You are on page 1of 3

Гендерлік бағдар сабағы

Бұл сөздер сізге таныс па? Бір- екі сөйлеммен түсіндіріп көріңіз.
Гендер
Жыныс
Стереотип Таптаурын
Әйел адамның сөзі
Ер адамның сөзі
Феминизм
Гендер дегенді қалай түсінесіз ? 2 Гендер біліміне не кіреді? 3 Гендер мәселесінің қалыптасуына
не әсер етті? 4 Гендерлік стереотиптерді жою керек пе?
2. http://akikat.kazgazeta.kz/?p=9121 сілтемесіне кіріп келесі жұмыстарды орындаңыз:
а) Сұхбатты оқып, танысыңыз. b) Әр сұрақтың қысқаша жауап жазыңыз. c)
Жауаптарыңызды пайдаланып, сұхбатқа қатысыңыз. Гендер туралы айтылған пікірлерге
қарсылық мәнді сөйлемдерді қолданып өз пікірңізді білдіріңіз.

a) Сұхбат берушілердің (Дос Көшімнің т.б. )пікірінен кейін гендер туралы пікіріңіз
өзгерді ме?
b) Қазақстанда гендер мәселесі жоқ деген пікірмен келісесіз бе, келіспесеңіз қандай
аргументтеріңіз бар?
c) Әбдірашит Бәкірұлының гендерге қатысты пікірі қандай ой тудырды? Гендер
мәселесі ұлттық және діни ерекшеліктермен байланысты болу керек пе?
d) Берік Аташтың (философ) этногендерология ғылымы қажет деген пікірі
сіздіңше дұрыс па? Өз пікіріңізді дәлелмен айтыңыз.
e) Фиминизм мен гендер ұғымының айырмасы неде?
f) Салтанат Қағазбекованың пікір басқа сұхбат беруден ерекшелене ме? Ерекшеленсе,
несімен деп ойлайсыз.
g) Бұл сұхбатта пікірлер қайшылығы бар ма? Болса кімдердің және қандай пікірлердің
қайшылығы?
h) Сұхбат берушілердің сөзінен әйел адамның сөзі ер адамның сөзі екені байқала ма?
Мысалы?
i) Бұл адамдардың пікірінен қандай да бір гендерлік ерекшелік байқадыңыз?
j) Қазақстандағы гендерология ғылымының болашағы бар деп ойлайсыз ба?
ОҚЫЛЫМ http://akikat.kazgazeta.kz/?p=9121
Гендерлік саясат және қазақ қоғамындағы әйел
Жалпы, гендерлік саясат әуел баста батыстағы феминистік қозғалыстан бастау алғаны белгілі. Ал дәстүрлі
қазақ қоғамында ер адам мен әйелдер арасындағы теңдік, өзара сыйластық ежелден қалыптасқан,
ешқандай кемсітушілік болған емес. Дегенмен қазір біздегі гендерлік саясат біржақты сипат алғаны
байқалады, яғни, гендерді тек әйелдердің құқығын қорғау деп түсіну басым. Осыған орай, әйел мен
ердің тең құқығы дегеніміз не, әйел теңдігін желеулетіп, ұлттық тәрбиеге нұқсан келтіруге тосқауыл қою,
әйел затына деген исламдық көзқарас, этногендерологияны дамыту және т.б. өзекті мәселелер жайында
саясаттанушы, «Ұлт тағдыры» қозғалысының жетекшісі Дос Көшім, философ, публицист Әбдірашит
Бәкірұлы, филос.ғ.д. Берік Аташ әңгіме өрбіткен еді.
Дос Көшім: Шығыста әйелдердің құқықтары екінші орында деген түсінік қалыптасып қалған. Оларда
бізге көмектесейік деген адал ниеттері де болуы мүмкін. Алайда теңқұқылық үрдістері бізге келгеннен
кейін, оның келеңсіз түрі бағыт алды. Кейбір белсенді феминист бикештер мен ханымдарымыз «неге
бізде ер мен әйел теңқұқылығы жоқ, неге біз осынша пайыз емеспіз» деген әңгімені шығара бастады.
Жарайды, Қазақстан Парламенті құрамының 30 пайызы әйелдер болуы керек дейік. Бәлкім, әйелдердің
өздері саясатты емес, басқа қызметті таңдайтын шығар, ал біз жасанды түрде оларды саясатқа
тартуымызға тура келмей ме? Ия,бірқатар демократиялық елдерде осындай заңдар бар. Өйткені,
оларда осы тектес проблемалар бар. Әрине, заң да проблемаға байланысты шығарылады. Мен өзіміздің
барлық заңдарды қарап шыққан соң, әйел теңдігін шектейтін, әйел адамды екінші орынға қоятын ешнәрсе
таппадым. Сондықтан мемлекеттің заңдарын қабылдарда сол елдің дәстүрі, салты ескерілуге тиіс. Қазақ
халқы әйелдерді жоғары қойған. Әйел адамдарды үлкен құрметке лайық көрген. Жерді Ана дейміз,
табиғатты Ана дейміз, Құранда да Ананың қадір-қасиеті жоғары бағаланады. Және ең қызығы, Батыс
елдеріне қарағанда, Шығыстан, Азия елдерінен әйел басшылар көп шыққан. Индира Ганди, Беназир Бхутто
секілді атақты әйелдер белгілі. Қазақ тарихында да ондай мысалдар жеткілікті. Демек, бізде билік басына
әйелдердің келуіне барлық мүмкіншілік бар. Мемлекет тарапынан да, салт-дәстүр бойынша да
мүмкіншілікті шектеу немесе теңдік бермеу деген жоқ. Сондықтан, мен бұны ойдан шығарылған жасанды
проблема деп айтамын.
