
Дана:
Халық поэзиясының алыбы атанған Жамбылдың есімі дүние жүзі
халықтарына кеңінен мәлім. Жамбыл медресе-мектептің есігін ашып,
қолына қалам ұстап, жазу-сызуды білмесе де, жастайынан домбыра
тартып, жыр жаттады, қазақ халқының сөз өнерін үйренді, кейін
ақындығымен елге әйгілі жыршы атанды.
Ол «Көрұғлы», «Мұңлық- Зарлық», «Шаһнама», «Қыз Жібек» сияқты
үлкен дастандарды бірнеше апта бойы жырлаған.
Көрініс: Бала Жамбылдың әкесінен бата алуы .
Бала Жамбыл ролінде Қайроллаұлы Ғани.
Әке ролінде Қыдырбеков Марлен .
Асылназ:
Жамбылды нағыз ақын ретінде байтақ елге танытқан, оның есімін
бүкіл Жетісуға, Қырғызстанға, Сыр бойына таратқан өнері – оның
айтыстары. Ақындармен айтыс Жамбылдың суырып салмалық
дарынын шыңдады, ақындық шеберлігін арттырды, азаматтық өресін
өсірді және тақырып аясын кеңейтті. Жамбылдың Сайқал қызбен,
Жаныс ақынмен, Бөлектің қызымен, Бұрым қызбен, Айкүміспен,
Сарамен, Сары ақынмен, Шыбылмен, Бөлтірікпен, Майкөтпен,
Сарбаспен, Құлмамбетпен, Доспамбетпен, Шашубаймен, т. б.
айтыстары қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылды. Оның
айтыстарында қыз бен жігіттің қайым айтысы да, түре айтыс та, сүре
айтыс та бар. Осының қай-қайсысында да Жамбыл өзінің нағыз
майталман, кестелі сөздің шебері, әрі ұшқыр ойлы, тапқыр шешен
екенін көрсетеді.
Маржан:
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына Жамбыл ақын белсене
қатынасты. Патша жарлығына қарсы көтерілген халық бұқарасының
қалың ортасында жүрді. Өзінің жалынды үндеу жырларын сол
қозғалысқа арнап шығарды. Оның көбісі сақталмаған. Тек есте қалып,
хатқа түскені – «Патша әмірі тарылды», «Зілді бұйрық» деген өлең-
толғаулары.
Назерке:
«Верныйден» жандаралдар бұйрық қылды,
Құйрығы бұйрығының тіпті зілді. ,
«Отыз бір - он тоғызды алад» деген
Суық хабар халықты бұлқындырды.
Мөлдір:
Жылады сорлы халық, малын айтып,
«Кеткен соң қолдан шығып, келмес қайтып», -
Дейді де еңірейді, егіледі,
Қайғының күні-түні күйін тартып.
Ұлпан:
«Верныйдың» қадам баспай қаласына,
Кемпір, шал жылап жатыр баласына.
Ешбір ем табылмады іздесе де
Халықтың жүректегі жарасына.
Маржан:
Пристав келіп қалды бала сұрап,
Ел жатыр бермейміз деп қойдай шулап.
«Қырсаң да баламызды бермейміз» деп,
Тайсалмай әке-шеше жатыр сұлап.
Пристав ашуланды «аламыз» деп,
Інжу:
Жігіттер тұр: «Бармаймыз, қаламыз, - деп. -
Егер де бұл түріңді өзгертпесең,
Басыңа бір ойранды саламыз!» - деп.
Ел-ел боп жиылды кеп әрбір сайға,
Ал әлеумет, қараңдар мына жайға.
Сеңдей болып соғылып толқындады,
Еңілік:
1941-1945 жылдар біздің Отанымыз үшін ең ауыр жылдар болды.
Гитлер бастаған неміс басқыншылары соғыс жарияламай жерімізге
енді. Нева жағасындағы Ленинград қаласы 900 күн қоршауда қалды.
Халқымыз үшін бұл күндер – зұлмат күндер болды. Осы қайғылы
жағдайға байланысты Жамбыл өзінің "Ленинградтық өренім” атты
өлеңін арнады.
Нұрбақыт:
Ленинградтық өренім!
Мақтанышым сен едің!
Нева өзенін сүйкімді!
Бұлағымдай көремін.
Каусар:
Көпіріне қарасам,
Көмкерген су көлемін,
Өркеш-өркеш жарасқан
Шоқылардай дер едім.
Дидар:
Сапырылған көк теңіз
Шомылдырып кемерін!
Шамы күндей жайнаған,
Аспанға үйлер бойлаған...
Ұлпан :
Арқа тұтып алыста,
Айбыным деп ойлағам!
