You are on page 1of 264

Фетхуллаһ Гүлен

Сынық
құ мыр а
4

Алматы, 2023
ӘОЖ 28
КБЖ 86.38
Г 97

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі


Дін істері комитетінің дінтану
сараптамасының оң қорытындысы берілген

Аударған: Құдайберді Бағашар

Аударма мына түпнұсқадан жасалды:


Фетхуллаһ Гүлен, Кырык тесті-18

Гүлен Ф.
Г 97 Сынық құмыра-4. – Алматы, 2023. – 264 бет.

ISBN 978-601

Кітап сұрақ-жауап түрінде құрастырылып, автордың


қоғамдағы әртүрлі мәселелерге қатысты жауаптары бе-
рілген.
Кітап – иман байлығын, ар тазалығын жанынан биік
қоятын барша оқырманға арналған.

ӘОЖ 28
КБЖ 86.38

ISBN 978-601

© Құдайберді Бағашар, 2023


ДҮНИЕЛІК НЫҒМЕТТЕРМЕН
БЕТПЕ-БЕТ КЕЛГЕНДЕ ӨЗГЕРМЕУ

Ө згеріп кету тура бір вирус не микроб тәрізді. Бір


рет бой алдырған адамды өз еркіне оңайлықпен
жібермейді. Тістің түбіне түскен микроб көбейіп, аз
уақытта тісті шірітетіні сияқты, өзгеріп шыға келу
де сол сияқты. Тіл ұшымен өзгеріске иә деген жанға
оның алдын алу қиынға соғады. Адамның әрбір әрекеті
келесі бір әрекетті туындатады. Яғни әрбір ісіңіз басқа
бір іске мұрындық болады. Адам өз құндылықтарынан
алыстап, өзгере бастағанда шайтан мен нәпсі бұны әккі
пайдаланатыны соншалық – қырсық айналдырып, оның
шақшадай басын шарадай етеді. Жамандыққа қарай
өзгеріске аяқ басқан жан айналып келгенде Бәлам ибн
Баура секілді мүлдем басқа адам болып шығады.
Өз түбіне өзі жеткен бақытсыз жандар
Риуаят бойынша, Бәлам ибн Баура Исм ағзамды
білетін, басын көтергенде Арш ағзамды көре алатын,
жасаған дұғасы дереу қабыл болатын салиқалы
жандардың бірі еді. Тәпсіршілердің көбінің айтуынша,
Құран Кәрімдегі мына аятта аты аталмастан сол туралы
айтылған: «Оларға аяттарымыз жайлы ілім нәсіп еткен
кісінің қиссасын айтып бер»1. Аяттың жалғасында ол
кісінің соңы қалай болғаны туралы мәлімет беріледі:
«Бірақ осы іліміне қарамастан ол аяттардың аясынан
алыстады, шайтан азғырып жанына ілестіріп алды,
сөйтіп азғындардың біріне айналды. Егер қаласақ, сол
аяттар арқылы биік деңгейге жеткізер едік, алайда өзі
1
«Ағраф» сүресі, 7/175
Сұрақ-жауаптар 3
дүниеге беріліп, әуестігіне жеңілді»2. Бәлам ибн Баура
сәмауи (көк тұрғыны ауд.) болу жолында ілгерілеп
бара жатып, шайтан мен нәпсіге алданып, дүниеден
аса алмай, арзи (жер тұрғыны ауд.) болуға өз ырқымен
көнген.
Осыған ұқсас тағы бір хикая бар: әзірет Мұса Тур
тауына бара жатып, құмда жатқан, үстінде іліп алар
киімі жоқ бір кісіге жолығады. Әлгі кісі әзірет Мұса-
ға «Менің мына хәлімді Жаратушы Иеме айтшы, біраз
жағдайым дұрысталса екен» дейді. Әзірет Мұса оның
өтініш жеткізгенде, Алла Тағала ол пенде үшін кедей
болуы қайырлы екенін білдіреді. Бұны естігенде кедей
кісі байлықтың да өзі үшін қайырлы болуы мүмкін еке-
нін алға тартып, өтінішін қайталайды. Соңында Алла
дұғаны қабыл алып, әлгі кісіге шыр бітіп, алған аз ғана
малы тез көбейіп, отар-отар қой бағатын жағдайға же-
теді. Арадан біршама уақыт өтіп, бірде әзірет Мұса
сол аймаққа жолы түскенде, қалың көпшіліктің біреуді
дарға асқанын көреді. Жағдайды сұрастырғанда, өлімге
кесілген жанның баяғы кедей екенін біледі. Сөйтсе ол
дәулетіне мастанып, тез өзгеріпті. Соңында арақ ішіп,
мас күйінде біреуді өлтіріп, сол себепті жаза ретінде
дарға асылған екен3.
Бұл хикаядағы жағдай шындық па, емес пе ол жағы
бөлек әңгіме, біз үшін ондағы ой маңызды. Құран мен
Сүннетте ғибрат алу үшін берілген басқа да мысалдар
жетерлік. Айталық, байлығына масаттанып, жолдан
тайғандардың бірі – Қарун. Пайғамбарымыздың
үмбетінен Сағлаба да дәулетіне мастанып, тез өзгерген,
құбылмалылықтың тұйық шеңберінде малтығып,
өз түбіне өзі жеткен бақытсыз жанның бірі. Демек,
басқа адам болып өзгеріп кету осы дүниенің өзінде-ақ
2
«Ағраф» сүресі, 7/175-176
3
Сади, Гүлістан, 125 б. (105 хикая)
4 Сынық құмыра 4
пендені түрлі жағдайға душар етуі мүмкін. Бұл дүниеде
болмаса да берген нығмет жақсылықтарын көтере
алмай дандайсыған, мастанып, көкірек ұрып шыға
келген пенделерін Алла ақыретте жазалайтын болады.
Жаман жаққа өзгерудің алғышарттары
Қолына бірқатар жақсы мүмкіндіктер түскенде,
оларды бірден өзінің жан рақаты үшін қолданатындар
жаман жаққа өзгеру үдерісін бастап кетті деген сөз.
Олар кеше басқа, бүгін басқа, ертең тіптен басқа болып
құбылады. Кедей, әлсіз, дәрменсіз кездерінде көркем
мінезі мен діндарлығын сақтай алғанмен, жағдайы сәл
дұрыстала бастағанда іштей бұзылып, шіри бастайды.
Жаман жаққа өзгере бастаған осы байғұстардың кейбірі
«Мен осы байлыққа өзімдегі ілім, қабілеттің арқасында
кенелдім»4 деген Қарунның кебін кисе, енді бірі «Мен
сендердің ұлы раббыларыңмын»5 деген Перғауынға
айналады.
Түбегейлі өзгеру ең өзектегі кішкене шытынаудан
бастау алып, уақыт өте келе ол ұлғая береді. Біршама
уақыттан кейін өзін кең даңғыл жолдамын деп
ойлағанмен ол әлдеқашан түбі тұңғиық соқпаққа түсіп
кеткенін аңғармай да қалады. Бұндайлар Аллаға сенемін
дейді, бірақ нәпсінің жетегінде өмір сүреді. Әуел баста
Мұсаларға ұқсайтын жолда жүре бастағанмен, жолдың
соңына таман Қарунға айналып шыға келгенін өзі де
аңғармай қалады. Мәсихтың ізіне түстім деп ойлайды,
алайда біршама уақыттан соң Такиянустың кебін
құшады. Өйткені бір рет жаман жаққа өзгере бастаған
жанның қай жерге барып тоқтайтыны белгісіз. Тіпті
оның қатты өзгеретіні соншалық – егер бұрынғы қалпы
мен соңғы жағдайын суретке түсіріп өзіне көрсететін
4
«Қасас» сүресі, 28/78
5
«Назиғат» сүресі, 79/24.
Сұрақ-жауаптар 5
болсаңыз, бұрынғы қалпын өзі де танымай қалатындай
жағдайға жетеді.
Адамды өзгеріске жетелейтін факторлар әркелкі.
Кейбіреуі шен-шекпеннің соңында жүріп қатты өзгереді,
енді біреулері танымалдылыққа жетем деп аласұрады.
Енді біреулерін өзгертетін нәрсе – жайлы өмір сүру
қалауы, ал біреулерін ішсем-жесем деп дүниелік
ләззатқа салыну өзгертеді. Пайғамбарлардың жолымен
жүрсем деген небір адамдар кейіннен байлықтың құлы
болып, кейбір дүниелік нәрселерді пұтқа айналдырып,
жол-жөнекей Қарунға, Самириге айналған.
Кейбіреулер басында жақсы ниетпен саяси өмірге
араласып, билікке ұмтылған болуы мүмкін, алайда
біршама уақыттан соң сол жолда биліктің күшіне
алдануы мүмкін. Ең басында кішіпейіл көрініп,
сендермен бір қатарда тұрып маңдайын сәждеге
тигізген бұндай адамдар кейіннен демде тиранға
айналып, барлық заңдарды өздеріне қарай ыңғайлап,
ел-жұртты өздеріне құл ететіндей жағдайға жеткен.
Қарун, Перғауын, Самири, Бәлам ибн Бауралар
тарихпен бірге жоқ болып кеткен жоқ. Қазіргі уақытта
да соларға ұқсас тұлғалар аз емес. Олар – соңы-шегі жоқ
қалау сезімдері мен өздерін мәңгі өмір сүретіндей көру
арқылы үздіксіз жалғасатын өзгерістерге ұшырағандар.
Дін үшін жолға шыққанмен, артынан дүние-дүние деп,
тіпті дінсіздік тұрғысынан кей нәрселерге көз жұма
қарай бастағандар. Бұндай пенделер қанша жерден
сырттай адам кейпінде көрінгенмен, іштей адамдығын
жойып алғандар. Құранда жер бетінен жойылып кеткен
кейбір қауымдар айтылғаны секілді. Алайда олар
бұны да аңғармайды. Айнаға қарап, адам кейпіндегі
түрлеріне алданады. Осы себепті жүріп келе жатқан
жолдан танбай, сол қателіктерін жасауды доғармайды.
Өздерінің қателіктері мен ағаттықтарының айтылуына
ешқашан жол бермейді. Егер біреулердің батылы жетіп,
6 Сынық құмыра 4
олардың қателіктерін айтар болса, солармен жауласып
шыға келеді. Ал көреген кісілер ондайлардың кескін-
кейпі қалай өзгеріп кеткенін көре алады.
Басқаша өзгеріп кетпеу үшін
табандылық таныту
Адамдардың пенделік әуестіктеріне жеңілген осы
бір кезеңде, әсіресе Құран мен иман қызметіне ынта
қойған ақиқат жаршылары өзгеріп кетпеу мәселесінде
мұқият болып, тұрулары керек болған жерде мығым
тұра білуі қажет. Олар өздері кірген жолға қандай
оймен, дүниелік көзқараспен кірген болса, жолдың
соңына дейін соны жалғастыра білуі тиіс. Бұ дүниемен
қош айтысқанда да бастаған кездегі өреден әлдеқайда
биіктен қол бұлғауы керек. Өздері жүрген жолға алғаш
қадам басқан кездегі ынта-ықыласы мен құштарлығын
соңына дейін сақтай біліп, салғырттыққа жеңілмей,
өздеріндегі құндылықтардың өзгеріп кетпеуіне жол
бермеуі керек.
«Жұрт дүниенің қызығын көруде, біз де пайдасын
көрейік, жұрт балға саусағын батыруда, біз де батырып
көрсек» дегендей ойлар ақиқат жаршылары тұрғысынан
басқаша өзгеруге жатады. Адамзаттың Мақтанышы
(с.а.с.) еденіне ши төселген үйде дүниеге келіп, сол
күйін өзгертпестен өмірден өткен. Ол әйелдері кейбір
дүниелік нәрселерді сұрағанда мазасы қашып, біршама
уақыт олардан бөлек тұрған еді. Сол сәтте қасына
келген әзірет Омар адамзаттың Мақтанышының (с.а.с.)
ши төсеніп жатқанын, денесіне шидің ізі түскенін
көріп, көңілі босап, көзіне жас алған еді. Жылауының
себебін былай жеткізген еді: «Уа, Расулалла, дәл қазір
кисралар, патшалар сарайларында құс мамығынан
жасалған төсектерде жатыр, сен болсаң, шиді төсеніш
етіпсің». Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді:
«Дүние солардікі, ақырет біздікі болғанын қаламайсың
Сұрақ-жауаптар 7
ба, әй, Омар?!»6
Алла елшісі (с.а.с.) өмірге келгеннен кейін ерекше
құбылыстарды бастан кешті. Миғражға шықты, бір
деңгейге жеткенде Жәбірейілдің өзі ілесе алмай,
артта қалған. Бұл құбылыстар рухани, ақыреттік және
періштелік тұрғыдан жетілуді, ілгерілеуді білдіретін
өзгерістер. Бұларды дүниеге және оның көзтартар
әсемдіктеріне арбалудан пайда болатын өзгерістермен
шатастырмау керек. Яғни адамды Аллаға, Алланың
разылығына, жұмағы мен жұмақ нығметтеріне
жақындататын өзгерістер бар болумен қатар оны түбі
өкінтіп, оңдырмайтын, құрдымға кетіріп тынатын
өзгерістер бар. Бойды аулақ салу қажеттісі осы
соңғысы. Өмір есігін қалай ашқан болсақ, сол күйде
өмірмен қоштасуға тырысқан дұрыс.
Адамды өзгертіп, басқа кейіпке түсіп кетуден
қорғайтын маңызды динамикалардың бірі ешкімнен
ештеңе күтпеу әрі өзіңе көңіл тоқ болуда жатыр
(мустағни). Жасалған қызметтерді дүниелік не ақыреттік
қандай да бір қайтарымға байламау керек. Көзі осы
дүниеде болған пенделердің мықты ұсыныспен бетпе-
бет келгенде, өз тұғырларын сақтап қалуы өте қиын.
Бұндай пенделерді өзгелер «сатып алуы» мүмкін. Ал
Алла разылығына ғана бар ынтасын салғандар дүниелік
еш нәрсеге сатылмауы керек. Ешкімге кіріптар болып,
бас имегені жөн. Ешкімге борышты болып қалмауға
барынша табанды бола білгені дұрыс. Осы мәселелерде
бір рет осалдық танытқан жанның істің соңында қайдан
табылары белгісіз. Сондықтан ақиқат жаршылары
осы жүрген жолда сәл де болса ауытқып кетпеуге
асқан табандылық танытуы тиіс. Өздері тура жолдан
(сират мустақим) айырылмағаны секілді бірге жүрген
жолдастарының да қолынан ұстап, олардың да жолдан
6
Бұхари, Тәпсір (66); Мүслим, Талақ, 31.
8 Сынық құмыра 4
таймауына қолдан келгеннің бәрін жасауы керек.
Маңайларынан тез құбылып, нашар жаққа өзгерістердің
белгілерін байқағанда, кері реакция тудырмайтындай
әдіспен жұмсақ қана оларға ескерту жасап, бағытын
қайта туралауына көмек бергендері жөн. Тура бір
күзетте тұрған әскер тәрізді бір мезет қалғып кетпеуді
көзімен қалт жібермей қадағалап, қайткенде де оған
жол бермеуге тырысып, қателіктер мен ағаттықтарды
түзетуге әрекеттенгені дұрыс.
Қысқасы, жұмақ жолында жүріп бара жатып, бәрін
жоғалтудан әрі түзу жолда сүрінгіміз келмесе, басқа
адам болып өзгеріп кетуге, дүниеге салынып кетпеу-
ге мейлінше табандылық танытып, тура жолдан аяғы-
мызды тайдырма деп үнемі Аллаға дұға етуіміз керек.
Дүниенің қызылды-жасылды әсемдіктеріне сабыр етіп,
дүниеге басымыз айналып қалмауы үшін үнемі сер-
гектік танытуымыз қажет. Өзгермей, басқаға айналып
кетпей дұрыс қалыпты сақтап қалғымыз келсе, үнемі
ирфан, мағрифат пен яқиннің соңында болуымыз керек.
Дүниелік мүмкіндіктерге тап келгенде Алладан алыс-
тағымыз келмесе, жүріп келе жатқан жолымыздың әр
сатысында Аллаға берген сертімізді қайтадан жаңалап
отыруымыз қажет.

Сұрақ-жауаптар 9
СЕН ҚЫЗМЕТІҢДІ АТҚАР,
НӘТИЖЕСІН АЛЛАҒА ҚАЛДЫР

«Рағыд» сүресінде айтылатын «(Уа, Мұхаммед!)


Оларға уәде еткен азабымыздың кейбірін көзіңнің
тірісінде саған көрсететін болсақ, яки, көрсетпей-
ақ сені о дүниеге аттандырсақ не өзгереді дейсің?
Сенің міндетің – тек қана ақиқатты жеткізу,
ал жауапқа тартып, әркімге лайықты қарымын
қайтару (лайықты сыйын немесе жазасын беру) –
Біздің ісіміз»7 деген аяттың мүміндер үшін айтпақ
мәні қандай?

Әуелі аяттың мағынасына қысқаша тоқталып


көрейік. Аяттың басында келген «Оларға уәде еткен
азабымыздың кейбірін көзіңнің тірісінде саған
көрсететін болсақ» деген сөз сенбейтіндер ақыр соңында
тап болатын қасіреттің кейбірін Пайғамбарымызға
(с.а.с.) көрсетуге болатынын білдіруде. Сенбейтіндерге
ескертілген, ал мүміндерге керісінше қуанышты
хабар ретінде айтылған жағдайлар қандай? Алла
сенбейтіндерге нендей ескерту жасады, мүміндерге
нелерді уәде етуде? Адамдардың топ-тобымен Исламға
кіруі, күпір мен ширкке тосқауыл қойылғаны, мүшрік
пен кәпірлердің мүміндерден жеңіліс табуы, қай
жақта да Жаратушының есімінің асқақталуы, барлық
жақта мұнаралардан көкке қарай әуелеп азанның
айтылуы, жер бетінде тағы бір мәрте әділеттілік,
бейбітшілік пен бақыттың орнауы, қысым, озбырлық
пен әділетсіздіктердің жойылуы... Бұлардың барлығы
7
«Рағыд» сүресі, 13/40.
10 Сынық құмыра 4
Алла белгілеген тәртіп пен Пайғамбарымыздың үлгі
болып осы тәртіпті мықты көрсетуі мен дәріптеп
жеткізуінің арқасында жүзеге аспақ еді. Міне,
аятта орын алатын осы әсемдіктердің бірқатарын
Пайғамбарымызға көрсете алатындары айтылуда.
Бірақ аяттың жалғасында «сені о дүниеге аттандырсақ»
делініп, Алла уәде еткен осы жақсылықтардың
барлығын көріп үлгерместен Пайғамбарымыздың
жанын тәсілім етіп иләһи құзырға кетуі мүмкін екені
де ескертілуде. Айталық, Пайғамбарымыз (с.а.с.) өмір
бойы Алла міндеттеген пайғамбарлық істі кемел түрде
әрі кемшіліксіз орындаған. Әрине, Жаратушы Ие оның
бұл жақсылығын бекерге кетірмейді, жасаған істерінің
қайтарымын міндетті түрде береді. Пайғамбарымыз
осы дүниеде өзіне уәде етілген жақсылықтардың
барлығын көрмесе де, Алла кейіннен көрініс беретін
жақсылықтар мен игіліктердің де сауабы мен
қайтарымын оған толықтай бермек. Мүмкін пайғамбар
егіп кеткен тұқымның жемісін басқалар жинар. Бірақ
ол өзінің сауабын толықтай алатын болады.
Бұл сөздің «Немесе ешбірін кемітпестен өзіңе игі-
ліктерімізді тамамдайтын боламыз» деген мағынаға да
ашық екенін осы жерде айта кеткен орынды. Көбіне
әуелгі мағынаға көп тоқталғанмен, бұл нұсқа да маңыз-
ды ақиқатты тұспалдауда.
Мейлі қайсысы болмасын, нәтиже сені қызықтыр-
мауы керек. «Сенің міндетің – тек қана ақиқатты жеткі-
зу». Ақиқатты жұртқа естірту, Исламның әсемдіктерін
үлгі болып көрсетуің. «Жауапқа тартып, әркімге лайық-
ты қарымын қайтару (лайықты сыйын немесе жазасын
беру) – Біздің ісіміз».
Біраз тағы да ашып, мыналарды қосуға болады: Сен
бұндай есеп жағына көп тоқталма. Былай істесем, ана
жағдайлар орын алуы мүмкін, олай істесем, мына жағ-
дайлар орын алуы мүмкін т.с.с. деме. Бұндай долбар-
Сұрақ-жауаптар 11
лармен әуреленбе. Одан да тіке жауапкершілігіңдегі
міндетіңді орындап, сол тұғырдың үдесінен шығуға
тырыс. Сол кездегі жағдайлар бойынша нендей істер-
ді жүзеге асыра алатыныңа назарыңды шоғырландыр
және соларды орындауға барынша әрекеттен. Өзің
өмірден өткен соң күтпеген небір игіліктер мен тосын
сыйлар орын алады! Сен кеткеннен кейін артыңнан
қанша мемлекет құрылады, қаншама адастыратын
жүйелер құриды. Бұлар Алланың дәптерінде жазулы
жайттар. Сен өз дәптеріңнің есебін жүргіз.
Аят кәрімнің осы мағынасын тарихи жағдайлар қуат-
таған. Пайғамбарымыз (с.а.с.) тұқым шашты да өмірден
озды. Себебі қайтыс болған кезінде тек шектеулі аймақ
қана мұсылмандарды мойындаған. Сасанидтер мен
Шығыс Рим императорлығы бірі батыста, бірі шығыста
әлі күшті уыста ұстап, әлемге сөзін өткізуге ықпалды
еді. Солардың қорғауын паналаған, ықпалынан шыға
алмайтын қаншама мемлекеттер мен қауымдар бар еді.
Алайда Алланың қалауымен Адамзаттың мақтанышы
болған Пайғамбарымыздың егіп кеткен тұқымдарының
арқасында аз уақытта мұсылмандар да күш ретінде кө-
рініс берді. Исламның атқан Күні осы императорлық-
тардың ықпал ету аймақтарында өзін байқатты.
Реті келгенде осы тұста қосымша айта кетейін, әзі-
рет Омардың арқасында куәлік сөзін естіген, мұсыл-
мандықты қабылдаумен абыройға кенелген, көңіл көк-
жиегі кеңейген бір жағрапияның бірқатар халқы әзірет
Омарға айтарлықтай жауластық пиғыл танытты. Оған
борыштарлығын білдіріп, опа көрсетудің орнына кері-
сінше әзірет Омарға айтпағанды айта бастады. Егер әзі-
рет Омардың оң әрекеттері болмаса, кім біледі, мүмкін
олар отқа табынып, жалған сенімдердің жетегінде жүре
берер ме еді. Әттең, әйтеуір бір ұстанып келе жатқан
мұсылмандықтарына әзірет Омардың себепкерлігімен
қол жеткізгендерін білсе, сөйтіп сәл де болса, құрмет-
12 Сынық құмыра 4
пен қарай білсе ғой?!
Пайғамбарымыз (с.а.с.) осы аяттың талабымен тұқым
шашты да, артына бұрылып та қарамастан кете барды.
Алланың қалауымен сол тұқымдар бүршік жарып, ар-
тынша-ақ жайқала биіктеп, шынар ағаштарға айналды.
Исламға жауластығымен білінген Карл Маркстың өзі
Пайғамбарымыз (с.а.с.) егіп кеткен тұқымнан пайда
болған жиырма шақты мемлекеттер туралы айтады.
Пайғамбарымыздан кейін небір елдер, ұлттар мен мем-
лекеттер ол егіп кеткен тұқымдардың арқасында алуан
түрлі әрі жап-жаңа философия, ойлау жүйесі әрі әлем-
ге көзқарасқа өкілдік ете бастады. Пайғамбарымыздың
адамзатқа ұсынған сәмәуи құндылықтар нәтижесінде
небір ғалымдар, әдебиетшілер, өнер адамдары, қолбас-
шылар, мемлекет басшылары жетілді және олар адам-
заттың тағдырын өзгертті.
Көптеген аяттарда болғанындай бұл жерде де қанша
жерден Пайғамбарымызға қаратыла айтылғанмен,
негізінде, аяттың үкімі барлық мүміндерді қамтиды.
Тіпті аяттың түпкі мақсаты Пайғамбарымыздан гөрі
мүміндерге тікелей ойлау жүйесін үйрету десе артық
айтқандық емес. Тура бір «Қызым, саған айтам, келінім,
сен тыңда» деген секілді. Өйткені Пайғамбарымыз онсыз
да мәселені терең ұғынған, өз міндетін ғана орындап,
Жаратушының ісіне араласпаған. Өйткені ұлы ісіне
(дағуа) өте адал түрде өкілдік еткен. Бірақ жолбасшы әрі
өкіл болғандықтан, мұсылмандарға айтылатын жайттар
пайғамбарға айту арқылы жеткізілетін. Егер Құранның
барлық бұйрықтарына тікелей бізге айтып тұрғандай
қарамасақ, Алланың сөздерін өзіне тән тереңдігі әрі
кеңдігімен түсіне алмаймыз.
Хақ жолында еңбек етіп, күресіп жүргендер тек
өз міндеттерін ойлауы керек жерде Жаратушыға тән
міндеттерді ойлап, іс-әрекеттерін соған негіздеп,
қателікке ұрынады... Адам өз міндетін орындап,
Сұрақ-жауаптар 13
Жаратушының міндетіне араласпауы керек.
Біз түсінетіндей айтатын болсақ, былай деуге
болады: Сен міндетіңді орында, Жаратушы Иенің ісіне
араласпа.
Қазіргі күнгі иман мен Құран қызметіне өмірін
арнағандар тұрғысынан бұл ой өте маңызды. Олардың
міндеті мұқтаж жандарды рухани шабыттандыру, өз
құндылықтарын әлемнің барлық жағына жеткізіп,
үндерін естірте білу. Бұл мәселенің есебі мен нәтижесіне
келек, яғни қашан, қалай болады, істің ол жағы Аллаға
тән. Біздің міндет – оларды ойламау. «Сен тұқым шаш
та кет, кім жинаса, сол жинасын. Кім қоймаға жеткізетін
болса, сол жеткізсін» қағидасы – біз ұстанған жолдың
бір негізі. Тіпті қолдан келсе, тұқым шашқаннан кейін
еске түспейтіндей болып кету керек. Өзін ұмыттыруы
қажет. Із кесушілердің өзі оған жете алмауы тиіс. «Мына
тұқымды кім еккен? Мына шыбықты кім отырғызған?»
деген сауалдар жауапсыз қалуы керек. Маңызды емес,
өзі белгілі болмаса да халық оны жақсылықпен еске
алатын болады. «Бұл тұқымдарды кім еккен болса,
Алла оған разы болсын» дейтін болады.
Егер адам осы пайымдарды санасына сіңіре алса,
тек өз міндетін ойлап қана өмір сүреді, өзіне берілген
істі ең жақсы түрде қалай орындауға болатынын
ойлайды. Берілген іс пен қызмет қандай қызметтер
атқаруға мүмкіндік берсе, сонымен ғана шұғылданады.
Қолынан келгенше, өзіндегі мүмкіндіктерді тиімді
пайдалануға тырысады. Кезіккен ешбір мүмкіндікті
босқа жібермейді. Істеген осы қызметтері үшін
ешқандай ештеңе дәметпейді. Уақыты келгенде, өзіне
берілген міндетті атқарғандығына көңілтоқ сезіммен
артына бұрылып та қарамастан тартып отырады.
Жаназасында жиналғандардың «Біз оған разымыз»
дегенін де күтпейді. Себебі осы дүниеде күткен
барлық қайтарымдар ақыретте күткен нәрселердің
14 Сынық құмыра 4
алдында тұратын үлкен кедергілерге жатады. Бұл
жақта қаншалықты дәмін татып, қаншалықты жеп,
қаншалықты пайдалансаңыз, ақыреттегі нығметтеріңді
соншалықты азайтасыз.
Өмір бойы үнемі тек «ықылас» деп, шынайылықпен
өмір сүрген Бәдиуззаман «Менің қабірім өте бір құпия
жерде болсын, бір-екі шәкіртімнен басқа ешкім білме-
гені дұрыс. Осыны өсиет етемін» дейді. Алла білген соң
адамдардың білуінің қандай маңызы бар?! Міне, ақи-
қат жаршылары осындай ойға ие болуы тиіс. Олар көз
тоятын, кісі қызығатын қызметтер жасауы тиіс, алайда
өмірлерін белгісіз жандай өткізуі керек, соңында бел-
гісіз сарбаздар қатарына қосылып, белгісіздік күйін
шертіп, нәтижеде білінбейтін бір дарияға ағып барып
қосылып, сол күйі жоқ болып кетуі керек.

Сұрақ-жауаптар 15
КОНСТРУКТИВТІ ҚОЗҒАЛЫС

Иманды жандарды теріс әрекеттерге итермелей-


тін озбырлықтар мен шайтани ойындар жиі орын
алып жатқан бүгінгі күні конструктивті қозғалыс-
ты қалай түсіну керек?

Сұрақта да айтылғандай, қазіргі күні елімізде әрі


әлемнің түрлі аймақтарында небір озбырлықтар, аяусыз
қылықтар жасалуда, небір шайтани ойындарға жүгіну
белең алуда. Тарихи оқиғалар қайталанатын шеңберде
бүгінге дейін адамзат қаншама рет зұлымдық пен
әділетсіздіктерге ұшырады. Тарихшылардың сөзімен
айтқанда, халықтар тым шектен шыққан кезеңдер де
болған. Мүмкін Наполеон, Гитлер, Сталин секілді
кейбір диктаторлар да адамдардағы делқұлылық сезімін
қозғау арқылы осы жындылыққа итермелеген. Олардың
әлемді билеуге құмартуы миллиондаған адамның
түбіне жетті. Ағза бір рет әлсіреген соң адамзаттың
басына бәле болып жабысқан әрі оған қан құстырған ең
озбыр жүйелер пайда болған.
Менің пайымымша, қазіргі әлем де адамзаттың
тағы да толықтай есуастанған кезеңінің біріне куә
болуда. Біреу біреуге шабуылдаса, ол басқа біреуге
шабуылдауда. Кім күшті болса, соныкі дұрыс болып
тұр. Күшті сол күшін байқату үшін дереу жұртты
тәртіпке салуға, қоғамды ықпалында ұстауға бет алуда.
Бұл қоғамдық деңгейде кеселге айналғаны соншалық
– мемлекетті басқара алатындай жоғары деңгейдегі
парасат пен біліктілігі жоқ әлсіз мінездегі адамдардың
өзі «басқаруға» қатты құштарланып, «Біз де қолға күш
алып, қоғамды жаңа бейнеге сала аламыз ба? Саусақпен
16 Сынық құмыра 4
нұсқап көрсететін, жұрт марапаттап, алақанда ұстайтын
жандарға айнала аламыз ба?» дей бастайды. Діні, ұлттық
идеалдары, мемлекет мүддесі үшін емес, жеке бас
пайдалары мен болашақ үшін басқаруға өтуді, ықпал
жүргізуді, қоғамды билігінде ұстауды қалайды. Осы
мақсаттарына жету үшін өтірік, алдау, екіжүзділікке
барудың бәрін дұрыс көреді. Ал анығында бұндайлар
уақытша жеңіске жеткенмен, Жаратушы Ие оларды
бұдан қаншама есе жеңіліске ұшыратады.
Алға қойған мақсат заңды болуы керек, сол мақсатқа
жету үшін жүгінетін барлық жолдар да заңды, адами,
морал мен иләһи заңдарға сай болуы қажет. Бір
мақсатқа жету үшін барлық жолды заңды деп білу
мүмінге жарасатын ойлау түріне жатпайды. Бұлай
ойлау пайғамбарлардан өте алыс болуды білдіргені
секілді олардың мұрагерлерінен де өте алыс болуды
білдіреді.
Иә, қоғамға Макьявеллистік көзқарас басымдық
танытып, шайтани ойындарға жиі жүгініп, адамзат
толықтай негізінен тайқып кеткен қазіргі әлемде
конструктивті қозғалыстың маңызы бөлекше. Жағымсыз
іс-әрекеттерге дәл солай қарсылық жасамау, негативті
сөз, істермен айналыспау, өсек-аяңға салынбау, көпірме
пікірлермен уақытты ысырап етпеу, олардың орнынан
үнемі өз мұратын жүзеге асыру бағытында қызмет ету,
үнемі жөндеу, дұрыстау істерімен шұғылдану, үнемі
ауызбіршілік пен ынтымақтың соңында жүру деген
мағынада конструктивті қозғалыс.
Оқиғалардың ықпалында қалмау
Бәдиуззаман өз еңбектерінде жиі-жиі конструктивті
қозғалыс туралы сөз қозғап, үнемі шәкірттеріне соған
кеңес берген. Белгілі бір өмірлік мақсаты бар болып,
соны жүзеге асыру бағытында әрекет еткен қазіргі
ақиқат жаршыларының міндеті кездескен негативті
Сұрақ-жауаптар 17
жағдайларға кідіріп, іркіліп қалмастан, ұдайы тек
позитивті істердің соңынан жүгіру. Жағдайларға
кідіріп қалған адамдар жағдайларды басқара алмайды,
шешілуі қажетті проблемаларды шеше алмайды.
Қарсы айтылған сөздерге, тіл тигізгендерге, өздерің
жайлы айтылғандарға қарсылық танытумен әуре бол-
саңдар, әрекеттеріңді сол анықтаса, мейлі ұлтыңыз,
мейлі адамзат үшін жасалуы қажетті істерді жасай ал-
майсыз, адамзаттың проблемаларын шешу бағытында
жобалар қолға алып, тіпті қолда бар жобаларға қажетті
қолдау білдіре алмайсыз.
Бүгінге дейін Алла жолында қызмет етуге тырысқан
шынайы мүміндерге жұлдызы қарсы жаулардың
саны еш аз болған емес, дұшпандары небір өтірік
пен жаланы бұрқыратып, келеке-мазақ етіп, оларды
қаралауын қоймаған. Егер сіз осындай адамдардың
айтқан сөздеріне жауап берумен уақыт өткізсеңіз,
жасауға тиісті істерді жасай алмайсыз. Бүгін біреуінің
балағатына жауап бересіз, алайда ертесі күні басқа
біреуі одан да жаман сөз айтады. Сіз отыра қалып
оған да лайықты жауап іздейсіз. Яғни бұндай істердің
ауына шырмалып, шеңберіне бір кірсеңіз шыға алмай
қаласыз. Үнемі оқиғалардың ықпалымен өмір сүрген,
солардың ығына жығылған адамның өмірге бағыт бере
алуы мүмкін емес. Ондай адам ықпал ету қабілетінен
айырылады.
Енді бір жағынан егер теледидар экрандарына
немесе газет беттеріне түскен жағымсыз істермен
шұғылданып, соларға бас қойсақ, ой-санамызды
кірлетеміз. Ұдайы осылардан туындайтын ашу-ыза,
реакциялармен өмір кешіп, дұрыс ойлаудан жұрдай
боламыз. Жақсы сөздер айта алмай, жақсы пікірлер
тудыра алмаймыз. Қордаланған проблемаларға шешім
таба алмаймыз. Бізге қарсы айтылған сөз, жала, өтірік
пен қаралауларды түзетіп, жалған екенін айтып,
18 Сынық құмыра 4
дұрыстау мәселесіне келсек, бұнымен барша адам
айналысқаннан гөрі оны сондай істі кәсіп еткен белгілі
мамандарға қалдырған дұрыс.
Ұдайы өзгелердің шабуылына тойтарыс берумен
шұғылданған жан өзін әлсіретіп құртады. Өзін құрт-
қан адамның тұрғызу ісімен айналысып, ғимарат салуы
мүмкін емес. Асау ағысқа бой алдырып бірге ағып бара
жатқан жанның батып бара жатқан біреуді құтқаруы
мүмкін бе? Бұндай адамның өзгені құтқаруға тырысуы
өзінің батып кетуін ғана тездетеді. Осы себепті үш ға-
сырдан бері қираған, айтарлықтай зақым көрген бір мә-
дениетті өңдеп қайта дұрыстаумен айналысқан ақиқат
жаршылары бұндай негативтерге беріліп кетуден сақ
болғаны дұрыс. Өйткені осындай ірі көлемдегі өңдеу,
дұрыстау жұмысы күнделікті оқиғалардың ықпалымен
арпалысып, шаршаған адамдар жасайтын іс емес. Бұн-
дай ауыр жүкті бекерге ой сапырмайтын, оқиғалардың
ықпалына түсіп кетпейтін, рух саламаттығына жеткен
нағыз ерлер ғана көтере алады.
Тұтас қамтып қарау және дипломатия
Конструктивті қозғалысты өздеріне ұстаным еткен-
дер жамандыққа жамандықпен қайтарым жасамауы
қажет, негатив қылықтарды сондай негатив қылықтар-
мен кетірем демеуі керек, кек пен жеккөрушіліктің қо-
ғамда тамыр жаюына жол бермегені жөн. Оның орнына
проблемаларға дипломатиямен барғаны дұрыс. Дойыр
күшке жүгінудің орнына ақыл, қисын және зерделеу
арқылы проблемаларды шешуге тырысқан жөн. Оқиға-
ларға тұтас қарап, қай себептердің қандай нәтижелерді
тудыратынын жақсы есепке ала отырып, қадам басуы
қажет.
Дүлей күш қолданып, езіп-жаншумен шешілді деп
есептеген проблемалар ешқашан орнықты шешілген
емес. Айталық, қаншама жылдан бері Оңтүстік Шығыс
Сұрақ-жауаптар 19
облыстарымызда болған проблеманы назарға алсаңыз
болады. Ылғи да қан ағып, соғыс пен қақтығыстарға
жүгініп келді, алайда бір түрлі проблемаға шешім
табылмады. Олар «қаштық» деген кездің өзінде
де күшейіп алып қайта оралған, әрі құрған жаңа
стратегияларымен күрестерін жалғастырған. Оларды
езіп жаншуға қанша тырысса да, бәрібір әр жолы қайтадан
орындарынан түрегелген. Мәселені күшпен шешуге
тырысқан сайын олар да жәбірленуші психологиясын
пайдаланып, өздеріне сырттан көмекшілер табуға
тырысып, бұл істе жетістікке жеткен.
Ал анығында проблемаға тұтас қарай білгенде, се-
бептерді жақсы анықтап, артынша соған сай шарасын
тапқанда, қазірге дейін бұл проблема әлдеқашан шеші-
мін тапқан болар еді. Күш пен қысым көрсетудің ор-
нына дипломатиялық жолдарды қолдана алғанда, қан
ақпас еді, жауластыққа жол берілмес еді, кек пен жек-
көрушілік кейінгі буын ұрпақтарға жалғаспас еді. Міне,
күш қолданудан алыс тұру, дөрекі әрекеттерді шетке
ысыру, адамдарды езіп жаншымау, оларға қысым жаса-
мау, қайта проблемаларды жұмсақтық, ақыл, диплома-
тиямен шешу де конструктивті қозғалыс талаптарының
бірі.
Бірлік рухы
Бұл мәселеде тоқталу керек маңызды негіздердің
келесі бірі – қоғам мүшелері арасында бірлік рухын
қалыптастыруға әрекет жасау. Егер отыру арқылы
адамдар арасында ынтымақ пен бірлікті қалыптастыра
алсаңыз, түрегелу ол бірлікті бұзатын болса, отыруыңыз
түрегелуден әлдеқайда қайырлы. Егер жатуыңыз
бірлік рухын қалыптастыруға септігін тигізсе, онда
отырғаннан гөрі жатқаныңыз дұрыс. Адамдар арасында
бірлікті қалыптастыру үшін осындай болмашы әрекетті
жасаудың өзін азырқанбаған дұрыс. Жаратушының
20 Сынық құмыра 4
алдында ол болмашы әрекеттің қадірі жоғары болуы
мүмкін. Адамның тозаққа түспеуіне қай амалдың себеп
болатынын нақтылау қиын. Кейде осындай мақсатта
отыру не жатудың өзі адамның ақыретіне пайда тигізуі
бек мүмкін.
Адамдарға жұмсақ хәл (хал ләйн), жұмсақ сөз (қаул
ләйн) және жұмсақ әрекетпен жақындап, олардың қате,
кемшіліктерін кешіру секілді араларын жарастыратын
іс-әрекеттердің Алла құзырындағы бағасы жоғары.
Жаратушы Ие ақыретте адамның бұндай әрекеттерінің
сауабын еселеп, қол жеткізу өте қиын ақырет
нығметтеріне оны бөлейтін болады.
Осы тұрғыдан біздің міндетіміз, өзгелер жайлы ылғи
жақсы ойда болу, адамдар келіп бір қатарға тұруы үшін
қолдан келгенше әрекет жасау. Баршаның бізге ұқсауын,
біз сияқты ойлауын, жүрген жолымызбен жүруін күту
эгоистікке жатады. Әркімнің үні, сөзі, ойы, көзқарасы
әртүрлі. Маңыздысы, ортақ тұстар таба отырып бас
қоса білу, түрлі үн мен әуендерден үйлесімді бір хор
құра білуде.
Түрлі-түрлі дауыстар, түрлі-түрлі музыкалық
аспаптардың бір жерге жиналуымен үлкен симфониялық
оркестр құралады. Бөлек-бөлек дауыстар, әуендер бір
бірлік құрып, тыңдармандар үшін мағына береді. Міне,
маңыздысы, қоғамдағы өзгешеліктерді, әртүрлілікті
осындай бір бірлік рухы аясында жинай білуде.
Баршаның біз сияқты болуын қалау әрі жаратылысқа
қайшы, әрі менмендік көрінісі. Бұлай күту адамдарды
бірлік пен ынтымақтастыққа емес, бөлінуге апарады.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) көшіп барып Мәдинаны нұрға
бөлегенде, ол жерде төрт мыңдай яһуди, соншалықты
санда мүшріктер бар еді. Барлық мұсылмандардың саны
мың жарым шамасын құраған. Бірақ Пайғамбарымыз
(с.а.с.) жалпы саны мұсылмандардан бес-алты есе көп
яһуди, мүшріктермен Мәдина келісімі негізінде бірлік
Сұрақ-жауаптар 21
құрудың жолын тапқан. Бұл бірлік һижреттің бесінші
жылына дейін жалғасып, соңында яһудилер оны бұзған.
Біздің міндетіміз, жиі айтылатын сөзбен айтсақ,
әркімді өз ерекшелігімен қабылдап, әркімнің сана-
сезімі мен ой-пікіріне құрметпен қарай білу. Егер
адамдардың сенімі мен ойларын нысанаға алып
төпелей бастасаңыз, оларды өзіңізден қашырасыз.
Бұдан ешқандай пайда таппайсыз, қайта жүрген
жолыңыздағы қауіпті көбейтесіз. Өйткені жаныңнан
бездіріп, дұшпанға айналдырған адамдарыңыз сіздің
қауіпсіз жол жүруіңізге мүмкіндік бермейді. Өз-өзіңізге
қолдан дұшпан жасайсыз. Қарақшы іспетті әр бұрышта
алдыңыздан шығып, ойыңызды, қажыр-қайратыңызды,
күш-қуатыңызды құртады. Осы себепті ең негізгі
істеріңізге назар шоғырландырыңыз. Өз шаруаңызбен
айналысудың орнына олар тауып берген жүз түрлі
проблемамен айналысуға мәжбүр боласыз.
Міне, осылардың барлығын түрткі болғыңыз кел-
месе, өзгеше көзқарастағы адамдармен бейбітшілікте,
бақытты түрде бірге өмір сүрудің жолдарын іздеуіңіз
қажет. Ол үшін баршаның адамдығына құрметпен қа-
рауыңыз керек. Ешкімнің пайымына ілікпеуіңіз қажет.
Қолыңызбен, тіліңізбен ешкімді ренжітпеуіңіз керек.
Өз ісіңе деген махаббатпен өмір сүру
Бәдиуззаман конструктивті қозғалыстың өлшемі ре-
тінде баршаның өз ісін махаббатпен атқаруы керекті-
гін, өзгелердің ісіне араласпауы тиістігін, олармен жау-
ласпауы қажеттігін айтқан. Яғни өзінің жүрген жолын
ақиқат жол, дұрыс деп білген жан өзгелердің жүрген
жолы қате деген пікірге бармауы керек.
Иә, шынайы бір мүміннің міндеті өз сенімі, ойлау
жүйесіне махаббатпен қарауы, оларға магнитше
жабысып, шын жүрегімен ұстануы. Тіпті оның ой-
пікірі мынадай болуы керек: «Алла Тағалам, күн сайын
22 Сынық құмыра 4
он рет өліп-тірілуге разымын. Ислам ақиқаты әлемнің
түкпір-түкпірінде бүр жарса болды». Жолыңа, ісіңе
зор махаббат, сүйіспеншілікпен қарау деген осы. Бұл
ардақты сахабалардың да ерекшелігіне жатады. Өз
ісіне беріктік танытқан олар осы жолда қуана-қуана
жан беруге даяр еді.
Бұндай түсінікке ие болмаған, өзі сенген құндылық-
тарды әлемге естірту үшін айтарлықтай жанқиярлық
жасай алмаған, қайта әр жерде уақытын өткізген адам-
ның ісі әркімді балағаттап, жауластықтарды қоздырып,
шайтанды қуантқаннан басқа ештеңеге жарамайды.
Егер адамдардың басын қосып, араларын
жарастыруды қаласақ, өзгелердің сезімін, күткендерін,
тұғырларын, өз құндылықтарына берілгендіктерін
есепке алып, соған қарай әрекет етуге мәжбүрсіз. Аяттың
сөзімен айтсақ, «жүректерді біріктіруші – Алла»8.
Бізге жасау керек іс – себептерді орындауда кемшілік
жібермеу, үнемі біріктіруші және жақындатушы болу. Өз
ісімізге берілгендігімізді өзгелерге деген жауластыққа
айналдырмау. Өзгешеліктерді дау-жанжалға себеп
етпеу. Қайта барлық жаққа сүйіспеншілік тұқымдарын
шашу, адамзатты тұтас құшақтап, күлімсірей қарап
баршаға жылы қабақ таныту.

8
«Әнфал» сүресі, 8/63.
Сұрақ-жауаптар 23
ШАЙТАННЫҢ ОЙЫНДАРЫ

Шайтанның адамдарды жолдан тайдыру үшін


қолданатын айлалары қандай?

Шайтанның маңызды айлаларының бірі – адамды


құлдилатып бірден тозаққа апаратын үлкен істерді
кішкентай етіп көрсетуі. Бәдиуззаман болмашы көрін-
ген нәрселердің адам тұрғысынан үлкен қауіп төндіруі
мүмкін екенін өзіне тән әдісімен былай түсіндірген:
«Байқа, аңдап бас, омақаса құлаудан қорық. Бір жұтым
ас, бір сөз, бір нұсқау, бір ишара, бір рет сүюмен құр-
дымға батпа! Әлемді сыйғызатын ірі сезімдеріңді со-
нымен жойма!» Бұларды көбейте беруіңізге болады.
Мәселен, басқа біреуді менсінбей, сөзбен біреуді мұ-
қату, жақтырмау арқылы біреудің әдепсіздігін көрсету
секілді әрекеттер кейбіреулер тұрғысынан елеусіз көрі-
нуі мүмкін. Алайда Алла назарында бұндай қылықтар
елеусіз болып саналмайды.
Негізі, ең қауіпті нәрселер осындай елеусіз көрінген
істер. Кейде бір сарышаян кобрадан да қауіпті болуы
мүмкін. Себебі жер бауырлап келуімен, ысылдауы,
сытырлатқан дыбысымен өзін сездіретін дұшпан үлкен
болса да, дайындық жасап, қаупін сейілтуге болады.
Алайда сарышаян білдірмей жақындайды, кейде
көрпенің арасына, кейде жастықтың астына тығылып,
еш күтпеген кезде сізді шағып алуы мүмкін. Сондықтан
оның қаупін сейілту қиынырақ. Олардың арасында
негізгі қорқу керектер – байқатпай келетіндер немесе
өзіміз аса елемегендері.
Мұсылман үшін ең маңызды нәрсе үлкеніне-кішісіне
қарамастан, дін нашар деп қабылдаған әрі тыйым салған
24 Сынық құмыра 4
барлық қате мен күнәдан алыс болу, бұлардан қорғану
үшін үнемі Аллаға дұға ету. Тағы да Бәдиуззаманның
пайымына жүгінсек, кейбір ұсақ нәрселер бар, олар
өте үлкен нәрселерді сыйғызады. Жүрек те солардың
бірі. Себебі ол ғалам атаулыны қамтитындай кеңдікте
болуына қарамастан, кейде ұсақ көрінген нәрселер
себепті қараюы мүмкін. Пайғамбарымыз да (с.а.с.)
жасалған әрбір күнәдан жүректе бір қара дақ қалатынын,
уақыт өте келе бұл қара дақтар көбейіп, жүректі тұтас
алып кететінін айтқан9.
Шайтан адамдардың жеке жағдайына және мінез-
құлқына қарай оларды күнәға итермелеу үшін барлық
айлаларына жүгінеді. Алайда бірінші дәрежеде
қолданатыны және әрқашан жүгінетін бірқатар
нәрселері бар. Бұлар жалпы алғанда адамдардың әлсіз
әрі қарсыласа алмаған, сабыр етіп төтеп беруге шамасы
келмеген жағдайлар. «Хужумат ситта» тақырыбында
шайтанның шабуылдаудағы негізгі айлалары қозғалған.
Басқа да себептерді осыған жатқызып не қосуға болады.
Біз бұл жерден бірнешеуіне тоқталайық.
Бұлардың бірі саналған танымалдыққа ұмтылу –
шайтанның адамды күнәға тартуда ең жиі қолданатын
әдістерінің бірі. Өзін жұрттың мақтап жазуын, айтуын
қалауы, бір жерге барғанда өзін құрметтеп жұрттың
түрегелгенін ұнатуы, егер түрегелмесе көңілге алып
қалуы, үнемі қошамет пен марапат соңында жүру, әр
жетістікті популизммен қатыстыру секілді әрекеттер
танымалдылыққа құштарлықтың көріністеріне жатады.
Шындығында, Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір көпшіліктің
жанына барғанда, ол жердегілердің орындарынан
түрегелуіне тыйым салатын. «Жатжұрттықтардың
үлкендері үшін түрегелгеніндей түрегелмеңдер!»
9
Тирмизи, Тафсиру сура (83) ; Ибн Мажа, Зуһд 29.
Сұрақ-жауаптар 25
дейтін10.
Негізі, Алла елшісі бір жерге барғанында тірілер
былай тұрсын, қабірдегі өлілер де түрегелмейтін болса,
опасыздық жасағаны. Біздің ол кісіге деген құрметіміз
осындай, бұл өз алдына бөлек тақырып. Мәселенің
екінші жағына келсек, Пайғамбарымыз осы әрекетімен
терең кішіпейілділігін көрсетіп әрі маңызды бір діни
қағиданы жеткізген. Өзіне қол шапалақтау, өзі туралы
айту, өзін құрметтеп өзгелердің түрегелгенін ұнатқан
жан негізгі ұнатуы қажетті нәрселерден айырылып,
ақыреттегі құқын осында қолданғаны деген сөз.
Сол сияқты жайлы өмірді қалайтын тәнқұмарлық
та шайтанның жиі қолданатын әдістерінің бірі,
бұл да адамды құрдымға тартатын факторлардың
қатарында. Жеп, ішіп, бүйірлеп жату, жазда, қыста
демалатын орындарда рақатқа бату, үнемі рақатты,
тәннің құмарлығын күйттеу шайтан үшін өте тиімді
пайдаланатын мүмкіндік. Ал анығында адам бұлар
үшін жаратылған жоқ. Әрине, ол жеп, ішу секілді мүбах
шеңбердегі бірқатар ләззаттарды пайдаланады. Алайда
мүміннің үнемі көздеп, артынан жүгіретін өмірлік
мақсаты – Аллаға құлшылық жасау, жұртты тәухидке,
ақиқат пен шындыққа шақыру болуы тиіс.
Шайтан адамдардың осал тұстарын анықтауда өте
әккі. Әркімге жеке жағдайына қарай жақындайды.
Мәселен, біреу айуандыққа жақындау болса, оны
міндетті түрде күнәларға тартады. Мәселен, оны
кішкене демалу, сейілдеу қажет дегенге сендіріп, күнә
көп жасалатын орындарға бастайды, жүзу сүннет деп
құлағына сыбырлау арқылы пляждарды аралатады.
Сөйтіп жүріп оны көзі не жүрегінен жақсылап соққылап,
өзі байқамаған күйі оны айуандыққа толықтай салып
жібереді.
10
Әбу Дәуіт, Әдеп, 152; Ибн Мажә, Дуа, 2.
26 Сынық құмыра 4
Сол сияқты қарап жүріп, басқа біреудің ақшаға құ-
марлығын көреді. Харамдарға тартып, заңсыз қатынас-
тарға итермелеу үшін оның да осы осалдығын пайдала-
нады. Басын ноқталап, жүгендеп алып қалаған жағына
тартады. Бұндай адам шайтанның жетегінде жүргенін
аңдамаса, өз қалауымен шешім қабылдадым деп ойла-
са, тіпті кейбір заңды жерлерде жүрмін деп ойласа да,
әлдеқашаннан шайтанның ойыншығына айналған бей-
шара болып саналады.
Шайтан жиі қолданатын әдістерінің бірі – іштарлық
пен қызғаныш. Қызғаныш – «Пәленшеде болмасын,
менде ғана болсын» деген ой. Пайғамбарымыз (с.а.с.)
от қалай отынды тез жағатын болса, қызғаныштың да
ізгі амалдарды солай тез жоятынын айту арқылы11,
мүмін үшін іштарлықтың нендей зиянға апаратын
сезім екеніне назар аудартқан. Хасан Басри де «Мен
қызғаншақ пендеден асқан залымға ұқсас залымды
көрмедім» деген12. Егер әлдекім өзгелердің жетістіктерін
көре алмаса, ол пенденің шайтан тез айналдыратындай
осалдығы бар деген сөз. Өз ісінің шебері шайтан
бұндай осал тұсты бекерге жібермейді. Адамдағы
қызғаншақтығымен-ақ құртуға барын салады.
Заңды, дұрыс жолда жөнімен болса аса сөкеттігі
жоқ қызығу мен бәсекелестік сезімінің өзін шайтан
маңызды айғақ ретінде қолдануы мүмкін. Себебі бұлар
қызғанышпен шекаралас ұғымдар, тіпті соның егізі деуге
келеді. Тек содан кейінгі уақытта пайда болған. Заңды
бәсекелестіктің мағынасы мынадай: «Бұл бауырларым
жасаған ізгі амалдарымен тіке жаннатқа жүгіруде.
Оларға зиян тигізбестен біз де солар сияқты жүгірейік,
жақсылықта олардан қалып кетпейік. Бұл жерде олармен
11
Әбу Дәуіт, Әдеп, 44; Ибн Мажә, Зуһд 22.
12
Ибн Абди Раббих, әл-Иқдул фарид 2/158; әл-Құртуби, әл-
Жамиғ ли ахкамил-Қуран 5/251.
Сұрақ-жауаптар 27
бірге болды, ақыретте де олардан айырылмайық».
Құран кәрім «жақсылықта жарысыңдар, игілікті істерде
бір-біріңмен жарысыңдар»13 және «Ендеше, адамдар
өзара жарысатын болса, осынау мәңгілік жаннат мекен
үшін жарыссын»14 деген аяттарымен мүміндерді өте-
мөте игілікті істерде жарысуға шақыруда.
Бірақ шайтан көбіне бұл сезім арқылы да жаман-
дықты көздейді. Адамның бойындағы қызғанышын
қоздырып, қызығуды іштарлыққа айналдырады. Бұн-
дай кезде адам «Пәленше неге жүгіріп барады? Оның
орнына негізі мен жүгірейін» деп, тіпті өзі қызғанған
жанның алдын орап, оларға зиян тигізе бастайды. Іш-
тейгі бәсекелестік сезімін басқаларға лақтырған құры-
ғымен қанағаттандыруға тырысады. Көбіне іс бұнымен
де шектелмейді, өзіміз деп өзеуреп, жамағат менменді-
гіне де айналады, онда зиян көлемі ұлғайып, қаупі арта
түседі. Бұндай адам өз қатарынан, өз мәзһабынан емес-
терді аса жақтыра бермейтін болады.
Ислам тарихында әзірет Али кезеңінен бастап ға-
сырлар бойы жалғасқан түрлі аласапырандарға түрткі
болған жайт міне осы қызғаныш сезімі, іштарлық, өз-
дерін алға шығару. Харижиттер, Шииттер, Зубайрилер,
Омаядтар, Аббаситтер секілді ондаған топтар құрыл-
ған. Белгілі бір тұлғалар мен идеялар маңайына топтас-
қан адамдар өзгелерді өздеріне жау санап, қиян-кескі
соғыстарға барған. «Билікте оның орнына мен бола-
йын» деген оймен әрекет еткен бірқатар топтар бұқа-
раны зар илеткен. Көбіне мұсылмандар өз ішінде бір-
бірімен аяусыз күрескендіктен, Алла оларды кәпірлер
мен залымдардан көз аштырмаған. Себебі залым ол –
Алланың қылышы. Алла лайықтыларды сонымен жа-
залайды. Артынан оның өзін де жазасыз қалдырмайды.
13
«Бақара» сүресі, 2/148; «Мәида» сүресі, 5/48.
14
«Мутаффифин» сүресі, 83/26.
28 Сынық құмыра 4
Осындай барлық жағымсыз сезімдерден арылудың
және шайтанға дес бермеудің жолы – күшті иман,
Аллаға бағыну және рухани мықты дайындықта.
Егер иман бойыңызға толық сіңген болса, Алланың
қалауы әрі қолдауымен небір қиын жағдайларды да
қалыпты қабылдай аласыз. Әзірет Ұстаз секілді «Біз
сүйіспеншілік жаршысымыз, жауласуға уақытымыз
жоқ» деп, барлық адамзатқа құшақ жаясыз. Жамандыққа
берілген жандарға да тек қана дұрысталуды тілеп,
барлық жерде бейбітшілік пен бақыттың орнауы үшін
талпыныс білдіріп, ешқашан басқалар жайлы жағымсыз
ойларға берілмейсіз.

Сұрақ-жауаптар 29
МАТЕРИАЛДЫ ЖӘНЕ РУХАНИ
КЕМЕЛДІЛІКТІ ЖОЯТЫН
КЕСЕЛ – ЖАМАН ОЙЛАУ

Бәдиуззаман төрт үлкен рухани кеселді санағанда


үмітсіздік, ужуб (өзін ұнату, өзгелерді менсінбеу),
мақтаншақтықпен қатар өзгелер туралы жаман
ойлауды атаған. Мейлі бір ортада жүрген, мейлі
өзге орталарда жүрген жандардың жаман ойдан
арылуы әрі бір-бірі жайлы жақсы ойда болуы үшін
қандай тұстарға мән беру керек?

Әзірет Бәдиуззаман еңбектерінде Ислам әлемінің


әрі адам баласының бірқатар кеселдеріне тоқталып,
осылар жайлы емдік тәсілдерді ұсынған. Мәселен,
бір жерде Ислам әлемінің негізгі кеселдері ретінде
басы бірікпеуі, надандық және кедейлік екенін атаған.
Осы проблемаларды шешкенге дейін мұсылмандар
бойын тіктей алмайды. Қайта құру жылдарынан
бастап үнемі Европаның қас-қабағына қарап келгені
секілді бұдан кейін де үнемі ірі мемлекеттердің
аузын бағуды жалғастыра береді. Сондықтан бұндай
бағыныштылықтан арыла алмайды, тәуелсіздікке
жетпейді, аяқ-қолы байлаулы күйде ғұмыр кешуін
жалғастырады.
Осы үш кесел көбіне қоғамдық және саяси салада
алға шығуда. Бірақ бір жағынан барлық нәрсе жеке
адамда басталғаны себепті бұлардың жеке адамға
әсерін елемеуге болмайды. Себебі бөліктері күнәлардан
құралған қоғамның саламатты болуы мүмкін емес.
Сұрақта айтылған кеселдер болса, тікелей адамның
жеке әрі рухани өміріне қатысты.
30 Сынық құмыра 4
Бәдиуззаман алдымен үмітсіздікті атап, қалған
үшеуінің бір жағынан осы үмітсіздіктен туатынына
назар аударуда. Себебі өз сөзімен айтсақ, үмітсіздік
кемелдікке кедергі болады. Яғни ол барлық игілік пен
жақсылықтың алдында тұрған елеулі бір тосқауыл. Осы
себепті егер бір адамда үмітсіздік болса, оның дұрыста-
луы өте қиын. «Уақыт ақырзаман кезі. Тер төгіп әуре
болмаңдар. Мұхаммед үмбетінің беті енді бері қара-
майды» дегендей үмітсіз ойлар адамды қолынан еште-
ңе келмейді дегенге иландырады. Бұл оның аяқ қолын
матап, әрекет қылу талабын жаншып тастайды. Осылай
ойлаған әрі соны айтып жүрген жан әрі өз әлемін, әрі
араласып жүрген көпшіліктің де жігерін құм қылады.
Екінші кесел ретінде ужуб аталған. Ужуб: кей
қырынан көкіректік пен тәкаппарлықтан ерекшеленсе
де, бұлардың барлығының шыққан жері бір. Егер
адамның бойында осындай ұя болса, одан кейде
ужуб, кейде өркөкіректік, кейде тәкаппарлық сап етіп
шыға келеді. Ужубты іштей өзіңді ұнату, тәуір көру
деп түсіндіруге болады. Бір адамның іштей өзін, игі
амалдары мен жасап жүрген істерін ұнатуы деген сөз.
Бұндай іштей ұнату кейде мақтану, кейде тәкаппарлық,
кейде өркөкіректік ретінде сыртқа көрініс береді,
бұлардың қай-қайсының да шайтани сипат екендігінде
күмән жоқ.
Жаман ойлаудан сақтаныңдар
Бұл кеселдерге басқалар туралы жаман ойлау да қо-
сылған. Құран «Уа, иман келтіргендер! Ой атаулының
көбінен аулақ болыңдар (яғни, өзге адамдар жайлы, әсі-
ресе, мүмін бауырларың жайлы түрлі (жаман) ойларға
беріле беруден аулақ болыңдар)! Өйткені ой атаулы-
ның бір парасы (яғни, өзгелер жайлы ойлаған жаман,
Сұрақ-жауаптар 31
яки арам ойлар) күнәға жатады»15 деген сөзімен мүмін-
дерге жаман ойлауға тыйым салған. Осы себепті мүмін-
нің міндеті – мүмкіндігінше жақсы ойда болып, жаман
ойға бармау. Тіпті кейбір ұнамсыз қылықтары көрініп
тұрған адамның өзіне де Бәдиуззаманның өлшемімен
«жақсы ойлап, бірақ сенім артпау» ұстанымын қолда-
ну керек. Яғни, ол жайлы жаман ойламайсыз, бірақ ық-
тияттылықты уыстан шығармай, одан сырт айналмай-
сыз да.
«Исра» сүресінде де келетін «Өзің нақты білмейтін
нәрсенің (мәліметтің) соңына түспе (яғни, білмегенді
білдім, көрмегенді көрдім, естімегенді естідім деп
айтпа)! Шындығында, адам баласы құлақ, көз және жүрек
сынды дене мүшелерін қалай басқарып қолданғанына
қатысты (Алланың алдында) жауапқа тартылады»16
деген аят та жаман ойдың соңы қиын екеніне назар
аудартуы тұрғысынан аса маңызды. Себебі жаман
ойлау – біреу туралы нақты мәліметке сүйенбейтін
ұнамсыз мағынадағы долбарлардан тұрады. Анығында,
аятта нақты мәлімет жоқ мәселелерге адамның
тоқталуына тыйым салынған. Сол себепті бір адамның
тек ой мен долбарларды мәлімет деп қабылдап, солар
арқылы адамдарды бағалауға тырысуы аса маңызды
жауапкершілікті білдіреді.
Кейде құлаққа әртүрлі сыбыс жетуі мүмкін. Айталық,
аятта айтылғандай, пасық адам жалған хабар жеткізуі
мүмкін17. Мүмін әр естігеніне сенбеуі керек, аяттың
бұйрығына бағынып, жеткен хабардың қайнар бұлағын,
15
«Хужурат» сүресі, 49/12.
16
«Исра» сүресі, 17/36.
17
Уа, иман келтіргендер! Егер сендерге әлдебір пасық адам қан-
дай да бір хабар жеткізсе, оның анық-қанығын анықтап біліп
алыңдар. Әйтпесе, білместікпен әлдебір қауымның обалына
қалып, артынан істеген істеріңе өкініп жүрерсіңдер («Хужу-
рат» сүресі, 49/6.)
32 Сынық құмыра 4
астарын, шындығын жақсылап зерттеуі тиіс. Сонда ғана
мәселенің алды-артына нақты көз жеткізетін болады.
Тақырыпқа қатысты бір хадисінде Пайғамбарымыз
(с.а.с.) былай деген: «Әр естігенін жеткізуі адамға өтірік
(басқа бір риуаятта күнә делінген) ретінде жеткілікті»18.
Кейде назарыңа әлдене ілігуі мүмкін. Бірақ қарау
әрдайым сол нәрсенің анықтығына көз жеткізуді
білдірмейді. Жаңсақ көрген болуың мүмкін, көргеніңді
дұрыс пайымдай алмаған болуың мүмкін. Бұл жерде де
адамның міндеті, әр көрген нәрсесіне үкім беру болмауы
керек, алдымен, көрген нәрсесінің дұрыстығына нақты
сенімді бола білген жөн.
Аятта құлақ, көз және жүрек аталып, әрбірінің ой,
пайымдау тұрғысынан жауапқа тартылатыны айтылуда.
Иә, мықты негізге сүйенбеген, нақты мәліметке
негізделмеген мәселелерде құлақ пен көз де, көңіл де
жауапты. Алла келесі өмірде бұлардың әрбірінен есеп
сұрап, олар Алла өзі сақтасын, адамға қарсы куәлік
ететін болады19. Бұлардың барлығы адамның ой мен
долбарлары арқылы өзгелер жайлы үкім беруінің
жауапкершілігі ауыр екенін ұқтыруда.
Топтар арасындағы жаман ойлау
Жаман ойлау материалды-рухани тұрғыдан
кемелдікке зиян тигізетін кеселге жатады. Түбі жеке
адамға тән кесел болғанымен кейде қоғамдық ауруға да
айналып кетуі мүмкін. Егер біреу өзгелер жайлы үнемі
жағымсыз пікірге баратын болса, олардың әрекеттерін
нашарға балап, менсінбеушілік танытса, бұл жеке
адамға тән деңгейдегі жаман ойлауға жатады. Егер
18
Муслим, Муқаддима 4-5, Әбу Дәуіт, Әдеп, 80.
19
Сол кезде олар терілерінен: «Неліктен өзімізге қарсы куәлікке
жүрдіңдер?!» – деп сұрайды. Сонда терілері: «Барлық нәрсеге
тіл бітірген Алла бізге де тіл бітірді», – деп жауап береді
(«Фуссилат» сүресі, 41/21).
Сұрақ-жауаптар 33
белгілі топтар өзге топтар жайлы жаман ойлап, олардың
әрекеттеріне жеңіл қараса, онда бұл жаман ой тіптен
үлкен аумаққа жайылды деген сөз. Жеке менмендік
топтық менмендікке ұласқанда тіптен күшейіп, топтың
менмендігі асқынған сайын мығым бола түсетіндіктен,
оның қаупі тіптен ұлғаюы мүмкін.
Өкінішке қарай, жеке жаман ойларға қарағанда
түрлі топтардың бір-бірі туралы жаман ойлауы қоғам
тұрғысынан анағұрлым залалды нәтиже тудыруы
мүмкін. Қарап тұрсаңыз, А тобы Б тобы жайлы жаман
ойға беріліп, олардың жасаған әрбір ісіне сын тағады.
Б тобы А тобы жайлы жақсы ойламайды. Бұлардың
әрбірі өздерінің жасаған қызметтерін Исламға
көбірек сәйкес әрі адамзатқа пайдалы деп ойлап, тек
өздерінің жасағандарын ғана ұнатады. Басқалардың
жасағанын, небір игілікті істері мен қызметтерін түрлі
сылтаулармен жерден алып, жерге салады.
Байқамаса, ақиқат жаршылары да осындай ауруға
ұшырауы мүмкін, кейбір топтар мен жамағаттар жайлы
жаман ойлап, олар жасағандарын, ең игі істеріне де
нашар көзқараспен қарау қателігіне ұрынуы мүмкін.
Ал анығында Бәдиуззаманның бұл тұрғыда анықтаған
өлшемі анық: «Әркімнің өз жолына сүйіспеншілік та-
нытуы өзгелерге жауластықпен қарауды қажет етпей-
ді». Адам жүрген жолын, жасап жүрген ісін, өз мекте-
бін беріліп жақсы көруі мүмкін, жақсы көруі керек те.
Бірақ бұл өзгелердің мәзһабы мен жамағатына менсін-
бей қарауды, сынап-мінеуді, өте-мөте жауласуды қажет
етпейді. Өзгелерді сөгіп, мін тағып, айыптаудың ешбір
дінде, ешбір мәзһабта құлшылық екендігі турасында
ештеңе білмеймін. Бір адамның тек өзінің ойлау жүйе-
сіне сәйкес келмегені үшін пәлен-түгендерді сөгуі құп-
тарлықтай қылық емес.
Өкінішке қарай, өзгелер туралы жаман ойлау қазіргі
кезде ең көп тараған кеселдердің біріне айналды. Кейбірі
34 Сынық құмыра 4
іштегі бұл кеселді сыртқа көрсетуден тартынбайды,
кейбірі ұнамсыз сөздерін кейбір жерлерде ғана айтып
жүр.
Алла разылығын ойлаудан басқа ниеті жоқ ақи-
қат жаршылары да осындай шабуылдарға ұшырауы
мүмкін. Жаман ойлап, өзгелер олардың жасап жүрген
сонша көркем қызметтеріне көз жұмып қарап немесе
сол істердің астарын әр нәрсеге жоруы мүмкін. Егер
осындай жағдайда олар да өзгелер секілді қылыққа
барса, дәл сол қателікке ұрынады.
Жасалған қызметтерді сыртқы көрінісімен, санымен
бағалау дұрыс емес. Айталық, сіз әлемнің түрлі
жерлерінде мың мектеп аштыңыз. Егер бес мектеппен
адамзатқа пайда әкелуге тырысып жатқан кісілерге
«Мыңның жанында бесеу түкке тұрғысыз ғой» десеңіз,
күнә жасағаныңыз. Біле алмайсыз, бәлкім, солар
істеген істеріне анағұрлым ықыластылық танытқан
болар. Ықыласпен жасалған зәредей амал батпандай
ықылассыз жасалған істерден артық тұрады. Осы
тұрғыдан жасалған ешбір қызметке елеусіз қарауға
болмайды. Алла жолында адамзатқа қызмет үшін
жүгірген барша адам жайлы тек жақсы ойда болған
дұрыс. Жүрекке жаман ой ұяламауы үшін үнемі күресу
керек, іштейгі негативті сезімдерге тосқауыл қойып, әр
адам үнемі өзін жақсы ойға мәжбүрлегені жөн. Себебі
Пайғамбарымыз (с.а.с.) ең жақсы ғибадаттың бірі
жақсы ой екенін білдірген20.
Ең үлкен жиһад
Өзгелер туралы жақсы ойда болған кезде сауап
аласыз, неге? Өйткені бұл жағдайда ішіңіздегі
шайтани, нәпсілік, тәндік және айуандық түртпектердің
өзгелердің іс-әрекетіне қатысты сізді қате бағыттауына

20
Әбу Дәуіт, Әдеп 88.
Сұрақ-жауаптар 35
мүмкіндік бермейсіз, ұдайы бұнымен күресесіз.
Еркіңізбен барынша күресу арқылы жағымсыз ойларды
бақылауда ұстап, өзгелердің кемшіліктеріне көз жұма
қарайсыз. Яғни іштей күресіп, бір мағынада жиһад
жасайсыз. Пайғамбарымыз (с.а.с.) дұшпанмен бетпе-бет
алысуды кіші жиһадқа баласа, адамның өзін дұрыстау
үшін іштейгі күресін үлкен жиһадқа жатқызған21.
Себебі дұшпанмен жасалатын жиһад белгілі бір
мерзім ішінде ғана жүзеге асады. Адамның нәпсісімен,
әуестіктерімен, ұнамсыз сезімдерімен күрескендегі
жиһады ұдайы жүреді. Адам бәлкім күніне жүз рет
осындай нашар сезімдермен күресуге мәжбүр болады.
Яғни ол анығында ұдайы күрес хәлін бастан кешеді.
Міне, іштей жүргізілуі керек осындай күрестегі
жауымыздың бірі – жаман ойлау сезімі. Жаман ойға
итермелейтін факторлар аз емес. Адам тап болатын түрлі
нашар қатынастар, көрген кейбір қателіктері, көрген
қиындықтары мен тап болған қорлығы, осыларды
көрген сайын сол адамдар туралы жаман ойлауға
итермелейді. Сол сезім тулаған сәтінде адам дереу оны
баса білуі қажет. Үстіне ауыр тастар қоя ма, үстіне
шығып алып секіре ме, рухани бірқатар ферменттермен
ыдыратып, сіңіре ме, әйтеуір не істемесін жолын тауып,
оның бас көтеруіне мүмкіндік бермеуі керек.
Адамның жаман ойлаудан арылуы бір жағы өзін
нөлге теңеуіне байланысты. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бір
дұғасында былай деген: «Аллам, мені өзіме кіші етіп
көрсет. (Міндетім тұрғысынан) жұрттың назарында
үлкен ет»22. Біз осы айтылған сөзді жолбасшылығының
бір талабы деп есептейміз. Себебі өзін қаншалықты кішік
көрмесін, ұлық болып табылады. Сіз де «Аллам, мені
өзіме кіші етіп көрсет! Ықыластылықта, разылығыңды

21
Әл-Бәйхақи, әз-Зуһд 1/165; әл-Бағдади, Тариху Бағдад 13/523.
22
Әл-Баззар, әл-Муснад ; әд-Дайлами, әл-Муснад 1/473.
36 Сынық құмыра 4
қалауымда, қызметімде, талпыныстарымда алымды-
шалымды ет!» дей аласыз.
Күніне елу рет өзімізді нөлге теңей алсақ, өзгелердің
кемшіліктерімен айналыспай, олар туралы жаман ойға
бармаймыз. Егер сәл бір қадіріміз бар болса, оны өзгелер
тілге тиек етер. Бұған қатысты біреуден бірдеңе күтудің
өзі бөлек бір кесел. Егер өзгелерден кемшілік көргенде,
дереу өзіміздің кемшіліктерімізді еске алсақ, сынау
мен мін тағудан және жаман ойлаудан арыламыз. Адам
егер өз кемшіліктеріне қарамай, соларды анықтаумен
айналыспаса, өмір бойы маңайынан кемшілік
іздегенмен ешқашан шын кінәліні таба алмайды.

