You are on page 1of 13

Байқау машығында

оқушылармен туындаған
қиыншылықтар
Алдымен кішігірім сұрақтарға жауап
беріп кетсеңіздер:
• Машық кезінде оқушылармен тығыз байланыс
және жақсы қарым-қатынас орната алдыңыздар
ма?
• Қандай әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы
оқушылармен тығыз байланыста болдыңыздар?
• Байқау машығы кезіндегі кездескен
қиыншылықтарға мысал келтіріңіздер
• Сіздерге қиын оқушылармен жұмыс жасау қиынға
соқты ма?
• Жалпы қиын оқушы ол қандай оқушы?
• Және қиын бала қайдан шығады?
Біздің болашақ мамандығымыз мұғалім болғандықтан тікелей
оқушылармен жұмыс жасаймыз. Жұмыс жасау барысында әртүрлі
оқушылармен жұмыстанамыз. Оның ішінде үлгерімі, тәртібі жақсы
оқушылармен қатар қиын оқушыларда кездеседі. Қиын оқушы-деп
үлгерімі жағынан тым төмен және тым жоғары болсада
қиыншылық тудыртуы мүмкін. Себебі үлгерімі төмен оқушы-
мұғалімнің уақытын алуы мүмкін және қатарластарымен дұрыс
қарым-қатынас орнатпағандықтан, тұйық әрі жасқаншақ болады.
Ал үлгерімі тым жақсы оқушы- көп білгендіктен яғни, дәрежесі
қасындағылардан жоғары болғандықтан сабақ оған қызық
болмауы мүмкін, қасындағыларға кедергі жасауы мүмкін.
Қиын бала
«Қиын балалар» ұғымы 1920-1930
жылдарда тәрбие мәселесінде
пайдаланып жүрді. Бара-бара бұл
1950-1960 жылдары қайтадан
қолданысқа енді. Қазір бұл
мәселе ғылымда нақты орын
алып отыр. Әрине, бұл мәселемен
көптеген ғалымдар айналысқан,
қиын балалар мінезін, өмірін жан-
жақты зерттеген. Қазір де мұндай
жасөспірімдер көп.
“Қиын бала” ұғымын тудырушы
факторлар
1. Бұған қоғамдық жағдай мен өмірдегі тұрмыс
жағдайы себепші болады;
2. Балалардың мінез - құлқындағы жағымсыз
ерекшеліктері мен психикасының өзгеше
қалыптасуынан немесе қалыпты нормадан
ауытқуы;
3. Педагогикалық тәрбиесінің дұрыс болмауы;
4. Әлеуметтік жағдай:
- бақылаусыздық;
- назардан тыс қалуы;
- бос уақытының болмауы;
- отбасының толық болмауы.
Қиын балалар қайдан шығады?
Қиын бала» - белгілі бір жұмысы жоқ,
жағдайлары төмен немесе жұмыстан қолы
тимейтін, баласына қарауға уақыты жоқ,
қызметтегі ата - ана отбасынан шығады.
Демек тәрбиенің осалдығынан, мінез
ерекшеліктеріне қарай қиын бала
туындайды.
Шет елдерде бұл ұғымды девянтное
поведение», - дейді.
Жасөспірімдердің тобын «группа риска деп атауы, қазақша дәл баламасы
болмағанымен «қауіпті топ – құқық бұзушылыққа бейім топ деген
мағынаны білдіреді. «Баланы жан - жақты етіп тәрбиелеу үшін оны жан -
жақты білу керек. – деп белгілі К. Д. Ушинский айтқандай баланы «қиын
деп атау үшін оған тән жеке бастың қиындығын танытатын белгілерін таба
білу керек.Адамның әуелден тігінші болып тумайтыны сияқты
қайырымдылық пен жаман қылық та адамға әуелден жаратылысынан
дарымайды. Сол себептен қиындық туғызатын баланың белгілерін,
қиындық туғызатын оқушылармен әңгіме жүргізу, оның өзіне сауалдар
беру, ата - ана, сынып жетекшісі, жолдасымен - интервью жүргізу керек.
Көңіл - күйі, оның алаңдаушылығы, баланың жан - дүниесіне көңіл бөлу
керек. Жағымды - жағымсыз қылықтарды да ата - аналарынан үйренеді.
Ата - анаға баланың болашағы үшін үлкен жауапкершілік жүктеледі. Бала
тәрбиелі азамат болып қалыптасуы үшін қолайлы психологиялық ахуал
қажет.
Қиын оқушы туралы қысқаша
мәліметтерді қорытындылап, алдағы
уақытта қиын оқушымен жұмысыңызда
қажетіңізге жарайды деген үмітте
жаттығулар жүргізуді жоспарладық
«Бәрібір де сен жақсысың, өйткені...» жаттығу
Ойынның шарты:
Қатысушылар арасынан 6 адам шығып, 3-3-тен
екі топқа бөлініп тұрайық. Бірінші топтағы
қатысушылар «Оқушы: менің мына мінезімді
ұнатпайды, себебі...» деп әңгіме бастайды.
Екінші топтағы қатысушылар тыңдап болып, «
Бәрібір де сен жақсысың, өйткені...» деп
жалғастырады.
Талдау:

