You are on page 1of 3

10 Дəріс тақырыбы: Мемлекеттік бюджет жəне мемлекеттік қарыз.

Инфляция

1. Бюджеттің кіріс жəне шығыс бөлігінің негізгі компоненттері.


2. Профицит, бюджет тапшылығы мен мемлекеттік қарыз.
3. Ішкі жəне сыртқы қарыз. Инфляция жəне оның түрлері.

Мемлекеттік бюджет деп— мемлекеттің белгілі бір уақыт кезеңіне, көбінесе бір
жылға арналған кірістері мен шығыстарының қаржы жоспарын айтамыз.
Онда мемлекеттік кірістердің түсетін көздері жəне қаражаттың жұмсалу бағыттары мен
арналары көрсетіледі. Мемлекеттік бюджетті үкімет əзірлейді, жоғары заң шығарушы
органдар қабылдап, бекітеді. Бюджеттің атқарылуы барысында оның ішінара қайта
қаралуы мүмкін. Барлық демократиялық мемлекеттерде Мемлекеттік бюджетті
қабылдау парламенттің аса маңызды өкілеттіктерінің бірі болып табылады.
Мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қорын қалыптастырумен жəне
пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық
нысандар - бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады.
Бюджеттің кірістері табыстар, бюджеттік кредиттерді өтеу сомалары, мемлекеттің
қаржылық активтері сатудан түсетін түсімдер, қарыздар, ал оның шығындар, бюджеттік
кредиттер (Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет
кодексінің 187-бабының 1-тармақшасының бұйырамына сəйкес қоса беріліп отырған
бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау қағидалары бекітілен.), қаржылық
активтерді (Қаржы активтері – бұл акцияларды, облигацияларды, инвестициялық
қорларды, мерзімді депозиттерді жəне екілік опциондарды қамтитын өтімді нысанға
айналу мүмкіндігі бар кез келген активтер. Қысқаша айтқанда қаржылық активтер:
Қаржы активтері акцияларды, облигацияларды, инвестициялық қорларды, мерзімді
депозиттерді жəне өтімділікті ұсынатын екілік опцияларды қамтиды; Олар жер жəне
тауарлар сияқты физикалық активтерден ерекшеленеді, өйткені олардың физикалық пішіні
болмауы мүмкін; Қаржылық активтерді иелену оларды сатып алу жəне сату құқығын
береді, байлықты жинақтауға көмектеседі; Түрлеріне қолма-қол ақша, акциялар,
облигациялар, облигациялар, дебиторлық берешек жəне басқа да акциялар жатады,
олардың əрқайсысының өзіндік ерекшеліктері мен тəуекелдері бар.) сатып алу,
қарыздарды өтеу болып табылады.
Бюджеттің құрылымы бюджеттік сыныптама негізінде құрылады жəне
мынадай бөлімдерден тұрады:
1. кірістер: салықтық түсімдер; салықтық емес түсімдер; негізгі капиталды сатудан
түсетін түсімдер; трансферттер түсімдері; түрлі айып пұлардан түскен түсімдер.
2. шығындар. бюджет кредиттерi, қаржы активтерiн сатып алу, бюджет тапшылығы
қарыздар бойынша негiзгi борышты өтеу республикалық жəне жергiлiктi бюджеттердiң
шығыстары болып табылады.
Бюджет шығындарының негізгі компоненттерінің экономикалық жіктеуі –
бюджеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі мемлекеттік мекемелердің
операцияларын көрсететін бюджет шығындарының экономикалық сипаттар бойынша
топтастыруы. Осы топтарға сəйкес бюджет шығындары санаттарға, сыныптарға, ішкі
сыныптарға жəне ерекшеліктерге бөлінеді. Негізгі операциялар түрлері бойынша
шығындар сыныптарға бірлеседі.
- Төмен тұрған бюджеттің осы функционалдық топ бойынша бюджет
құралдарының шығыстар бағыттары жалпы түрде келесілер:
- Жергілікті өкілдік жəне атқару органдарының қызметін қаржыландыру.
- Аймақтың əлеуметтік-экономикалық дамуын орта мерзімді жоспарлауын
қаржыландыру.
- Аймақтар деңгейлері бойынша бюджеттік жоспарды қаржыландыру.
- Жергілікті бюджеттерді атқаруды ұйымдастыруын қаржыландыру.
- Коммуналдық меншікті басқаруды қаржыландыру.

2. Бюджет профициті - бюджет кірістерінің оның шығыстарынан асып кетуі.