Сұрақ-жауаптар 37
БІТІМГЕ КЕЛУДЕ ҚАЙЫР БАР

«Өзара келісімге келіп жарасу – қайырлы іс»23 деген


аяттың қазіргі жаһанданған әлемде өмір сүріп
жатқан мұсылмандарға айтары не?

Қазіргі күнгі орын алып отырған қақтығыстар мен


даулардың негізінде жатқан негізгі фактор – әркімнің
өзінен аса алмаушылығында. Әркім өзінше бір адам,
әрбірі отбасы, қала, мемлекет және әлемді өзінше
ретке келтірудің соңында. Әркім өзіне ыңғайлы, өзінің
үлгісін іздеген әлемде ортада жолығу мүмкін емес.
Әрбір интеллектуал, әрбір қозғалыс, әрбір мемлекеттің
өзінше бірқатар жүйелер құрып, бұларды тек шындық
деп қабылдап, өзгелердің де осыған бағынуын күткен
әлемде кім кімге бағынсын?! Өкінішке қарай, осы күнгі
дүрдараздықтар пен түсініспеушіліктердің астарында
осындай шындық жатыр.
Толеранттылық пен кеңпейілділік
Әркімнің өзі ұстанатын бірқатар мәзһабы не жамаға-
ты, тобы болғаны секілді, бұлардың әрбірінің өзіне тән
философиясы жоқ емес. Әр топ өзіндегі философияға
салып қоғамды ретке келтіріп, әлемге басқа кейіп беру-
ді қалайды. Ешкім өзгенің басқаша сезімі болуы мүм-
кін екенін есепке алмайды. Әркім әр нәрсеге өз сезі-
мі, өз түсінігіне қарай өң беріп, солай ұйымдастыруға
құштар. Бұл да адамдар арасында айтарлықтай талас-
тартыстардың тууына, шатасу мен шашыраңқылықтың
орын алуына себеп болуда.
23
«Ниса» сүресі, 4/128
38 Сынық құмыра 4
Меніңше, орын алған осындай проблеманы шеше
алатын ең маңызды эликсир – толеранттылық және
түсіністік танытуға басымдық беруде жатыр. Басқаша
айтқанда, аталған талас-тартыс пен бөлінушіліктерді
шешу, адамдардың өзгелермен тез келісу және
татуласуға ашық болуына, өзгелермен диалогта
болуына байланысты. Осы үшін өзінің қырсықтығы мен
қызыққанын, өзінің сезімі мен ойларын бір ғана шындық
деп қабылдау ауруынан арылу қажет. Бұл адамның өз
менмендігінен бойын аулақ салуына, «менді» күйретіп,
«бізге» өтіп, сол жерде сәл аялдаған соң «Оған» (Аллаға)
сапар шегуіне байланысты екені күмәнсіз.
Менмендікке салынып, өздерін дара сезініп, топ
құруға құштарланған жандардың келісімге ашық болуы,
түрлі пікірлерге құрметпен қарауы өте қиын. Олар өз
тобының мүддесін бәрінен жоғары қоятындықтан әрі
жақтастықтан арылмайынша, адамзатқа бақыт әкелетін
келісім стратегияларын қалыптастыра алмайды.
Негізінде, бұндай кісілердің осындай мақсаты барын
айту да қиын. Мүмкін көптүрлілікке өздерін жабық
ұстағандықтан, бұндай нәрселер ойларына кіріп те
шықпайтын болар.
Шындығында, қазіргі жаһанданған әлемде адам-
заттың бақытты өмір сүре алуы үшін толеранттылық
пен диалогтан басқа балама табылмауда. Толерантты-
лық мәдениеті толық орнауы үшін мейлі жеке адамдар,
мейлі елдер өздерін ғана ақиқаттың толық иесі көр-
мей, басқалардың да ойы мен ұстанымдарының дұрыс
болуы мүмкін екенін әрдайым қаперде ұстауы керек.
Өзгеше ой-пайымдар толықтай дұрыс болмағанның
өзінде оның ішінде шындық мүлдем жоқ деуге келмес.
Бәдиуззаманның Мұғтазила мен Жабрия мәзһабтарын-
да ақиқаттың түйірі бар екенін, бірақ бұл мәзһабтар-
дың ақиқатты тек өздерімен шектегендіктен қателікке
ұрынғандарын айтуы аса маңызды. Міне, түрлі көзқа-
Сұрақ-жауаптар 39
рас иелеріне осылай қарап, олардағы ақиқаттың түйір-
лері қабыл алынса, бір шындық туралы ортақ пайымға
баруға болады.
Қазіргі күні әркімнің өзіне тән бір шындығы бар. Бі-
реулерге дұрыс көрінген нәрсе басқаларға қисық болып
көрінеді. Тіпті кейде бір нәрсенің өз тобынан емес басқа
жақтан келуінің өзі қисық болып қабылдануына жеткі-
лікті. Түрлі пікірлерден сақтанып, сыңарезулікпен қа-
рағандықтан, көбіне олардың дұрыс я дұрыс еместігін
талқылау үшін орын табу да қиын. Кейде өзіміз де сен-
бейтін ойларды демагогиялармен қорғап, кейде мықты
негіздерге сүйенетін бірқатар ойларды тағы да демаго-
гиялармен қабылдамауға тырысамыз.
Түрлі дін, мәдениет өкілдері бейбіт қатар өмір сүрген
қазіргі әлемде осындай қыңырлықтар толастамаса,
отбасынан да, қоғамнан да маза қашады. Онда
мемлекетаралық қатынастар мен адамзат деңгейіндегі
қатынастарда да орнықты деңгейге жету мүмкін
болмайды.
Ымыраға келу отбасында басталады
Анығында Құран «Өзара келісімге келіп жарасу –
қайырлы іс» деу арқылы мұсылмандарды татулыққа,
өзара түсінісуге, өзгелердің сөзі мен әрекеттері де
белгілі бір деңгейде шындық болуы мүмкін екенін
қабылдауға шақырған. Білінгеніндей, аят қоғамның
ең ұсақ молекуласы есебіндегі отбасыға қатысты
түскен. Жаратушы Ие жұбайлар арасында орын алған
тіл табыса алмау, кикілжіңдер кезіндегі жүгіну қажет
ұстанымды көрсетіп, дереу ажырасуға бармау, оның
орнына өзара келісуге, әйтеуір жолын тауып, отбасын
сақтап қалуға кеңес берген.
Егер Құран Кәрім отбасында орын алған келеңсіз-
дік, қирау мен күйреуді ымыраласу арқылы реттеуді
қаласа, онда аудан, қала, мемлекет не ғалам деңгейінде
40 Сынық құмыра 4
орын алған проблемаларды да бірінші кезекте бітіммен
шешу қажетті болады. Егер үш-төрт кісіден құралған
шағын отбасы үшін ымыраласу қайырлы болса, мил-
лиондардың бақыты мен тыныштығы мәселесі көте-
рілген шеңберде ымыраластық пен бітім анағұрлым
қайырлы болары сөзсіз.
Осы тұрғыдан алғанда, иманды жандардың міндеті
– қай деңгейде болмасын ымыраластыққа келуді
көздеп, келісім нәтижесінде қол жеткізетін пайда
мен жақсылықтардың соңында болу. Бұл мәселеде
адамдардың түрлі діндерге, мәдениеттерге, этникалық
ерекшеліктерге, әлемге көзқарасы басқаша болуы
кедергі деп саналмауы тиіс. Түрлі сенімге ие немесе
ешбір дінге сенбейтін адамдардың өзімен де бейбіт түрде
қатар өмір сүруге болатынын көрсете білген жөн. Түрлі
мәзһабтарға, діндерге, топтарды ұстанатын адамдар
арасында орын алуы мүмкін ықтимал кикілжіңдер мен
қақтығыстардың алдын алудың, қоғамда тыныштық
пен бақыт орнатудың ең жақсы жолы осы.
Осы себепті осындай жалпылама ымыраластық
пен бітімге келу бағытында жобалар жасап, қолайлы
стратегиялар құрған жөн. Неге десеңіз, бұны жүзеге
асыру ойлағандай аса оңай шаруа емес, көп күш-
жігерді қажет етеді. Осындай маңызды нәтижеге
жету жолында кейде қан құсқанмен, оны түсіндіру
мақсатында «Қызыл түсті шәрбат ішіп едім» деуіңіз
қажет болуы мүмкін. Сол сияқты бұрын болған бірқатар
кикілжіңдерді ұмыту, кешіруге және реті келгенде
одан бас тартуға дайын болу қажет. Қысқаша айтқанда,
адамдардың ымырамен бәрі бірге бақытты өмір сүре
білуі үшін тек ұлттың қадірін аяқ асты етпеу шартымен
барлық қиындықтарға төзе білген дұрыс.

Сұрақ-жауаптар 41
Кемел адамдармен кедергілерді асасыз
Рухы, көңілі, сезімі және ойы тірі адамдар ғана қоғамда
бірлік рухы мен татулық мәдениетін қалыптастыра
алады. Жүрегі және рухани өмірі семгендердің
материалды және қоғамдық тұрғыдан тірілуді жүзеге
асыруы өте қиын. Тірілер адамдарды тірі болуға үндейді.
Рухани тұрғыдан айтарлықтай тойынған, қанағаттанған
адамдар үшін үлкен проблемалардың өзі кішкене. Олар
үлкен орлардың өзін кішігірім арық тәрізді аттап өте
салады. Бірақ менмендігінен айырылмаған, тән рақатын
күйттеуден бас тарта алмаған, әуестігінің жетегінде
жүрген, қысқаша айтқанда, жүрек пен рухтың өмірлік
сатыларына биіктемеген жандардың адамзаттың
бақыты мен қуанышына қосар ештеңесі жоқ.
Қазіргі қирау мен күйреулердің, қақтығыстар мен
кикілжіңдердің маңызды бір себебі осы. Жеткілікті піс-
пеген, шыңдалмаған жандардың кішкене нәрсенің өзін
көңілге алып, мазалары қашады. Шикіліктен арылма-
ғандықтан, өздері қалаған пайым кезіктірмегенде, күт-
кен әрекеттері болмай қалғанда дереу ренжіп, реніш
білдіріп шыға келеді. Біреу оларды белсендендіру
үшін, ескертіп, қимылға келтіру үшін сәл иненің ұшын
тигізсе болды, найза сұғып алғандай ыршып кетеді.
Бір жақсы нәрсе жолықтырса, соның ішінен жалық-
тыратын бір нәрсе тауып, қалған жақсылықтың бәрін
жоқ қылады. Бір сағат тыңдаған нәрсесінен бір-екі
өзіне ұнамаған сөз тапса, сол бір-екі ауыз сөзге бола,
тыңдағандарының барлығын жоқ санап, сол бір-екі
сөзбен бәрін терістей салады. Бұлар олардың барлық
нәрсені нәпсі мен мендік зертханасында қарастырып,
бұның соңы ретінде қате ойларға баратынын аңдатуда.
Анығында, иман мен Құранға беріліп, күніне бес рет
Жаратушының алдында қол қусыратын иман иелерінің
міндеті дөрекі, тұрпайы әрекеттермен бетпе-бет келгенде
42 Сынық құмыра 4
де еш реніш білдірмеу. Тіпті олар нашар қылықтар
жасағандарды кінәлап, олар туралы жаман ойлаудың
орнына Аллаға бет түзеп, былай деуі керек: Уа, Раббым!
Сірә, өзіміз дұрыстала алмағандықтан, осындай істерге
душар болып жатқан шығармыз. Сен бізді де, оларды
да дұрыстай көр!» Себебі осындай деңгейде нәзік әрі
мәрттік таныта алмаған әрі мәселелерге осы тұрғыдан
жақындай алмағандардың сыртқы әлемде орын алған
проблемаларды шеше алуы мүмкін емес.
Ешкімге өкпелемеу, ренжімеу тұрғысында
табандылық танытқан дұрыс. Егер өкпе-ренішке
айналып уақыт өткізер болсақ, өкпе-реніш көтере
алмайтын істер жолда қалады. Кейбір ұнамсыз істерге
ренжуді былай қойғанда, егер адамзатқа қызметке
өзімізді арнаған болсақ, онда басымызды өзгелер
аяғымен басса да қыңқ демей, қажет болса осы жолда
жан беруге дайын болу керек. Сәйид Нигаридың
сөзімен айтқанда:
«Сүйіктіні қалаған кісі жанталасып аласұра ма?!
Егер жанды қаласа, сүйікті туралы алаңдасын ба?!»
Меніңше, қабырғасы қайысқан адамзаттың есін жи-
дыратын идея осы. Осы пікірдегі ұрпақтар қоғам дең-
гейіндегі қирау мен күйреуді қайта қалыпқа келтіріп,
адамзаттың бақытты, бейбіт өмір сүруіне жол ашады.
Әйтпесе, анаған ренжіп, мынаған өкпелеумен қоғамды
да күйрететін пенделердің адамзаттың оңалуына қоса-
тын үлесі болмайды.
Адамзаттың Мақтанышы (с.а.с.) Ұхұд соғысынан
бұрын бір топ сахабаны Садақшылар жотасына
орналастырып, қандай жағдай болмасын, сол
орыннан тапжылмауды тапсырады. Бірақ бұйрыққа
бағынудағы нәзік тұстарды әлі толық түсіне алмаған
садақшылардың басым бөлігі жау жағының қашқанын
көргенде, міндетіміз бітті деп ойлап, орындарынан
кетіп қалған еді. Міне, осы кезде мүшріктердің арт
Сұрақ-жауаптар 43
жақтан қайыра келіп берген соққысынан мұсылман
әскері оңбай жараланды.
Тіпті Пайғамбарымыздың да мүбәрак басы жары-
лып, тісі сынды. Бірақ соған қарамастан ол ештеңе
болмағандай, сахабаларын қайта жинап, бәрімен ақыл-
дасты. Қателерін бетке баспай, сәл де болса реніш те
білдірмеді. Бұл қандай ілтипат самалы десеңізші?!
Кім білсін, жасаған ижтиһад қателігі себепті олар
қанша қиналған болар?! Алла елшісі жасалатын жаңа
қадамдар туралы қайтадан солардың ойына жүгіну
арқылы қатесін аңғарған әрі осының психологиялық
зардабын сезінген сахабаларының көңілін серпілткен.
Адам бойындағы батырлық сезімін қайта тулатып, орын
алған бүліну мен сынуды қалыпқа келтірудің жолы осы.
Хұдайбия келісімі
Сөз осы тұсқа келгенде көбінің ойына Хұдайбия
келісімі оралған болар. Себебі адамзатты Мақтанышы
(с.а.с.) осы келісімге келу үшін Меккеліктердің көп
талаптарымен келіскен. Кейбір талаптарды қабылдау
өзіне ауыр тисе де, тек келісімге келу әрі ымыраластыққа
бара алу үшін соған көнген.
Алла елшісі (с.а.с.) Мәдинадан жолға шыққанда
сахабаларына Қағбаны зиярат етуге, умра жасауға уәде
берген. Осы уәдені орындау үшін ат, түйемен төрт жүз
шақырымнан аса жол жүрген. Меккеге жақын таяп
келген еді. Тіпті умра үшін ихрамға оранып, құрбан
шалатын малдарын да даярлаған. Бірақ Хұдайбияда
Мекке мүшріктері алдарынан шығып, «Сені Меккеге
кіргізбейміз, Қағбаға тауап жасатпаймыз» деп тұрып
алды. Соңында мүшріктер Пайғамбарымыздың әрекеті
әрі ақылына өзгелерді жығуымен (фәтанат) Хұдайбия
келісіміне қол қоюға көнді. Бірақ олар келісім талаптары
ретінде умра жасамай кері қайтуды талап етті. Бұндай
талап сегіз жылдан бері Меккеден және Қағбадан жырақ
қалудың қасіретін тартқан сахабаларға ауыр тиді. Тіпті
44 Сынық құмыра 4
Пайғамбарымызға өздеріне берген уәдесі барын айтты.
«Осы жылы» демегенін естіп, бірақ келесі жылы умра
жасайтындарына тағы да уәде алысты. Бірақ бұлардың
барлығы Пайғамбарымызға іштей ауыр тигенін сезу
қиын болмаса керек.
Ол күнге дейін әлі ақиқатқа көзі ашыла қоймаған
Халид ибн Уәлид атын қамшылап ары шауып барып,
бері шауып келіп, осы әрекетімен мұсылмандарға сес
көрсетіп, тіпті оларды арандатуға тырысқан. Енді бір
жағынан келісім бабына «Алла елшісі» деп жазуға
Құрайш жағының өкілі Суһайл ибн Амр жағы қарсылық
танытып, оның орнына «Мұхаммед ибн Абдулла» деп
жазуын талап еткен. Осы Суһайл жағынан шынжырға
байланып тұтқындалған Суһайлдың ұлы Әбу Жандал
бір жолын тауып құтылып, аяғындағы шынжырын
сүйретіп, қанын сорғалатқан күйде Хұдайбияға дейін
келіп, Алла елшісін паналаған болатын. Келісім бабына
сүйенген әкесі ұлын өзіне беруді талап етіп, Алла елшісі
келісімді бұзбау үшін оған да көнуге мәжбүр болды.
Бұлардың барлығы да жеңіл қабылдайтындай
нәрселер емес. Өте-мөте кісілік қадір-қасиеті жоғары,
үлкен абырой иесі Адамзаттың Ардақтысы (с.а.с.)
тұрғысынан. Себебі ірі тұлғаларда қырағылық
пен сезімталдық терең болғандықтан, біздің оны
тиісінше ұғынуымыз қиын. Құранның «сен олар иман
етпеуде деп уайымға салынып, өзіңді жеп тауыса
жаздайсың»24 деген аяты да ол кісінің бойындағы терең
сезімталдығының бір көрінісі. Бірақ Алла елшісі өте
бір байыппен әрі аса сақтықпен бұлардың барлығын да
ішіне сыйғыза білген.
Ол – періштелер артында сапқа тізілген, Жәбірейілдің
өзі ысырылып, екі қадам кері шегініп артына өткен,
әзірет Адамның «Соның құрметі үшін мені кешір» деп
Аллаға жалбарынған, Мұхаммед үмбеті күн сайын
24
Шұғара сүресі, 3-аят
Сұрақ-жауаптар 45
шапағат етуін сұраған ардақты пайғамбар. Сондықтан ол
кісіге қарағанда осы ерекшеліктерін, көркем кісілігі мен
кіршіксіз пәк жағдайын ескере отырып қарау керек. Ал
енді сол күн тұрғысынан әлі ширктен арыла алмаған, үш-
төрт пұтқа табынушының тұрпайылықпен пайғамбарға
жасаған дөрекіліктеріне қараңыз. Пайғамбарымыз
абырой мен намысты мәселе етпестен, олардың
қылықтарының бәрін де көтере білген. Әлгілердің
тұрпайы қылықтарын көңіліне алып, еш ренжіместен
проблемаларды шешуге, олардың көңілін аулап, жаңа
бір келісім атмосферасын қалыптастыруға тырысты.
Бір жағынан бұл оқиғаларға біртұтас күйінде қарау
арқылы келісім мен толеранттылықтың болашақта
әкелетін жақсылықтарын жақсы көре білу әрі дұрыс
пайым жасау еді. Адамзаттың мақтанышы осы
әрекетімен мұсылмандарға да белгілі бір мәселелерде
қырсықпау, менмендікті араластырып іс істемеу, үстірт,
таяз пайымдаулардан алыс болу, алысты болжай білу,
ешкімнің көңілін қалдырмау, қатаңдық пен күш қолдану
арқылы болашақта проблемалар тудырмау керектігі
сабағын берген. Келеңсіздікті үстемелемей, проблемалар
жиынтығынан бойды алыс ұстаудың жолы осы.
«Біз Хұдайбия келісімін жеңіс деп есептейміз»
Иә, Хұдайбия келісіміне осындай ауыр талаптармен
қол қойылды. Мұсылмандардың абырой, беделі
түскендей болды. Бірақ Құран Кәрім бұл келісімнің анық
жеңіс (фатх) екенін сүйіншілеп хабарлады әрі келісімнің
нәтижелері де осыны айғақтады. Айтқандай, кейіннен
ардақты сахабалар былай деген: «Сендер Меккенің азат
етілуін жеңіс деп есептейсіңдер. Ал біз Хұдайбияны
жеңіс деп санаймыз». Өйткені мұсылмандар осы
келісімнен кейін Араб түбегінде еркін жүруге әрі
өздерін таныстыруға мүмкіндік алды. Арадағы ашу, ыза,
жауластық тоқтаған осы мерзім ішінде көп адам Исламды
жақынырақ танып, мұсылмандықты қабылдаған. Халид
ибн Уәлид пен Амр ибн Ас секілді болашақта Ислам

46 Сынық құмыра 4
туын биікте желбірететін әскери әрі саяси кемеңгерлер
осы мерзім ішінде мұсылмандар арасына қосылып,
Құранның тілімен айтқанда, «адамдар топ-тобымен
Исламға кіре бастаған»25.
Осы тәжірибені негізге алып былай деуге болады:
қазіргі мұсылмандар да елдің ішінде әрі шет елдерде
осындай келісім ауанын қалыптастырғысы келсе, үлкен
жанқиярлықтарға бару керектігін білуі қажет. Егер
өздеріне ұнамсыз бірқатар жағдайларға шыдап, үнемі
абырой, намыстарын алда ұстамаса, келісім, бітім
жолымен қол жеткізуге болатын үлкен жақсылықтардан
мақұрым қалады.
Қазіргі әлемнің талаптарына қарайтын болсақ,
адамзат осындай келісім мен татуласуды басқа
уақыттарға қарағанда әлдеқайда көбірек қажетсінетінін
байқаймыз. Себебі асқынған көптеген проблемалардың
шешілуі, елдердің ыдырамай бүтіндігін сақтап қалуы,
қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуі осыған байланысты.
Осы тұрғыдан келгенде Хұдайбия келісіміндегі логика
мен пайымдауды өте жақсы ұғыну әрі жүзеге асыру
қажет.
Егер Осман мемлекеті көп ғасырлар бойы түрлі
ұлттарды басқарған болса, осындай келісім, өзара
түсіністік, толеранттылық пен кеңпейілділіктің
арқасында оны жасай алған. Бұлар болмаса, ұзақ уақыт
бойы проблемасыз іс жүргізу мүмкін болмас еді. Соңғы
ғасырларда орын алған проблемалардың түпкі себебі
де осы келісім философиясы мен түсінігінің толықтай
жүзеге аспауында. Адамдарға өз қалауынша өмір сүруге
еркіндік берілмегендіктен келеңсіздіктер туындаған.
Тұрғындарды кейбір жағдайларға күштегендіктен, олар
жоғалтқан қолдауды шеттен іздеп, айналып келгенде,
алып бір мемлекет құлаған.

25
«Наср» сүресі, 110/2.
Сұрақ-жауаптар 47
КЕҢШІЛІКТЕ ДЕ, ТАРШЫЛЫҚТА
ДА МҮМІНГЕ ТӘН ҰСТАНЫМ

Ағыл-тегіл молшылық уақыттар мен қиындыққа


толы ауыр кезеңдердің өзіне тән сынақтары бар
екенін білеміз. Осы сынақтарда сынып кетпеу үшін
мүмін ретінде өзімізді қалай ұстай білген жөн?

Ең алдымен мүмін кісі ұлы мұратқа байланып, саналы


ғұмырын осы ұлы мұратқа қарай бейімдеуі кездесетін
сынақтар кезінде өзі үшін маңызды қорған болатынын
айтуымыз керек. Егер біреу «Қызмет болса өмір сүруге
болады, әйтпесе өмір сүрудің мәні жоқ» деген пікірді
дұғасындай жиі қайталап, бұл дүниеде ғұмыр кешудің
мәнін өзі берілген сол мақсатта жақсы істер жасап қалу
мүмкіндігімен байланыстырса, онда басынан бақайына
дейін жауған нығметтер ондай жанды тура жолдан
тайдыра алмайды немесе түрлі қиындықтар мен қауіп-
қатерлер оны күпірлікке итермелей алмайды.
Дегенмен мұндай сана-сезім, түсінік-пайымды жан-
дүниеңе, мінезіңе сіңіру оңай емес. Адамның үнемі ішкі
тебіреніспен мұны сезінуі, миының әрбір қатпарында
осыны сезініп отыруы айтарлықтай жанпидалық
пен берілгендікті талап етеді. Шынайы мүмін осы
қиындықты жеңуге тырысуы керек. Ол ғұмырын
иғла кәлиматулла (Алланың атын асқақтату) пікіріне
негіздеп, онсыз өмірді бос һәм мәнсіз деп біліп, бұндай
ойдан ажырап қалған кездерін тірі өлікке балап қорқуы
керек.
Иә, Алла разылығын, оның атын мұқтаж кісілерге
жеткізуге деген ынта-жігерден басқаның барлығы кейін

48 Сынық құмыра 4
тұратын істер, тіпті болса да, болмаса да. Жайлылық
болса да болады, болмаса да; үй-жай болса да болады,
болмаса да; лауазым болса да болады, болмаса да,
байлық болса да болады, болмаса да, алайда иғла
кәлиматулла үшін бұлай дей алмаймыз. Өйткені біз
соны жасау үшін осында жүрміз. Жаратылуымыздың
негізгі мақсаты жұрттың жүрегінде осы сезімді тірілту,
сонымен өмір сүргізе білу. Осы тұрғыдан бір мүміннің
күш жұмылдыруы қажетті негізгі әрі әуелгі мақсаты
осы болуы тиіс.
Негізі, бұл мәселелерді терең пайымдағысы
келетіндер аз емес. Алла көп адамды осыны түсіне
алатындай қабілетпен жаратқан. Алайда мұндағы
маңызды нәрсе – қабілет-қарымды аша білуде.
Қабілеттің болуы да жеткіліксіз, ерік-жігеріңді жани
білумен бұғып жатқан қабілеттерді қозғап, оны әрекетке
итермелеу керек. Бір ғана шоқпен, бір тал шырпымен
жан-дүниесін сәулелендіргеннен кейін, бүкіл жер-жүзін
талмай-тынбай шарлап, тұтануға бейім тұрған қанша
шамшырақ болса, соның барлығын тұтатамын деген
талап-тілекте болу керек. Алла жолында жасалатын,
адамзатқа қызмет ниетімен атқарылатын әрбір іске
бейне бір шамды тұтату деп қарауға да болады.
Әзірет Мәулананың сөзімен айтсақ, басқа шамдарды
тұтатқаннан шамның өз жарығынан ештеңе кемімейді.
Жетістіктерге тап келгендегі
мүмінше ұстаным
Адамның қам-қарекет, күш-қайрат жұмсауымен
болған түрлі жақсы нәтижелер Жаратушы Иенің
жақсылығы, сый-сияпаты және назар салуы тұрғысынан
аса бағалы һәм өте үлкен. Бірақ адам өз назарында
бұларды жеткіліксіз санап: «Алланың маған берген
мүмкіндіктерімен бұдан да үлкен істер атқаруға болар
еді» деп, одан да жоғарысына қол созғаны дұрыс.
Сұрақ-жауаптар 49
Жарты әлемге сөзін өткізе алған кісі болса да «Әттең,
бұдан да жігерлі болғанымда, Алланың маған берген
мүмкіндіктерімен ой-түсінігімді бар әлемге жеткізе
алар едім» деген түсінікке ие болуы керек. Бұған қоса,
ол қол жеткізген жетістіктеріңнің барлығын Алланың
жақсылығы деп біліп, әрдайым «Мұның барлығын
маған ұлы Алла берді» деуі керек. Өзін әрқашан
Меккеге қажылыққа жолға шыққан құмырсқадай
көріп, Алланың игілігі болмаса сапарын тамамдай
алмайтынын қаперде ұстауы керек.
Ардақты Пайғамбарымыз бір хадисінде аз нәрсеге
шүкір етпейтін жанның көп нәрсеге де шүкір етпейтінін
айтқан26. Осы тұрғыдан қарағанда, Алла нәсіп еткен
ең ұсақ нәрсеге де шүкір ету қажет. Бұлай болмаған
жағдайда ол Аллаға құрметсіздік. Себебі күллі нәрсе
Алланың қалауымен жүзеге асуда. Әрбір қол жеткізген
нәрсеміз тіпті кішкентай болса да Алланың қалауымен
жаратылды. Алладан келгендіктен кішкентай көрінген
нәрселердің өзі шындығында өте үлкен. Бірақ қол
жеткізген жетістіктердің өзімізге қатысты жағын
мейлінше кішірейткен үстіне кішірейтуіміз керек.
Әлемде мың университет ашқан болсақ, оны аз көріп,
«Неге он мыңға жеткізбедік» деуіміз қажет.
Негізі, бір мүміннің жасаған істерін өзіне қатысты
жағымен аяқ астына тастап таптап, өте елеусіз етіп,
ал ұлы Алланың назар салуының бір нәтижесі ретінде
кішкене жетістіктердің өзін қастерлеуі негізі бір-біріне
қарама-қайшы нәрсе; бірақ ол ой дұрыстығын сақтау
һәм болып жатқан оқиғаларға дұрыс баға бере алу
үшін тепе-теңдікте ұстайтын жақсы қарама-қайшылық.
Әйтпесе қолы жеткен жетістіктерді пенденің өзінен
көруі, жақсы істердің өзіне қатысты жағын тым жоғары
бағалауы, оның кеуде ұрып мақтануын, тәкаппарлығын
26
Тирмизи, Бирр 35; Әбу Дәуіт, Әдеп 12.
50 Сынық құмыра 4
арттырады.
Нығметтерге бөленген, үнемі жетістіктерге жететін
жан осының бәрі өзімнің арқам деп білетін болса,
аңдаусызда Аллаға серік қосуда деген сөз. Бұл тұрғыдан
«Сендердің ең ұлық раббыларың мына менмін»27
деген перғауыннан еш айырмашылық жоқ екенін айтуға
болады. Осы себепті атқарылып жатқан жақсы істер
арқылы жәннатқа қол жеткізу яки жаһаннамға лайық
жағдайға келуі бек мүмкін. Мәселен, күш-қайратын сарп
етіп бір елді тұтас жаннаттай жайнатқан кісі «Осыны
өзімнің даналығымның арқасында жасадым» деген
сәттен-ақ байқаусызда ширк батпағына батты деген
сөз. Ал шынтуайтында осыншалықты жақсылықтарды
өзіне телігенше шынайы иенің қалауымен деп білсе, ал
еңбек еткендердің талпынысын Алланың жаратуына бір
қарапайым шарт деп ойласа, онда Фирдаус жәннатына
отауын тігуі мүмкін.
Пенде кейде Қарун сияқты төтесінен «Мен бұл
қазынаға өзімнің ілімім мен қабілетімнің арқасында қол
жеткіздім» деген сөзімен иләһи игілікті өзіне телігені
сияқты кейде жүріс-тұрысы арқылы, ишараттары мен
мимикалары арқылы осыны тұспалдауы мүмкін. Қалай
десек те, бұлардың барлығының астарынан ширктің
иісі шығып тұратын іс-әрекеттер. Ширктен шүкірге
өтудің жолы үлкенді-кішілі нәрсенің барлығын
Алладан деп білу және сол істің Аллаға қатысты жағын
қастерлеп, құрметтеуі керек. Өзіне қараған жағына
келсек, Стамбулды азат етудің өзі ұсақ іс, ал жерде
кібіртіктеген құмырсқаны алып, илеуіне салудың өзі
үлкен іс. Алланың құқына келгенде өте сергек болған
жөн.
Уахи нөсерлеп жауатын шаңырақта өскен,
Пайғамбарымызға он жылға жуық адал жар болған
27
«Назиғат» сүресі, 24-аят
Сұрақ-жауаптар 51
Айша анамыз Алла елшісінен «Уа, Расулалла, ақыретте
жарыңызды еске аласыз ба?» деп сұрайды. Алланың
небір игіліктеріне бөленген анамыз өзінің амалына
да, Пайғамбарымызға деген жақындығына да сенім
артпаған. Пайғамбарымыздың шапағаты тиер деп үміт
еткен. Оның бұл сұрағына Алла елшісі: «Уа, Айша, үш
жерде еске ала алмаймын: есеп-қисап кезінде, амалдар
таразыға тартылғанда және сырат көпірінен өтер кезде»
дейді28.
Әзірет Әбу Бәкір, әзірет Омар және өзге де көптеген
сахабаның түсінік-пайымы осыған ұқсас болатын.
Айталық, өмірін иғла кәлиматулла жолында өткізген
әзірет Омар бір күні маңдайын жерге тигізіп: «Менің
күнәларымның кесірінен Мұхаммед үмбетін құрдымға
кетіре көрме, Аллам!» дегенін көреміз. Атқарылған
істердің өзіне қараған жағын тым елеусіз көріп, Аллаға
қараған жағын өте жоғары бағалау мәселесі бұл
кісілерде дәл көрініс таба білген. Арамызда жұттың
келуін, құрғақшылықты, жер сілкіністерін, қоғамдағы
әртүрлі топтардың өзара алауыз болуы, залымдар мен
мұнафықтардың бізге түрлі тұзақ құруы мен бізге
шабуыл жасауын өзінен біліп, басын сәждеге қойып
жалбарынған, екі бүктеле қиналып «Уа, Алла! Менің
күнәларымның кесірінен Мұхаммед үмбетін құрдымға
жібере көрме!» дейтін қанша кісі бар?!
Тағдырға разылық
Нығметтерге бөленіп, жайлылыққа қауышудан пенде
азып, мастанатыны секілді түрлі ауыртпашылыққа
душар болуы да оны қарсылыққа итермелеуі мүмкін.
Ал анығында мүмкін кісі мұның барлығын өз алдына
бір сынақ екенін ұмытпай, өмірін сабыр, шүкір және
разылық аясында өткізгені абзал. Сөз зергерінен
28
Әбу Дәуіт, Сүннет ; Ахмад ибн Ханбал, Муснад, 101
52 Сынық құмыра 4
мынадай бір хадис риуаят етілген: «Алла жазған
тағдырына разы болуы адам баласының бақытының бір
себебі осы секілді, Алла жазған нәрселерге разы болмау
оның бақытсыздығына себеп»29.
Сол себепті Аллаға шын көңілмен сенген жанның
«Рабб ретінде Аллаға, дін ретінде Исламға, пайғамбар
ретінде әзірет Мұхаммедке (с.а.с.) разымыз»30 деген
ой-түсінікті әрдайым есте ұстап, осы мүбәрак сөзді
күнделікті уирдіне (зікір) айналдыруы өте маңызды.
Мүмін кісі осы сөзімен адамды жоқтан бар еткен,
тәрбиелеп өсірген, түрлі жағдайды жазмыш еткен
Алланың рубубиятына, дін мен жүйе ретінде келген
Исламға, ол бізге міндеттеген бүкіл жауапкершіліктерді
шын көңілмен атқаруға және әзірет Мұхаммед
Мұстафаның пайғамбар болғанына разы екенін
білдіреді.
«Мына ауыртпалықтарға қалай душар болдым?!
Неге мен, не жазып қойдым сонша?!» дегендей сөздер
мүміндер айтатын сөз емес, ол мүмінге еш жараспайды.
Өмірдегі келеңсіз жайттарды Алланың тағдыры деп
білуі және бұл тағдырдың өзінің қателері мен күнәла-
рына қатысы болуы мүмкін екенін ойлауы, оны разы-
лыққа қайшы ой-санадан (Құдай сақтасын) Раббысы-
мен іштей тайталасудан құтқарады. Құран логикасы
да осыны талап етеді. Өйткені көптеген аяттарда пенде
душар болатын қиыншылықтардың себебі ретінде пен-
делердің істеген қателіктері мен күнәлары көрсетілген.
Осы тұрғыдан қандай да бір мүміннің аузынан шыға-
тын сөздері мынадай болуы керек: «Демек, біраз күнә-
ларымыз болғандықтан, Алла кейбір жынды көбелек-
терді бізге шабуылдатқан шығар. Олар біздің негізгі
29
Тирмизи, Қадар 15; Ахмад ибн Ханбал, Муснад, 1/168
30
Бұхари, Илм 29, дағауат, 35, фитән 15, иғтисам 3; Муслим,
сиям 197, фадаил 136-137
Сұрақ-жауаптар 53
күнәларымызды білмегендіктен сауаптарымызға тиісті.
Бәдиуззаман айтқандай, біз ешқашан жасамаған, жасай
алмайтын, тіпті ойға да алмайтын нәрселеріміз себепті
бізге шабуыл жасады.
Егер орын алған ауыртпалықтарға осылай қарайтын
болсақ, іштейгі өрекпіген сезім шоғын разылық эликси-
рін құйып, басуға болады. Осы эликсирдің арқасында
ойды сан-саққа жүгіртіп, ми қыртыстарын аралап, түп
санаға өтіп, сол жердегі түсініктерді кірлететін барлық
жағымсыз ойларды жеңуге болады.
Алла разылығына қол жеткізуден басқа мақсаты жоқ
шынайы әрі жанқияр жандарға жасалған жамандықтар,
жауыздық әрекеттер, озбырлық пен түрлі қатыгездік-
терді көргенде әркез көңілге жағымсыз ойлар келуі
мүмкін. Тіпті бұлар ұйқыны қашырып, адамды естен
тандыратындай деңгейде ауыр да болуы кәдік. Бұлар-
ды қайдан білем?! Себебі көбіне өзім де соған душар
боламын. Міне, осындай жағдайларда, түзу бірқатар
ойлармен сананы мұндай келеңсіздіктерден тазалай
білген дұрыс.
Одан бөлек, біз өзіміздің тар ойымыз, таяз пайым-
дарымызбен көбіне орын алған жағдайлардың ізін ала
қандай жақсылықтар туындайтынын да біле бермейміз.
Бұрын талай айтқан едім: егер өмір жолым өзім ойлап,
жоспарлағандай қалыптасқанда, Қорыжық ауылында
Рамзи мырзаның ұлы боп қалар едім. Бірақ бүгінгі күн-
нен артқа бұрылып өмір жолыма қарағанымда, Алла
Тағаланың бағыттауы мен игіліктерін анағұрлым анық
көремін.
Адам өте-мөте жан күйзелтіп, жабырқататын
оқиғалардың әсерімен қысым көріп, әрі-сәрі күйде
жүріп, орын алған жағдайларды дұрыс зерделей алмауы
мүмкін, жаратылыс заңдылықтарын пайымдауда түрлі
қателіктерге бой алдыруы кәдік. Алайда біраз уақыттан
кейін бүкіл нәрсе айқындалып, нақты көріне бастаған
54 Сынық құмыра 4
кезде, еш аңғармасақ та Алланың өмірімізді бағыттап,
бізді иләһи игіліктерге бөлегені байқалады. Осы себепті
пенде кейін Алланың алдында ұялып, өкініштен өзегі
өртенгенін қаламаса, басынан өткізіп жатқан оқиғаларға
қатысты тез үкім айтуға асықпауы керек һәм ешқашан
разылықтан айырылмағаны жөн.
Алла кейде беретін нығметтерін қиын әрі машақатты
жолдың соңында береді. Кейде сізді сондай бір жолға
түсіреді, ол жерде өр де, еңіс те, түрлі бұрылыстар да
бар. Кейде асулардан асып, қан мен ірің тола дария-
лардан өтуіңізге тура келеді. Осындай қиындықтармен
күресу кезінде неге бұларға душар болып жатқаныңыз-
ды түсіне алмауыңыз мүмкін. Орын алған оқиғалардың
қай жерге дейін баратынын да білмеуіңіз мүмкін. Бірақ
төбеге шыққан соң бұрылып артқа қарағанда, сәл ер-
теректегі айтқан сөзіңіз бен ойыңыздың қате екенін
ұғып, «Пәлі, ең дұрыс жолмен жүрген екенбіз» дейсіз.
Жаратушы Иенің соған итермелеуінің қаншалықты дәл
уақытында болғанын көресіз. Осы тұрғыдан қазірден
бастап нәтиженің қайырлы болатынын ойлап, жүрген
жолымызда алдымыздан кесе-көлденең шыққан нәрсе-
лерден асып өтуге тырысуымыз керек және Раббымыз-
дың бізге деген игіліктерін ойлап шүкір еткеніміз жөн.
Көркем мінезден танбау
Тағдырға разылық танытпаудың тағы бір түрі – қыз-
ғаныш, іштарлық, көреалмаушылық сияқты кеселдер.
Бүгінгі күнге дейін көп адам осы кеселдердің себебі-
нен адасушылыққа немесе күпірлікке ұрынған. Мәсе-
лен, Әбу Жәһил іштарланып, Алла Тағала пайғамбар-
лыққа лайық көрген Адамзаттың Мақтанышын (с.а.с.)
көре алмады. Кейбір жасырын басқосуларда пайғамбар
екенін мойындаса да, уысындағы мүмкіндіктерін жо-
ғалтып алам ба деген қорқынышпен ашық айта алмады.
Оның бұл әрекеті Аллаға қарсы келу екендігі күмәнсіз.
Сұрақ-жауаптар 55
Сол кездегі мүшріктердің көпшілігі Алланың тағдыры-
на разылық танытпағандықтан, (Құдай сақтасын) пай-
ғамбарлықты әзірет Мұхаммедке лайық көрмеді һәм
өздері де оңбады.
Одан кейінгі ғасырда Әбу Бәкір, Омар, Осман, Әли
сынды тұлғаларды көре алмаған жандар да шықты.
Әсіресе, Хайдар Кәррар, Шаһ Мәрдан әрі Даһи Ағзам
болған әзірет Алиді көре алмаған көптеген есерсоқтар
оған қарсы шығып, Исламның пәрше-пәршесін шығар-
ды. Міне, осы көреалмаушылық Ислам әлемінде көпте-
ген бүліктердің бас көтеруіне жол ашты. Дәл сол сияқ-
ты тәкаппарлық пен көкіректігі себепті әзірет Адамды
көре алмаған шайтан Құдайдың құзырынан қуылып,
адамзаттың мәңгілік дұшпанына айналды. Ақырында
шайтан ұтылды, әзірет Адам ұтты. Иә, көреалмаушы-
лық бұ дүние мен ақыретте ұтылудың басты себебі.
Бүгінгі таңда қызғану мен көреалмаушылыққа бой
алдырған кейбір кісілер Алла жолында шапқылаған
жанқияр жандарға да іштарлық танытуы мүмкін. Олар-
ды жүрген жолдарынан қайтару үшін қолдарынан кел-
ген барлық нәрсені жасауы кәдік. Өздеріне ыңғайлы ке-
дергілер құрып, олардың жобаларын бұзуға бағыттал-
ған неше түрлі қадамға баруы мүмкін. Тіпті бұл жолда
түрлі айла-тәсілдермен, алдап-арбаумен оларды сенді-
руге тырысуы да мүмкін. Бұны жасай алмаған кезде оз-
бырлыққа барып, қысым арқылы оларды райынан қай-
таруға әрекеттенеді.
Өздерін хақ жолға арнаған жандарды немесе олар
жасаған жақсы қызметтерді көре алмаған бұл іштар-
лар жамандық тұрғысынан не істемесін өздерін хақ
жолға арнағандар әсте жүрген жолдарынан айнымай,
өз ұстанымдарынан бас тартпаулары тиіс. Өздеріне
жасалған жамандықтар оларды қателік жасауға итер-
мелемеуі керек. Олар дәл солар сияқты есе қайтаруды
ойға да алмауы қажет. Себебі әзірет Бәдиуззаманның
56 Сынық құмыра 4
сөзінше, бұл – әсіресе ақиқат өкілдері тұрғысынан за-
лымға тән түсінік. Олардың бұл мәселедегі ұстанымы:
«Жақсылық пен жамандық бірдей болмайды. Сен
жамандықтың қарымын (қолыңнан келген ең кере-
мет) жақсылықпен қайтар. Сонда өзіңе қас дұшпан
болған адамның жан досыңа айналғанын көресің»31
деген аят болуы керек.
Тақырыпқа қатысты Пайғамбарымыз былай деген:
«Қайда болсаң да Алладан қорық! Жамандықтың ар-
тынша жақсылық жаса, оны кетірсін. Жұртпен қарым-
қатынаста әрдайым көркем мінезді бол!»32 Мұсылман
кісі іс-әрекеттері тұрғысынан әрқашан көркем мінездің
үлгісі болуы керек. Тіпті оған көз салғандар жасаған
жамандықтарынан өздері тіксінуі тиіс.
Әйтпесе өзгелердің қателері мен кемшіліктеріне
қарсылық танытып, «біз де дәл солай есе қайтарайық»
деген сәттен-ақ сол қателікті сіз де жасауға бет бұрды-
ңыз деген сөз. Алла олардан жасаған бүкіл зұлымдық
пен әділетсіздіктерінің есебін сұрайды, сол сияқты сіз-
дерден де жасаған қателіктің есебін сұрайды. Себебі
өзгелердің қателіктері мен күнәлары сіздер жасайтын
қателіктерді ақтап алмайды. Зұлымдық көруіңіз зұлым-
дық жасауыңызға заңды рұқсат бермейді. «Біз тек олар-
ға жауап қаттық, өздері жасағандай жасадық» деген ой
да сіздерді ақтап алуға жетпейді. Бұл тұрғыдан кейбі-
реулер шектен шығып, озбырлыққа барса, зорлық-зом-
былыққа жүгініп, істеп тұрған жүйені бұзса да, иманын
сергек ұстайтын мүмін мұндай заңсыз әрекеттердің еш-
бірін жасай алмайды. Оның міндеті – әрқашан адамша
және мұсылманша қарекет жасау.
Иә, басқалар қолданған шайтани жолдар мен жоба-
лар бізді түрлі қателіктерге итермелемеуі үшін мей-
31
«Фуссилат» сүресі, 34-аят
32
Тирмизи, Бирр 55; Ахмад ибн Ханбал, Муснад 5/153
Сұрақ-жауаптар 57
лінше сергек әрі сақ жүруіміз керек. Қызғаншақ не кө-
реалмаушыларға сондай көреалмаушылық танытпай,
озбырлық пен әділетсіздікті де дәл сондай озбырлық-
тармен жоюға тырыспауымыз қажет. Қайта бүкіл осы
келеңсіздіктерге кездескен сайын табандылығымызды
нығайтып, сабырымызға сабыр қосып «Келсе Жәләлің-
нен жапа, Жамалыңнан опа, екеуі де жанға шипа, Мейі-
рімің де ұнамды, қаһарың да» деп, болып қойған жайт-
тарды терең тәуекел және кең пейілмен қарсы алуымыз
керек. Бүкіл осы нәрселер қылмыс жасағандардың заң
аясында лайықты жазасын алуына және еріксіз таптал-
ған құқықтарын кері қайтаруына кедергі болмайтынын
да баса айтқан дұрыс. Әсіресе, жамандық жасағандар-
мен алысатын болсаңыз, уақытты ысырап етіп, жүріп
бара жатқан жолыңызда ілгерілей алмайсыз. Мұның да
есебін Алла сұрайды. Оның орнына іс атқару, қарекет
және қажыр-қайратты еш тоқтатпай, үнемі балама жол-
дар мен жобалар жасау арқылы жалғастыра беру керек.
Жүріп бара жатқан жолыңызды жүруге келмейтіндей
етіп тастаса да, еш тоқтамай жаңа жолдар тауып, жүрі-
сіңізді жалғастыруыңыз керек.
Бұл дүние ренжитін дүние емес, сүйемелдесу, бір-бі-
ріне арқа сүйеу дүниесі. Сондықтан қатыгездіктер мен
зорлықтарға мұңайып, ренжіп, сынып кетпеу керек. Се-
бебі адамдар қасқыр сияқты бір-бірін жеуге бар дәуірде
егер біреулер адамзатқа жаңа бір әдеп негіздерін үйрет-
пейтін болса, дүниенің соңы оңбайын деп тұр. Тура бір
дүниенің болашағы зорлық пен қатыгездік арқылы мә-
селе шешкісі келетін жыртқыштарға аманат етілгендей.
Бұл тұрғыдан міндетті түрде жаңа бір ағысқа, өзгеше
бір арнаға, басқаша ой-пікірге және оригинал түрде қа-
лыптасуға қажеттілік бар. Бұл қалыптасуды болдыруға
әрекет жасап, адамзатқа «Қараңдар, осылай жасауға да
болады екен» дегізу керек. Жұртты қысым, қатыгездік,
зорлық не бомбалармен емес, сүйіспеншілік, толерант-
58 Сынық құмыра 4
тылық арқылы, адами және әдеп құндылықтарына сай
басқаруға болатынын көрсету керек.
Ол үшін о баста сіздердің ұрғанға қолсыз, сөккенге
тілсіз болып, ренжігенге ренжімеуіңіз керек. Егер жа-
байылық, өшпенділік, жек көру және кекпен сізге төніп
келгендерге сіздер де дәл солай жауап қатсаңыз, кек
пен жек көрушіліктің тұйық шеңберін жасап, өздеріңіз-
ге дұшпандық жасағандарды мейлінше жыртқыштыққа
итермелейсіз. Егер айналаның гүлзарға айналуын қала-
саңыз, ең алдымен бұл гүлзарды сіз өз көңіліңізде жа-
сауыңыз керек. Себебі осылай жасаған кезде іс-әрекет-
теріңіз бен қам-қарекеттеріңіз де осыған сай түр-сипат
алып, сонда барып әрбір жүріп өткен жеріңіз әтірдің
базарына айналғандай, ол жерлерден гүлдің иісі аңқып
тұратын болады.
Тәсілде қатеге ұрынбау
Егер сізге шабуылдағандарға насихат айтып не
сөздерін дұрыстау мақсатында қайткенде де бір нәрсе
айту керек болса, оның өзін он мәрте ойланып барып
айтқан жөн. Тіпті өз ойыңызбен шектелмей, жөн білетін
кісілермен кеңесіп «Мына жазған нәрселерімді бір
қарап көре аласыз ба? Ішінде біреудің шамына тиетін
сөздер жоқ па? Жазылғандарды тағы да біраз жұмсақтап
жеткізуге болар ма еді?» т.с.с. олардың да ойын сұраған
жөн. Себебі ақиқат әрдайым жоғары тұрады, оны ешкім
үшін құрбан етуге болмайды. Ақиқатты қорғаштау
кезінде арасына өзіміздің пенделік сезімдерімізді қосып
жібермеуіміз керек.
Жұрттың жүрегін жаулағыңыз келсе олардың жалпы
сана-сезімін, өскен мәдени ортасы мен олар сенетін
құндылықтарды өте жақсы біліп, ұсынатын еміңіз бен
дауаңызды соған сай ұсынуыңыз керек. Өйткені ауру-
дың бәріне бір дәрі берілмейді. Кімге қандай дәрі бері-
летіні аурудың жағдайына қарай анықталады. Егер ал-
Сұрақ-жауаптар 59
дыңыздағы кісінің мінез-құлқын, ой-санасын, қай сөзді
қалай қабылдайтынын, не нәрсеге қалай реакция білді-
ретінін әу бастан есептемесеңіз, мақсатыңызға қайшы
нәтиже көруіңіз мүмкін.
Қарсы тарап құндылық санайтын нәрселерді есепке
алу – біздің өз құндылықтарымызға жасаған құрметі-
міздің маңызды бір белгісі. Өйткені бұл мәселеде қыра-
ғы әрі сақ болмасаңыз, сөздеріңіз еленбейтіні секілді,
өз құндылықтарыңызға нұқсан келтіруге, тіпті түрлі
балағаттауларға жол ашуыңыз мүмкін. Мұндай қате-
лік келесі қадамыңызды пайдасыз қылады. Халықтың
бағзыдан бері ұстанып келе жатқан, әдетіне сіңген, та-
биғатына терең дарыған құндылықтарына мән беріл-
меген жағдайда, оларға Жәннаттан хабар әкелсеңіз де
қабылдай қоймайды. Жолбастаушы ерлердің мұндай
әсіреліктерден аулақ болуы – иықтарыңдағы ең маңыз-
ды жауапкершілік.
Пайғамбар ісінің мұрагерлері саналатын кісілердің
бір жағы Алламен өте тығыз байланыста болуы, енді
бір жағынан халықпен етене араласып, олардың сана-
сезімдерін өте жақсы тануы керек. Әрқашан жұртпен
бірге болып, олардың сезім, ой, сенімдерін жақсы па-
йымдап, ұдайы көңілдерін табатын жолдарды іздегені
жөн, сонда ғана өздері ұсынып отырған құндылықтар-
ды олар жылы қабылдайды.
Ықылас және шынайылық
Осы айтылғандар соншалықты маңызды болса да,
қызмет жолындағы әрекет-қозғалыстардың Алланың
құзырында қадірі болуы шынайылықпен байланысты.
Бұл мәселеде қаншалықты шынайы, ықыласты болса-
ңыз, соншалықты Құдайдың назарына ілігесіз. Сіз қан-
шалықты Аллаға бет бұрып, жіті ден қойсаңыз, ол да
көмегі, жәрдемімен сізге соншалықты назар аударады.
Сіз үшін жабылып қалған есіктерді мезгілі келген кезде
60 Сынық құмыра 4
айқара ашады. Бүгінге дейін шынайылықпен оған бет
бұрып, құры алақан қайтқан ешкім болған емес. Өйтке-
ні оның рақымы тым шексіз.
Осы себепті не істесек те бәрін Алла разылығы үшін
жасауымыз керек. Әйтпесе жасаған бүкіл қызметтері-
міздің құнын нөлге түсіреміз. Шексіздік тұрған кезде
неге мәселені нөлге теңгереміз?! Бұл мәселенің ортасы
жоқ. Не бүкіл нәрсені шексіздікке байлап, шексіздіктен
келген самалмен шаттанасыз немесе аңғармастан істе-
ген істеріміздің құнын нөлге түсіресіз.
Алла жабылған есіктерді ешқашан мәңгілікке жабық
күйде қалдырған жоқ. Бір әулие қандай тамаша айтқан:
«Бір есік жабылғанмен мың есік ашылар,
Алла әрбір есікті ашушы «Фатихул-әбуаб».
Мұның шарты сол, көңілімізде әрдайым Аллаға
деген бір есіктің ашық тұруы керектігі. Барлық сөзде-
ріміз бен ойларымызда әрдайым Алла болуы керек. Ат-
қарылып жатқан істер үшін әлем жұртшылығының қол
соғып, мақтауының еш құны жоқ. Шексіздіктің назары-
на ілігудің жанында олардың сізге бергені мен берері-
нің құны не тәйірі?! Алланың назарынан гөрі халықтан
әлдене дәмету төменге құлдилауды білдіреді. Әлдеқай-
да биік мақсаттар, зор сый-сияпат тұрғанда, ол ең азға
өзін лайық көру деген сөз.

Сұрақ-жауаптар 61
ДІННІҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Бәдиуззаманның «Теориялық нәрселерді үйрету-


ден гөрі барша мойындайтын жайттарды еске
салу қажет»33 деген сөзін қалай түсінген дұрыс?

Бәдиуззаман осы сөзімен өзі өмір сүрген біраз кезең-


нің қажеттіліктерін назарда ұстап, діни мәселелер төңі-
регінде теориялар ойластыру және бұлармен айналысу-
дың орнына діннің бұлжымайтын үкімдері мен негізгі
ұстындарына тоқталудың көбірек пайдалы болатынын
айтқан. Айталық, Алла Тағаланың бар болуы мен бір
екендігі, пайғамбарлық ақиқаты, қайта тірілуге иман,
иләһи кітаптарға сену секілді ақидалық негізде неме-
се намаз оқу, зекет беру, ораза ұстау мен қажылыққа
бару секілді амалдық үкімдер дінде орны нық ақиқат-
тар. Мұсылмандардың негізгі назар аударуы қажетті
салалар да осылар. Өзгеше себептерді бағалап, үнемі
осы ақиқаттарға тоқталып, түрлі дәлелдерді қолданып,
саналарда пайда болған күмәндерді жойып, бұлардың
әрбірін бұлжымас бір-бір ақиқат ретінде көрсеткен
дұрыс.
Тіпті мәселені тек иман негіздері және ғибадаттармен
шектеу де дұрыс емес. Құран мен Сүннеттің жеке тұл-
ғалық, отбасылық және қоғамдық өмірге тән белгілеген
көптеген үкімі бар. Біздің міндетіміз – осы барлық үкім-
дерді хикмет, маслахаттарымен (қоғамдық игіліктері)
бір-біріміздің есімізге салып, айта жүру. Себебі мұсыл-
мандар «мүсәлламат» делінетін Исламның осы негізгі
үкімдеріне байланып қалған жағдайында әрі дүниелік
33
Бәдиуззаман, Сөзлер, 800 б. (Ләмаат, Чекирдеклер чичеклери).
62 Сынық құмыра 4
тірлігін реттеп, әрі ақыреттерін де оңдайтын болады.
Әйтпесе, тек іліммен шұғылданамыз деп тіке дүниелік
не ақыреттік бір пайдасы жоқ бірқатар теориялармен ай-
налысып, жаңа теориялар жетілдіруге тырысу және осы-
лармен жұбану оң жол емес. Қазіргі адамдардың проб-
лемаларына тіке шешімге жарамаса, тек ғылыми болсын
деген оймен ғана белгілі бір мәселелерге бас ауыртып,
олар жайлы теориядан ары аспайтын бірқатар пікірлер
ойластырудың ешкімге пайдасы жоқ.
Енді бір жағынан Бәдиуззаман осы сөзімен әрі өз жо-
лының негіздерін де білдірген. Себебі ол діннің усулы
мен фуруғына (негізі және тармағы) дейін көп мәселе
аяқасты болған бір дәуірде осыларды тірілтуге жаңадан
күш салған. Өз сөзімен айтқанда, ғасырлардан бері қа-
ңырап қалған бір қорғанды қалыпқа келтіріп жөндеу-
мен айналысқан. Себебі оның ойынша, әуелі жасалуы
керекті іс – залал көрген құндылықтардың жаңадан
жөнделуі. Сондықтан ол бұндай маңызды міндет тұр-
ғанда біреулердің практикада пайдасы тимейтін, тео-
риялық бірқатар мәселелермен айналысуын жөн көрме-
ген. Көмекті оңды-солды жасау емес, қираған қорғанды
жаңадан жөндеуге жұмсау керектігін айтқан.
Қалайша қорған қабырғасында шытынаған сызық-
тар барда әрі оларды жөндеместен, өрнектеп әдемілеу-
мен айналысу дұрыс болмаса, негізгі құндылықтарда
күйреу орын алған кезеңде осы проблемаларды шеш-
пестен, жоғарғы мәселелермен айналысу да сол сияқ-
ты жөн емес. Оның үстіне мухкамат пен мүсәлламат-
қа қатысты мәселелерде орын алған күйреудің басқа
да мәселелерге ықпал ететіні және нәтижеде дінге тән
барлық құндылықтардың гүрс етіп құлайтыны белгілі.
Осы себепті бар көмекті діннің өзгермейтін негіздерін
(мүсәлламат динияны) күшейтуге жұмсау керек.
Бұны жасағанда қазіргі күннің жағдайларын міндет-
ті түрде назарда ұстаған жөн. Ғимараттың құрылысын
Сұрақ-жауаптар 63
бастамай жатып әуелі жерін дұрыстап, іргетасын жақсы
қалап алу керек, сонда ғана құлаудың алдын аламыз.
Егер өзіміз өмір сүріп жатқан дәуірді дұрыс танымай,
діни мәселелерді де соған сай қолға алмаса, «тәзкир
мүсәлламаттың», яғни діннің негізгі мәселелерін еске
салудың да еш пайдасы тимейді.
Жаңалану рухы
Тәждид: дінді жаңа заманның талаптары аясында
жаңадан тұжырымдауды білдіреді. Ол мәселенің негі-
зін өзгерту, деформацияға ұшыраған бір нәрсені жаңа-
дан реформа жасау емес. Керісінше, ол заманның өтуі-
мен реңін, өрнегін жоғалтқан бір ақиқатты жаңадан түп
негізіне қауыштыру, түпкі мәнімен қайтадан нықтап
орнықтыруды білдіреді.
Бұны бір жағынан антикалық туындыларды қайта
өңдеуге ұқсатсақ болады. Бұнымен айналысатындар
сол туындыларды егжей-тегжейіне дейін өңдеп, қайта-
дан әуелгі қалпына келтіреді. Осыны жасағанда атал-
ған еңбектің өрнегін, тігісін, сәнді жазуларын бұзбай-
ды. Қайта оны барлық бөліктерімен қайтадан түпкі
қалпына келтіреді. Тура сол сияқты адамдар назарында
өзінің мәні мен маңызын жоғалтып алған дін негіздерін
де жаңадан қайта қарап, түпкі мақсатына сай тағы бір
рет адамдардың назарына ұсыну қажет. Осы тұрғыдан
бұны «тәждид» деуге болады.
Тәждид пен реформаны бір-біріне араластырмау
қажет. Діндегі реформа идеясы жайлылық пен фанта-
зиядан шыққан. Айталық, историзм деген атпен Ис-
ламның көптеген мухкам үкімін жарамсыз ету әрекет-
тері осындай фантазияның нәтижесінде пайда болған.
Сол сияқты Исламның кейбір мәселелерін таза тың-
дарманға қабылдату үшін немесе сүйкімді етіп көрсе-
ту үшін өзгертуге не бұрмалауға тырысу да бөлек бір
фантазия. Өкінішке қарай, қазіргі күні көп адам осын-
64 Сынық құмыра 4
дай люкстың артынан жүгіруде. Ал анығында Ислами
негіздерде және ережелерде бүгінге дейін қандай да
бір деформация орын алмаған, сондықтан реформаны
қажет етпеген.
Дін – әрқашан кіршіксіз таза. Ескірген нәрсе – адам-
дардың санасы мен ойлары. Адамдар сана-сезімі тұрғы-
сынан өң беріп, солғын тартпаса, діннің бұйрықтарын
көктен жаңа түскендей түйсініп, сезіне алар еді. Міне,
осындай қасиеттерін жоғалтып алған пенделерге сену
әрі ұстану қажетті құндылықтарды тағы бір рет ұсыну
қажет. Оны жүзеге асырарда заманның түсінігі мен тұ-
жырымына арқа сүйеу ісі тәждид, ал сол тәждид мінде-
тін жауапкершілігіне алған тұлғаны мужаддид дейміз.
Басқаша айтқанда, тәждид негізіне тиіспестен тек
форматын өзгертіп, діни ақиқаттарды өз кіршіксіз әрі
жанды қалпында адамдарға естірту деген сөз. Кейбірі
Ислам тарихында алғашқы мужаддид ретінде әзірет
Әбу Бәкір мен әзірет Омарды есептейді, артынша Омар
ибн Абдулазизды көрсетеді. Кейінгі кезеңдерде болса
әзірет Бәдиуззаманға дейін Имам Ғазали, Имам Рабба-
ни, Мәулана Халид әл-Бағдади секілді көптеген тұлға-
лар тәждид қозғалысының өкілдері болған.
Уақыттың өтуімен әдет пен дағдылардың басым тү-
суімен адамдар діннің таза атмосферасынан алыстады.
Діннің ең кесімді (мухкам) мәселелерінің өзіне де сал-
ғырт қарау пайда болды. Ғапылдық басуымен бірқатар
діни мәселелерге деген сезімталдық жоғалды. Тіпті
дінге көзқараста және діни мәселелерді қабылдауда
бірқатар қайшылықтар орын алды. Міне, осы себепті
тура Бәдиуззаманның жасағанындай, діни мәселелерді
өзегіне сай түрде жаңадан сомдап, оларды жаңаша ою-
өрнекпен әдемілеп тағы бір рет адамдардың назарына
ұсыну, ұсынып осы ақиқаттарға деген адамдардың ру-
хында жаңа бір тебіреністі ояту ең әуелгі міндет жағда-
йына келді.
Сұрақ-жауаптар 65
Пайғамбарымыз (с.а.с.) ақырзаманның белгісі ре-
тінде айтқанындай, қазіргі күні дәуір шағындалып,
арақашықтықтар азайды. Біз өмір сүріп отырған дәуір
өте жылдам. Бұндай дәуірде жасалуы қажетті істер
дінге тән міндеттердің анағұрлым тезірек орындалуы,
пайғамбар дағуасының мұрагерлері үшін бөлекше бір
маңызы бар. Осы үшін ұжымдық ақыл-ойға иек артып,
ұжымдық санаға жүгіну қажет әрі жаңа дәуірдің рухын
тап басып түсіну қажет. Әркім өзіне берілген міндет
пен жауапкершіліктерді тиісінше орындауда қолынан
келгенді жасауы қажет. Қажет болса Тинк-танк ор-
талықтарын құрып, болашаққа тән орнықты жоспар
мен жобалар жасап, бір ғасырда жасалатын істерді он
жылға сыйғызудың жолдарын іздестіруі қажет. Шари-
ғи үкімдермен қатар жаратылыс заңдарын да өте жақсы
зерделеп, орнымен қолданып, қандай жылдамдыққа
жету керек болса, соған жету қажет. Бодандыққа түс-
кен алып Ислам әлемінің жаңадан ес жиып, ғасырлар-
дан бері сансыраған санасын қайта қалыпқа келтіруде
бұлар аса маңызды талпыныстар.

66 Сынық құмыра 4
ЖҮРЕК ҚАТТЫЛЫҒЫ

Жүрек қаттылығының белгілері,


себептері мен шаралары қандай?

