You are on page 1of 16

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА

АРНАЛҒАН

БАСТАУ
МАТЕМАТИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАСЫ
Бастау-2017ж, «ӘуБаста» ойыны

Арман, Марат, Талғат үшеуі цифр жазылған карточкаларды


өзара бөліп алды.
 Арманға: 7, 2 және 4 цифрлары,
 Маратқа: 6, 5 және 1,
 Талғатқа: 8 ,3 және 9 цифрлары түсті.
Олардың әрқайсысы карточкаларын қолданып, арифметикалық
төрт амалды және жақшаны пайдаланып әр түрлі сандарды
алуға тырысты. Олардың ішінен кім 20 санын ала алмайды?
Бастау-2017ж, «ӘуБаста» ойыны

 Вагон купесінде үш жолаушы тамақтанбақшы болды.


Бірінші жолаушының 3 тоқашы, екінші жолаушының 5
тоқашы , ал үшінші жолаушының ешқандай тамағы
болмады, сондықтан ол қасындағы жолсеріктеріне түскі ас
үшін 8 теңге төлемекші болды. . Егер жолаушылар барлық
тоқаштарды теңдей бөліп жеген болса, бірінші мен екінші
бұл ақшаны өзара қалай бөліп алу керек?
Бастау-2017ж, «Асық» ойыны

7 адам өзара бір – бірімен шахмат ойнады. Барлығы


қанша партия шахмат ойнайды?
«Бастау» олимпиадасы

Асан мен Үсеннің салмағы 82 кг, Асан мен Қанаттың


салмағы 83 кг, Үсен мен Қанаттың салмағы 85 кг. Асан,
Үсен және Қанат үшеуінің салмақтары қандай?
«Бастау» олимпиадасы

Есен, Үсен және Хасан атты мұғалімдер Астана, Орал


және Тараз қалалары мектептерінде әртүрлі пәннен сабақ
береді. Бірі математика, бірі информатика, ал бірі физика
пәнінің мұғалімі. Келесі жайттар белгілі:
Есен Астанада тұрмайды, ал Үсен Оралда тұрмайды;
Астанадағы мұғалім физик емес;
Оралдағы мұғалім математик;
Үсен информатика пәнінен сабақ бермейді.
Кім қай қалада тұрады және қай пәннен сабақ береді?
«Бастау» олимпиадасы

Ұлу бір күнде бөрене бойымен жоғары 3 м көтеріледі,


ал түнде ұйықтап кетіп, абайсызда 2 м төмен түседі.
Бөрененің ұзындығы 10 м, жоғарыда ұлудың жақсы
көретін кәмпиті жатыр. Неше күннен кейін ұлу оған
жетеді?
«Бастау» олимпиадасы

 Айман үш түрлі кәмпит сатып алды: үлкен,


орташа және кіші. Әрбір үлкен кәмпит 4 тг, орташа 2
тг және кіші 1 тг. Ол 10 кәмпит сатып алып, сатушыға
16 тг төлеген болса, ол қанша үлкен кәмпит сатып
алған?
«Бастау» олимпиадасы

 Дөңгелектерге 1-ден 9-ға дейінгі сандарды


үшбұрыштың әр қабырғасындағы сандардың қосындысы
бірдей санға тең болатындай етіп орналастыр. Есептің
бірнеше шешімі бар.
«Бастау» олимпиадасы

 Төмендегі 9 нүктені 4 түзу арқылы қарындашты


көтермей, бір сызықты екі рет қайталамай сызып
шығу қажет?
«Бастау» олимпиадасы

 Ерте, ерте заманда, бір қиял ғажайып аралда төрт


дос өмір сүріпті. Аралдан үйлеріне қайту үшін тек
сиқырлы көпір арқылы өтуіне тура келеді, бірақ көпір
үстінен үнемі жаңбыр жауып тұрады. Олардың қолында
бір қолшатыр (зонтик) бар. Қолшатырмен бір немесе екі
адам қатар жүруіне болады, егер екі адам қатар
жүретін болса, кім баяу жүрсе соның жылдамдығымен
бірдей болады. Егер І адам 1 минутта, ІІ адам 2
минутта, ІІІ адам 5 минутта және ІV адам 8 минутта
өте алатын болса, онда олар барлығы 15 минутта
көпірден өте алама?
«Бастау» олимпиадасы

 1,2,3,4,5,6 цифрлары жазылған 6 карточка


бар. Олар арқылы екі үш таңбалы сан
құрастыруға болады( мысалы: 645 пен 321).
Айман бұл цифрлардан олардың айырмасы
барлық мүмкін жағдайлардың ішінен ең аз
болатындай етіп құрастырды. Бұл айырма
нешеге тең болады? Ол қандай сандар?
«Бастау» олимпиадасы

 Бірнеше бала «Алтын сақа» қиял-ғажайып әлеміне


саяхат жасамақшы болып жолға шықты. Кіреберіс
жерде оларға үлкен есік пайда болды, есік сыртына :
« осы есіктен өту үшін, алдымен берілген құпия
теңдіктің ең үлкен мәнін табуы керек?» - деп
жазылған. сен оларға көмектесіп, «Алтын сақа» қиял-
ғажайып әлемінің құпиясын аш. (Мұндағы бірдей
әріптер бірдей цифрлар, әртүрлі әріптер әртүрлі
цифрлар.)
АЛ + ТЫН + СА + ҚА = ?
«Бастау» олимпиадасы

Егер тік төртбұрыштың ауданы 12 ,


  

периметрі 26см болса, онда осы


тіктөртбұрыштың қабырғаларын тап.
«Бастау» олимпиадасы

Ішінде тек бір аяз ата болатын неше


тіктөртбұрыш бар?
«Бастау» олимпиадасы

7 чемодан мен олардың 7 кілті бар. Қай


кілттің қай чемоданға түсетінін неше рет
байқап білуге болады?

You might also like