Әбдірашит Бәкірұлы: – Біз алдымен гендерлік саясат дегеннің дәл анықтамасын белгілеп алуымыз керек.
Гендерлік саясат пайда болған кезінде ең әуелі капиталистік елдердегі әйелдердің құқығын қорғау
мәселесінен туындады. Мысалы, большевизм жеңіске жетіп, Кеңестер одағы құрылғанда, олардың алғаш
көтерген мәселесі әйелдер теңдігі болатын. Бұл әйелдердің қоғамдағы өндірістік қарым-қатынастар
жүйесінде алатын орнынан анық көрінеді. Яғни, олардың жаратылысынан берілген әлсіздігі сол өндірістік
қарым-қатынастарда толығымен көрініс тапты. Олар ерлермен қатар жұмыс істесе де, жалақы
айырмашылығы, отбасылық құқығы жөнінде қатты қысымға ұшырап отырды, осы себепті әйелдер мәселесі
көтерілді. Ал біздің менталитетте дәл сол капиталистік қарым-қатынас жүйесіндегідей әйелдердің теңсіздігі
деген жоқ болатын. Жалпы, гендерлік саясат ең алдымен әйелдердің азаматтық құқығын қорғау мәселесінен
туындайды дедік қой. Содан кейін барып кез-келген қоғамда әйелдердің аналық құқығын қорғау, от-
басындағы құқығын қорғау, оларға күш қолданбау сияқты мәселелерді әрбір қоғам заңмен, белгілі бір
ережелермен бекітіп отыруы керек. Сондықтан, біз қаласақ та, қаламасақ та, дамып отырған қоғамда
гендерлік саясаттың болуы заңды. Өйткені, ана мен бала құқығын қорғауды біз ешуақытта жоққа шығара
алмаймыз. Әйел – ер адамның ажырамас серігі, ақылшысы, барлық жерде тең дәрежедегі қоғамның мүшесі.
Міне, біздің қазақ халқының менталитеті әлі күнге дейін осылай. Бірақ, кейінгі кезде осы көзқарасты бұзып,
оны басқа қалыпқа салу әрекеттері жүріп жатыр. Сондай-ақ, бүгінгі қоғамда қыздарға қатысты кездесетін
келеңсіздіктерді гендерлік саясаттың кесірі деген пікір көп айтылатын болды. Жарайды, осының бәрі
гендерлік саясаттың кесірі болса, біз оны тоқтатайық. Ал сонда жағдай өзгере ме? Жоқ. Бұл мәселе ген -
дерлік саясаттан емес, ең алдымен, әлеуметтік себептерден туындап отыр. Яғни, біз бір жүйеден екінші
жүйеге ауысқан кезде көп адамдар психологиялық күйзеліске ұшырады, тұрмыс жағдайы төмендеді,
бұрынғы қалыптасып қалған өмір сүру ережелері күйреді, тәрбие жүйесі қоғамның, мемлекеттің
бақылауынан тысқары қалды. Келіп жатқан ақпарат ағынын реттеп отыру тоқтады. Сондықтан, қазіргі
жастарда белгілі бір бағыт жоқ. Кім қайда, қандай тәрбие, қандай өнеге алып жатыр? Оны бақылап отырған
ешкім жоқ. Соның әсерінен осындай бей-берекеттік жағдай туындады. Осыны бір ретке келтіру үшін, шын
мәнінде, бізге қазір гендерлік саясатты өзіміздің ұлттық менталитетке сәйкестендіріп, одан да белсендірек
жүргізу керек. Яғни, әйелдердің тең құқылығын қамтамасыз етуді ұлттық менталитетке бұру үшін гендерлік
саясатты белсенді түрде жүргізуіміз керек деп білемін. Мысалы, қазір жалғызбасты аналардың саны күрт
көбейіп кетті. Соңғы жылдары елімізде құрылған некелердің 52 пайызы бір-екі жылдан кейін ажырасып
кетеді екен. Сол 52 пайыздың ең аз дегенде 40 пайызында бала өмірге келсе, қаншама бала тірі жетім қалып
жатыр. Неге бұлай? Бұған кім кінәлі? Ер-азаматтар кінәлі ме, қоғам кінәлі ме, болмаса әлеуметтік саясат
кінәлі ме? Болмаса жат мәдениеттің ықпалы ма? Оны біз қалай анықтаймыз және әрқайсысының осы
мәселеге қатысты зиянының мөлшері қанша? Міне, бұл зерттеуге тұратын мәселе.