Жүрегі қатты жан, Бәдиуззаманның айтуынша,


айуандықтан шыға алмайды, жүрегі мен рухын өмір
сатыларымен биіктете алмайды. Рух өресінен хабарсыз
ғұмыр кешеді. Тіпті кейде қаттылық пен ғапылдықтың
дәрежесіне қарай ақырет жоқ секілді әрекет етеді, қабір,
мизан, есеп, сиратты еш қаперіне алмайды, Тозаққа
омақаса құлаймын-ау деп қорықпайды, жұмақ, жұмақ
нығметтерінен, Алла разылығынан хабарсыз өмір сү-
реді. Жүрегі қатты жандар Жаратушы Иенің ғалам кі-
табындағы есімдер мен сипаттардың белгілерін көре
алмайды. Иләһи есімдер мен субхани сипаттардың өре-
сіне ашыла алмайды.
Жүректі белсенді ететін динамикалар
Жүрек тіршілігінің белсенділігін сақтауы ең әуелі
Аллаға сенумен байланысты екені күмәнсіз. Алдымен
адам Аллаға өте берік сенуі қажет, иманын ұдайы ба-
қылап отырғаны жөн. Иманын еліктеушіліктен (тақли-
ди) шынайыға (тахқиқи) жеткізіп, иманын бойына сіңі-
руі қажет. Теориялық иманын талаптарын толық сақтап
(хушуғ, худуғ) атқаратын құлшылығымен азықтанды-
руы тиіс. Міне, осындай кісінің жүрегі өз белсенділігін
сақтайды.
Жүректің белсенділігін сақтауда мағрифатуллаһ
(Алланы тану), мухаббатуллаһ (Алланы сүю) және зауқ
рухани (рухани ләззат) та өте маңызды негіздер қата-
рында. Мағрифатты «жүрек мәдениеті» деп те атаймыз.
Сұрақ-жауаптар 67
Яғни Аллаға тән ілім мен түсінік-пайым (ирфан) жат-
тығу жасай-жасай тіке жүрекке, раббани латифаларға34
сіңеді. Бұндай мағрифат сезімдер немесе ақылмен ұғы-
натын мәліметтерден өзгеше.
Мағрифатуллаһ – мухаббатуллаһқа яғни Алланы
сүюге апарады. Мағрифаты бар жан Алланы жақсы
көреді. Танысаңыз жақсы көресіз, танымасаңыз жақсы
көре алмайсыз. Адамзаттың мақтанышы Пайғамбары-
мыз (с.а.с.) сүйіспеншілікке бөленсе, онда танылғаны
үшін солай болғаны. Яғни, сүйілу танылудың мөлше-
рінде жүзеге асады. Мағрифатуллаһта тереңдегендер
Алланы есі кете сүйеді, жүрсе-тұрса ғашықтықтан да
асып кететін ынтықтықпен әрекет етеді. Алламен бай-
ланысының тереңдігіне қарай үнемі Жаратушы Ие
дидарын аңсап, разылығын сұрап зар илейді. Міне,
осылардың барлығы – жүректі белсенді ететін, латифа
раббанияның көрініс беруіне себеп негіздер. Бір жүрек-
те иман, мағрифатуллаһ және мухаббатуллаһ болмаса,
онда ол жерде қаттылық байқалады.
Позитивті нәрселер жасалмауы жүрек қаттылығына
себеп болады, сол секілді негативті нәрселердің жаса-
луы да соған апарады. Яғни, жасалған қате-күнәлар,
аяқ, қол, көз, құлақ, тіл, ерінмен жасалған харам істер,
әділеттіліктен ауытқу жүрек қаттылығын тудырады.
Себебі шыншыл Тұлғаның (с.а.с.) айтуынша, әр күнә
себепті жүректе қара дақ пайда болады. Әр дақ келесі
бір даққа себеп болып, уақыт өте келе дақ көбейіп, жү-
ректі тұтас басып кетеді.
Алла елшісі бұл жағдайды Құранның мына аятымен
байланыстыра түсіндіреді: «Жоқ! Әсте, олай емес!
Олардың өз қолымен істеген күнәлары жүректерін
34
Ләтифа раббания – рухқа байланған ақыл, жүрек, ұждан секіл-
ді рухани құралдардың әрбірі. «Барлық сезімдердің төресі есе-
біндегі нәзік сезім, иләһи ақиқаттар сонымен сезіледі» (ауд.).
68 Сынық құмыра 4
әбден қарайтып тастаған (сондықтан олар ақиқат-
ты көре алмауда)»35.
Басқа бір аятта болса мейлінше қатайып, барынша
тасқа айналған жүректердің жағдайы былай айтылады:
«Алла олардың жүректері мен құлақтарын мөрлеп
тастаған»36. Демек, ендігі жерде олардың жүрегіне
сырттан мағрифат тұрғысынан ештеңе кірмейтін бола-
ды. Бір жағынан бүліктің ошағына айналған ондай жү-
ректен басқалар зиян шекпеуі үшін Алла басқан мөр не
таңбамен ол жүректің есігін жабады.
Осы себепті мүміннің әуелгі міндеті оң істермен
жүрегін белсенді ұстауға тырысуы қажеттігі. Ол иман,
мағрифат, сүйіспеншілік және ынта-жігермен үнемі
«Тағы да бар ма?» деп, осыны ауыздан тастамаумен
өмірін өткізуі тиіс. Енді бір жағынан нашар істерден
алыс тұрып, жүрегінің кірленуіне, қатаюына мүмкіндік
бермеуі тиіс.
Тағы да Бәдиуззаманның сөздеріне жүгінетін бол-
сақ, жасаған әрбір күнә, миымызға кірген әрбір күмән,
жүрек пен рухымызға түрлі жарақаттар салады. Осы
жаралар ақыреттегі мәңгілік ғұмырымызға қауіп төн-
діреді.
Осы себепті Пайғамбарымыз (с.а.с.) тура шайтаннан
сақта деп сиынғаны тәрізді жүрек қаттылығынан да
сақтай көр деп Аллаға сиынған37. Анығырақ айтқанда,
ол осыны сұрауымен жолбасшылығын лайықты түрде
атқарған. Осы тұрғыдан келгенде, біздің міндетіміз
жүрек кірленбеуі, жараланбауы, қатаймауы, таңба ба-
сылмауы және мөрленбеуі үшін үнемі Аллаға сиыну.
Енді бір жағынан қалайша жүрек тамырлары ты-
ғындалған, жүрегі өздігінен жұмыс істемеген кісі стент
35
«Мутаффифин» сүресі, 83/14.
36
«Бақара» сүресі, 2/7.
37
Мүслим, Зикр, 73; Нәсаи, Истиғаза, 19.
Сұрақ-жауаптар 69
тақтырып немесе bypass операциясы ретінде тамырда-
ғы тығындалған жерді ашуға әрекеттенсе, латифа раб-
бания болған рухани жүрегі зақымдалған жан да дереу
осыны емдеумен шұғылдануы тиіс. Адам кірлі, жаралы
және қатты жүрекпен өмір сүрмеуі тиіс, оны қайтадан
қызметін атқара алатындай күйге келтіруге әрекеттенуі
керек. Неге десеңіз, кір жүректерге Жаратушы Ие назар
салмайды. Ол назар салмаса, ол жердің қараңғы қапас-
тан айырмашылығы жоқ.
Салиқалы жандармен бірге болу
Барлық осылармен қатар адамның кімдермен етене
араласып жүргені өте маңызды. Мәселен, бүгінге дейін
көптеген әулиелер (Алла достары) мүридтеріне шенеу-
ніктермен не байлармен араласуға тыйым салған. Бұдан
шенеунік болу не дәулетті болу қадірсіз бе дегендей
ой тумауы керек. Қайта сол лауазым мен байлық адам
үшін сынақ екендігі. Оларды жақсы жолда пайдалан-
са жақсылық, ал жаман жолға пайдаланса жамандыққа
ұрындырады. Бұл жерде негізгі мәселе мынада: бұндай
кісілермен бірге жүргендер көбіне олардың алдында
бас иіп, құрдай жорғалап, кіріптар болу жағдайларына
ұшырайды. Бұл адамның арына нұқсан келтіретін, абы-
ройын түсіріп әрі Алламен байланысына нұқсат келті-
ретін жайттар.
Өте-мөте байлық пен биліктегілер ғапылдықпен өмір
кешіп жатқан болса, олармен бірге болу адамда жүрек
қаттылығына әуелгі кезекте себеп болады, әрі оны Ал-
ладан алыстатады. Себебі бұндай кісілерді ойларында,
сөздерінде не істерінде Алла мен Елшісі жайлы сұхбат-
тасу болмайды. Керісінше, олардың есіл-дерті мейлін-
ше өмірден ләззат алып, дүниеден көбірек қарпып қалу.
Барған жерлерінде жұрттың қошемет-қолпаштауын,
мақтауын күтеді. Қолдарындағы биліктен өзгелердің
игілік көруіне мүмкіндік берсе де, оларды өзіне кіріп-
70 Сынық құмыра 4
тар етіп, өзіне байлап қою үшін жасайды. Сондықтан
олармен бірге жүрген кісі біршама уақыттан соң солар-
ға ұқсай бастайды.
Осы себепті жүрек қаттылығына маңыз беретін кі-
сілер араласатын жора-жолдас таңдағанда, өте мұқият
қарағаны жөн. Кейбір ірі тұлғалардың намазсыз кісімен
бір сағат уақыт өткізсе, қырық күн намазынан ләззат
ала алмайтындарын айтуы мәселенің маңызын түсін-
діруде мәнді. Осы тұрғыдан адамның араласқан әрбір
ортада Алла мен Елшісі жайлы сұхбаттасуға ашық
кісілермен бірге болуы өте маңызды. Оның міндеті
жандарына әрбір соққан сайын рухани бірнеше саты-
ға биіктейтін жолдастармен сыйласу болуы тиіс. Ал
әһл-дүния (дүниеге берілгендер) және әһл-ғафлатпен
(ғапылдықта жүргендер) байланыс орнатуы өзі құлай
берілген асыл мұраты жолында, аңсарындағы өмірлік
мақсатына қарай орын алуы мүмкін.
Бұл жерде айтылып отырған мәселе адамның өзі
сияқты ойламайтындарды ұнатпай, оларды жек көру,
сыртынан жамандау не олармен жаға жыртысуы емес.
Қайта мүмін үшін негізгі мәселе – адам болуы тұрғысы-
нан жұрттың бәріне құрметпен қарай білуі. Ол қайткен-
де де бір нәрсені ұнатпауы қажет болса, ол нашар қы-
лықтарды жақтамауы тиіс. Біз бұл жерде тілге тиек етіп
отырған мәселе – жүрек тазалығын сақтай білу. Оның
жолы бір жағы жүрек пен рух өмірі үшін қосары жоқ кі-
сілерден аулақ болып, екінші жағынан қолдан келгенше,
әһл-қалб (рухани тазалыққа көңіл бөлетін кісілер – ауд.)
адамдармен жақынырақ араласуға тырысу керек.
Бірақ бұл мәселенің бір қырын құрайды. Бұған қоса,
мүміннің құл ретіндегі міндеті бойынша рух шабытын
мұқтаж жандарға жеткізу үшін әртүрлі кісілермен ара-
ласуға тырысуы қажет. Себебі оқшау өмір сүріп, өзіне
қайшы пікірдегі кісілерден бойын алшақ ұстаған жан-
дардың діндеріне тән әсемдіктерді өзгелерге көрсете
Сұрақ-жауаптар 71
алуы мүмкін емес. Одан бөлек, әртүрлі деңгейдегі кі-
сілермен қатынастар белгілі бір деңгейде жалғаспаса,
қоғамда бөлінулер, жіктелулер, қарсыластықтар қа-
лыптасады. Бұл қарсылас топтарға бөліну адамдарды
өзара қақтығыстар мен дауларға апарады. Сіз басқа-
ларға қарай бір қадам жасасаңыз, олар да сізге қарай
екі қадам жасайды, сіз екі қадам жасасаңыз, олар төрт
қадам жасайды. Сонда қоғамдағы түрлі деңгейдегі топ-
тар арасындағы айырмашылықтар жойылып, талас-тар-
тысқа себеп болмайды. Сондықтан бұндай жақсы ниет-
пен биік мақсат үшін бір жерде бас қосуды жеке бас
үшін жасалған қадамдардан бөлек қарастырған дұрыс.
Байқалғандай, қай жерде қандай әрекет жасау керек-
тігін анықтау – ойға салмақ салатын іс. Адам жасалуы
қажетті қызметтерде еш кемшілік жібермеуі тиіс. Күші,
жағдайы мен мүмкіндіктеріне қарай мүмкіндігінше
соны жасауы қажет. Алайда артынан «Сірә, бұл мәсе-
леде бұдан да жақсы, бұдан да дұрысырақ істер жасауға
болар еді. Бірақ епсіздігім мен күнәларымның кесірінен
осыдан аса алмадым. Аллам, жасаған азғантай істерімді
қабыл ал, жасауым қажетті бола тұра кемшіліктерімнің
кесірінен істей алмаған істерім үшін мені кешір» деуі
керек. Бұлай ойлау сенетін адам үшін анағұрлым на-
нымды. Жасаған ісінен еш кінәрат таппау ол перғауын-
ға тән. Бұлай ойлаған кісі перғауын болмаса да бойын-
да перғауынның қылықтары бар деген сөз.

72 Сынық құмыра 4
«ЖЫНДЫЛАР»

Бір орайы келгенде «Раббым, сенің қазыналарың


мол ғой, қаласаң сұраушыға сұрағанын бересің.
Маған дін ісінде ессіз не «жынды» бес-он адам
берші?!» деп жалбарынғаныңызды айтқан едіңіз.
Дін ісінде «жынды» дегенде нені меңзедіңіз, ол кім?

Сірә, әлімнен ассам керек, өте ерте уақыттардан бері


осыны тілейтінмін. Айталық, әлі де есімде, Кестанепа-
зары мешітінде уағыз жүргізіп жатып «Әттең, осы жа-
мағат ішінде бес-он жынды болса» дегенмін. Ең қара-
пайым мағынада «жынды» дегенде меңзегенім, өмірін
тура сахаба тәрізді иғла кәлиматуллаға (Алланың атын
асқақтату) байлаған, «Ол болса өмір сүрудің мағынасы
бар, әйтпесе өмір сүрудің ешбір қадірі жоқ. Себебі бұл
жағдайда сүрген өмірімнің адамнан төмен айуандардан
не айырмашылығы бар» дейтін кісілер.
Олар құл болу міндеті талабымен өздеріндегі құ-
қықтарды жіті орындап, бұларды орындауда еш жал-
қаулық танытпайды. Алайда оны былай қойғанда, олар
үшін үй-жай, вилла мен жағалаудағы зәулім сарайлар,
ат пен көлік, байлық пен дәулет, шен-шекпен, лауазым-
ның да соншалықты қадірі жоқ. Олар өзін ақылды деп
есептейтін дүниеқұмар жандар (әһл-дүния) жанын сала
жүгіретін дүние-мүлікті әлдеқашаннан кері ысырып,
олардың сүйіспеншілігін жүректерінен жұлып алып
тастаған. Көздерін әр ашып-жұмғанда «Мұхаммедтің
қадірлі есімі күллі әлемде бүршік атар ма, сірә?» деп,
соны қайталаумен болады. Олар осы өмірлік мақсаты-
ның жындылары. Әлемнің тағдырын өзгерткендер де

Сұрақ-жауаптар 73
ылғи осындай жындылар болған.
Әйтпесе олардың жындыханалардағы жындыларға
қатысы жоқ. Оларды жынды деуіміздің себебі қатар-
дағы кісілердің өлшемдерінде солай көрінуі. Себебі
барша жұрт дүние және дүние нығметтерінің артынан
жүгірген бір кезеңде олар әлдеқашан өздерінің бақы-
тынан өзгелердің бақытын артық қоя білген. Өздерінен
көп өзгелер туралы ойлайды. Өзі не отбасы мүшелері-
нен гөрі адамзаттың дерттерімен көбірек шұғылдана-
ды. Әзірет Омардың көшеде кетіп бара жатып немере-
сін танымағаны айтылады. Себебі ол барлық талпыны-
сы мен назарын өзгелердің бақыты мен тыныштығына
арнаған. Міне, тура әзірет Омар секілді өзін және өз
ләззаттарын толықтай ұлы мұрат жолында пида етуге
дайын кісілерді мен «жынды» деймін.
Дұғаларымда сұраған жындылар, міне, осылар.
Қажет болса, әлемнің өзіне сыйлаған барлық әсемдікте-
рін, кеудесіне таққан барлық белгілерді, медальдарды
еш қиналмастан қолмен ысырып, «Дінім үшін қызмет
етпейтін болсам, бұлардың ешбірінің мен үшін құны
жоқ» дейтін адам. Тура осындай он жынды он миллион
адамнан артық істер тындырады. Алла ақыретте олар-
ды он миллион адамға татырлық нығметтеріне бөлейді.
Османлының Стамбулды қолына қаратқанға дейін-
гі өткен бір жарым ғасырлық кезеңі жындылар кезеңі
деуге болады. Байқалғандай, Осман Гази (рахматулла-
һи аләйһи) Бурсаны азат етуге шыққан кезеңде шатыр-
дың ішінде жан тәсілім еткен. Ұлы Орхан Гази өмірін
ат үстінде өткізген. Мұрат Худавендигар соғыс тылын-
да, Йылдырым Хан болса тұтқында жан тәсілім еткен.
Челеби Мехмет жеңілісті жеңіске, құлдилауды өрлеуге
айналдыру үшін, ата-бабасынан мұра қалған аманатқа
жаңадан серпін беру үшін өмірін ауыртпалықтармен
өткізген. Екінші Мұраттың кешкен ғұмыры сондай, ол
үшін «әулие кісілердің бірі еді» десеңіз, қателеспейсіз.
74 Сынық құмыра 4
Фатихты, Екінші Баязидті, Явуз Сұлтан Сәлімді және
Қануниды да осы категорияда қарастырсаңыз болады.
Олар зәулім үйлерде, сарайларда, виллаларда рақаттан-
ған жоқ. Мейлінше қарапайым ғана өмір сүріп, барлық
өмірлерін дінге арнады, иғла кәлиматуллаһ (Алланың
атын асқақтату) жолында ғұмыр кешті.
Осы жүз елу жылдық кезең біз үшін өрлеу кезеңі
болды. Себебі осы кезеңде сыртта аумақтың кеңеюімен
(футухат) қатар ішкі жан әлемінде де футухаттар орын
алды. Өйткені көңілді Құранға бұрып, Алламен байла-
нысты күшейтіп, Алланың алдында сап түзеп құлшы-
лыққа тұрды. Осы себепті Османлының ең пайдалы, ең
берекетті жылдары осы жылдар еді. Кейінгі ғасырларда
байқалған кейбір жетістіктердің, бірқатар ілгерілеуші-
ліктердің астарында да алғашқы кезеңге тән осы орта-
лықтан толқынданған күш бар еді. Өкініштісі сол, осы
рух пен мағына сөнген сайын әділеттілік сезімі шына-
йылықтан жасандылыққа ұласып, халықтан алыстаған
сайын дүниеге деген сүйіспеншілік күшейген сайын
өрлеудің орнына құлдырау орын ала бастаған.
«Жындылар» дегенде Османлы әскерінің алдында
соғысқан «жындыларды» еске алмау мүмкін емес. Бұ-
лардың мінген аттарында ер-тоқым да, жүген-тізгін де
болмаған. Атты жалынан тартып тұрып, секіріп мінетін.
Қару ұстауға арлары жібермейтін. Әскердің ең алдын-
да жүретін. Жаумен бетпе-бет келетіндер де солар еді.
Мәрмарға ұра-ұра қолдарын қатайтып, сонымен қарулы
дұшпанға ұрыс салатын. Өлімді көзге ілмей, ажал ау-
зына қуана жүгіретін «жындылардың» осы батылдығы,
үрей білмейтін осы хәлдері, арттарындағы қолбасшылар
мен қарулы әскерге рухани күш беріп, олардың жауын-
герлік рухын демейтін. Сандары қанша екенін білмесем
де соғыстарда жеңуде осы «жындылардың» орны ерек-
ше болған.
«Ажал аузына қуана бару» деген сөз маған осыған
Сұрақ-жауаптар 75
дейін неше рет әңгімелеген бір оқиғаны есіме түсірді:
Ярмукта тарыдай шашыраған Римдіктер императордың
алдына барғанда ұрыс естиді. Император оларға алып им-
перия әскерінің шөлден шыққан ат төбеліндей ғана араб-
тардан неліктен жеңілгенін сұрайды. Қалай дегенмен де
сол кезеңде Рим Сасанидтерді де ойсырата жеңген әлем-
нің ең айбынды мемлекеті еді. Қолбасшыларының сонда
айтқан жауабы мынау: «Біз өлімнен қорқып қашсақ, олар
керісінше өлімге жүгіруде». Міне, бір жақтың жеңуінің,
екінші жақтың жеңілуінің сыры осында. Міне, Халид ибн
Уәлид (р.а.)! Тарихта кездескен біртуар қолбасшы болған
осы тұлғаның ажалы соғыс даласында емес, өзінің төсе-
гінде келгені оның жанына қатты батқан.
Міне, осы сезім мен осы түсінік өте маңызды. Ар-
дақты сахабалар өмірді көзге ілмеуімен әрі өздерін
иғла кәлиматуллаһ мұратына арнауымен жеке-жеке
«жынды» еді. Осы «жындылар» бізге өмір сүруге бола-
тындай әлем сыйлады. Олардың соңынан келген ақыл-
дылар болса, өкінішқа қарай, осы әлемді оңға-солға
жұлқылады. Өзгеге бақыт сыйлау түсінігінен мақұрым,
өмір сүрсем деп жанталасқан ақылдылар барлық же-
тістіктерді тып-типыл етті. Виллаларда, зәулім сарай-
ларда өмір сүрді, көңіл көтеріп, ырду-дырдуға берілді.
Өз ғұмырын арнап, сол мақсатта өмірді елемейтіндей,
қиындығын тартып, ауыртпалығын көтеретіндей биік
мұраттары болмағандықтан, дүниеге салынып, эгоис-
тік шырмауына шырмалды. «Қайтсем орнымды сақтап
қалам» деген таяз ойлылардың сана-сезім, түсініктері-
мен өмір сүрді. Нәтижесінде, өмір ағысында бізге тән
сана-сезімнен айырылып қалды. Қазіргі күні де жанпи-
далық сезіммен әрі берілгендікпен әлемнің түкпір-түк-
піріне тараған ақиқат жаршылары бар. Алайда бұлар
әлі жолда. Өмірлік мақсаттарына қарай адымдап бара
жатыр. Алайда бұл іс соңына дейін жете ала ма, жете
алмай ма біле алмаймыз. Тілегіміз сол, Жаратушы Ие
76 Сынық құмыра 4
жеткізуді нәсіп етсін. Жолда қалып тарамай, сан та-
раулы соқпақтарға түсіп кетуден сақтасын. Шынайы
«жындылар» болса, әлі жолдағылар емес, Алланы та-
нығандар. Олар осы істі алып жүруде ең шыңнан көрін-
ді. Алайда ол шыңға жету үшін де осы жолдардан өту
қажет.
Осы тұрғыдан мынаны айтуға болады: өзгелерге
бақыт сыйлау мақсатында әрекет жасап жатқандар, ең
үлкен қазынасы берілгендік сезімі болған бүгінгі күнгі
ессіз ғашықтар егер көзін шыңға тігіп, шыңға бастайтын
жолмен жүрсе, иншалла, мақсатына жетеді. Егер олар
өз мүддесін іске араластырмаса, осы әуенді бастағандай
аяқтай алса, бұрынғы жындылар секілді шыңды бағын-
дыруы мүмкін. Бірақ қарақан басын ойлай бастағанда,
болашақты уайымдап әрекет еткенде, қызмет жасағаны
үшін бір нәрсе қармап қалуға, қопарып алуға ниеттенген
кезде, өздері де сүйретіліп жарты жолда қалумен қатар
иықтарындағы қасиетті аманатты да жерге құлатады.
Сөйтіп аманатқа әрі өздеріне аманат тапсырған бұрын-
ғыларға қиянат жасап, болашақ ұрпақтарды оңдырмай-
тын болады.
Жолға шыққандар әр нәрсеге сүрініп жолда қалып
кетпеуі үшін үнемі реабилитация, мотивациямен биік-
теп, уағыз-сұхбатпен тірілігін сақтауына қажеттілік
бар. Әр күні алдыңғы күнге қарағанда жандырақ, те-
біреніспен өмір сүргенде ғана тура бағыттарынан жа-
ңылмайды. Бұған қоса, өле-өлгенше табандылық пен
талпынысын, ықыласы мен шынайылығын, ниетінің
пәктігін сақтай білуі тиіс. Амалдарға рең беретін нәрсе
– ниет. Осы себепті олар жарты жолда өліп кетсе де,
шыңдағылар тәрізді марапатталады. Себебі «Алла құл-
дарының жүректеріне назар салады»38.

38
Мүслим, Бирр, 32-33.
Сұрақ-жауаптар 77
ӨЛІМНЕН ҚОРҚУ МА ӘЛДЕ
АҚЫРЕТКЕ АЛАҢДАУ МА?

Өлімнен қорқу мен о дүниеге имансыз кетуден қор-


қуды бір-бірінен қалай ажыратуға болады?

Адам – екі бөлек тереңдікке ие болмыс. Оның тәні


және рухани қыры бар. Тәні тұрғысынан адам өмірдің
дәмін қашыратын, өмір сүруге деген құлшынысын жоя-
тын өлімнен қорқуы мүмкін, бар дүниесімен шіріп жоқ
болуды білдіретін қабірге түсуден үркуі мүмкін. Себебі
нәпсі өзі үйренген дәм мен ләззаттарды жоғалтып алғы-
сы келмейді. Өлім нәпсіге, тәнге және дүниеге қатысты
қолға алынған кезде азды-көпті бойды қорқыныш билеуі
қалыпты жайт. Өз басым дінге берілген, дінді жаю ісіне
белсене атсалысқан кейбір кісілердің өзі де өлімнен кә-
дімгідей қорыққанын байқадым. Адам өлім шындығын
жақсы түсінсе, ол жайлы қалам тербеп, өлімнен кейінгі
жағдайларды өзгелерге түсіндіруге тырысса да өлімнен
қорқуы мүмкін. Тән мен дене сезімі ауыр басып, нәпсі
қиялы барлық нәрсенің алдын орауына қарай бұл қорқы-
ныштың қаттылығы арта түседі.
Ақыретке бет алуды тәтті бір түс көре бастау деп
қабылдап, тар әрі тұншықтыратын бір әлемнен кең әрі
жайлы әлемге аяқ басу, достармен қауышу деп түсініп,
Жаратушы Иенің дидарын көретініне нық сенгендер
ғана бұл үрейге берілмеуі мүмкін. Олар өлімді іштей
өздеріне мықты сіңіргендіктен, оған бір бөлмеден
келесі бөлмеге өту, бір мекеннен басқа бір мекенге
ауысу секілді қарайды. Осы себепті өлім туралы
айтқанда, өздерін еркін ұстайды. Дауыс ырғағы мен
екпін салуынан осы еркіндікті байқай аласыз.
78 Сынық құмыра 4
Өлім қорқынышын жеңе білу, Аллаға қауышу құш-
тарлығымен өмір сүру кім-кімге де оңай емес. Осы тұр-
ғыдан мүмін дұғаларында әрқашан Алладан ілім, иман,
ықылас, яқин (терең иман – ауд.), тәуекел және бағы-
ныштылық сұраумен қатар Аллаға қауышуға деген
құштарлықты да сұрауы қажет. Тіпті дұғаларымызда
«уә иштияқән илә лиқаиқ» (Өзіңе қауышу құштарлы-
ғын бізге нәсіп ете көр!) дегеннен кейін (Сүйікті елшіңе
қауышу құштарлығын да бізге нәсіп ете көр!) деп, Ал-
ладан Пайғамбарымызға (с.а.с.) қауышу құштарлығын
да бізге іштей жаратуын сұраймыз. Кейбірі ширк болар
деген оймен бұны айтудан тартынуы мүмкін. Кейде
өзім де осы мәселеде аздап алаңдаймын. Дегенмен Пай-
ғамбарымызбен қауышу мәселесі маған елеусіз болып
көрінбейді. Осы себепті дұғаларымда бұны да айтуды
үзбей, бұның Жаратушы Иенің Уахидият пен Әхадия-
тына (жалғыздығы, даралығы – ауд.) қайшы келмей-
тінін айтып, Уахидият пен Әхадият ақиқаты бұны да
қамтиды деген ойдамын.
Ұнатпаса да дүниеде жүргендер
Өмір сүрем деп жанталасқандар үшін өлімнен қорқу
қалыпты жайт. Бұл қорқынышты кейбіреулер көп, кей-
біреулер орташа, енді біреулер анағұрлым азырақ сезі-
неді. Дүние тіршілігіне қатты берілгендер, осы жерде
ұзақ өмір сүруді қалауы мүмкін. Анығында нәтижесі
өліммен бітетін мың жылдың он жылдан айырмашы-
лығы жоқ. Бірақ жүрек пен рухтың өмірлік сатыларын-
да ғұмыр кешкендер өлімнің болмысын басқаша қа-
былдай бастайтындықтан, бұл қорқыныш жойылады.
Пәни дүние өзіне тән кейпімен оған көрінгені тәрізді
бақи әлем де өзіне тән түрлі-түсті әсемдіктерімен оның
назарына ілігеді. Содан ол жатса-тұрса Жаратушы мен
пайғамбарына деген құштарлыққа беріледі. Бұл дүние-
ні әскери қызмет тәрізді көреді, өзіне бұйрық келгенге
Сұрақ-жауаптар 79
дейін осы жерде болуды Алланың бұйрығына құрмет-
пен қараудың бір талабы деп санайды.
Оның назарында әуестік пен қызықшылыққа қатыс-
ты жағымен дүниенің еш бағасы жоқ. Осы себепті ол
өзі ұнатпаса да дүниеде жүреді десек, сірә, жалған айт-
паспыз. Алла осында ұстап, өзінен бірқатар міндеттер
атқаруын күткендіктен ол осында болуға разылық та-
нытуда. Осы себепті әсілі адам дүниеде Алланы разы
ету үшін бір істер жасай алып, адамзат бақытына сеп-
тігін тигізе алса, онда бұл дүниеде болудың қиыншы-
лықтарына шыдап, оның жиіркенішті жақтарына сабыр
етуі тиіс. Әйтпесе, бұл дүние дүниелік қыры тұрғысы-
нан сонша құмартуға татымайды. Бұл дүниеде өмір сү-
руге тұрарлық нәрсе иләһи есімдердің көрініс беруі мен
ақыретке өтетін бір дәліз қызметін атқаруында. Алайда
дүниенің бұл қырын әркім көре алмайды.
Ақыретке имансыз кетудің қорқынышына келсек,
ол толықтай басқаша нәрсе. Ардақты пайғамбарлардан
өзге барлық Алла достары осындай үрейді бастан кеш-
кен. Тіпті пайғамбарлардың өзі Алла жазғырмай ма деп
алаңдаған болуы мүмкін. Бірақ олар жайлы Алланың
кепілдемесі болғандықтан, имансыз кету деген қорқы-
ныш туралы сөз ету артық. Дегенмен ардақты сахабала-
рымыздан да, Абдулқадир Гейлани де, Хасан Шазили
де, Мұхаммед Бахауддин Нақшыбенди де ақыреттерін
уайымдаған. Ешкімнің қалай кететіні белгілі емес. Пен-
денің аяғын тайдыру үшін шайтанның амал-айласы же-
терлік, солардың бірін қолданумен-ақ оның ақыреттік
жиғанын қолынан алып қоюы мүмкін. Алла сақтасын,
көз жұмарда адамға тәухид кәлимасын айтқызбай қоюы
мүмкін. Жаман бір жағдайда өлім келуіне, ақыретке
осындай нашар күйімен баруына себеп болуы мүмкін.
Осы себепті ардақты сахабалар мен ізгілікті таби-
ғиндер арасында ақырет уайымын кешкендер саны аз
емес. Кейінгі айтулы тұлғалардың бәрі де солай өмір
80 Сынық құмыра 4
сүрген. Олардың дұғаларында, Аллаға жалбарынуында
осы уайымдарын көруге болады. Олар қара қылды қақ
жарғандай өте бір дәлдікпен діндерін ұстанып, дінді
мықты негіздерге орнықтыру тұрғысынан қолдан кел-
генді жасаған. Бұған қоса, өлгенде кәпір күйде көз жұм-
бауды ойлап уайым кешкен.
Алла өзі сақтасын, олар бұндай күйге душар болмас.
Дегенмен өмірінде бір рет болса да осындай уайым
кешпеген пенделердің имансыз кету-кетпеуі алаңдау-
шылық тудырады. Біз ешкімнің соңы жайлы нақты үкім
бере алмайтындықтан, бұндай кісілерге кәпір ретінде
өлу «жазылған» дей алмаймыз. Оның үстіне Алланың
рақымы азабынан алда тұрады. Бұндай жандар сол ра-
қымнан үлес алуы мүмкін. Дегенмен осындай уайым
әрбір мүмінде болуы тиіс. Тіпті Имам Ғазали мүмін-
нің өмір бойы үрей басымдықта ғұмыр кешіп, өлерін-
де үмітті алға шығаруы, Алланың рақымына сиынуы
қажеттігіне тоқталған. Оның бұндай ұстанымы үміт
пен үрейдің тепе-теңдігін ұстау тұрғысында маңызды
өлшем. Сондықтан ақырет қорқынышы себепті шына-
йы мүміннің реңі солып, өңі қашып, балтыры сыздап,
буындары дірілдеуі тиіс. Өйткені адам шайтанның қай
жерде қайдан құрық салатынын аңғармайды. Құрық
салмайды деп сеніммен қарай алмайды. Алайда бұл
үрей оны ешқашан үмітсіздікке итермелемеуі қажет.
Үмітсіздік сезімі ауыр тарта бастағанда, дереу үміт-
тің жалына жармасып «Раббым, сенің рақымың кең
ғой, мен секілді күнәһарды да құтқаршы?! Мен секілді
небір шарасыз байғұстар сенің табалдырығыңа келіп,
қолы бос қайтпаған» деуі қажет.
Ақыретімді ойлағанда қатты қорқамын
Бүгінге дейін ірі тұлғалар өзіне үнемі күнәһар секіл-
ді қарап, ақыреттерін уайымдап ғұмыр кешкен. Бәдиуз-
заманның «Он екінші ескертуіндегі» сөздеріне қараса-
Сұрақ-жауаптар 81
ңыз, не айтқым келгенін түсінесіз. Ол өзіне қожайыны-
нан қашқан жазықты күнәһар құл ретінде қарап, өзімен
кәдімгідей есептескен. Алвар имамы рухани кемелден-
ген, ғажап бір тұлға еді, мыңдаған кісі шыр айналып
маңайынан шықпайтын. Бірақ ол үнемі «Бәрі жақсы,
мен жаман, бәрі бидай, мен сабан» дейтін, ақыретін уа-
йымдап қабырғасы қайысатын. Кыркынжы хожа жас
кезінің өзінде қолымен сан соғып «Фетхуллаһ мырза,
ақыретімді ойлап қатты қорқамын» дейтін. Пайымы
аласа пенделер болса бұндай биік өреге жетпегендік-
тен, ақыретін еш уайымдамаған.
Өкінішке қарай, қазіргі күні мүміндердің көпшілігі
өлімнен қорыққанмен ақыреттерін уайымдамайды.
Адамдардың көпшілігі қабірге қойылу, ол жерде
сүйектері шіріп кетуден қорқады. Алайда таза
болмыспен дүниеге жіберілген адамдардың өте азы
осы болмысын кірлетпей Алланың құзырына шыға
алудың уаймын кешуде. Алла достары Алладан қорқып
қалтырап-дірілдесе де ондай достықтың әдебін ұқпаған
біз сияқтылар өмірін еш алаңсыз, қалай болса солай
өткізуде.
Әсілі, иман уәде еткен әсемдіктерге, жұмаққа кіру-
дің сырлы кілті иман екендігіне, мәңгілік қалауының
тек сонымен жүзеге асатынына шын сенген пенденің
оны жоғалтып алғысы келмей қалтырап-дірілдемеуін
ойлау қиын. Бірақ иманның қаншалықты бағалы екенін
сезбесе, оны қорғау үшін де еш әрекет жасамайды, оны
жоғалтып алудан қорықпайды. Осы себепті пенденің
имансыз ақыретке кету қорқынышы иманының тереңді-
гіне қарай екендігін айтуға болады. Яғни кімнің иманы
қаншалықты күшті болса, оның ақыретін уайымдауы
да соншалықты терең болады. Иманы шикілерге кел-
сек, оларда Алладан қорқуы мүлде жоқ не жеткіліксіз.
Түгі жоқ адам қарақшылар көп жерде жүрсе де алаң-
дамайды. Бірақ өте бағалы қазыналар алып жүрген кісі
82 Сынық құмыра 4
қарақшылар былай тұрсын, жай адамдардың арасында
да сақтығы мен қорқынышын сақтайды. Оны ұрлатып
не тонатып алмау үшін қолынан келгеннің бәрін жасай-
ды. Банктер ақшасын бір жерден екінші жерге тасыған-
да брондалған көліктермен инкоссаторлар жүретінін
көрген боларсыз.
Оның үстіне, бұл қазына адамның тек бұл дүниесіне
ғана жарамайды, оған мәңгілік бақыт та әкелетін болса,
бұл мәселеге қаншалықты сақ қарап, қаншалықты қор-
қыныш-үрей керек болатынын сіз өз пайымыңызбен
өлшеп көріңіз.

Сұрақ-жауаптар 83
МЕЙІРІММЕН АШЫЛҒАН ЕСІКТЕР

Алла құлдарына өте мейірімді, өте рақымды, кең-


шілігі мен жұмсақтығы мол. Рахман, Рахим,
Рауф, Кәрим секілді көптеген есімдер осы мағынаны
білдіреді. Құран Кәрім мына аятымен Пайғамбарымыз-
дың да (с.а.с.) бұл турасында «Алланың ахлағына» ие
екендігін білдіреді: «Сендерге өз араларыңнан (яғни,
араларыңда туып өскен) хақ пайғамбар келді. (Оның
сендерге жанашырлығы соншалық – азапқа немесе
қиын жағдайға душар болғандарың былай тұрсын),
тіпті болмашы бір қиындыққа тап болғандарың-
ның өзі оған өте ауыр тиіп, жанына қатты батады.
Ол сендерге тым ынтық, өте ынтызар (болғандық-
тан сендер үшін қатты қорқады, сендерді ойлап көп
уайым жейді). Ол мүміндерге сондай жанашыр, өте
мейірімді»39. Аятта Пайғамбарымыз үшін әрі Жарату-
шы Иенің көркем есімдері санатындағы «Рауф» (өте
жанашыр) пен «Рахим» (өте мейірімді) деген сипаттар-
ды келтірген. Демек, Пайғамбарымыз осы екі есімнің
рух пен мағынасын өзінде сақтап әрі соларға сүйеніп
міндетін атқарған.
Бұдан мына мағынаны ұғынамыз: Адамзат Мақ-
танышының (с.а.с.) пайғамбарлығы айтылған жерде
мейірімі, мейірбандығы назарға ұсынылғанына қара-
ғанда, дінді жеткізу міндетін лайықты түрде атқару ісі
мейірімділік пен мейірбандылықты аса талап ететінін
айтуға болады. Шындық осы болса, онда қай кезеңде
болмасын иршад (жол көрсету) ерлерінің осы жолдан
айырылмауы бір негізге жатады.
Әсіресе, пайғамбарға тән жанашырлық пен мейі-
39
«Тәуба» сүресі, 9/128.
84 Сынық құмыра 4
рімге басқаға қарағанда қазіргі ұрпақ көбірек мұқтаж.
Осындай мейірім-шапқатпен әрекет жасалмаған жағ-
дайда, ақиқат-шындықты өзгелерге жеткізу міндеті
тиісінше жүргізілмейді. Жүргізілсе де жалғасуы қиын.
Адам ақыл, еркімен қатар міндетті түрде жүрегі мен
сезімін де өзіне серік етуі тиіс, сонда ғана шаршап-шал-
дығып, жолдың жартысында қалып қоймайды. Себебі
бойға сіңіп, адамның ынтасы мен құштарлығын оятқан
істер ғана жеңіл түрде орындалады. Егер жауапкерші-
лік пен міндеттеріңге қатысты мәселелерде өз табиға-
тыңа сүйенсең, сонда айтарлықтай қолдау табасың.
Мейірім, мейірбандылық пен аяушылық сезімі бар жан
мұратын жүзеге асыру жолындағы кедергілерді жеңіл ең-
сере алатын болады. Абдуллаһ ибн Хузафа секілді алды-
ға шыққан барлық мүмкіндіктерді ақиқат-шындықты тү-
сіндіру жолында пайдалана біледі. Мәлім болғанындай,
Византия тарапы ұстап алып, дарға асарда соңғы тілегін
сұрағанда ол қарсы алдында тұрған попқа қарап мынадай
жауап айтқан: «Құрметті әкей! Маған берген осы бірне-
ше минуттық уақыт үшін саған рақмет! Себебі осындай
қысқа сәттің ішінде егер саған хақ дін Исламды түсін-
діріп өліп кетсем, өкінбес едім. Өйткені бұл жағдайда
сен ақыретте тозақтан құтыласың»40. Мейірім сезімі жоқ
адам бұндай сөзді айта алмайды.
Егер бір мүмін шынайы мейірім еріне айналған
болса, адамдардың ақыретте оңбауына, тозақта жануы-
на шыдай алмайды. Осы себепті Пайғамбарымыз (с.а.с.)
таңға дейін жылап, әзірет Иса секілді «Егер оларды
азаптаймын десең, шүбәсіз, олар Сенің құлдарың.
Ал егер оларды кешірсең, Сен ұлысың, бәрінен үс-
темсің һәм (әр ісің мен әрбір үкіміңде талай хикмет

40
Ибн Асакир, Тариху Димашқ 27/359; Ибн Әсир, Усдул-ғаба
3/214.
Сұрақ-жауаптар 85
болған) асқан даналық иесісің»41 деген сөзін қайта-
лайтын. Тіпті Жаратушы Ие әзірет Жәбірейілді жібе-
ріп, үмбеті мәселесінде оны ұятқа қалдырмайтынын
айтқан42. Бұл да Алланың оған деген мейірімі еді. Негі-
зі, бұл сөздерге барлық пайғамбарлардың үмбеттеріне
қатысты айтқан мейірім әуені ретінде қарасаңыз бола-
ды. Осыншалықты үмбетіне ынтық пайғамбар оларды
тозақтан құтқару үшін бәріне шыдайды. Бәдиуззаманға
«Ұлтымның иманы саламатта болғанын көрсем болды,
тозақтың алаулаған отында жануға разымын. Себебі
денем жанып жатқанда, көңілім гүл-гүлістан болады»
деген сөзді айтқызған да осы бір мейірім сезімі. Негізі,
ірі тұлғалардың қайсысының тамырын басып, жүрегін
тыңдасаңыз, осыған ұқсас жайттарды естисіз. Бұндай
мейірім сезіміне сүйенген жан еш тынығу білместен
адамзаттың игілігі бағытында шапқылайды. Осы сезім
ол үшін тура бір динамо қызметін атқарады. Оны қыз-
метке ынталандырады, бір жағы ісін жеңілдетеді. Бұдан
мақұрым жан болса, үнемі нәпсісімен күресіп, ерік-жі-
гер танытады. Оның да ар жағында үнемі реабилита-
ция жасалып, мораль мен мотивациясын көтермелеп
отыруды қажетсінеді. Алайда бұл кейде іске жарайды,
кейде жарамайды.
Міне, осы себепті Бәдиуззаман жолымыздың маңыз-
ды негіздерінің бірі мейірім екенін айтқан. Өте-мөте
мәселелер үнемі материя мен тәнге байланысты жүре-
тін қазіргі күні баршаның көңіліне тағы бір рет (бәрін
Аллаға байланғаны себепті құшақтау деп атауға бола-
тын) мейірім сезімімен ескертіп, адамдарды жаңадан
жүрек өміріне бағыттауға аса бір қажеттілік бар.
Мәулана «Кім болсаң да, кел» дейді. Бірақ қазіргі
адамдар келуге аса дайын емес. Осы себепті олардың
41
«Маида» сүресі, 5/118.
42
Мүслим, Иман, 346; ән-Нәсаи, әс-Сунанул-кубра, 6/373.
86 Сынық құмыра 4
келуін күтпестен өзіміз оларды іздеп баруымыз қажет.
Сынық көңілдерді жамауға тырысуымыз керек. Өзгелер
адамдықтан алыстап, түрлі жамандықты жасаса да, әзірет
Мұхаммедтің (с.а.с.) жолындағылардың міндеті еш
ренжіместен, өкпелеместен жамандықтарға да жақсылық
жасау болуы тиіс. Өзгелердің жөнсіз іс-әрекеттері сіздерге
өз негізгі құндылықтардан алыстауға себеп болмауы
тиіс. Сіздер әрбір мүмкіндік туа қалғанда, мейірім мен
мейірбандық сезімдеріңізді көрсете білулеріңіз керек.
Негізі, шынайы мүмін тек адамзат үшін ғана емес,
тұтас жаратылыс үшін мейірімге тола бола білуі тиіс.
Жолда кетіп бара жатып бір құмырсқаны басып кетпеу
үшін аяғын абайлап басады. Осыншалықты деңгейде
мейірімге тола болған жанның өзге адамдардың ада-
суына, тозаққа түсуіне көз жұмуын ойлау мүмкін емес.
Әсіресе, иман уәде еткен әсемдіктерді жақсы ұғынған,
жұмақ пен тозақтың не екенін жақсы білген кісі күпір
мен адасудағы жандардың жағдайына немқұрайлы
қарай алмайды. Терең ғашықтық пен толқыныс, махаб-
бат-сүйіспеншілікпен олардың да қолынан ұстауға ты-
рысады. Осы сезім оның үнемі жанды әрі сергек, бел-
сенді болып қалуына мүмкіндік береді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) мына сөзімен өзгелерге
жанашырлық, мейіріммен қараған пенделерге Алла да
сондай қатынас жасайтынын білдірген: «Бір-бірлеріңе
мейірім сезімімен қарағандарға Рахман да мейіріммен
қарайды. (Ендеше) сендер жер бетіндегілерге
мейірімділік танытыңдар, сонда көк тұрғындары да
сендерге мейірім танытады»43. Бұл бойынша, бір адам
қаншалықты мейірімді, қаншалықты мейірбан болса,
өзгелерше қаншалықты жанашырлық танытар болса,
Алла құзырындағы орны мен қадірі де соған сай
белгіленетін болады.

43
Тирмизи, Бирр, 16; Әбу Дәуіт, Әдеп, 58.
Сұрақ-жауаптар 87
Өкінішке қарай, жоғалтып алған өте маңызды құн-
дылықтарымыздың қатарында мейірім мен жанашыр-
лық сезімі бар. Анығында, ол әсіресе қазіргі адамдар
өте зәру аса маңызды адами қасиет. Бүгін адамзат мүм-
кін судан да, наннан да көбірек осы мейірімге зәру.
Жүрегі мейірім сезіміне толмағандар өзгелердің ба-
қыты үшін өмір сүре алмайды, өз бақытын өзгелер үшін
қия алмайды. Оны былай қойғанда, жұрттың көңілін
өзіне баурап, олардың назарында ықпалды бола алмай-
ды. Оларға мейіріммен, жұмсақтықпен жақындаса, ол
ашпайтын есік жоқ. Алла да жұмақ есіктерін рақымын
көрсететін мейірімімен адам баласына ашатын болады.
Жауластықтарға қарсы қоюда мейірімнен асқан
қару жоқ. Осы қаруға, Алла кешірсін, қаруы несі, бұл
сиқырлы эликсирге ие болғандар өзімен жауласқан-
дарды ерте ме, кеш пе әйтеуір бір жеңеді, әр майданда
міндетті түрде табысты болады, өзгелердің көңілін бау-
райтын болады. Дегенмен бұл табыстың түрлі деңгей-
лері бар. Баршадан бірдей нәрсе күте алмаймыз. Сіздер
көрсеткен терең сүйіспеншіліктің бір нәтижесі ретінде
кейбіреулер сіздермен бірдей сезімді бөлісу жағдайына
келсе де, кейбірі дос, кейбірі жақтас, кейбірі тек симпа-
тия танытумен шектеледі. Ал кейбірі екіарада (ағрафта)
болғанды жөн санап, яғни жақсы кезде сіздерді жақтаса
да, жамандық белең алған кезде сырт айналуы мүмкін.
Бірақ бұлардың бәрі де өз деңгейінде табысқа жатады.
Адамдардың көбі сүйіспеншілікпен ашылған құшаққа
өзін тастайтын болады. Өздерін тастаған ол құшақтың
сенімді екенін тек білсе болды.
Жұрттың көңілін жауласаңыздар маңайыңызға көп-
теген еріктілер жиналады. Көңіл көздері кіруге кел-
мейтіндей тар емес. Маңыздысы, көңілді кілтпен аша
білу қажет. Сіздер көңілдеріңізді басқаларға ашып,
ешкімнен ештеңе аянып қалмасаңыздар, өзгелер де кө-
ңілдерін сіздерге ашатын болады. Адамзат осы бір кең-
дік пен кеңпейілділікке жете алса, адамдардың шеше
88 Сынық құмыра 4
алмайтын мәселелері қалмайды. Проблемалар біздің
тар, таяздығымызға қарай ұлғая түседі. Өзіміз тар әлем
құрып, барлық нәрсені сол тар аяда қарастырғымыз
келеді. Сондықтан дүниелер кеңдігіндегі ақиқат-шын-
дықтар біздің осы тар әлеміміздің ішіне кіргенде тары-
лып кетеді. Ал анығында жүрек пен ұждан барлық бол-
мысты мол қамтитындай кең.
Болашақты қалыптастыратын сәулетшілердің мінде-
ті, осы кеңдікті өте тиімді пайдалана отырып, адамдар-
ды жалпыадамзаттық ортақ құндылықтар маңайында
жинай білуде.

Сұрақ-жауаптар 89
ЖҰМСАҚТЫҚ СІЗДЕРГЕ АМАНАТ

Б үгінге дейін қызмет еріктілерінің жолын ашып,


оларға маңызды жетістіктер нәсіп еткен Жарату-
шы Ие, иншалла, бұдан кейін де осындай жақсылықта-
рын үзбейді. Олар қазірге дейін мейлі өз елдерінде, мейлі
әлемнің түрлі аймақтарында рух пен мағына тереңінен
сүзіліп келген тәтті шырынды өзгелермен бөліскені се-
кілді бұдан кейін де сол жолдың жолаушысы болуды
жалғастырады. Бір кезеңде қысым жасап, қоқан-лоққы
көрсетіп, езіп, адамдарды өзіне ұқсатуға әрекеттенген
кейбір топтар қазірге дейін болғаны секілді бұдан кейін
де дұшпандық жобаларын жасауын тоқтатпайды.
Дұшпанның жапа шектіргені өз алдына, достар да
өзінің опасыздығын көрсетуден тайынбайды. Дос деп
білген бірқатар жандар өздеріңмен бір құбылаға бас
қойып, бір қатарда қол байлап, Аллаға бетбұрғанмен,
жандарыңда тұрып сәждеге бас қойғанмен, сендер жет-
кен жетістіктерді көргенде іштарлық танытады. Осы
іштарлығы себепті түрлі аттар тағып, сіздерді қаралауға
тырысып, жасаған ең адами әрекеттерді де қылмыс се-
кілді көрсетіп, сіздерді негізгі азаматтық құқықтарыңыз-
дан мақұрым ететін болады. Қысқаша айтқанда, жүрген
жолдарыңызға кедергі келтіру үшін қолдарынан келген-
нің бәрін жасайды. Бәлкім, дұшпандардан да көп дос деп
білген кісілерден жапа шегетін боласыздар. Айтқандай,
қазіргі күні бұндай зұлымдық пен әділетсіздіктердің
барлық түрін көріп, қабырғамыз қайыса қиналудамыз.
Егер адам табиғатын жақсы біліп, нәпсі мен
шайтанның ойындарын жақсы тани алсаңыз,
дұшпандардың жауыздығын, достардың іштарлығы
мен қызғанышының түрлі кейіпте жалғасатынын түсіне
аласыз. Біз таяз бола түскен сайын Мефистофель де
90 Сынық құмыра 4
кешеден бүгінге дейін анағұрлым кәсіби деңгейге жетті.
Сондықтан ол бекер қарап тұрмайды. Дұшпандармен
қатар достарды да сіздерге айдап салып, оларға небір
зұлымдық пен әділетсіздіктер жасаттырады. Мүмін
мүмінге зұлымдық жасайтын болады.
Өзгелер не істесе істесін біз зұлымдыққа зұлымдық
жасап, залым болмауға мән беруіміз керек. Бәлкім, аяқ-
пен теуіп, жұдырықпен төпелер, бізді өмір сүру құқы-
мыздан айырар. Бірақ жағдайлар қаншалықты ауырла-
са да біз бәрібір мүмін ретінде іс-әрекетімізді өзгерт-
пеуіміз қажет, Юнус секілді, Мәулана секілді болудан
таймауымыз керек.
Иә, досқа да, дұшпанға да құшақ жая білуіңіз керек.
Олардың ашуы мен кәрін, кекшілдігі мен жеккөрушілі-
гін, ызасын, айла-шарғыларын сыпайылық әрі жұмсақ-
тықпен жұмсартып, зиянсыз хәлге келтіруге тырысуы-
ңыз қажет. Жүріс-тұрыс, іс-әрекеттеріңізбен өздеріңізге
қарсы жобалар жасап, қақпан құрып, түрлі жаманшы-
лықтарды ұйымдастырған кісілердің барлық ойындарын
жарамсыз ету қажет. Бастарыңызға көктен метеориттер
жаудырса, сіздер жұмсақтықпен оларды ерітіп, жарық
сәулелер хәліне келтіріп, әлемге аспаннан от шашу етіп
шашуларыңыз қажет.
Бұлай болмасаңыздар, еліңізде бірлік рухын
қамтамасыз ете алмайсыздар, әлемде бейбітшілік пен
татулық орнауына үлес қоса алмайсыздар. Өкінішке
қарай, мәселенің осыншалықты нәзіктігін аңғармаған
пенделер саны көп. Оны дінге, діндарға дұшпандық
жасағандар да, дін деп жүгіріп жүргендер де байқамауда.
Егер сіздер де бұны аңғармайтын болсаңыздар, Алла
сақтасын, онда бір қиямет орнауы мүмкін. Жауыздық
сезіммен бетпе-бет келген адамдардың бір-бірін жұлып
жемеуі үшін Алла бір қиямет жасауы мүмкін, одан да
көбірек күнә істемей тұрып оларды өз құзырына алуды
қалауы мүмкін.
Сұрақ-жауаптар 91
Баламалы жобаларды дамыту
Осы себепті жұрт жасаған жамандықтар сіздерде
жамандық сезімдерін қамшыламауы керек, керісінше,
осы жамандықтарды басу үшін сіздерді баламалы жү-
йелер қалыптастыруға итермелеуі қажет. Бұл радиоак-
тивті зияндарды қалай жоя аламыз, ядролық бомбаны
немен болдырмаймыз, бізге келе жатқан механизмдер-
мен бірге қалай кері қайтара аламыз деп ойлап, бұл мә-
селеде баламалы жобалар жетілдірулеріңіз қажет.
Егер сіздерге бағытталған келеңсіздіктерге осындай
шешім баламаларымен шықпай, әрі сіздер де дәл сон-
дай қарсылық танытпақ болсаңыз, онда шешу қиынға
айналатын бүлік пен жамандық шеңберлері қалыптаса-
ды. Өзгелердің жамандығына сіздер де қарсы жаман-
дық жасасаңыздар, жамандықты еселей түсесіздер. Бір
кезде екеу, екі кезде төрт, төртеу кезінде сегіз етіп, ен-
дігі жерде оның алдын алу мүмкін болмайды.
Енді бір жағынан мүмін әртүрлі күнәдан алыс тұруға
жауапты болғаны тәрізді өзгелерді де күнәға итермеле-
меу, тіпті олар жасаған күнәларды жоюға да жауапты.
Ол толеранттылығымен, жұмсақтығымен, кешірімділі-
гімен, жақсылықтарымен, жанаямастығымен, қысқаша
айтқанда, өзінде бар жоғарғы адами қасиеттерімен сон-
дай бір атмосфера қалыптастыруы қажет, осы атмосфе-
раға кірген ешкім жамандық жасауға батылы бармасын.
Алла Тағала былай деп бұйырады: «оларға кеңшілік
жасасаңдар, кемшіліктері мен (дүниелік мәселелерге
қатысты жіберген) қателіктеріне көз жұмып, оларды
кешіре білсеңдер, онда біліп қойыңдар, Алла – Ғафур
(өте кешірімді), Рахим (ерекше мейірімді)»44.
Мүмкін менің өмірім жетпес, дегенмен істің ауыр
жағын алып жүру сіздерге тиесілі болады. Болашақ
сіздерге аманат. Сәуле болып қараңғылықтарға жарық
44
«Тағабун» сүресі, 64/14.
92 Сынық құмыра 4
шашу, қараңғылықтарды жарыққа бөлеу, қара түнекті
аппақ нұрға айналдыру сіздерге аманат.
Сыпайылық, кеңдік, кешірім, кемшіліктерді көрмеу,
Алланың ахлақымен ахлақтану сіздерге аманат. Сонша
кемшілік жасаймыз, күнә істейміз, алайда Алла бізді
құртпайды, жұмсақ қарап, барынша мұрша беруде. Біз-
дің міндетіміз – иләһи мінезбен өзімізді безендіруде.
Үнемі осының соңында болуымыз қажет. Шала дос-
тардың жасаған қателіктері де, о бастан жауласып келе
жатқандардың жапа шектіруі де сіздердің мінездеріңіз-
ді бұзбауы қажет. Себебі Құранның айтуынша, әркім өз
мінезінің қажет еткенін көрсетеді45. Біздің міндетіміз,
өз мінезімізді арымыздай көре білуде.
Аллам, қауымымды кешір
Алла елшісі (с.а.с.) Ұхұдта дұшпанның тартқызған
қиындығына әрі сол күндері бұйрықтағы нәзік астарды
әлі түсіне қоймаған кейбір сахабаларының ағаттығына
(бұл Аллаға жақын мұқаррабиндерге тән ағаттық) тап
болған еді. Алайда Алла елшісі мұсылмандарды тып-
типыл етуді көздеп Ұхұдқа келген дұшпандары үшін
«Аллам, қауымымды кешір, жасаған істері үшін жаза-
ландырма, олар білмейді» деп дұға еткен46. Ижтиһад қа-
телігі ретінде қажетті орында тапжылмай тұра білмеген
сахабаларын да еш жазғырмастан, «Сен (сондай қиын
шақта) Алланың рақымының арқасында ғана ай-
налаңдағы адамдарға жұмсақ, биязы бола білдің»47
деген аятта да осы әрекеті себепті мақтау естіген.
Аяттың жалғасында «Егер дөрекі, тас жүрек болға-
ныңда, маңайыңдағылардың бәрі сенен безіп, жан-
жаққа тарап кетер еді» деп айтылумен жұмсақтық
қасиетте қайта ес жию бары көрсетілген. Кейіннен бі-
45
«Исра» сүресі, 17/84.
46
Бұхари, Әнбия 54; Муслим, Жиһад, 104-105.
47
«Әли Имран» сүресі, 3/159.
Сұрақ-жауаптар 93
рінен кейін бірі жасалған мына үш бұйрықпен тағы бір
рет жұмсақтық талап ететін іс-әрекеттер еске салынған:
«Ендеше, оларға кешіріммен қара һәм олар үшін ке-
шірім тіле, сондай-ақ олармен әр істе кеңесіп отыр».
Бұл жерде бір жағынан адамзат Мақтанышының
(с.а.с.) жоғарғы адами қасиеті көрсетілсе, енді бір жа-
ғынан хәлдің, іс-әрекет пен сөздегі жұмсақтық бұйыры-
лып, қателік пен кемшіліктерге көз жұмып қарау, олар
үшін Алладан кешірім мен жарылқау тілеудің және не
де болса кеңесіп, ақылдасудан айырылмаудың маңызы
еске салынған. Алғашқы жобада Алла елшісінен талап
етілген осы жайттардың барлығы оған ерушілер ретін-
де бір жағы бізден де талап етілуде. Сондықтан жағдай
қаншалықты қиындаса қиындасын, қаттылық пен қа-
таңдықтан, ашумен маңайын жапырудан алыс тұру біз
үшін бір міндет. Кері жағдайда, аятта да айтылғандай,
адамдар маңайымыздан тарап кетеді.
Байқалғандай, жамандықтарды жақсылықпен кетіру
өте маңызды Құрани қағида. Бір аятта былай делінеді:
«Жақсылық пен жамандық бірдей болмайды. Сен
жамандықтың қарымын (қолыңнан келген ең кере-
мет) жақсылықпен қайтар. Сонда өзіңе қас дұшпан
болған адамның жан досыңа айналғанын көресің»48.
Өзгелердің қателік жасауы, жәбір көрсетуі, қинауы
сіздердің де дәл солай жамандық жасауларыңызға
заңды негіз бола алмайды. Егер солай жасасаңыздар,
оның есебін Аллаға беруге мәжбүр боласыздар. Бі-
реулер жұмыс істеп тұрған бір жүйені бұзды екен деп,
сіздер де барып өзгелердің жүйесін бұзсаңыздар, Алла
оның есебін сіздерден сұрайды. «Неге адамша әрекет
жасамадыңдар?! Неге әзірет Мұхаммед Мұстафа (с.а.с.)
секілді әрекет етпедіңдер?!» дейді.
Өзгелердің шайтани жолы мен әдістері өзін қателік-

48
«Фуссилат» сүресі, 41/34.
94 Сынық құмыра 4
ке итермелемеуі үшін мүмін өте сергек және сақ болуы
қажет. Ол өзіне іштарлық танытқандарға қарап іштар-
лық танытпауы қажет, қайта іштейгі бекінісін мықтап,
«Жалалыңнан жапа келсе де, жамалыңнан опа келсе де,
екеуін де шын көңілмен қабыл алдым, ашуың да ұнам-
ды, игілігің де ұнамды» деп, барлық келеңсіздіктерді
кең құшағымен қарсы алуға тырысуы қажет. Артынан
ештеңе болмағандай қызмет үшін жаңа баламалы жол-
дар, әдістер қалыптастырып, әрекет пен адамдарын
жалғастыруы тиіс.

Сұрақ-жауаптар 95
ТІЛДІҢ СЫПАЙЫЛЫҒЫ

М енмендік қатты асқынып, үнемі келеңсіздік-


тер орын алатын, әркім бір-бірін тілдейтін бір
кезеңде иман мен Құран қызметіне бас қойған ақиқат
жаршылары тиесілі міндет басқа уақыттарға қарағанда
көбірек адамдарды сүйіспеншілік және толеранттылық-
пен құшақтай білу. Егер олар дәл солай қатынас жасау
арқылы осындай оспадарлықтарға қосылса, әрі өз қоға-
мына, әрі жалпы адамзатқа үлкен жамандық жасағаны.
Адам болғандықтан, іштей күйдіретін кейбір оқи-
ғаларға тап болғанда ашуға беріліп қоюымыз мүмкін.
Тіпті әркез әлінен асқан бірқатар залым әрі жауыздарға
деген ыза-кек, жеккөрушілігіміз оянуы мүмкін. Бірақ ер-
кімізді тізгіндеп, бұларды тежей білуіміз қажет, әрі осы
нашар сезімдердің тез бетке тебуіне мүмкіндік берме-
геніміз жөн. Тіпті қолымыздан келсе, рухани асқорыту
жүйемізбен оларды қорытып, жойып жіберуіміз қажет.
Магмалар тәрізді көпіріп келген ашуымызды баса алған
жағдайда әрі ғибадат сауабын алып, әрі қоғамдағы жік-
телулер мен бөлінулерді ұлғайтпайтын боламыз.
Өкінішке қарай, қазіргі күні балағаттау, өзгелерге
жағымсыз сөздер айту сәнге айналды. Кім кімнің де тілі
ащы, ойын жеткізу әдісі көңілді ренжітерліктей. Біреу-
лер соған лайықты болған күннің өзінде оларға жаман
сөз айтудың еш пайдасы жоқ, қайта зияны тиеді. Сөгіп
айыптау сауап емес, пенде үшін де артықшылыққа жат-
пайды. Әзірет Зәкәрияның денесін арамен екіге бөлген,
әзірет Яхияны шейіт еткен жауыздарға «Алла сендерді
оңдырмасын!» деудің құлшылық екені жайлы немесе
адамға сауап әкелетіні жайлы Құран Кәрімде де, Сүн-
нетте де бірде-бір айтылған сөз жоқ.
Әттең, жаманшылыққа бойлаған жандардың өзін
96 Сынық құмыра 4
де ұждан кеңдігіне салып құшақтай алсақ қой, оларға
тек жақсылық тілей білсек қой! Мәселен, былай десек,
«Аллам, бізге жамандық жасаған жандардың жүрегіне
иман, Ислам және ихсан нәсіп ет! Оларды тура жолыңа
сала көр!» Меніңше, осы адами әрекетке жатады, адами
ойлау, адами қылық. Адамша әрекет жасау барда басқа
жолдарға барудың қажеті жоқ. Біреудің сендерді сүзуі,
тебуі адамша қылыққа жатпайды. Алайда бұндай жағ-
дайда сендер де оларды сүзіп, тепсеңіздер, сіздер де
адамдық шегінен асып кетесіздер. Ал анығында Құран
мен Сүннет мүміндерді бастан-аяқ адамша әрекет жа-
сауға ынталандыруда.
Пайғамбарымыздың әрекеті
Ұлы Ибраһим, Осман ибн Мазун секілді кісілер қай-
тыс болғанда Адамзат Мақтанышының (с.а.с.) көзіне
жас алғанын хадис кітаптарынан көреміз. Алайда бұ-
лардың ешбірі әзірет Хамзаның шейіт етілуіне дейін
оны қатты күйзелтпеген. Алла елшісі (с.а.с.) Ұхұд май-
данында жанынан да қатты жақсы көрген көкесі әзірет
Хамзаның кескіленген тәнін көргенде көз жасын тыя
алмаған. Бірақ осыған қарамастан әзірет Хамзаның
бүйіріне найзасын қадаған Уахшиге, осыған итермеле-
ген Хиндке, Әбу Суфиянға да кектеніп, жеккөрушілік
танытпаған. Ол Уахши кейіннен сахаба қатарына қо-
сылып, мезгілі жеткенде әзірет Әбу Бәкірдің, жалған
пайғамбар Мусайлимаға қарсы тұру үшін жасақтаған
сарбаздарының ішінен табылып, бұл жолы найзасын
Мусайлиманың бүйіріне қадаған.
Егер ардақты Пайғамбар Уахшиді жақтамай, оған
қарсы сөздер айтса, онда ол Исламға бет бұрмас еді,
Ямамада ерлерше күреспес еді. Сол сияқты ардақты
Пайғамбардың сол кең мейірімін көрмесе, Бәни Умайя
әулетінің мүшелері де Исламды қабылдамас еді.
Алла елшісінің (с.а.с.) кеңпейілдігі, мейірбандығы
Сұрақ-жауаптар 97
мен кешірімділігі тек көкесін өлтіргендерге ғана ба-
ғытталған жоқ. Ол Меккедегі кездің бәрінде өзіне не
түрлі жамандық жасаған, ішкен суы мен жеген асына
да тыйым салып, тұрған жерінде өмір сүру құқын бер-
меген, оған өлім жазасын кескен, Меккені тастап кет-
кеннің өзінде жаңа һижрет аймағында өзіне тыныштық
бермеген Мекке мүшріктерін де кешірген. Меккені азат
еткеннен кейін іле-шала баршасы оның маңайына жи-
налды. Бірақ түрлерінен бұрынғы жамандықтары үшін
жазалай ма деген үрей байқалып тұрғаны анық. «Біздің
жасағанымызды тура өзімізге жасар ма екен?!» деген
үрейлері болды. Алайда Алла елшісі (с.а.с.) «Бүгін сен-
дерге айыптау мен жазғыру жоқ. Барыңдар, бәрің де
боссыңдар!» деп қана қайтарым жасады49.
Бұл қандай мәрттік десеңізші?! Көп жыл өзін жа-
мандықтан көз аштырмағандарға ләм-мим демеді.
Олардың жасаған жамандықтарын елемеді. Оларды
жазалауға бармады. Тіпті ұялтпау үшін ол туралы жақ
ашпады. Қанша уақыттан бері өкініп, кешірім күткен
жандарға осындай мәрттік танытты. Негізі, бұл әзірет
Мұхаммедтің (с.а.с.) Алланың ахлақынан өзіне үлгілі
мінез жұқтыруының бір көрінісі еді.
Иә, қайталап айтар болсақ, ананы-мынаны тілдеудің
ешкімге де пайдасы жоқ. Бұндай сөздер орын алған ке-
леңсіздіктерге жаңаларын қосады. Тұйықталған шең-
бер қалыптастырады. Құран Кәрім «Олардың Алла-
дан басқа тәңір тұтып, жалынып-жалбарынатын
құдайларына тіл тигізбеңдер. Әйтпесе, олар да на-
дандықпен һәм өшпенділікпен Аллаға тіл тигізіп,
шектен шығады»50 деп бұйырады. Құран Әбу Жәһил,
Утба, Шайба, Ибн Әбу Муайт, Уәлид ибн Муғира се-
кілді Мекке мүшріктері табынып келген Лат, Мәнат,

49
Ибн Хишам, әс-Сиратун-набауия 5/74; әс-Сунанул-кубра 9/118.
50
«Әнғам» сүресі, 6/108.
98 Сынық құмыра 4
Узза, Исафты т.с.с. сөгуге тыйым салады. Пұттарға
«Алла сендерді жердің түбіне батырсын, оңдырмасын»
демеңдер дейді. Не себепті? Өйткені олар да өздерің се-
нетін Аллаға тіл тигізіп, ұнамсыз сөздер айтуы мүмкін.
Осы себепті бір мүмін нашар сөздермен аузын, тілін,
жүрегін кірлетпеуі тиіс, өзгелердің қарсы реакциясын
өзіне тартпауы қажет. Керісінше, өз құндылықтарын
тамаша үлгі етумен проблемаларды шешуге тырысуы
қажет. Әрдайым қайталайтын сөзді тағы бір рет еске
салайын. Хәлмен шешілмейтін ешқандай мәселе жоқ.
Негізгісі жақсы дәріптеп, жақсы үлгі бола білуде.
Ренжісек те ренжітпейік
Мені қаралап жазып, үнемі маған жамандық жасау-
шыларға Алладан тілегенім мынау болды: Жаратушы
Ие бір күні әрбірімен жолықтырып, оларға жақсылық
жасау мүмкіндігін берсін. Айталық, жолдан өткенде
біреуінің көлігі бұзылғанын көрсем, тоқтап оны көлігі-
ме отырғызып алып, баратын жеріне апарып тастасам.
Құран кеңес бергендей, Пайғамбарымыз (с.а.с.) жаса-
ғандай жамандыққа жақсылықпен қайтарым жасасам.
Бұл – қазіргі күні өте қажетсінген нәрселеріміздің бірі.
Иншалла, жәбірлеумен, қорсынумен ешкімнің жанын
күйдірмейміз. Көңілімізді қалдырса да біз ешкімнің кө-
ңілін қалдырмаймыз. Ренжісек те ренжімейміз. Өйтке-
ні қазіргі күні жүректерді бүлдіргеннен гөрі бүтіндеуге
көбірек қажеттілік бар.
Негізі, сөккеннен гөрі залымдар мен тәкаппарларға
аяушылықпен қарау керек. Ақыреттегі хәлдерін ойла-
ғанда, оларға адамның жаны ашиды. Меніңше, ақырет-
те де олардың рақымнан мақұрым қалғанын көрсеңіз,
ұжданыңыз қозғалып, іштей дір ете қаласыз.
Адам өз еркін қайрап, бойына жауыздық сезім енуі-
не мүмкіндік бермеуі қажет. Кек пен жеккөрушілік
адам миына бір кіріп алса, оны ол жерден шығарып
Сұрақ-жауаптар 99
тастау өте қиын болуы мүмкін. Нейрондарын осындай
ұнамсыз сезімдермен кірлеткен жан ұдайы жамандық
ойлайды. Ақылымен әрекет еттім деп ойлаған күннің
өзінде көбіне бұндай нашар сезім оны ырқына көнді-
ре бастайды. Ал анығында Құранды басшылыққа алған
жандардың міндеті ақыл, қисын және алды-артын ой-
лаумен әрекет жасап, жүрек, рух және ұжданның өресі-
мен қарай білу болуы тиіс.
Осы себепті орын алған келеңсіз жағдаяттардың бізді
кекшіл, жауызға айналдыруына мүмкіндік бермеуіміз
қажет. Болашақ ұрпақтарға кек пен ашуды аманат етпе-
йік. Жеккөруден аса алмайтын тұлға қалыптастырмау
қажет. Қайта сүйіспеншілік пен құрметті негізге ала-
тын тұлға қалыптастыру басымдықта болуы тиіс. Бі-
реулер қателік жасауы мүмкін, тізесін батырып, жәбір
көрсетуі мүмкін. Тарих қайталанатындықтан оның мы-
салдары көп-ақ. Алайда біз сол қателіктерді жасамауы-
мыз қажет. Олар өз күндері мен бақытын сорға батырса
да, біз өз күндеріміз бен болашағымызды сорлатпайық.

100 Сынық құмыра 4


ТУЫСТАРМЕН АРАЛАСУ

«Рағыд» сүресінде ақыл иелерінің (улул-әлбаб) бір


қасиеті ретінде «Олар Алланың «үзбей жалғасты-
рыңдар» деп бұйырған (адамдар арасындағы туыс-
тық, достық сынды) қарым-қатынастарды үзбей
жалғастырады»51 деп бұйырылған. Бұл иләһи сөзде
назарға ұсынылған «сыла» ұғымының мәні қандай?

