You are on page 1of 5

Scanned by TapScanner

«Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтихан сұрақтары


1. «Қазақстан тарихы» курсының мақсаты мен міндеттері. Тарихи үдерісті кезеңдеу.
2. Қазақстан тарихының тарихи деректері мен тарихнамасы.
3. Тарихи жады ұрпақтардың мәдени сабақтастығының және ұлттық-азаматтық
бірегейліктің негізі ретінде.
4. Қазақстан аумағындағы тас дәуірінің археологиялық ескерткіштері. Тарихқа дейінгі
адамның мәдениеті.
5. Ұлы дала аумағындағы энеолит және қола дәуірі. Ежелгі металлургия техникасы
және өндіруші экономиканың қалыптасуы. Ботай мәдениеті.
6. Атқа міну мәдениетінің генезисі: көшпеліліктің пайда болуының алғышарттары және
Қазақстан аумағында мал шаруашылығы.
7. Ерте темір дәуіріндегі археологиялық мәдениет ескерткіштері. Тасмола мәдениеті.
8. Ерте темір дәуіріндегі тайпалардың этносаяси және әлеуметтік тарихы.
9. Прототүріктердің мәдениет генезисі. Ғұндардың (хуннудың) этникалық және саяси
тарихы.
10. Үйсіндер мен қаңлылардың этносаяси бірлестіктері: шығу тегі және этникалық
тарихы, тарихи-мәдени мұрасы.
11. Түріктердің пайда болу мәселесі. Түрік қағанатының құрылуы, құрылымы және саяси
тарихы.
12. Батыс Түрік қағанаты («он жебе»халқы): әлеуметтік-экономикалық даму және саяси
тарих.
13. Түргеш мемлекетінің құрылуы және күшеюі. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстандағы
араб-қытай қақтығысы.
14. Қарлұқ мемлекетінің саяси тарихы: құрылуы, көрші тайпалар мен және мемлекеттер
мен қарым-қатынасы.
15. Оғыздардың этникалық тарихының мәселелері және олардың қазақ халқының
этногенезіндегі рөлі.
16. Қараханидтер мемлекеттілігі– түркі мемлекеттілігі эволюциясының жаңа кезеңі
ретінде.
17. Қимақтар мемлекеті құрылымындағы ежелгі түркі әлеуметтік-саяси дәстүрлерінің
сабақтастығы.
18. Қыпшақ хандығының құрылуы – Түркі көшпелі мемлекеттік және әлеуметтік-мәдени
дәстүрлерінің дамуының соңғы кезеңі ретінде.
19. Қазақстан аумағындағы екі шаруашылық-мәдени типтің өзара әрекеттестігі:
отырықшы және көшпелі («қала-дала»жүйесі). Оңтүстік Қазақстан және Жетісу
қалалық мәдениетінің гүлденуі. Ұлы Жібек жолы.
20. VI-XII ғасырлардағы Қазақстанның рухани мәдениеті: жазу, ауызша шығармашылық
және әдебиет, ғылым және өнер, дін.
21. Қазақстанның түркі тілдес халықтары (Әл-Фараби, Әл-Қашқари, Ысқақәл-Фараби,
Жанақ ибн Хакан-Әл-қимақтар) арасында ғылыми білімді тарату.
22. Моңғолдардың Орта Азия мен Қазақстанды жаулап алуы. Қазақстан Үш моңғол
ұлысының құрамында.
23. Алтын Орданың Еуразия империясы ретінде құрылуы: территориясы, этникалық
процестер, мәдени симбиоз.
24. Ақ Орда мемлекеті: этносаяси тарих және қазақ мемлекеттілігін қалыптастырудағы
рөлі.
25. Моғолстан мемлекеті: құрылуы, аумағы, этникалық құрамы және саяси тарихы.
26. Көшпелі өзбек мемлекеті (1428-1468жж.) немесе Әбілхайыр хандығы: аумағы және
этникалық құрамы.
27. Ноғай Ордасы: территориясы, этникалық құрамы, саяси тарихы.
28. Сібір хандығының құрылуы, оның ішкі және сыртқы саяси тарихы.
29. Алтын орданың мәдени-өркениеттік мұрасы. Қала құрылысының гүлденуі.