Бюджеттің профициті елдің алтын-валюта резервтерін ұлғайтуға, мемлекеттік
қарызды азайтуға жəне күтпеген шығындарға көбірек қаражат бөлуге мүмкіндік
береді.
Бюджет тапшылығы-бюджет шығыстарының оның кірістерінен асып кетуі.
Бюджет тапшылығының себептері болуы мүмкін:
- Экономиканың құрылымдық қайта құрылуына жəне өнеркəсіпті дамыту
қажеттілігіне байланысты мемлекеттік шығыстардың өсуі.
- Төленбеген мемлекеттік қарыздың өсуі.
- Экономикалық дағдарыс кезеңінде мемлекеттік бюджет кірістерінің қысқаруы.
- Төтенше жағдайлар (соғыстар, жаппай тəртіпсіздіктер, ірі апаттар, табиғи апаттар)
- Мемлекеттің қаржы жүйесінің тиімсіздігі.
- Мемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлық.
- Экономиканың көлеңкелі секторының ұлғаюына əкелетін салық саясатының
тиімсіздігі.
Мемлекеттік қарыз – үкіметтің облигация мен құнды қағаздар сату арқылы алған
барлық қарыздарының көлемі. Яғни мемлекет өзіне жетпеген соманы жабу үшін алатын
қарыз.
3. Мемлекеттік қарыз – сыртқы жəне ішкі болып бөлінеді. Сыртқы қарызға кез
келген мемлекет басқа мемлекеттен алған азаматтар, заңды тұлғалар мен халықаралық
ұйымдар алдындағы барлық жауапкершілікті айтуға болады. Ал ішкі қарыз –
мемлекеттің өз елінің азаматтары мен заңды тұлғалары алдындағы барлық міндеттемесі.
Инфляция (лат. inflatio – «қабыну», «ісіну») — бұл бағаның өсуінен, тауарлар
тапшылығынан жəне тауарлар мен қызметтер сапасының төмендеуінен туындайтын
ақшаның құнсыздануы, сондай-ақ оның сатып алу қабілетінің төмендеуі.
Инфляция — бұл кез келген экономикалық даму үлгісіне тəн объективті құбылыс.
Инфляцияның себептері айналыс жəне өндіріс саласында орын алады.
Қазіргі инфляция мынадай факторларға байланысты:
1. Ақша айналысының факторларына: бюджет тапшылығын жабуға
пайдаланылған, шексіз көп ақшаның эмиссиялануы есебінен айналыс аясының артық
ақша массасына толып кетуі; халық шаруашылығының артық несиеге толуы.
2. Ақшалай емес факторларға: қоғамдык өндірістегі теңсіздікке, шарушылықтың
шығындық тетігіне, мемлекеттің экономикалық саясаты, оның ішінде салық саясаты, баға
саясаты, сыртқы экономикалық саясатына байланысты факторлар жатады.
Аталған факторлардың қанат жаюына байланысты инфляцияның екі түрі
болады: сұраныс жəне шығын (ұсыныс) инфляциясы.
Сұраныс инфляциясы төмендегідей факторлардың əсерінен туындайды:
• əскери шығыстардың өсуі, яғни əскери техникалардың азаматтық салаларда
пайдалану қажеттігінен, нəтижесінде ақша баламасы айналыс үшін артық болып қалады;
• мемлекеттік бюджет тапшылығы жəне ішкі қарыздардың өсуі, яғни мемлекеттің
қысқа жəне орта мерзімді міндеттемелерін шығару есебінен бюджет тапшылығын жабу
нəтижесінде мемлекеттің ішкі қарызы артады;
• несиелік экспанциялау, яғни елдің орталық банкінің коммерциялық банктер мен
үкіметке несие беретін несиелер көлемінің ұлғаюын сипаттайды;
• импортталған инфляция, яғни шетел валюталарын сатып алу барысында тауар
айналымына қажеттіліктің үстіне ұлттық валютанын, эмиссиялануы;
• ауыр өнеркəсіп саласына өте көп мөлшерде инвестация жұмсау.
Шығын (ұсыныс) инфляциясы — бұл баға белгілеу үдерісіне əсер ететін мынадай
факторлардың болуымен сипатталады:
• еңбек өнімділігінің өсуін азайту жəне өндірістің құлдырауы;
• көрсетілетін қызметтің маңызының артуы;
• бір өнім бірлігіне жұмсалатын шығынның өсуінің жеделдетілуі, əсіресе жалақының
өсуі;
• энергетикалық дағдарыс.
Инфляция жағдайында қағаз ақшалар мыналарға қатысты құнсызданады:
• алтынға;
• тауар;
• шетел валютасына.
Инфляцияны төмендегідей белгілеріне байланысты жіктеуге болады:
1. Инфляциялық үдерістің сипатына қарай:
- ашық инфляция, яғни, бағаға ешқандай да кедергі болмайды, оның еркін өсуі
байқалады;
- жабық инфляция, яғни тауар тапшылығы жағдайында бағаға мемлекет қатан
бақылау жасап отырады;
- инфляциялық шок, яғни бір мезетте бірден баға өсіп кетеді.
2. Таралу орнына қарай:
- локальдық инфляция, яғни баға бір ғана елдің шекарасында өседі;
- дүниежузілік инфляция, яғни кейбір елдер топтарын немесе барлық ғаламдық
экономиканы түгелдей дерлік қамтиды.
3. Бағаның өсу қарқынына қарай:
- баяу инфляция — баға баяу қарқынмен біртіндеп жылына 10%-ға өседі;
- орташа инфляция — баға тез қарқында жылына 20-дан 200 %-ға дейін өседі,
мұндай баға қарқыны ауыр экономикалық жəне əлеуметтік зардаптарға
шалдықтырады;
- ұшқыр инфляция — баға жылына 500-ден 1000 %-ға дейін жəне одан жоғары
қарқынмен өседі. Ұшқыр инфляция ақша жүйесінің құлдырауына əкеліп соғады.
Мұндай жағдайда ақша өзінің атқаратын қызметтерін жоғалта бастайды.

You might also like