Тілге тиек етілген аяттарда ақыл иелерінің (улул-


-әлбаб) бес қасиетіне назар аудартылады. Алғашқысы
«Аллаға берген уәдесінде тұратындар» сөзімен олар-
дың Аллаға берген уәдеде тұрғаны айтылады. Рухтар
әлемінде Жаратушы Иеге берілген «иман ету» сөзі-
нің әрі адамдар арасы қатынастарда берілген уәденің
орындалуы осы аяттың мазмұнында қамтылады. Уәде
беру мәселесінің позитивті жағы бұйырылғаннан кейін,
«сертті бұзбайтындар» сөзімен негативіне де орын бе-
ріліп, олардың берген уәделерін бұзбайтындығы айты-
луда.
Артынан «Олар Алланың «үзбей жалғастырың-
дар» деп бұйырған (адамдар арасындағы туыстық,
достық сынды) қарым-қатынастарды үзбей жалғас-
тырады» сөзімен Жаратушы Иенің біріктіруді бұйыр-
ған нәрселерді біріктіретіндері, қадағалауды бұйырған
нәрселерін қадағалайтындары айтылған.
Кейіннен «Раббыларынан шын именеді» сөзімен
ақыл иелерінің Раббыларынан қорқа алаңдап, өмір сал-
тын құлшылыққа негіздегендіктеріне назар аударыла-
ды. «Хашият» Аллаға іштей құрметпен қарауды біл-

51
«Рағыд» сүресі, 13/21.
Сұрақ-жауаптар 101
діреді, Алланы ойлап жүректің діріл қағуы. «Хушуғ»
болса Алланың ұлылығы мен сол ұлылығының алдын-
да құлдық ұруға жатады. Адамның хушу мен хашият
иесі болуы мағрифатуллаға байланысты мәселе. Айт-
қандай, «Алладан құлдарының арасынан тек ғұла-
малар ғана шын именеді»52 деген аятта осы тілге тиек
етілген. Іле «қатаң жауаптан қатаң түрде жауапқа
тартылудан қорқады» деп бұйырылған. Яғни олар ал-
дарынан есебі өте нашар кейіпте шығуынан да қорқып,
өне бойлары дірілдеп-қалшылдайды.
Тірілту қажетті иләһи бұйрық
Сүреде аталған ақыл иелерінің қасиеттері бұлармен
шектелмейді, басқа да қасиеттер аталады. Бірақ сұрақ-
та толықтай бұлар емес, тек «сыла» мәселесі сұралған-
дықтан, соған ғана бір сәт тоқталайық.
Сөз тұрғысынан «сыла» біріктіру дегенді білдіреді.
Ислами әдебиетте адами байланыстарды сақтау, жақ-
сылық жасау, әсіресе, туыстық байланыстарды жақсы
ұстау деген секілді мағыналарда қолданылады. Алдың-
ғы сөздерде берілген уәделердің орындалып орындал-
мауына тоқталғандықтан, бұл жерде Алланың бірікті-
ру, қадағалауды бұйырған нәрселерінің алғашқы мағы-
насы берілген уәденің орындалуы, жасалған келісім-
дерді нық ұстануда. Бұған қоса, Алламен, Адамзаттың
Мақтанышымен, Ислам бұйрықтарынан алыстамайтын
қатынас құру да осы аяттың аясында қамтылады. Иман
негіздерінен Ислам ұстындарына (рукн), діннің негіз-
гі қағидаларынан тармақты (фуруғ) үкімдеріне дейін
ұстану және орындау бұйырылған барлық нәрсені бір
«сыла» ретінде қарастыруға болады. Қысқаша айтқан-
да, дінге және діни үкімдерге байлану бұйырылғанын
айтуға болады.
52
«Фатыр» сүресі, 28-аят
102 Сынық құмыра 4
Одан да тар мағынада болса бұл жердегі «сыла» сө-
зімен тұспалданған нәрсе «сыла рахим», яғни туыстық
байланыстарды қадағалау. Адамдар бір-бірінен алыс-
таған қазіргі әлемде мәселенің осы қыры да өз алдына
маңызға ие. Өкінішке қарай, ағаштың бұтақтары, жа-
пырақтары немесе жемістері іспетті адамдар бір-бірі-
нен алыс өмір кешуде. Балалар туыстарының алдында-
ғы міндеттерін орындауы өз алдына ата-аналарынан да
алыстаған жағдайда. Көп жақындарын танымайды да.
Олардың алдындағы жауапкершіліктерін ұмытып кет-
кен. Қоғам өз құндылықтарынан алыстап, бұл мәселеде
жырақтап қалғандықтан, бұл туралы көп ескертіп реа-
билитация жұмыстарын қанша жүргізсе де аз.
Ал шындығында Құранға қарасақ, көп мөлшердегі
аяттарда ата-ана құқы мен туыстық қатынастар жайлы
мұқият тоқталғаны байқалады. Мәселен, «Бір Алла-
ға құлшылық жасап, Оған еш нәрсені серік етіп
қоспаңдар. Ата-аналарыңа жақсылық жа-саңдар.
Сондай-ақ жақын туыстарыңа, жетімдерге, кедей-
кепшікке, жақын көршілеріңе, алыс көршілеріңе,
(сапарлас немесе жақын) жолдастарыңа, (елінен
жырақта жүрген) мұқтаж жолаушыға және қолас-
тыларыңдағы құлдарың мен күңдеріңе жақсылық
жасаңдар. Шүбәсіз, өзін әлдеқандай көретін мақтан-
шақты Алла жақсы көрмейді»53 деген аятында Жара-
тушы Ие өзіне құлшылық жасауды бұйырғаннан кейін
ата-анаға, туыстарға сөзді бұрып, олармен жақсы сый-
ласып, жақсылық жасау керектігін айтуда.
Осы себепті бір мүмінде туыстарына деген
айтарлықтай жақындық сезімі болуы қажет. Ең баста
ата-анадан бастап, алыс-жақын ешкім де туыстық
сыйластықтан мақұрым қалмауы тиіс.
Алла өз құқынан кейін ата-ананың, іле-шала туыс-

53
«Ниса» сүресі, 36-аят
Сұрақ-жауаптар 103
тардың, оның артынша өзге де аралас-құралас кісілер-
дің құқын назарға бергеніне қарағанда, бұлардың әр-
бірінің құқына міндетті түрде көңіл бөлу керек. Жан-
сыз тастардың өзі бір-біріне сүйеніп тұрумен мықты
күмбездер мен қорғандарға айналады, қирап түспейді.
Сол сияқты адамдар да әлеуметтік өмірде ең жақын
шеңберден бастап, бір-бірімен иық тірестіріп, рухани
қажеттіліктерінде өзара сүйеу болса, оларды ешкім қи-
сайтып, құлата алмайды.
Қызмет туыстармен араласуға
кедергі болмауы тиіс
Әркез адамның ойына «Мен қалай болғанда да қыз-
мет етудемін, Алланың атын асқақтату (иғла кәлима-
туллаһ) секілді қасиетті міндеттің соңында шапқылап
жүрмін. Бұндай маңызды міндеттер барда ата-ана не-
месе туыстар құқы секілді нәрселер болмаса да бола-
ды» дегендей шайтани бірқатар ойлар келуі мүмкін.
Адам сөйтіп туыстармен араласуға үстірт қарап кетуі
мүмкін. Алайда бұндай ойларды Құрани қисынмен ас-
тастыру қиын. Құран мен Сүннет табандап тоқталып,
ерекше табыстаған мәселені ешкім де бір шетке ысы-
рып тастай алмайды. Егер Алла Ұлы кітабында ол құ-
қықтарға мән беру керектігін айтқан болса, мүмін үшін
бұл өте маңызды діни міндет. Алланың үкімдерін өз-
гертуге ешкімнің де қақы жоқ. Сондықтан мүміннің
міндеті оларды зиярат ету, қалын сұрау, батасын алу,
егер қажет болса қол ұшын созу.
Бір жағы жасалуы тиіс қызметтердің жасалуы, алайда
екінші жағынан ата-ана құқын аяқасты етпеу, туыстар-
мен араласып тұруға болады. Бұлардың бірі екіншісіне
кедергі жасамауы тиіс. Бір жағынан Раббымыздың ра-
зылығын алу бағытында, Ислам дініне қызмет ету керек,
екінші бір жағынан тағы да Алланың разылығына қол
жеткізу үшін ата-аналарды, ата-әжелердің, туыс-туған
104 Сынық құмыра 4
әпке-көкелердің разылығын алуды ұмытпаған дұрыс.
Тіпті жүректегі шабытты күйлеріміз бен мәнді ой-
ларымызды өзгелерге жеткізуде де туыстармен арала-
суды соған бір себеп деп қарауға болады. Отбасымыз-
бен, туыс-туғандарымызбен сыйластығымызды жақсы
ұстау арқылы ел үшін жасап жүрген жақсы істерімізді
таныстыра аламыз. Сөйтіп Алланың қалауымен зиярат-
тарымыз берекеленіп, бірге жеті жүз беретін жемістер-
ге айналады. Сөзбен айтпасақ та іс-әрекет, хәлімізбен
оларға бір нәрсе түсіндіре аламыз, үлгі бола аламыз.
Әрқашан айтатынымыздай, үлгі болу арқылы, хәл ар-
қылы шешілмейтін мәселе жоқ.
Әсіресе, қазіргі күні байланыс құралдарының да-
муымен ағайын-туыстың қалын сұрау, олардың көңілін
аулау мейлінше жеңілдеген. Олардан алыста болсақ та,
әрқашан зияраттарына бармасақ та, интернет, телефон
секілді байланыс құралдары арқылы хабарласып, ара-
ласып, сыйласып тұра аламыз. Аудио не видео түрінде
олармен сөйлесіп, жылы сөздерімізді, сүйіспеншілігі-
мізді жеткізе аламыз, жағдайларынан хабардар болып,
олардың көңілін демеп қоюға болады.
Келмегенге бару
Тақырыпқа қатысты бір мәселеге де тоқталуым
қажет. Жақындарымыздың бізбен араласуын үзуі,
туыстық міндетін орындамауы, біздің де туыстармен
араласпауымызға сылтау бола алмайды. Себебі хадис-
те өзіңмен араластықты үзген туысыңмен араласудың
сауабы көбірек болатыны айтылған54.
Әттең, осы маңызды міндетті әркім-ақ орында-
са ғой. Жақындарын іздеп сұрап тұрса, оларға барып
тұрса, үлкен кісілердің қолынан, кішілердің көздері-
нен сүйсе. Бұған дейін де айтқанымдай, қазіргі күні ең

54
Бұхари, Әдеб, 15; Ахмед ибн Ханбәл, әл-Муснад, 24/383.
Сұрақ-жауаптар 105
жақын туыстар арасында да алыстаушылық бар. Осы
себепті жақындарымыз келмесе де біз баруымыз қажет,
олар іздеп қал-жағдайымызды сұрамаса да біз олардың
қал-жағдайларын сұрауымыз керек. Бір мақалда айтыл-
ғандай, «Жақсылыққа жақсылық – әр кісінің ісі, жаман-
дыққа жақсылық – ер кісінің ісі».
Туыстықпен араласуға ниет білдірсеңіз, оған ешкім
де бей-жай қарамайды. Келген кісіге жұрттар барады.
Жақсылық пен игілік жасаушыға қайтарым жасау оңай.
Қайтарым болатындықтан жақсылық жасау оңай. Бұл
бір жағы сауда-саттық секілді. Екі жақтың екеуі үшін де
табысқа себеп. Бірақ бір жақ өзіне тән міндеттерді орын-
дамаған жағдайда жақсылық пен игілікті жалғастыру
оңай емес. Егер екінші жақтың ұнамсыз қылықтары-
на қарамастан, туыстық араластықты жалғастыра алса,
нағыз «сыла рахим» деген осы. Егер жай кезде өзіңмен
араласқан туысыңмен араласу он сауап болса, бұндай
жағдайда ол сауап жүзге жетуі мүмкін. Себебі өзіңмен
араластықты үзген, бетіңе қарамай кеткен адамды іздеп
бару нәпсіге жеңіл тимесі анық. Егер ол бәріне қарамас-
тан, реніштерді ысырып қойып, тек қана Алланың разы-
лығы үшін туыстармен араласу міндетін атқарса, оның
бұл амалын Алла құрметпен қабыл алары анық.
Оны да былай қойғанда, кейде телефондарды бетіміз-
ге жауып, есіктен қуылып, бетімізге небір ұнамсыз сөз-
дер айтылуы мүмкін. Мереке кезінде не арнайы күндері
жіберген құттықтауларымызға да еш жауап болмауы
мүмкін. Осылардың барлығына да ренжіп, өкпелеудің
қажеті жоқ. Қайта жаңа жолдар тауып, түрлі әдістер же-
тілдіру арқылы ол кісіні жұмсартудың жолдарын іздеге-
німіз жөн. Келмесе де барып, жегізбесе де жегізіп, ізде-
месе де іздеу керек. Жамандықтарға жақсылық жасап,
дөрекіліктерге жұмсақтық көрсетуіміз қажет.
Мүміннің ахлақы осыны қажет етеді. Жігіттік те
осында. Мұхаммедтің (с.а.с.) жол осы.
106 Сынық құмыра 4
АУЫЗБІРШІЛІК ПЕН БІРЛІК

А лла жолында жасалған қызметтерде әуелі сөз


бен амалдардың дұрыс болуы және Алла ра-
зылығы мақсатына бет алғанда заңды жолдарға жүгі-
ну қажет. Яғни әрбір іс-әрекет пен жоба діннің негізгі
ұстанымдарымен сәйкес болуы қажет, Құранның бұй-
рықтарына және Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сөздеріне
сай болуы тиіс, ішінде осыларға қайшы келетін ештеңе
қамтымауы тиіс. Бұған қоса, адамдардың қажеттілікте-
рін назарда ұстай отырып, қоғам өміріндегі бос орын-
дар толтырылуы тиіс.
Бұлардың әрбірі иғла кәлиматуллаһ (Алланың атын
асқақтату) жолының жолаушылары тұрғысынан о бас-
тан мән берілуі тиіс өте маңызды ұстанымдар. Деген-
мен Алла жолында жасалған қызметтер жеміс беруі
үшін осылардың барлығымен қатар қоғамдағы ауызбір-
шілік пен ынтымақты сақтауға да ерекше көңіл бөлінуі
қажет. Себебі Алланың қолдауына ие болу осыған бай-
ланысты. Бұны қамтамасыз етудің ең маңызды динами-
каларының бірі жасалған қызметтердің ішіне топқа тән
түсініктерді араластырмау қажет.
Топты алдыға шығарудан алыс тұру
Кеңірек түсіндіретін болсақ, айтылған сөздердің
немесе жасалған амалдардың иләһи не нәбәуи болуы-
мен қатар жеке біреулерге не топқа телуден арылту да
қажет. Адам кейде «дін» деп ұрандауы мүмкін, алайда
өз аңдамастан бұлармен өзін не өзі ішінде жүрген топты
назарға ұсынады. Дінді насихаттау ісімен айналысып
жүрмін деп ойлағанмен, анығында өзінің жолы мен әді-
сін алға шығарады. Елді дамыту туралы сөз еткенмен,
түбі өзінің жағдайы дұрысталуына назар аудартады.
Сұрақ-жауаптар 107
Жаңа бір жасампаз рух қажеттігін, жаңа бір ренессанс
жүзеге асыру қажеттігін айтқанымен, анығында, оның
бәрін өзінің іс-әрекеттеріне байлайды.
Орын алған бірқатар жетістіктердің, көзге көрінген
әсемдіктердің, ижтиһад қателігі ретінде белгілі бір кісі
не топтарға телу жамағат менмендігін және топтық тү-
сініктерді күшейтеді. Халықтың тым әсірелеп жібереті-
ні бар. Осы себепті мақтауды тым асырып жіберуі мүм-
кін. Белгілі тұлға не топтар туралы айтқанда, мәселені
әсірелеп жіберуі мүмкін. Олардың мақамын, деңгейін
тым өсіріп жіберуі кәдік.
Бір жерге дейін олардың осындай іс-әрекет, пайым-
дарын бір ижтиһад қателігі ретінде есептеп, солай ке-
шіріммен қарауға болар. Дегенмен бұлардың барлығы
бізді турашыл ойлаудан алыстатпауы тиіс, біздің мәсе-
лелерді тура бір бағытта қарастыруымызға кедергі жа-
самауы тиіс. Егер біз де басқалардың осындай мақтау,
мадақтарына қарап, мәселелерді белгілі бір мөлшерлер
мен біреуге қатыстылығына байласақ, ауызбіршілік
пен ынтымаққа сызат түсіріп, халықты өзімізден алыс-
татып аламыз. Ақиқат, шындықты жеткізуге әрекетте-
ніп жүріп, оны бір ғана бағытқа байлаған боламыз. Аң-
дамастан барлық қызмет жасау салаларын өзімізге тән
секілді көріп әрекет ете бастаймыз.
Қоғамдық бейбітшілікті
қамтамасыз ету үшін
Ал анығында, қазіргі әлемде иман мен Құран қыз-
меттерінің бағасын арттыратын әрі ұлғайтатын негіз-
гі тұс – бұлардың қоғамның әр табымен ауызбіршілік
және ынтымақтастықта жүргізілуі. Бұны қорғай алу
үшін жасалуы қажет барлық нәрсе жасалып, алынуы
қажетті барлық сақтық шараларын жасалуы тиіс. Ай-
талық, Бәдиуззаманның айтқанындай, егер «жақсыда»
келісе алып, «одан да жақсыда» ымыраласа алмасақ,
108 Сынық құмыра 4
онда сол «жақсыда» келісумен шектеле білу қажет.
Тура Пайғамбарымыздың немересі парасат-пайымы
жоғары әзірет Хасанның жасағаны тәрізді.
Бәріміз білетіндей, әзірет Хасан екі жамағат бет-
пе-бет келген кезінде, халифалықты әзірет Мұғауия-
ға беру арқылы орын алуы ықтимал үлкен фитнаның
алдын алған болатын. Айтқандай, Алла елшісі (с.а.с.) де
«Менің мына балам бар ғой, ол сәйидке жатады. Алла
онымен болашақта екі ірі қауымның арасын бітістіре-
ді»55 деген сөзімен қанша жыл бұрын әзірет Хасанның
осы әрекетін мақтауға лайық көрген. Әзірет Хасан ең
жақсыны тастап хасанмен шектелу арқылы орын алуы
мүмкін ірі бір бүліктің алдын алған. Жақсыда қамтама-
сыз етілген келісімнің әсемдігі сондай – одан да артық
жақсыдан да асып түсетін әсемдік болуы мүмкін.
Осы тұрғыдан тілге тиек етілген сөздерде ынтымақ
пен бірлікке сызат түсіретіндей сөздерден қашып, өзге-
лерге топ түсінігін еске салатын әрі осы себепті олар-
да іштарлық не бәсекелестік сезімін қоздыратын түрлі
іс-әрекеттерден алыс тұру керек. Тіпті бәсекелестікті
былай қойғанның өзінде, жай кезде сөкеттігі жоқ жа-
рысқа да (тәнәфус) мүмкіндігінше бармаған жөн. Се-
бебі бәсекелестік пен жарыс шекаралас жатқандықтан,
бір-біріне өтіп кетуі кәдік.
Жай кездерде «Жұрт Алла жолында шапқылауда, біз
неге тұрмыз?! Біз де олармен бірге шапқылайық» деген
ойдың еш сөкеттігі жоқ. Сөкеттігі былай тұрсын қайта
Құран соған талпындырған. Себебі аяттарда былай бұ-
йырылған: «Міне, адамдар жарыспақ болса, міне, осы
жаннатқа бару үшін жарыссын!»56
Алайда жарысу үшін жолға шыққан кейбіреулер бір-

55
Бұхари, Фитән, 20; Сулх 9; Фазаилул-асхабин нәби 22; Мәна-
қиб 25; Тирмизи, Мәнақиб 25; Нәсаи, Жұма 27.
56
«Мутаффифин» сүресі, 83/26.
Сұрақ-жауаптар 109
шама уақыттан кейін «Негізі бұл сала бізге тиесілі, пә-
лен-түгендер неге осында жүр? Бізден сұрамай, бізбен
ақылдаспай бұл кісілер неге атын қамшылап біздің сала-
да жүр?» дегендей шайтани ойларға берілуі мүмкін, ал
бұл болса бірлікке сызат түсіруі мүмкін. Біреулердің өз-
дерінің топтық түсініктерін алға шығаруы өзгелердің де
сондай сана-сезіммен әрекет етуіне себеп болуы мүмкін.
Cезімдерді есепке алыңдар
Адамдар өздері дұрыс деп тапқан, адамзат үшін пай-
далы деп сенген әрі діннің негіздеріне сай деп білген бір-
қатар жобалардың маңайында бірігуі мүмкін, бірқатар
қызметтерді ерікті түрде жасауы мүмкін. Алайда дұрыс
деп білген іс үшін шапқылағанда, міндетті түрде өзгелер-
дің сезімдерін де есепке алуы қажет, олардың ойларын
дұрыс біліп, кең тараған сөзбен айтқанда, баршаға эмпа-
тиямен жақындауы қажет. Басатын әрбір қадамын басар-
да өзгелердің сана-сезімімен барынша санасқаны дұрыс.
Әркімнің құрмет тұтатын құндылықтары бар. Егер
құндылықтарыңа құрметпен қарағанын қаласаңыздар,
сіздер де өзгелердің құндылықтарына құрметпен қарау
керексіздер. Өздеріңіз жұрттар күтетін нәрселерді жұрт-
тың да сіздерден күтетінін еш қаперден шығармаңыздар.
Өте байыпты эмпатиямен өзгелердің сезімдерін дұрыс
танып, іс-әрекеттеріңізді соған сай реттеулеріңіз керек.
Әйтпесе жақсы нәрсе істеймін дегенмен көздегенің-
нен мүлдем басқаша нәтижелерге кезігуің мүмкін. Ең
жазықсыз деген әрекеттер мен ең әсем деген сөздердің
өзі антипатияға жол ашуы мүмкін. Егер бұл әсемдіктер
топтық түсінікке байланып, осындай түрде ұсынылса,
жұрт жасалған қызметтерден көп бұларды кім жаса-
ғандарына көңіл аударады. «Пәлендер мынаны істепті,
біз неге жасамаймыз? Олардың бір жамағаты бар, бізде
неге жоқ?» дейді. Нәтижеде қоғамдағы бірлік пен ын-
тымаққа сызат түсіп, иләһи қолдау да тоқтауы мүмкін.
110 Сынық құмыра 4
Жаратушы Ие өзінің қолдауын Мұхаммед үмбеті
арасындағы келісім, татулық пен ынтымақтастыққа
байлаған. Олар ыдырап кеткен уақытта Алла да олар-
ға деген қолдауын тоқтатады. Оларға уәкіл болмайды.
Анығында Құран былай деп бұйырады: «Істеріңді мін-
детіне алатын бір әулие ретінде, әрі жәрдем беруші ре-
тінде әрине Алла жеткілікті!»57

57
«Ниса» сүресі, 4/45.
Сұрақ-жауаптар 111
СЫРТҚЫ ФОРМАМЕН
ШЕКТЕЛУДЕН АРЫЛУ

К ейде дін үшін атқарылған міндеттерде жаңылып,


бізден талап етілген формальді істерді орындау-
мен міндетімізді орындадық деп ойлаймыз. Айталық,
бір жерде имамдық атқарудамыз, мешітке барамыз, жа-
мағаттың алдына шығып намаз оқытамыз. Міндетімізді
бітіргенде, үйімізге не басқа бір жұмысымызға кетеміз.
Немесе бір жерде уағызшы міндетін тапсырса, аптаның
белгілі күндерінде күрсіге шығып, көпшілікке уағыз
айтамыз, мүмкін дауыстап, айғайлап, артынша мінде-
тімізді орындадық дегендей қанағаттанғандай кейіпте
өз жұмысымызға кірісеміз. Намаз оқыту, уағыз айту,
Құран үйрету, діни ілімдерді үйрету секілді діни істер-
ге, бір қызметкердің өзі жауапты істі орындауы секілді
немесе бір жұмысшының өзінен талап етілген істерді
орындауы секілді қараймыз. Бұлай болғанда істің мәні
мен мазмұны қашады.
Бұлардың ең қауіптісі ұлы мұратқа ден қойып, жаңа
бір тірілудің соңында шапқылаған жандардың өздеріне
алған жауапкершіліктеріне «жұмыс» не «міндет» деп
қарауы, міндет берген түрлі салаларда жүгіріп, бірақ
солармен қатар Алламен және Елшісімен қатынасты
қадағаламауында. Олар толықтай «істеріне» берілсе
де, биік жетістікке жеткендей көрінсе де, тек қана фор-
мальді істерді орындаған адамдар болу жағдайынан
арыла алмай, ықылас пен ихсан санасымен әрекет ет-
пейінше жасаған істерде шынайы мағынада жетістікке
жете алмайды.
Алламен қатынастың күшті болуы
Өкінішке қарай, қазіргі күні адамзаттың өмірін дү-
112 Сынық құмыра 4
ниеге берілу мен секуляризм билеп тұрғандықтан,
Алла жолында жасалған қызметтер де дүниелік мұрат-
тарға байланып, тек формадан аса алмауда. Ал шын-
туайтында, адамзатқа ақиқатты дәріптеу деңгейіндегі
жандардың жасаған істері қалыпты міндеттер аясынан
тыс қолға алынуы қажет. Олар әуелі құлшылықтарын
өте терең атқарып, Алламен байланыстарын әрқашан
кіршіксіз қалыпта ұстауы тиіс, Алла көріп тұр деген
түсінікпен әрекет етуі қажет. Сонда ғана жасаған істе-
рінде жетістікке жетеді. Яғни істерін жасаумен қатар
міндетті түрде рухани тереңдікті де көздеуі тиіс.
Бір адамның дін үшін бірқатар белсенді істер жа-
сауы, қызмет деп шапқылауы әрине мақтауға тұрарлық
жақсы іс. Дегенмен сол істің ажарын арттыратын нәрсе
– сол істерді атқарып жүріп Алламен байланысын оның
күшті ұстауы.
Егер жасалған осы ізгі істер Алламен байланысымыз
тұрғысынан біздің өзгеше тереңдіктерге құлаш сермеуі-
мізге себеп болмаса, бізді Аллаға жақындатпаса, онда өз
мүддеміз үшін шапқылап жүрміз деген сөз. Жақсы іс іс-
тедік деп ойласақ та, анығында алданудамыз деген сөз.
Жақсылық тұрғысынан жасаған әрбір іс Алламен
байланысымызды арттырып, күшейген әрбір байланыс
жаңа игі істерге себеп болуы тиіс. Сіздер қаншалықты
Алламен тығыз байланыста болып, қаншалықты Алла-
ның разылығын алуға тырыссаңыздар, Алланың сіздер-
ге деген қатынасы да соған қарай болады. Егер Жара-
тушы Иемен қатынастарыңызды тереңдетсеңіздер, ол
да сіздерге өзгеше қарайтын болады. Әрбіріңізді жеке-
дара тафаккур (терең ой), тадаббур (терең пайым) және
тазаккур (терең ой) адамы жағдайына келтіріп, көңіл
көкжиектеріңді ашады. Сонда сендер де барлық нәрсе-
ні басқаша естіп, сезе бастайсыздар.
Сұрақ-жауаптар 113
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) бір күнде кейде жетпіс58,
кейде жүз рет Алладан кешірім тілегені риуаят етіледі59.
Бұған жасалған түсіндірмелердің бірі мынау: ол ұдайы
өсу, биіктеу үстінде еді. Дүниеде тура бір Сидратул-
Мунтаһаға немесе Байтул-Мағмурға сапар түзгендей
еді. Бүгінді кешеден басқа, ертеңді бүгіннен басқа, арғы
күнді ертеңнен басқаша сезінетін. Осы себепті артына
қарап, артта қалдырған баспалдақтарға көз салып «Ас-
тағфирулла, мен қалай кеше ана жерден табылғам?!»
дейтін. Осы тұрғыдан келгенде біз шапқылап істеп жүр-
ген «істер», «міндеттер», «қызметтер» егер біздің ілім
мен ирфан өмірімізді байытпаса, жүрек пен рухтың өмір
сатыларында саяхаттау тұрғысынан бізге еш нәрсе қос-
паса, онда бекерге әуре болып жүрген болуымыз мүмкін.
Міндетімізді дұрыс атқарған жағдайда Жаратушы Ие
бізді ол үшін жауапқа тартпайды деп үміт етеміз.
Бұл сөздер маған түрмеге түскен кезімдегі бір оқи-
ғаны есіме түсірді. Түрменің қиындығын түрлі көзқа-
растағы кісілермен бөліскен едік. Бір күні сондағылар-
мен жамағат болып намаз оқып жатқанбыз. Соттал-
ғандардың бірі бізге кекесінмен қарап «Біз анда-мұнда
оң идеялар үшін жанымызды шүберекке түйіп күресіп
жүрміз, ал сендер болсаңдар осы жерде намаз оқып,
қарын қампайтып жатсыңдар» деген еді. Намаз оқу-
дың қарын қампайтумен қандай қатысы бары өз алды-
на, сөздегі негізгі қисынсыз ой Алла жолында күрес-
кен адамға құлшылық жасау қажет емес дегендігі еді.
Оның қисынына салсақ, егер біреу келеңсіздіктермен
күрессе, намаз оқымауына, ораза ұстамауына, тіпті қа-
жылыққа да бармауына болатындығы. Себебі ол Алла
үшін өте маңызды «істер» жасауда, өміршең бірқатар
«міндеттер» атқаруда.

58
Бұхари, Дағуат 3; Мүслим, Зикр 41.
59
Мүслим, Зикр 41; Тирмизи, Тафсиру сура (47).
114 Сынық құмыра 4
Иә, бір кісінің дінін сақтау, ары мен абыройын қор-
ғау, мал-жанын аман сақтау үшін күресуін Ислам қол-
дайды. Осы құндылықтардың барлығын қорғау үшін
адамның күресуі – оның ең алда тұратын әрі негізгі
құқықтарының бірі. Алла елшісінің (с.а.с.) сөзімен ай-
татын болсақ, осы жолда өліп кеткен жан шейіт бола-
ды60. Дегенмен осы күрестердің барлығының қадірінің
мейлінше биіктеуі сол кісілердің Алламен байланы-
сына келіп тіреледі. Алламен байланыстырмаған ең
маңызды істердің өзі қадірін жоғалтып, тот басып, қи-
рауға дайын тұрады. Ал керісінше Алланың разылығын
мұрат тұтып жасаған елеусіз секілді көрінген істердің
өзінің қадір-құны бөлекше арта түседі.
Түнде құлшылықта, күндіз ат үстінде
Алла жолындағы күрес, жасалған қызметтер мен
құлшылық тепе-теңдігін тең ұстау тұрғысынан ардақты
сахабаларымыз біз үшін ең жақсы үлгі көрсетті. Биог-
рафияларын жазғандар олардың өмірін «рухбанун фил-
лайл фурсанун фин-наһар» деп тұжырымдауда. Бұның
мағынасы мынау: олардың әрбірі түнін құлшылықпен
нұрландыратын, таңға дейін жүрегі жұлына жаздап Ал-
лаға жалынып, жалбарынатын. Күндіз соғыс жағдайы
туа қалған жағдайда, ерлерше майданда атой салатын.
Түнгі уақыттарда олардың Алланың алдында қалай
құлдық ұратынын көрген біреу «бұлар ғибадаттан
басқа нәрсе білмейді-ау» дейтін. Алайда олар атқа қон-
ған кезде қалың әскерге жалғыз өзі қарсы тұратындай
батырлық көрсететін. Міне, негізгі мәселе осы тепе-
теңдікті ұстай білуде. Бір жағынан өлгенше қызмет ету,
екінші жағынан сыртқы формалардан арылып жүрек
пен рух адамы хәліне келу.
Адам мойынына алған міндеттерін ең келісті түрде

60
Тирмизи, Дият 22; Әбу Дәуіт, Сүннет 32; Нәсаи, Тахрим 22.
Сұрақ-жауаптар 115
атқара алуы тиіс, алайда бұнымен қатар, жасағанын не
үшін жасап жатқанын да қаперде ұстағаны жөн. Алла
жолында қызмет жасағанда ғапылдыққа, жаңылыс-
тыққа ұрынбауы тиіс. Жасаған әр ісін тек Алла үшін
жасауы керек. Қызметтері оның Алламен байланысын
одан да күшейтіп, оны әлдеқайда көбірек ғибадат, құл-
шылыққа итермелеуі тиіс. Әйтпесе, адамға ақыретте
«Алламен байланысың қаншалықты еді? Іштей Алланы
қаншалықты сезінуші едің? Есіңе түскенде қаншалық-
ты жүрегің діріл қағушы еді? Неге өзіңді тым әсірелеп
көрсеттің? Неге іс-әрекеттеріңмен өзіңді басқаша етіп
көрсеттің?» деп сұрайды.
Алла Құранда былай деген: «Ол мүміндер сондай
кемел адамдар, егер оларға жер бетінде билік, үс-
темдік нәсіп етсек, олар намазды кемеліне жеткі-
зіп, үзбей әрі уақытылы оқиды, зекетті толық бе-
реді, жақсылық пен туралыққа бұйырып, жаман-
дық атаулыдан тыюға тырысады. Барлық істердің
ақыры бір Алланың құзырында»61.
Алла Тағала бұл аятта аяғын нық басқан, белгілі күш
пен мүмкіндіктерге ие мүміндердің ерекшеліктерін са-
намалағанда, алғашқысы ретінде олардың намаздарын
кемеліне келтіре орындайтындарын, зекетін толық бе-
ретінін білдірген. Демек, Алланың бізден негізгі қала-
ғаны осы. Аятта «Егер берген мүмкіндіктерді сендер
құлшылықпен ажарландырып, шүкір етсеңдер, Мен де
ол нығметтерімді арттыра түсемін. Сендер бұл мәселе-
де уәдеде тұрмасаңдар, Мен оны сендерге нәсіп етпей-
мін» деген мағынада да түсіне аламыз.
Әсілі, мүмін әр ісінде болғанындай бұл тұста да ор-
таша қалыптан ауытқымай, астамдыққа я нұқсандыққа
бармауы тиіс. Не тек қана шапқылай беріп, не толықтай
қылуетке түсіп кетпеуі тиіс. Шапқылап жүріп, қылуетті

61
«Хаж» сүресі, 22/41.
116 Сынық құмыра 4
де қатар алып жүруі тиіс. Жиі айтатын сөзімізбен айт-
қанда, «Халықтың ішінде жүріп Хақпен бірге болуы»
керек. Пайғамбар жолы да осы. Егер Алла мүміндерге
«жаңадан қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын кезең-
ді» қайта орнатуға уәде берген болса, оны солардың іс-
әрекеттеріне қатысты еткен болса, бұны өзгертуге еш-
біріміздің күшіміз жетпесі анық.

Сұрақ-жауаптар 117
ҚЫЗМЕТКЕ ТӘУЕЛДІЛІК

Әркез сұқбаттарда өтетін «қызметке берілгендік»


деген сөздің мәні қандай, қызметке тәуелділіктің
ерекшеліктері қандай?

Ең төтесінен айтқанда, қызметке тәуелді болып


қалушылық ол белгілі бір өмірлік мақсатқа іштей берілу
дегенді білдіреді. Егер бір кісі қызмет үшін ойлап,
қызмет деп отырып, қызмет деп орнынан түрегеліп,
қызмет үшін жобалар құратын болса, ол қызметке
тәуелді болған жан деуге болады. Оның мектепке баруы,
білім алуы, жазуы да бәрі қызмет үшін болғаны. Ол
мұқтаж жандарға ақиқатты айтып жеткізу, адамдарды
осы дәуірдегі ластықтардан құтқару, ұйыққа батқан
жандардың қолынан ұстап шығару үшін материалды
әрі рухани игіліктерін ұсынуға, жанқиярлық жасауға
дайын. Басқаша айтқанда, қызметке тәуелділік адамның
барлық іс-әрекеттерін Жаратушы Иенің разылығына
байлауы, қолындағы барлық күші мен мүмкіндіктерін
Алланы таныту тұрғысынан пайдалану деген сөз.
Кейбіреулер темекі, арақ, есірткі секілді зиянды нәр-
селерге тәуелді болады, енді біреулер күніне үш мезгіл
тамақ жеуге, үш-төрт рет шай не кофе ішуге тәуелді.
Бұндай тәуелділіктер адам бойындағы осалдықты біл-
діреді. Осы тұрғыдан алғанда, мүмін ешқашан бір нәр-
сеге тәуелді болмауы қажет. Ол өмірдің ең ауыр жағай-
ларына да өзін іштей дайындап, қажет кезінде қиын-
дықтарға төтеп беріп, мейлінше қанағат тұтып өмір
сүре алуы тиіс.
Анығында, мүбах саналатын нығметтерді пайдала-
нудың адамның дініне жалпылай еш зияны жоқ. Алай-
118 Сынық құмыра 4
да түрлі тәуелділіктері бар, өзін жайлылық пен рақат
өмірге дағдыландырған кісілердің қиын кезеңдерде
ақиқаттың тілмәші болуы, ақиқатқа иелік етуі еш оңай
болмайды. Ал қызметке тәуелділік мәселесіне келсек,
ол осалдықтың белгісі емес. Қайта байыпты күш-қай-
раттың нәтижесінде қол жеткізетін ірі қасиет. Қалайша
бір адамның құлшылыққа әбден байлануы үшін алға-
шында оның біраз өзін қинауы керек болса, қызметке
байлану үшін де о бастан мейлінше қажыр-қайрат көр-
сетуі тиіс. Пайғамбарымыз (с.а.с.) біздің жеп-ішуден
ләззат алғанымыз секілді құлшылықтардан ләззат ал-
ғанын айтады62. Ол жайлы «құлшылыққа тәуелді» деп
айту дұрыс па, дұрыс емес пе білмедім. Анығырағы,
бұндай түсінікті ол кісіге қатысты айтуды дұрыс деп
ойламаймын. Алайда Пайғамбарымызды былай қой-
ғанда, құлшылық жасағанда осындай ләззатты бастан
кешетін кісілерге «құлшылыққа тәуелді» немесе «ғиба-
дат құмар» деп айтуға болады.
Қызметқұмар жан өмірін Алланың атын асқақтатумен
(иғла кәлиматуллаһ) байланыстырады. Оның ой-сезімі
ылғи да мынау: «Аллам, иләһи есімің, Мұхаммед рухы
рауандап барлық жерде байрақтай желбіреуі жолында
қызмет жасай алсам, өмір сүруімнің бір мағынасы бар.
Егер бұны жасай алмасам, өмірімнің бір мағынасы жоқ,
жанымды алсаң болады». Ондай мәнсіз өмірді сүргенше,
Аллаға жалынып, өмірден өтіп кетуді артық көреді.
Бұның мағынасы дүние істерінен толықтай бас тарту
емес. Керісінше, жұмыс істегенде және табыс тапқанда
да қызметті ойлауда. Ол қандай істі жасамасын, қандай
мүмкіндіктерге ие болса да, қандай лауазымдарға биік-
тесе де, бұлардың барлығын ақиқатты дәріптеу ісіне
тиімді пайдалана біледі. Оның назарында ақиқаттың
аяқ асты болуына жол бермеуге, әділеттілікті қорғауға
62
Нәсаи, Ишаратун Ниса, 1.
Сұрақ-жауаптар 119
пайдасы жоқ лауазым мен шен шекпеннің ешбір қадірі
жоқ. Қызметке тәуелді жан үшін жұрттың қошеметтеуі,
танымалдық не рақат өмір кешу мен жайлылық маңыз-
ды емес. Бұлар артынан жүгіріп, қол жеткізу қажетті
мақсат емес. Оның бір ғана дерті өзі көңілмен шын бай-
ланған ұлы мұратында жатыр.
Бір мағынада берілгендік түсінігіне жету әрине оңай
емес. Алғашында айтарлықтай жігер танытып, табан-
дылықпен жолға шығу керек болады. Кісінің алғаш-
қыда өзін қинауы, осыған үйренгенге дейін кезіккен
қиындықтарға шыдауы қажет.
Марқұм бір жолдасымыз бар еді. Алғаш рет дін жо-
лында көмек беру туралы айтылғанда, сол күннің ақ-
шасымен аз ғана көмек жасады. Бір қызметкердің ай-
лығындай мөлшерде көмек берді. Бірақ ол осы жағдай
сол күндері өзі үшін қаншалықты оңай тимегенін былай
түсіндірген болатын: «Тура бір жүрегімді жұлып берген-
дей болдым». Дегенмен сол кісі кейіннен беруге әбден
үйреніп, түрлі сынақтармен ысылғаны сондай – қызмет-
ке тәуелді болып, сол өреге биіктегеннен кейін қолына
түскеннің бәрін Алла жолына қиналмай беретін болды.
Тіпті жанын сұраса, оны да қуана беруге дайын еді.
Тура осы кісі секілді өзін қызметке арнаған қанша-
ма кісілерді таныдым, олардың арасында болуды өзіме
үлкен бақыт санадым. Бұл кісілер өздерін көмек беру-
ге шақырмаған кездері реніш білдіретін. «Бізді неге
ұмыттыңдар? Біз де бергіміз келеді» дейтін. Кейбір
кәсіпкерлер «Әлемнің барлық жағына шәкірттер һиж-
рет жасауда, мұғалімдер һижрет жасауда, біз де һиж-
рет жасайық» деп, чемодандарын жинап сапарға шы-
ғатын. Демек, Алла жолында адамзатқа қызмет ету
ойы оларда бір жағы тәуелділікке айналған болатын.
Оларды үнемі бір талпынысқа итермелейтін. Егер адам
қызметке осыншалықты байланған болса, әр мүмкін-
дігін қызмет ету бағытында бағалағысы келеді. Әлем-
120 Сынық құмыра 4
нің түкпір-түкпіріне ашылуды және барлық жерде бір
шырақ тұтатып, сәуле түсіруді қалайды. Бұны істемесе,
өмір сүруді өзі үшін ерсі деп санайды. Кейбір нәрсе-
лерге байланып, тәуелді болған кісілерді бірден содан
алыстатқанда, қатты қиналып, күйзеліске түседі, тіпті
кейде өліп те кетуі мүмкін, сол сияқты қызметке тәуел-
ді болып қалғандарды да бұл істен алыстатсаңыз, олар
естен танады деп ойлаймын.
Әр дәуірде қажетсінген нәрсеміз осындай түсінікті
ахлаққа айналдыру. Өзіміз жүрген шеңберде түрлі-түр-
лі деңгейлерде бұның өмірде орын алып жатқаны да
аян. Иншалла, бір күні осы түсінік кең шеңберде қа-
былданады. Бұндай түсінікке тәуелділік танытқан жан-
дар Алланың қолдауымен әлемнің әр түкпірінен бой
көрсетіп, осы сана-сезім мен ой-түсініктің тарауына
ықпал ететін болады. Адамзатқа тағы бір рет бақыт пен
бейбітшіліктің жолын көрсетіп, адамша өмір сүрудің
әдебін үйрететін болады.
Осындай нәтиже ала алу үшін адамдарды қызметке
тәуелді болатындай деңгейге жеткізу маңызды болумен
қатар, қызметке өзін тәуелді сезінетін жандардың қабі-
лет-қарымын тиісінше іске жарату да соншалықты ма-
ңызды. Баршаның өзінен күткен істі атқара алуы және
рентабельді түрде шапқылауы және талаптарының нә-
тиже беруі үшін қажетті орталардың дайындалуы өте
маңызды. Ешкімнің алдын кесіп өтпеу, ешкімге көлең-
ке түсірмеу аса маңызды. Жұмыс бөлісін жақсы жолға
қойып, кімнің қай жерде шапқылауы керектігін жіті
нақтылаған жөн. Бұларды міндетті түрде кеңесумен
жүргізіп, ұжымдық ақылмен әрекет ету керек.
Иә, әркімнің алдын ашып, адамдардың жауапкерші-
лік алуына жағдай жасап, атқарған қызметтеріне құр-
метпен қарап, бағалау қажет. Үлкендердің тәжірибесі
мен жиған-тергенін, ал жастардың динамикасы мен
күш-қуатын кәдеге жаратқан дұрыс. Пайғамбарымыз-
Сұрақ-жауаптар 121
дың (с.а.с.) мүбәрак сөздерінде айтылғандай, мәдени
және білім деңгейлері қандай болмасын, үлкендерге
барынша құрмет көрсетіп, жасы кішілерге болса сү-
йіспеншілік, махаббатпен құшақ жаю керек63. Әйтпе-
се, жастар өмірін қызметке арнаған қызмет ерлеріне
қажетті құрмет көрсетпей, жасы егделер де жастарға
«Сендер күні кешегі жас баласыңдар» деп оларды ба-
ласынса, бұл жол тұйыққа тіреледі.
Егер бір жерде осындай тұйықталу бар болса, қызмет-
терді жаңадан жандандыру үшін қайта бір қарау қажет.
Араластықты қайта шолып өтіп, пікірталас пен кеңесуді
қайтадан жандандыру қажет. Міндетті түрде әркімнің
қабілетіне қарай белгілі бір салаларда жұмыс жасауына
жәрдем беріп, оның тірі, сергек қалуына жағдай жасаған
жөн. Егер адамдар жұмыс істемесе, біршама уақыттан
кейін тот басып, босаңсулар орын алады, бұлшық етте-
рі мен жүйке жүйесі әлсірейді. Соңғы бір тұсты да еске
салғым келеді. Бәрімізге мәлім, Бәдиуззаман мүбәрак
қызмет адамдарымен шайтанның көп шұғылданатынын
айтады. Себебі шайтанның дұшпандығы әркімнің деңге-
йіне қарай жүреді. Алланың дініне қамқорлық танытып,
дін ұстануда үлгілі болып жүрген адамдар оның басты
дұшпандары. Сондықтан кім дін ісін дұрыстауды қолға
алған болса, қызметке өзін шын көңілден арнап, осы
іске өзін тәуелді сезінсе, шайтан оны көп айналдырады.
Үнемі оның басына түрлі ой салып, тұнығын лайлап,
күнәларға итермелейтін болады. Онсыз да шарапхана-
лардан бас жазып жүрген пенделерді шайтан неғылсын,
оларға бекерге күшін жұмсап неғылсын?! Ол кәсіби
арандатушы. Осы себепті қызметке өзін тәуелді сезіне-
тіндердің үнемі шайтаннан Аллаға сиынуы, шайтанның
жамандықтарынан сақтанып өздерін сергек ұстай білуі
өте маңызды.

63
Тирмизи, Бирр 15; Әбу Дәуіт, Әдеп, 58.
122 Сынық құмыра 4
БИІК МАҚСАТ ЖОЛЫНДАҒЫ
ҚИЫНДЫҚТАР

Тарих беттеріне үңілсек, пайда болған уақытында


биік мақсаттардың қадірін көпшіліктің тиісінше
дұрыс ұғынбағанын, олардың өкілдерін де жеткілік-
ті түрде түсінбегенін көреміз. Мұның себебі неде?

Бұл мәселеде көпке топырақ шашуға болмайды. Десек


те биік мақсат жолындағылардың басым көпшілігінің тағ-
дыры осындай. Олар өздері өмір сүрген уақыттарда таны-
ла қоймаған. Тіпті олармен бір ортада өмір сүріп, бір дас-
тарханнан дәм бұйырса да, жақын бола тұра алыс болып,
дәл жанындағы кісіні тани алмау кеселіне ұшыраған.
Өкінішке қарай, көпшілігі бұл дерттен құтыла алма-
ған. Пайғамбарлардың не соларға ерген адал жандардың
ғұмырына үңілер болсаңыз, бұның көп мысалдарын көре
аласыз. Әлбетте, барлығы бір деңгейде емес. Кейбірінде
салыстырмалы түрде анағұрлым аз кездессе, енді біреуле-
рі өз қоғамынан шеттетіліп, жалғыздықты бастан кешкен.
Айталық, пайғамбарлық тізбегінің соңғы түйіні, Адам-
зат мақтанышының (с.а.с.) өміріне қарайтын болсақ, өте-
мөте пайғамбарлық міндет басталған жылдары оның қан-
шалықты жалғыздыққа итермеленгенін көресіз. Меккелік
мүшріктердің көп жылдар бойы оған «Әбу Тәлібтің жеті-
мегі» деп қарауы немесе оны «бір көшеде өскен бала не
жас жігіт» деп қабылдауы ақиқатты көрулеріне кедергі
келтірген. Жақыннан қарай тұра дұрыс көре алмаған.
Құрдастар арасындағы бәсеке
Енді бір жағынан, хадис ғалымдары да назар аударған-
дай, бір ғасырда өмір сүргендердің арасында да бәсеке-
Сұрақ-жауаптар 123
лестік (жарысу, қызғаныш) болады. Өз құралпыласының
артықшылығын мойындау үшін адам өте бір кемелдікке
жетуі тиіс. Ерте уақытта ғұлама немесе машайых арасын-
да орын алған мынадай практика туралы айтылады:
Ұстаз біршама кітаптардан дәріс беріп, шәкіртін
белгілі бір дәрежеге жеткізгеннен кейін тәлім-тәрбие
мақсатында оған: «Балам, менен алатын білімің осымен
тамам. Енді пәлен жердегі ғалымға бар. Соның дәрісте-
ріне барып қатыс», – дейді екен. Іштейгі бәсекелестік
пен бақталастық сезімін жеңуде бұндай ұстаным өте
маңызды. Әрі бұл ғалымдар арасында ахлақ пен әдеп-
тің қалыптасуына да түрткі болмақ.
Жүрек пен рухтың өмірлік сатыларымен биіктеу
орындары іспетті текке мен зауияларда осындай тәжі-
рибелер кездескен. Айталық, осы жолға түскен бір хақ
жолаушысы бір шейхтың бақылауымен «сәйр илаллаһ»
мақамына жетті делік. Егер шейх мүридін «сәйр фил-
лаһ», «сәйр мааллаһ» немесе «сәйр аниллаһ» мақамда-
рына жеткізе алмаса, оған осы өрені көрсете алмаса,
осы жолда қажетті қабілеттерді дарыта алмаса, онда
еш қиналмастан былай дейтін: «Балам, бұдан кейінгі
білімді енді мен бере алмаймын. Пәлен деген жерде
кәміл бір мүршид бар. Соның чілеханасына бар, дәріс-
терін алуға алдында тізе бүк».
Осындай турашыл әрекеттер жоғарыда аталған жөн-
сіз түсініктердің алдын алады.
Өз ғасырында танылмаған алыптар
Адамдардың әсіресе өзге топтағы және кәсіптегілер-
ге турашыл, әділетті мінезбен қарауы қиынырақ. Бұн-
дай кісілер арасында қызғаныш сезімі көбірек байқалуы
мүмкін, өзінен жоғары тұрған кісілердің жанында маза-
сы қашуы кәдік. Тарихта бұндай оқиғалар жиі кездескен.
Мәселен, Имам Ғазали өз ғасырында өз деңгейінде
көпке танылмаған деуге болады. Тіпті кейбір кісілер
124 Сынық құмыра 4
оған бидғатшы деп қараған. Замандастарының көбі сы-
нап-мінеген.
Өткенге көз салып қарар болсақ, біз Имам Раббани-
ды «Мужәддиду әлфи сани»64 деп атаймыз. Біз солай
дегенмен сол уақыттарда ол кісі де жеткілікті таныл-
маған. Тіпті темір торға тоғытылып, түрлі азаптауға
душар болған. Шах Уәлиуллаһ әд-Дихләуи, Мәуләнә
Халид әл-Бағдади және небір айтулы тұлғалардың өзі
өмір сүрген уақытта қадірі білінді деп айтуға келмей-
ді. Доктор Мұхаммед Иқбалдың «Әсрары Ходи», «Ру-
муз-ы би-Ходи», «Пейам-ы Мәшриқ», «Жауиднамә»
сынды еңбектерін оқыған сайын еріксіз былай дейміз:
«Әттең, бұл терең ойлар өз заманында тыңдалғанда
ғой. Бұлар Үндістан үшін маңызды үн болып, өзгеше
дүниелерге серпін берер еді». Өкінішке қарай, қандай
қоғам болмасын өз араларынан шыққан пайғамбарлар-
ға да, өзге де айтулы тұлғалар мен пікірлерге жеткілікті
опалы әрі ынсапты қарай алмауда.
Қазіргі күнге келер болсақ, Бәдиуззаманды да өз
ғасырындағыларға жақсы танығанын айта алмаймыз.
Белгілі ғұламалардың нешеуі оған жақтасты дейсіз?
Иләһият қауымдастығынан оны қорғайтын 4-5 адам да
шықпаған. Егер сол кездегі ғұламаларды оқытқан Да-
рул-фунун немесе Мәдрасатул-уағизин сынды білім
ордаларын тамамдағандар ол кісіге қамқорлық таныта
білгенде, жасаған қызметтерінің ықпалы анағұрлым
кең болар еді. Өйткені ондай кісілер қоғамдық ойдың
лидері ретінде саналады. Жұрт олардың аузына қарап,
сөздеріне құрмет көрсетеді. Егер олар Бәдиуззаманның
жауһар қазынасына халық назарын бұра алғанда, үлкен
өзгерістерге жол ашар еді. Кейін келген ұрпақтың сол
еңбектерді негізге алып жасаған істерінің сауабы олар-
дың да амал дәптеріне жазылар еді.
64
Екінші мыңжылдық мужаддиді. – ауд.
Сұрақ-жауаптар 125
Бұны айту кезінде бейнебір хауари65 іспетті ол кісіге
барынша қамқорлық танытқан, түрмелерге жаннаттың
бір бақшасы ретінде қараған жандарды да ұмытпау керек.
Олар расында орнын толтыру мүмкін емес жандар.
Алайда сандары көп болмаған. Бір уыстай ғана.
Әзірет Мәсіһті де өз заманында жеткілікті деңгейде
жұрт құшақ жая қарсы алды деу қиын. Ондай қадірі жо-
ғары кісінің үйіне (құдай өзі кешірсін) тура бір қарақ-
шының үйіне шабуыл жасағандай баса-көктеп кірген-
де, қалың нөпірдің алдына шығып: «Тоқтаңдар, бұдан
арыға жол жоқ!» деп оларға жол бермеуге тырысқан он
шақты мәрт кісі шықпаған. Тек ол кісі араларынан кет-
кеннен кейін ғана қадірін біліп, көпшілік болып соңы-
нан жүгірген. Оның дінін мемлекет ресми дін ретінде
мойындауына бірнеше ғасыр өтуі керек болды. Деген-
мен кейіннен ол жеткізген ақиқат хабардың өңі өзгеріп,
ішінен кейбір мәліметтер алынып, римдік пұтқа табы-
нушыларға тән жат дүниелер енгізілген.
Қиялымен тарих парақтарын ақтарған жан бұндай
опасыздықтарды көргенде мынадай сұрақтар қоюы мүм-
кін: «Пәлен айтулы тұлға неліктен өз деңгейінде таныла
алмады?» немесе «Пәлен тұлғаның айналасына жина-
лып, алғашқы сапты құрағандар неге өз міндеттерін ла-
йықты түрде орындамады?» Бұндай тарихи жауапкерші-
лікті арқалау әркімдерге нәсіп болмаған.
Ақылмен және логикамен байлану
Осы тұста маңызды мәселеге тоқталып өтуде пайда
бар. Кейбір айтулы тұлғаларды мыңдаған, тіпті мил-
лиондаған кісілер жақсы көрген. Әлбетте, бұған елеусіз
деп қарай алмаймыз. Сүйіспеншілік танытып, сезім-
мен байланудың да қадірі бар. Дегенмен бұл байлану-
ды тек сезімдік қалпымен шектемей, ақыл мен логика
65
Хауари – апостол, сахаба мағынасында, – ауд.
126 Сынық құмыра 4
тұрғысынан байланатын деңгейге жеткізу керек. Басқа-
ша айтқанда, сезіммен болған байланысты логикалық
байланысқа ұластырып, мәнін толықтыру қажет. Сонда
ғана арадағы сүйіспеншілік ұзаққа жалғасады.
Мәселені тағы бір мысалмен айшықтауға тырысайық.
Мысалы, біз Алла Тағаланы жақсы көру керек екенін ай-
тамыз, түрлі жолдармен осы сүйіспеншілікті түсіндіруге
тырысамыз. Бірақ бұл жерде маңыздысы Алла Тағаланы
көркем есімдерімен, субхани сипаттарымен және бұлар-
дың болмыс әлеміндегі көрініс, белгілерімен біліп, та-
нуда. Бәдиуззаман, Имам Раббани және Мухиддин ибн
Араби сынды ірі тұлғалар өз өресі әрі сезімталдығы тұр-
ғысынан осыны жасауға тырысқан. Өйткені бастапқы
деңгейдегі мәліметтерге сүйенген қатынас пен сүйіспен-
шілік кейіннен өресі кеңейе бастаған уақыттарда жеткі-
ліксіз болуы ықтимал. Сондықтан бұл мәселенің мәнін
молайту маңызды. Міне, осы жағдайда сезіммен болған
байланыс логика және зерделеу тұрғысынан күшейтіле
түседі. Бұндай жан кімді не үшін жақсы көретінін жақсы
біледі. «Пәлен кісіні мына себепті жақсы көремін» деп
айта алады. Сүйіспеншілікті қажет ететін себептер тура-
сында терең ойға барып, күн өткен сайын сүйіспенші-
лігін одан да нығайтып, күшейтіп, барлық жерде ашық
айта алатын болады.
Осы жағдайды Пайғамбарымызға (с.а.с.) қатысты да
еске алуға болады. Өзі өмір сүрген заманда алдыңғы
қатарлы сахабалар оның жеткізген ақиқатын өз дәреже-
сінде түсініп және соның жолында өмірлерін арнап, кез
болған қиындықтарға кеудесін тосқан. Олар аяғын нық
басқандықтан, сана-сезімі тым тереңге тамыр тартқан-
дықтан, ірі оқиғалармен бетпе-бет келгенде де ешқан-
дай теңселмеген. Алайда онымен болған байланысын
тек сезім деңгейінен асырмай, шын мәнінде оның үн-
деуін толық түсінбеген кісілер діннен шығу (иртидат)
оқиғаларында омақаса құлаған.
Сұрақ-жауаптар 127
Міне, маңыздысы ірі тұлғаларға байлануды осындай
байыптылыққа негіздеу қажеттігі. Кері жағдайда тек
сезімнің жетегінде болудың түбі бос әрі ол ұзаққа бар-
майды. Аталған тұлғалар пікірлерімен, еңбектерімен
және биік өресімен таныла алса, олардың ізінен еру
де ұзаққа жалғасады. Бұл байланудың ақыл, қисынмен
құптала жүруі сүйіспеншілікті азайтпайды, қайта арт-
тырады.
Байқалғандай, пайғамбарлар, мейлі олардан кейінгі
айтулы тұлғаларды жақсы көргендердің барлығын тең
дәрежеде бағалай алмаймыз. Бұлардың кейбірі мәсе-
лені тек анаушыл, мынаушылға байлауы мүмкін, бір
топқа тән болу түсінігімен әрекет етуі мүмкін. Тобыр
психологиясымен әрекет жасап, бір тұлғаның жанында
болуды әлемнің бағыт алған бағытымен жүру деп ұғы-
нуы мүмкін. Дегенмен кейбіреулер бар, ол тұлғаның ең-
бектерін өте жіті оқиды, зерделейді. Пікірлеріне терең
логикамен салмақтап, көз жүгіртеді. Айтқандары мен
істегендерін терең жүрек, кең ұжданмен ден қойып, бо-
йына сіңіреді. Бұлардың барлығы оларға сенім артуы
мен байланысына өзінше күш қосып, серпін береді.
Шайтанның айласы
Бұл мәселенің пайғамбарлардан бастап, үлкен тұл-
ғаларға қараған қыры да бар. Олардың ешбірі істеген
амалдарына байланысты ешкімнен еш нәрсе күтпеген,
сұрамаған. Атымыз шықпады деп ешкімге өкпелеме-
ген. Әрі ондай мақсатты да мұрат етпеген. Бар болғаны
одан гөрі өз міндеттеріне көбірек назар аударған. Олар-
дың осы қасиеті біздерге өнеге. Жазған еңбектері, ой-
лары, қылған қарекеттері өз дәуірінде және өзінен ке-
йінгі ғасырларда қоғамға белгілі бір дәрежеде әсер ет-
кенмен, есімдері өз деңгейінде көпке танылмағанмен,
ол тұлғалар бұған қарамастан еш нәрсе болмағандай
алған бағыттарынан айнымаған болса, онда біз сияқты
128 Сынық құмыра 4
қарапайым адамдардың атының шықпауы, көпке та-
нылмауы қалыпты жағдай әрі оған реніш артуға тіптен
тұрмайды. Өкпе-ренішке берілмей, одан да еш кідір-
местен қызметімізді жасауымыз керек.
Алла жолында жасалған қадамдардың ешбіріне
жеңіл қарауға болмайды. Тамшыдай ұсақ істер уақыт
өте келе үлкен дарияға айналуы бек мүмкін. Бүгінде
Алла мен Елшісін әлемнің түпкір-түкпіріне таныту жо-
лында өздерінің өмірін арнаған асыл жандардың ерлік-
тері үлкен құрметке лайық. Ақылы сау, ұжданды және
ынсаппен мәселеге қарай алғандар да жасалған істерге
сүйсіне қарап, бағалап, тіпті біршамасы олар көтерген
жүктің бір жағына шығуды қалауда. Иман мен Құран
қызметі ауыр бір қазынаны алып жүруге ұқсағандық-
тан, сол қазынаны көтеруге қанша кісі қол созған болса,
біздің ол кісілерге айтарымыз алғыс пен оларға борыш-
тылығымыз.
Өкінішке қарай, тәкаппарлық, қыңырлық, жалған
наным сынды рухани кеселдер бойын меңдеген кейбір
жандар бастау алған игі істердің жолына кесе-көлде-
нең тұрып, кедергі жасайтыны да бар. Тіпті кейбір тілі
сала-құлаштар игі істерді бұрмалап, қоғамға теріс етіп
көрсетуге әрекеттенетіні де жасырын емес. Бұлардан
бөлек, жөнді танымағандықтан, қырын қарайтындар да
болады. Өйткені адам – білмегеніңнің жауы.
Орын алған осындай оқиғаларды көрмегенсу немесе
көңілге алмау, уайым етпеу мүмкін емес. Осы тұста шай-
танның бізді азғыруына да жол бермеу керек. Кейде шай-
тан оң жақтан келіп, біздің қадіріміз білінбей жатқандай
азғыруы мүмкін, қарсы алдымыздағы көпшілікті назары-
мызға басқаша көрсетуі мүмкін. Осы себепті біз жасалған
қызметтер үшін өз адамдарымыздан толық бағалау көр-
мей, соған ренжіп, басқаша ойларға баруымыз мүмкін:
«Бұлар неге төрткүл дүниеде жүзеге асып жатқан істерді
көрмейді?!» – деп, әріптестерімізді опасыз, селқос, сезім-
Сұрақ-жауаптар 129
сіз деп кінәлап, ренжіп, көңіл суытуымыз ықтимал.
Көбіне еріктен тыс ой, қиялымызға келген осындай
ойларды дереу тежеп: «Әбу Ханифа, Ахмад ибн Хан-
бал, Имам Ғазали, Имам Раббанилердің қадір-қасиеті
білінбеген кезде, біз кімбіз?» деуіміз керек. Жұрттың
бізден теріс айналуын, бізге қарсылық танытуын өз
қателігіміз, кемшілігіміз, күнәларымыздан деп біле бі-
луіміз қажет. Тіпті өзімізге жайсыз тиген осындай қа-
рым-қатынастарға лайық болғаннан душар болдық деп,
өзімізді жауапқа тартуымыз ләзім.
Немесе былай деп айтуымыз керек: «Бәлкім, біз сен-
ген құндылықтарды және алған бағытымызды оларға
дұрыс тәсілмен жеткізе алмадық немесе біздің деңгейі-
міз бұларды түсіндіруге жетпеді. Оларға жоғары деңгей-
де жеткізу керек еді». Біз Алла Тағаланың әмір еткен-
дерін еш өзгертпестен, тұнығын лайламастан өзгелерге
дәлме-дәл жеткізетін пайғамбар емеспіз ғой. Түсіну ең
оңай әрі анық дүниенің өзін түсіндіру біздің пенде тілі-
мізге түскен кезде түр-түсі ауысып, басқа кейіпте жетуі
де ықтимал. Осы себепті сәтсіздік пен нәтижесіздікті бі-
реуге жабуға кісі іздемей, одан да сондай жайттың орын
алуындағы өз рөлімізді табуға тырысуымыз керек.
Қысқаша айтқанда, біз тап болған қиындықтарға
қайткенде де бір шешім тауып, жан-сарайымызды лас-
тауына мүмкіндік бермеген жөн. Шайтанның және нәп-
сіміздің ақыл-санамызды улайтын ойларынан сақтанып,
бізді тура жолдан тайдыруына жол бермеуіміз қажет.
Санамызды ластайтын осындай ойлардың миымызда
тұрақтап қалып, өзгелерге реніш, өкпе тудырмауына
көңіл бөлуіміз керек. Ондай ойлардан тез арыла біл-
ген жөн. Біз қылған қызметтермізді баз біреулер көрсін
немесе естісін, бағаласын деген ниетпен жасап жүрген
жоқпыз. Біз тек Алла разылығы үшін жасаудамыз әрі
жасауымыз керек. Егер Ол разы болса, басқалары білсе
де, білмесе де маңызды емес!
130 Сынық құмыра 4
Біздің міндетіміз осынау уақытша өмірде қолымыз-
дан келген қызметті атқару, мойнымызға жүктелген
жауапкершіліктерді лайықты түрде орындау. Ал бұл
жасаған қызметіміздің қарымын тек Алладан күтеміз.
Қадір-қасиетіміздің болып-болмауы маңызды емес. Біз
ісімізді Құран мен Сүннет жолына сай істегендіктен
бүкіл әлем қарсы тұрса да, сый-сияпатымызды Алла
өзі береді. Егер жасаған қызметтеріміздің нәтижесінде
жұрттың ықыласына бөленіп жатсақ, онда мұны да Ал-
ладан келген нығмет, сый ретінде қабылдап, Рақымды
иемізге мақтау мен мадақ жаудырамыз.

Сұрақ-жауаптар 131
ҺИЖРЕТ

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Меккеде қайтыс болған


Сағд ибн Хауланың жағдайына қамығып «Аллам,
сахабаларымның һижретін тамамда, оларды кері
қарай қайтарма» деп дұға етуі қазіргі күнгі ақиқат
жаршылары үшін айтар ойы қандай?

Һижрет деген кезде алғаш ойға оралатыны – Алла


елшісі (с.а.с.) мен сахабаларының Меккеден Мәдина-
ға һижреті. Пайғамбарымыздан кейінгі уақыттарда
анағұрлым қиынырақ, анағұрлым ауыр, анағұрлым ау-
қымды һижреттер орын алуы мүмкін. Бірақ бұлардың
ешбірі артықшылығы мен кемелдігі тұрғысынан Алла
елшісінің һижретіне жетпейді. Осы тұрғыдан онымен
салыстырғанда кейінгі деңгейдегі һижреттер болып са-
налады. Өйткені һижреттің қадірі мен бағасы мұһажир-
лердің қадірі әрі һижрет мекенінде атқарылған міндет-
терге тіке қатысты.
Белгілі болғанындай, «бақытты ғасырдағы» һижрет
ерлерін бастап тұрған Ұлы Мұһажир (с.а.с.) өзі еді.
Олардың һижретімен бірге Мәдина қаласы мәдениеттің
орталығына айналды. Аз уақыттың ішінде Мәдинада
саяси бірлік қалыптасып, кейіннен өз өлшемі мен құн-
дылықтары аясында ғаламмен есептескен. Бұл есеп-
тесуді қазіргі жөн-жоба білмейтін, жауыздық пен кек
тола есептесулермен шатастырмау қажет. Керісінше,
бұл есептесу адами ережелерге бағына отырып жүзеге
асқан. Мәдина төрткүл дүниенің төрт тарабына тараған
Ислам үндеуінің орталығына айналды. Кішкене шең-
берлер күйінде басталған қарекет уақыт өте келе әлем-
нің шартарабына жайылды.
132 Сынық құмыра 4
Сұрақта қозғалған жайт Қоштасу қажылығы кезінде
орын алған. Алла елшісі (с.а.с.) ауыр науқасқа ұшыра-
ған Сағд ибн Әбу Уаққасты зиярат етіп барады. Әзірет
Сағдтың Меккеде қайтыс болатынын ойлағандықтан
қамыққан еді. Себебі ол жерді Алла үшін тастап кетіп,
Мәдинаға һижрет жасаған болатын. Осы себепті Алла
елшісіне былай деді: «(Сіз Мәдинаға қайтып) мен дос-
тарымнан кейін қаламын ба?» Пайғамбарымыз болса
алғашында Меккеде қалса да ізгі істер жасаған жағдай-
да сонымен дәрежесі биіктейтінін, мәртебесі өсетінін
айтады. Артынша оның ұзақ өмір сүретінін, әлі көп
пайда тигізетінін сүйіншілейді.
Алла елшісі (с.а.с.) кейіннен «Аллам, сахабаларым-
ның һижретін тамамда, оларды кері қайтарма» деп дұға
етеді. Сол кезде сырқаттанған басқа Сағдтың, Сағд ибн
Хауланың (Жаратушының білдіруімен) Меккеде өле-
тінін білгендіктен қамыққанын айтады. Солай болып,
Сағд ибн Хаула қайтадан Мәдинаға қайтпастан Мекке-
де өмірден озады. Сағд ибн Әбу Уаққас болса, Нәби-
дің сүйіншілегеніндей, сол сырқатынан кейін ұзақ жыл
өмір сүріп, Исламның кеңеюіне атсалысып, һижри 55
жылы Мәдинада өмірден өткен.
Ардақты сахабалар Меккеде өлген жағдайда һиж-
реттері толықпай қала ма деп қорыққандықтан, өздері
тәрк еткен елді мекенге қайта қайтпауға бекініп, солай
ғұмыр кешкен. Тіпті бұны да былай қойғанда, көптеген
сахаба һижрет еткен Мәдина қаласында да қалмай, өзге
аймақтарға жаңа һижреттер жүзеге асырғанын да біле-
міз. Бұлар алғаш қасиетті һижрет аумақтарын, Исламды
жаю, Алла жолында күресу үшін тәрк етіп, басқа жер-
лерге көшкен, сол жақта өмірмен қош айтысқан.
Һижрет сауабы
Жоғарыдағы хадистен шығара отырып, әуелі мына-
ны айтуға болады: Иғла кәлиматулла (Алланың атын
Сұрақ-жауаптар 133
асқақтату) үшін, пайғамбарды танытып, өнегесін кең
дәріптеу үшін жасаған һижрет өте маңызды. Сахаба-
лар дәуірінде мұсылмандарға һижрет ету парыз болған.
Һижрет тура бір иманның талабы ретінде қабылданған.
Кейінгі дәуірлерде һижрет парыз айн (жекеге парыз)
болудан шығып, парыз кифая (жалпыға парыз) ретінде
парыздығын сақтап қалған. Себебі әр уақыт үшін әлем-
нің түрлі аймағында Ислам дінін жеткізу әрі үлгі болу
тұрғысынан ең жоқ дегенде бір топтың туған елін артқа
тастап, һижрет етуі қажет болуы мүмкін. Егер бүгінге
дейін мұсылмандар дұрыстап, кең көлемді түрде әлем-
нің түкпір-түкпіріне һижреттер ұйымдастырғанда, көп-
теген адамның мәдениетімізбен танысуына себеп болар
еді. Осы себепті әсіресе пайғамбар жолының жолаушы-
лары әр уақытта һижретке ашық тұруы қажет. Біз ешкім
жайында жаман ойға бара алмаймыз. «Пәлен кісі неге
һижрет жасамайды?» дей алмаймыз. Дегенмен Құран
мен Сүннеттің тақырыпқа қатысты ұстанымы белгілі.
Біздің пайымымызша, әлемнің әр жағы тұқым егуге
ыңғайлы жер секілді. Осы себепті барынша қолдағы
тұқымдарды шаша алатын ыңғайлы жерлер іздеуіміз
керек. Үнемі көңіл бөлетін мәселелерге биік қарап,
жатсақ-тұрсақ «Біз тұқым шашпаған орын қалды ма
екен?» деген ойда болуымыз қажет. Пайғамбарымыз-
дың (с.а.с.) «Менің атым Күн туып батқан барлық
жерге жетеді»66 деген сүйінші хабарын жүзеге асыру
үшін мұздықтарға да тұқым шашуымыз қажет. Ол жер-
лерде бәлкім адам әлде пингвиндер мен форельдердің
қажетіне жарар. Біз сепкен тұқымдар біздің кезімізде
жан алып, бүршік жармас, жасағандарымыздың нәти-
жесін көре алмаспыз. Бұл өте маңызды емес. Маңызды-
сы, біздің өз міндетімізді орындауымыз.
Бір аятта былай делінеді: «Иман келтіргендер,
66
Муслим, Фитән, 19; Тирмизи, Фитән, 14: Әбу Дәуіт, Фитән 1.
134 Сынық құмыра 4
(керек кезде) Алла жолында һижрет еткендер және
(бүлікшілерге қарсы) жан-тәнімен күрескендер, міне,
солар Алланың мейірімінен үміт ете алады. Алла –
Ғафур (өте кешірімді), Рахим (ерекше мейірімді)»67.
Бұл жерде һижрет ету, Алла жолында күресудің алдында
аталған. Сондықтан мейлі туған елде, мейлі шет елдерде
бір жерде жасалсын, Алла жолында жүзеге асырылған
һижреттің Алла назарында қадірі жоғары.
Һижрет адамды қызмет етуге құлшындырады. Адам-
ды қамшылайтын жағы бар. Мұһажир үнемі өз-өзіне
«Мен бұл жерге бекерге келмедім. Бір аңсар арманым
бар. Соны жүзеге асыру үшін осында келдім» деп,
жасауы қажетті істерге назар аударады. Егер мұғалім
ретінде келген болса, міндетін ең жақсы түрде атқару-
ға тырысады. Кәсіпкер ретінде келсе, өзінен күтілген
қызметтерді орындауға талпынады. Қысқаша айтқан-
да, һижрет түсінігі оның өмірін тұтастай қамтиды әрі
қадағалауда ұстайды. Мұһажир ретінде не істеу қажет
болса, соны істеуіне құлшындырады.
Бір адамның туған елін, жерін, ата-анасын тастап,
бәрін көзі қиып, жат жерге һижрет жасауы еш оңай
емес. Алайда ұмытпау керек, нәпсіге ауыр тиген амал-
дардың сауабы да қиындығы мөлшерінде мол болады.
Қысқа уақытқа туристік мақсатта шетелдерге бару нәп-
сіге ұнамды. Алайда иғла кәлиматулла ойымен, қайта
қайтпау үшін һижрет жасау өте қиын. Адамның ішкі
сүйіспеншілігі мен тәуелділіктеріне қарамастан, сағы-
нышын жүрегіне жасырып, отбасын, отанын, өзіне үй-
реншікті жерлерді тәрк ете алуы үлкен жанкештілікті
қажет етеді. Міне, іштей қаламай тұра осындай жан-
кештілікке бара алған жанның ақыреттің табысы өте
өзгеше болары анық.