30. Қазақстан аумағындағы этникалық процестер. Қазақ халқының қалыптасуы
(этникалық территория, біртұтас тіл, ортақ шаруашылық, материалдық және рухани
мәдениет).
31. Қазақ жүздерінің қалыптасуының этносаяси және шаруашылық факторлары.
32. XV ғасырдың ортасында Қазақ хандығының құрылуы. Керей мен Жәнібек хандардың
қазақ мемлекеттілігін құрудағы рөлі.
33. XVI ғасырдың басындағы Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және саяси
жағдайы: ру-тайпалық құрамы, шаруашылығы. Қасым хан тұсында хандықтың
аумағын кеңейту.
34. XVI ғасырдың екінші жартысындағы қазақ хандығы: Қазақ хандығының этникалық
аумағының қалыптасуының аяқталуы. Хакназар мен Тауекел хандардың сыртқы
саясаты.
35. Қазақ хандығы XVII-XVIII ғғ. басында хандықтың әлеуметтік-экономикалық және
саяси жағдайы. «Жеті Жарғы»заңдар жинағы. XVII ғ. қазақ-жоңғар қатынастары.
36. XIV-XVIII ғғ. басындағы қазақтардың материалдық мәдениеті: қару-жарақ, қолөнер
және үй кәсіпшілігі, сауда және сауда жолдары.
37. XIV–XVIII ғғ. басындағы қазақ халқының рухани мәдениеті.
38. Қазақтың ауызша тарихнамасы мен жазбаша тарихнамасы, Мұхаммед Хайдар
Дулатидың, Қадырғали Қасым-ұлы Жалайырдың аса көрнекті еңбектерінің маңызы.
39. XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ жүздерінің сыртқы саяси жағдайы: қазақ-
орыс, қазақ-башқұрт, қазақ-қалмақ қатынастары.
40. Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресі. «Ақтабан
шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдары. Бұланты өзені мен Аңырақай
шайқасындағы қазақтардың жеңісінің мәні.
41. Абылай хан. 1739-1741 жылдардағы қазақ-жоңғар соғысы. Абылайдың Жоңғариямен,
Қытаймен және Ресей мен сыртқы саясаты.
42. Әбілқайыр хан және Кіші жүздің Ресей протекторатын қабылдауы. Орынбор
экспедициясын ұйымдастыру және оның қызметі.
43. Қазақтардың Қоқан үстемдігіне қарсы көтерілісі (1858 ж.).
44. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның Ресей империясының құрамына кіруі. XIX ғ. 60-
шы жылдарындағы Жетісудағы әскери операциялар және Іле өлкесін отарлау.
45. Ресей империясының Қазақстанды әскери-казактық отарлауы. Шекара желілерін
салу, жерлерді алу.
46. Билік институттарын реформалау мен Кіші және Орта жүздердің аумағында
аумақтық-әкімшілік басқару жүйесін енгізу. 1822 және 1824 жарғылар.
47. ХІХғ. 60-90 жылдардағы әкімшілік-аумақтық реформалар. Дала комиссиясының
қызметі. Сот жүйесі мен салық салудағы өзгерістер.
48. Бөкей хандығының (Ішкі орда) құрылуы: басқару жүйесінің ерекшеліктері, аумағы.
49. Қазақстандағы автократияның аграрлық саясаты (XIX ғ. екінші жартысы- ХХ ғ.
басы). Столыпин модернизациясы және орыс шаруаларының қоныс аударуы.
Ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуы. Қазақстанда полиэтникалық
қоғамның қалыптасуы.
50. Қазақ көшпелі қоғамының әлеуметтік ұйымының трансформациясы (XIX-ХХ
ғ.басы.): жергілікті басқару жүйесінде қазақ шенеуніктерінің қалыптасуы.
51. Орынбор Мұсылмандарының рухани жиналысы және қазақ даласы. Қазақстандағы
діни конфессиялардың миссионерлік қызметі. Джадидизмнің ағартушылық
идеяларының әсері және мектептердің ашылуы.
52. Исатай Тайманұлы пен Махамбет Өтемісұлы бастаған Бөкей хандығындағы
қазақтардың көтерілісі (1836-1838 жж.): көтерілістің қозғаушы күштері, сипаты,
кезеңдері, оның маңызы.