Берік Аташ: – Қазір біздің қоғамда да, әлемде де гендерология бойынша екі түрлі көзқарас бар – ген-
дерологтар (гендерологияны қолдаушылар) және антигендерологтар. Антигендерологтар екіге бөлінеді:
келісімді және радикалды (шектен шыққан). Гендерологтар да солай екіге бөлінеді. Осының бәрі мына
гендерлік саясат дегенді дұрыс түсінбегеннен шығады. Бұл әуелде ХІХ ғасырда Америка, Еуропа елдерінде
феминизм деген көзқарастан пайда болған. Одан кейін осы гендерлік саясат туған. Ал қазір гендерология
деген арнайы ғылым саласы қалыптасты. Енді гендерологияның жаңа сатысы ретінде неогендерология деген
пайда болып жатыр. Бұл ретте, ең алдымен бұл мәселені дұрыс түсініп алу керек, көбінесе гендерологияға
қарсы келушілер оны феминизм деп ойлайды. Феминизм мен гендерлік саясат екеуі мүлде бөлек. Екеуінің
арасын ажыратып алмасақ болмайды. Гендер дейтініміз – әйел мен ер адамның теңдігі. Әйел адамның
құқығын қорғадық па, ер адамның да құқығын қорғауға тиіспіз. Мәселен, біз әйелдердің түрлі
кемсітушіліктерге, зорлық-зомбылыққа ұшырайтындығы туралы көбірек айтамыз. Ал, отбасындағы ер
адамдардың жағдайы туралы мүлде ұмыттық. Гендер осыны да айтуы керек. Мысалы, ер адам отбасында
көп жағдайда әйелдер тарапынан психологиялық қысымға ұшырайды. Өйткені, ер адамға отбасын асырау
міндеті жүктелген. Егер, олар тең болса, әйел адамға да ол міндет жартылай жүктелсін деген мәселе
қойылуы керек еді ғой. Немесе әскер қатарына ер адамдар шақырылады. Ауыр жұмыста көбіне өлім-жітімге
душар болатын да солар. Ер адамдар, негізінде, психологиялық жағынан әлсіз болып келеді. Сондықтан,
ерлердің де мүддесін қорғау маңызды.
Біз қазір теңқұқылық дегенді де шатастырып жүрміз. «Тең» басқа, «бірдей» басқа. Әйел мен ер адам
ешқашан бірдей бола алмайды. Қай жағынан алып қарасаңыз да. Биологиялық, физиологиялық жағынан
айырмашылық бар. Психикалық жағынан да бірдей емес. Әлеуметтік рөлдері де бөлек. Тіпті, ақыл-ой
деңгейі, сана, ойлау жүйесінде де айырмашылық бар. Енді, қазақ қоғамына ойысайық. Негізі, қазақта гендер
баяғыдан бар. Ресми емес болса да, солай қалыптасқан. Халқымыз бұрыннан әйелдерді құрметтеген. Бірақ,
құрметтеу деген еркіне жіберу емес. Белгілі бір деңгейде шектеп те отырған, оларды. Басқа бір жолға түсіп
кетпеуіне, қоғамдағы қайшылықтарға кезікпеуіне жағдай жасаған. «Қызға қырық үйден, ұлға отыз үйден
тыйым» дейді. Неге қызға отыз үйден, ұлға қырық үйден тыйым болмайды? Немесе екеуі неге тең
болмайды? Өйткені, қазақ әйел затына ерекше құрметпен, тым сақтықпен және отбасына мән кіргізуші
ретінде қараған. Мысалы, «Жаман әйел жақсы еркектің басын жерге сүйрейді, жақсы әйел жаман еркектің
басын өрге сүйрейді» деген. Неге «жақсы еркек жаман әйелді өрге, жаман еркек жақсы әйелді жерге
сүйрейді» деп айтпаған? Демек, әйел адамның отбасындағы функциясы өте зор. Қазақта батыстағыдай әйел
деген бір ғана ұғым жоқ – қыз бала, ару бойжеткен, жар, ана, әйел, әже бар. Олардың әрқайсысының
мәртебесі әртүрлі. Мысалы, қыз балаға әдеппен, тыйыммен қараса, әжеге ерекше құрметпен қарайды.
Гендерологияны антигендерологтар біздің қоғамға мүлде жат нәрсе деп қабылдайды. Келеңсіздіктерді
соның зардаптары деп ойлайды. Осыған байланысты, Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық
университетінің әлеуметтік гендерологиялық зерттеулер институтының қызметкерлері «Батыстың гендері
бізге үйлеспейді, біз оны ұлттық мүддеге қарай бұрайық» деп өз жобамызды ұсындық. Оны
этногендерология деп атадық.

You might also like