You are on page 1of 4

«Химия» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың

тапсырмалары

1. Периодтық жүйеде химиялық элементтер шартты әріптермен белгіленген.

Кестедегі A; B; C; D; E; F элементтер туралы дұрыс тұжырымдарды таңдаңыз.


1. А және В элементтердің энергетикалық деңгейлер саны бірдей.
2. С және F элементтердің энергетикалық деңгейлер саны бірдей.
3. B және E элементтердің сыртқы энергетикалық деңгейінде электрондар саны
бірдей
4. B және D элементтердің сыртқы энергетикалық деңгейінде электрондар саны
бірдей
A) 1, 2
B) 2, 3
C) 1, 4
D) 2, 4

2. Магний бромиді (MgBr2) – бинарлы иондық қосылыс. Магний бромидіне сәйкес қасиеттер [1]
қатарын көрсетіңіз.
Судағы ерігіштігі Балқу температурасы Агрегаттық күйі

A Ерімейді Жоғары қатты

B Ерімейді Төмен сұйық

C Ериді Жоғары қатты

D Ериді Төмен сұйық

3. Ковалентті байланысы бар қосылыстар берілген Cl2, Н2O

(а) Ковалентті байланыс түрлерін ажыратып жазыңыз. [1]

(b) «Нүктелер мен айқыштар» (Льюистің диаграммасы) диаграммасын қолданып ковалентті


байланыстардың түзілу механизмін түсіндіріңіз.
[1]
4. Берілген химиялық элементтерді қолданып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

Li, Ar, Ca, Na, Cl, K, Br, Na, Mg,

Ne (а) Кестені химиялық элементтер таңбасымен

толтырыңыз.

Сілтілік металдар Инертті газдар Галогендер


[3]

(b) (а)-сұрағына жауабыңызды атом құрылысы және периодтық жүйедегі орны


бойынша түсіндіріңіз.
[2]
Барлығы[5]

5. Элементтерді периодтық жүйедегі орнына бойынша сипаттауға болады.


Төменде екі элементтердің атомдарындағы электрондардың энергетикалық
деңгейлерде орналасуы көрсетілген.
және

(i) Берілген электрондық конфигурацияларға сәйкес элементтерді анықтап, таңбаларын


жазыңыз.
[1]
(ii) Элементтердің қайсысы металдық / бейметалдық қасиетке ие екенін анықтаңыз.

[2]
Барлығы[3]
6. Кестеде элементтердің электртерістілік мәндері көрсетілген.

Li Be O F
Электртерістілік мәндері 1.0 1.5 3.5 4.0

(а) (i) Әрекеттескенде ковалентті полюсті байланыс түзетін екі элементті таңдаңыз.
Жауабыңызды түсіндіріңіз.
[2]

(а) (іі) - ковалентті полюсті байланыстың түзілуін “нүктелер мен айқыштар”


диаграммасы арқылы көрсетіңіз.
[2]
Барлығы[4]
7. Реакцияны толықтыр

i) NaOH + …………… = Cu(OH)2 + …………….


Na2O + ……………. = Na2SO4 + ……………..

ii) Al2O3 + H2SO4 →


Al2O3 + KOH →
Al(OH)3 + HCl →
Барлығы[6]
8. Кальций хлориді (CaCl2) — Ca2+ жетіспеушілігін толықтыратын дәрілік препарат.

(а) Массалық үлесі 15% 200г ерітінді дайындау үшін қажетті кальций хлоридінің
масасын есептеңіз. Массалық үлесті табу формуласын көрсетіңіз.
[2]

(b) Көлемі 500 мл ерітіндісінде 22,2 г кальций хлориді бар. Ерітіндінің молярлық
концентрациясын есептеңіз.
[2]
Барлығы[4]
Жалпы балл-25

You might also like