53. Кіші жүздегі ұлт-азаттық қозғалыс: Сырым Датұлы көтерілісі. Қаратай мен Арынғазы
сұлтандарының қозғалысы (1816-1821 жж.), Жоламан Тіленші қозғалысы (1822-1824
жж.).
54. Сұлтан Кенесары Қасымұлы бастаған қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысы (1837-1847
жж.): басталу себептері, қозғаушы күштері, барысы, негізгі кезеңдері мен себептері.
55. Торғай және Орал облыстарындағы (1868-1869 жж.) және Маңғыстаудағы (1870 ж.)
қазақтардың көтерілістерінің себептері, сипаты мен барысы.
56. Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтібарұлының көтерілістері.
57. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі қазақ даласы. 1916 жылғы ұлт-азаттық
көтеріліс:оның себептері, қозғаушы күштері, басталуы, барысы және негізгі
кезеңдері.
58. ХVIII-ХХ ғ. басындағы Қазақстан мәдениеті: ауызша поэтикалық шығармашылық
және музыкалық өнер, қазақ әдебиеті.
59. ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы мерзімді баспасөз. Қазақ халқының ұлттық сана-
сезімін қалыптастырудағы «Қазақ», «Шуро» газеттерінің, «Айқап» журналының рөлі.
М. Сералин, С. Көбеев, С. Торайғыров және т. б. шығармашылығы.
60. Қазақ зиялыларының қалыптасуы. I және II Мемлекеттік Думаның қазақ
депутаттарының қызметі.
61. Ресейдегі Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға
ықпалы. Ұлт-азаттық қозғалыстың жаңа міндеттері. Қарқаралы петициясы (1905 ж.).
Қазақ комитеттерін құру.
62. I Жалпы қазақсъезі және Алаш партиясын құру туралы шешім, партия бағдарламасы.
63. Қазан төңкерісі және Қазақстанның саяси өмірі. Кеңес өкіметінің орнауы. Ресей
халықтарының құқықтары декларациясы (15 қараша 1917ж.).
64. II Жалпы қазақ съезі және Алаш автономиясының құрылуы. Түркістан автономиясы
(Қоқан автономиясы) үкіметінің құрылуы. Мұстафа Шоқай–жалпы түркі азаттық
қозғалысының көшбасшысы.
65. Қазақстан азаматтық текетірес жылдары (1918-1920 жж.): Алаш әскери
жасақтарының қатысуы. «Соғыс коммунизмі»саясаты және оның теріс салдары.
66. Қырғыз (Қазақ) Кеңестік социалистік автономиялық республикасының құрылуы.
Қырғыз (Қазақ) АКСР-і аумақтық шекаралары мәселелерін әміршіл-әкімшіл шешу.
67. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат (ЖЭС). ЖЭС мазмұны және оны жүргізу
ерекшеліктері. 1921 жылғы жер-су реформасы. 1921-1922 жылдардағы
Қазақстандағы ашаршылық.
68. Ф. И. Голощекиннің "Кіші Қазан" идеясы: мәні мен салдары. Саяси қуғын-сүргіннің
басталуы (М.Дулатов, ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, С. Сәдуақасов, С. Қожанов, Ж.
Мыңбаевжәне т. б.).
69. Ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру және оның қайғылы салдары. Қазақ
ауылын кеңестендіру саясаты–қазақтардың дәстүрлі қоғамын бұзу.
70. Қазақстанды индустрияландыру: республикадағы индустрияландырудың жолдары
мен әдістері туралы пікір таластар, ерекшеліктері мен салдары.
71. Жаппай саяси қуғын-сүргін және оның салдары (1937-1938 жж.). Халықтарды
Қазақстанға Сталиндік депортациялау.
72. Қазақстан Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында. Республиканың әлеуметтік-
экономикалық және мәдени дамуы. Қазақстандықтардың ұрыс қимылдарына,
партизан қозғалысына қатысуы. Майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерлігі.
73. Қазақстан соғыстан кейінгі жылдары (1946-1953 жж.). Бейбіт құрылысқа көшудің
проблемалары мен қиындықтары. Қазақстан аумағындағы ядролық сынақтар және
олардың салдары.
