You are on page 1of 2

Еске алумен өлең жыр оқылғанда,

Өртесе егер жүректі жалын ішкі


Мәңгілікке аттанған жақын жанға,
Жеткізе алмай, айта алмай сағынышты.

Жақсы жанның дәріптеп жүрген көшін


Өмір жолын ұрпаққа ғұрыптауға
Көз алдынан өшірмей нұр бейнесін
Ұлы жанды тиіспіз ұмытпауға

Хайрушев Марат Досқазыұлы


Адамның басы алланың добы, қай жерге итерсе тағдырдың айдауымен сол жерге
қарай домалайтынымыз ақиқат. Жұлдыздай ағып өткен бауырмал, еліне елеулі, халқына
қалаулы азамат атанған бауырымыздың, әкеміздің, досымыздың, жездеміздің жастай
қиылған ғұмыры жүрегімізге батты. Бірақ тірі тіршілігін жасайды, Мараттың асыл бейнесі
жүрегімізде алтын әріппен сақталатыны сөзсіз.

Марат Досқазыұлы Жаңақала ауданы, Новая Казанка ауылында 1 наурыз күні 1966
жылы дүние есігін ашты. Руы әлтеке. Казталов ауылында Алма Оразбаева орта мектебін
бітірді. Мектепте елгезек, білімнің нәрімен сусындап, қатарының алды болды. Ер жетіп
мектепті аяқтағаннан кейін Саратов қаласында техникумнан электрик мамандығын
бітіріп, әскер қатарында болды. 1988 жылы отбасылы болып, төрт қызғалдақтай Амангүл,
Айгерім, Наргиза, Жұлдыз атты қыздары дүниеге келді.

Әттең, тағдырдың өлшеуіндегі ғұмыр ерте үзілсе құдайдың ісіне шара бар ма?

Бұл дүниенің биігінен көрінген


Абзал адам өтсе дағы өмірден
Туыс бар дұға тілеп рухыңа
Еске алады сағынышты көңілмен

Көре алмай, тіршіліктің көп қызығын


Тата алмай шаттық өмір тәттілігін
Жарқырап жүре тұғың бауырым ең
Әттең-ай ерте сөнді-ау от ғұмырын

Жыл өтті жан бауырды жоқтағалы


Жыл өтті сол жүрек тоқтағалы
Сене алмай кеткеніне бауырларын
Елеңдеп сені іздейді топтан әлі

Биіксің, бізге биік нарқынменен


Қонақжай, жылы жүзді қалпынменен
Жүректің төрінде тұр асыл бейнең
Ақ жүрек, ақ пейілді, салтынменен
Сұм ажал сағынышты тұрық тұрып,
Білдірмей кеттің бе, бәрің біліп тұрып
Жанына жақындардың батпасын деп
Шақырмай туыстарды, құлап тұрып

Жан жарым, алтын әкем, ай бауырым


Қайтеміз іштегі өрттің қайнағаның
Алланың дегеніне көніп үнсіз
Іске аса бермейді екен ойлағанын

Берсе де бауыр барын қолындағы


Сұм ажал дегенінен жанылмады
Тағдырдың жазғанына көндік бізде
Шүкір деп ұрпағына соңындағы

Бір жыл болды дүниеден өткеніңе


Қоштасып бізден мәңгі кеткеніне
Рухыңа бас иіп, еске аламыз
Амал бар ма таңдырдың өткеліне

Топырағың торқа, жатқан жерің жайлы, жанның жәннатта болсын. Фәни


ғұмырындағы игі істерін бақи өмірінде сауабына жазылсын. Жарқын бейнең жүрегіміздің
төрінде мәңгі өшпейді. .....

You might also like