You are on page 1of 4

Зертханалық жұмыс №11

Тақырыбы: Hyper Cam, Adobe Premiere Pro, Movie Maker - Video Editor және т.б.
бағдарламаларын пайдалана отырып бейне-файлдарды жасау. Smart-қосымшалармен жұмыс:
Smart TV, SmartHub және т.б.Кәсіби салада қолданбалы бағдарламаларды орнату және
пайдалану.

Мақсаты: Movie Maker - Video Editor бағдарламаласын пайдалана отырып бейне-


файлдарды жасау принциптерін оқып уйрену. Smart-қосымшалармен жұмыс жасау дағдысына
ие болу.Кәсіби салада қолданбалы бағдарламаларды орната білу және онымен жұмыс жасай
білу.

Windows Movie Maker – бұл мультимедиялық роликтер құруға және оларды


редакциялауға арналған Microsoft Windows операциялық жүйелер жиынтығы тобына кіретін
тегін бағдарлама.
Осы бағдарламаның көмегімен үйдегі ДК-де тікелейфильмдерқұруға, құрастыру және
оларды көрсетуге болады. Бағдарлама арнайы әсерлер (эффект), дикторлық мәтін және музыка
қосуға мүмкіндік береді.Фильмдерді құрап болган соң Сіз оны компакт-дискіге жазып ала
аласыз. Сондай-ақ оны электрондық пошта арқылы таныстарыңызга жібере аласыз немесе
Интернетке жүктей аласыз.
Бұл бағдарлама пайдалануда өте қарапайым, бірінші кезекте ол әуесқойлық фильмдер
құруға арналған. Әрине, Windows Movie Maker бағдарламасы видеоредактор ретінде әлсіз,
бірақ слайдшоу жасауда өте жоғары деңгейде.
Бағдарлама өз идеологиясына ұқсас көпшілік видео редакторлар сияқты классикалық
интуитивті түсінікті интерфейске ие. Әрине, кейбір айрықша ерекшеліктері бар.

11.1- сурет -Windows Movie Maker 2.6 бағдарламасының жұмыс терезесі

Басты мәзірде бағдарлама жұмысын басқаратын барлық командалар орналасқан. Ол


жерде бағдарламаның кейбір панельдерін қосып/өшіруге болады немесе керекті функцияларды
шақыруға болады.
Төменде құралдар тақтасы орналасқан. Онда жобанықұру/ашу/сақтау, іс-әрекеттерді
жою/қайталау, есептер тақтасын жасыру/көрсету (Tasks), панельдер жинағын жасыру/көрсету
(Collections) түймелері бар, сондай-ақ қажетті элементтер тобын тандауға болатын ашылма
тізімі бар. Топтар: Video Effects (Әсерлер түріндегі), Video Transitions (Видео өткелдері),
Collections (Жинақтар).
Тапсырмалар жолағы (Панель задач) жиі қолданылатын командаларға қол жеткізуді
жеңілдету үшін арналған. Тапсырмалар жолағы мәніне байланысты үшке бөлінеді:
1. Видео жазу (Capture Video). Мұнда үш пункт – видео импорты (Import video), сурет
импорты (Import pictures) және дауыс импорты (Import audio or music).
2. Фильмді монтаждау (Edit Movie). Мұнда бес элемент орналасқан -жинақтар (Show
Collections), видеоэффекттер (View video effects), көшулер (View video transitions), титрлар
атауларын құратын (Make titles or credits) және автофильм құратын (Make an AutoMovie)
терезелер.
3. Фильмді құруды аяқтау (Finish Movie). Бұл категориядафильмдерді құру және оны
компьютерде (Save to my computer) немесе видеокамерада (Send to DV camera) сақтау
функциялары орналасқан.
Жобаның терезесінде жинақтар (Collections), видеоэффекттер (Video Effects)және көшулер
(Video Transitions)көрсетіледі. Сонымен қатар бұл жерде атаулар (Make titles or credits) және
автофильмдер (Make AutoMovie) құратын терезелер көрсетіледі.

11.2- сурет - Movie Maker - Video Editor жобасының терезесі

Жинақтар мазмұнын, видео әсерлерін және көшулерді көру үшінкірістірілген ойнатқышты


(встроенный проигрыватель) пайдаланған ыңғайлы. Ол құрылған жобаны басты менюде "Full
Screen (толық экран) пунктінің "View" (түрі) ішінде немесе жай ғана Alt + Enter пернелер
комбинациясын басу арқылы бейнелеу ушін арналған.

