You are on page 1of 15

Нұр-Сұлтан қаласы №73 мектеп-лицей

Номинация : «Экоболашақ»
Тақырыбы: «Экоболашақ – жарқын болашақ»
Сыныбы: 10 “Б”
Оқушы: Ибраембаева Жания
Кіріспе
Мектепте «Экоболашақ» жобасы негізінде экологиялық алаңның
ландшафт дизайнынымен безендірілуі, креативтілік көзқарас қалыптастыру,
мектепті абаттандыру, көгалдандыру, табиғатты қорғау ережесін сауатты
құрастыра білу, қағаз қалдықтарын үнемдеп, пайдаға жарату, қайта өңдеу, өз
қолдарымен матадан жасалған «ЭКО пакеттерін» жасап оны ұсыну жұмыстары
жүйелі жүріп отырады. Жобаға мектебіміздің барлық оқушылары үлкен
жауапкершілікпен қарайды.

Жобаның мақсаты: «Экоболашақ» шаралар негізінде мектепті


көгалдандыруға, абаттандыруға, үнемшілдікке , қалдықтарды бөлек жинау
ұғымы мен оның маңыздылығына назар аудару, экологиялық мәдениет дағдысын
қоғамдық пайдалы еңбек тәрбиесі арқылы қалыптастыру
 
Жобаның өзектілігі: Мектеп оқушыларын жергілікті, аймақтық, экологиялық
проблемаларды көтеруін, оған араласуын, экологиялық проблемасын шешуде
өзіндік үлесін қосуға шақыру.
«Экоболашақ» шарасы бойынша іске асырылған жобалар

- «Ландшафтық «Экопакет» жобасы


дизайн» жобасы

- «Ақылды шағын «Жасыл бақ»


жылыжай» жобасы

Макулатура өткізу
«Экокод» жобасы

- «Скрапбукинг» жобасы
««Болашақ бағы» акциясы
«Ландшафты дизайн» - жобасы
Мақсаты: Табиғи материалдарды қолдана отырып, оқушыларды
гүлдердің композициясын жасай білуге және олардың бойында
эстетикалық шығармашылық қабілеттерін дамытуға және мектепті
абаттандыруға баулу.
Әлеуметттік желілердегі жоба туралы жазылған ой-пікірлер
Ландшафты дизайнды қорғау сәті

Бейнекөрініс : «Ландшафтық дизайн жобасын қорғау


сәтінен»
Жасыл бақ – ландшафт дизайн жобасының
нәтижесі
«Ақылды шағын жылыжай»
жобасы

Бұл жылыжайда топырақ және топырақсыз (гидропоника) өсімдік өсіру технологиясы


бар. Ол суару және агрегация арқылы толығымен автоматтандырылған. Яғни, жылыжайда
фитолампалар, тамшылап суару, температура мен ылғалдылық датчиктері орнатылған.
Осы құрылғылардың көмегімен өсімдіктің өсуі адамның қатысуынсыз өтуі мүмкін.

Бейнекөрініс : «Ақылды шағын жылыжай жобасын қорғау сәтінен»


Экокод -
мектептің әр сынып оқушыларының қоршаған ортаны қорғауға, абаттандыруға, көгалдандыруға байланысты жасаған ережелері. Әртүрлі сурет, сызбалар, өлең, рэп т.б. арқылы жасалған үндеуі.

Бейнекөрініс : «Экокодты қорғау сәтінен»


Экочелендж жобасындағы акциялар:

«ЭКО Challenge» жобасының аясында флешмоб, сынып сағаттар, квест


ұйымдастырылды. Жалпы акцияға 1800 оқушы мен ата-аналар қатысты.
Акция нәтижесінде – 8500 кг (қағаз, шыны) макулатура, істен шыққан
тұрмыстық техникалық құралдар саны - 4 тонна өткізілді.
Ұйымдастырылған акцияға оқушылар өте жоғары деңгейде белсенділік
танытты. «Қалауын тапса, қоқыс та пайда әкеледі» демекші, оқушылар
осындай акциялар арқылы Жер шарын полиэтилен мен пластик, қағаз
қалдықтарынан ластанудан қорғауға үлес қоса аламыз деген ой түйді.

