You are on page 1of 11

1-4 СЫНЫПТАРДАҒЫ  

БІЛІМ
МАЗМҰНЫ МЕН
МАҚСАТТАРЫ
Оқу бағдарламасында пән атаулары мен такырыптары, сағат саны белгіленеді, бұл
оқытудың негізгі құжаты болып табылады. Бұл құжат оқулықпен салыстыру барысындағы
өзгерістердің, толықтырулардың көрінісі. Сондықтан мұғалім өзінің оқыту-тәрбие
жұмысын осы бағдарламаларға сүйене отырып жоспарлап, жүзеге асыруы тиіс.
Бағдарламаның түпкі және қосалқы мақсаттарын ажырата білу керек, себебі әр сабактың
негізгі және қосалқы мақсаттары болады.
Негізгі және қосалқы мақсаттардың қатынасы, кезектері, байланысы мұғалім үшін айқын
болуы керек.
Оқытудың негізгі үш түрі бар:
1) тәрбиелеу
2) ағарту
3) дамыту
Оқыту мақсатының төрт түрі бар:
1. тәрбиелік
2. дамыту
3. ағартушылық
4. тәжірибелік (практикалық)

Оқытудың тәрбиелік мақсаттары. Оқушылардың көпшілігі ағылшын тілін


оқуға үлкен қызығушылықпен кіріседі. Олар ағылшын тілінде қалай
сөйлейтінін естігісі және сөйлегісі келеді. Бастапқы кезеңде аз сөздерді ғана
айтса да, соған қуанады. Олар амандасып, қоштасып үйренеді, заттардың
атауларын білгісі келеді. Мұғалім осы кезде олардың тілін тыңдап, қолдап,
дамытып отыруы қажет. Қарым-қатынас екі жақты болуы керек, ол тындай
білуге, сұрай білуге үйретеді. Мәдениетті сөйлей білуге шет тілі арқылы қол
жеткізуге болады. "Адам адамға — дос, жолдас, бауыр" деген моральдық
кағиданы есте ұстаған жөн.
Оқытудың дамыту мақсаттары

■ Дамыту мақсаттары оқушылардың сезім, қозғалыс, ақыл-ой, ерік-жігерін дамыту


арқылы жүзеге асыруға болады. Даму тек қана ойлаумен байланысты емес.
■ Оқу-ұйымдастыру білігі мен дағдысын қалыптастыру дамытушылық
мақсаттардың негізі болып табылады. Себебі, оқушының тіл білімі деңгейін
жоғарлату және сол тілде ойлауды дамыту - тіл білімін дамытудың басты мақсаты.
■ Әйтсе де, окытудың барлық мақсаттары өзара тығыз байланысты. Демек,
қарастырып жатқан мақсаттардың барлығы кез-келген тілді үйрену үшін өте
маңызды. Сондықтан осы максаттарды алға қою арқылы қалаған тілді меңгеруге
болатынын көреміз.
Оқытудың ағартушылық
мақсаттары
■ Кез келген тілдің ағартушылық қызметі өте зор. Әрбір тіл сол тілде сөйлейтін
халыктың мәдениетінің тікелей көрсеткіші. (мәселен, француз тілі - француздар
мәдениеті туралы хабар береді, иврит тілі - еврейлердің мәдениетінің көрсеткіші
болып келеді). Оқушылар жаңа тілді оқып үйрену үшін сол тілде сөйлетін халық
туралы хабардар болады, өз ойын дұрыс жеткізе алуды үйренеді, осының бәрі -
тілді оқытудың ағартушылық мақсаты.
■ Ана тілін оқып үйренгенде тілдің негізгі кұралдары -сөздер мен грамматикалык
формалар туралы түсінік қалыптасады. Ал, шет тілінің терминдермен салыстыру
арқылы оқушы туған тілдің сөздері мен грамматикасының категориясын толық
түсіне алады. Сондықтан, мұғгалім бірінші сабақтан бастап ана тілі мен шет тілін
салыстыра отырып оқытады.
Оқытудың тәжірибелік мақсаты

■ . Оқытудың тәжірибелік мақсатының түсіну үшін шет тілі пәнінің ерекшелігімен


танысуымыз қажет. Тіл - сырткы дүние мен қоршаған орта туралы білім алу көзі.
■ Бұл пәнді оқытуда оқушылар шет тіліндегі атаулармен, құбылыстарымен
танысады. Танысу ауызша және жазбаша түрде жүреді. Осы екі түрді меңгеру шет
тілін игерудің тәжірибелік мақсаты болып табылады. Яғни, оқушы шет тілін
ауызша және жазбаша түрде пайдалана білуі тиіс.
■ Шет тілін тыңдап түсіне білу (аударғанша) және сөйлеп білу ауызша түрге
жатады. Жазбаша түрге тілдің жазбаша түрін пайлалана білу немесе жазу және
шет тілінде жазылған мәтінді оқып білу жатады.
Оқытудың мазмұны әдістеменің негізгі мәселесі болып
табылады. Мазмұн ағылщын тілін пән ретінде қалай және
нені оқыту керектігін аңықтайдады.
Оқытудың мазмұны 3 негізгі компоненттен тұрады:
1.