74. 1950-1960 жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі өзгерістер.
Мемлекет және қоғам қайраткерлерін саяси ақтаудың басталуы.
75. 1950-1960 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық реформалар. Қазақ КСР-індегі
аумақтық дауды шешудегі қайшылықтар – орталықтың ұлттық мүдделерді
ескермеуінің мысалы ретінде. Ж. Тәшеновтің саяси қызметі.
76. XX ғасырдың 50-60-шы жылдарындағы ауыл шаруашылығын көтеру жөніндегі
әміршіл-әкімшіл шаралар. Қазақстанда тың жерлерді игеру: экономикалық
мақсаттылық, экологиялық ұтымдылық және тың жерлердің әлеуметтік тиімділігі.
77. Қазақстанның 1970 - 1980 жылдардағы экономикалық дамуының ерекшеліктері.
Экономиканың экстенсивті сипаты.
78. 1970-1980 жылдардағы кеңестік қоғамдағы әлеуметтік проблемалардың өсуі: азық-
түлік және тұрғын үй проблемалары, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар, күнделікті
өмірдегі тілдік дискриминация.
79. 1970-1980 жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі. Ұлттық мәселедегі
қайшылықтар мен проблемалар. Рухани жаңғыру үшін М.Шаханов, Ә. Кекілбаев, М.
Мағауин, О. Сүлейменов, І. Есенберлин және т.б. жазушылар мен ақындар
шығармашылығының маңызы.
80. Қазақстан қоғамын «қайта құру» әрекеттері: республиканың экономикалық және
қоғамдық-саяси өміріндегі өзгерістер (1985-1990 жж.). Алматыдағы 1986 жылғы
Желтоқсан көтерілісі: себептері мен салдары.
81. КСРО-ның ыдырауы және Қазақстанның егемендік алуының алғышарттары (1990-
1991 жж.): Қазақ КСР-інде «Тіл туралы Заңның» қабылдануы (1989 ж.). Қазақ КСР-
інің«Мемлекеттік егемендік туралы декларациясы» (1990 ж.).
82. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысын қалыптастыру. Қоғамның
конституциялық құрылысының негіздерін құру. Қазақстан Республикасының 1993
және 1995 жылдардағы Конституциялары.
83. Қоғамдық-саяси дамудың қазақстандық моделі. Қазақстан Республикасында
қоғамдық қозғалыстардың қалыптасуы және көп партиялық жүйенің қалыптасуы.
«Мәңгілік Ел» - XXI ғасырдағы Қазақстанның ұлттық идеясы. Қазақстан халқы
Ассамблеясы.
84. Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы мәдени процестер. «Мәдени мұра» мемлекеттік
бағдарламасы және оның халықтың ұлттық сана-сезімін қалыптастырудағы рөлі
85. Тәуелсіз Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру. Астана –
Қазақстанның жаңа елордасы: тарихы мен бүгіні.
86. Сейфуллиннің шығармашылығы және қоғамдық-саяси қызметі.
87. Қазақстанның саяси көшбасшылары: Д. А.Қонаев, Н. Ә. Назарбаев, К. Қ. Тоқаев.
88. Экономикалық дамудың қазақстандық моделі. Республиканың жоспарлы
экономикадан нарықтық экономикаға өтуінің проблемалары мен қиындықтары. Жаңа
экономикалық жүйені қалыптастыру. Ұлттық валютаны енгізу.
89. Елдің саяси жүйесін демократияландыру және жаңғырту саясаты. Ел
Конституциясына түзетулер енгізу жөніндегі Референдум (2022 жылғы 5 маусым).
ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті мемлекет.
Біртұтас ұлт. Гүлденген қоғам» жолдауы.
90. Қазақстан халықаралық қатынастар жүйесінде (1991-2022 жж.). ҚР сыртқы
саясатының негізгі бағыттары. Қ.К.Тоқаевтың «Жарық пен көлеңке», «Дипломат
очерктері» атты еңбектері – Қазақстанның сыртқы саясатының мәселелері бойынша
дереккөздер ретінде.

You might also like