67
«Бақара» сүресі, 2/218.
Сұрақ-жауаптар 135
Һижрет етіп барған елді
тастап кетуге бола ма?
Һижретте негізгісі кері қайтпау ниетімен жолға
шығу. Түркиядағы мемлекеттік қызметкер түсінігімен
қарап барған жерден тез қайтуға тырысу, күн санау –
һижрет рухы мен мағынасына селкеу түсіреді. Үнемі
отанына, әулетіне қайту не лауазымын биіктету ойы-
мен өмір сүргендер барған жерлеріне жерсінбейді, мін-
деттерін тиісінше орындай алмайды. Себебі бұндай
ой-пайымдармен һижрет еткен жан һижрет етіп барған
жерін жақсы көре алмайды, қабылдай алмайды, сол се-
бепті сол жақта пайда да тигізбейді.
Одан бөлек, «Дереу осыны жауып, тезірек жаңа по-
зицияға өтсек» деген ойдағылар ниеттерін де ластаған
болады. Осы себепті һижрет еткен адам ең баста бұн-
дай түсініктерді ойдан шығарып, мәселені уақытқа,
жылдарға байламауы қажет.
Бұл осылай, дегенмен әрқашан сол кездегі жағдай-
лар мен жаңа қызмет орындарына қарай жағдайды
анықтауға болады. Барған жерде тұрақтап қалу неме-
се басқа жерге һижрет жасау шешімі де осыған қарай
берілуі тиіс. Айтқандай, Мәдинаға һижрет жасаған са-
хабадан да туындаған жағдайларға байланысты түрлі
аймақтарға барғандары кездескен. Олар одан да биік
мақсатты жүзеге асыру үшін басқа жерлерге һижрет
жасаған. Кейбірі Шамға барып орнығып, енді бірі Бағ-
датқа, басқасы басқа қалаға кеткен. Барған жерде мін-
деттерін атқарғаннан кейін бұл жолы басқа жерлерге
барып, жаңа һижрет мекендеріне бағыт түзеген.
Бір аймаққа һижрет етіп, сол жақта белгілі бір тә-
жірибе жинақтаған кісінің кейде осы тәжірибесін
басқа жерлерге апаруы да қажет. Сондықтан мұһажир
бір жағы барған жерде тұрақтап қалу ниетімен жолға
шығуы керек, екінші жағынан жаңа һижреттерге дайын
136 Сынық құмыра 4
тұруы тиіс. Мақсат Алланың разылығы болғандықтан,
өте тиімді қызмет ету ойы тұрғандықтан, һижрет етіп
барған жерден басқа жаққа өтудің сөкеттігі жоқ.
Тіпті біреулер оған «Сен осынша уақыттан бері осы
жерде тұрып келесің, көп жақсы қызметтер атқардың.
Алайда еліңе қайтсаң, ол жақта үлкен қызметтер жа-
сайсың. Сол үшін қайтқаның жөн» деуі мүмкін. Егер
сенімді кісілермен ақылдасқанда, олар өзін осылай ба-
ғыттаса, бұнымен һижреті шала болып қалмайды. Ал-
ланың қалауымен һижретінің сауабын толық иеленеді.
Пайғамбарымыз да Меккені азат еткеннен кейін кейбір
сахабаларды Меккеде қалдырған. Жаңа мұсылман бол-
ғандарды бағыттап, басқаратын біреулер болмаса, ол
жерде тәртіп қадағаланбас еді.
Иә, негізгі мәселе – ниетте. Бұхаридың алғашқы
хадис ретінде Сахихына алған пайғамбар сөзінде ай-
тылғандай, амалдар ниетке байланысты68. Осы себеп-
ті һижрет еткенде Алланы разы ету ниетімен жолға
шығып, іле иғла кәлиматулла, мужаһада (жиһад) және
жақсы үлгі болумен оны шыңға шығара білу өте маңыз-
ды. Адам барған жерде сол жерде орнығып қалу, сол
жердің халқына қызмет ету ниетімен барса да, кейіннен
туындаған жаңа жағдайларға қарай әрекет етуі мүмкін.
Өзі және қызметтегі жолдастары оның енді қай жерде
қызмет етуі көбірек пайдалы болатынын ойластыруы
мүмкін. Ол да тура ардақты сахабаларымыз секілді өзі
үшін қай жерде көбірек жақсы қызмет ету, өзіндегі құн-
дылықтарды мұқтаж жандарға жеткізу мүмкіндігі бар
болса, сол жаққа барады, һижретін екі еселейді.
Иә, ниет өте маңызды. Кейде һижрет етпей де һиж-
рет сауабын алуға болады. Мәселен, бір кісі өзіндегі бі-
лігі мен тәжірибесін басқа жақтарда бөлісу пайдалырақ

68
Бұхари, Бәдул-уахи 1, Иман 41, Итқ 6, Мәнақибул-ансар 45,
Әйман 23, Хиял l; Mүслим, Имарат 155.
Сұрақ-жауаптар 137
болады деп ойлап, шын көңілмен һижрет етуді қалай-
ды. Алайда бірге жұмыс істейтін кісілер оның орнын
толтыратын басқа кісі әлі табылмағандықтан, сол жер-
ден тапжылмауы дұрыс деп ойлап, оны сол жерден кет-
пеуге көндіреді. Бұл жағдайда бұл кісі иншалла ниеті-
нің сауабын алады. Неге десеңіз, қажеттілік туындаған
жағдайларда һижрет жасау маңызды болғаны секілді,
кетпей тұру керек жерлерде де сонда тұрақтап қалу ма-
ңызды. Кісі ниетімен һижретке ашық болған және оны
іштей қалап тұрғанынша, Алланың қалауымен, һижрет
еткендей сауап иеленеді.
Екінші жағынан ұзақ уақыт бір жерде болу, адам-
дардың бәсеңсіп, босаңсуына да себеп болуы мүмкін.
Сол жердегі белсенділігі төмендеп, тиімділігі азаюы
мүмкін. Тіпті босаңсуы себепті кейбір проблемаларға
да себеп болатыны бар. Міне, осындай жағдайларда
басқа жерге ауысу, еліне қайтуы немесе жаңа елдерге,
жаңа қызмет салаларына өтуі көбірек пайдалы болуы
мүмкін.
Егер осы мәселеде пікірі өтімді, қолында мүмкіндігі
бар жан болсам, адамдарды ұзақ уақыт бір жерде ұс-
тамас едім. Белгілі бір уақыттан кейін бәрінің орнын
ауыстырар едім. Бірқатар жүйелер жетілдіріп, талап-
тарын айқындап, адамдардың белсенділігін осы талап-
тармен бағалауға тырысар едім. Біреудің белсенділігі
төмендеп, реңі сола бастағанын байқасам болды, оны
көбірек пайдасын тигізер басқа іске бағыттар едім.
Баршаға қатысты болмаса да бір жерде ұзақ тұрған
кісілердің басым көпшілігі біршама уақыттан кейін бо-
саңсуы мүмкін. Ісіне деген ынтасы бәсеңдейді. Дүние
ләззатына берілуі мүмкін. Тіпті тат басып, иістене бас-
тауы да кәдік. Жұртпен етене жақын болып сеніміне
кірумен кей кездері қателік те жасап, сенімін жоғалтып
я болмаса айналасындағылар одан жалыққан болуы да
бек мүмкін. Осы себепті айтарлықтай белсенділік та-
138 Сынық құмыра 4
ныта алмайды. Міне, бір адамның өзінің ынтасын жа-
ңартып, қайта құлшынысын еселеуі, бір жерден жинақ-
таған тәжірибе, біліктілігін басқа жақтарға да барып
бөлісуі, жіберген қателіктерін қайталамауы үшін орын
ауыстыруы қызметте орны бар, құп көрілген жағдай.
Мені кешірсін, ешкім өзін барған жерінде басқалар
орнынан қозғай алмайтын, жатып алған жартастай се-
зінбесін. Әркім тұрған жерінде бір аманатшы секілді
тұруы қажет, жасалуы қажетті қызметтерге назарын
шоғырландыруы тиіс. Басқа бір жерде қызмет ету мүм-
кіндігі туса, тұрып сол жаққа барып, қызметтерін сол
жақта жалғастыруы тиіс. Қызмет адамы үшін зейнет-
керлік мәселе болмағандықтан, ол өмірінің соңына
дейін әр жерден бір жерге шапқылап жүруі тиіс, жи-
нақтаған тәжірибелерін кейінгі ұрпақтарға аманаттауы
керек.
Маңыздысы, адамдарға өз еркін мейлінше қолдана
алатындай етіп оларға қызмет ету мүмкіндіктерін беру
қажет. Әркімді өзінің қабілет-қарымына қарай тиімді
жұмыстарға бағыттап, барынша жігер салуын қамтама-
сыз еткен жөн. Иістеніп, реңі солуға қарсы ең жақсы
рецепт осы.

Сұрақ-жауаптар 139
ҚАЙТА ТІРІЛТУ ХАРЕКЕТІНІҢ
НЕГІЗГІ ДИНАМИКАЛАРЫ

Адами құндылықтарды дәріптеу мақсатында


қайта тірілту харекетінің негізгі динамикалары
қандай болуы қажет?

Қазіргі күні Аллаға иманнан бастап ата-анаға құр-


метке дейін барлық нәрсе күйреп, барлық құндылықтар
жермен-жексен етілген. Бастар мен жүректер де бұзыл-
ған. Өкінішке қарай, өзімізден алыстап, өз құндылықта-
рымызды жатсынатын хәлге жетіп, мүлдем басқа адам
болып, шынайы адамдығымызды жоғалтып алдық. Көп
жыл қирауға ұшыраған бұл қорғанның қабырғасы да,
ішкі эстетикасы да қалмаған.
Мұсылмандардың ғаламды дұрыс зерттей алмауы,
ғылымда артта қалуы, қисын мен зерделеуді жұмыс
істетпеуі, қысқаша айтқанда, шашыраңқы әрі бейшара
жағдайға ұшырауы, өзгелердің бізге мұрын шүйіріп қа-
рауына әкелді. Есіктегі құл секілді көрген адамдардың
үндеулеріне де мән беріп қарамады. Сондықтан мейлі
шынайы, мейлі қатыстылығымен де қазіргі күні бір
аралық кезең (фатрат) орын алғаны күмәнсіз.
Іштей орын алған осыншама дегенерациядан кейін
дұрыстау мен жөндеу оңай тимейді. Өткеннен сұрып-
талып жеткен құндылықтар жүйесі маңайында жаңа
әлем құра алу, әлемде тағы бір рет ақиқат пен әділет-
тіліктің, бейбітшілік пен бақытты өмірді құра білу өте
үлкен талпыныс пен әрекетке байланысты. Себебі бір
нәрсені қирату оңай болғанмен көбіне оны жөндеп, қа-
лыпқа келтіру соншалықты оңай емес.

140 Сынық құмыра 4


Бәдиуззаман «Мына болашақтағы өзгерістердің ішін-
де ең жоғарғы және зор үн Исламның үні болады» дейді.
Ол кісі бұндай сөзді кәшф пен мұшаһадаға сүйеніп айт-
қан болуы мүмкін не тарих философиясы мен әлеуметтік
оқиғалардың барысына қарап та айтқан болуы мүмкін.
Дегенмен бұның қашан жүзеге асатынына қатысты еш-
теңе айтпаған. Бір жағынан, бір ғасыр, екі ғасыр емес,
ғасырлардан бері қараусыз қалған қорған туралы сөз
етуде, екінші жағынан, рух пен мағына тамырларымыз-
ға сай келетін болашақты қалыптастыру туралы айтуда.
Иә, Алланың қолдауымен мұсылмандар жаңадан
әлемдік қауымдастықта тепе-теңдікті ұстаушы фактор
болуы мүмкін. Ақиқат пен әділеттіліктің және тура-
шылдықтың үні хәліне келуі мүмкін. Баршаға ортақ
адами құндылықтарды қайтадан тіктеп, негізгі құқық
пен еркіндіктерді қалыптастыруы мүмкін. Кампанелла-
ның «Күн мемлекетін» артта қалдыратындай бір әлем
құруы мүмкін. Бірақ мынаны ұмытпау қажет, мәселені
түп тамырымен қолға алмайынша, жасап тұрғызу қоз-
ғалысын түп негізден бастамайынша және бір уақытта
демократиялық бір үрдіске байланбайынша, оны та-
бысты жүзеге асыру мүмкін емес.
Демократия
Жасалуы қажет бір іс егер қажетінше жасалмай әрі
өлшеммен істелмесе, ол күткен мақсатқа сай болмай
кері нәтиже беруі мүмкін. Әсіресе түрлі ұлттардан,
түрлі сенімдерден, түрліше дүниетанымдық көзқарас-
тардан адамдар бірге бейбіт өмір сүрген елдерде баса-
тын қадамдарды анағұрлым мұқият басу қажет. Егер
бір елде сенетіні, сенбейтіні, оңшылы мен солшылы,
мұсылманы мен христианы, консервативі мен зайыр-
лысы бірге өмір сүрсе, баршаның сана-сезімімен сана-
су қажет. Түрлі діндерге, идеологияларға, дүниетаным-
дық көзқарастарға ие адамдардың бірге тату-тәтті, бей-
Сұрақ-жауаптар 141
бітшілікте өмір сүре алатын бір жүйе құру бағытында
қадам жасап, баршаның еркіндіктерін сақтау қажет.
Демократия мейлінше өзгеше сана-сезімге ие адамдар-
дың бірге бейбітшілікте өмір кеше алатын идеял бір жүйе.
Осы себепті бірқатар проблемалардың шешімі үшін де-
мократиялық ойды жетілдірумен іске бастау қажет.
Қандай да бір жүйенің сенетін-сенбейтін барша адам-
дардың талабы мен қажеттіліктеріне жауап бере ала-
тындай кеңдікте болуы өте маңызды. Адамдардың ма-
териалды-рухани, дүниелік-ақыреттік – барлық қажетті-
ліктеріне жауап бере алу тиіс. Олардың дүниелік қалау-
лары қандай болса, ақыреттік қажеттіліктерін де назарда
ұстауы тиіс. Сондықтан идеал бір демократия барлық
осы мәселелерді іштей қамтуы қажет деп сенеміз.
Өкінішке қарай, мұсылмандар бүгінге дейін демокра-
тия уәде еткен мүмкіндіктерді ұтымды пайдалана алмау-
да. Ойланатын бастар бұл нығметтің пайдасын көру мә-
селесінде қажетті жігер-талпынысты көрсете білуі тиіс.
Толқынның түбі
Егер мұсылмандар надандық, кедейлік, бөлінуші-
лік, парақорлық, арсыздық секілді кеселдермен күресу,
душар болған қысым, озбырлық пен қудалаудан ары-
лып, айтарлықтай түзелуді жүзеге асырғысы келсе, мін-
детті түрде мәселені түп тамырынан қолға алуы тиіс. Бар
болған барлық проблемаларды адамға құрмет сезімімен,
әділеттілік пайымымен, сүйіспеншілік пен толерантты-
лықты бойға сіңіріп өскен ұрпақтар шешуі мүмкін. Бұл
биік мұратты жүзеге асыра алатын үздік ұрпақ жетілдіре
алмаған жағдайда, оң қадамдар жасалуы өте қиын.
Түбегейлі жоспарланбаған, ұжымдық ақылмен жүр-
гізілмеген қозғалыстардың жетістікке жетпесі белгілі.
Егер негізгі проблема адамда жинақталса, бұл пробле-
ма тек жас ұрпақтарға ие болумен шешілсе, онда назар-
ды шоғырландыру қажетті жер осы.
142 Сынық құмыра 4
Тұрақтылық сол тұрақтылыққа байланған ұрпақтарға
байланысты. Дұрыс бағыт дұрыс бағыттағы адамдар ар-
қылы түзіледі. Тірілту тірілу ерлерінің қолымен жүзеге
асады. Тірілу тірілген ерлердің қолымен жүзеге асады.
Қара қылды қақ жаратындай әділеттілік түсінігін қалып-
тастыру өздерін ұлы мақсатқа байлап, өз ісіне берілген-
дердің бар болуына қатысты. Егер бір қоғамның атом
мен молекулалары сахаба тәрізді мүшелерден қалыптас-
са, сол қоғам сахаба қоғамы секілді болады.
Күшке сүйенбейтін және табанды қозғалыс
Өкінішке қарай, әлемнің көптеген елдерінде билікте-
гілер өздерін касталық жүйенің ең жоғарғысында көріп,
халыққа жоғарыдан қарауда. Иелігіндегі күш-қуатқа сү-
йеніп, өздерінікін дұрыс деп ойлайды. Құран Кәрім Пер-
ғауынның ісі жайлы былай дейді: «Перғауын өз хал-
қын қор санап, олармен мүлдем санаспады. Халқы
болса, оның ығына жығылып, көзсіз мойынсұнды»69.
Демек, Перғауын бұқараға олардың салмағы жоқ әрі қа-
рапайым адам екенін ұқтырған. Егер бір қоғам осындай
комплекспен өмір сүре бастаған болса, үнемі бастарынан
балғамен соққан адамдардан жасқанады. Онсыз да адам
табиғатында басшыларға, қолында күші барларға төмен-
дегілер ылғи сондай сана-сезіммен қараған. Биліктегілер
билігін асыра пайдаланып, бара-бара оларға әңгір-таяқ
ойнатып, бар дегенін істететін болады. Бірақ езілген әрі
қаналған халықта уақыт өте келе озбырлар мен қанау-
шыларға деген қарсы реакция пайда болуы мүмкін. Де-
генмен әділетсіздік пен озбырлыққа жол бермеу, қысым
мен жәбір-жапаға қарсы тұруда да шектен аспау, ол қар-
сылық сезімін де дұрыс бағыттау аса маңызды. Біреулер-
дің ұлт ішінде орын алған осы позитивті энергияны әсіре
пайдалануына орын бермеген жөн.
69
«Зухруф» сүресі, 43/54.
Сұрақ-жауаптар 143
Егер ақиқат пен әділеттілікті іздеу үшін жолға шығу
қажет болса, әуелі басатын қадамды өте байыпты жос-
парға негіздеген жөн. Тек қана өш алу, жаға жыртысу,
маңайды қиратуды көздеп көшеге шықса, көбіне мақсат
орындалмай, керісінше жағдайлар орын алады. Барлық
нәрсе жақсы ойластырылып, жоспарланбаса, есепті тек
бір тиранды орнынан алуға ғана бағыттаса, нәтиже алын-
байды. Себебі бұл жолы құлатылған тиранның орнына
басқа бір тиран өтеді. Онсыз да олар өз орындарына қоя-
тын мұрагерлерін әлдеқашаннан дайындап қойған.
Жолға бір шыққаннан кейін жалтармай, табанды
бола білу өте маңызды. Белгілі ережелерге байланысты
бір қозғалыс басталған болса, ол жерде соңына дейін
тік тұра білу керек. О баста табанды көрініп, алайда
кейіннен есептесулерге кірісіп, кері қадам бассаңыз,
жетістікке жете алмайсыз. Онда сізді бақылап, сіздің
әрекеттеріңізге қарай өз әрекеттерін анықтайтын адам-
дардың ойын шатастырасыз. Бұндай жерде ойдағы ша-
тасулар, күмәндар орын алады. Демократия, еркіндік,
әділеттілік пен адам құқықтары үшін басталған қоз-
ғалыс жеңіліспен аяқталады. Осы тұрғыдан осындай
барлық ықтималдықтарды о бастан ойластырып, не еш
бұндай іске аяқ баспау қажет, не басталған істің жеңі-
ліспен аяқталуына жол бермеу қажет.
Бұл мәселеде міндетті түрде назарда ұстайтын басқа
бір тұс күш көрсетуден аулақ болуда. Егер көшелерге
шыққан кісілер анаған-мынаған тас лақтырмай, бір-бі-
рінің басын жармай, елдің мал-мүлкіне зиян тигізбей
пассивті ғана қарсылық таныта алса, тек озбырлық пен
әділетсіздіктерге бойкот жариялай білсе, сол кезде нә-
тиже ала алады. Қан көздеп, қан төгумен ештеңеге қол
жеткізбейсің. Керісінше осындай әрекеттер уақыт өте
келе кек пен жеккөрініштерге ұласып, арттан келген ұр-
пақтарға мұра болып қалады. Осы себепті қан төкпей,
маңайын қиратпастан, жаңа қарсыластар туындатпай,
144 Сынық құмыра 4
жұмсақтықпен проблемаларды шешуге тырысу қажет.
Белгілі болғанындай, Ганди ағылшындарға қарсы
бастатқан пассивті күресімен алып елге тәуелсіздік
әперген болатын. Өмірі түрмелерде өтіп, қиын тағдыр
кешсе де, қарапайымдылықты ұстанып, өзін таза ұстай
біліп, ақыр соңында ұлтын белгілі бір асқақ идея төңі-
регіне топтастыра білген.
Бұлардың барлығы жасалмаған жағдайда тек би-
ліктегі бір деспотты құлатумен проблемалар шешімін
таппайды. Себебі өзара қақтығыстар күш пен қуатты
әлсіретіп, ықпалын жояды. Біреуі оның жасағанын қи-
ратады, ол болса бұнікін қиратады.
Көрегендікпен және
парасаттылықпен әрекет ету
Бұл жерде бәлкім мына ескертпелерді де жасаған пай-
далы болады. Бүгінге дейін басым күштер кейбір елдерді
тіке не жанама түрде басып алып, қанады. Ұлттың бойын-
да оларға қарсы тұру реакциясы қалыптасқан кезде, дереу
солардың арасынан қаһарман болып көрінген біреуді
тауып, билікке қойып, адамдарда пайда болған позитив-
ті энергияны соған бағыттаған. Яғни әуелі басып алып,
төбелеріне отырып алған, ұлттың жаны тіл ұшына келіп,
бас көтеру орын алуы мүмкін жағдайда осы жаңа жағдай-
ға қарай дереу бейімдеп, ұлтта пайда болып реакцияны өз
пайдаларына жаратқан. Халықтың өзінің рухани өзегіне
жарамды, пайдалы істерге сөйтіп жол бермеуді көздейді.
Осы себепті Ислам әлемінің түрлі жерлерінде өмір
сүрген бірқатар оқиғалардың арасында әрқашан түрлі
жымысқы пиғылдағылар болатынын назарда ұстаған
жөн. Әркез біреулер қартайған перғауынды былай ысы-
рып, орнына жаңасын әкелуді ойластыруы мүмкін. Со-
нысымен ұлтты біршама уақыт тағы да басқара тұруды,
тағы да алдарқата тұруды қалайды. Мүмкін қолдарын-
да демократия, әділдік, еркіндік, адам құқықтары және
Сұрақ-жауаптар 145
т.б. деп жазылған тулар мен панкарттар алып жүреді.
Бірақ түпкі ниеті өзгеше. Осы тұрғыдан мұсылмандар-
дың бұндай ойындарға алданбауы, иелігіндегі энергия-
ны бекерге кетірмеуі үшін өте сақ әрі абай болғаны, кө-
регендікпен, парасаттылықпен әрекет еткені жөн.
Қайталайтын болсақ, меніңше, иелігіндегі энергия-
ны қолдануға қажетті ең пайдалы жер істі түбегейлі
қолға алып, жаңаша бір адам қалыптастырып, жаңа бір
ұрпақ жетілдіруде жатыр. Өзіміздегі күш пен энергия-
ны рухымыздың мүсінін сомдау бағытында жаратып,
оны ысырап етпеуіміз қажеттігі. Әйтпесе, түрлі айтақ-
тармен, біреулердің ойындарына бекерге араласып,
ұлттың рухында оянған рухани тербелісін, тірілуге
деген құштарлығын жойып алған боламыз.
Уақытша кейбір жетістіктерге жетсек те, бұлар орнық-
ты болмайды. Негізі, нық қаланбайынша, тұрғызбақ бол-
ған ғимараттың күйреп түсуі әрқашан мүмкін жағдай.
Діннің нақты үкімдерімен
реттелген сезім тебіренісі
Бір қоғамның босаңсуын тоқтатып, оларда айтар-
лықтай тебіреніс ояту аса маңызды. Жаратушы Ие та-
биғаттағы заңдармен барлық нәрсені қозғалысқа келті-
ріп, тіршілік жалғастыруын осыған байлаған. Барлық
нәрседе бір қозғалыс, әрекетшілдік, бір өзгеріс, даму
бар. Алғаш қарағанда адамға тынып тұрғандай көрін-
ген теңіздер мен мұхиттарда да қозғалыс, тербеліс бар.
Сулар буға айналып, сосын жаңбыр болып жерге түсе-
ді, түрлі орындарда жиналып, жаңадан теңізге құяды.
Ұдайы бір айналыс орын алады.
Жаратушы Ие ғаламның тілімен бізге бір нәрсе
айтуда. Еш нәрсе орнында тұрып қалмауы тиіс. Барлық
нәрсе қозғалыста болып, жаңа-жаңа адымдар дамытып
отыру қажет.
Мүміндердің өздеріне тән құндылықтарды барынша
146 Сынық құмыра 4
кіршіксіз қалыпта рухани тереңдігімен сезінуін
қамтамасыз ету, оларға иғла кәлиматулла өресін сіңіру
әрі осы бағытта оларды айтарлықтай рухани серпіліс
хәліне келтіру аса маңызды. Дегенмен қозғалыс пен
тебіреніс те Құран мен Сүннетке тән жағдайлармен
бақылауға алынуы тиіс. Әрекетсіздік пен тебіреністің
болмауы бір пәлекет болғаны секілді діннің нақты
үкімдерімен ережеге келтірілмеген тебіреніс те өз
алдына бір бәле.
Рухымызда иман, Ислам және ихсан рухы қалып-
тастырған тебіреністі ақылмен жүзеге асырған жөн.
Әйтпесе, бақылауға алынбаған толқымалы күй, тебіре-
ністі есалаң хәл бәлекетке бастайды. Күш тепе-теңдігі
жоқ жерде өз-өзіне әркімнің соғыс ашуы, бірқатар тірі
бомбалар жарумен жазықсыздардың өмірін жалмауы,
көшеге ағылып күш қолданумен жұртты дүрліктіріп,
мүлкіне қауіп төндіру секілді даңғойлықтың ешкімге
де пайдасы жоқ. Керісінше, мұсылмандар жайлы нашар
ойларға, тіпті паранояларға түрткі болады.
Әсіресе, әлем қорқынышты қарулармен мұздай құр-
санып, қауіпті бір бағытқа кетіп бара жатқан кезінде
жеккөрушілікті қоздататын сөздер мен әрекеттерден
аулақ болған жөн. Егер өлшеусіз және ебедейсіз әре-
кеттермен ашуды қоздатпай, жауыздықтар өршітілсе,
ол әлемнің де, адамзаттың да күйреуіне әкеледі. Сон-
дықтан мәселе әсірелікті, радикализмді, қақтығысты
көтермейді. Бұлардың зияны әуелгі кезекте Ислам діні-
не келіп тиетін болады.
Баламалы жобалар жасаңдар
Елу түрлі бүлік ошақтары бүлкілдеп қайнап жатқан
қазіргі кезеңде сіздер ең мықты жолды ұстансаңыздар
да, бәрібір мақсатқа жетулеріңіз қиын. Осы себепті
аңсар армандарыңызды жүзеге асыру тұрғысынан көп
баламалы жобалар жасауларыңыз керек. Адам анато-
Сұрақ-жауаптар 147
миясында бар баламалы тамырлар секілді сіздердің де
ықтиятты жолдарыңыз, қосымша стратегияларыңыз
болуы қажет. Жүрген кезде бір жерде тығындалу бай-
қалса, дереу екіншісін араға салу қажет болады.
Сопылар «Аллаға апаратын жолдар жаратылыстар-
дың тынысындай көп»70 дейді. Сондықтан адамдар
мен Алла арасындағы кедергілерді жойып, жүректер-
дің Алланы табуына жол ашу мақсатына бет алып бара
жатқан тұста түрлі жолдарға жүгіну қажет болады. Әр-
қашан жолда кедергілер болатынын ескеріп, қосымша
балама жолдарды да назарда ұстаған жөн. Осы себепті
мықты иман, күшті зерделеу, байыпты ұжымдық сана-
мен қатар, түрлі-түрлі стратегияларды да араға салу өте
пайдалы.

70
Ибн Араби, әл-Футухатул-Маккия, 3/549; әл-Алуси, Рухул-
мәани 1/396, 6/165, 14/160.
148 Сынық құмыра 4
ТАҒАЙЫНДАУ МЕН МІНДЕТ БЕРУ
КЕЗІНДЕГІ ДҰРЫС ӘРЕКЕТ

Бір мекемеде жасалатын тағайындау мен мін-


деттер беру кезіндегі дұрыс әрекет қандай болуы
қажет?

Қандай да бір мекемеде жаңа қызметке тағайындау


мен міндет беру жүйесінің кемшіліксіз әрі мінсіз жүруі
бәрінен бұрын сол жердегі басшылық пен қызметкерлер
арасындағы өзара сенімнің қалыптасуына байланысты.
Егер адамдарды қызметке тағайындау жауапкершілі-
гіндегілер де, белгілі бір міндет пен жауапкершіліктер-
ді мойнына алғандар да сол аманаттың үдесінен шыға
алса, титтей де болса қиянаттан аулақ тұрып, маңайына
сенім ұялата алса, жүйеде келеңсіздік орын алмайды.
Бір мекеменің қызметке тағайындау
алқасына тән жауапкершіліктер
Тағы да кеңірек аша түсу қажет болса, мейлі мемле-
кеттік мекемелерде болсын, мейлі жеке мекемелерде-
гі тағайындауларға жауапты кісілер болсын – баршаға
теңдей қарап, ешкімді қорғаштамай, жеке есептерімен
іс жүргізбеуі қажет. Қайта жаңа міндет берілген кісілер-
дің жағдайларын бақылап, көпшіліктің игілігіне қарай
әрекет еткені жөн. Егер өз пайдаларын ойлап, нәпсі-
ге берілсе, кісі ақысын арқалап, күнә жасайды. Алла
бұның есебін сұрайды. Бұл дүниеде болмаса да, барлық
сырлар ашылатын ақырет күні есебін береді. Жүректе-
ріндегі жақтырмау, нашар ниет пен жеке мүдделері се-
бепті Алланың алдында жерге қарайтын болады.
Адамдарды бағыттау мен басқару деңгейіндегілер
Сұрақ-жауаптар 149
міндет берілетін жандардың қабілет-қарымын бақы-
лағаны жөн. Алла баршаға түрлі қабілет берген. Мәсе-
лен, біреу толықтай реттілік пен тәртіптің адамы. Басқа
біреу зерттеуге құлшынып тұрады. Кітапқа үйір бол-
ғандықтан үнемі кітаптардан бас алмай, ерекше пікір-
лер айта біледі. Енді бір басқасы өнерге жақын. Тағы
біреудің сөзге деген шешендігі бар. Қай жерде қалай
сөйлеу керектігін жақсы біледі т.с.с. Бұлардың әрбірін
қабілетіне қарай не дәл орнына қоя білген жағдайда
Алланың қалауымен жетістікке жол ашылады.
Әркімнің ең жақсы жасай алатын істері бар. Маңыз-
дысы осыларды дұрыс анықтап, соған қарай міндет бе-
руде. Мәселен, өмірінде еш сурет салып көрмеген кісіні
сурет салуға күштесеңіз, қолына қалам ұстап көрмеген
кісіден жақсы мақала жазуын немесе сөйлемейтін кісі-
ден жақсы құтба оқуды күтсеңіз, жақсы нәтиже шық-
пасы анық. Бұндай келеңсіздіктерге жол бермеу үшін
о бастан ең дұрыс таңдау жасауға тырысуыңыз қажет.
Алла елшісінің (с.а.с.) барлық тағайындаулары өз
орнымен болған. Ол нені көздеп, сол іске кімді таға-
йындаған болса, сол мақсат орындалып отырған. Себебі
сахабаларынан кімнің нені жасай алатынын, қай салада
жетістікке жететінін жақсы пайымдап, соған қарай мін-
дет берген. «Кемеңгер үшін таңдау жоқ» делінеді. Пай-
ғамбарды кемеңгер деп атасаңыз, оны лайықты деңгей-
де бағаламағаныңыз. Өйткені олар – «фәтанат» иелері.
Бұл – кемеңгерліктен әлдеқайда жоғары тұрған деңгей.
Біз пайғамбар емеспіз. Алла елшісі (с.а.с.) секілді
пайғамбар фәтанатына, оның деңгейіне тән парасат-
тылық пен көрегендікке ие емеспіз. Адамдарды кейде
мінездерімен дұрыс тани алмауымыз мүмкін. Жағдаят-
тарға біртұтас күйде қарай алмауымыз мүмкін. Таңдау
жасауда қателесуіміз мүмкін. «Пәлен кісі осы жұмысты
атқара алады» деп ойлағанмен, жаңылысып, нәтижесі
біз ойлағандай болмайды. Осы тұрғыдан бұндай ма-
150 Сынық құмыра 4
ңызды бір істі жеке бастамаларға қалдырмау, ұжымдық
кеңеске беру қажет. Мәселелерді ақылдасумен жүргіз-
се, қателікке жол беру ықтималдығы азаяды. Себебі
Пайғамбарымыздың сөзімен айтқанда, ақылдасқан жан
зиянға ұшырамайды, ұтылмайды71.
Оның үстіне білім мен тәжірибесі бар көпшілік қа-
былдаған шешімдерді өзгелер дұрыс қабылдайды.
Адамдар осындай біліктіліктегі кісілер қабылдаған ше-
шімдерге разылық танытады. Саланы білетін тәжірибе-
лі кісілер бас қосып, әркімге алып жүре алатындай, же-
тістік көрсете алатындай міндеттер ұсынса, кейін туын-
дауы мүмкін келеңсіздіктердің және өкпе-реніштердің
алдын алады, нәтижесінде ол істер үлкен жетістіктерге
жол ашады.
Тағайындау тобы көңіл бөлуі тиіс тағы бір мәселе
жаңа міндет беретін кісілерді ой-түсінік, пайым тұр-
ғысынан осы жаңа міндетке тағайындау әрі атқаратын
ісіне қатысты оларға керекті білікті жинақтауына кө-
мектесу. Айталық, біреуді жаңа бір жерге жіберу қажет
болса, ұйымдастырылатын семинар, курс, презентация,
брифингтермен олардың осы жаңа елдің адамдарымен
және мәдениетімен жақсы танысуын, атқаратын істерін
жақсы меңгеруіне жағдай жасалуы тиіс. Оларға өздерін
күтіп тұрған жаңа міндеттер жайлы толыққанды мә-
ліметтер берілуі керек. Кездесетін қиындықтар, алып
жүретін жауапкершіліктеріне қатысты тәуекелдерге
тоқталып, соларды еңсерудің жолдарын түсіндірген
жөн. Жаңа міндеттің маңызын ұқтырған дұрыс. Жаңа
міндетке кірісердегі көңіл-күйі мен мотивациялары өте
жоғары деңгейде болуы тиіс.
Тағы бір маңызды тұсы – жаңа міндетке тағайындау
кезіндегі қолданылатын әдіс. Осы іске жауапты кісі-
71
Табарани, әл-Муғжамул әусат, 6/365; әл-Кудаи, Муснадуш-
Шихаб 2/7.
Сұрақ-жауаптар 151
лер бір жағы тағайындалған кісілерге ол істің маңызын
жақсы түсіндіріп, осы міндет үшін олардың таңдалу се-
бебін жақсы ұғындыруы тиіс. Екінші жағынан жинақта-
ған білім мен тәжірибелері арқылы ол жақта көп жақсы
істер жасайтындықтарына сендірген дұрыс. Олардың
ойында қандай да бір күмән, іштейгі бір қыжыл қалмауы-
на қатты көңіл бөліп, өкпе-ренішке жол бермеу керек.
Жаңа тағайындалғандарға
қатысты жауапкершіліктер
Жаңа міндет беріліп, басқа аймаққа баруы міндет-
телген кісілерге тиісті талап – ол мәселеге жақсы оймен
қарап, өзіне айтылған ұсынысқа құрметпен қарау. Егер
бұлай істемей «Мені тәрбиелеу үшін осы жақтан алыс-
татып жатыр. Негізі, мен осында еңбек сіңірген едім.
Осында көбірек пайдалы болар едім. Барған жерде
осыншалықты пайдалы бола алмаймын» дегендей ой-
ларға берілсе, мәселені өз есебі тұрғысынан ғана бір-
жақты қарастырған болады. Себебі бұлардың жағдайы
оларға жабық болғаны секілді олардың да жағдайы бұ-
ларға жабық. Ешкім ешкімнің ниетін, ойын, жүрегінен
өткенді біле алмайды. Осы себепті жақсы ой, мүмкінді-
гінше жақсы ойда болуға міндеттіміз. Берілген міндет
жайлы жақсы ойлауымыз қажет. Сырттай лауазымың
төмендегендей көрінген тұстар үшін де лайықты нәрсе-
лер ойлаймыз. «Демек, баратын жерде қажеттілік бол-
ғандықтан, менің кандидатурамды ойластырған болар»
деп, еш кідірместен жаңа міндетімізге барамыз. Егер
мәселенің астарында өзгеше пайымдар мен жеккөруші-
лік болса, оны Аллаға қалдырамыз. Әйтпесе, әркімнің
өз жеке ойынша міндет ұнатуы не ұнатпауы, басшы
жағдайындағы топтардың аяқ-қолын байлайды. Онда
міндет бөлісіп, дұрыс жұмыс істейтін механизм құру
қиындайды.
Біз көбіне істің соңын біле бермейміз. Алғаш қара-
152 Сынық құмыра 4
ғанда жамандық секілді көрінген нәрселер нәтижесінде
біз үшін қайырлы болып шығуы мүмкін. Мәселен, Бә-
диуззаманның өміріне қарағанымызда, ірі тұлғаның көп
уақыт қуғын-сүргінде жүргенін көреміз. Ерек тауынан
Барлаға жер аударылады, артынша Еғирдирге, ол жер-
ден Кастамонлуға, одан ары Денизлиге, осылай өмірі
үнемі қуын-сүргін мен абақтыларда өткен. Тағдырдың
ісімен осылай әр аймақтарға барған. Бірақ бұл барған
әр жерге тұқым тастауына, сол жерлердегі мұқтаж кісі-
лерге үнін жеткізуіне себеп болған. Ол бастан кешкен
қорлық, зорлық-зомбылығын табысқа айналдыра біл-
ген. Яғни кейде адамдардың қолымен жасалған озбыр-
лығы мен әділетсіздігі себебімен де Жаратушы Иенің
өзінің қалауын, еркін көрсете білгенін ұмытпауымыз
керек. Бұл істі адамдар жасап жатқандай көрінгенмен
анығында ол іс тағдырмен солай жүзеге асқан.
Өте бір жарамды себеп болмаса, берілген міндетті
орындамау, жіберілген жерге бармау дұрыс емес. Ол
үшін сылтау ойлап табу да үлкен қателік. Не де болса
дұрысын айтқан жөн. Ашық түрде «Ренжімеңіздер, еш-
қандай сылтауым жоқ. Бірақ мен ол жаққа бара алмай-
мын, бұндай міндетті орындай алмаймын» деу әлдеқай-
да дұрыс әрекетке жатады.
Иә, оң әрі жақсы іске ынта салмай, жасауы қажет-
ті істі жасамауы адам үшін айып саналады. Бұл үшін
болмашы сылтаулар айту, ата-ана, бала-шаға, жора-
жолдасты алға тарту одан да өткен үлкен сөкеттікке
жатады.
Бұған қоса, жаңа міндетке қатысты егер айтқымыз
келген мәселе болса, оны да өзінің әдебіне сай жет-
кізе білу ол да міндетімізге жатады әрі ақылдасудың
бір қыры болып саналады. Мысалы, «Мені бір иршад
пен тәблиғ (дін насихаты) ісіне бағыттап жатырсыз-
дар. Бірақ мен бұл салада қабілетті емеспін. Одан да
мынадай міндет берсеңіздер, соны жақсырақ атқарар
Сұрақ-жауаптар 153
едім» деуге болады. Одан басқа да жеке пайымдары-
ңыз болуы мүмкін. Бұрынырақта басқа салада білім
алған болуыңыз мүмкін. Сол салада сертификатыңыз
бар шығар. Немесе өзіңіз қызығатын сала басқа. Әрине,
жауаптылардың міндеті – осылардың барлығын назар-
да ұстай отырып, соған қарай ұйғарым жасауы.
Міндет сұрау және түрліше дәмету
Мейлі мемлекеттік қызметтерде, мейлі азаматтық
қоғам мекемелерінде болсын жаңа іске тағайындаулар
кезіндегі өкпе-реніштердің астарында әртүрлі дәмету-
лер жатады. Көзін жоғарыға тіккен әрі жоғарылауды
ойлағандар күткені орындалмай қалған кездері пробле-
ма шығарып, өзі төмен деп көрген лауазымдарға көңілі
толмайтынын білдіріп жатады. Бұның дұрыс емес екені
анық. Маңыздысы, адамға барынша тырысып, сол істің
үдесінен шыға білуі, алған міндеті мен жауапкерші-
ліктерін ең келісті түрде орындай білуі. Осыны жасап
жүріп бірақ іштей ештеңе күтпеуі, көңілтоқтығынан
айырылмауы. Себебі көңілтоқтығы (истиғна) дінде өте
маңызды бір қағида. Ынсапты жандар оның істерін ба-
ғалап, бүгін болмаса да ертең оны тиісті орынға қоятын
болады. Бұл мәселеде қатты құлшыныс таныту – адам-
ның ұтылуына себеп. Бір нәрсеге өлермендік танытқан
адам көбіне мақсаты орындалмай, ойлағаны мүлдем
кері нәтиже береді. Өйткені сіз жанталасқан нәрсе өз-
гелердің де жанталасын оятып, арада бәсекелестік ту-
дырады.
Исламда басшылық пен басқаруды сұрау құпталма-
ған. Айталық, Алла елшісі (с.а.с.) қызмет сұраған әзірет
Әбу Зәрр мен әзірет Аббас секілді сахабалардың осы
қалауын қабылдамаған. Бәдиуззаман да «басшылықта
жауапкершілік пен қатер болғандықтан, жай бағыныш-
тылықты таңдау дұрыстығын» айтқан. Табысты бола-
тын, жақсы істер жасай алатын қабілеттегі кісілерді
154 Сынық құмыра 4
алға шығару, сондай кісілерге мүмкіндік беру бір негіз
болуы тиіс.
Иә, бір кісінің өзі үшін басшылық қызмет сұрауын
дініміз аса құптамаған. Дегенмен бұл жалпы қағида-
ның кейбір қағидаға сыймайтын тұстары да жоқ емес.
Мәселен, маңызды бір міндетті тиісті түрде алып жүре-
тін өзге адам табылмаған жерде кісі әзірет Жүсіп (а.с.)
секілді «Ендеше, мені бұл жердің (Мысыр елінің) қа-
зыналарын басқарушы етіп тағайында. Өйткені мен қа-
зынаны ұстай алатын сенімді әрі қазына ісін жүргізуді
жақсы білетін адаммын»72 деуі мүмкін. Сол сияқты кей-
бір міндеттерге келместен дінді емін-еркін түсіндіруге
мүмкіндік бермеген жағдайда ол бір мешіттің күрсісін,
мінберін, михрабын ұстау арқылы сол жерден халық-
қа ақиқатты жеткізуде талап ете алады. Құран үйрету
курсы ұстазы болуға өтініш білдіріп, сол жерде шәкірт-
терге Құранды, діни ақиқаттарды үйретуді ойлауына
болады.
Қысқаша айтқанда, бір қызметті сұрағанда ұжданын
би етіп, өзіне мына сұрақтарды қоюы тиіс: «Мен осы
міндетті расында Алла үшін қалап жатырмын ба әлде
өзімнің абырой-беделімді көтеру үшін немесе дүниелік
пайда табу үшін керек етіп тұрмын ба?!» Әркім өзін
осыған қарай өзін іштей таразыға тартып, соған қарай
қадам басқаны жөн.
Белгілі болғанындай, әзірет Омар әскери жасақтар-
ды басқарып жүрген әзірет Халид ибн Уәлидты қыз-
метінен алғанда, ол еш қарсылық танытпайды. Қайта
қатардағы жауынгер ретінде соғысуын жалғастыра бе-
реді. Сол сияқты Затус-саласил жорығында Пайғамба-
рымыз (с.а.с.) тарапынан қолбасы тағайындалған әзірет
Әбу Убайда қақтығысқа себеп жасамау үшін қолбас-
шылық құқынан бас тарта алған. Сахабаның осы се-

72
«Юсуф» сүресі, 12/55.
Сұрақ-жауаптар 155
кілді жанкештілігін оқып біліп, тәнті боламыз. Бірақ
маңыздысы, әр мәселеде болғаны секілді осы мәселеде
де оларды үлгі етіп, солардың жасағанын жасай білуде.
Оқудан гөрі соны іс жүзінде орындай білуде. Егер бұны
жасай алмасақ, бұларды оқып, бойына сіңірген жандар
келгенге дейін бұларды қояйық, бұл мәліметтер тек кі-
таптарда тұрсын! Несіне оқимыз?! Егер соларға қарай
кейпімізді өзгерте алмасақ, оқуымыздың не пайдасы
тиеді?!
Қысқаша айтқанда, адам үлкен-кіші деместен әрбір
міндетті атқаруға дайын болуы тиіс. Реті келгенде еш
қабақ шытпастан жай қатардағы жауынгер болуды да
қабылдай алуы тиіс.

156 Сынық құмыра 4


ҚЫЗҒАНАТЫНДАР АЛДЫНДА
ӨЗІМІЗБЕН БЕТТЕСУ

Айтарлықтай жанкештілік танытып, мұң арқалап


елінен жырақтап жүруге, сонша ауыртпалықтарға
шыдап жасалған әлем деңгейіндегі қызметтерге
кейбір діндар топтардың күмән-күдікпен қарауы не-
месе қаралауларға дем беруін қалай бағалайсыз?

Тарихымызда Ислам дініне қызмет аясында өте ма-


ңызды жетістіктер орын алған. Әсіресе, Османдықтардың
аты аңызға айналған қызметтеріне үстірт қарау мүмкін
емес, Ислам әлемін қорғап тұрған күзет секілді қызмет
атқаруы, ғасырлардан бері Исламның туын желбіреткені-
не көз жұмып қарау мүмкін емес. Бұл дүниеде атқарыл-
ған осыншама істердің ақыретте қандай нәтиже беретінін
көріп түсінетін боламыз. Дегенмен әр ғасырдың өз үкімі
бар. Жаһандануға қарай бет алып бара жатқан бір кезеңде
жасалуы қажетті қызметтер іс тұрғысынан мүлдем бас-
қаша болады. Имам Шафиғи философиясымен мәселеге
қарайтын болсақ, мынаны айта аламыз: «Алла алғашқы
буын сәләфтарымыздан разы болсын. Өздері өмір сүрген
заманға лайықты көптеген ірі істер атқарды. Бірақ бізге де
жасалатын көп іс қалдырды».
Олар өздері өмір кешкен дәуірдің талаптары
тұрғысынан жасай алғандарын жасады, аманатты
тиісінше алып жүрді, кейінгі келген ұрпаққа
жеткізді. Дегенмен жасай алғандары мөлшерінде
жасай алмағандары да жоқ емес, Демек, жағдайдың
көтергені сол болғаны. Ат, қашыр немесе түйенің
үстінде жүріп осыларды жүзеге асыру оңай соқпағаны

Сұрақ-жауаптар 157
анық. Дегенмен қазіргі күні дамыған байланыс және
тасымал құралдарының мүмкіндігімен жасалуы
ойластырылған істер көбіне жылдам әрі практикалық
түрде жасала алады. Жаратушы Ие қазіргі техника мен
технологияны қазіргі ұрпақтардың басқаруына берген.
Жақсылыққұмар жандар осыларды тиімді пайдалана
отырып, әлемнің шартарабына жайылды, барған
жерлерінде үлкен табыстарға жетті.
Мухасаба және өзімізбен бетпе-бет келуіміз
Біз осыншама жақсылықтың бәрін нәсіп еткеннің Алла
екенін жақсы білеміз. Үнемі Алвар имамы секілді «Мен
бұларға лайық емес едім ғой, Не себепті маған осыншама
игілік пен жақсылық бұйыртқан?!» дейміз. Өйткені бү-
гінге дейін жасалған қызметтер қабілет-қарым мен білім-
біліктіліктен гөрі әлдеқайда бір биіктен, иләһи бір жәр-
деммен жүзеге асқанын көрсетуде. Алла ұлттың көңіліне
айтарлықтай құштарлық пен тебіреніс сепкендіктен олар
иғла кәлиматулла (Алланың атын асқақтату) жолында
жанын салуда. Өздері дұрыс деп тапқан қызметтер аясын-
да бас қосып, ұлттың рух мүсінін сомдау жолында өздері-
не тиісті жауапкершілікті орындауға тырысуда.
Мен отбасы, ошақ қасын тастап, бізге тән құндылық-
тарды әлемнің шартарабына жеткізу үшін түрлі аймақ-
тарға тарыдай шашыраған жолдастарымыздағы һижрет
пен қызмет сүйіспеншілігін көргенімде қайран қала-
мын. Олардағы қатты құштарлық пен көңіл толқыны-
сын, көрсеткен дайындықтарына таңғалам. Демек, бір
иләһи демеу бар. Өйткені әлі өмірлік тәжірибесі жоқ,
университетті жаңа бітірген өрімдей жастардың дү-
ниенің қызықшылығы көңілін тартып тұрған уақытта
барлық құмарлықтарын тежеп, әлемнің шартарабына
барып, ғажап істер атқаруы жай бір логикамен түсін-
діруге келмейді. Бұл Алланың үлкен игілігі ғана болуы
мүмкін! Бұны көрмеу, бағаламау және шүкір етпеу
158 Сынық құмыра 4
Аллаға деген көрсоқырлық болады. Дұға етпеу де осы
жолдастарға деген опасыздық болар еді. Алла төрткүл
дүниенің төрт бұрышына, өмірдің түрлі салаларында
жүрген осы бауырларымыздың барлығына түзуліктен
таймауды нәсіп етсін, олардың табанын нықтап, әлі де
ірі жетістіктерге жетуді бұйыртсын!
Егер жасалған істерді өз ақылымыз, қалауымыз, күш-
қуатымызға қатыстырсақ, аңдамастан ширкке ұрынамыз,
Алланың ісі мен жүзеге асыруларына өзімізді серік етіп
теңестірген боламыз. Бұдан бөлек, біздің осы әрекетіміз
біреулердің қызғанышы мен іштарлығын оятып, олардың
бақастығын, дұшпандығын қоздыруы мүмкін.
Меніңше, біздің осы мәселеде кейбір кемшіліктері-
міз болды. Әркез біреулердің айтқанындай, «Қаһарман-
дар өмірге әкелген бір ұлттың ұрпағымыз!» дегендей
шалқыма ойларға бардық. Өте кішкентай элементтер-
мен өте үлкен істерді жасауымен өзінің ұлылығын паш
еткен Алланың біз арқылы осыларды жүзеге асырып
жатқанын түсіне алмадық. Осы философия мен түсінік-
ке сай әрекет ете алмадық. Мүмкін іс-әрекеттерімізбен
өзіміз байқамастан әркез өзгелердің мазасын қашыр-
дық. Біздің әрекеттеріміз белгісіз бір әсермен олардың
қарсы реакция көрсетуіне түрткі болды. Ешкім қате тү-
сініп қалмасын. Мен иман және Құранға қызмет етіп
жатқан ешкімді де кішіретпеймін. Менің көзқарасымда
олардың әрбірінің қадір-құрметі жоғары. Дегенмен әрі
Аллаға тән ақыны беру әрі өзімізбен беттесу тұрғысы-
нан осыларды тілге тиек етудемін.
Біздің міндетіміз жиі-жиі өзімізді бақылап, жасаған
барлық ісімізді есепке алуымыз қажеттігі. Үнемі өзіміз-
ге мына сұрақтарды қоюымыз керек: Расында дұрыс
жолдамыз ба? Шынымен жасаған қызметтерді болашақ
үшін ешқандай дүниелік әрі ақыреттік ештеңе дәмет-
пестен алып жүре аламыз ба? Жеке өз басым «Аллам,
біз өз мәдениетіміз бен құндылықтарымызды өзгелер-
Сұрақ-жауаптар 159
ге естірту үшін жан салудамыз. Сен мені жаннатыңа
кіргізші?!» деп айтуды өзіме ар санап, құрметсіздік
деп білем. Алланың разылығынан өзге ақыреттік қан-
дай да бір нәрсе күтудің өзін өзіме жарастыра алмай-
мын. Алладан үнемі белі бүгілген ұлтымыздың мерейін
үстем етуді, Ислам әлемінің бүкірейген белін түзетуін,
адамзаттың бейбітшілік пен бақытты ғұмыр кешуін ті-
леймін. Бұдан тыс Жаннат, хор қыздары, сарай секілді
материалды әрі тәнқұмарлықтарды сұрауды Алламен
байланысым тұрғысынан тәрбиесіздік деп санап, бұдан
да сақта деп Аллаға сиынамын.
Бұлар іштейгі үнім. Әйтпесе жаннатты сұрау, жаһан-
намнан сақта деп тілеу де дінімізде бар тілектер қата-
рында. Оны өзіміз де таңертеңгі-кешкі дұғаларымызда
сұрап жатамыз. Иә, дін рұқсат еткендіктен біз де Алла-
дан жаннатты сұрап, жаһаннамнан сақта деп тілейміз.
Бұл бөлек мәселе. Алайда Алла жолында жасағанда-
рымыз бен жасайтын істерімізді дүниелік немесе ақы-
реттік бірқатар марапаттарға негіздей алмаймыз. Бұны
дүниеге, тәнге және нәпсіге тән деп бағалап, бұдан бо-
йымызды аулақ ұстаймыз. Өте-мөте министр, премьер-
министр, президент болу секілді дүниелік мақсаттарды
ойға да алмаймыз. Алла разылығына ие болуды былай
ысырып, осындай дүниелік мақсаттарды қалап кетуді ең
биік деңгейден ең төменге құлдырау деп қабылдаймыз.
Осындай түсініктен бойымызға терең сіңуі қажет.
Бір нәрсе жасадық деп дандайсу, өзімізді әлдеқандай
сезіну ойы санамызды былғамауы қажет. Бұл мәселе-
де дұрыс ой мынау: «Егер біздің орнымызда сапалы,
адамгершілік қасиеттері жоғары, пайғамбарша қажыр-
қайрат салып іс жасайтын адамдар болғанда, кім біле-
ді, жетістіктер әлдеқайда көп болар еді. Алайда қайте-
сің, олардың орнына біз бармыз. Қарауылдау ісі бізге
қалып тұр. Кім білсін, мүмкін, осы үлкен іске қиянат
жасап жатқан шығармыз». Егер мәселеге осы тұрғыдан
160 Сынық құмыра 4
қарасаңыз, іштегі қалауымыз бен долбарларымыздың
үнін өшіріп, олардың аузымыздан шықпауына, түріміз-
ден не іс-әрекеттерімізден байқалуына жол бермейміз.
Иә, әуелі мәселеге өз тұрғымыздан қарауымыз қажет.
Себебі әуелгі кезекте бізге қатысты мәселе осы.
Іштарлығын баса алмағандар
Енді бір жағынан, өкінішке қарай, жасалған қызмет-
тердің Жаратушы Иенің бір игілігі, жақсылығы және
бағыттауы екенін көре алмаған бірқатар мүміндер мә-
селеге қызғаныш, іштарлықпен қарап, дін себепті сіз-
дерге жауластық жасап жүрген кейбіреулер болса жек-
көрушілік танытуда. Осы себепті іштей жақтамай, сіз-
дерге қарсы әрекеттерге барып, сіздерді жүрген жолдан
қайтару үшін мүмкіндік іздеп бағуда. Жасалған қыз-
меттерді кәдімгідей көре алмай, түрлі ат қойып, айдар
тағумен сіздерді қаралауға тырысуда. Кейде жасаған
істеріңізді бағаламай, кейде сіздерді сыртқы шетелдік
ықпалды күштерге қызмет етуде деп кінәлап, қадірін
түсіруге әрекеттенуде. Күллі әлемге ашылуды есалаң
жоба деп білуде. Мыңдаған адамның жүрегін сіздерге
ашуын, тілдеріңізді үйренуін, құндылықтарыңызды қа-
былдауын немесе ең жоқ дегенде құрметпен қарауын
жоққа тән етуде. Жасаған жобаларыңыз, жасаған әре-
кеттердің ертеңгі дүниеде қандай мәнге ие болатынын
және қандай табысқа кенелтетінін түсінгілері келмей-
ді. Әлемде өте байыпты достық көпірлері құрылғанын,
жалпыға ортақ бақыт пен тыныштық атмосферасының
қамтамасыз етілуі тұрғысынан өте маңызды қадамдар
жасалғанын, әр жаққа сүйіспеншілік пен толерантты-
лық дәндері себілгенін көргілері келмеуде.
Біз мәселеге Жаратушы Иенің демеуі, бағыттауы,
қызметке біздерді жегуі ретінде қараймыз. Олар болса
арадағы себептерге қадалып қалуда. Көрінген жақсы-
лықтардың артынан тек сіздерді ғана көруде. Сол се-
Сұрақ-жауаптар 161
бепті ғаламдық деңгейде жалғасқан өте маңызды қыз-
меттерге «топтасу» не «мәзһабшылдық» қисынымен
ғана қарауда. Істің түпкі иесіне назар аудара алмаған-
дықтан немесе парасат-пайыммен не дұрыс қисынмен
істердің қандай табыс әкелетінін бағамдай алмағандық-
тан, «пәленшелер», «түгеншілдермен» айналысуды өз-
деріне кәсіп етуде.
Қанша уақыттан бері Құран мен Сүннетке берік
көрінген және діннің туын желбіретеміз деп алға
шыққан кейбіреулер үсті-үстіне жеңілістерге ұшырады.
Жасаған істерімен артық қыла алмай, тыртық қылды.
Өздерін зор санаса да көтерген жүктерін сәл де болса
ілгерілете алмады. Ал мына жақта Жаратушы Ие
құмырсқаларға пілдер жасай алмайтын жұмыстарды
жасатты. Ол міне осыны көтере алмай, іштарлық
танытты. Осы себепті жасалған жақсылықты істерді
«пәленшелер», «түгеншілдер» дегендей түсінікпен
шектеуге тырысты. Өздері де бір кездері іштей «әттең,
осындай істерді жасағанда болар еді» деген істерді
басқалардың жасағанын көргенде, соны ұнатпай қалып,
қарсы шеп құрды. Біреулер өз табиғаты, болмысы
қажет еткендіктен дұшпандық жасаса, енді біреулері
іштарлықпен, бәсекелесу себепті шабуылдауға көшті.
Іштарлықтың алдын алу үшін
жасалуы қажетті істер
Барлық осылардың алдында біздің міндетіміз бір
жағы өзімізбен беттесіп, қателерімізге шолу жасауы-
мыз, екінші жағынан оларды дұрыстау үшін жаңа жол
мен әдістер табуымыз қажеттігі. Айталық, кейбір жо-
баларды ортақ жүзеге асырсақ болады. Біздің өзгелерге
үкім жүргізіп, баршаға сөз тыңдатуымыз не өткізуіміз
мүмкін емес. Бірақ сіздермен бірдей ойлайтын және
бір мақсатқа қарай тура жүретін адамдармен ортақ жұ-
мыстар жасай аласыздар. Мейлі қанша жерден өзгеше
162 Сынық құмыра 4
жолдар мен топтарға тән болсаңыздар да бір мақсат-
мұрат аясында бір жерге бас қоып, барша «иә» деген
жобаларды жүзеге асырсаңыздар болады. Аздап болса
да бірдей сана-сезім, ой-пікірді бөлісетін адамдарды
жандарыңызға алып, солармен ортақ істер ұйымдасты-
ра аласыздар. Белгілі бір салада оларға да әрекет ету
мүмкіндігін бере аласыздар.
Бүкіл осылармен қатар оларды сәл де болса күнәға
барудан сақтап, ғайбат айтуының алдын алып, іштар-
лығы мен қызғаныш, бәсекелестік сезімін түзей аласыз-
дар. Сөйтіп жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жолда
көлік кептелісі болуының алдын ала аласыздар. Одан
бөлек, бірлік түсінігін, ықылас пен шынайылықты сақ-
тауға жәрдем бере аласыздар. Ғайбат, жала мен қара-
лаулар бар жерде мүміндер арасында ауызбіршілік пен
ынтымақтасу бұзылып, Алла да қолдауын үзеді. Жара-
тушының игілігі мен қолдауы жүректердің бірге соғуы-
на байланысты екенін естен шығармаған жөн.
Сол сияқты барлық осы келеңсіздіктердің алдын алу
үшін әдістерімізге тағы бір рет шолу жасауымыз қажет.
Сіздер көктегі періштелер секілді таза қызмет ете ал-
саңыздар да, әдістеріңізді дұрыс реттей алмағандық-
тан, бірқатар проблемалар мен кемшіліктердің туын-
дауына жол бересіздер. Осы себепті байыпты эмпатия
жасай отырып, тыңдармандарыңыздың сезімін тануға
тырысып, сөздеріңізде соны есепке алуларыңыз керек.
Топтық психологияны алға шығаратын, оларға ұнамай-
тын сөздерден алыс болу керек. Мүмкіндік туа қалса,
олардың көңілін аулаған жөн. Мәселен, біреу сізге
келіп «Алла сізге разы болсын. Өте маңызды қызмет-
тер жасап жатырсыздар» десе, былай айтқан жөн бола-
ды: «Астағфирулла, егер пәлен-түгендер бізге осындай
орта дайындамаса, жағдайларды жөнге келтірмесе, біз
ешқашан бұларды жасай алмас едік». Бұл – сөзбен ал-
дарқату емес, шындықтың дәл өзі.
Сұрақ-жауаптар 163
Енді бір жағынан ақиқат жаршылары айтқан сөзде-
ріне, жазғандарына – барлық іс-әрекеттеріне басқалар-
ға қарағанда өте мұқият қарауы керек. Өйткені ол сөз
тек солармен шектелмейді, бүкіл жамағатқа телінетін
болады. Үлкен бір қоғамдастыққа күйе жақпауы үшін
қолдарынан келгенше мұқият қарағандары жөн. Үлкен
жанқиярлықтарға баруды талап етсе де, ешкім осындай
ауқымды түрде пайдалы істер жасап жатқан қозғалыс-
тың жолын бөгеуге себеп болмауы қажет.
Осы себепті біз өзгелер жасағандай етіп ешкімге ша-
буылдай алмаймыз. Олардың жұдырық сілтеуіне қарсы
біз де жұдырық сілтей алмаймыз. Жамандыққа жаман-
дықпен қайтарым жасау арқылы жамандықтың өрши
түсуіне, нашар орта қалыптасуына, құндылықтардың
күйреп түсуіне жол бере алмаймыз. Сонда не істейміз?
Юнус айтқандай, ұрғанға қолсыз, сөккенге тілсіз, рен-
жігенге ренжімеуге мәжбүрміз.
Заңды түрде құқықымызды қорғау аясында түсінік-
теме беру, түзету, өтірігін әшкерелеу, құн төлету және
одан да арыдағы құқықтық жолдармен не істеу керек
болса, соларды істейміз. Бұл өз алдына бөлек мәселе.
Алайда біреу бірдеңе деді екен деп дереу оған жауап
қайтармаймыз. Демагогияға демагогиямен жауап қай-
тармаймыз. Ұнамсыз сөздер мен әрекеттерге тап келген-
де де мінезімізден ауытқымаймыз. Себебі бұлар шынайы
мүмінге жараспайтын қылықтар. Бұндай көзі ақиып, кек
пен жауластық сезімінен аса алмаған пенделердің хәліне
жаным ашиды, жанашырлық танытамыз. Құран тілімен
айтқанда, әркім өзінің мінезіне қарай әрекет көрсетеді,
өзіне жарасқанын істейді73. Біз тап болған жамандықтар-
ға тіл тістеп, үндемеу өзімізге ауыр тиюі мүмкін. Бірақ
жек көру мен жауластық сезімі ұлғайған сайын сіздің де
жүрегіңіздегі мейірім, жанашырлық, сүйіспеншілік сезі-

73
«Исра» сүресі, 17/84.
164 Сынық құмыра 4
мі ұлғаймайтын болса, орын алған бүліктер мен жаулас-
тықтарды тоқтата алмайсыз.
Осы мәселеде көңіл бөлу керек тағы бір негіз
кішіпейілділік пен сыпайылықта жатыр. Жоғарыда
аздап тоқталғанымыздай, егер сіз өзіңіздің меніңізді
алға шығарып, барлық нәрсені менге қарай жүргізіп,
дауылпазды ұрғандай дауыс шығарсаңыз, қақтығыстар
мен төбелестер азаймайды. Бірақ Жаратушы Иенің
разылығын негізге алып, дін бұйрықтары аясында әрекет
етуге тырысып, Жаратушыға деген құрметті жоғары
қоя білсеңіз, Алла да сіздерді басқаларға ездірмейді,
жоқ қылып жойып жібермейді. Себебі бүгінге дейін
өздерін зор санағандар ұтылып, ал кішіпейілділік пен
сыпайылықты ұстанғандар ұтқан. Маңыздысы, басқалар
назарында өзін дәлелдеу емес, Алланың назарына іліге
білу болуы тиіс.
Қысқаша айтқанда, жасалуы қажетті қызметтерді
тиімді жасай жүріп, қоғамда орын алған жеккөрушілік
пен дұшпандықтарды да назарға алып, бұларды бол-
дырмау не мүмкіндігінше азайту үшін қолдан келгенді
жасауға мәжбүрсіздер. Жасайтын істерді ешкімді маза-
ламастан, ешкімнің қызғанышын тудырмастан, реніш,
алаңдаушылықтарға себеп етпестен мейлінше сақ әрі
сергек түрде жасауларыңыз керек.
Осылардың барлығына қарамастан бәрібір біреулер
сіздер жасап жүрген қызметтерді көре алмай, жаулас-
тықтарын жалғастыратын болады. Кейбіреулер таби-
ғаты мен мінез-болмыстарына қарай сол атқарылған
қызметтерде өздері де болмағандықтан, қарсы шығуын
тоқтатпайды. Қызғаныш пен көре алмаушылық сезімі-
не жай ғана қарауға болмайды. Бірақ маңыздысы, сіз-
дердің өздеріңізге тән міндеттерді атқаруларыңызда.