лингвистикалық
2.

психологиялық
3.

әдістемелік

Мұғалім осы 3 компонентке байланысты нені оқытуды


білуімен катар, неге осы 3 компонентке сүйеніп оқыту керек
екенін білуі керек.
Лингвистикалық компонент

■ Лингвистика ғылымынсыз оқытудың мазмұнын анықтау мүмкін емес.


Лингвистика ғылымы - тілді белгілі бір таңбалар жүйесі ретінде зерттейді.
Адамдар бұл таңбалар жүйесін өзара түсінісу үшін қолданады. Ал әдістеме осы
белгілерді оқыту жолдарын іздейді. Лингвистика тілдің нормаларын, оның
дыбыстық, морфологиялық-синтаксистік, лексикалық жақтарын, оның ауызша
және жазбаша түрлерін зерттейді.
■ Сонымен бірге тілдің белгілі бір белгілер жүйесі мен кызметін қарастырады. Ал
сөйлеу дегеніміз - осы белгілер жүйесін қарым-қатынас барысында қолдану. Тіл
мен сөйлеу бір құбылыстың екі құрамдас бөлігі, олар бір-бірін толықтырады.
■ Тілдің және сөйлеудің өзіне тән бірліктері бар. Тілдің бірліктеріне: фонема,
морфема, сөз, фразеологлялық бірлік, микро және макромәтіндер жатады.
Психологаялық компонент

■ Психология ғылымынсыз оқытудың мазмүнын анықтау мүмкін емес. Психология


адамның іс-әрекеті мен оның қалыптасуын зерттейді. Шет тілінде сөйлеу де адамның іс-
әрекетінің түріне жатады. Сөйлеу әрекетінің құрылысын зерттейтін ғылым саласын -
психолингвистика деп атайды. Мұнда адамның сөйлеу әрекеті, тыңдағанда және
сөйлегенде жүретін іс-қимылды, әрекетті ойлау моделі ретінде зерттейді.
Психолингвистер сөйлеу және тыңдау процесінде қандай тілдік бірліктер қандай
тәртіппен қатысады, тілдік жүйе қандай тәртіппен оқылатынын зерттейді.
■ Сөйлеу процесінде сөйлеу механизмі қальптасады: тыңдау мен оқуда тілдік материал
қабылданады; сөйлеу мен жазуда тілдік қор пайдаланылады.
■ Диалог, әңгіме. мәтіндер тек сөйлеу әрекеті арқылы жүзеге асырылады. Сөйлеу әрекеті -
тілдік және сөйлеу материалы дағдылары мен біліктілік арқылы дамытылғанда ғана
мүмкін болады.
Әдістемелік компонент

■ Қазіргі дидактика ғылыми оқу процесінде оқушының белсенділігін арттыруға,


әдістерді жоспарлауға, ұйымдастыру мен бақылауды пайдалануға көп көңіл
бөледі. Бұл жағдайда мұғалім оқу процесін үйымдастырушы болып табылады.
Оқушының белсеңділігіне басты назар аударылады.
■ Тілді үйренудің нәтижелілігі оқушыға тікелей байланысты, олар мүмкіндігінше
шет тілінде көп сөйлеп, тыңдап. оқып, жазулары керек.
■ Тілдік ортаның болмауы тілді оқыту ісінде кері әсер етеді. Сондықтан мүғалім
сабаққа шығармашылықпен әзірленуі керек, тілді үйренуді окушы тек сабақта ғана
емес, сабақтан тыс уакытта да ұмытпауы керек.
Ағылшын тілін оқыту құралдары

■ Оқыту құралдарына оқу-тәрбиелеу процесін ұйымдастыру мен өткізу үшін көмек ретінде


қолданылатын техникалық және техникалық емес құрал –жабдықтар, заттар жатады.
■ Мұғалім әрбір құралды қайда, қашан , қалай қолдануы және қандай нәтиже жетуге болатынын
білгенде ғана құралдың пайдалы қолданылуына қол жеткізе алады.
■ Оқыту құралдарын топқа бөлу. Орта мектепте қолданылатын оқыту құралдарын мынадай
топқа бөлуге болады:

■ Пайдаланылуына байланысты негізгі және қосымша


■ Оқушыға немесе мұғалімге арналған
■ Ақпаратты қабылдау түріне байланысы есту, көру, көріп есту
■ Техниканы пайдаланылуына байланысты техникалық және техникалық емес

You might also like