Бейнекөрініс: Мектепте өткен Экочеллендж бойынша Хабар


арнасынан репортаж
«ЭКО БОЛАШАҚ - БОЛАШАҚ ЭКО» -
- жоба шеңберінде 2018 жылдың 9 қаңтарынан
бастап қағаз (макулатура) жинау аясында науқан
жариялады.
Қағаз қалдықтарын (макулатура) жинаудың
ережесі мен қағаз қалдықтарын қабылдау кестесі құрылды.
Макулатура жинаудың мақсаты – өскелең
ұрпақты үнемшілдікке тәрбиелеу, қалдықтарды бөлек жинау
ұғымы мен оның маңыздылығына назар аудару,
экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
ҚАҒАЗ ҚАЛДЫҚТАРЫН ҮНЕМДЕУ

«Скрапбукинг» өз қолымен блокнот, жұмыс дәптер, кітапша


жасау. Қолданылған, жарамсыз болған дәптерлерінің таза беттерін
бөлек жинастырып, әр сынып мектептегі жоба
ұйымдастырушыларға өткізіп отырады. Қатысушылар блокнот
дайындауға 1 аптадан 2 аптаға дейін уақыт жұмсаған. Сонымен
қатар, блокнот дайындауда: әртүрлі маталар, түрлі түсті кардон,
фетр, пакет, обои қолданып, дизайн жасауда: бисер, моншақ,
пайетка, бантик, әртүрлі мотивациялық сөздер орнықты
қолданылған. Блокноттардың пішіні де әркелкі болды бірі
төртбұрышты, екіншісі дөңгелек, үшіншісінің бір жағы қиық болса,
тіпті киіз үй пішінді де блокноттарда кездесті. Оқушылар жасаған
өнімдерінің экономиқалық құнын есептеу арқылы нақты сататын
бағасын шығарды.
Біз қолданған қағаз қалдықтарын, пластиктердің қайда
кететінін білеміз бе?
• Осы сұрақтың жауабын табу үшін, Нұр- Сұлтан қаласында орналасқан «Қағаз қалдықтары мен пластиктерді қайта
өңдеу» өндірісіне бардық. Онда күнделікті өмірде қолданып жүрген кез келген пластикалық, оның ішінде түрлі
бөтелкелер мен көлік бамперінің сынықтары тәрізді қалдықтардан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына,
инженерлік желілерге қажет қақпақ , құдық сақинасы секілді бұйымдарды шығарылатынын білдік. Мәселен, бетон
мен шойыннан жасалатын қақпақ, құдық сақиналары аптап ыстықта күйсе, сары аязда өңін жоғалтып, су тисе,
үгітіліп қалады. Ауа райының қолайсыздығынан сақтау үшін олардың сыртын қаптап, үнемі сақтандыру жұмыстарын
жүргізіп отыру керек. Ал, пластикадан жасалатын өнімге бұндай күтімнің қажеті жоқ, яғни суға, түрлі химиялық
заттарға төзімді келеді. Зауытта болған 1 сағатта осындай құнды мәліметтерді жинақтадық.
Полиэтилен пакетін қағаз дорбаға алмастыратын күн
туады ма?
Бұл сұрақ қазіргі кезде көпшіліктің көкейінде жүрген сұрақтардың бірі десек те болады. Осы
сұрақтың жауабын шешуге біздің мектебіміздің оқушылары да өз үлестерін қосуда.
Мектебімізде 9-10 сынып оқушыларының арасында қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімдерін
ояту мақсатында «ЭКО пакет» жасау конкурсы дизайн жобасы аясында ұйымдастырылып, өткізілді.
Сайыста пластикалық пакеттерді пайдалануды экологиялық қауіпсіз қағаз пакеттермен немесе бірнеше
рет қолдануға болатын мата қалталармен алмастыру арқылы азайтуды көздейді. Жобаға оқушыларымыз
өз қолдарымен матадан жасалған «ЭКО пакеттерін» ұсынып, өз ойларын жоғары деңгейде қорғап шықты.
Мектеп ауласын көгалдандыру
«Болашақ бағы» акциясы ұйымдастырылып, мектеп оқушылары мен
ата-аналары мектеп ауласына көшеттер отырғызды.
Қорытынды

Мектебімізде «Экоболашақ» жобасында осындай ауқымды


жұмыстар үздіксіз жүріп отырады. Атқарылған тірліктер алдағы
уақытта да осы қарқында үдей түседі деп сенімді айта аламыз.
Әйгілі Қорқыт атамыз «Қара тауларың құламасын, саялы ағаш
сынбасын» деген. Табиғат біздің саялы бесігіміз, оны аялай білейік,
қамқор болайық, қорғайық, көгалдандырайық, бар байлығын
үнемдейік, тазалығын сақтайық!
Құрметті жас достар! «Жер – Ананы жасыл етіп сақтайық» дегім
келеді.

You might also like