Сұрақ-жауаптар 165
АСА МӘН БЕРУ ҚАЖЕТТІ ҚҰНДЫЛЫҚТАР

И слам діні бүгінге дейін өкінішке қарай өте қате


танытылды. Мұсылмандық пен мұсылмандар-
ға қатысты көптеген қате түсініктер қалыптасуына жол
берілген. Өзге діндегілерді былай қойғанда, көпшілік
мұсылмандардың да Жаратушы жайлы мағлұматтары
нық емес. Жаратушы туралы мәліметтер бұрмаланған
не кемшін. Түрлі орындарда Пайғамбарымыздың (с.а.с.)
тұлғасы, пайғамбарлығы, үйленуі, һижреті және басқа да
істері туралы адам ойына келмейтін сөздер айтылатыны
сондай – оны сөз етудің өзіне дәтің бармайды.
Уайымға белсенділікті қосу
Адамзаттың осындай қате ойлардан арылту, жара-
тушы мен пайғамбарлыққа қатысты қате түсініктерді
түзеу, дінге тән ақиқаттарды дұп-дұрыс етіп түсінді-
ру қазіргі мұсылмандардың жауапкершілігінде. Олар
өздерін иланған Раббылары мен пайғамбарларын тү-
сіндірмесе, басқа кім түсіндіреді?! Ел ішінде айтылып
жүрген адастыратын қате түсініктерге іштей ренжу,
адамдар тозаққа баратын болды деп уайымдау, мұсыл-
мандардың мүшкіл хәліне жылап-сықтау, Исламға қа-
тысты дастандарды жыр етіп айту шешім емес. Маңыз-
дысы, тырысып бір әрекет жасауда.
Адамдардың надандығы, діннен алыстап қалуы,
Раббыларын танымауына қайғыру құрғақ күйінде
қалып қоймауы қажет. Әрине, бұндай бір қайғырудың
маңызын ешкім жоққа шығара алмайды. Адамдардың
проблемаларына қабырғасы қайысып, ұйқысы қашып,
жынды секілді ары-бері теңселіп жүрген жанның бұл
күйі мақтауға тұрарлық. Оның жанашырлығы мол,
сезімталдығы ерекше екенін байқатады. Дегенмен ма-
166 Сынық құмыра 4
ңыздысы, осы ішкі тебіреністің белсенділікке ұласуы.
Адам жынды секілді ары-бері жүре бергеннен гөрі
елдің бел ортасында жүріп, үнемі бірдеңе істеуге тал-
пыныста болғаны жөн. Бір жағы мұсылмандық тұрғы-
сынан жақсы үлгі көрсетіп, екінші жағынан шынайы-
лықпен олардың жүрегін жаулай білуі тиіс.
Иә, қол қусырып қарап отыруға болмайды. Ой-пікір,
түсінік-танымды міндетті түрде белсенділікпен ұштас-
тырған жөн. Кімде не бар болса қолда барын Маликул-
мулк (мүлік иесі) жолында жарата білуі тиіс. Айталық,
қалам ұстағандар қаламымен өзін айтуды емес, Әлем
атаулының Раббысын танытуға арнауы тиіс. Егер бі-
реудің өлең жазатын қабілеті болса, мән-мағынасыз
сөздерден гөрі сенім құндылықтарын жырлау арқылы
жұрттың тебіренісін тудыруға тырысуы қажет. «Өнер
– өнер үшін» деген қисынға салмай, ақындықтың бар-
лық нәзік тұстарын тиімді пайдалана отырып, ақиқатты
жеткізуге талпынғаны дұрыс.
Жазылған еңбек мейлі бір хикая не роман болсын,
мейлі фильм сценарийі болсын міндетті түрде жазушы
көздеген, жеткізгісі келген асқақ мұраты болуы тиіс.
Адамдар үшін мәнді болып табылатын салалардың еш-
бірін бос қалдыруға болмайды, жазылған еңбектерде
өзімізге тән құндылықтар жүйесі дәріптелуі тиіс.
Сөз саптауы жақсылар айтқан сөздерімен, баяндама
жасайтындар баяндамаларымен, хикая жазуға қабіле-
ті барлар хикая-әңгімелерімен, ақындыққа жақындап
өлеңдерімен, жыр айтатындар жырларымен, сценарий
жазуға қабілеті барлар түсірген сериал, фильмдерімен
Алла елшісінің күнәсіздігі, шыншылдығы, сұңғыла-
лығын (фәтанат) барлық қырымен жеткізіп, ол жайлы
күдік пен күмәндерді мейлінше сейілтуі қажет. Сол бір
кіршіксіз тұлға (с.а.с.) жайлы ешкімнің ойында титтей
де болса күмән болмауы тиіс. Өйткені адамдар адам-
заттың ардақты Тұлғасына (с.а.с.) қаншалықты сенсе,
Сұрақ-жауаптар 167
оның әлемге жеткізген үндеулеріне де соншалықты
ден қоятын болады. Ал күмән мен күдікке жол беретін
болса, пайғамбар жеткізген дүниелердің барлығына да
күмәндануға жол ашылады.
Адамзатқа Алла елшісін таныту
Алла елшісі (с.а.с.) де адам, құдай емес. Бұған қоса,
ол адамзатты қайта дұрыстау, әлем деңгейінде орын
алатын жап-жаңа тірілуді Алланың қалауымен жүзе-
ге асыру үшін Жаратушы Ие арнайы жаратқан ерекше
тұлға. Қалайша Исрафил (а.с.) үрлейтін Сурымен өлген
адамдардың жаңадан тірілуіне себеп болса, пайғамбар
да рух пен мағына тұрғысынан өлген адамзаттың қай-
тадан белін тіктеуі миссиясын арқалаған. Сондықтан
оған қатардағы бір адам ретінде қарап, қарабайыр санау
дұрыс емес, оны тергеу жөнсіз. Міне, пайғамбарды өз
деңгейінде таныған жандардың оны өзгелерге айтуы,
танытуы өте маңызды жауапкершілік.
Сөзбен, жазулы формада не визуалды қандай құрал
болса да толықтай осы бағытта өте тиімді пайдаланған
жөн. Хикаяларымызбен, өлеңдерімізбен, сериал, фильм-
дерімізбен адамдардың көңіліне шым-шымдап пай-
ғамбар сүйіспеншілігін, дұрыс пайғамбарлық ойларын
сіңіруіміз қажет. Мұстафа Аққад түсірген «әр-Рисала»
фильмін бәлкім елу рет көрген шығармын. Бірқатар кем-
шін, қате не қисын жағынан кемшіліктеріне қарамастан,
оны әр көргенімде басқаша әсер аламын. Себебі арабша
бір сөзде айтылғандай, көзбен көру теориялық мәлімет
секілді болмайды. Адам фильм екенін біле тұра пай-
ғамбардың жеткізгендері, жасаған төңкерісі мен өзгеріс-
теріне қайран қалғанын жасыра алмайды.
Неге Пайғамбарымызға (с.а.с.) тән хрустальдай кір-
шіксіз ұғымдарды сериал не фильм түрінде жастарға
жеткізбейміз? Неге қазіргі техника мен технологиялар-
дың кең мүмкіндіктерін пайдалана отырып, адамдар-
168 Сынық құмыра 4
дың пайғамбарға деген жүрекпен байлануына жағдай
жасамаймыз? Неге проблемалар қордаланып қалған
қазіргі әлемге Пайғамбарымыздың адамзатқа ұсынған
рецептерін, шешім жолдарын айтпаймыз? Одан да ары
барып, неге әзірет Айшаның өте бір құрметке лайық
мүбәрак ана екенін баршаға естіртпейміз? Неге әзірет
Әбу Бәкірдің, әзірет Омардың, әзірет Османның, не әзі-
рет Алидың ірілігін сериал не фильмдер арқылы көр-
сетпейміз? Сахабалар жайлы қалай болса солай сөйлеп
жүрген кісілер келтірген сынықтар мен жыртықтарды
жамамаймыз?
Бұлардың әрбірі оларға құрметпен қараған адам-
дардың бірер міндеттері. Исламның таза қалпында
бізге жетуінде сахабалардың орны өте маңызды. Олар
жанын аямастан дінді сақтап қалды, әлемнің шарта-
рабына жайды әрі бізге дұрыс күйінде жеткізді. Қара
қылды қақ жарған әділетті үлгілерімен әрі кең түсіндір-
мелер жасауымен дінді дұрыс түсінуге жол ашты.
Мейлі адамзаттың ардақты Тұлғасын (с.а.с.), мейлі
дінге жанашырлықпен қараған сахабаларды болсын
адамзатқа қайтадан таныту өте қажетті. Мәселені тек
қарапайым бір сияр хикаясын айту не болған оқиғалар-
ды хоронологиялық тізбекпен жеткізу түрінде қолға
алмау керек. Керісінше, әрбір оқиғаға тереңдеп барып,
барлық қырларымен соның қазіргі күнге айтарын аша
білген жөн. Бақытты ғасырды өте бір байыпты сияр
философиясымен қолға алған дұрыс. Орын алған оқи-
ғалар арқылы Пайғамбарымыздың терең әрі кең сұңғы-
лалығын (фәтанат) ашу керек.
Аса назар аудару қажет екі мәселе
Біз үшін маңызды міндет – ұмытылған, өңі кеткен
немесе бұрмаланған құндылықтарды қайта орнына
қойып, олар жайлы күмән болуына не оларды біреулер-
дің әлсіретуіне мүмкіндік бермеу. Осы себепті әуелгі
Сұрақ-жауаптар 169
кезекте назарды осыларға шоғырландыру қажет. Әркім
өзінде бар қабілет-қарым, білім-біліктілікті осы бағыт-
қа жұмылдыруы тиіс. Даусы жағымды жан ән-жыры-
мен, сөзге шешен жан айтқан сөздерімен, шығармашы-
лыққа қабілетті жан қаламымен, сценарий жазуға ма-
шықтанған жан сериал, фильмдермен Алла, Пайғамбар
және Құранға деген пенделердің іштей құрметін оятуға
атсалысуы қажет.
Бәдиуззаманның өміріне қарағанымызда, әуелі жақ-
сылап анықтап алғанын және ең маңызды мәселелерге
ынтасын шоғырландырғанын көреміз. Себебі ол – ға-
сырын жақсы таныған сирек тұлғалардың бірі. Сол
күнгі талаптармен не істеуге қажет болса соны жасаған,
иман ақиқаттарына тоқталып, жанына жиналған үш-
төрт ықыласты кісіге өте маңызды қызметтер жасатқан.
Маңыздысы, әуелгі кезекте ғасырдың кемшіліктері мен
проблемаларын жақсы біліп, өте бір зейін салумен со-
ларға қажетті шешімдер ұсыну.
Қысқаша айтқанда, әркім екінші кезекте маңызды
мәселелерді бір шетке ысырып, негізгі мәселелерге на-
зарды шоғырландыру қажет. Кері жағдайда бар проб-
лемаларды шеше алмай, айтқыңыз келгендерді айта
алмайсыздар. Сірә, біз жеткілікті көңіл бөлмей, шала
қалдырған тұсымыз да осы болар.

170 Сынық құмыра 4


ТӘБЛИҒ АДАМЫНЫҢ ЕКІ ҚАСИЕТІ

«Иәсин» сүресіндегі «Сендерден ақы сұрамайтын


және тура жолда болған жандарға еріңдер!» иләһи
бұйрықтың қазіргі дін жеткізушілер үшін беретін
мәні қандай?

«Иәсин» сүресінің екінші бетінде бір аймақ халқына


жіберілген елшілердің солармен сөйлескен әңгімесі бе-
ріледі. Өздеріне жіберілген алғашқы екі елшіге аймақ
халқы сенбестік танытқанда, Жаратушы Ие үшінші кісі
арқылы оларды қолдаған. Дегенмен еш нәрсе өзгере
қоймайды. Жергілікті тұрғындар «оларды өтірікші-
сіңдер, бізге бақытсыздық әкелдіңдер» деп кінәлайды.
Егер Аллаға шақыруларын тоқтатпаса бәрін таспен ат-
қылайтындарын, қатты қинайтындарын айтып қорқы-
тады. Міне, осы кезде «ақсәл-мәдинати» деген сөзден
байқалғандай қаланың басқа бір шетінде тұратын не-
месе аристократ екені аңғарылатын бір кісі шыға келіп,
жұртқа осы келген елшілерді тыңдап, оларға еру қажет-
тігін айтады. Айғақ ретінде елшілердің олардан ақы сұ-
рамағанын, тура жолда екендіктерін айтады. Тура әзірет
Мұсаға жәрдем беруге асыққан Перғауын әулетіндегі
мүмін кісі секілді бұл кісінің де аты аталмайды. Тәпсір-
шілер осында аталған аймақтың Антакия, жіберілген
елшілердің әзірет Исаның хауарилері, оларға жәрдемге
келген осы кісінің Хабиб Нәжжар екеніне тоқталады.
Әсіресе Хаммамидың «Иәсин тәпсірінде» тақырыпқа
қатысты мейлінше толыққанды мәліметтер беріледі. Ел
ішінде де осы ыңғайда пікір қалыптасқан. Айтқандай,
Антакияда Хабиб Нәжжарға арнап салынған мешіт пен

Сұрақ-жауаптар 171
сол мешіттің ішінде соған тиесілі кесене, қабір бар.
Құран осы жерде негізгі айтар ойына назар аударғы-
сы келгендіктен, уақыт, мекен және тұлға есімін атама-
ған. Осы себепті мәселені кесіп алып тастау жөн емес.
Құран нақты мәлімет бермеген мәселелерге келгенде
өте қырағы әрі сақ болған дұрыс. Егер қандай да бір жо-
рамал айту қажет болса, «Алла біледі» деп, ой шеңбе-
рін кең қалдыру ең дұрысы. Құран мен Сүннетте ашық
насс кездеспеген мәселелерге қатысты тәпсірлерде
жасалған жорамал мен түсіндірмелерге де осы көзбен
қарау керек. Мейлі Бәйзауи, мейлі Әбус-Сууд, мейлі
Фахруддин әр-Рази, мейлі басқа біреу болсын мәселеге
өте сақ қарап, «Ең дұрысын Алла біледі» деуде пайда
бар. Өзгеше жорамалдарды ысырып тастау құрметсіз-
дік болып табылғаны секілді, бұларды бір ғана дұрыс
деп қабылдау да жөн емес. Ең жақсысы, дұрыс болуы
мүмкін деген ықтималды кері ысырмай, бұндай жора-
малдарды жеткізгенде «оған қатысты түрлі көзқарастар
бар» (фиһи назар) деген жөн.
Тәпсір әдісіне қатысты осы қысқа түсіндірмеден
кейін Хабиб Нәжжардың сөздеріне жақынырақтан үңі-
ліп көрейік. Ол алғашқы сөзін «әй, қаумым» деп баста-
ған, бұл жерде бір жұмсақтық пен жанашырлық сезі-
леді. Себебі ол осы сөзімен қауымына көңіл бөлетінін,
мән беретінін аңғартуда. Олармен бір жерде туып-өс-
кенін, бір мәдениеттің өкілдері екенін білдіруде. Әзірет
Нұх, әзірет Һуд, әзірет Салих, әзірет Мұса секілді пай-
ғамбарлардың қауымдарына қарата айтқан сөздерінде
де дәл осы әдіс көзге түсуде. Демек, тыңдаушы сөзін
құрметпен қабыл алуы үшін оларға қарата айтылатын
қаратпа сөз маңызды факторға жатады.
Осы сөзден кейін «елшілерге еріңдер» деуде. Бірақ
осыны айтумен шектелмей мына сөздерімен елшілерге
не үшін еру керектігін де айшықтауда: «Сендерден ақы
не қайтарым сұрамаған, тұп-тура жолда жүрген осы кі-
172 Сынық құмыра 4
сілерге еріңдер!» Әуелгі ретте елшілердегі ешкімнен
ештеңе сұрамайтын көңілтоқтығына (истиғна), ештеңе
дәметпейтіндігіне назар аудартуда. Яғни былай дегісі
келген: елшілер тек қана сендерді тура жолға шақыру,
сендерге ақиқат, шындықты түсіндіру үшін сонша жол
жүріп, машаққат көріп келді, тіпті өз бастарын қауіпке
тігуде. Бірақ осыған қарамастан жасаған міндеті үшін
сендерден ешқандай ақы сұрамауда, ештеңе күтпеуде.
Айтқан ақиқаттарды мойындасаңдар сол үшін заттай
не рухани ештеңе сұрамауда. Өздерін бауырға басуды,
жататын орын да сұрамауда.
Сол секілді сендерге Жаратушыны таныту, жұмақ
жолын көрсеткені әрі жолбасшылық жасағаны үшін
қандай да бір лауазым да күткен жоқ. Жұрт құрмет-
қошеметке бөлесін, түрліше марапаттасын дегендей
ішкі қалауы жоқ. Осы себепті олардың осы шақыруына
құлақ ассаңдар, бұдан оларға келер пайда, ал өздеріңе
тиер зиян жоқ, ештеңеден ұтылмайсыңдар.
Хабиб Нәжжар екінші кезекте «муһтадун» (тура
жолда болғандар) сөзімен елшілердің тура жолда, һи-
даятта екеніне ишара жасауда. Бұдан түсінетініміз,
елшілер сол күнге дейінгі көрініс, іс-әрекет, жүріс-тұ-
рыстарымен сенімді әрі өзгелерге сенім ұялататындай
кісілік кейіп көрсете білген. Жамандық жасамаған, кү-
нәға бармаған, ешкімге тиіспеген. Қала халқы үлгілі іс-
әрекеттерін көріп, оларды жақыннан таныған. Байып-
тылығы мен мұқияттылықтарына куә болған.
Демек, олар хадистің сөзімен айтқанда, қараған
кезде Алла еске түсетін, шынайы мүміндер еді74. Себе-
бі тек теориялық тұрғыдан олардың тура жолда екенін
айтса, оның аса бір мәні болмас еді. Қала халқы оларды
жақыннан танымағанда, «Олардың тура жолда болып-
болмағанын біз қайдан білеміз?» деп айтуы мүмкін еді.
74
Ибн Мажә, Зуһд, 4.
Сұрақ-жауаптар 173
Олар міндетті түрде артқа бір із, еңбек қалдырғандық-
тан, Хабиб Нәжжар да соларға еру керектігін, артынан
ілесу қажетті кісілер екенін айғақтап, дәлелдерін алға
тартқан. Қысқаша айтқанда, елшілер бір жағы өздері
шыдаған сонша қиындықтарға қарамастан, жұрттан
ештеңе алуды күтпеген, іштей қаламаған, екінші бір
жағынан өмір сүру салтымен ғажап үлгі көрсете білген.
Елшілердің тура жолда екендігін білдіретін «муһ-
тадун» сөзі атаулы сөйлем болып, «ифтиғал» бабы-
мен келуі де өте маңызды. Атаулы сөйлем жалғастық
пен тұрақтылықты меңзейді. Сондықтан олардың еш
қылық өзгертпегенін, туралықтары ұдайы екенін көрсе-
туде. Сөздің «ифтиғал» бабымен келуі олардың һидая-
ты бойға сіңісті екенін ұқтыруда. Туралық пен дұрыс
мінез-құлықтың бойға сіңуі, үзіліп қалмай жалғасуы
өте маңызды.
Осыншалықты деңгейде ықыластылық пен
шынайылықты сақтай білу өте аз кісілерге нәсіп болған.
Ықыластылықтың шыңына жеткендер пайғамбарлар
екені күмәнсіз. Олар дінді жеткізгені үшін ешкімнен
ештеңе сұрамаған, артқа байлық қалдыруды да
ойламаған. Пайғамбарлардың соңғысы болған
Адамзаттың мақтанышы (с.а.с.) өмірмен қош айтысқан
кезінде алған қарызы үшін бір яһудиге қалқанын
кепілдікке қалдырған болатын. Пәк жұбайлары да өңеш
жалғайтындай ғана нәрсені қанағат тұтып, жұпыны
өмір кешкен.
Пайғамбар жолының шынайы өкілдері де ықылас
пен ешкімнен ештеңе күтпеуді өздеріне ұстаным еткен.
Айталық, Алла елшісінен (с.а.с.) кейін әділетті Халифа-
лар мен Омар ибн Абдулазиздың осындай үлгі көрсет-
кенін айта аламыз. Бірақ көпшілігі ықыластың шыңына
жете алмағаны шындық. Тура жол мен әділеттілікте
болғанмен, соны ең кемел түрде ұстана алмаған. Олар
ақиқатқа қаншалықты жақын тұрса, соншалықты дең-
174 Сынық құмыра 4
гейде қабыл етілген.
Бәдиуззаман «Екінші хатта» «Ақиқатты жаю үшін
пайғамбарларға еруге міндеттіміз» деген сөзімен Хабиб
Нәжжардың сөзіне қосып, пайғамбарлардың барлығы-
ның үні болып табылатын «Менің ақымды Алланың
өзі береді»75 деген аятты еске салуда. Осы себепті еш-
кімнен сыйлық қабылдамағанын айтады. Сыйлық қа-
былдамаумен қатар мейлінше қарапайым өмір сүріп,
үнемі қалай тұрмыс кешкенінің есебін беріп, өзіне сөз
келтірмеудің алдын алған. Ешкім ол жайлы «Мынаны
алды, мынаны жеп қойды, анда жинады, осыншама дү-
ниесі бар» дегендей сөздер айта алмаған. Міне, бұл –
пайғамбар ісіне қалай мұрагерлік жасау керектігін өте
бір байыпты түрде көрсетудің бір белгісі.
Тура жолда жүру және жасалған қызметтер үшін
ештеңе дәметпеу қазіргі дін жеткізуші ерлер тұрғысы-
нан да өте өміршең бір негіз. Нәтиже тұрғысынан неге
тең келсе де олардың міндеті – ешкімнен ештеңе алуды
күтпейтін хасби болу. Тіпті жасалған қызметтердегі
түпкі мақсат – жұмаққа қол жеткізу не тозақтан сақтану
да болмауы тиіс. Сұрау керек болса жұмақты Алланың
рақымы, игілігі және жомарттығы себепті сұрау керек.
Тозақтан сақтану да Жаратушы Ие азабының алдын
орайтын кең рақымы мен кешіріміне байлануы тиіс.
Алла жолында жасалған қызметтер заттай әрі руха-
ни, дүниелік не ақыреттік еш нәрсеге құрал етілмеуі
тиіс. Айталық, сіздерге алтын ыдысқа салып әкеліп
Шах Гейланилікті ұсынып, «Сен жасаған қызметтер-
дің қайтарымы осы» делінсе, айтар жауабыңыз мынау
болуы тиіс: «Жасалған қызметтердің қайтарымын осы-
ған телу өте арзан болады. Өйткені мен тек Алланың
разылығы мен сүйіспеншілігін ғана қалаймын».
Біз Алланың разылығына қол жеткізудің, Жарату-

75
«Һуд» сүресі, 11/29.
Сұрақ-жауаптар 175
шының сүйіспеншілігіне бөленудің қандай екенін біл-
мейміз. Ақыретте бұлардың алдымыздан қандай кейіп-
те шығарына да нақты көзіміз жетпейді. Алланың «Мен
сендерге разымын» деген сөзінің қандай жан рақатын
сыйлап, миллиондаған ләззатты сезімді қалай бір сәтте
бастан кешетінімізді, мың есе жаннат ләззатын бірден
қалай сездіретінін ұғына алмаймыз. Бірақ «Алла мүмін
ерлер мен мүмін әйелдерге ішінде мәңгі-бақи бақыт-
ты ғұмыр кешетін, (жайқалған жасыл бауларының
арасынан және зәулім сарайларының) түбінен өзен-
дер ағып жататын жаннат бақшаларын, әсіресе Адн
жаннатынан керемет үйлер беруді уәде етті. Ал Ал-
ланың (оларға деген) разылығы – (аталған нығмет-
тердің) бәрінен зор! Ең үлкен жетістік – міне, сол»76
деген аяттан білетініміз, Алланың разылығынан жоға-
ры, одан да биік тұрған ешқандай нығмет жоқ. Осы се-
бепті тек қана соны қалаймыз.
Иә, иман және Құран қызметі жолында еңбек етіп
жүргендердің мұраты тек қана Алланың разылығы
болуы тиіс. Олар бұдан тыс ештеңе ойламауы керек.
Қызметтерін дүниелік табыстарға, лауазым, шен-шек-
пен, атақ-даңқ, абырой-құрметке бөленуге, өзін таны-
туға себеп етпеуі тиіс. Осы ойларын әрқашан барлық
жерде тілге тиек еткені жөн. Дүниенің артынан жүгір-
мегендіктерін, басшылықты қаламайтынын, саяси мақ-
саттары жоқ екенін мүмкіндік туа қалған әр кезде ай-
тулары керек. Өйткені бүгінгі күні паранояға берілген,
қауіптеніп қарайтын жандар көп. Құлқыны бір нәрсені
дәметіп соған тұтқын болған, бар сана-сезімін жаула-
ған осындай жандар өзгелерді де өздері секілді көреді.
Оның бұлай еместігін мүмкіндік туа қалғанда айтып
түсіндіріп әрі іспен де дәлелдеп отыру аса қажет.

76
«Тәубе» сүресі, 72-аят.
176 Сынық құмыра 4
ІЗГІЛІККЕ БЕРІЛГЕН КІСІЛЕРГЕ
ТӘН МІНДЕТТЕР

П роблемалар үсті-үстіне қордаланған бір кезең-


де өмірге келгендіктен кейде күйімізге қарап
өзімізше шағым айтуымыз мүмкін. Пенде болған соң
жақсылық пен кемелдікті іздеп, өткен күндерді аңсап,
«Қап, ертерек уақытта өмірге келгенімізде ғой» дейміз.
Сезімдеріміз бізді бағыттап отыратындықтан, кейде са-
хабалар дәуірінде өмір сүргенді қалап, кейде табиғин-
дер дәуіріне көз тігіп, өстіп тарихтың даңқты парақта-
ры арасында сейілдейміз.
Негізі, адам проблемалардан қашпай, солармен
беттесуге әрі бұларды шешуге тырысуы қажет.
Жаратушы Иенің «халифа» ретінде жаратқан әрі
жер бетін жөнге келтіру үшін қызметке салған адам
баласының қазіргі күні жасайтын жұмысы көп. Бұл
жұмыстармен айналысқан пенделерін Алла екінші
бір деңгейде сахаба деңгейіне жеткізуі мүмкін. Осы
себепті біз былай деуіміз қажет: «Аллам, гүл дәуірінде
өмір сүрсем қайтер едім, білмеймін. Мені осы заманда
өмірге келтіргенің қандай жақсы болған. Саған көп
шүкір айтамын!»
Әрине, әр мүмін дінді жақсы ұстана алатын орта із-
дейді. Ой мен ұждан еркіндігі бар, діни нанымын әркім
жасырмай ұстана алатын, сенімі бойынша өмір сүріп
үлгі ретінде соны өзгелерге көрсете алатын, көзқарас,
пікірін еркін жеткізе алатын демократиялық ортаны
көп кісілермен қатар біз де армандаймыз. Дамыған де-
мократия мәдениеті орныққан елде өмір сүрудің адамға
берері мол. Бірақ, меніңше, ғасырлардан бері қараусыз
қалған қорғанды жөндеу, опырылып күйреген құнды-
лықтарды қалыпқа келтіру, ой-санадағы қисықтарды
Сұрақ-жауаптар 177
түзету арқылы адамдарды жаңадан бағытқа салу, жо-
ғалтқан игіліктерді қоғамға қайта ұсыну... қысқаша
айтқанда, өлімнен кейін қайта тірілту ісіне білек сыба-
на кірісу өте маңызды әрі жеміс беретін міндет.
Қазіргі күні бізге тиесілі міндеттердің ауқымы мен
маңызына қарап, еріксіз «Алла бізді осы ғасырда өмірге
келтіргені қандай жақсы болған!» дейміз. Себебі бұл –
пайғамбарлар аманат етіп қалдырған бір міндет. Сол мін-
деттің осы ғасырға лайықтысына (түпнұсқаның көлеңкесі
іспетті болса да) соған өкілдік ету деген сөз. Бұның ерек-
ше бір қасиет екендігі, бізге түрлі сүйінші хабар беруде
екені күмәнсіз. Адамды кемелдіктің шыңына бастайтын
бұндай қасиетке ешқашан үстірт қарамау керек.
Осы себепті әуелі қандай тұғырда тұрғанымыз-
ды әрі қандай міндеттерге жауапты екенімізді жақсы
біліп, сосын осы тұғырда болудың үдесінен шығу үшін
қолдан келгеннің бәрін жасауымыз қажет. Егер осын-
дай негізбен әрекет етсек, жақсы жолда жүріп, жақсы
баспалдақты басып, жақсы бір биіктікке шыққанымыз
анық. Адам осындай жол, баспалдақ, биіктік арқылы
қабілет-қарымына қарай мәңгілікке ашыла алады.
Ниеттің кеңдігі
Бұл мәселеде мән беру қажет басқа бір тұс – барлық
істер мен амалдардың ықыласпен атқарылуы және мін-
детті түрде Алла разылығын көздеуі қажеттігі. Бұндай
жағдайда жасалған істер әрі бөлек берекеге кенеліп, әрі
оларды жасағандар үлкен сауапқа қол жеткізеді. Ықы-
лас, тек намаз, зекет, ораза немесе қажылық секілді ғи-
бадаттарға қатысты емес. Керісінше, жасалған әрбір іс
Алла разылығын көздеуі тиіс. Адам Алла үшін істеуді,
Алла үшін бастауды, Алла үшін көрісуді, Алла үшін
сөйлеуді, Алла үшін жатуды, Алла үшін тұруды, Алла
үшін күлімсіреуді т.с.с. өмірінің мұратына айналды-
руы тиіс. Жолда өткендерге зиян тигізетін тасты алып
178 Сынық құмыра 4
тастап жатып, біреулерге жәрдем бергенде, ренжіскен
жандарды татуластырғанда, оларды ортақ істерге жұ-
мылдырғанда т.с.с. үнемі Алланың разылығын ғана
мақсат етуі тиіс. Міне, сол кезде барлық осы амалдар-
дың ақыреттегі қайтарымы өте басқаша болады.
Тағы біраз ашатын болсақ, кейде бір ғана кісіні
емдеу, сауықтыру, оның сыздаған жерін сылап-сипау,
дұғасын алу ықыласты әрі шынайы мүмінді әулиелік
деңгейге жеткізуі мүмкін. Ал Алла разылығы үшін қо-
ғамда метастаз хәліне жеткен қатерлі ісіктерді емдеу-
дің, адамзат деңгейіндегі қақтығыстарды болдырмау
үшін жобалар жасаудың қандай жалпылама убудият
екенін өздеріңіз есептеп көріңіздер!
Пайғамбарымыз (с.а.с.) – ғаламдық тұлға, яғни күллі
әлемге жіберілген. Үмбеті ретінде біздің міндетіміз –
осы ғаламдық пайғамбарлыққа өкілдік етуді қалау.
Егер осыны қалап, үнемі осы ниет пен талпыныстан
айырылмасақ, ұмтылысымызды жоғары ұстасақ, ма-
рапатымыз да соған сай болады. Себебі адамдар ниет,
талпыныс, ұмтылысына қарай марапат көреді, қол жет-
кізген жетістік пен нәтижелерге қарай емес. Неге жаса-
ған істеріміздің тар аясында Алладан қайтарым күте-
міз? Неге ниеттің кеңдігіне құлаш ұрмаймыз? Амалдар
ниетке қарай болса, Алла пенделерін ниетіне қарай ма-
рапаттайтын болса, онда бізге ниет пен талпыныстың
кеңдігін кәдеге жарату қажет шығар?!
Межені биік қойып, ұмтылыстар да биікке болуы
тиіс. Айталық, Солтүстік полюстен Оңтүстік полюске,
Антарктидадан Гренляндияға дейін қай жерде адам бар
болса, олардың барлығына бару, бұлардың барлығын
ұйыстырып, белгілі бір ортақ істерге жұмылдыру, арала-
рында ауызбіршілік пен келісім орнатуды көздеу қажет.
Бізге тән сана-сезім, ой-түсініктеріміз жетпеген әлем-
де жер қалдырмауға тырысуымыз керек. Отырса-тұрса
осындай ой-түсінікпен өмір сүрген пендесін Алла идеял-
Сұрақ-жауаптар 179
дарын жүзеге асырғандай етіп марапаттауы мүмкін.
Шынайы жағдайлармен санасу
Бұл жерде бір ескерте кететін жайт бар. Идеал мен
мақсатты биік ұстау шынайы жағдайлардан алыстап ке-
туге себеп болмауы тиіс. Керісінше, барлық мақсаттарды
жүзеге асыра алатындай бір шеңберде қолға алуға көңіл
бөлген жөн. Мақсаттар белгіленгенде міндетті түрде
уақыт, мекен және мүмкіндіктерді назарда ұстау керек.
Қандай қадам жасау керектігін дұрыс анықтап, бұларды
белгілі бөліктерге бөлген дұрыс. Егер мәселенің бір бө-
лігін болашақтағы ұрпақтарға аманаттап қалдыру қажет
болса, бұл жерде асығыстыққа жол бермеу керек.
Қысқаша, ниетті кең, мақсаттарды биік ұстаумен
қатар реалист болу да аса маңызды. Міндетті түрде сол
күннің талаптары, қолда бар мүмкіндіктер мен адам ка-
питалы, жолдағы қиындықтар, жауласқан топтардың
кедергі жасайтынын да есепке алған дұрыс. Яғни пози-
тивті полюстер мен негативті полюстердің күшін бірге
таразылап, қолдағы кадрлармен қоса қарсы шептің де
дұшпандығын елемеуге болмайды. Егер бір демде бар-
лық адамзатты дұрыстап, бір демде Кайсер мен Кисра-
ларды жермен-жексен ету секілді қияли бірқатар ой-
лармен кіріссеңіз, біршама уақыттан кейін үмітсіздікке
беріліп, меселіңіз қайтады. Өйткені бұлар пенделік әрі
әлеуметтік шындықтарға қайшы. Бүгінге дейін бұндай
төтенше дамулар ешқашан болған емес.
Адамзаттың Мақтанышының (с.а.с.) өміріне қара-
сақ, адамзаттың құтқарылуы бір демде бола қалған
жоқ, ол ауыртпалық пен қиындыққа тола жиырма үш
жылдық өмірдің жемісі. Мәселе Пайғамбарымызбен
де бітпейді. Ол кісі өмірден озғаннан кейін он бір рет
діннен шығу оқиғалары орын алып, қақтығыстар мен
бүліктер кейінгі кезеңдерде де жалғасқан. Егер әзірет
Әбу Бәкір, әзірет Омар, әзірет Осман мен әзірет Алилер
180 Сынық құмыра 4
болмаса, себептер тұрғысынан, бәлкім, бұл аманат же-
тетін жеріне жетпес еді. Өйткені олар діннен шығу оқи-
ғаларын басып, небір тоңмойын, қырсық қауымдарды
жөнге салып, қауіптерді сейілтіп, уақытша әрі шектеулі
аймақта болса да адамзаттың бір-біріне құшақ жаюына
себеп болған.
Иә, кейбір нәрселердің жүзеге асуы белгілі бір күн-
тізбеге байланысты. Бұлардың одан да жылдам жүзеге
асуы мүмкін емес. Шынтуайтында, қазіргі күні техно-
логия мүмкіндіктерінің қатты дамығаны анық, бұлар-
ды жоғары деңгейде пайдаланумен көп нәрсеге одан да
жылдам, жеңілірек қол жеткізуге болады. Бірақ сіздер
қандай мүмкіндіктерді жинасаңыз да, жекелей илхам
мен сыйға қол жеткізген Пайғамбарымыздың қасиет-
ті күшімен жүзеге асырған ықпалды жасай алмайсыз.
Осы тұрғыдан келгенде, аңсар арманды жүзеге асыру
жолында барынша реалист әрі рационалист болу қажет.
Бір ғана аңсар арманымыз
Бүгінгі күні барлық мәселелерді күдік-күмәнге негіз-
деп, үнемі паранояға берілетін, аузын әр ашқан сайын
«Кім білсін, анадай есептері бар ма, мынадай есептері
бар ма?» дейтін қаншама кісілер бар. Осы себепті қате
түсінудің алдын алу үшін бұл жерде қысқаша бір түсін-
дірме жасауды қажет етудемін. Иә, біздің бір есебіміз,
бір мұратымыз, бір мақсатымыз бар. Ол Алла разылы-
ғына қол жеткізу және бұның ең үлкен себебі ретінде
Алланы пенделерге сүйдіру, адамдарды да бір-біріне
сүйдіру ісі. Бұдан тыс бір нәрсе ойлауды тура бір өзі-
мізге харам етеміз (тыйым саламыз). Алланың разы-
лығына ғана байланған жандар теңіз жағалауындағы
виллаларға қызықпайды, атақ-даңқтың артынан жүгір-
мейді, дүниелік шен-шекпен, лауазым күтпейді. Олар
сондай бір Сұлуға құштар болғандықтан, Одан алыс-
тауды қиянат, өздеріне қорлық деп түсінеді.
Сұрақ-жауаптар 181
Әлем түгел білсін, біздің Алланың разылығынан
басқа ешқандай ойымыз жоқ. Бар дертіміз – адамдар-
да Аллаға деген сүйіспеншілік ояту, барлық адамзат-
ты сүйіспеншілік маңайында топтастыра алу. Адамдар
бір-бірін жемейтін, аяққа таптамайтын, қанамайтын бір
әлем құруға қолдау білдіру. Әркімді өз болмысымен
қабылдайтын, барын бөлісетін, өзара қолдау жасап, әл-
сіздер мен жәбір көргендерді жалғыз тастамайтын жаңа
бір әлем қалыптастыру. Адамзат жаңа бір үн естуге
мұқтаж, бұның ауа мен судай маңызды екеніне сенеміз.
Біз өзгелерді қанау дегеннің не екенін білмейміз.
Жалпы алғанда білмеу бір кемшілікке жатса да кейбір
нәрселердің білінбеуі кемелдікті аңғартады. Осы сияқты
біз алалауды, өзегінен теуіп алыстатуды да білмейміз.
Өзгеше түрлерге, ұлттарға келгенде өзімізді «түсті
ажырата алмайтын соқыр», «ұлтты ажырата алмайтын
көр» деп сипаттаймыз. Сүйіспеншілік сезіміміздің
кеңдігі соншалық – сарқырамадай буырқана ағып,
бірде-бір жабырқаған жан қалмағанға дейін баршаға
қол ұшын созғанды қалаймыз. Адамзат бір-бірімен қол
ұстасатын, мұңы мен үмітін бөлісетін, бірге күліп, бірге
жылайтын күндердің келуін асыға күтеміз.
Қысқаша айтқанда, сүйіспеншілік, махаббат және
мейірімнен тұратын жаңа бір шілтер тоқуға тырысып
жатырмыз. Көңілге сүйіспеншілік ұялап, жүрекке ма-
хаббат үстемдік етуін, адамдардың бір-бірімен аралас-
құралас болуының өте маңыздылығына сенеміз. Бұны
әлем патшалығының мыңына айырбастамаймыз. Бұл
сөздерге тек менің жеке ой-сезімім ретінде қарамау
қажет, керісінше, жалпылама сезімге тілмәш болуға
тырысып жатырмын.
Кейбіреулер бұл сөздерді өте бір утопиялық деп қа-
былдап, бізді қияли деуі мүмкін. Бірақ мынаны ұмыт-
пау керек, сүйіспеншіліктің өз деңгейінде бір кереметі
бар. Сүйіп, көңіл бөліп, кемшіліктерді кешірсеңіз, ма-
182 Сынық құмыра 4
ңайыңызда өзгеше атмосфера қалыптастырасыз. Енді
бір жағынан сүйіспеншілік тура бір сиқырлы эликсир
тәрізді. Бір жағы келеңсіздіктерге бастайтын жолдарды
«Бұл жаққа қарай жол жоқ» деп жауып, екінші жағынан
адамдарды татуластырып, бір жерге басын қосасыз.
Әлем сүйіспеншілікті жақсы көретін, жеккөрушілікті
жек көретін ерлерді күтуде. Сүйіспеншілікті өмірінің
мақсаты хәліне келтіруде жанкешті жандарды күтуде.
Сондай болғыңыз келмей ме?
Бәдиуззаман «Қайтейін, асықтым, қыста келдім.
Сендер жұмақтай бір көктемде келесіңдер» деген сө-
зімен әрі үмітімізді еселеп, әрі үрейімізді де оятып,
әрі болашақта әлемнің барлық жағына гүл бітетінін,
бұлбұлдар сайрап, гүлзар хәліне айналатынын хабар
беруде. Дегенмен жоғарыда айтылған бұндай әсемдік
бірден орнай салмайды. Егер бұл белгілі бір уақытқа
тәуелді болса, оны біз өзгерте алмаймыз. Бұл тұрғыда
рационал ойлап, мәселені жүзеге асыратын кезде бел-
гілі бір жоспар мен стратегия негізінде қолға алуымыз
қажет.
Одан да маңыздысы, жағдайлардың ауырлығына
қарамастан барлық жаққа дән себуге, барлық жақты
көктемге айналдыруға тырысуымыз қажет. Мезгілдер-
дің қиындығы, конъюктураның өзгеше болуы, әлемнің
бізге қарсы тұруы біздің жолымыз бен әдісімізді өзгер-
те алмауы тиіс. Ескен жел, соққан дауылдарға тосылып,
шашырап кетпеуіміз қажет. Әр мезгілде сол мезгілдің
талаптарына қарай жасалуы қажетті істерді жасауға ты-
рысуымыз керек. Жағдайларға қарай жоспар мен жоба-
ларымызға бірқатар өзгерістер енгізіп, жолдың жағда-
йына қарай жылдамдығымызды реттесек те бір мара-
фоншы тәрізді тоқтап қалмастан жүгіре беруіміз қажет.

Сұрақ-жауаптар 183
ТҮПКІ ОЙДЫ ҰСЫНУ

Болашақтың ой сәулетшілері сөз сөйлеуге мән беруі


қажеттігі айтылады. Осы мәселені біраз ашсаңыз.

Құран – адамзатты құтқару мазмұнымен келген


кітап. Осы тұрғыдан адамзат үшін айқын үкімдер, кең
мағыналар мен мазмұнды жолдаулар қамтиды. Бұлар-
ды өзіне тән мейлінше ықпалды әрі ғажап әдісімен ұсы-
нады. Сондықтан Құранның мазмұны, байлығы мұғжи-
за болғаны тәрізді айту күші де мұғжиза.
Егер Құран жолдауын кемшіліксіз бір әдіспен ұсын-
баса, сөзге ерекше мән беретін алғашқы кезеңнің адам-
дары кей тұста оған қырын қарар еді. Бірақ Құранның
сөзі мен әдісі жайлы тағылған қандай да бір сын біл-
мейміз. Демек, бұл тұста кемшілік таппаған. Қайта
дағдыларынан арыла алмай, аталарына көзсіз еліктеуді
қоймай, тәкаппарлықтарын тастамай, зұлымдықты до-
ғармағаны, дұрыс көзқарасқа ие бола алмағандықтары
себепті мазмұнды қабылдай алмаған. Яғни аяқтарын-
дағы шынжырлар мен мойындарындағы бұғау олардың
иләһи жолдауды қабылдауына кедергі келтірген. Осы-
ған қарамастан Құранның әдісін көргенде таңданыста-
рын жасырып қала алмаған.
Сол сияқты Расулалланың (с.а.с.) сөзіне қарасақ,
оның да өз мақсатын ғажап бір әдіспен жеткізгенін
байқаймыз. Тіпті Әбу Бәкір секілді сөз шебері оның сөз
саптауын көргенде «Осылай көркем сөйлеуді сізге кім
үйретті?» деп сұраған. Ардақты Пайғамбар сөз патша-
сы ретінде терең мағыналарды өте бір кемшіліксіз ке-
йіпте ғажап әдіспен халыққа жеткізген.
Осы себепті айтпақ болған жолдаудың қамтыған
мазмұны жақсы болумен қатар оны қандай үнмен жет-
184 Сынық құмыра 4
кізу де өте маңызды. Егер көнеден мұра болып жет-
кен құндылықтарды адамзаттың қажетіне ұсынғыңыз
келсе, оны тура бір ақынжанды әдіспен ұсыну керексіз.
Яғни бір жағы ұлы ақиқаттарды, кең мағыналарды қам-
тып, екінші жағынан бұларды биік бір сөз саптаумен
жеткізу қажет. Ол үшін білім көкжиегі кең, ойға бай,
көңілді тебірентетін әрі илхамға ашық, әрі тілді жақсы
меңгеруі, әрі сөз сөйлей білу қабілеті қажет.
Интеллектуалдар сыныбын жетілдіру
Бұл салаларда олқылық болмауы үшін айтарлықтай
элиталық әрі интеллектуалдық сынып жетілуі қажет.
Негізінде, қоғамда ілім, ой-пікір, сөз сөйлеу қабілеті-
не ие адамдар саны аз емес. Маңыздысы – дұрыс орта
қалыптастыру арқылы ерекше дарын иелерін анықтап,
бойдағы қабілеттерін шыңдау. Мысалы, ауылда өмірге
келген бір данышпанды ойлаңыз, егер оған дұрыс орта
жасалмаса, біліміне көңіл бөлінбесе, жақсы ұстаздарға
шәкірт болмаса, онда ол ары кеткенде жақсы бір малшы
не бағбан ғана болады. Данышпандығы малына жақсы
қарау, шұрайлы жер табуға ғана жарайды. Осы себепті
осындай ерекше дарын иелерінің ой әлеміміз бен биік
мұратымызға қызмет ететін тұлғаларға айналуына қол-
дан келгенді жасауымыз қажет.
Сіздер қанша тырыссаңыздар да бұл әркімнің қолынан
келе бермейді. Бірақ болашақтың интеллектуалдарын
жетілдіру үшін көп адамға салым салмасаңыздар, сіздер
қалаған адамдар жетілмейді. Сіздер интеллектуалдар же-
тілдіру үшін әрекет жасасаңыздар, бір үрдіс бастатқан
боласыздар. Көп адамға мүмкіндік беріп, инвестиция
құясыздар. Дегенмен бұлардың арасынан тек бірнешеуі
ғана сіз қалаған деңгейге жетеді. Өйткені бұл іс жеке қа-
білет-қарымды қажет етеді, әрі барынша назар аударуды
әрі ұзақ уақыт талаптану мен талпынуды керек етеді.
Одан да анығырақ айтсақ, осы жолға бас қойған
адамның әуелі жеке-дара бірқатар қабілеттерге ие
Сұрақ-жауаптар 185
болуы, іле ұзақ жыл кітаптар арасында сейілдеуі, түрлі
еңбектерге жүгінуі, түрлі мәтіндерді өзара салысты-
рып, оқығандарын анализдеп, синтездей алуы қажет.
Осы салаларда біршама артта екенімізді де айтпай кету
қиын. Өкінішке қарай, қазіргі күні логикалық бос орын
қалдырмастан, түпнұсқа еңбектер беру, ғылыми еңбектер
жүргізе алатын, жоғарғы деңгейде хикая, роман жаза ала-
тындай, сценарий жазатындай жеткілікті адамымыз жоқ.
Жазылатын сценарийлерден телесериал не фильм түсіре-
тіндей жеткілікті режиссерларымыз да жоқ.
Егер болашақта әлемде сөзіміз өтсін десек, түрлі орын-
дарда түрлі кісілер бізді айтсын десек, онда әлемнің бар-
лық жағында осы білім ошақтарының жұмысын жалғас-
тырып, болашақтың интеллектуалдарын жетілдіру қажет.
Ол істі ортақ қолға алып, әрбіріміздің қол ұшын созуы-
мызға байланысты. Мыңдаған адамды ілім жолына ба-
ғыттағанда ғана солардың арасынан шынайы ғалымдар,
ойшылдар мен интеллектуалдар шығады. Тарихымызда
бұндай адамдардың саны көп. Дегенмен олар бойлары
бір-біріне жақын таулар секілді болғандықтан, көзге көп
түсе бермейді. Батыста бұндай адамдар белгілі бір кезең-
дерден кейін жетілгендіктен, олар көбірек алға шыққан.
Біз көп құндылықтарға иеміз әрі ұлы ақиқаттарға
өкілдік етудеміз деп сенеміз. Егер әлем осы құндылық-
тарға зәру деп есептесек, осы құндылықтарды оларға
да жеткізу деген дертіміз болса, бұл істі ең жақсы түрде
жүргізе алатын адамдар жетілдіру үшін жалпылама
деңгейде ортақ іс ретінде қолға алуымыз қажет. Іс-ә-
рекетіміз тартымды, өзіміз жақсы үлгі болумен қатар
біздегі мессаджды қазіргі адамдар қабыл алатындай
форматта ұсынуға мәжбүрміз. Ол да мақсатын ашық
әрі биік өремен жеткізе алатын, ешкімнің күдіктенуіне
жол бермейтіндей сөз саптап, ойларын өте бір көркем-
дікпен жеткізетін қабілет-қарымды қажет етеді.

186 Сынық құмыра 4


Әдістің әсемдігі
Егер біз өмір сүріп жатқан дәуір ғылым мен сөз ғасыры
болса, онда соған сай қадам жасауымыз қажет. Мақсаты-
мызды еркін жеткізіп, сөздер арасындағы астарлы мағы-
наны бере алатын, бай сөздік қорымен әдебиеттің түрлі
саласында еңбек жаза алатындай деңгейде сөз сөйлеу
күшіне ие болуымыз қажет. Сана-сезімімізді жеткізерде
бізде кемшілік болмауы тиіс. Ойымызға келген мағына-
ларды жылдам өңдеуден өткізіп, ең лайықты формасына
келтіре білуіміз қажет. Көктен келген уахиға тілмәш бол-
саңдар да, оны өзіне лайықты түрде ұсына алмасаңдар,
оған деген қажетті қызығушылық тудыра алмасаңдар,
онда қарсы реакция тудырасыңдар. Сондықтан қазіргі
күні назар аудару керек мәселелердің бірі осы.
Әсіресе, әдеби әрі тыңдаушыға қарата айтылатын
сөйлеу әдісінде мәселелердің истиара, киная, мәжаз се-
кілді түрлі сөз өнерлерімен жеткізілуі аса маңызды. Бұл
мәселеде жасандылыққа бармауға мән берген жөн. Қа-
зіргі күні кейбір жазушы мен ақындардың жасағанындай
жұмбақтап сөйлеуден керемет іздеп, өзімізді айту тұр-
ғысынан фантазияларға барудың қажет жоқ. Жазылған
жайттардың түсінікті болуына мән бергеніміз дұрыс,
алайда тереңдік пен өнерді де назардан тыс қалдырмаған
жөн. Құран тереңдігінің сыры тұнықтығында жасырулы.
Ол мөлдір суға ұқсайды. Тұнықтығы соншалық – алыс-
тан қарап таяз деп ойлайсыз. Аяғымды салып көрсем,
тобығымнан әзер келетін шығар дейсіз. Алайда ішіне
кіргенде, батып кетесіз. Құрандағы тереңдік сондай те-
реңдік.
Қорыта айтқанда, ғылым мен ойға қатысты мәселелер-
ді тек жеткізуші болып қалмау керек. Оларды өзгелерге
жеткізу, естірту секілді жауапкершілікке ие болып, осы
жауапкершілікті жүзеге асырғанда, мейлінше мұқият әрі
саналы әрекет ету керек. Қай жерде, қандай әдіс қолдану
керектігін жақсы анықтап, өзіміз сенген құндылықтар-
ды басқаларға қуаныш сыйлайтындай етіп жеткізу әдісін
таңдауымыз қажет.
Сұрақ-жауаптар 187
ҚҰЛ БОЛУ ТҮСІНІГІ

Бәдиуззаман «Убудият (жасаған құлшылығымыз)


– алда берілетін нығметтер үшін емес, керісінше,
бұрын берілген нығметтердің нәтижесі» деген сөзі-
мен қандай құл болу түсінігіне тұспал жасаған?

Аллаға деген құлшылық жауапкершілігінің түрлі бас-


палдақтары мен сатыларын білдіру үшін ғибадат, убудият
және убудат деген ұғымдарға жүгінеміз. Убудат – ғиба-
датты ішкі және сыртқы талаптарын сақтай отырып, ішкі
тереңдігі және кеңдігімен орындалуы деген сөз. Басқаша
айтқанда, құл болуды жүрек пен рух өресінде жүргізу
деген сөз. Осы тұрғыдан ол мәселенің шыңын білдіруде.
Мүмкін кейбіріміз бұндай құл болу түсінігіне ешқа-
шан жете алмаспыз. Өйткені ол жасалған ғибадаттар-
ды бастан-аяқ сезінуге байланысты. Айталық, намазды
қолға алсақ, шамамен әр мүмін талаптары мен рүкін-
дерін сақтай отырып, бабына сай (тағдил әркан) намаз
оқуы мүмкін. Бірақ тура бір көкте сейілдеп жүргендей,
дәл миғражға шыққандай оны орындау баршаға нәсіп
бола бермейді. Бұл бастан-аяқ намаздың намаз екенін
сезінуге байланысты. Міне, осы убудатқа жатады. Убу-
даттың бер жағындағы нәрселерге убудият, құл болу
әрекетінің бір қажеттілігі ретінде Алла үшін жасаған
белгілі бір амалдарды ғибадат деп атаймыз.
Атын мейлі ғибадат, мейлі убудият, мейлі убудат
дейік, адам Аллаға арнаған құлшылығын жеткілікті деп
көрмеуі тиіс, осының нәтижесінде үлкен нәрселерге
қол жеткізуді ойламауы тиіс. Иә, анығында адам убу-
диятымен көп нәрсеге қол жеткізуі мүмкін. Бірақ оның
«Аллам, мен ғибадат үшін мыналарды жасаудамын,
188 Сынық құмыра 4
осыған қайтарым ретінде сен де мыналарды бер» деген-
дей нәрсе күтуі дұрыс емес. Оның орнына мүмінге жа-
расатын әрекет құл ретінде жасаған барлық амалдарын
терең шүкір мен мақтауға байлауы. Міне, Бәдиуззаман-
ның «Убудият (жасаған құлшылығымыз) – алда бері-
летін нығметтер үшін емес, керісінше, бұрын берілген
нығметтердің нәтижесі» деген сөзі осыны білдіруде.
Яғни убудиятты атқарылған кезде болашақта марапаты
берілетін іс ретінде көрмей, қайта бұрын бізге берілген
нығметтерге шүкір ретінде қабылдаған дұрыс.
Ғибадаттарды бір қайтарымға байламау
Мәселені тағы да аша түсетін болсақ, айталық, біз на-
мазымыз, зекетіміз, оразамыз, қажылығымыз және басқа
да салиқалы істерімізбен Аллаға деген құл болу жауап-
кершілігімізді орындауға тырысамыз. Бірақ бір жағынан
жасаған убудиятымыз үшін Алладан дүниелік өміріміз
жақсы болуын, бақытты отбасы құрып, алтын асықтай
бала-шаға беруін, ризық-несібемізді молайтуын, қолға
алған ісіміздің алға басуын тілейміз. Міне, убудияттың
нәтижесі ретінде осындай нәрселерді күту дұрыс емес.
Тіпті дүниелік істерді былай қойғанда, ғибадаттар
үшін жұмақ нығметтерін күту де құл болу түсінігіне бір
жағы қайшы. Өйткені жартысы ұйқымен, қалған жар-
тысы бала-шаға бағу, қалған үлкен бөлігі дүниелік іс-
термен өтетін қысқа бір өмірде мәңгілік әлемдерге қол
жеткізу мүмкін емес. Жасаған амалдардың қайтарымы
жәннат нығметтері бола алмайды. Ешкім қол жеткізе-
тін жұмақ нығметтерін өз амалдарымен қол жеткізетін
бір «құқық» ретінде көре алмайды.
Жәбірейіл періште Алла елшісіне (с.а.с.) келіп, бес
жүз жылдық өмірін бір тау басында Аллаға құлшылық-
пен өткізген бір құлдың ақыреттегі жағдайын айтады.
Бұл махшар күні қайта тірілтіліп, Алланың алдына әке-
лінгенде, Алла ол үшін «Құлымды рақымыммен жән-
натқа кіргізіңдер» деп бұйырады. Бірақ ол амалымен
Сұрақ-жауаптар 189
жұмаққа кіргісі келетінін айтады. Жаратушы Ие қайта-
дан «Құлымды рақымыммен жұмаққа кіргіңіздер» деп
бұйырады. Бірақ ол тағы да амалымен жұмаққа барғы-
сы келетінін айтады. Осы сөз үшінші рет қайталанғанда
Алла періштелерге былай деп бұйырады: «Құлымның
жасаған ғибадаты мен Мен берген нығметтерді салыс-
тырыңдар». Қараса, тек бір көздің өзі бес жүз жылдық
ғибадаттан ауыр басады. Өзге нығметтер әлі шүкірі
өтелмеген қалпы тұрады. Сонда Алла «Оны тозаққа
тастаңдар!» деп бұйырады. Тозаққа сүйрей бастаған-
да ол «Аллам, мені рақымыңмен жұмағыңа кіргіз» деп
жалбарынады. Алланың бұйрығымен періштелер қай-
тадан оны Жаратушының құзырына алып келеді. Ара-
ларында мынадай диалог өтеді:
– Сен әлі жоқ кезде сені кім жаратты?
– Сен жараттың, Раббым.
– Осы жаратуды сенің араласуың бар ма әлде то-
лықтай менің рақымымның бір белгісі ме?
– Әлбетте, сенің рақымыңның белгісі.
– Саған бес жүз жыл ғибадат жасау үшін күш пен
қуат берген кім?
– Сенсің, Раббым...
Жаратушы Ие оның есіне басқа да нығметтерді са-
лады және соның бәрін кім нәсіп еткенін сұрайды. Құл
әр жолы «Сенсің, Раббым» деп жауап береді. Соңында
Алла былай деп бұйырады: «Қалай осылардың барлы-
ғы менің рақымымның бір белгісі болса, сені де рақы-
мыммен жаннатқа кіргіземін». Сосын періштелер оны
жұмаққа кіргізу үшін бұйрық береді. Қисса біткеннен
кейін Жәбірейіл былай дейді: «Уа, Мұхаммед, барлық
нәрсе Алланың рақымымен!»77
Осыны қуаттайтын бір хадисте былай делінген:
«Ешкім амалымен жұмаққа кіре алмайды». Сахабалар
таңғалыспен: «Уа, Расулалла, сіз де ме?» деп сұрайды.
77
Хаким, әл-Мустадрак, 4/278.
190 Сынық құмыра 4
Сонда ол мына өткір жауабын айтады: «Алла рақымы-
мен кеңшілік танытпаса, мен де кіре алмаймын»78.
Негізі, Бәдиуззаман айтқан ақиқат осындай хадис-
терге сүйенеді. Осыған қарап мынаны айта аламыз,
Алла үшін жасалған ғибадаттардың мақсаты дүниелік
не ақыреттік болмауы тиіс. Бала-шаға, мал-мүлікке ие
болу үшін құлшылық жасалмайды. Тіпті жасалған ғи-
бадаттардың себебі жаннат нығметтеріне және мәңгілік
бақытқа жету де болмауы керек. Тура біз құлшылығы-
мызды жасағанда дүниелік және ақыреттік нәтижелер
туатындай ештеңе күтпеген жөн.
Мысалы, «қол жеткізілген құқық» ретінде қарау Ал-
лаға деген құрметсіздік. Өйткені бұл жерде Алланың
нығметтерін және сол нығметтердің астарындағы рақым
қолын көре алмау соқырлығы бар. Мәселеге математи-
калық логика тұрғысынан қарасаңыз, қысқа бір өмірде
жасалған азғантай ғибадатпен мәңгілік нығметтерге қол
жеткізу мүмкін еместігі түсінікті болады. Осы себепті
мүмінге жарасатын іс-әрекет құлшылығын өткен шақта
берілген нығметтерге бір шүкір ретінде көріп, дүниелік
және ақыреттік табыстарды үміт пен үрей кеше отырып,
Алланың рақымынан күтуі.
Нығметтердің жаууы
Маңайымызға барлай қарасақ, ішкі әлемімізге және
ғаламға қарап терең ой жүгіртсек, Алланың бізге бұ-
йыртқан игіліктерінің көптігін көреміз. Жасалған ғиба-
даттардың бұларға тең келуі тіптен мүмкін емес. Мәсе-
лен, Құранда «(Алла) сендерге қалаған барлық нәрселе-
ріңді берді. Алланың нығметтерін санауға тырыссаңдар,
санап бітіре алмайсыңдар. Адам өте залым, өте көрсо-
қыр»79 деген аяты осыған назар аудартуда.
Біз жоқ күйде қалып қоймай, бар етілдік. Алланың

78
Бұхари, Риқақ 18, Мәрда 19; Муслим, Сифатул-мунафиқин, 71.
79
Ибраһим сүресі 14/34.
Сұрақ-жауаптар 191
бар етіп, барлар әлеміне келтіруінің өзі жеке алдына
нығмет. Оймен сәл тереңдесеңіздер, жоқ болудың қан-
дай қараңғылық шұңқыр екенін, бар болудың қандай
үлкен нығмет екенін көресіздер. Сосын бар болумен
де шектемей, тіршілік иесі еткен. Сосын қандай да бір
жануар ретінде қалдырмай, одан да жоғары деңгейге
шығарып, ақыл мен сана иесі адам еткен. Алла өзіндегі
шексіз иләһи ілімімен ақыл, ерік және білім бергендік-
тен, құбылыстарға араласа аламыз. Бұл тұғырда да қал-
дырмай иман нығметін қоса берген.
Біз қол жеткізген қабат-қабат нығметтерді ойласақ,
Аллаға қаншалықты шүкіршілік борышты екенімізді
жақсы түсінеміз. Міне, Аллаға ғибадат еткенде осылар-
дың барлығын терең сезінуге тырысамыз. Қайтып ар-
тымызға қарағанымызда, қай жерлерден өтіп осы хәлге
жеткенімізді терең ойлап, қандай нығметтерге бөлен-
генімізді назарда ұстап, осы түсінікпен убудият мінде-
тімізді орындауымыз қажет. Жасаған және жасайтын
ғибадаттарымыз тек бізге осыған дейін берілген нығ-
меттердің шүкірі ғана болуы мүмкін екенін ойлауымыз
қажет. Анығында шүкір міндетін өтеудің өзін лайықты
түрде орындауымыз қиын. Дегенмен ең жоқ дегенде
осы түсінікке жетудің өзі өте маңызды.
Амалыңды үлкен көрме,
құлдырауға себеп болмасын
Адамның «Алла маған сансыз нығметтер бұйырт-
қандықтан оған құлшылық жасауға міндеттімін. Әттең,
мүмкіндігім болса сәлаф салихиннан кейбір кісілер тә-
різді әр түні Алла үшін мың рәкат намаз оқи алсам ғой»
дей алуы өте маңызды өре. Осыны айтқаннан кейін
сынық құмыра хикаясында болғанындай, қолымызды
жайып, былай дұға жасаймыз: «Аллам, бейшараға бей-
шаралық, патшаға патшалық жарасады». Біздің осын-
шалықты болса да құлшылығымызды Алла еселей тү-
сетініне күмәніміз жоқ.
192 Сынық құмыра 4
Біздің бұл сөзімізді жәннатты қаламай тұр, тозақтан
сақта демеуде деп түсінбеу керек. Қайта біз намаздары-
мыздан кейін жасаған дұғаларда үнемі жұмақты сұрай-
мыз. Негізі, бұны ғибадат өресінде айтып, құл болудың
бір талабы ретінде қараймыз. Бұларды Алланың игілігі
мен рақымынан сұраймыз.
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жолымен жүрген, оны
өзіне үлгі тұтқан жан Алладан өзін жаннатқа жеткізуін,
тозақтан сақтауын тілейді. Бұл бір жағы адам табиға-
тында бар нәрсе. Болмауы қажет нәрсе жасалған ғиба-
даттардың жұмаққа бару не тозаққа түспеу үшін ғана
мақсат етілмеуі және тек осылармен ғана шектелмеуі.
Біз үшін маңызды мақсат – Алланың разылығына қол
жеткізуде. Бұлардың барлығы Алланың разылығына
жетудің жанында кішкентай болып қалады. Осы себеп-
ті убудият иләһи бұйрыққа қарайды, нәтижесі Алланың
разылығы, жемісі де ақыретте. Өкініштісі, бұл жемістің
Алланың игілігі мен рақымына байланысты екенін еш-
қашан қаперден шығаруға болмайды.
Мәселеге осылай қарағанда барып пенде тәкаппарлық
пен менмендіктен арылып, Алламен саудаласу дегендей
жөнсіз қылыққа бармайды. Жасаған ғибадаттарын үнемі
аз көріп, құлшылығын еселей түседі. Барлық түндерін
құлшылықпен өткізсе де, күндізгі уақыттарда күнде
ораза ұстаса да, бар дәулетін Алла жолында жұмсаса
да ешқашан құлшылығымды тиісті деңгейде атқардым
демейді. Ғибадатын көп көру құлдилауға себеп. Не істе-
мейік бәрібір ол құлшылықтың түк емес екенін білуіміз
қажет. Осы елеусіз кішкенелерді ұлғайтып, ірілендіріп,
соларға қайтарым ретінде бізді мәңгілік нығметтерге бө-
лейтін – Алланың өзі және оның кең рақымы.

Сұрақ-жауаптар 193
БІРЛІК ПЕН ЫНТЫМАҚТЫ
ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Е дирнеде тұрған кезімде имамдықпен қатар Құран


курсында қызмет атқарып, шәкірттерге Құран
дәрісін бергім келді. Муфтият мені бір Құран курсына
тіркеді. Бірнеше рет бардым. Бірақ ол жерде шәкірттер-
дің жанында өзге топтардың адамдары бар еді. Менің
ол жерге баруымды, шәкірттермен болуымды ұнатпа-
ды. Тіпті мені шеттете бастады. Сол үшін ол жерде тәр-
тіпсіздік орын алмасын деп қайта беттемедім.
Кейбіреулер бәсекелес сезімге жеңіліп, өз жолын
жақсы көргендіктен сізбен жауласуы мүмкін. Бұл жағ-
дайда сіздің міндетіңіз – мәселені ұлғайтпау. Өйткені
алыстау мен жауласу өзара белең алса, оның залалы
үлкен болады. Бір-бірінен кері бағытқа кеткен көлік-
тердің арақашықтығы секілді екі ара ұлғая береді. Бірақ
бір жақ өз орнында тапжылмай тұрса, арадағы қашық-
тық екінші жақтың алшақтауымен ғана шектеледі.
Екі жиханның амандығы
мен жақсылығы үшін
Құран шәкірттерінің міндеті осы. Олар барлық нәр-
сені көрмеуі тиіс. Көрсе де ондай кезде не істеу керек-
тігін білуі тиіс. Хафизи Ширазидың мына сөзін басшы-
лыққа алған жөн: «Екі жиханның амандығы мен жақ-
сылығын екі нәрсе айшықтайды: достарыңа адамдық
таныту, дұшпандарыңмен бейбіт мәміледе болу».
Қате түсіну болмасын, біз жүрегінде иман бар
адамға «дұшпан» деп қарамаймыз. Тіпті бір мүмінге
қарсы ықпал жүргізудің өзін оған құрметсіздік
деп қабылдаймыз. Бірақ біреулер сізді жау көріп,
іштарлықпен үнемі сізге қарсы жұмыс жасаса,
194 Сынық құмыра 4
бейбітшілікті, бірлікті, бауырмашылықты сақтау,
тыныштыққа сызат түсірмеу үшін қолдан келгеннің
бәрін жасаған дұрыс.
Бір мүміннің іштей бәсекелес сезімі мен іштарлық
сезімі пайда болуына мүмкіндік бермеу үшін
көрсететін талпыныстары ғибадат болып саналады.
Иләһи қолдауға ең үлкен себеп болатын бірлік пен
ынтымақты сақтау үшін жасайтын барлық әрекеті
оның амал дәптеріне жақсылық болып жазылады.
Осы себепті біздің міндетіміз келеңсіздіктерді ішке
жасырып, бізге жасалған жәбір-жапаға төзе білу.
Бұл да өзімізді оңалтып, өзімізді осындай нәрселерге
дағдыландыруымызға байланысты.
Ғалым бір кісі өзіне және Рисала-и Нұр еңбегіне тиіс-
кенде Бәдиуззаман шәкірттеріне былай деген: «Әлгі уа-
ғызшы ғалым кісіге менен сәлем айтыңдар. Менің жеке
басыма айтқан сынын, қарсы уәждерін төбеме көтере
қабыл аламын. Сендер де ол кісі мен сол сияқтылар-
ды талас-тартысқа итермелемеңдер. Тіпті өздеріңе ша-
буылдаса да қарғыс айтпаңдар. Кім болмасын иманы
бар болғандықтан, сол тұста бауырларың болып табы-
лады. Бізбен жауласса да, жолымыз тұрғысынан дәл
солай қарсылық көрсете алмаймыз. Әсіресе, ілім иеле-
рінен болса, ілімнен келген бір менмендігі бар болса,
менмендігін қоздырмаңдар».
Мінезімізден танбау
Бір салада ұқсас қызметтерді жасап жүрген кісілер
болуы мүмкін. Қанша жасыруға тырысса да бұлар да
іштей қызғаныш танытып, бәсекелесуі мүмкін. Егер
өздерін өзгелерден жоғары қоятын болса, басқалар жа-
саған істерге мұрнын шүйіріп қарап, жолдарын бөгеуі
мүмкін. Бұндай жағдаймен кездескенде, біздің міндеті-
міз өзгелер не істемесін ешқашан өз мінезімізден қайт-
пай, әрқашан бізге жарасқанын жасау қажеттігі. Істің
Сұрақ-жауаптар 195
басында ешкімді бәсекелесу сезіміне итермелемеу үшін
барынша тырысып, сонда да біреулер біздің ішкі тәр-
тібімізді бұзып жатса, оған мейлінше сабыр ету. Істің
соңында біреулер өкініш сезіну керек болса, біз емес
солар сезінсін.
Егер бір күні өкініп жанымызға келіп, бізден кеші-
рім сұрайтын болса, сол күні біздің міндетіміз барынша
мәрттік таныту болуы тиіс. Олар жасаған қателіктерін
санамалап кешірім сұрамақ болғанда, біз өзімізді еркін
ұстап «Олар есімізде жоқ» дей алуымыз қажет. Олар
елу рет балағаттап, нашар тірліктер жасаған болса да,
меніңше, іс сіздерде бітуі тиіс. Өйткені иман иелері ын-
сапты болады.
Біреулердің мұсылмандарға көрсеткен жәбір-жа-
пасы Алланың ашуын тудырған болуы мүмкін. Жеке
құқық мәселесімен қатар қоғамдық құқық мәселесі де
қозғалар. Біз Аллаға тән құқықтарға араласпаймыз. Ол
қаласа кешіреді, қаласа жазалайды. Бірақ өзімізге тән
барлық құқықтарды кешіре аламыз. Бізді Тозаққа тас-
тағысы келгендерді де кешіре аламыз. Өйткені Юнус-
тың сөзімен айтқанда, «ұрғанға қолсыз, сөккенге тілсіз,
ренжігенге ренжімеу» – біздің негізгі ұстанымымыз.
Егер бұлай болмаса, қазірдің өзінде белгілері әлдеқа-
шан байқалған іште және сыртта туындауы мүмкін қақ-
тығыстардың алдын ала алмайсыздар.
Біз күнә істемеуге міндетті болғанымыз секілді, өз-
гелердің де күнә жасауына себеп болмауға жауапты-
мыз. Ешкімнің күнә істеуіне, әсіресе, тозаққа түсуіне
себеп болмау мәселесінде барынша абай әрі сақ болуы-
мыз қажет. Яғни бір жағы іштарлық секілді сезімдерден
барынша қашып, екінші жағынан өзгелердің осындай
күнәлар жасамауы үшін қолымыздан келгенді жасауы-
мыз қажет. Бұл мүмін тұрғысынан өте маңызды артық-
шылық. Бұлар барша тез түсінетін мәселелер болмауы
мүмкін. Дегенмен түсінгендер абай болуы қажет.
196 Сынық құмыра 4
Ынсап, әділеттілік және мәрттік
Мүміндер арасында ынтымақ пен бірлікті сақтаудың
немесе бірқатар келеңсіздіктердің алдын алудың ма-
ңызды жолдарының бірі – өзгелердің жақсылық үшін
жасаған игілікті істерін көру, бағалау және соған қол
шапалақтай білу. Тіпті олар бізге қол шапалақтағанын
көрген кездің өзінде де «Негізі, бұл соғуға сіздер лайы-
ғырақсыздар» деп мәрттік таныта алуымыз қажет. Өзге
топтар мен жамағаттардан кісілер келіп біз жасаған
қызметтерді мақтай бастағанда өте еркін түрде былай
дей білуіміз қажет. «Егер уақытында Мехмет Захит
Котку, Әсад Ефенди, Сүлейман Ефенди, Хажы Сами
Ефенди, Махмут Ефенди секілді ірі тұлғалардың Құран
қызметі тұрғысынан жасаған сонша еңбектері болма-
ғанда, біз осылардың оннан бірін де жасай алмас едік».
Негізі, бұл сөздер – ынсаптылық пен әділеттіліктің
белгісі. Егер біз мәселені осыншалықты қырағы алып
жүре алсақ, кейбір ықтимал келеңсіздіктердің, іштар-
лықтардың алдын аламыз. Бұл тұрғыда әрбір пікір мен
талпыныстарымыз амал дәптерімізге сауап ретінде жа-
зылады. Бұлай істемей ұдайы өзімізді назарда ұстап,
әр жетістікті өзімізге тиесілі ете берсек, Жаратушы
алдында сауаптан қағыламыз әрі өзгелерді де күнәға
итермелейміз. Мүміндер арасындағы ынтымақ пен бір-
лік бұзылып, талас-тартыстар белең алады. Онда Жара-
тушы да өзінің қолдауын тоқтатады.
Өзін ұлы іске арнаған ерлер қызмет үшін қай сала-
ларда болып-болмауға шешім қабылдарда да ауызбір-
шілік пен ынтымақты назарда ұстауы тиіс. Егер бұған
дейін белгілі бір салаларда қызмет жасап жатқан кісілер
болса, кейде сол салаларды соларға қалдырғанымыз
жөн. Әр қадам жасарда өзгелердің қытығына тимеуді
мейлінше жіті ойластыруымыз қажет. Осы күнге дейін
бұл мәселеге барынша қырағы қарап келдік. Егер басқа-
Сұрақ-жауаптар 197
лар қызмет жасап жатқан салалар екенін байқасақ, сол
істерді соларға қалдырып, өзіміз басқа жаңа қызмет са-
лаларын іздедік. Аллаға сенген жан өзгелер жасап жат-
қан жақсылықты істерді оң қабылдайды, іштарланбай-
ды, әсіресе оларды сол жолдан тайдыруға тырыспайды.
Ары кетсе Құранда айтылғандай солармен «жақсылық-
та жарысады»80. Сауапта бауырларынан артта қалып
кетпеу үшін көбірек жүгіреді. Бірақ жақсылықта жарыс
пен қызғаныш ұғымдары бір-біріне өте жақын шекара-
лас. Егер сәл байқамаса, аяғы тайып, екінші жаққа өтіп
кетуі бек мүмкін. Бұған жол бермеудің жолдарының
бірі – жасаған қызметтерде қажет болса өзгелерге қол-
дау білдіру. Мәселен, өздері қалаған жетістікке жете
алмағандарға жолбасшылық жасауы мүмкін, жол көр-
сетсе болады, тіпті сапалы кадрлар бере алады. Осы-
ның арқасында іске нәпсі араласпауын, бірқатар нашар
ойлардың араласпауын қадағалайды. Әрине, бұлардың
бәрін жүзеге асыру оңай шаруа емес. Байыпты ойлану-
ды, өзіңді жеңуді талап етеді. Сондықтан бұндай мә-
селелерде бір-бірімізге жақсылық ойлап, бір-бірімізді
оңалтуымыз қажет. Бас қосқан кездері ойдағы қателік-
терді түзеп, адамдарды үнемі ықылас, кішіпейілдік пен
сыпайылыққа бағыттауымыз қажет. Өзгелер бұл мә-
селеде басқаша ойлауы мүмкін, ол біздің шаруа емес.
Маңыздысы – өзіміздің қай жерде тұрғанымыз әрі не
істегеніміз. Біз бір жағы дұрыс жолда жүріп, дұрыс ба-
ғытты үлгі етіп көрсетуіміз қажет, екінші жағынан бір-
қатар жобалар жасап немесе жүзеге асырарда өзгелер-
дің сезім-күйлерін де есепке алуымыз керек.