Сіз серіктесіңіздің әңгімесіне түгелдей


лайықты жауап бере алдыңыз ба?
Жауап беру қиын болған жоқ па?
Қиындық не нәрсеге байланысты болды
деп ойлайсың?
Қолдау тапқан кезіңізде қандай сезімде
болдыңыз?
Тапсырма. Сіз не істер едіңіз?
1. Үзіліс кезінде шулап жатқан балалар қоңыраудың, соғылғанын,
сіздің сыныпқа кіргеніңізді байқамады. Бір оқушының лақтырған бас
киімі сіздің бетіңізге тиіп кетті. Сіз не істейсіз?
2. Сіз сабақ өткізудесіз. Мектепке сирек келетін ата - ананың бірі есік
қақпастан кіріп келіп, әй - шай жоқ, партада отырған қызының
жанына жүгіріп барып, айналып - толғанып ертіп әкете жөнелді.
Сіздің әрекетіңіз?
3. «Тез келсін!» деп сізді директор шақыртыпты. Кабинетіне кіріп
келсеңіз ашуланып тұрған директор сіздің еш қатысыңыз жоқ оқиға
жөнінде ұрса жөнелді. Сіз ештеңе түсінбей, аңырап қалдыңыз. Не
істейсіз?
4. Сыныбыңда бір оқушының темекі тартып жүргенін байқадыңыз.
Баланың өзіне ескерткеніңізде мойындамады. Сіздің әрекетіңіз
қандай?
5. Сыныбыңызда ұлдар өте тентек. Сыныбыңыз үшін үнемі ескерту
аласыз. Шаштары өскен, үнемі ескертесіз. Бірақ орындалмайды. Ата -
анаға барсаңыз «жалғыз сол ма?» деген сияқты дәлел айтады. Сіздің
әрекетіңіз?
Тәрбие - тал бесіктен» демекші іргетасы берік үй оңайлықпен
құламайды, яғни жастайынан берілген тәрбиені қоршаған орта
түбегейлі өзгерте алмайды.
Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады, біріншісі - ата - ана, екіншісі -
ұстазы, үшіншісі - құрдасы»- деп айтып кеткен екен Абай атамыз.
Ойлы ұстаз – бала жанының зергері. Еркені райға көндіру, жалқауды
еңбек етуге үйрету, ұшып – қонба жеңілтекке сабырлы болудың
сырын ұқтыру ұстаз шеберлігін
талап етеді.
Жас шыбық иілгіш келеді, жас адам да сондай, жақсыға да жаманға
да бейім.
Біздің үйдегі, түздегі іс - әрекетіміз балалардың көз алдында өтеді.
Сондықтан жақсы - жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор.
Назарларыңызға
рахмет!

You might also like