3- сурет. WindowsMovieMaker бағдарлама ойнатқышы

Бағдарламаның төменгі жағында жобаны екі режимде көре алатын панель бар.
11.3- сурет –WindowsMovieMaker бағдарамасының төменгі панелі

Бірінші режим уақыттың типтік шкаласы түріне ие.Негізінен бұл режим таңдау және
слайдты ретке келтіру, ойнату ұзақтығынөзгерту, тақырыптарын қосу, дыбыс және бейне
әсерлерін өзгертуүшін пайдаланылады. Екінші режим раскадровка түріне ие. Бұл режим
өтуілер мен бейне әсерлерін қосу кезінде ыңғайлы.
Режимдер арасында ауысу үшін "Show Timeline" және "Show Storyboard" атты
кнопкаларды басу арқылы немесе Ctrl+T клавишасын басу арқылы іске асады.

Бағдарламамен жұмыс
1. Бағдарламаны жүктеу. https://apps.microsoft.com/detail/9mvfq4lmz6c9?hl=ru-ru&gl=RU
2. Бағдарламаны "Пуск" кнопкасында "Программы" менюінен "Movie Maker - Video Editor"
тандау арқылы ашуға болады.
2. Импорт мазмұны. Мысалы ол үшін құрал-сайман тақтасында "Importpictures" (Сурет
импорты) басып, бірнеше сурет таңдаймыз. Осыдан кейін таңдаған сурет жобаның Collections
(Жинақтар) терезесінде көрсетіледі. Осылай Сіз бейне, немесе "Import video", "Import audio or
music" сәйкес пунктерін басу арқылы аудио ақпарат қоса аласыз.
3. Уақыт шкаласына объектілер қосу. Енді жобаның Collections (Жинақтар) терезесінен
уақыт шкаласына объектілерді алып шығамыз. Сондай-ақ, есептер тақтасындажобаның
Collections (Жинақтар) терезесінде орналасқан барлық объектілерді автоматты түрде қосуға
арналған "Make an Auto Movie" (Автофильм құру) аттыөте пайдалы тармақ бар.
4. Атаулар мен титрлерды қосу. Онда қысқа метражды фильмдер жасауға мүмкіндік
береді. Тақырыбын жазу үшін есеп тақтасындағы "EdiMovie" категориясындағы
"Maketitlesorcredits" (Атаулары мен титрлар құру) пунктін тандау керек немесе негізгі терезеде
"Tools" (Сервис) қосымша бетінде "TitlesandCredits" (тақырыптама және титрлар) пунктін
таңдау керек. Пайда болған терезеде бейненің орнын таңдауға болады. Осыдан кейін керекті
пунктті таңдап, мәтіндік жолды толтыру керек.
5. Бейне әсерлерін және көшулерін қосу. Ол үшін есеп тақтасынан Viewvideoeffects
(Видео әсерлерді көру) немесе Viewvideotransitions (Видео көшулерді көру) пунктін таңдау
керек.
6. Уақыт шкаласы терезесінде фильмді өңдеу.Элементті қосқан соң олардың ойнау
ұзақтығын беру керек. Ол үшін керекті объектіні уақыт шкаласында бөліп шығарып, шетінен
тарту керек.
7. Фильмді құру және сақтау. Windows Movie Maker бағдарламасындағы жұмыстың соңғы
этапы құру және сақтау болып табылады. Ол үшін есеп тақтасынан "Savetomycomputer"
(Компьютерде сақтау) немесе "Send DV camera" (Санды камераға жіберу) пунктін таңдау керек.

Жұмыс мазмұны
1. Теориядағы қысқаша мәліметтермен танысу.
2. Windows Movie Maker бағдарламасын ашу және нұсқа бойынша тапсырманы таңдау.
3. Тапсырманы орындау кезінде бейне материалдар, сурет, дыбыс, клиптың басында және
соңында титрлар қолдану.
4. Клипте әртүрлі көшулер әсерлерін қолдану.
5. Клипті қатты дисіде папкада сақтау.

Тапсырманың нұсқалары
1. «Мен КазАСТ-та оқимын» атты видеоклип.
2. «Теңіз және мұхит мекендеушілер» атты видеоклип.
3. «Космосты меңгеру» атты видеоклип.
4. «Ең таңғажайып өсімдіктер» атты видеоклип.
5. «Алматы – менің жақсы көретін қалам» атты видеоклип.
6. «Спорт, спорт және жастар» атты видеоклип.
7. «Жыл мезгілдері» атты видеоклип.
8. «Австралияның жабайы табиғаты» атты видеоклип.
9. «Астана – Қазақстан астанасы» атты видеоклип.
10. «Әлем астаналары» атты видеоклип.
11. «Салауатты өмір салты» атты видеоклип.
12. «Хайуанаттар әлемі» атты видеоклип.

Бақылау сұрақтары

1. Windows Movie Maker бағдарламасының мүмкіндіктері.


2. Атаулары мен титрларды қалай қосамыз?
3. Уақыт шкаласын белгілеу.
4. Құрылған жобаны толық экран режимінде қалай коре аламыз?
5. WindowsMovieMaker-де суретті қалай қоямыз?

You might also like