80
«Бақара» сүресі, 2/148; «Маида» сүресі, 5/48.
198 Сынық құмыра 4
ТҮЗЕТІП-ДҰРЫСТАУШЫ ЕРЛЕР
АРҚАЛАЙТЫН ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕР

М одернизмнің әркімге де айтарлықтай ықпалы


болады. Мұсылмандар да осы ықпалдан арыла
алмады. Теологтардың дінді түсіну және жорамалдау
формаларында да осы ықпалды көруге болады. Нәти-
жеде айтарлықтай өзгешелену орын алды. Өз құнды-
лықтарымыздан алыстадық.
Жаңадан тағы бір рет негізінен тармақтарына (усул,
фуруғ) дейін өз құндылықтарымызға қайтамыз ба, қайт-
паймыз ба, тағы бір рет дінді өз тұнығына қайтару мүмкін
бола ма, болмай ма білмеймін. Бірақ мынаны айта аламыз:
Қирату зор болғандықтан, үгіліп түскен бөліктерді жи-
нақтау, бұларды қайтадан о бастағы күйіне келтіру ұзақ
уақыт алатын реставрацияға байланысты. Мүмкін бұл іс
бір ұрпаққа бұйырмауы мүмкін. Өйткені уақыт, конъюк-
тураның шарттары маңызды. Әркім өз үнін істің ішіне қо-
суда. Жаханданған әлемде, пайда болған хордың ішінде
өз әуенімізді, өз үнімізді таба алуды оңай деуге келмейді.
Бұндай дамулар уақытқа байланысты.
Үлгі көрсету мен дінді жеткізуде әдіс
Бұндай жағдайда оңдап-дұрыстаушы ерлер проб-
леманы жақсы аңғарып, уақытқа сай соны жөндеуге
тырысуы аса маңызды. Олар әуелі Исламды кісі қызы-
ғатын әрі тартымды жақтарымен кемел түрде үлгі етіп
көрсете білуі тиіс. Артынан ешкімді қинамастан, жеңіл-
дікке негізделген дінді ауырлатпастан, жұртты қашыр-
мастан, әдісті детальға қатысты мәселелерге құрбан
етпестен, ақиқат-шындықты мұқтаж жандарға жеткі-
зуі керек. Баста отбасылық өмірімізден бастау арқылы

Сұрақ-жауаптар 199
мемлекет деңгейінде әрі адам әлемінде әуелі зарурият
пен хажият деп білінетін негізгі мәселелерге тоқталып,
деталь үшін таласқа бармағаны жөн.
Негізі, бір мұсылманның міндеті – дінге тән барлық
мәселелерді сүннетінен әдебіне дейін өте бір кемелдік-
пен ұстану. Бірақ бұларды басқаларға жеткізерде Пай-
ғамбарымыздың (с.а.с.) кеңестеріне сай жеңілдетіп әрі
сүйіншілейтін бір әдіспен жеткізуіміз керек. Негізгі
(усул) мәселелерде еш кемшілік жібермей, ал детальға
(тафарруат) қатысты мәселелерде табандап тұрып алмау
қажет. Осындай мәселелерге тіреліп, адамдарды діннен
суытпау керек, маңайымыздан қашырмау қажет, қайта
үнемі тартымды, ұнамды бола білуіміз қажет.
«Қара құрдым» деген түсінікті мұсылмандарға қа-
тысты қолдану өзіме ұнамаса да былай деп айтуға бо-
лады: мұсылмандар қара құрдымдар секілді бір тарту
күшіне ие болуы тиіс. Негізі, қара құрдымдар жанында-
ғы барлық нәрсені өзіне тартады. Міне, мүмін ойымен,
ойлау әлемімен, зердесімен, логикасымен, жақсы үлгі
болуымен, ешқашан солып қалмауымен осындай тарту
күшіне ие болуы тиіс. Өзін көргендер «Уаллаһи, бұл
кісі өтірік айтатын кісіге ұқсамайды» деуі тиіс.
Әркез ұстаз Нежип Фазылдың бір сөзін айтып ке-
лемін. Ол мүмін шақпақ қант секілді болуы керектігін
айтатын. Теңіздерге, мұхиттарға тастасаңыз да олар-
ды шәрбатқа айналдыратын – шекер қанты. Мәселені
Бәдиуззаманның сөзімен байланыстыруға болады. Ол
«Менің бір жерде бір шәкіртім бар болса, сол жақты
өз есебімде бері қараттым деп есептеймін» деуде. Бұл
қандай зор түсінік! Өзі өмір бойы осы айтқан сөзіне сай
әрекет еткен. Кемелдікке барар жолда кедергі ол үміт-
сіздік екенін айтып, адамдар бұндай батпаққа ұрынбау
үшін қолынан келгеннің бәрін жасаған.
Егер өзіңіз сенген, ұстанған және үлгі етіп көрсеткен
құндылықтар жүйесінің адамдардың дүниесі мен ақы-
200 Сынық құмыра 4
реттік өмірі үшін мәні бар деп ойласаңыз, бұл тұрғыда
сараңдық жасамауыңыз қажет. Қайта өте жомарт бо-
луыңыз керек. Кітаптар, симпозиумдар ұйымдастыру
арқылы бар ой-түсініктеріңізді қазіргі күннің жағдайы
мен адамдардың түсінік өресіне сай жеткізуіңіз керек.
Бұлардың барлығы да сіздерге тән жауапкершіліктер.
Бұл тұста Алланың бізге берген еркін толықтай кәде-
ге жарату қажет. Қолдағы аз қаражатымен үлкен істер
атқаруға тырысқан кәсіпкер не саудагер тәрізді әрекет
етіп, жасайтын қадамды жақсы есептеп, қалауымызды
соған сай етуіміз қажет.
Әлемде бейбітшілік ауанын қалыптастыру
Бұлармен қатар өмірін ізгілікке арнағандардың тағы
бір жауапкершілігі қазіргі адамдар тойымсыздықпен
бір-біріне шабуылдап, бір-бірін жеп қоюға асығып, со-
ғыстармен елдерді бөлшектеген кезеңде адамдар ара-
сында берік көпірлер құрып, өте күшті байланыс жіпте-
рін түзіп, сөйтіп барлық әлемде жалпы бір бейбітшілік
атмосферасы орнауына үлес қосу. Барлық адамзаттың
әзірет Адамнан тарағанын тағы бір рет еске салып,
адамша өмір сүрудің жолдарын көрсетуге қатты қажет-
тілік бар. Егер ұдайы жауластық пен қақтығыстарды
қоздырып, барлық жақта өлтіретіндей қарулар өндірген
әлемде бұндай бейбітшілік атмосферасы құрылмаса,
ешкім қауіпсіздік, сенім және бақытта өмір сүрмейді.
Төбелесу, бір-біріне тісін қайрау, бір-бірін жеу, бір-
бірінің жасағанын қирату, деспоттық жасау, адамдарға
гегемония орнатудың орнына оларға бауырларша бө-
лісу өресін көрсету қажет. Бірақ бұны қазіргі әлемнің
талаптарына қарай жасаған дұрыс. Бәдиуззаман «Өткен
хәл жарамсыз, жаңа хәл керек не жоқ боламыз» дейді.
Осы тұрғыдан барлық әлемде бейбітшілік орнату үшін
жолға шыққан кісілердің міндетті түрде жаңа заман-
ның керегіне қарай әрекет етуі және осыған қаншалық-
Сұрақ-жауаптар 201
ты қол жеткізе алса, шындықтан алыстамастан соны
қамтамасыз етуге тырысуы қажет.
Осылардың барлығы өте жақсы жетілген кадрлар
арқылы жүзеге асатынын естен шығармау қажет. Олар-
дың материалды әрі рухани дайындығы жақсы болуы
тиіс. Ақыл, ой-пікір, логика тұрғысынан белгілі бір ке-
мелдікке жетуі әрі жақсы білімді болуы, шариғи әрі ға-
ламдық заңдылықтарды дұрыс зерделей алатын, дұрыс
пайым жасайтын әрі барлық нәрсені өз орнына қоя ала-
тын болуы керек.
Ғаламдық бұйрықтарды Құран бізге ұсынған көзқа-
рас тұрғысынан дұрыс зерделей алуы тиіс. Натуралист,
позитивист және материалист көзқарастардан арылып,
ғаламдағы барлық нәрсені Жаратушымен байланыстыра
білуі тиіс, бұлардың Жасаушысы жайлы әрі Алла есебін-
де қандай мән иеленетінін жақсы пайымдай білуі тиіс.
Яғни олардың ой, сана әлемі табиғатпен қатар метафизи-
каға да ашық болуы тиіс. Себебі оң-солдан жинақталған
мәліметтерді мағрифат-танымға айналдыра білуі тиіс әрі
яқин мәртебелерімен биіктей білуі осыған байланысты.
Дайындық әрі метафизикалық
күйді сақтай білу
Алланың атын асқақтату (иғла кәлиматулла) жолын-
да жүгіргенде метафизикалық шабытты күйді сақтау
және дайындықта жүре білу аса маңызды. Маусымдар-
дың ыңғайсыздығына қарамастан әрқашан жанды әрі
сергек болып қала білуіміз қажет. Қыстағы қатты аязға
да, шөлдегі ми қайнатар ыстыққа да солып, реңімізді
жоғалтып алмауымыз қажет.
«Жақсы сөзді Алланың қандай мысалмен түсін-
діргенін көрдің бе? Жақсы сөз бейне бір тамыры
жерге терең тартқан, бұтақтары көкке жеткен мәуе-
лі ағаш сияқты. Ол ағаш Раббысының рұқсатымен
202 Сынық құмыра 4
үнемі жеміс береді»81 деген аятта айтылған ағаштай
төрт мезгілде де реңін сақтап, ұдайы жеміс беруіміз
қажет.
Мынаны да айта кеткен жөн: қол жеткен табыстарды
сақтап ұстап тұру о баста соларды табудан да қиын. Әре-
кет-талпыныстарыңызбен белгілі бір білім жинап, мағри-
фатуллаһ пен мухаббатуллаһ өресінде белгілі бір деңгейге
жетуіңіз мүмкін. Бірақ кейінірек лауазым, шен-шекпен тә-
різді көзтартар қызылды-жасылды дүниелер алдыңыздан
шығуы мүмкін. Бірқатар қысым мен қатыгездікке душар
болғанда, бағытыңызды өзгертуіңіз мүмкін. Қорқыту ар-
қылы сізді бірқатар құндылықтарыңыздан бас тартуға
мәжбүрлеуі мүмкін. Жайлы өмірді жақсы көру, тәнқұмар-
лық секілді кеселдерге ұрынуыңыз мүмкін. Қызғаныш,
іштарлық, көреалмаушылыққа тап болуыңыз мүмкін.
Осы тұрғыдан аяғың таймастан, құламастан, шіріместен
ұдайы сергектігіңді ұстап қала білу өте маңызды.
Алла аңсар-арманымызға айналған мәселелердің
жүзеге асуын қандай жағдайларға байланысты еткенін
толықтай біле алмаймыз. Бұл ақиқат белгілі бір дең-
гейге, дайындыққа қол жеткізуге немесе сол деңгейді
сақтап қала алумен тікелей байланысты емес пе? Сол
деңгейге жеткенде Алла біз қалаған нәтижелерді бір-
ден жүзеге асыра ма? Әлде иләһи қалаудың басқа бір
көздегені бар ма? Бұлардың ешбірін біле алмаймыз.
Алланың мәліметінде барлық нәрсенің белгілі бір уа-
қыты бар. Әрқашан біз қалаған нәтижелерді жаратпауы
мүмкін. Неде болса біздің міндетіміз, дайындық-деңге-
йімізді сақтап, аманатқа ие болып, жауапкершілігімізге
алған міндеттерімізді кемшіліксіз орындау ғана. Себебі
аятта ашық айтылғандай, адам үшін тек таза еңбегінің
нәтижесі ғана бар82. Одан тыс нәрселердің бізге қатысы
жоқ. Соңын жарату – Аллаға тән іс.

81
«Ибраһим» сүресі, 14/24-25.
82
«Нәжім» сүресі, 53/39.
Сұрақ-жауаптар 203
МЕНМЕНДІК ТОРЫ ЖӘНЕ ЫҚЫЛАСТЫҢ
ОРТАЛЫҚТАН ТАРАЙТЫН КҮШІ

А дам кейде орын алған нәтижелерге қарап жақсы


істер жасадым деп ойлап, бұл өзіне сондай кір-
шіксіз болып көрінуі мүмкін. Бірақ ең пәк болып кө-
рінген ой-түсініктердің ішінде де күнә өзіне орын таба
алады. Айталық, «Бұларды біз жоспарладық, біз жаса-
дық» дегендей ойлар нейрондарымызға шабуылдаса,
онда жасаған ісімізді кірлеткеніміз. Бұл мәселеде тура
бағытта болу мейлінше қиын. Өте үлкен істер жасаса-
ңыз, әлемді қолға қаратсаңыз, жер астындағы қазына-
ларды тапсаңыз да артынан іштей «Осы істердің жүзе-
ге асуында біздің де үлесіміз бар» дегендей ой келсе,
ұтыласыз.
Жарату ісі серіктестікті қабылдамайды
Істің бастапқы кезінде адамның еркі, ықтияры ма-
ңызды. Осы себепті оның міндеті – дұрыс таңдау
жасап, нәтижеге бастайтын барлық себептерді орын-
дап, іске үлкен қажыр-қайрат салуы. Бірақ міндетін
орындағаннан кейін Алланың қолдауы ретінде жүзеге
асқан істердің нәтижелерін иеленбей, оған өзін қатыс-
тырмауы. Себебі ғаламдағы барлық жағдайларды жа-
ратушы – Алла. Бұл серіктестікті қабылдамайды. Бұл
жерде серіктесу ойына бару Аллаға бір жағы серік қосу
болып табылады.
Алла нәсіп еткен нығметтерді пенделер өздеріне тели
бастағанда бәрінен айырылады. Біршама уақыт істің
басындағы ықыластың орталықтан тарайтын күшімен
шеңбер кеңейе бастаса да, ықыластылық жоғалғанда
ол сәлден кейін тоқтайды. Бұл мүбәрак іске ықыласпен
бастағаннан кейін егер өз менін осы іске араластырса,
204 Сынық құмыра 4
мейлі ол үлкен әулие болса да ерте ме, кеш пе бір
орында тұралап қалады.
Осы себепті Бәдиуззаман ең жоқ дегенде он бес
күнде бір рет ықылас рисаласын оқуға кеңес берген.
Адамның эгодан арылуы, жеңіл ширк болып табыла-
тын «біз» түсінігіне жақындауы, сосын одан да шына-
йылыққа барып бізді де қойып, «һуәға» (Ол Алла) бай-
лану да өте маңызды.
Жүрген жолымыз – тәухид жолы. Алланың бар
және бір екеніне қатысты ойларды қайтадан тірілту
жолы. Өйткені оның негізгі динамикалары жылдар
бойы бәсеңсіп, көбі оны ұмытқан. Білу керек, тәухид
жолында ширк ойымен жүруге болмайды. Егер бұндай
жолда бірқатар мәселелерді Алладан тыс нәрселерге,
себептерге, эгоға байласаңыз, біршама уақыттан кейін
Алла оларды қолыңыздан алады. Тұрғыздық деп ойла-
ған кезде бәрі қирап, өзіңіз үйіндінің астында қаласыз.
Осы себепті Алланың нығметі мен игіліктері молайған
сайын Аллаға деген байланыс та күшейіп, Алладан өзге
барлық нәрсе ойдан шығуы тиіс.
Бәдиуззаман себептердің орнын мына сөздерімен
тұжырымдайды: «Алланың ұлылығы мен абыройы
ақыл назарында себептер құдіретті перделегенін қа-
лайды, ал тәухид пен жәлал шынайы ықпал тұрғанда
себептер пердесі арадан түрілгенін қалайды», басқа бір
тұста «Нәзік істермен құдіреттің қатысы сырттай бай-
қалмауы үшін перде ретінде себептер қойылған». Бай-
қалғандай, себептер тек бірер перде ғана. Адам ақыл
нығметіне бөленіп, ең ардақты жаратылыс ретінде жа-
ратылған болса да оның іс-әрекеттері тек себеп қана.
Сондықтан «һуәнің» (ол) орнына «менді» қою – Аллаға
деген үлкен құрметсіздік.
Адам бұл мәселеде ең кішкене қате ойдың өзіне
де бармауы тиіс. Өйткені бұл ой бірте-бірте ұлғайып,
адамды эгоистке айналдырады. Іс осы жерге дейін кел-
Сұрақ-жауаптар 205
ген болса, адам өз қолымен жасаған осы ірі пұтты енді
өз қолымен оңайлықпен қирата алмайды.
Алла «мен» дегенді жақсы көрмейді
Жаратушы Ие бір аятта былай дейді: «Сендерді де, жа-
саған амалдарыңды да жаратқан Алла»83. Адам бұны
әрқашан сезінбеуі мүмкін. Кейде пайда болған жемісті өз
еңбегіне телуі мүмкін. Бірақ бұны аңғарған кезде дереу
истиғфар айтып, қате ойлардан арылуы керек. Қиялын
бұндай ойлармен кірлетуге мүмкіндік бермеуі тиіс. Қа-
зірге дейін «мен, мен» деген адамдар арасында жетістікке
жеткен ешкім болмаған. Бұндай пенделер бір жерге дейін
істі жеткізсе де, еш ойламаған жерден омақаса құлайды.
Егер өмірге бажайлап қарасаңыз, сіз де «өте керемет істе-
дім» деген небір істеріңіздің соңы дұрыс аяқталмағанын
көресіз. Өйткені бұлар Алла құзырында ұнамсыз ойларға
жатады. Алла «мен» дегенді ұнатпайды. Осы себепті жа-
саған қызметтерде жетістікке жеткіміз келсе, барлық істі
ықылас аясында жүргізуіміз керек.
Нәпсі өзін еркін сезініп, жасаған жетістіктерімен
мақтанғысы келеді. Құранда әзірет Юсуфтың дегенін-
дей, нәпсі тек жамандыққа шақырады84. Осы себепті
оған сенім артуға келмейді. Кейбір нәрселерді нәпсі
үшін жасап, нәпсіге байланған кезде, жасалған істердің
қадірін түсіріп, ықпалын азайтамыз. Нәпсі үшін жа-
салған істер ақыретте де кем болып тұрады. Сіз әлемді
қолға қаратсаңыз да, нәпсі үшін әрекет еткен болсаңыз,
Жаратушы Иеден оған еш марапат ала алмайсыз.
Оның үстіне менмендікке негізделген бұндай әре-
кеттердің ықыласты құлдардың қарсы реакциясын, ан-
типатиясын оятып, сізбен бірге жол жүріп келе жатқан
адамдарды да іштарлық пен қызғанышқа итермелейті-

83
«Саффат» сүресі, 37/96.
84
«Юсуф» сүресі, 12/53.
206 Сынық құмыра 4
нінде күмән жоқ. Өзін және жасаған істерін ұнататын
бір пенденің сол мөлшерде өзгелерді де ұнатпайтынын
айта кету керек.
«Азырқану ғибадаты»
Бер жағынан жасалған кішкене істердің өзі ықылас-
пен жасалғанда іріленіп кетеді. Алла үшін жасалған
ешқандай кішкене нәрсе кішкене емес. Мәселен, Пай-
ғамбарымыз (с.а.с.) бір күлімсіреуге дейін жасалған
ешбір жақсылықты азырқануға болмайтынын айтқан85.
Иә, Алла үшін жасалған ешбір ұсақ істі кішісінбеу
керек, дегенмен бер жағынан өз есебімізге, жасалған ең
үлкен істердің өзін ұсақ деп қабылдау қажет. Бір мүмін
жасағысы келген барлық іске осылай қарауы қажет.
Жасаған ешбір істі ірі көрмеу керек. Әрі Алла үшін жа-
саған ғибадаттарын әрі мағрифатын, әрі иғла кәлима-
туллаһ жолындағы талпыныстарын азырқануы керек.
Алла үшін бөлген уақытты, дінді насихаттап жеткізу
бағытында жұмсаған талпыныстарын жеткілікті деп қа-
рамауы тиіс. Негізі, бұндай ой өзгеше бір тұрғыдан ғи-
бадат болып саналады. Бұны қаласаңыздар «азырқану
ғибадаты» дейік. Егер ірілік туралы айтсақ, ол жасалған
істердің адамзат үшін жасалып әрі тек Алла разылығын
көздеуінде жатыр. Өйткені біз Алланың кішкене әрекет-
ке де үлкен жетістіктер нәсіп ететініне бек иланамыз.
Айталық, сіздің бір кезеңде шынайы ниетпен ашқан
бір-екі студент үйін ілгеріде үлкен ашылуларға себеп
етуі мүмкін. Шашқан тұқымдарыңыз бүр жарып, ағаш
хәліне айналып, барлық жақта бұтақ сала бастайды,
бірте-бірте әлем гүлстанға айналады. Дән сепкеннің өзі
белең алған осы нәтижені көргенде таңданады. Бірақ
іс жасалғанда ниет Алланың разылығы үшін деп жаса-
лып, ешкім сол істер арқылы өздерін көрсетуді мақсат

85
Мүслим, Бирр 144; Әбу Дәуіт, Либас 25.
Сұрақ-жауаптар 207
етпеуі тиіс.
Нәтиже тұрғысынан мынаны айтуға болады, жа-
салған игі істердің кері қайтарымына мән бермей, өзін
араға қоспай, дүниенің соңына түспей, таза ниетпен
қызмет еткен кісілерді Алла үлкен жетістіктерге жеткі-
зеді. «Фатх» сүресінің алғашқы аятында айтылғандай,
олардың жолын ашып, алдарынан даңғыл жол шығара-
ды, тар жолдарды даңғыл жолдарға айналдырады.
Енді бір жағынан «еңбек етіп жатырмын, шапқы-
лаудамын, һижрет етудемін, үлкен қиындықтарға шы-
даудамын. Осыншама жанқиярлық жасадық, қайтары-
мы қайда сонда» деген ойға берілген, өрмекші тәрізді
өз әлемін тоқығысы келген жандар болса тоқыған сол
ауына өздері түседі. Ол – менмендік ауы. Бұлар бір рет
осы ауға шырмалғаннан кейін қайтып ол жерден шыға
алмай, өзгелерге жем болады. Алла баршамыздың со-
ңымызды жақсылық еткей!

208 Сынық құмыра 4


САТЫЛАУ ӘДІСІ

Алла елшісі Мекке мен Мәдина кезеңдерінде жағ-


дайға қарай әртүрлі әдіске салып дінді жеткізген,
бұның кейінгі кезеңдер үшін берер мәні қандай?

Құран Кәрім бір мезетте емес, жиырма үш жылдық


уақыт аралығында аз-аздан түсіп отырды. Әлі жаһилия
кезеңін бастан кешкен немесе одан жаңа шыққан адам-
дардың оңалтудан өтуі және бірте-бірте кемелдікке
бет түзеуі үшін бұл аса маңызды еді. Құран қоғамдағы
жалпы жағдайды негізге алып, конъюктура нені талап
етсе, соған қарай үкімдер түсірген. Алла ғибадат пен қа-
рым-қатынас нормаларына (муамалат) тән жауапкерші-
ліктерді бір демде адамдарға жүктей салмаған. Айталық,
намаз бен зекеттің бұйырылуы белгілі бір үрдісті негізге
алып, дағдыландыру жүзеге асқан. Пайыз бен ішімдіктің
тыйым салынуы секілді үкімдерге қарағанда да осыны
көреміз. Алла бұларға бірден тыйым салмай, белгілі бір
аралықтармен түсірген, түрлі аяттармен қоғамды дағды-
ландырып барып үкімін білдірген.
Меккелік және Мәдиналық аяттар
Мекке мен Мәдина кезеңдерінде түскен аяттарға қа-
расақ, бұлардың арасында маңызды айырмашылықтар
бар. Мекке кезеңіне қарағанымызда, әлі адамдардың
жаңадан Исламға кіре бастағаны, мұсылмандардың
саны әлі аз екені, уахи тыңдаушылардың көбінің араб
пұтқатабынушылардан құралғаны байқалады. Бұлар
аталарының дініне соқырлықпен жабысқан, барынша
қыңыр әрі тоңмойын жандар еді. Аталарынан не көрсе
соны істеу, еліктеушілік бойларына әбден сіңген бо-
Сұрақ-жауаптар 209
латын. Осы себепті Құран түсірген аяттармен ұдайы
олардың осы қисық дағдыларына назар аудартып, тәу-
хид ақиқатына басымдық беріп, сенім негіздеріне жиі
тоқталған.
Мәдина кезеңінде болса Алла елшісінің маңайында
ақырын-ақырын Ислам жамағаты қалыптаса бастады.
Мұсылмандардың алдында тек пұтқа табынушылар
ғана емес, яһуди мен екіжүзділер де болды. Сол себепті
аяттар да осы конъюктураға сәйкес түсе бастады.
Айталық, пайыз мәселесін қолға алар болсақ, Құран
Кәрім оған һижраның 9 жылы тыйым салып, пайыз
жеушілер жайлы мынадай қатаң ескерту жасаған:
«Өсім жейтіндер (бес күндік дүниеде пайдаға кенел-
дік деп ойласа да, қиямет күні қабірлерінен) бейне
бір шайтан ұрып жынданған адамдай түрегеледі.
Бұл олардың: «Сауда-саттық тура өсім сияқты», –
деп айтқандығынан. Әйтсе де Алла сауда-саттықты
адал, ал өсімді харам қылды. Кімде-кімге Раббы-
сынан (өсімнің харам екеніне қатысты) қандай да
бір нұсқау, ескерту келіп, өсімнен дереу тыйылса,
бұрынырақта өсімнен тапқан табысы өзіне тиесілі
болып қалады. Ал ісі Аллаға тапсырылады (яғни
Алла қаласа, тәубесінің шынайылығына қарап, кү-
нәсін кешеді). Ал кім (Алладан келген нұсқауға қа-
рамастан) өсімді адал санап, қайтадан өсімқорлық-
қа салынса, міне, солар – тозақтықтар, олар сонда
мәңгі-бақи қалады»86.
Бірақ бұған дейін пайызға қатысты түскен аяттармен
ойды дайындап, адамдарды бірте-бірте одан суытып, со-
ңында жоғарыдағы аяттармен оны нақты харам еткен.
Тақырыпқа қатысты келген алғашқы аятта Алла парыз
бен зекетті салыстырып, былай деген: «Өзгелердің мал-
дарымен артсын деп пайызға берген ақша сырттай
86
«Бақара» сүресі, 2/275.
210 Сынық құмыра 4
артса да Алланың құзырында артпайды. Алайда Ал-
ланың разылығын қалап берген зекеттер Алланың
құзырында берекеттенеді»87. Кейінгі аяттарда өткен
шариғаттарда да пайыздың харам етілгеніне назар ау-
дарып, пайыз жегені үшін яһудилер сыналып, жаһилия
әдеті ретінде қордан еселеп пайыз алуға тыйым салы-
нып, соңғы ретте де аталған алғашқы аятпен нақты әрі
міндетті тыйым келген. Тура пайыз секілді ішімдіктің де
харам етілуі төрт деңгейде жүзеге асқан.
Бақытты ғасырдан кейінгі
уақыттағы сатылай енгізу әдісі
Жаратушы Ие Исламды толықтырып әрі кемелдік-
ке жеткізгеннен кейін біз осы үкімдердің бірқатарына
көз жұмып қарап не жасырып қала алмаймыз. Шари-
ғи үкімдердің нөлден бекітілуі және көрініс беруі тұр-
ғысынан сатылай әдісі бір ретке тән жүзеге асқан. Дін
толыққаннан кейін «Құранның үкімдерінің бірқатарын
адамдарға жеткізейік, бірақ өзгелері туралы жақ ашпа-
йық» дегендей ой ешқашан дұрыс болмайды.
Бұған қоса, сатылау әдісіне негізделген осы шариғат
философиясы дінді насихаттаушылар үшін ұстанатын
әдіс пен тәсіл тұрғысынан да маңызды ақиқаттарды
ұқтыруда. Әсіресе толықтай діннен алыстап, өз мәде-
ниеті мен төл дүниетанымын жатсынып, тура бір ара-
лық (фатрат) кезеңді бастан кешкен адамдарға Құран
мазмұны ұсынылғанда, міндетті түрде алдымен ретін
қойып алу керектігіне дәріс береді. Міне, әуелі қай
жерден бастауды, сосын қандай жолды ұстану керекті-
гін көрсетеді. Өзгеріс оңайлықпен жүзеге аспайтынын,
үйреншікті дағдылардан арылудың белгілі бір уақытқа
тәуелді екенін білдіреді.
Діни құндылықтардан мейлінше алыстаған адам-
87
«Рум» сүресі, 30/39.
Сұрақ-жауаптар 211
дардың екінші бір жаһилия кезеңін бастан кешкені ай-
тылса, меніңше, әсірелеу емес. Кейде көшеде сұқбат
алу кезінде де байқалғандай, мұсылман бір елде өмір
сүрген адамдардың көбі иман шарттарынан хабарсыз.
Сондықтан әуелі қаншалықты бұзылған әлемде өмір
сүріп жатқанымызды аңғарып, сосын Пайғамбарымыз
(с.а.с.) істі қай жерден бастаған болса, сіз де сол жерден
бастайсыз.
Белгілі болғанындай, ардақты Пайғамбарымыздың
меккелік мүшріктерге айтқан алғашқы нәрсесі «Лә
иләһа иллаллаһ» деп құтылыңдар»88 болған. Алғашқы
уақытта тіпті өзін де назарға бермеген. Өйткені біреу-
лердің ойына «Мүмкін ол рухани айғақтар қолдану
арқылы бізге билік жүргізбек пе?» дегендей түрлі ой
келуі мүмкін еді. Өзін назарға ұсынуы қарсы реакция
тудыруы кәдік еді. Бірақ пайғамбар болмаса, арқасын
иләһи бір күшке сүйемеген бір адамның онсыз да осын-
дай күшті кепілдік беруі, ақыретте құтқарылуды кепіл-
деуі мүмкін болмас еді. Мықты қайнаркөзге сүйенбе-
ген жанның айтқаны ауада қалып қояр еді. Осы себепті
негізі ол осы сөзімен астарлап оларға көктердің арғы
жағындағы тылсым әлемнен хабар жеткізіп тұрғанын,
яғни өзінің пайғамбарлығына да баса назар аудартып
тұрған еді. Ақылы барлар Алла елшісінің не дегісі кел-
генін еркін түсіне алатын. Бұл пайғамбар парасаты мен
сұңғылалығының бөлек бір қырын құрайтын мәселе.
Бәдиуззаман да мәселеге иманнан бастаған. Ең-
бектерінде бастан-аяқ иман ақиқаттарына тоқталған.
Әсіресе өз құндылықтарын жатсынған пенделерге ал-
ғашқы болып айтылатын мәселелер иман ақиқаттары
болуы тиіс. Бұл бірақ ғибадат, қарым-қатынас нормала-
ры (муамалат), жүрек пен рух өмірі туралы айтпайық,
күнә мен харамдар туралы жақ ашпайық дегенді білдір-

88
Ахмед ибн Ханбәл, әл-Муснад 3/492, 4/63, 41\341, 5/371, 376.
212 Сынық құмыра 4
мейді. Қайта адамдардың деңгейін назарға ала отырып,
міндетті түрде осы мәселелердің де түсіндірілуі қажет.
Бұл жерде маңызды болғаны – тыңдаушының деңгейі-
не қарай алдымен және кейіннен не айтылуы керекті-
гін дұрыс анықтауда. Кімге нені қашан айту керектігін
жақсы білген жөн. Дінге қатысты әрбір мәселенің ай-
тылуы маңызды міндет болумен қатар алдымен айты-
луы тиіс мәселелерді алдыға шығара білу де өз алдына
бір жауапкершілік.
Ұлы ақиқаттарды ұсынарда жүгінетін әдіс
Енді бір жағынан дінге тән мәселелерді ұсынған-
да қолданылатын әдістің де өте маңызды екенін істен
шығармаған жөн. Қазіргі уақытта мұсылман екенін
айта тұра діннен, иманнан алыс жүрген небір пенделер
бар, олар сізге өздерінің шарапханасы, дәмханасы не
пұтханасына тіл тигіздірмейді. Олардың құрмет тұта-
тын тотем, иконаларға тіл тигізбестен айтатыныңызды
айтуыңыз қажет. Айталық, адамдарды Ислам тыйым
салған өсім, арақ, құмар ойындары, зина секілді харам
істерден алыстатқыңыз келеді. Дереу іске Құран мен
Сүннетті араластырып, бұларды тікелей діни бұйрық-
тар ретінде алға тартсаңыз, қарсы реакция тудырасыз.
Оның орнына бұндай мәселелерді денсаулық, экономи-
ка, қоғамдық құндылықтармен байланыстыра түсіндіре
аласыз. Яғни бір дәрігердің тілімен сөйлеп, ғалымдар
келтірген мәліметтерге, статистикаларға жүгінсеңіз бо-
лады, сонда қарсы реакция тудырмастан өзіңіздің айт-
пақ болған ойларыңызды жеткізесіз.
Кім білсін, бүгінге дейін қаталдық, дөрекілік, жөн
білмеу, әдістегі қателіктерімізбен қанша адамды өзіміз-
ден бездірген шығармыз. Кейде жиырма жастардағы
жұлқынып тұрған кезімді еске аламын, бәлкім, біреу-
лердің шамына тидім бе, сөзбен көңіліне тидім бе деп
өзімді кәдімгідей жауапқа тартамын. Бірақ қайтесіз,
Сұрақ-жауаптар 213
қалай болғанда да бізге жол көрсететін ешкім болмады.
Осы мәселелерді ешкім түсіндірген жоқ. Керісінше, біз
дінге сенбейтін, пасық, күнәһар, залымдарды жек көру
керектігін көп естідік. Діни құндылықтардан алыста-
ған, күнәлармен былғанған адамдар жайлы ылғи да
ұнамсыз нәрселер айтылатын. Түпсанамызға осындай
жайттар сіңіп, нейрондарымызды солар жаулап алды,
сөйтіп ой-санамызға өз ықпалын тигізді. Кейде сол күн-
дерді ойға алып, өзгеше ойлайтын немесе өзгеше өмір
сүріп жатқан пенделердің жағасына жармаспағанымыз
қандай жақсы болған деймін. Алла бізді сақтапты, қор-
ғапты. Әйтпесе оның өтемін еш төлей алмас едік.
Шынтуайтында, қазірдің өзінде де осы мәселелерге
келгенде дұрыс ойдамыз ба, жоқ па, кім білсін?!
Жат иісті ойлардан толықтай арылдық па өзі?
Мәселелерді анаушы, мынаушы деп бөліп-жармай
қарастыра аламыз ба? Белгілі бір кезеңде иман
мен Құран қызметін жүргізген кісілер аз әрі әлсіз
болғандықтан, оларға бір аванс беру мақсатында
бірқатар анаушы, мынаушы деген ат беріліп, айдар
тағылып, оларға бір құрмет жасалса керек. Бірақ бұлар
иман шарттары секілді негізгі мәселелер емес. Бір
кісі мен «пәленшелерденмін», «түгеншелерденмін»
демесе, діннен шықпайды, Пайғамбарымыздың (с.а.с.)
алқасынан айырылып, қатардан шығып қалмайды.
Тіпті өзі ерген тұлғадан да айырылып қалмайды. Сірә,
осы мәселелерде де айтарлықтай қателіктеріміз болды.
Ал анығында тереңірек ойланып, құшағымызды
кеңірек ашқанымызда болар еді. Қатаңдықты бір шетке
ысырып, одан да мейірімдірек әрі мейірбан болсақ
болар еді. Жүрегімізді баршаға ашық ұстап, барлық
жаққа ұйытқы салсақ болар еді. Біреуі жарамағанмен,
басқалары іске жарар еді, бәлкім.

214 Сынық құмыра 4


ПЛЮРАЛИЗМ

П люрализм жаханданған әлемде ең көп айтыла-


тын ұғымдардың біріне айналды. Ұғым ретінде
ол жаңа заманға тән болғанмен, Ислам жақсы ұстанған
дәуірде оның аты болмаса да заты өмірде болды. Мү-
міндер түрлі сезім, ой-пікірлерге құрметпен қарап, бар-
шаға толеранттылық танытты.
Әуелі білу керек нәрсе, Алла назарында ең айтулы
топ болған сахабалар кезеңінің өзінде толықтай біртұ-
тастық болған жоқ. Олардың арасында небір өзгеше ба-
ғыттар мен өзгеше пікір иелері болды. Бір ғана әзірет
Омар мен Әбу Зәрр немесе әзірет Әбу Бәкір мен Біләл
Хабашидың өміріне қарасаңыз, араларында қандай
үлкен айырмашылықтар болғанын көресіз. Ал анығын-
да әрбірі бір бұлақтан шөл қандырған, бірдей рухани
азықты қабылдаған, бір мақсатқа бет түзеген жандар
еді. Дегенмен осыған қарамастан тұжырым, түсінік
және өмір салттарында айтарлықтай айырмашылық-
тар бар. Сол сияқты кейінгі кезеңдерде де мұсылман-
дардың ой жүйелері мен өмір салттары Құран, Сүннет,
ижмағ және қияс секілді негізгі дәлелдер немесе осы-
ларды толықтыратын ғұрып, әдет, маслахат пен истих-
сан секілді фарғи (кейінгі деңгейдегі) дәлелдер аясын-
да қалыптасса да, көптүрлілік жалғасын тапқан. Олар
ойлау мен өмір салтын айқындайтын бірдей дереккөз-
дерге сүйенсе де, кездескен проблемаларға көбіне өзге-
ше шешімдер ойластырған.
Мәселен, бір қайнаркөзге сүйеніп, өте ықылас, кір-
шіксіз әрі шынайы ижтиһадтар жасап, араларында ұс-
таз-шәкірт қатынасы болуына қарамастан Имам Мәлік
пен Имам Шафиғидың немесе Имам Шафиғи мен
Ахмад ибн Ханбәлдің ижтиһадтары арасында қанша-
Сұрақ-жауаптар 215
лықты айырмашылық бар. Тіпті екеуі де Имам Әбу Ха-
нифаның дәрісханасында өскеніне қарамастан, Имам
Мұхаммед пен Имам Әбу Юсуф бір-бірінен мүлдем
өзгеше көзқарастар айтқан. Өйткені әр адамның жан
сезімі, ұғымталдығы және тұжырым жасау қабілеті
әркелкі. Құран мен Сүннетке сай өмір сүрген мұжта-
һидтар арасында осыншалықты әркелкілік болса, ал
қарапайым халық арасында қандай әркелкілік боларын
өзіңіз шамалаңыз.
Мұсылмандар әртүрлілікті, хадисте де айтылғандай,
Жаратушы Иенің бір рақымы ретінде көріп, құрмет, то-
леранттылықпен қабылдаған89. Қоғамдағы осыншама
өзгешеліктер олардың бірлігі мен ынтымағына сызат
түсірмеген.
Бейбіт қатар өмір сүру тәжірибесін дамыту
Негізі, өзгеше мәдени орталарда пайда болған адам-
дардың өз түсінік, ерік және ойларына қарамастан, өз-
гелермен ынтымақ пен бірлікте өмір сүруге тырысуы
ғибадат сауабына кенелтеді. Өйткені адам өз табиға-
тына қайшы келетін әртүрлі іске қарсы реакция көр-
сетеді. Өзгеше түсінік пен пайымдарға қарсы реакция
көрсеткісі келеді. Бұндай жөнсіз сезімдерге жол бер-
меу кәдімгідей талпынысты қажет ететіндіктен, сауабы
үлкен. Алла елшісі де (с.а.с.) мүміндерді қоғам болып
өмір сүруге ынталандырып, оларға жамағаттан (көпші-
ліктен) айырылмауға кеңес берген.
Әртүрлі өзгешеліктерге қарамастан, адамдардың бір
қоғамның мүшесі ретінде өзара бірлік құрап, ынтымақ-
та ғұмыр кешуі, баршаны өз болмысымен қабылдап, өз-
гешеліктерге толеранттылық танытуына байланысты.
Бұндай көптүрлілік түсінігі – Алланың рақымының бір
89
Ахмад ибн Ханбәл, әл-Мүснад 5/63; ән-Нәсаи, әс-Сунанул-
кубра 5/486; әт-Табари, әл-Муғжамул-кәбир 7/63.
216 Сынық құмыра 4
белгісі. Оған кері мағына: адамдарды қысыммен, тоқ-
пақпен басқаратын, баршаны бір шеңберде өмір сүру-
ге күштейтін тирандық не деспоттық. Бұл болса негізгі
құқық пен еркіндіктерге қауіп төндіріп, қабілеттерді
тежеп, қоғамды тұйыққа тіреп, әлемнен шектейді.
Мұсылмандар жаханданған бір әлемде тар жерге
қамалып, әлемді жатсынып, дәуірінен алыстап қалуды
қаламаса, өзгеше мәдениеттермен ықпалдасуға өтіп,
әлемге ашылуға мәжбүр. Бір жағы кездескен адамдар-
ды өздеріндегі құндылықтармен таныстырады, екінші
жағынан өзгеше мәдениеттерден де үйренері болады.
Бұл осылай, дегенмен бір дінге сенетін, бір құбыла-
ға бет түзеп, бір мәдени ортада өскен адамдар арасын-
да да айтарлықтай талас пен өзгешеліктер туындайтын
болса, өзгеше дін, тіл, ұлт пен мәдениеттерге ие адамдар
бір жерге бас қосқанда тілге тиек етілген талас-тартыс-
тардың одан да көбейе түсері ықтимал. Міне, осы жерде
мұсылмандар әуелі бір ауыл хәліне келген әлемде бейбіт
қатар өмір сүру мәдениетіне ие болудың қажеттілігін тү-
сініп, сосын өзгеше дін мен мәдениеттерге ие адамдар-
мен бейбіт қатар өмір сүру тәжірибесін жетілдіруі қажет.
Ол үшін адамзатқа ортақ түсініктерде пікір тоғыстырып,
ортақтастыратын нүктелерді табу, әркімді өз ерекшелігі-
мен қабылдау секілді негіздер өте маңызды.
Мүлдем өзгеше сана-сезім, ой-түсініктерге ие адам-
дармен қоян-қолтық өмір сүре бастаған қазіргі әлемде
кейбір мұсылмандар көптүрлілік себепті діни құнды-
лықтарда бірқатар кері кетулер белең алады деп алаң-
дап, бұл мәселеде қандай ұстанымда болу керектігін
біле алмауда. Тіпті кейбірі «өзгеше» кісімен жауласып,
радикал әрекеттерге баруы мүмкін. Әуелі мынаны тү-
сінген жөн: мұсылмандар өзгеше дін, мәдениет өкілде-
рімен жауласып, соғысып, ешқандай пұшпаққа шыға
алмайды. Одан гөрі жасалуы керек іс, Жаратушы Иенің
адамды адам ретінде бағалауы тұрғысынан өзгелермен
Сұрақ-жауаптар 217
сыйластықта болу қажеттігі.
Көптүрлілікті байлық есебінде көре білу
Көптүрліліктің шындық екенін мойындау және соған
қарай қоғамды бейімдеу, бірқатар пайым-түсініктер-
ге қарсы шектеу қоюға, оппозициялық түсіндірме жа-
сауымызға кедергі емес. Өзгеше дүниетанымдық көз-
қарасқа ие адамдармен бір ортаны бөлісу, тіпті олармен
қоян-қолтық араласуымыз олардың барлық ойларын
қабылдадық не мақұлдадық дегенді білдірмейді. Осы
жағдай олар үшін де сондай. Олар да біздің бірқатар
пікірлерімізге қарсы түсіндірме жасауы мүмкін. Ма-
ңыздысы осы көптүрлілікті қақтығысқа себеп етпеуде.
Тіпті қоғамдық үйлесім мен бірлікті сақтау үшін мүм-
кіндігінше өзгешеліктерді артқы планға ысырып, ортақ
тұстарды алдыға шығару керек.
Әуелгі кезекте адамға тек қана адам болғаны үшін
құрмет көрсетіп, өзгешеліктерді бір шындық ретінде
қабылдауымыз, сосын реалист әрі рационалист ретін-
де әрекет жасап, жаханданудың үдесінен шығуымыз
қажет, ол бізді өз құндылықтарымыздан жанқиярлық
жасап, қия басуға душар етпеуі тиіс. Біз қаншалықты
мұсылман болсақ, бұны еш күмәнданбастан барлық
жерде ұстана алуымыз қажет. Біз діни құндылықтары-
мыздан, исламдық түсініктерімізден, тіпті ихсан түсіні-
гімізден қияс кетпеуіміз керек. Бірақ бұларға ешкімді
күштемегеніміз жөн. Маңыздысы, адамдардың өзгеше-
ліктерді сақтап, тіпті бұларды бір байлық ретінде қа-
былдап, бейбіт қатар өмір сүруді үйренуі.
Күштеу, мәжбүрлеу болмаса болды, адамдардың
сенген құндылықтарын жіті ұстануы мәселесіне өте
мұқият қарап, байыпты әрекет жасаулары құрмет көр-
сетіп, тіпті мақтауға тұрарлық әрекет. Айталық, өзге дін
өкілдерімен бір басқосу кезінде егер уақыт кірсе, еш кі-
дірместен сол жердегі кісілерден рұқсат сұрап, намазы-
218 Сынық құмыра 4
мызды оқып алуымыз қажет. Мен бүгінге дейін дініміз-
ге тән құлшылықтардан бірге болған кісілердің мазасы
қашқанын байқамадым. Қашан ол кісілерге «Рұқсат
етсеңіздер, намаз оқып алсақ» десек, бұған құрметпен
қарады. Дінді ұстануда адамдардың еркін болуы, ашық
әрі таза қатынас жасауы араластыққа көлеңке түсірмей-
ді, қайта өзара сенімді нығайтады. Қоғам мүшелері ара-
сында қаттылық, қатаңдық және бірбеткейлік секілді
кеселдер мен өзгелердің кері реакциясын тудыратын-
дай бірқатар әсіреліктер орын алмаса болды.
Жамандықтармен күресте мүмінше әрекет
Кейбіреулер плюрализмді әртүрлі әсірелік, адасу
мен арсыздықты мойындау ретінде көргендіктен, оған
қарсы шығуда. Расында кейбіреулер тым еркінсіп,
тәрбиесіз қылықтарға құқым бар деп қарауы мүмкін, оны
демократия мен еркіндіктің бір талабы ретінде санауы
мүмкін. Бір мүмін дұрыс деп білген әрі құптайтын іс-
әрекеттері белгілі. Бірақ біздің бір нәрсені қате санап,
оны қабылдамауымыз өз құқымыз, өзгелердің құқы
және қоғамның құқығына тиіспейінше, сол әрекеттерді
жасағандармен күресуіміз қажеттігін білдірмейді.
Мәселен, Пайғамбарымыз меккелік мүшріктермен
әрі мәдиналық екіжүзді әрі яһудилермен ұзақ уақыт
бірге бейбіт өмір кешкенінен қарамастан, осыған үлгі
көрсеткен.
Ал сонда қате деп есептеген іс-әрекеттерге еш көңіл
бөлмейміз бе, соларға жол беріп қарап отыра беру керек
пе?
Біз бұларды айтқанда, жамандықты көргенде үнсіз
қалуды, ештеңе істелмеуі керектігін меңземейміз.
Әрине, мүміндер әуелі жақсы үлгі болуы тиіс, сосын
мүмкіндігіне қарай дұрыс деп білген ақиқаттарын
айтып жеткізуі тиіс. Әрқашан жөн-жосығына сай,
адамдардың жан сезімін есепке ала отырып, реакция
Сұрақ-жауаптар 219
тудырмайтындай кейіпте жасалуы қажетті істерді
ынталандырып, жасалмауы тиіс нәрселерді ескерту
мүміндердің негізгі міндеттері қатарында. Бұл жерде
айтқымыз келген негізгі мәселе, біреулер демократия
мен еркіндіктің талабы ретінде қабылдаған өмір салтына
қоғамдық үйлесімдікті бұзатындай не бүліктерге себеп
болатындай деңгейде жауласқан әрекеттерге бармау.
Әйтпесе келеңсіздіктерге күшті қарсы қойсаңыз,
болашақта түзеу, дұрыстау үшін жасалатын жақсы
істердің де қазірден жолы кесіледі.
Қазіргі күні әсіресе Батыс әлемінде мұсылмандарға
қарсы айтарлықтай антипатия бар екені сөзсіз. Соған
байланысты кейбір мұсылмандар Батысты жек көруде.
Бұлар бірге бейбіт түрде өмір сүруге кедергі келтіретін
түсініктер. Бірақ бұл жерде мұсылмандардың өзгелерді
кінәламас бұрын өздерін есепке алғаны қажет. Өйтке-
ні бұның әуелгі себебі біздің уақытында оларға жетіп,
өзімізді дұрыс түсіндіре алмағандығымызда. Осы бір
қателігіміз қазіргі күні үлкен мәселелердің орын алуы-
на себеп болуда. Егер біздер ат төбеліндей ғана хауари-
лар секілді жылдам түрде әлемнің шартарабына тарап,
Исламды шын мәнінде үлгі етіп көрсете білгенімізде,
қазіргі күні осыншалықты деңгейде келеңсіздіктермен
бетпе-бет келмес едік. Адамдар Ислам жайлы басқаша
ойлап, ең жоқ дегенде мұсылмандарды анағұрлым дұ-
рысырақ таныған болар еді.

220 Сынық құмыра 4


КІШІПЕЙІЛДІЛІК ЖӘНЕ ЫҚЫЛАС

К ішіпейілділік – адамның жүрегіндегі сезім мен


хәлдің бірі. Кішіпейіл болу әркімнің өзін кіші
көруі деген сөз әрі Алла есебінде өте бағалы. Осы ұлы
қасиетке ие болған жанды кішіпейіл екен деп жата-
мыз. Кішіпейілділік көбіне іс-әрекеттен көрінсе де тек
қана сырттай көрінген әрекеттерге қарап әлдекімнің
кішіпейіл болып-болмағандығын топшылай алмаймыз.
Айталық, кейбірінің намазда алдыңғы қатарда тұруы.
Маңыздысы бұның қандай оймен жасалғандығында.
Бұл жерде мән беру қажет тұс кісінің ұдайы өзін іштей
бақылап отыруы, әрқашан сезімталдығын аңдауы және
өмірін соған сай сүруі. Кішіпейіл жан өзгелердің өзіне
тағзым етуінен де басын алып қашады. Жасаған бір істе
өзгелердің оны биік тұғырға қондырғанын ұнатпайды.
Шынтуайтында, хадистерде мешітке ерте барудың
және имамның дереу артында сапқа тұрудың артық-
шылығы айтылады. Объективтісі осы. Біздің айтқымыз
келгені мәселенің кішіпейілдік пен тәкаппарлыққа қа-
тысты жағы. Сондықтан субъективті ойларға жатады.
Бірақ кісі осы шынайы ойлары үшін де сауап алуы мүм-
кін. Айталық, мешітке ерте келе тұра сол артықшылық-
ты басқа бір бауыры иеленсін деп артқы жаққа өткен
жан мәрттік танытқаны және Алла есебінде қабыл бо-
латын бір амал жасайды. Бірақ осындай мәрттік жасау-
дың өзінде де ұдайы бірдей нәрсені істей беруі дұрыс
болмауы мүмкін. Біршама уақыттан соң өзін көрсетуге
айналып кетуі кәдік.
Мүмін жасаған ісі қандай болмасын өзін көрсете
бастаған кезде дереу сол хәлден арылуды білуі қажет.
Өмірін мейлінше кішіпейілділік, мейлінше қарапайым-
дылық, мейлінше ұяттылықпен өткізуге табанды болуы
Сұрақ-жауаптар 221
тиіс. Алайда бұларды формамен шектемеу керек. Себебі
белгілі бір форма мен белгілі бір іс-әрекет қалыптарынан
аспайтын кішіпейілділік түсінігі адамды аңдамастан өзін
назарға ұсыну секілді комплекске ұрындыруы мүмкін.
Бұл мәселеде адамның мәмілешіл болуы және рух хәліне
қарай шешім қабылдауы қажет. Іс-әрекет, қимылдардың
заттық қандай да бір қадірі жоқ. Олардың бағасын арт-
тыратын нәрсе – ішкі ниет пен ішкі шешімдер.
Ұжданның берген үкімдері
Адамды ең жақсы танушы сол адамның өзі. Яғни ұждан
айнасы. Ұждан қателеспейтін таразы, сынақ тас тәрізді.
Осы себепті адам түрлі іс-әрекеттерінде соны өлшем етіп
алуы тиіс әрі соған қарай әрекет жасағаны жөн.
Қайтадан намаз мысалын берер болсақ, біреу бар
ұжданында «Алда тұруға мен еш лайық емеспін» деп,
осындай оймен артқы қатарға өтеді. Яғни іштейгі кіші-
пейілділік сезімі оған осыны жасатады, кішіпейілділігі
осындай түрде көрінеді. Артқы қатарға өткен басқа бі-
реудің ойы болса, өзгелерге «Пәлен кісі не деген кіші-
пейіл. Мешітке ерте келе тұра намазда артта тұр» дегі-
зу. Бұны ашықтай ойламаса да өте әккі бір ой аңдаусыз-
да оның санасына бекиді. Сондықтан кісі амалын өзіне
естіртуге байлағандықтан, ұтылады.
Мынаны жақсы білген жөн, адам – ниеттерінің, ішкі
қиял мен ішкі жоспарларының адамы. Іс-әрекеттеріне
реңк пен өрнек беруші осылар. Амалдар осылармен
бағалы әрі тереңдікке құлаш сермейді немесе толық-
тай қадірін жоғалтады. Бір хадисте айтылғандай адам
соғыс алаңында жанын салып соғысады. Бірақ ол «Көр-
сетейін нағыз батырдың қандай боларын» деген ойға
шырмалғандықтан, жасаған амалы Алланың жанында
ешқандай бағаланбай, жұмаққа бір табан болса да жа-
қындай алмайды, керісінше, тозаққа беттейді.
Басқа біреу Қарун секілді бай, қазынасын соңғы тиы-
222 Сынық құмыра 4
нына дейін жұмсаған. Бірақ ол «Не деген мәрт. Міне,
жомарттық деген осындай болса керек» деп айтқызуды
ойға алса, ол жасаған амалдар босқа кетті деген сөз. Ілім
иесі болу, жақсы сөйлей алу, жазу жазу не өлең оқу се-
кілді басқа да амалдар мен ерекше қасиеттерді осымен
салыстырсаңыз болады. Сіз небір ғажап қызметтерді жа-
саған болсаңыз да, егер сол жасаған істердің ішіне сәл
ғана өзіңізді таныту, көріну не біліну туралы ойлары-
ңызды қосқан болсаңыз, осы жасаған амалдарыңыздың
бәрі бекерге кеткені. Осы себепті барлық амалдарда әуел
мен ақыр болған Алла разылығын мұрат етіп, бар ниет
тек қана Алланың разылығын алуға ұмтылу болуы тиіс.
Іс-әрекеттерін ұжданның сүзгісінен өткізбегендер,
ұдайы өзін жерден алып жерге салмағандар Алланың
алдына барғанда барып бастарын төпелейтін болады.
Біздің міндетіміз қай істе болмасын ниеттің кіршіксіз
тазалығын сақтай білу қажеттігі.
Адамзаттың жақсылығы үшін көп жақсы істер жа-
сауыңыз мүмкін. Айталық, газет пен журнал шығарып,
телеарна құрып, жасаған істерде жетістікке жетуіңіз
мүмкін. Бірақ сіз бұлармен менді көбірек алға шығару-
ға тырысқан болсаңыз, жасаған осы істердің барлығы
ақыретте бетіңізге ұрылып, ұтылумен аяқталады. Себе-
бі Аллаға сүйенбеген ешбір істің жетістікке жетуі мүм-
кін емес. Рия мен сумғаның90 иісі шығатын іс сізге де,
дінге де, ұлтыңызға да жақсылық-опа әкелмейді. Егер
негізінде ықыластылық пен шынайылық жоқ болса, уа-
қытша жетістікке жеткенмен, оның истидраж91 екенін
жақсы білу қажет.
Өтірік – кәпірдің сөзіне жатады
Егер дүниеде және ақыретте жаманшылыққа душар
90
Рия: жұрт көрсін деп істеу, Сумға: жұрт естісін деп істеу (ауд.)
91
Истидраж: соңында жазалау үшін Алланың пендесіне сол істі
жасай түсуіне мүмкіндік беріп қоюы (ауд).
Сұрақ-жауаптар 223
болуды қаламасақ, барлық амалдарымызды Алла көріп
тұр деген сана-сезіммен, барынша ықыласты әрі шына-
йылықпен орындауымыз қажет. Ихсан түсінігіне бай-
ламастан ешбір сөз айтпау қажет, не сөз жазбау қажет,
не бір іс істемеу керек. Ең қарапайым мимикаларымыз-
дан кірпік қаққанға дейін әрбір іс-әрекетімізде міндетті
түрде Алланың разылығын ойлауымыз қажет. Өйткені
оған байланбаған барлық амалдар жалған. Стамбулды
алсақ та, Чалдыран жеңісіне қол жеткізіп, Мержидабык
не Ридания сапарына шықсақ та жалған. Менің осы сөз-
деріме қарап, Фатих не Явуз қате іс жасады деп ойлап
қалмаған жөн. Бұл ірі тұлғаларға жалған еш жараспай-
ды. Ішкі әлемімізді бақылауға қатысты перспектива бе-
руге тырысып жатырмын.
Мынаны да айта кеткен жөн, ақырзаманда Мұхаммед
үмбеті душар болатын бәленің ең айшықты белгісі
– өтірік. «Дәжжал» сөзі де өтірікші дегенді білдіреді.
Тіпті бұл сөз араб тілінде күшейтпелі шырайды білдір-
гендіктен, орташа өтірікші үшін айтылмайды, айтқан
өтірігіне өзі де сенетіндей кәсіби өтірікшіге айтыла-
ды. Оның жасағандары иман үшін, Ислам үшін, ихсан
үшін, ұлтқа жақсылық жасау үшін жасалғандай болып
көрінсе де ықылас пен шынайылыққа сүйенбеген үлкен
өтірік болғандықтан, болашақ үшін берген уәделері де
өтіріктен тұрады. Өтірік болса, кәпірдің сөзіне жатады,
мүмінге жараспайды.
Өкінішке қарай, өтірік дәуірімізде шайтанның ең
үлкен ойыны мен тұзағының бірі күйіне келді. Мейлі
сөзбен, іспен, ойша не қиялда шайтан осы дәуірде өті-
рік аргументін қолдану арқылы көпшілікті алдауда әрі
жолдан шығаруда. Шынайы мүміннің міндеті, үнемі
адалдықтың соңында болып, өтіріктен жылан мен
шаяннан қашқандай қашу.

224 Сынық құмыра 4


НЕНІ ТАҢДАЙМЫЗ?

«Тәубе» сүресінің 24-аятын қалай түсіну қажет?

Сұрақта айтылған аят мынау: «(Уа, Мұхаммед!


Оларға): «Егер де әкелерің, балаларың, бауырла-
рың, жұбайларың, туған-туыстарың, тапқан-таян-
ған мал-пұлдарың, тоқтап тоқырауға ұшырауынан
қорқатын сауда-саттық кәсіптерің және өздеріңе
ұнайтын үй-жайларың сендер үшін Алладан, пай-
ғамбарынан және Оның жолындағы күрестен сү-
йікті һәм маңызды болса, онда Алланың пәрменін
(алапат азабын) күтіңдер. Алла (қу дүниені жанын-
дай жақсы көретін) азғын қауымды әсте тура жолға
салмайды (әрі оларды екі дүниеде де шын бақытты
қылмайды)», – деп айт»92.
Жаратушы Ие өзі мен пенделерінің арасындағы дә-
некердің Пайғамбарымыз (с.а.с.) екенін білдіру үшін
аяттағы ‫« ُق ْل‬деп айт» сөзімен бастаған. Бұл әдіс жалпы
алғанда кейіннен айтылатын жауапкершілік пен мін-
деттердің маңызы мен салмағын білдіруде. Айтылған
бұйрықтардың тікелей Алладан келгенін нақтылауда.
Сонымен қатар, бұл бірқатар сыңарезу, біржақты не
қырсық пенделердің Пайғамбарымыз (с.а.с.) жайлы
қате ойларға баруына жол бермей, оның өз бетінше
сөйлемейтіндігін еске салуда.
Кейіннен бірқатар дүниелік нәрселердің Алла мен
Елшісінің сүйіспеншілігіне немесе Алла жолында күре-
суге кедергі келтіруі жағдайында душар болуы мүмкін
соңғы хәлдерге назар аударылады. Аят Алланы ұмыт-

92
«Тәубе» сүресі, 9/24.
Сұрақ-жауаптар 225
тыратындай деңгейде дүниенің тартымдылығына еліт-
кен жандарға «Күтіңдер!» дейді. Нені күтеді? Алланың
бұйрығын. Бұл жерде айтылмақшы мағына – келетін
жаза мен азап, бәле мен қиындықтар. Өйткені бұндай
адамдар – қате таңдау жасап немесе неге алдымен мән
беру қажеттігін аңдай алмағандар.
Аяттың соңында Алланың пасықтарды ұнатпайты-
ны айтылуда. Демек, аятта аталғандарға байлану Алла-
ға деген сүйіспеншіліктің алдын орап кеткен жағдайда
пендені жолдан тайдырып, пасық күйге келтіруі мүмкін.
Пасық деген сөз нені білдіреді? Ол Алла мұсылман-
дарға белгілеген шектің сыртына шыққан, яғни діннің
бұйрықтары мен тыйымдарына бағынбаған жан деген
сөз. Исламда сенім, амал, ахлақ, ой-сезім, Алламен бай-
ланыс, жүрек пен рух өміріне тән шектер белгіленген.
Аяттан түсінгеніміздей, осы шекке бағынудың әуелгі
шарты Алла мен пайғамбар сүйіспеншілігінің Алла жо-
лында күрес пен ыждағат таныту сүйіспеншілігінің бә-
рінен алда ұсталуы. Егер адам осы мәселеде қате таңдау
жасаса, «пасық» таңбасын өзіне жапсырып алуы мүмкін.
Тепе-теңдік және орынды сүйіспеншілік
Әсілі, аятта аталғандардың әрбірі адам тұрғысынан
өте маңызды. Әрине, әркім ата-анасын жақсы көріп,
ол кісілерге құрметін аянып қалмауы тиіс. Балаларын
бауырына басып, олардың тәрбиесімен шұғылдануы
тиіс. Бауырларына сүйіспеншілікпен қарап, оларға
қол ұшын созуға дайын болуы қажет. Жарын да сүйіп,
туыстарына көңіл бөлуі бұлардың бәрі оң істер.
Иә, әркім бұларға жіті қарауы тиіс, дәйім ол кісілер-
ге жақсылық-опа жасап тұруы тиіс. Айталық, көптеген
аят пен хадистерде адамның жақындарына көрсетуі қа-
жетті көңіл бөлуі мен орындауы қажетті міндеттер мен
жауапкершіліктерге тоқталған. Ешкім ата-анасына,
бала-шағасына не жақындары мен туыстарына көңіл
226 Сынық құмыра 4
бөлмей тұра алмайды. Кері жағдайда тиісті міндеттерін
орындауда кемшілік жібергендігі себепті Аллаға есеп
береді. Осы сияқты еңбек ету, табыс табу, саудамен
шұғылдану, ақша табу да нашар іс емес. Әрине, адам
бір іске бастамай тұрып әуелі алдын-ала бас-аяғын
шолу жұмысын жасап, себептерін орындап, құптарлық
әрі реалистік қадамдар жасап, табыс табуға, ықтимал
зияндардан сақтануға тырысады. Алла мен пайғамба-
рының сүйіспеншілігін орап кетпесе, адамды иғла кә-
лиматуллаһ (Алланың атын асқақтату) жолынан бұрма-
са, бұларда тұрған дәнеңе жоқ, қайта орнына әрі деңге-
йіне қарай мүміннің міндеттерін қатарына кіреді. Аятта
жамандалған, адамның тек осыларға терең мән беріп,
ұдайы солармен шұғылданып, бұларды маңыздылығы-
на қарай ең жоғарыға апарып қоюында.
Бұл екі нәрсені бір-бірімен шатастырмаған дұрыс.
Яғни адамның кейбір дүниелік байланыстары бар, бұ-
лармен байланыс құруда толық бір қауіп жоқ, қайта
адам табиғаты соны қажет етеді. Және оның дүниеге
қараған бірқатар жауапкершіліктері бар, оларға көңіл
бөлмей тұра алмайды. Дегенмен дүние Алла мен пен-
денің арасына кірмеуі қажет, Алланың ең көп қадір
берген нәрселерінің алдына шығып кетпеуі тиіс. Бұл
мәселеде әркімге төреші ол өзінің ұжданы болуы тиіс.
Кейде иелігіндегі ұлдары, мал-мүлкі, дүниесі, өзі тұ-
ратын сәнді сарайлары пендені арбап, дүниелік ләззат-
тар тұрғысынан ешқашан ұмытпауы қажетті нәрселер-
ді оған ұмыттыруы мүмкін. Иелігіндегі мал-мүлкі мен
балалары оны Алла жолында жасайтын қызметтерден
шеттетуі кәдік. Айталық, балбырап пісіп бұтағын иіп
тұрған жемістер, адам жанына рақат сыйлайтын кө-
леңке, жаздың аптап ыстығындағы салқын су айтулы
сахаба Кағб ибн Маликтің өзіне әсер етіп, оның Тәбук
жорығына шықпауына себеп болған. Бірақ ол шынайы
тәубе жасап, өзінің шыншылдығымен жаманшылыққа
Сұрақ-жауаптар 227
ұшырап, құрып кетуден басын арашалаған.
Иә, Алла сақтасын, кейде бау-бақшалар, рақат бере-
тін орындар, қол жеткізген табыстар пендеге Алла мен
Елшісін ұмыттыруы мүмкін. Алла мен Елшісіне деген
сүйіспеншілікті басып кетуі мүмкін. Адамның Алла
жолында еңбек етіп, талпыныс жасауын тежеуі мүм-
кін. Онда адам басына бәле тілегені. Бұны соңы жаман-
дыққа ұрыну болғандықтан, одан құтылу үшін аятта
мүміндерге Алла мен Елшісіне деген сүйіспеншілік,
Жаратушының асқақ есімін және Мұхаммед рухының
рауандап әлемнің түкпір-түкпірінен сезілуі бағытын-
дағы ынта мен құштарлықтың өзге барлық сүйіспенші-
ліктерден ауыр тартуы қажеттігін еске салуда.
Егер мүмін Алла мен Елшісін барлығынан және бар-
лық нәрседен артық сүйіп, үнемі иғла кәлиматуллаһ (Ал-
ланың есімін асқақтату) ынтықтығымен күйіп-жанса,
бұларды бірінші планға қоя алса, басқалармен байланы-
сының оған зияны тимейді. Алайда бұлар бірінші орын-
да тұрмаса, онда пенде қате таңдау жасағаны, (құдай
сақтасын) онда оның зардабы да оңай тимейді.
Бір жүректе екі сүйіспеншілік болмайды
Ибраһим Әдхамға қатысты әңгімеде айтылғандай
бір жүрекке екі сүйіспеншілік сыймайды. Мүмін әуелі
кімді нақ сүйетінін, кімге ерекше көңіл бөліп, нық бай-
ланатынын нақтылап алуы қажет. Міне, аят бізге осыны
үйретуде. Ешбір сүйіспеншіліктің Алла мен пайғамба-
рына деген сүйіспеншіліктің алдын орап кетпеуі қажет-
тігіне сабақ беруде. Адам қаншалықты табиғатынан
пәни бірқатар болмыстарға көңілмен байланғанмен,
бұл екінші деңгейдегі сүйіспеншілік болуы тиіс. Ал-
лаға деген сүйіспеншілікті ешқашан балаға не дүниеге
деген сүйіспеншілік баспауы тиіс. Кері жағдайда оның
соңы қиындығынан қорқу керек.
Мәселен, Бәдиуззаман бірінші Дүниежүзілік соғысқа
228 Сынық құмыра 4
қатысты өзіне қойылған «Ауыртпалық – қылмыстың нә-
тижесі, марапаттың алғышарты. Қай әрекетіңізбен тағ-
дырға пәтуа бергіздіңдер, нәтижесінде осындай ауырт-
палыққа үкім шығарды?» деген сұраққа мұсылмандар-
дың Ислам міндеттемелерін ұстануындағы кемшіліктері
тұрғысынан жауап берген: «Хақ тағала бізден намаз үшін
жиырма төрт сағаттың тек бір сағатын қалады. Жалқау-
ландық, бес жыл жиырма төрт сағат тәлім, машақат, қи-
мыл-қозғалыстармен тура намаз оқытқандай болды. Әр
жылы тек бір ай ораза ұстауды нәпсімізден қалады. Өзі-
мізді аядық, кәффаратпен бес жыл ораза ұстатты. Оннан,
қырықтан тек бірін өзі нәсіп еткен малдан зекет ретінде
қалады. Сараңдығымыз ұстады, өзімізге кесір істедік,
Алла бізден үнемі беріп тұратын зекетті алды».
Бәдиуззаманның осы түсіндірмелері тұрғысынан мә-
селеге қарайтын болсақ, Алла Тағала Ислам дінін ұста-
нуда кемшілік жіберуді түрліше жазалағанын көреміз.
Аятта орын алған «Ендеше, Алланың бұйрығын күтің-
дер» деген сөзбен айтқысы келген мағына осы.
Тіпті мұсылмандардың қазіргі пұшайман хәліне де
осы тұрғыдан қарауға болады. Кінәліні басқа жақтан
іздеудің қажеті жоқ. Бізді қармап ұстап, бақылауына
алып, істегіміз келген нәрселерді қалағанымыздай жа-
сауға мүмкіндік бермеген озбырларды сөгумен өзімізді
жұбатқаннан гөрі әуелі бұрылып өзімізбен беттескеніміз
жөн. «Осындай жағдайлар тап болатындай не істедік?»
деу керек. Егер мұсылмандар Раббыларынан, пайғамбар-
ларынан және Алланың дінін биіктетуден гөрі аятта ай-
тылған мәселелерді таңдаған болса, онда Алла оларды
түрліше жазалайтын болады. Осы тұрғыдан келгенде,
Бәдиуззаманның жасағанындай, әуелі өзіміздегі кемші-
ліктерге қарап, соларды дұрыстауымыз қажет.
Өкініштісі сол, қазіргі күні өз деңгейінде Алла тура-
лы ойланылмайды. Өз деңгейінде адамзаттың Мақта-
нышы (с.а.с.) сүйілмеуде. Оның атын төрткүл дүниенің
төрт бұрышына естірту жолында тиісінше талпыныс
Сұрақ-жауаптар 229
жасалмауда. Бұл сөздерім жаман ойлау секілді көрінуі
мүмкін. Алайда мұсылман үмбетінің жалпы хәліне қа-
рағанымдағы менің пікірім осындай.
Әзірет Омардың Алла елшісін құлай жақсы көргенін
білмейтін жан жоқ. Тіпті Пайғамбарымыз (с.а.с.) бақи-
ға аттанғанда, қылышын суырып алып «Кім Мұхаммед
өлді десе, басын аламын» дейді93. Сүйіспеншілігі мен
жақындығы осыншалықты терең еді. Алайда бір күні
Пайғамбарымыздың қарсы алдына шығып: «Уа, Ра-
сулалла, сені жарым, балаларымнан, баршадан артық
жақсы көремін» дегенінде, Пайғамбарымыз разы кейіп
танытып «Уа, Омар, мені өзіңнен де артық жақсы көр-
мейінше иман кемелдікке жетпейді» деген94.
Бұл пайымды ұждандарыңызға қалдырамын. Ұж-
данның нәзік өлшемдерімен өздеріңізді таразылап кө-
ріңіздер, бағалаңыздар, Ислам тұрғысынан қай жерде
тұрғандарыңызды анықтап көріңіздер. Расында тұру
қажет жерде тұрсыздар ма?! Әлде, тұруыңыз қажетті
шектің шетіне шығып, шектен асып, пасықтыққа өтті-
ңіздер ме? Алла аяттың соңында осындай адамдарды
тура жолға салмайтынын айтады.
Шіркін, Аллаға сүйіспеншілік, пайғамбарына деген
сүйіспеншілік, соларды бүкіл әлемге естірту, танытуда
үнемі ыстық ықылас таныта алғанымызда ғой! Шіркін,
өзіміз иланған құндылықтар үшін тағы не істей аламыз
деген дертті арқалай алғанымызда ғой. Шіркін, адам-
дардың жүрегін жаулау үшін үнемі балама жолдар із-
десек қой! Шіркін, бір жерде бас қосқан кездерімізде
адамзатқа тағы да көбірек пайдалы бола түсу тұрғысы-
нан стратегиялар құрғанымызда ғой! Себебі ақыретте
«қап» деп өкінбеудің жолы осыларды атқаруда жатыр.