Жасағам жоқ өмірді
Жау сойқанын көргелі,
Хатыңды, ботам, оқыдым,
Мұғаліім:
Жамбылдың ұлы Алғадай да Отанын жаудан қорғау үшін соғысқа
барады. Жамбыл атамыз ұлы Алғадайға «Балама хат» өлеңін
арнады.
Марлен:
Хатыңды, ботам, оқыдым,
Халіңді білдім сапардан.
Қуанып саған отырмын
Гвардеец атанған.
Мәди:
Сұраншы, Саурық секілді
Болыпсың, балам, қаһарман:
Қайтармай жаудан бетіңді,
Қаптаған қолға қасқарған.
Ғани:
Жазыпты сәлем достарың,
Сөздері семсер секілді
Құрыштан құрап қақталған;
Қыруар елден тоғысып
Жігіттер еді аттанған.
Мағжан:
Қаймықпай жаумен соғысып,
Хабарын айтқан қайтарған.
Жазыпты бәрі хатыңда
«Құртамыз жауды жаһаннан.
Болмағы кәміл жақында
Жауыздың орны жаһаннам!»
Есіңде, балам, бар шығар,
Сартай Дананың орындауында «Әке , ана» әнін
тамашалаңыздар.
Жамбыл ата балаларды өте жақсы көрген . Ол
бүлдіршіндерге «Балаларға» өлеңін арнайды.
Дарын:
Балалар, аманбысың шырақтарым,
Майысып көлге біткен құрақтарым!
Жүрмесем есендесіп тұра алмаймын,
Ішінен асып кетсе бір аптаның.
Мөлдір:
Қонаққа келді міне Жамбыл атаң,
Сан жылдар жүк көтерген бүкір жотам,
Қарт бабаң дәуіріне мейірі қанған
Қуанып жастығына сендей ботам.
Айкөркем:
Білемін өмірлерің тұрған жайнап,
Күндіз, түн жастық үшін жарық сайлап.
Ай, жұлдыз, күннің көзі, жел менен су—
Бәрі де сендердікі әлемге айғақ.
Жамбыл ата балаларға «Бата» өлеңін арнады.
Нұрбақыт:
«Әумиін» деп қолынды жай,
Қабат тусын күн менен ай,
Алғаның болсын сайма-сай,
Қапалық болмай кезінде,
Ылғи болсын мамыражай.
Мәди:
Қос-қостан тауып ұл мен қыз,
Мінтені болсын жорға тай,
Ертең ерте біреуі
Қойға кетсін қудалап,
Түйеге кетсін біреуі
Екі көзін уқалап.
Егін ексін біреуі
Су сағасын томалап.
Мағжан:
Оттың басын шаңдатып,
Біреуі жатсын домалап.
Жылқы бақсын біреуі
Асауларды күделеп.
Сөз сөйлесін біреуі
Көп ішінде сүбелеп.
Інжу:
Жамбыл екі заман тұсында өмір сүрді. Екі дәуірдің куәсі болған ақын
өз көзімен көрген өмірдің бар шындығын жырлады.
Шын жүректен шыққан сөз. Ақын жазушылардың Жамбылға берген
бағасы.
Інжу:
Жамбыл – ақыл ойдың алғыры , өзгеге ұқсамайтын дара , оқшау
бет – бейнесін аса зор құбылыс. Оның бір өзі әрі эпик ақын , әрі айтыс
ақыны, әрі азаматтық әуеннің де ақыны.
М. Әуезов
Еңілік:
Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан
сықылды. Оны жинап алып, халқының қолына беру- біздің
әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.
С. Сейфуллин
Маржан:
Жамбыл жырлары Бұғымүйіз, Бесмойнақ жайлауларының гүліндей
алуан түрлі. Хош иісі күншілік жерден аңқып тұрады. Ақын жырын
тыңдаған сайын, көк жайлауға әсер аласың.
І. Жансүгіров
Мөлдір:
Жамбыл- жүз жасаған адам, соның 85 жылы ақындықпен өтті. Ол
әлеуметтік және жеке өміріндегі сөзінің көбін өлеңмен сөйлеген
кісі.
С. Мұқанов.
Мейрамбек:
Абайдың басын берсін,
Жамбылдың жасын берсін,
Әміренің әнін берсін,
Сәкеннің сәнін берсін,
Құрманғазының күйін берсін,
Шараның биін берсін,
Қажымұқанның қайратын берсін,
Исатайдың айбатын берсін,
Мұхтардың атағын берсін,
Бауыржанның батырлығын берсін!
Әумин
Хор : «Көк тудың желбірегені» әні.
Қорытынды:
Осымен «Жүз жасаған бәйтерек» атты Жамбыл Жабаевтың
175 жылдығына арналған тақырыптық іс-шарамыз аяқталды. Ынта
қойып, тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.

You might also like