93
Бұхари, Жәнаиз 3; Фазаилул асхаб 5; Мағази 83.
94
Бұхари, Иман 9; Мүслим, Иман 67.
230 Сынық құмыра 4
АМАНАТҚА АДАЛМЫЗ БА?

«Алғашқы хақ басқа, үлгі етіп көрсетумен жеткен


хақ басқа. Егер хақ өз қадірімен үлгі етіп көрсетіл-
месе, әрқашан кері алынуы мүмкін. Алынып, соны
шынайы ұстанушылар жетілгенге дейін арала-
рынан дұрыстаулары арасында ауысып тұрады»
деген сөз қандай мағыналар қамтуда?

Негізі, барлық хақтар бір есімі «Хақ» болған


Жаратушы Иеге тән. Заттық тұрғыдан пенденің
ешқандай құқы жоқ. Алла ұлылығының бөлек бір
қыры ретінде пенделерге аманаттап кейбір құқықтар
берген, оларды түрлі-түрлі нығметтерге бөлеген. Адам
ешқандай талпыныс, жігер көрсетпестен бірқатар
құқықтар мен қабілеттерге ие болып дүниеге келеді.
Бұларды «нәсіп етілген құқықтар» деуге болады. Себебі
бұлар адамның өз еркімен қол жеткізген құқықтары
емес. Адам ретінде жаратылмай тұрып мұсылман елінде
өмірге көзін ашу, үлкен қабілет-қарымға ие болмастан
ыңғайлы ортаға түсуге дейінгі көптеген құқық пен
қасиеттерге осы тұрғыдан қарауға болады.
Адамның міндеті мейлінше ерік-жігерін жанып,
өзіндегі қабілет-қарымды барынша ашып, Алла өзіне
еріксіз берген игілігі ретінде осы хақтарға лайық болу-
ға тырысуы. Еш күмәнсіз, бұл мәселеде пайғамбарлар-
дың әрбірі біз үшін маңызды жеке-жеке жолбасшы.
Осы шындықты тілге тиек ету мақсатында, Алла Та-
ғала осы құқықтарды қайтарымсыз берген деп айтуға
болғаны тәрізді олардың өмір бойы көрсететін талпы-
ныстары үшін бұларды нәсіп еткен деп айтуға да бола-

Сұрақ-жауаптар 231
ды. Айталық, бір пендесіне пайғамбарлық міндет беруі
өте үлкен ерекшелік. Алла қалаған құлын сондай нығ-
метке бөлеп, абыройға кенелтуі мүмкін. Алайда сәби
кезінен бастап өмір бойы көрсететін талпынысты әзәли
ілімімен күні бұрыннан білгендіктен, Алла Тағала кей-
бір құлдарын осындай биік абыройға бөлейді деп айту-
ға болады.
Адамзаттың Мақтанышының (с.а.с.) өміріне қараған
қай адам баста пайғамбарлықтан бастап, оның ұятты-
лық, күнәдан қорғалу (исмат) және фәтанат (терең па-
расаттылық) секілді нығметтерге лайық болмағанын
ойлай алады?! Себебі ол мейлінше ерік-жігерін жану
арқылы өзіне берілген құқықтарды өте тиімді пайдала-
на білген. Өмір бойы дөп шешімдер қабылдап, дұрыс
таңдаулар жасағаны сондай – есі дұрыс ешкім де бұн-
дай нәрселерге қарсылық танытуы мүмкін емес. Тән
мен денеден тұратын адам болса да періштелер жасай-
тын амалдардан да асырып істер атқарған.
Орныңа лайықты болу
Әр нәрсеге жіті қарап өмір сүрген жан Алланың ту-
ғаннан нәсіп еткен хақ пен нығметтері өмірдің кейінгі
кезеңдерінде де жалғасқанын байқайды. Айталық, қан-
шауымыз ойланып-толғанып, мәселенің мәнін бойлап
барып иман және Құран қызметіне бас қойдық?! Көбіміз
бір қарағанда өзінің осы ортада екенін көрді. Тура бір
елу кісі көшеде кетіп бара жатқанда, жол бойынан есік
ашылып, төрт-бесеуін сол есіктен ішке қабылдағандай.
Осы тұрғыдан келгенде пенденің «мен ойладым, мен
жоспарладым, мен істедім» деп айтуы өте қиын. Бізден
де әлдеқайда ақылды небір кісілер сол көшемен жүріп
өткен, алайда ашылған есіктен ішке бас сұғуды ойлама-
ған. Тіпті бұлардың бірқатары есіктің жанынан өтсе де
оны көрмеген, өзін шақырған дауысты естімеген.
Міне, негізгі мәселе нәсіп етілген осы хақ пен нығ-
232 Сынық құмыра 4
меттердің өте маңызды аманат екенін көру және соның
үдесінен шығуға тырысуда. Адам өзіндегі нығметтерді
көрмей көрсоқырлыққа салынбауы керек, не солармен
мақтанып дандайсып кетпеуі тиіс. Әуелі нығмет пен
игіліктердің түпкі иесі Жаратушы Ие екенін білуі тиіс,
сосын соларға лайық болуға тырысуы қажет.
Иә, біздер әуелі Алланың игілігі мен жақсылықта-
рын аңғаруымыз керек, бұларды өзімізден көріп тә-
каппарлыққа бармаған жөн. Сосын Жаратушы Ие бізді
қай орынға қойған болса, сол деңгейдің үдесінен шыға
білуіміз керек. Барлық іс-әрекеттерімізді өзіміз жүрген
жердің тәртібіне қарай реттеуіміз керек. Егер ұлы ақи-
қаттарға белгілі бір деңгейде көңіл көкжиегіміз ашыл-
ған болса, бұларды өте маңызды нығмет ретінде көріп,
барлық мұқтаж кісілерге жеткізуге асығуымыз қажет.
Себебі менмендікке салынбаудың бірден-бір жолы ұлы
мұраттың жолында болуда. Егер батпауды, тұншық-
пауды қаласақ, өте мықты тұтқа мен арқанға жабысуы-
мыз қажет.
Алланың бізге аманаттап берген барлық хақтары,
нығметтері, игіліктеріне тура бір қара шірік топырақ-
тың бауырына тасталған тұқым секілді қарап, оның
бүршік атуына мән беруіміз керек. Үнемі «Қалай етіп
қолымдағы бір тұқымнан екі бас, екі бастан елу бидай
шығарсам екен» деуіміз қажет. Құран кәрімде айтыл-
ғандай, бір дәнді жетпіске, жеті жүзге жеткізудің жол-
дарын қарастыруымыз қажет95. Ие болған барлық қа-
білеттерге осы логика, философиямен қарап, оларды
соңғы миллиметріне дейін тиімді қолдануға тырысуы-
мыз қажет.
Өз орныңа лайықты болудың немесе өзің тұруың
тиіс қажетті тұғырдан табылудың жолы мәселеге осы
логикамен қарай алуда. Адам тұрған жері мен тұруы
95
«Бақара» сүресі, 2/261.
Сұрақ-жауаптар 233
қажетті болған жердің арасындағы арақашықтықты
жиі-жиі қадағалауы тиіс. «Алла маған мына игіліктерді
бұйыртты, маған мынадай керемет атмосферада өмір
сүру мүмкіндігін бергеніне қарағанда, менен сонда
қалағаны не нәрсе?» деп, өзіндегі нығметтердің шүкірін
өтеуге тырысуы қажет.
Алғашқы аванс – Алланың игілігі. Оған біздің ара-
ластығымыз жоқ. Алла бізді әкеліп, белгілі бір орынға
қойды. Алайда кейіннен көрсететін талпыныс-жігері-
мізбен Аллаға деген сондай бір құлдық міндетімізді
орындауымыз қажет, періштелердің өзі «Уа, Раббым,
сенің мына кісіні ашылған есіктен ішке алуыңда қандай
үлкен хикмет болған!» деуі тиіс.
Бұл мәселеде сахабаларымыз біз үшін өте елеулі
үлгі. Алла оларды Пайғамбарымызбен (с.а.с.) бір дәуір-
де өмірге әкеліп, оларға сахаба болу жолдарын ашып,
олар осының үдесінен шыға білген. Жаһилияның қа-
раңғылықтарында тірідей баласын жерге көмген, өз
қолымен жасаған пұттарға табынған, небір жыртқыш-
тыққа барып санасы сансыраған, әйелдерге еш құқық
бермеген бұл кісілер Құранның бір мұғжизасы ретінде
жаханды басқара алып, адамзаттың ақыл-ойын тәрбие-
лей алатындай өреге жеткен. Тағы да солар Алланың
өздеріне бұйыртқан орынға лайықты болып, үдесінен
шығып, аз уақыттың ішінде адамзатқа мәдениет саба-
ғын беріп, жер бетін ілім, әділеттілік, турашылдық пен
мейірімге толтырған.
Дағуа адамдарының ерекшеліктері
Егер Алланың алғашқы хақ ретінде берген игілік-
тері тиісінше іске асырылмаса, Алла бұларды лайық-
ты еместерден алып, лайықтыларға береді. Себебі ол
Құран Кәрімде былай бұйырған: «Уа, иман келтірген-
дер! Араларыңнан кімде-кім (яки қандай да бір топ)
дінінен безетін болса, біліп қойсын, күндердің күнін-
234 Сынық құмыра 4
де Алла олардың орнына басқа қауым әкеледі. Алла
оларды, олар да Алланы жан-тәнімен жақсы көретін
болады. Олар мүміндерге өте кішіпейіл, кәпірлерге
келгенде, намысын жібермейтін өктем болады. Һәм
олар Алла жолында аянбай, тынбай күрес жүргізеді
әрі өздерін жазғыратындардың жазғыруынан қо-
рықпайтын болады. Міне, бұл – Алланың қалаған
құлына ғана нәсіп ететін шексіз шарапаты. Алла –
Уасиғ (кеңшілігі мол), Алим (шексіз ілім иесі)96.
Алла бұл жерде дінінен қайтқан, яғни дінінен шық-
қан немесе орындауы тиіс міндеттемелерді тиісінше
орындамаған жандардың орнына басқа қауым әкелеті-
нін айтуда. Ислам тарихында бұған мысалдар жетерлік.
Мәселен, Омаядтар озбырлық жасап, қан төге бастаған-
да, Алла олардың орнына Аббасидтерді келтірді. Аб-
басидтер де теңселе бастағанда, орнына Селжұқтарды
келтірді. Крест жорығы мен Моңғол шапқыншылығы-
на қарсы төтеп беру осыларға тап келді. Олар да осы
үлкен миссияның орындай алмайтындай жағдайға кел-
генде, бұл жолы Алла олардың орнына Османдықтар-
ды әкелді және османдықтардың арқасында Ислам діні
төрт ғасыр бақытты ғұмыр кешті.
Демек, бір қауым Алла қалаған үддеден шыға алма-
са, тиісінше өз міндеттерін алып жүре алмаса, тұруы
тиіс жерде табансыздық танытып, кері кете бастаса,
Алла бұл істі олардан алып, басқаларға аударады, Ал-
ланың ісін солар алып жүре бастайды.
Ал енді Алланың дініне ие болып, оны әлемге жая-
тын жандардың ерекшеліктері қандай болуы қажет?
Алғашқы ретте Алланың оларды, олардың да Алланы
жақсы көретінін айтылады. Негізінде бұл өзара сүйіс-
пеншілікке жатады. Егер сіз Алланы еске алғанда сай
сүйегіңіз сырқыраса, Алла да мені жақсы көреді екен

96
«Маида» сүресі, 5/54.
Сұрақ-жауаптар 235
деп сене аласыз. Алла құзырындағы деңгейіңізді біл-
гіңіз келсе, сіздің көңіліңізде Алланың қаншалықты
орны бар соған қарауыңыз қажет. Аллаға қаншалықты
көңіл бөлсеңіз, Алла да сізге соншалықты көңіл бөле-
ді. Осы себепті осы екі сүйіспеншілік бірінен кейін бірі
аталған.
Аяттың жалғасында қайта құру (инша) қозғалысын
бастатып, жалпылама бір тірілу соңынан жүгіретін бір
қауымның мүміндерге өте бір кішіпейілділік танытаты-
ны айтылады. Яғни олар өздерін өзгелерден артта кө-
реді. Әзірет Алидың айтқанындай, жұрттың арасында
қатардағы бір адам ретінде өмір сүреді. Ал керісінше,
күпірлікке өте бір биік ұстаныммен қарайды. Яғни жер
бетіндегі баршаның адамша өмір сүруін, дұрыс ойлап
дұрыс шешім қабылдауы үшін күпірлік сипаттарын
кетіруге әрекеттенеді, жұрт күпірліктен арылсын деп
қолдарынан келгенді жасайды. Басқаша айтқанда, Алла
мен адамдар арасындағы кедергілерді болдырмай, жү-
ректерді жаңадан Алламен қауыштыруға тырысады.
Одан бөлек, олар дұрыс деп білген жолда үнемі
күрес жүргізеді. Жұрт нашар қылықтарынан арылсын
деп, арылуына жағдай жасап, олардың Алланы тануы-
на әрекеттенеді. Осы жолда не кезікпесін: айыптаулар,
келеке-мазақтар, жала мен қорлық ешбірінен ықпайды,
үрейге берілмейді, жасымайды. Жұрттың нашар сөзі,
дөрекілігі, шабуылдаушы әрекеттері олардың жолына
кедергі жасай алмайды. Еш күмәнсіз, бұлардың әрбірі
Алланың жеке игілігі, Алла бұлардың қалағандарына
береді.
Әрдайым аманатшылдар бола білу
Әркім мәселеге рационал тұрғыдан қарап, Жаратушы
Ие белгілеген осы ұлы сипаттар тұрғысынан бағамдай
алады. Ақиқат шындықты соған лайықты жандар
дәріптеп жүрген-жүрмегенін шолып шықса болады.
236 Сынық құмыра 4
Алайда бұны жасағанда, ешкім жайлы нашар ойда
болмауға көңіл бөлген жөн.
Сұрақта аталған шынайы лайықты жандар болмаған
кезде, жұрттың ішінен іліп аларлары ақиқатты дәріп-
теу ісін алып жүреді дегенге келсек, қазіргі күні де ақи-
қат ісін лайықты алып жүре алатын жандар жоқ десек,
жалпы жұртқа топырақ шашқан боламыз. Алайда әркім
өзіне қарағанда былай десе болады: «Біз бар болғаны
аманатшылармыз. Бұл істі лайықты түрде алып жүру
біздің қолымыздан келмейді».
Алайда ең маңыздысы, әр мүміннің уақытша емес,
дәйім аманатшы болуға тырысуы. Бұның пайдасы үлкен
боларын өзге жайттармен салыстыру қиын. Осындай
биік меже барда, әлдеқайда бер жағындағы нәрселер-
ді тілге тиек ету талапсыздық. Адам әрқашан үлкен іс-
терге талпынуы қажет, межені биік қойып, соған сай
талапқа лайық болуға тырысуы қажет. Екінші бір жа-
ғынан ұдайы «Аллам, аманатыңды алатын күнге дейін
бізді аманатқа адал ете көр» деп дұға жасап, жалбарын-
ғаны дұрыс.

Сұрақ-жауаптар 237
ИБНУЛ-УАҚТ

Бай өткенімізді пайдалана отырып, белгісіз бола-


шаққа тән жоспар мен жобалар құратын қазіргі
ұрпақтың жаңа заманға сай қадам жасай алуы,
яғни «ибнул-уақт» бола алуы үшін маңыз беруі қа-
жетті жауапкершіліктері қандай?

Әсіресе сопылар қолданатын ұғым ретінде «ибнул-


уақт» сөздік мағынасы тұрғысынан «уақыттың баласы»
дегенді білдіреді. Сопылық терминологияда Құран мен
Сүннетпен қатар өз кезеңін де жақсы меңгеріп, жараты-
лыс заңдарын жақсы зерделеп, заттар мен жағдаяттар-
ды кең талдаған адамдар үшін қолданылады. Басқаша
айтқанда, ибнул-уақт – заттар мен жағдайларға біртұ-
тас қарай біліп, адам, болмыс және Алла арасындағы
қатынасты өте жақсы ұғынған жан деген сөз.
Шариғи заңдармен қатар жаратылыс заңдылықта-
рын да өте жақсы білмеген, өз кезеңінде орын алған
оқиғалар мен дамушылықтардан хабарсыз жанның Құ-
ранды заман талаптарына сай түсінуі және тұжырымдап
түсіндіруі мүмкін емес. Өз кезеңі, өз заманында орын
алған оқиғаларды жақсы түсінген жан Құран ашық қал-
дырған тұстарды, яғни ижтиһад пен истинбатқа ашық
тұстарды бағалап, өз заманына лайықты тұжырымдар
жасай алады. Негізі, ибнул-уақт есебіндегі адамдардың
маңызды міндеттерінің бірі осы.
Тағы біраз ашсақ, ибнул-уақт болудан түсінетін бірін-
ші мағына адамның өз дәуірінің білім мен технология-
сын игере білуі. Физика, химия, биология, астрономия,
математика секілді позитивті ғылымдардың өз ғасырын-

238 Сынық құмыра 4


да жеткен жетістіктерін меңгеруі. Олармен иләһи кәлам
арасындағы сәйкестікті аңғара білуі, әсіресе, оның ғылы-
ми ақиқаттарға қарайтын аяттарын жаңа дәуір ғылым-
дардың мүмкіндіктерімен тұжырымдай білуі.
Екінші мағынасы адамның өз дәуірінің мәдениетін
меңгеруі, әлеуметте кездескен жағдайларды дұрыс па-
йымдауы, түрлі идеология мен ағымдарды жақыннан
тануы, қоғамда бар ойлар мен түсініктерден хабардар
болуы.
Қазіргі мұсылмандар пән ғылымдарында мейлі
әлеуметтік ғылымдарда болсын міндетті түрде дәуір-
дің жиналған мәліметтеріне қол жеткізіп, тиісті орын-
дарды иеленуі қажет. Кері жағдайда басқалар оларды
ұстап, аяқтарын тұсап, мойнына шынжыр байлайды.
Яғни олар бағыныштылықпен өмір сүруге мәжбүр бо-
лады. Осы себепті дәуірдің білімі мен технологиясын
өз мұратымыз тұрғысынан өте пайдалы етіп пайдала-
нуға мәжбүрміз. Бұл әрине бірден жүзеге асатын мұрат
емес. Алайда қазіргі әлемді жақсы пайымдасақ, дұрыс
ой қорыта білсек, қазірден түрлі салаларда мамандар
жетілдіріп, зертханалар құра алсақ, елу жылдан кейін
мәселе тіптен басқа өреге жетуі мүмкін.
Террор мен зорлық әрекеттер
Өз дәуірін дұрыс пайымдай алмағандардың сол
дәуірдің проблемаларын шеше алуы мүмкін емес. Ке-
рісінше, соны шешу үшін жасайтын әрбір әрекет тағы
басқа теңсіздіктер мен проблемалар тууына себеп бо-
лады. Мүмкін жасаған істермен Исламға қызмет етейін
дегенмен керісінше оған ең үлкен зиян тигізеді.
Адамның діні, отаны, елі, ұрпағы, болашағы үшін
күресу қажетті негіз. Тіпті дұшпан табалдырыққа дейін
келгенде, қажет болса осы қасиетті құндылықтарды қор-
ғау үшін дұшпанмен жаға жыртысып, сол үшін малын
да, жанын да беруден тайынбайды. Алайда өте күшті әрі
Сұрақ-жауаптар 239
өте жойқын қарулар жасалып жатқан дәуірде сіз тұрып
ақы даулаумен не бірқатар болмашы себептермен әр-
кіммен ұстасып, өзгелердің жауластығын қоздырсаңыз,
шектен асып, өз түбіңе өзің жетесің деген сөз.
Күш көрсету мен зорлық актілеріне барғандардың,
бала-шаға демей беліне бомба байлап жазықсыз жан-
дарды қырғандар, өзге дін ұстанушыларының ғиба-
датханаларына шабуыл жасап, қасиет тұтқандарына
құрметсіздік жасағандардың Исламдағы негізгі құнды-
лықтармен үш қайнаса сорпасы қосылмайтыны белгілі.
Бұндай актілер Исламның рухына толықтай қайшы әрі
қазіргі күні алға шыққан демократиялық құндылықтар
мен адами дамушылыққа балта шабу деген сөз. Бұн-
дай дисбаланстың бір себебі Исламды дұрыс түсінбеу
болса, өзге бір себебі әлемдегі дамуларға кеңкөлемде
қарай алмауда жатыр.
Иә, бұндай террор мен зорлық актілерінің Құранда
да, Сүннетте де орны жоқ. Бұндай оспадарлыққа дәті
барғандар мектеп бітірсе де, белгілі бір істің соңында
екенін айтса да Исламнан хабарсыз өмір кешіп жатыр
деген сөз. Бұлар әрі Алла елшісінің (с.а.с.), әрі оның
шыншыл ізбасарлары әділетті халифалар жүрген жол
мен ұстанған әдіске қайшы. Язид, Хажжаж бен Саффах
секілді жандар көп зұлымдық пен әділетсіздіктер жа-
саған кезеңдерде ешбір заңға мойынсұнбай, бала-шаға
деп ажыратып жатпастан жасалған зорлық актілерін
құптаған ешкім болмаған.
Өзгелердің қасиет тұтқандарын құрметтеу
Құдыстың азат етілуі кезінде әзірет Омармен шір-
кеу әкейлері арасында орын алған мына оқиға басқа дін
өкілдерінің ғибадатханасына құрметпеу қарау керектігі
турасында ерекше.
Құдысты азат еткеннен кейін шіркеу әкейлері Ақса
мешітінің кілттерін тек халифаға табыстайтындықта-
240 Сынық құмыра 4
рын айтқанда, әзірет Омар қызметшісімен бірге Мәдина
қаласынан жолға шығады. Екі мініс ысырап болар деп
тек бір көлікке кезектесіп мінеді. Ақса мешітіне жет-
кен кезде көлікке міну кезегі қызметшіге келеді. Ұзақ
сапардан шаршап-шалдыққан әзірет Омардың киімі де
жыртық әрі жамаулы еді. Шіркеу әкейлері оның осы
хәлін көргенде, «Біздің кітаптарымызда сипаттары жа-
зылған кісі тура осы» деп кілттерді халифаға табыстай-
ды. Намаз уақыты кіргенде, Патриарх әзірет Омарға
намазын сол жерде оқи алатынын айтады. Алайда ол
«Егер мен осында намаз оқысам, менен кейін келетін
мұсылмандар халифа намаз оқыды деп осы жерді ме-
шітке айналдырады, онда сіздер шіркеуде құлшылық
жасай алмай қаласыздар» деп, ол ұсынысты қабылда-
май, сыртта басқа бір жерде өтейді.
Бұл қандай түсінік десеңізші! Арадан мың төрт жүз
жыл өткеніне қарамастан, бүгін адамзаттың осындай
өреге ие болғанын айтуға келе ме? Міне, мұсылман-
дықты шынайы тереңдігімен түсінгендер, әлемді, әлеу-
меттік өзгерістерді дұрыс оқығандар солар. Осы себеп-
ті олар адамзатқа шынайы бақытты кезең сыйлаған.
Иә, кім қандай қажеттілікпен террор мен зорлық ак-
тілеріне бармасын үлкен қателікке ұрынғаны. Радикал
террор ұйымдары болашақ үшін тәуелсіздік күрес жүр-
гізе алмайды, күштеп алынған ақыларын даулай алмай-
ды, өздеріне жасалған озбырлық пен әділетсіздікті жа-
залау ниеті террор мен зорлық оқиғаларын заңды деп
көрсетпейді. Заңсыз жолдармен берілген тәуелсіздік
күресі тәуелсіздікті аяққа таптау деген сөз. Ақиқатты
орнына қою үшін жасалған тұрпайы, дөрекі әрекеттер-
дің ақиқатты таптау екендігі күмәнсіз. Исламға, адам-
затқа және әмбебап құндылықтарға қайшы бұндай әре-
кеттердің жауластыққа әдеттенген бірқатар күштердің
қолайына жағу ғана екенін ұмытпаған жөн. Олардың
қалағаны да осы. Әсірешілдік пен дисбалансты оспадар
әрекеттер олардың ісін жеңілдетеді, басып алу мен қол
Сұрақ-жауаптар 241
сұғушылықтарға жол ашады.
Тағылық пен зорлық бір-біріне жақын
Енді бір жағынан бір орындарды өртеу, қирату,
жазықсыз жандарды қыршын кетіру, қоғам тұрақты-
лығын шайқау секілді зорлыққа негізделген актілер-
дің болашақ ұрпаққа кек, жек көру мен өш алу сезімін
мұра ететінін қаперден шығармау қажет. Бүгіннің мұ-
сылмандары көтеретін міндет жаңа ұрыстардың шоғын
үрлеу емес, бар кек пен жеккөруді жерге көміп, сырт-
қа шықпауы үшін үстін үлкен қойтастармен бастырып
тастау. Адамзатты сүйіспеншілік түсінігі маңайына
жинап, жалпылама бейбітшілік атмосферасын қалып-
тастырудың бұдан басқа жолы жоқ.
Радикализм мен зорлыққа жүгіну арқылы проблема-
ларына шешім іздеген мұсылмандар, өкінішке қарай,
Ислам ақиқатын дұрыс түсінбегендіктен, дәуірді де
дұрыс пайымдай алмауда. Жасаған озбырлық, қиямпұ-
рыстықтарымен мұсылмандық атына өте нашар имидж
қалыптастыруда. Бар Ислам дұшпандығын одан ары
зорайтып, мұсылмандар жайлы үрейді одан ары өршіте
түсуде, Ислам әлемі жайлы негатив түсініктерді одан
ары күшейтуде. Тағылық тағылық тудырып, зорлық
тағы бір зорлыққа себеп болуда.
Құран ақылилығы мен сияр философиясымен сәйке-
суі қиын әрбір әрекеттің өзімізге таяқ болып тиетінін
өте жақсы білуіміз керек. Егер ибнул-уақт, ибнуз-заман
болғымыз келсе, өте байыпты және өте сабырлы болу,
жұмсақтықпен әрекет етуге тиіспіз. Оспадар әрекет-
термен жаңа бірқатар проблемаларға себеп болу өз ал-
дына, бүгінге дейін көзі тұнған бірқатар ессіздер себеп
болған жыртық пен жамауларды қалыпқа келтірудің де
бізге тиісті жауапкершілік екенін ұмытпауымыз қажет.
Барған барлық жерде, кездескен әр адамға мұсылман-
дықтың зорлық діні еместігін, ешқандай террорға жол
бермейтінін түсіндіруге тиіспіз.

242 Сынық құмыра 4


ОПА

О па – біздің қырдағы жайқалған гүлдеріміз. Жұрт-


қа опа көрсету, олардан көрген ең кішігірім жақ-
сылықтарды өмір бойы ұмытпау деген сөз. Адам күнә-
ларды ұмытпағаны секілді өзі көрген жақсылықтарды
да ұмытпауы қажет. Ал өзі істеген жақсылықтар болса,
оларды ұмытуды білуі керек.
Аллаға деген опа
Сонымен қатар, Аллаға деген де опа бар. Бәріміздің
тұла бойымыз Жаратушы Иеге опалылық сезімге бас-
тан-аяқ тола болуы қажет. Алла бізді түрлі нығметтер-
ге бөледі. Бізді бар болу әлеміне шығарды, өмір берді,
адам болу мәртебесіне көтерді, иманмен абыройға бө-
леді, иман және Құран қызметімен таныстырды. Бізге
ылғи осы ортаның шабытты мағыналарын естіп ойла-
нуды, олармен бірге жүруді нәсіп етіпті. Алла бұйырт-
қан барлық осы игіліктерді ойлағанда біздің міндетіміз
– үнемі осыларды қаперде ұстау және әр еске алғаны-
мызда құдайдың алдында қол қусырып құлдық ұруы-
мыз керектігі.
Пайғамбарымызға деген опа
Сол сияқты бір мүмін адамзаттың Мақтанышына
(с.а.с.) опалылығын сезініп, оны естен шығармауы тиіс.
Біз естіген жайттарымызды сол кісі арқылы естідік. Ол
кісі болмаса Алла туралы, қайта тірілу, пайғамбарлық
туралы дұрыс пайымдар жасай алмас едік. Болашаққа
үмітпен қарай алмас едік. Ақыретті бір карта секілді
көре алмас едік. Қандай жолмен жүруді білмес едік.
Шынтуайтында, бұлардың барлығын бізге Алла үйрет-
ті. Алайда Алла соны себепкер етіп, соның қолымен
Сұрақ-жауаптар 243
бізді тура жолға салды.
Әсілі, Алла Тағала ғибадаттарды бекіткенде, солар-
дың ішіне енгізген кейбір дұғалармен бізге Пайғамба-
рымызға қалай опалылық сезімімізді білдіру жолдарын
үйреткен. Мәселен, азан оқылғаннан кейін қолымызды
жайып Алла елшісіне салауат айтып, сәлем жолдап,
Алладан оған «ұлы шапағат» пен «Мақам махмуд» ті-
лейміз. Сол сияқты барлық намаздардың тахиятында
(сәлемінде) және Алланың аты аталған тұстарда Пай-
ғамбарымызға салауат айтып, сәлем жолдаймыз. Осы-
лайша бір жағынан ақыретте оның шапағатынан үлес
алу үшін салым салып, екінші жағынан пайғамбарға
деген опалылық сезімімізді паш етеміз.
Дінге деген опа
Пайғамбарымызға (с.а.с.) деген опалы болудың тағы
бір жағы оның бізге аманаттаған дініне қорған болу
керектігі. Егер ол бізге жеткізіп аманаттаған діннің
жер бетіндегі діндер арасында еш салмағы болмаса,
үмбеті ретінде оған опасыздық таныттық деген сөз.
Егер мүміндер Адамзаттың Мақтаулысы дәріптеген
байрақтың өзге байрақтардан төмен желбіреуіне
намыстанбаса, сол үшін қиналмаса, онда жаппай оған
опасыздық жасауда деген сөз.
Бір мұсылман егер өмірінде дін үшін бір нәрсе жа-
сауға, дінді жеткізу аясын кеңейту бағытында айтар-
лықтай жігер танытпаса, әрі Пайғамбарымызға, әрі ол
бізге жеткізген Ислам ақиқаттарына опасыздық таны-
туда деген сөз. Үмбетінің қолынан ұстап, оларға құт-
қарылудың я ақыретте мұратқа жетудің жолын көрсете
алу үшін жұмақтарды тәрк етіп келген нәбидің артынан
ілескен мүміндердің де қай жерде болмасын жағдайлар
мүмкіндік бергеніне қарай пайғамбарды айтуы опаның
бір талабы емес пе?!
244 Сынық құмыра 4
Жұртқа деген опа
Бұлардың барлығы бір жағы бізде опа тәрбиесінің
қалыптасуына жол ашады. Себебі Алла мен Елшісіне
опалы жанның маңайына опасыз болуы мүмкін емес.
Жұртқа опа сезімі жетілмеген жан Алла мен Елшісіне
де опасыздық жасайды. Себебі бір хадисте адамдарға
рақмет айта білмеген Аллаға да шүкір ете алмайтыны
айтылған97.
Иә, маңыздысы опалылық тәрбиесін бойға сіңіре бі-
луде. Толықтай опаға бағдарланған жанның назарында
бір кесе шайдың қырық жылдық естелігі болады. Ол
жасалған ешбір жақсылықты ұмытпайды. Жақсылығы
тиген жандарды әр көрген сайын оларға құрмет білді-
реді. Ешбір жақсылық пен әсемдікті қайтарымсыз қал-
дырмайды. Өйткені ахлақ хәліне келген іс-әрекеттер
ұдайылықты білдіреді. Адам бұларды істеуде қатты
қиналмайды, табиғатына қарсы келмейді, әркез әртүрлі
қылықтарға бармайды.
Иә, жақсы қылықтарға бөлекше әсемдік қосып,
оларды тереңдететін нәрсе – олардың ұдайы жалға-
суы. Яғни табиғатына сіңуі. Алла елшісі (с.а.с.) «Амал-
дардың ең қайырлысы аз болса да жалғасуы»98 деген.
Әйтпесе, адам бір уақыттарда көп жақсы істер жасауы
мүмкін. Бірақ оларды табиғатына сіңірмесе, кейіннен
тастап кетеді.
Жақсы мінез бен дағдылар қалыптастыру, бұларды
ұдайы жасалатын хәлге жеткізу білім мен тәрбиеге бай-
ланысты. Істің басында яғни бұлар ахлақ күйіне кел-
генге дейін айтарлықтай талыныс жасап, бар ерік-жіге-
ріңді салу керек. Егер ата-аналар балаларына опалылық
әрі адалдық секілді жоғарғы адамгершілік қасиеттерді
97
Тирмизи, Бирр 35; Әбу Дәуіт, Әдеп 11.
98
Бұхари, Риқақ, 18; Мүслим, Салатул-мусафирин 216-218, Са-
латул мунафиқин 78.
Сұрақ-жауаптар 245
сіңіруді қаласа, оларды жақыннан қадағалап, өздері де
үлгі болып, осы құндылықтарды олардың бойына ор-
нықтыруы керек. Егер олар әрі өзараларында, әрі бала-
ларына опалы қарап, олардың ең кішкене жақсылығы-
ның өзін қайтарымсыз қалдырмай, оларға осы ахлақты
сіңіруді шындап қолға алса, өздері қалағандай бала тәр-
биелеп шыға алады.
Әсіресе жақын достардың, отбасы мүшелерінің не-
месе ортақ іске ынта білдірген адамдардың бір-біріне
деген опалы болуы аса маңызды. Опа көру де опалы
болуға байланысты. Егер сіз маңайыңыздағы адамдар-
ға жоғары деңгейде опалылық көрсетсеңіз, олардың
да қатынасы сондай болады. Яғни бергеніңіз қайтады,
қойғаныңыз табылады. Отағасы жұбайына сондай бір
опа көрсетуі керек, мәселен, сыртта жүріп көзі күнәға
түсер болса, әйеліне сатқындық жасағандай өзін сезі-
ніп, дереу истиғфар (кешірім тілеу) жасауы тиіс. Се-
бебі отбасындағы бақыт пен тыныштықтың жалғасуы
жұбайлардың бір-біріне деген опалылық сезіммен қа-
тынас жасауына байланысты.
Өзің бас қойған мұратқа деген опа
Әлемнің шартарабына жайылған қозғалыстың өз
қалпын сақтай алуы да опа динамикасына байланысты.
Егер тым өзгеше мәдениетпен өскен жандардың ара-
сында қызмет етуші ақиқат жаршылары қандай да бір
деформацияға ұшырамастан, реңін кетірместен, өзгеріп
кетпестен, бар болуын жалғастыруды қаласа, өздері бас
қойған мұрат идеалдарына, қызметке және бірге жол
жүріп келе жатқан достарына өте опалы болу мәжбүр-
лігінде. Бәрінен маңыздысы, иршад пен тәблиғ (дінді
жеткізу) ісіне адалдық сақтап, дүниеге берілмеуі қажет.
«Біраз өз тірліктерімізге қарайық» демеуі қажет. Сүйіс-
пеншілік жаршылары Құран жаршылары және Алла
куәгерлері екенін естен шығармауы тиіс. Сахабаның
246 Сынық құмыра 4
пайымынша, өз қолдарымен өздерін қауіпке итермеле-
меуі қажет. Алла сақтасын, қолдарын сәл босаңсытса,
тайып кетулері мүмкін.
Алла құзырында опасыз деген атқа қалғысы
келмеген жан баста Раббысына және пайғамбарына,
сосын маңайына мейлінше опалы болуы тиіс. Отбасы
мүшелері, достары не мұраттас жолдастары да одан
опасыздық көрмеуі тиіс. Еш күмәнсіз, бұл да (бұдан
бұрын да айтқанымыздай), опаны игі қасиет ретінде
бойға сіңіруге, үнемі опаны тілге тиек етіп, үнемі
опалы болуға байланысты. Опалылық сіңбеген отбасы
мүшелерін бір жерде ұстау мүмкін болмағаны тәрізді
бір идеал төңірегінде бір жерге жиналған жандардың
пайда келтіретіндей қызметпен айналысуы да мүмкін
емес. Егер бұлардың шынайылығы мен опалылығы
болмаса, жолда бір жерге келгенде түрлі нәрсені
күтіп, өзгеше ойлардың жетегінде өз бетімен кетіп,
сіздерді жерге қаратады. Әрбір адамның айырылып
кетуі сіздерге қарсы пиғылдағы кісілерді қуантып,
араларыңда алаңдаушылық пен қобалжу тудырады.
Бүгінге дейін қол жеткізген маңызды табыстарды
опасыздыққа құрбан етпеген жөн. Алла құлдарына өте
опалы екенін білдіруде. Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзіне
небір жамандықты жасаудан тартынбаған Мекке мүш-
ріктеріне де опамен қарап, Меккені азат еткен күні
олардың бәрін кешірген. Ардақты сахабалар әрі Адам-
заттың Мақтанышына, әрі одан аманат ретінде алған
құндылықтарға ерекше опалылықпен қарап, жанын
салып соларға ие болды. Кейіннен келген пайғамбар
жолының жолаушылары да үнемі бірдей опалылық се-
зімімен өмір кешті.
Осы опалылардың жолымен жүргендер ешкімге опа-
сыздық жасамауы тиіс. Байрақты өздеріне жеткізу үшін
талмай жүгіріп, тер төгіп, есіктен есікке қуылып, итері-
ліп, қорланған ірі тұлғалардың опалылығын қайтарым-
Сұрақ-жауаптар 247
сыз қалдырмауы керек.
Үнемі табыс жолында болу керек. Әсіресе, өздері-
не осындай жол ашқан, әлемнің шартарабына жайылу
үшін мүмкіндіктер жасаған, қолдап-қуаттаған, мате-
риалды-рухани көмектерін аямаған жандарды ұмытпау
керек, оларды басқа тәж етуді білуі тиіс.
Ешкімге
«Шын опа күткеніммен,
Көзім толды қайғыға.
Дәрменсіз жаяу қалдым
Өз күйіммен бітсін бе осы сәт?!» дегізбеген жөн.
Опасыздыққа да опа жасауды білуі керек, опасыз-
дарға опаның не екенін үйрету керек. Елу рет опасыз-
дыққа тап болса да опамен қарауды елемей болмайды.
Опа ескерткіші іспетті Пайғамбарымыздың (с.а.с.)
жолы осы. Сол кәміл тұлғаның ізімен қаншалықты
жүре алсақ, қай жерге дейін бара алсақ та біз үшін
үлкен пайда.
Біз опалылықта кемшілік жібермесек, Алла да бізге
опамен қарайды әрі бізді жалғыз қалдырмайды.

248 Сынық құмыра 4


ЛИҚАУЛЛАҺ ЫНТЫЗАРЛЫҒЫ

«Кімде-кім Алламен қауышуды қаласа, Алла да


онымен қауышуды қалайды. Кім онымен қауышу-
ды қаламаса, Алла да онымен қауышуды ұнат-
пайды» деген хадисте өткен лиқауллаһ (Аллаға
қауышу) ынтызарлығын қалай түсінген жөн?

Бұл хадис бізге жоқ дегенде сырттай көрінгендей


өлімнің суық еместігін, оған тек жерге көмілу деп қара-
мау керектігін, өлімнен кейін адамды жоқ болып кету
күтіп тұрмағанын білдіруде. Қайта өлім Жаратушы
Иемен кездесу екенін аңдатуда.
Негізі, Хақ достары дүниеде де Алламен қауышу,
Алламен бір болу мүмкін екенін айтады. Сол үшін та-
риқат не өз мәзһабтары бойынша түрлі жолдар мен әдіс-
терді анықтаған. Мықты бір талпыныс жасау арқылы
барлық күнәдан арылып, Аллаға бет бұрған пенденің
фәна филлаһ, бәқа биллаһ және мааллаһ мақамдарына
жете алатынын айтқан. Қаласаңыз, сіз бұны «жоғары-
дағылармен бір болу» деп атай аласыз. Дұғаларыңызда
да пәлен мен түгеннің достығын, соның жанында болу-
ды емес, Алламен достықты және Аллаға тым жақын
болуды қалауыңыз мүмкін.
Алайда қауышудың өзіне лайықты болуы, Аллаға
жақын болудың өз деңгейіне сай болуы – ақыретке қа-
тысты істер. Бұлар көз көріп, құлақ естуді былай қой-
ғанда, санаға сыймайтындай кейіпте көрініс беретін
ақиқаттар. Сондықтан бұл осы дүниеде жүзеге аспай-
ды. Қабірге кіріп шыққаннан кейін, есепті беріп, Сират
көпірінен өтіп, жұмақтың жұма белестерінде кездесіп,
Алланың алдына барғаннан кейін, онымен кездесіп,
Сұрақ-жауаптар 249
көзбен көру бақытына бөленеді.
Өлімнің артында жасырынған әсемдіктер
Иә, Аллаға жетіп, онымен қауышу өлімге қатыс-
ты болғандықтан кейбіреулерге бұл ұнамауы мүмкін.
Өлімнің суық өңінен тіксінуі мүмкін. Ал анығында,
Махбуб Хақиқиға (Шынайы Сүйіктіге) жету үшін өлім,
қабір, бәрзаһты былай қойғанда, қан мен іріңге тола
дариялардан өтіп, тік жартастарға өрмелесең де тұрар-
лық. Өйткені бұл өте ірі жетістік. Өлімнен қорқып не
оны жек көргендер өлімнің артында жасырынған әсем-
діктерден хабарсыз бақытсыздар. Себебі өлімді жек
көру деген сөз әсілі Алланың құзырына шығуды ұнат-
пау дегенді білдіреді.
Ғаламдағы барлық әсемдіктер Жаратушы сұлулығы-
ның сұлбасының сұлбасының... сұлбасы болған Заты
Зүлжалалға қауышуды қалау, әсілі, мүмін болудың бір
талабы. Бәдиуззаман Алламен жүздесуді былай қойған-
да, Пайғамбарымызбен (с.а.с.) қауышудың өзі туралы
былай дейді: «Егер «Имам Раббани бүгін Үндістанда
тірі» деп зияратына шақырту алсам, барлық қиындық-
тар мен қауіптерге қарамастан зиярат етуге барар едім.
Ал Інжілде Ахмад, Тәуратта Ахияд, Құранда Мұхаммед
деп аталған, екі жаһанның Күні, қабірдің артында мил-
лиондаған Фаруқ Ахмадилермен бірге. Ендеше, оларды
зиярат етіп баруға неге асықпаймыз? Қалып қою қате-
лік». Бәрімізді жаратқан, ғаламды осыншама безендір-
ген, болмысты ғажап жүйемен бар еткен Жаратушы-
мызбен қауышу болса бұлармен өлшеуге келмейтіндей
терең. Аллаға сенген пенденің Алламен қауышуды қа-
ламауын ойлау мүмкін емес.
Әсілі, өлімнің артында жасырынған әсемдіктерді аң-
ғарған жанның өлімді жек көруі мүмкін емес. Өкінішке
қарай, болмысты қате пайымдап, барлық нәрсені осы
дүниемен шектеп қарайтындар физикалық әлемнің ар
250 Сынық құмыра 4
жағын көре алмайтын, дүниені ғана мақсат көріп, тұтас-
тай соған берілген жанға одан айырылу өте ауыр тиеді.
Осы себепті өлімді ұнатпайды. Өйткені ол өлім арқылы
қол жететін әсемдіктерді аңғармағандықтан, оның осы
дүниеде көріп, дәмін алған әсемдіктерінің түпкі қайна-
рына жету секілді талпынысы мен ниеті жоқ.
Алламен қауышуды ұнатпайтын пенделерге қатыс-
ты жоғарыдағы хадистен мынаны түсінеміз, Алла да
олардың ұнатпауына ұнатпаушылық танытады. Сол се-
бепті оларды құзырына алмайды, жанына тым жақын-
датпайды, белгілерін көрсетіп абыройға бөлемейді. Біз
Алланың өзіне «ұнатпаушылық» (кәраһат) сөзін телісек
қандай мағынаға тартатынын білмегендіктен, мәселені
бәлағат (риторика) іліміндегі «муқабала» категориясына
қалдырып, осындай әдісті таңдаймыз. Олар өлім, мах-
шар, сират көпірі секілді Аллаға бастайтын көпірлерді
ұнатпағандықтары үшін Алла да олардың ұнатпауына
муқабала жасап, дәл соның өзін оларға қайтарады.
Сүйсеңіз, өзіңіз де сүйікті боласыз
Енді бір жағынан ақиқатты ұстанушылардың па-
йымынша, адамдардың жүрегінен орын алған Аллаға
деген сүйіспеншілік немесе Алламен қауышуды қалау,
түбі Алланың (егер осылай айту мүмкін болса) оларға
көңіл бөлуінің сезім ретінде олардың жүрегіне шағы-
лысып түсуі деген сөз. Алла бізді сүймесе біз де оны
сүйе алмаймыз. Алла өзіне жарасатын түрде мүнәззаһ
әрі муқаддас (қасиетті) ынтызарлығымен құлдарына
ынтықтық танытады. Өйткені әр өнер иесі өз өнерін
жақсы көреді. Адам да Алланың құдірет, ерік және қа-
лауынан туып, ең көркем түрде жаратылған ғажап бір
мүсін болғандығы себепті Алланың оған назары ерек-
ше. Алланың құлдарына деген ынтызарлығы құлдары-
ның Аллаға деген ынтызарлығынан әлдеқайда жоғары.
Ал енді адам Алла құзырындағы орнын қалай өлшей
Сұрақ-жауаптар 251
алады? Әлбетте, іштей Аллаға қаншалықты жақынды-
ғын сезінсе, Аллаға жету үшін қандай талпыныс пен
ынтызарлықпен өмір сүруіне қарауы керек. Аллаға
іштей қаншалықты көңіл бөлеміз? Оған қауышсақ деген
қиялға қаншалықты берілеміз? Жұмақты елестетіп қан-
шалықты аңсаймыз? Себебі Алла елшісі (с.а.с.) бір ха-
дисінде былай деп бұйырады: «Алланың назарындағы
орнының қандай екенін білгісі келген жан өзінде (са-
на-сезімі мен ой әлемінде) Аллаға қаншалықты көңіл
бөлетініне қарасын»99.
Демек, Алламен қауышу (лиқауллаһ) ынтызарлығы
түп негізде Аллаға нық сенуге, Алланы сүюге әрі ұж-
данында Аллаға жетудің ләззатын татуға байланысты
мәселе. Бұлар адамның жігері, талпынысымен болады,
дұрысырақ айтқанда, оның ерік-жігері мен ойына аманат
етілген нәрселер. Әрине, бұлармен қатар Жаратушы Ие
құлының жүрегінде бетбұрыс оятуы мүмкін. Кейбір бол-
мысы таза жандарға қосымша бұйыртқан игілігі болуы
мүмкін. Ол қалағанына қалағанын бұйыртады, ешкім
де Оған (Құдай сақтасын) «Сен пәленге неге мыналар-
ды бердің» деп айта алмайды. Алайда адамның мінде-
ті мейлінше еркін жанып, Аллаға иман етудің соңында
болуы, салиқалы амалдармен осыны тереңдетуі, ихсан
түсінігімен салиқалы амалдарды өте тереңдерге апаруы.
Адам осы мәселеде ерік-жігерін барынша еселесе, Алла
да оның жүрегінде лиқауллаһ ынтызарлығын оятады.
Мағрифатулла мәліметі
Лиқауллаһ ынтызарлығын арттыратын маңызды
факторлардың бірі – мағрифатулла, яғни Алланы білу
және тану. Өйткені адам білгенін жақсы көреді, білме-
ген нәрсеге көңіл аудармайды. Мына мысалмен мәселе-
ні түсіндіруге болады: егер өзге дін өкілдері Мұхаммед
99
Табарани, әл-Муғжамул-әусат, ; Бәйхақи, Шуабул-иман, 2/65.
252 Сынық құмыра 4
пайғамбарға (с.а.с.) көңіл аудармаса немесе оны жақсы
көрмесе, бұның себебі ол кісіні жеткілікті танымауда
жатыр. Егер Адамзаттың Мақтанышы туралы тиісін-
ше айтылып, дұрыс танытылған болса, бұнымен қоса
мұсылмандар тұрпайы әрекеттерімен ақиқаттың жүзін
кірлетпесе, оларда Пайғамбарымызға деген бөлекше
қатынас қалыптасып, оны жақсы көрер еді. Өйткені
адам жаратылыс тұрғысынан керем болып жаратылған
әрі ынсап иесі. Сұлулық пен кемелдікке мейлінше назар
аудармай тұра алмайды. Алайда мұсылмандар ретінде
біз Пайғамбарымызды дұрыс түсіндіре алмағандықтан,
қалағанымыздай оған деген назар аудару мен сүйіспен-
шілікті көре алмаймыз. Егер оның қандай бір сұңғыла-
лыққа ие екенін, қандай күнәсіз әрі ұятты пенде екенін
білсек, дінді жеткізу ісіне қалай берілгендігін бар те-
реңдігімен айта алсақ, жер бетінде оны жақсы көрме-
ген, оған ынтызарлық танытпаған адам қалмас еді.
Алланы лайықты түрде танып, білудің, Пайғамбары-
мыздың (с.а.с.) жеткізген діні арқылы мүмкін болаты-
нын да ұмытпаған жөн. Адам ақылымен Жаратушының
бар екеніне жете алады. Алайда Алланы сипаты, есім-
дерімен білу Пайғамбарымыз ұсынған дінге байланыс-
ты. Біз Алланы да пайғамбары арқылы таныдық. Елшісі
бізге дұрыстың не екенін білдірмесе, ақиқатты көрсет-
песе, мағрифатулла тұрғысынан қазіргі мағлұматтары-
мызға қол жеткізе алмас едік.
Бір жағынан Жаратушы Иені танымау да бір жағынан
Пайғамбарымызды тану, оның нұрлы атмосферасына
кіріп, оның үндеуінің кеңдігіне ашылу арқылы жүзеге
асады. Ол көпірден өтпеген жан Алланы тани алмайды.
Танымаса, сүйе алмайды. Сүймесе, рухани ләззәтқа жете
алмайды. Жете алмаса, Аллаға қауышу үшін ынтызар-
лық таныта алмайды. Осы тұрғыдан барлық мүміндердің
міндеті әуелгі кезекте әдістерін дұрыс ұстана отырып,
баршаның сезім әлемін назарда ұстай отырып, адамзат-
Сұрақ-жауаптар 253
қа Пайғамбарымызды және Алланы таныту әрі сүйдіру.
Жаратылыс заңдылықтарын зерделеу де мағрифат
өресіне жету тұрғысынан маңызды динамикалардың бірі.
«Рисала-и нур» еңбектері – осы бағытта жазылған ма-
ңызды қайнаркөздердің бірі. Болмыс кітабын дұрыс оқу,
дұрыс анализ жасау және дұрыс нәтижелерге жету, Алла
жайлы білгенімізді арттырады. Мағрифатуллаһта терең-
деген сайын Алланы көбірек жақсы көре түсесіз және Ал-
ламен қауышуды да көбірек қалайсыз. Осы тұрғыдан жа-
ратылыс заңдарына дұрыс анализ жасау әрі анатомиясын
меңгеру тұрғысынан кемшілік жібермеу керек.
Осылардың барлығымен қатар дұғаларымызда
үнемі кәміл иман, толық ықылас, толық яқин, толық
мағрифат және лиқауллаһқа деген асқан ынтызарлық
сұрап, табандылық танытқан дұрыс. Жунайд Бағдади
Алладан сұраған тілегіне алпыс жылдан кейін қолы
жеткенін айтқан. Тура алпыс жыл болмаса да алты ай
шынайы түрде үнемі қайталайық, көрейік Жаратушы
Ие бізді қандай игіліктерге бөлер екен. Иншалла, осы
айтқанымызбен Алланы сынап тұрғандай бір құрмет-
сіздік әрі тәрбиесіздік жасамаған болармыз. Бірақ мы-
наны ұмытпаған жөн, іштей Алламен қауышуға деген
ынтызарлықтың оянуының маңызды себептерінің бірі
адамның осы мәселедегі ниет, тілек және табандылы-
ғына байланысты.

254 Сынық құмыра 4


АДАМНЫҢ ХАЛИФАЛЫҚ
ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

Жаратушы Иенің адамды жер бетіне халифа етуі


оған қандай жауапкершіліктер жүктеуде? Бұл ақи-
қатты адам іштей қалай сезіне алады?

Адамның жер бетіне халифа етілуінің ақиқаты мына


аятқа сүйенуде: «Раббың періштелерге былай деген
еді: «Мен жер бетіне бір халифа жасаймын»100. Жер
бетінде Алланың халифасы болуы – пенденің жер бе-
тінде (егер осылай айтуға болса) Алланың уәкілі болуы,
Алланың атынан болмыстарға үкім жүргізуі деген сөз.
Бұл ақиқатты түсіну пенденің Жаратушы Иемен қаты-
насына қатысты мәселе. Баршаның Алламен қатынасы
әртүрлі, бұл мәселеде адамдар арасында жер мен көк-
тей айырмашылық бар. Әркім сезіну керек жағдайлар-
ды рухани дайындығы, ішкі болмысы мен білімі деңге-
йінде сезінеді, сол деңгейде ұлы ақиқаттарға ашылады.
Мәселен, адамзат Мақтанышының (с.а.с.) улуһият ақи-
қатын қалай сезініп, бағалағанын нақты біле алмаймыз.
Сахаба былай дейді: «Расулалла намазға тұрған кезде
кеудесінен ыдыстағы астың бұрқылдағанындай бір
дыбыс естілетін». Кім біледі, Раббысымен қатынасы
тұрғысынан қандай тереңдіктерге ашылатын еді.
Осы секілді Әбу Бәкір, Омар, Осман мен Алидың да
Алламен терең қатынасы бар еді. Мәселен, әзірет Әбу
Бәкірдің үйінің сыртқы дәлізінде намаз оқығандағы іс-
қимылдары мен дауысына Меккенің айтулы мүшріктері
назар аударатын. Бұл оларға терең әсер ететін, бір-бірінен
жасырынып келіп оның намазына қарайтын. Айталық,

100
«Бақара» сүресі, 2/30.
Сұрақ-жауаптар 255
әзірет Омардың намазда тұрып өксіп жылауы артқы қа-
тардағыларға естілетін. Міне, адамның халифалық ақиқа-
тын іштей сезінуі және соның қажетіне қарай әрекет етуі,
Алламен күшті байланысы болуына қарай өзгереді.
Жоғарыда айтқанымыздай, халифалық адамның Ал-
ланың орнына, соның атынан үкім жүргізуі дегенді білді-
реді. Бұның мағынасы Жаратушы ісін (ижраат субхания)
сол күйі орындау деген сөз емес. Халифалық – Алла жа-
ратып, адамзаттың иелігіне берілген, тіршілікке араласу
құқы. Бұны Жаратушы Ие белгілеген өлшемдер шеңбе-
рінде белгілі бір орында пейзаж жасауға ұқсатсақ болады.
Әрине, пендеге бұндай мүмкіндіктердің берілуі маңызды
деңгей. Себебі періштелердің не басқа да рухани болмыс-
тардың бұндай міндеті жоқ. Адам материалды болмыс
болғандықтан, табиғат төсінде өскендіктен, табиғаттың
тілін түсінетіндей қабілет дарығандықтан, оларға үкім
жүргізу құқы да соған берілген. Адамның міндеті ғалам
кітабын өте жақсы оқып, жанды-жансыз болмыстарға
қатысты зерттеулер жүргізіп, бір жағынан Алла жайлы
танымын арттырып, екінші жағынан адамзат пен бар-
лық болмыстың игілігіне қызмет ететін жұмыстар жасау.
Адамның үкім жүргізу шегі осымен белгіленген. Яғни
Алла жаратқан қалпында ғаламды сақтау, оған пайда кел-
тіретін істер жасау. Ал керісінше, Алла белгілеген «таби-
ғатты» (фитра) өзгерту оның шегінен асады. Сондықтан
оның билігі болмысқа араласуға жатады, егер зиянға себеп
болса, ол өзіне берілген құқықты жамандыққа пайдалану-
да деген сөз. Айталық, қазіргі күні молекулярлы биоло-
гия, генетика инженерлігі секілді ғылымдар барынша да-
мыды. Осы салаларда жүргізілген тәжірибелер, сынақтар,
жұмыстар егер адамзаттың пайдасына жарайтындай қол-
данылса, айталық, бірқатар ауруларды емдеу, адамзаттың
қиын проблемаларын еңсеруге шешімдер ұсыну, қоғам
бақытын қамтамасыз ету бағытында жасалатын жұмыс-
тарда дін тұрғысынан өрескелдік болмағаны тәрізді тіпті
дін оны қолдайды деп айтуға болады. Бұл Жаратушы
256 Сынық құмыра 4
Иенің нығметтерінен пайдалану, Жаратушы Иенің ға-
ламға берген ерекшеліктерін қайтадан ғаламның игілігіне
жарату деген мағынаға келеді. Тіпті Құран Кәрімде атал-
ған бірқатар пайғамбар мұғжизаларынан бұларға ишарат
пен ынтықтыру да табуға болады. Дегенмен зерттеушілер
тоқтауы қажет шекте тоқтамай, мәселен, гормондар неме-
се гендер жасайтын қате өзгерістермен қоршаған ортаны
бұзып, адам саулығына зиян тигізсе, тіршілік иелерінің
деформацияға ұшырауына себеп болса, заңды шектен ас-
қаны деген сөз.
Мынаны есте ұстаған жөн, адамның Аллаға халифа
болуы, яғни заттарға үкім жүргізу құқын иеленуі үлкен
потенциалды білдіреді. Бұны жүзеге асыру үшін бір
жағынан әр нәрсені терең зерделеуі, екінші жағынан
терең ой мен жұмыстарды натурализм шегінде қалдыр-
май одан да ары ілгерілетуі, материядан өтіп, Жарату-
шыға жетуі қажет.
Ақыл, сезімдермен қол жеткізген тәжірибелік мәлі-
меттер өте маңызды. Бірақ «ахсан тақуим» сырына ие
адамның шектері одан да ілгеріде әрі кең қамту сипаты-
на ие. Оның міндеті асу берместерді бағындырып, Жа-
ратушы Иеге жете алуы тиістігі. Егер ол материалды
шеңберден шыға алмай, көрумен қол жеткізген мәлі-
меттерінен аса алмаса, Алланың халифасы болу сана-
сына жете алмайды. Өз бойында бар потенциал бойын-
ша одан күтілген нәрсе осылардың барлығынан асып
Аллаға жете білуі қажеттігі.
Алланың халифасы екенін аңғарған жан не нәрсеге
қараса да өзін Аллаға жеткізетін бастаулар ашып, жол-
дар қалыптастырады. Аллаға бастайтын жолдардың
жаратылыстардың санындай тым көптігінің мәнісі міне
осы. Ражаизада Махмуд Екремнің дегеніндей, ғалам –
үлкен бір кітап. Қай әрібінің астарына үңілсең, Алла
көрінеді. Осыны ұғынған жан ғаламда жұмыс істеп тұр-
ған ғаламат жүйенің Алланың бар екендігін көрсетіп
тұрғанын түсінеді. Ақылымен Жаратушы Иені толық
Сұрақ-жауаптар 257
қамтымаса да Алланың көркем есімдері мен сипаттары
жайлы танымын арттырады.
Халифалық пен орынбасарлықтың ерекшеліктерін,
осы биік мәртебенің адамнан не күтетіні және үдесінен
қалай шығу керектігін үйреніп білу бір жолбасшыға
байланысты. Шынайы мәнінде ол жолбасшылар – пай-
ғамбарлар. Пайғамбарлар арасында Мұхаммед (с.а.с.).
Әрі Ұлы Жаратушыны лайықты түрде тану, әрі адам-
нан күтілген миссия мен міндеттерді түсіну үшін жасау
қажет нәрсе – осы жолбасшылардың етегіне жармасып,
өмір сапарында солардың тәліміне жүгіну.
«Мен жер бетінде бір халифа жаратамын»101 деген
аятта да айтылғандай, адамды халифалық міндеті-
не лайық көріп, оған осы міндетті алып жүретін күш
пен мүмкіндіктер беріп, жағдаяттарды соған лайықты
еткен Алла пендесінің қай деңгейде соны алып жүре
алатынын да біледі. Дегенмен ілім сипатының табиға-
ты білінген заттың (мағлум) бар болуын қажет етпеге-
ніндей, Алланың білуі пенделердің өз таңдауын ерікті
түрде жасауына кедергі келтірмейді. Басқаша айтқан-
да, Алла көбіне пенделердің бейімділігі мен таңдауына
қарай нәтиежелерді жаратады. Бұл бөлек мәселе. Бұл
жерде негізгі айтайын дегенім мынау: егер бізді осы
жоғарғы қасиеттермен осы дүниеге жіберіп, осындай
ұлық міндетті артқан әрі осы міндетті алып жүруіміз
үшін қажетті мүмкіндіктерді дайындаған Алла болса,
ешбір жағдайда үмітсіздікке салынбау қажет. Аяғымыз
сүрініп, құлап немесе тірлігіміз алға баспай, жолымыз-
да түрлі кедергілер шыққан жағдайларда да ешқашан
үмітсіздікке бармау қажет. Ақыры бізді осындай қиын
сапарға шығарған болса, демек, ол жерде Субхан Ие-
міздің бір қалауы болғаны. Егер біздің әрекеттеріміздің
болуының астарында Алла тұрса, онда қандай жағдай
болмасын үмітсіздікке салынудың реті жоқ. Алайда
101
«Бақара» сүресі, 2/30.
258 Сынық құмыра 4
адамның осы мәселеде тура бағыттан таймай ойлай
алуы әрі дұрыс әрекетті анықтай алуы айтарлықтай тә-
лім-тәрбиеге байланысты. Жақсы жетілмеген жан қай
жерде қалай әрекет ету керектігін, қандай сана-сезімде
болу қажеттігін біле алмайды.
Кейде жолдар жүруге келмейтіндей болып көріне-
ді. Алайда ұмытпау қажет, Алланың рақымына сый-
майтын нәрсе жоқ. Бір жерде тығырыққа тіреліп, қы-
сылып, тынысымыз тарылса, артынан Алла міндетті
түрде тынысымызды ашады, бұдан еш үміт үзбеген
жөн. Құрандағы «Алланың рақымынан үміттеріңді
үзбеңдер!»102 деген аят та осыны білдіруде. Басқа бір
аятта былай делінген: «Уа, күнәға батып, өз-өздеріне
жамандық жасауда шектен шыққан һәм өздеріне
берілген түрлі нығметтер, сезімдер мен қабілеттерді
орынды пайдаланбай зая қылған құлдарым! Алла-
ның рақымынан үміттеріңді үзбеңдер!»103
Егер біз барлық жағынан Жаратушы Иемізге аманат
болсақ, ешқашан үмітсіздікке берілмеуіміз керек. Үміт-
сіздік – кемелденуге кедергі келтіретін нәрсе.
Осы себепті Аллаға сенген, оны жер бетіндегі ха-
лифасы екендігін санамен сезінген жан ешқашан үміт-
сіздікке салынбауы тиіс. Барлық әскері ыдырап кетіп,
жалғыз өзі қалса да «Менің «лә хаулә уә лә қууата иллә
биллаһ» секілді қорғаным барда Алланың қалауымен
барлық жасақтарды қақырата аламын» деп үмітін сақ-
тай білуі тиіс. Өйткені үмітсіздік бір жағынан Алланың
шексіз құдіреті мен қуатын, шексіз қолдауы мен бақы-
лауын елемеу, барлық нәрсені өз күші, қуатымен баға-
лау деген сөз.
Енді бір жағынан Алла бұйыртқан нығметтерге қол
жеткізгенде, жайлылыққа жеткенде, оған есіріп, есер-
соқтанып кетпеу қажет. Жеткен жетістіктерді өзіне
102
«Юсуф» сүресі, 12/87.
103
«Зумар» сүресі, 39/53.
Сұрақ-жауаптар 259
теліп, менің арқамда демеуі керек. Ең қиын уақыттарда
үмітсіздікке салыну да, молшылық пен кең уақыттарда
есіріп, мастану да Алланың жер бетіндегі халифасына
жараспайтын әрекеттер.

260 Сынық құмыра 4


МАЗМҰНЫ
Дүниелік нығметтермен бетпе-бет келгенде өзгермеу.....................3
Өз түбіне өзі жеткен бақытсыз жандар...................................3
Жаман жаққа өзгерудің алғышарттары....................................5
Басқаша өзгеріп кетпеу үшін табандылық таныту..................7
Сен қызметіңді атқар, нәтижесін аллаға қалдыр............................10
Конструктивті қозғалыс.....................................................................16
Оқиғалардың ықпалында қалмау................................................17
Тұтас қамтып қарау және дипломатия...................................19
Бірлік рухы.....................................................................................20
Өз ісіңе деген махаббатпен өмір сүру.......................................22
Шайтанның ойындары......................................................................24
Материалды және рухани кемелділікті жоятын кесел –
жаман ойлау........................................................................................30
Жаман ойлаудан сақтаныңдар...................................................31
Топтар арасындағы жаман ойлау.............................................33
Ең үлкен жиһад............................................................................35
Бітімге келуде қайыр бар...................................................................38
Толеранттылық пен кеңпейілділік..............................................38
Ымыраға келу отбасында басталады.......................................40
Кемел адамдармен кедергілерді асасыз......................................42
Хұдайбия келісімі..........................................................................44
Кеңшілікте де, таршылықта да мүмінге тән ұстаным....................48
Жетістіктерге тап келгендегі мүмінше ұстаным..................49
Тағдырға разылық........................................................................52
Көркем мінезден танбау..............................................................55
Тәсілде қатеге ұрынбау...............................................................59
Ықылас және шынайылық..........................................................60
Діннің негізгі мәселелері...................................................................62
Жаңалану рухы.............................................................................64
Жүрек қаттылығы..............................................................................67
Жүректі белсенді ететін динамикалар.....................................67
Салиқалы жандармен бірге болу................................................70
«жындылар».......................................................................................73
Өлімнен қорқу ма әлде ақыретке алаңдау ма?................................78
Ұнатпаса да дүниеде жүргендер................................................79
Ақыретімді ойлағанда қатты қорқамын..................................81
Мейіріммен ашылған есіктер............................................................84
Жұмсақтық сіздерге аманат..............................................................90
Баламалы жобаларды дамыту . ................................................92
Аллам, қауымымды кешір............................................................93
Тілдің сыпайылығы...........................................................................96
Пайғамбарымыздың әрекеті.......................................................97
Ренжісек те ренжітпейік...........................................................99
Туыстармен араласу.........................................................................101
Тірілту қажетті иләһи бұйрық................................................102
Қызмет туыстармен араласуға кедергі болмауы тиіс..........104
Сұрақ-жауаптар 261
Келмегенге бару..........................................................................105
Ауызбіршілік пен бірлік..................................................................107
Топты алдыға шығарудан алыс тұру......................................107
Қоғамдық бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін...................108
Cезімдерді есепке алыңдар........................................................ 110
Сыртқы формамен шектелуден арылу........................................... 112
Алламен қатынастың күшті болуы......................................... 112
Түнде құлшылықта, күндіз ат үстінде................................... 115
Қызметке тәуелділік......................................................................... 118
Биік мақсат жолындағы қиындықтар.............................................123
Құрдастар арасындағы бәсеке.................................................123
Өз ғасырында танылмаған алыптар.......................................124
Ақылмен және логикамен байлану...........................................126
Шайтанның айласы...................................................................128
Һижрет..............................................................................................132
Һижрет сауабы . .......................................................................133
Һижрет етіп барған елді тастап кетуге бола ма?...............136
Қайта тірілту харекетінің негізгі динамикалары..........................140
Демократия................................................................................141
Толқынның түбі..........................................................................142
Күшке сүйенбейтін және табанды қозғалыс.........................143
Көрегендікпен және парасаттылықпен әрекет ету..............145
Діннің нақты үкімдерімен реттелген сезім тебіренісі.........146
Баламалы жобалар жасаңдар..................................................147
Тағайындау мен міндет беру кезіндегі дұрыс әрекет...................149
Бір мекеменің қызметке тағайындау алқасына тән
жауапкершіліктер.....................................................................149
Жаңа тағайындалғандарға қатысты жауапкершіліктер....152
Міндет сұрау және түрліше дәмету.......................................154
Қызғанатындар алдында өзімізбен беттесу...................................157
Мухасаба және өзімізбен бетпе-бет келуіміз.........................158
Іштарлығын баса алмағандар..................................................161
Іштарлықтың алдын алу үшін жасалуы қажетті істер......162
Аса мән беру қажетті құндылықтар...............................................166
Уайымға белсенділікті қосу......................................................166
Адамзатқа Алла елшісін таныту.............................................168
Аса назар аудару қажет екі мәселе..........................................169
Тәблиғ адамының екі қасиеті..........................................................171
Ізгілікке берілген кісілерге тән міндеттер.....................................177
Ниеттің кеңдігі..........................................................................178
Шынайы жағдайлармен санасу................................................180
Бір ғана аңсар арманымыз........................................................181
түпкі ойды ұсыну.............................................................................184
Интеллектуалдар сыныбын жетілдіру...................................185
Әдістің әсемдігі..........................................................................187
Құл болу түсінігі..............................................................................188
Ғибадаттарды бір қайтарымға байламау.............................189

262 Сынық құмыра 4


Нығметтердің жаууы...............................................................191
Амалыңды үлкен көрме, құлдырауға себеп болмасын.............192
Бірлік пен ынтымақты қалыптастыру............................................194
Екі жиханның амандығы мен жақсылығы үшін.....................194
Мінезімізден танбау..................................................................195
Ынсап, әділеттілік және мәрттік..........................................197
Түзетіп-дұрыстаушы ерлер арқалайтын жауапкершіліктер.........199
Үлгі көрсету мен дінді жеткізуде әдіс.....................................199
Әлемде бейбітшілік ауанын қалыптастыру...........................201
Дайындық әрі метафизикалық күйді сақтай білу..................202
Менмендік торы және ықыластың орталықтан тарайтын күші..204
Жарату ісі серіктестікті қабылдамайды..............................204
Алла «мен» дегенді жақсы көрмейді........................................206
«Азырқану ғибадаты» ..............................................................207
Сатылау әдісі....................................................................................209
Меккелік және Мәдиналық аяттар.........................................209
Бақытты ғасырдан кейінгі уақыттағы сатылай енгізу әдісі.211
Ұлы ақиқаттарды ұсынарда жүгінетін әдіс..........................213
Плюрализм........................................................................................215
Бейбіт қатар өмір сүру тәжірибесін дамыту.......................216
Көптүрлілікті байлық есебінде көре білу................................218
Жамандықтармен күресте мүмінше әрекет..........................219
Кішіпейілділік және ықылас...........................................................221
Ұжданның берген үкімдері........................................................222
Өтірік – кәпірдің сөзіне жатады.............................................223
Нені таңдаймыз?..............................................................................225
Тепе-теңдік және орынды сүйіспеншілік................................226
Бір жүректе екі сүйіспеншілік болмайды...............................228
Аманатқа адалмыз ба?.....................................................................231
Орныңа лайықты болу...............................................................232
Дағуа адамдарының ерекшеліктері.........................................234
Әрдайым аманатшылдар бола білу..........................................236
Ибнул-уақт........................................................................................238
Террор мен зорлық әрекеттер..................................................239
Өзгелердің қасиет тұтқандарын құрметтеу.........................240
Тағылық пен зорлық бір-біріне жақын.....................................242
Опа.....................................................................................................243
Аллаға деген опа.........................................................................243
Пайғамбарымызға деген опа.....................................................243
Дінге деген опа............................................................................244
Жұртқа деген опа......................................................................245
Өзің бас қойған мұратқа деген опа..........................................246
Лиқауллаһ ынтызарлығы ................................................................249
Өлімнің артында жасырынған әсемдіктер............................250
Сүйсеңіз, өзіңіз де сүйікті боласыз..........................................251
Мағрифатулла мәліметі............................................................252
Адамның халифалық жауапкершілігі.............................................255
Фетхуллаһ Гүлен

Сынық құ мыр а
4
Аударған:
Құдайберді Бағашар

You might also like