You are on page 1of 15

Балалардың сөйлеу

қабілетінің бұзылуы
КАус -21
Ахтанова М.
Қолданылған әдебиеттер
1. Қ.С. Тебенова; А.Р. Рымханова «Арнайы психология» Алматы 2011ж
2. Грищенко Л. Л. «Устранение дефектов речи», «Семья и детский сад»
№1 2005 г.
3. Зайцева Г. Л. «Дактилология. Жестовая речь» М., 1991 г.
4. Малдыбаева А.О., Орынбаева Э.Ә. «Дефектология негіздері» Шымкент
2007 ж.
СӨЙЛЕУ

● Сөйлеу – баланың психикалық дамуының ең негізгі


бөлігі, ол бала өмірінің алғашқы жылдарында
қалыптаса бастайды. Сөйлеу арқылы бала қоршаған
ортамен байланыс жасап, танымдық белсенділігі пен
ойлау жүйесінің дамуы үшін қажетті ақпарат алады.
Сөйлеуге дейінгі реакциялардың
біртіндеп дамуы
1,5-3 айда 6-7 айда
01 үілдеу, гүілдеу 03 былдырлау

4-6 айда 8-11 айда


02 «сыбызғы» (әртүрлі 04 былдыр сөздерді
дыбыстар тізбегі); айту
1,5-2 жасқа дейін сөйлеу қабілеті дамуының маңызды
көрсеткіші сөз айта алу ғана емес, сол сөздің мағынасын түсіну
болып табылады. Бала ересек адамдарды мұқият және қызыға
тыңдай алуы, өзіне айтылған сөзді түсінуі керек, көптеген
заттардың атауларын біліп, қарапайым тұрмыстық жұмсау мен
сұрауларды орындай алуы тиіс. Өмірінің екінші жылында бала
сөздер мен сөз тіркестерін қолданып, сөйлесе алады,
экспрессивтік сөйлеу қалыптасады.
1 жастан 4 жасқа дейінгі сөйлеу
дағдыларының қалыпты даму тәртібі:

9-18 айда анық, саналы сөйлеудің (сөздердің) пайда


болуы. Алдымен 1,5 жасқа дейін бала, негізінен,
сөздерді түсінуге үйренеді, ал 1,5-2 жастан бастап
баланың сөйлеу қабілеті жылдам дамып, сөз қоры өсе
түседі. Бала түсінетін сөздер саны (белсенді емес
сөздік) бала айта алатын сөздер санынан (белсенді
сөздік) әлі көбірек болады.
1 жастан 4 жасқа дейінгі сөйлеу
дағдыларының қалыпты даму тәртібі:

1,5-2 жаста екі 2-2,5 жаста үш сөзден тұратын


01 сөзден тұратын 02 сөйлемдер
сөйлемдер

3-4 жасында 4-тен немесе


03 одан да көп сөзден тұратын
сөйлемдер айта алады
Сөйлеу қабілетінің бұзылуы
Сөйлеу қабілетінің бұзылуы – орталық жүйке жүйесінің
(ОЖЖ) әртүрлі деңгейінің күрделі бұзылыстар кешені:
ми қабығы, қабықтың асты, диэнцефалдық бөлігі, ми
бағаны. Бұл бұзылыстардың құрылымы әртүрлі болады:
атрофия және ишемия бөліктері, киста мен ісіктер,
мидің белгілі бір жүйелері мен бөліктерінің
биологиялық жетіспеушілігін тудыратын тамыр
бұзылыстары. Мұндай бұзылыстар аясында мидың ғана
емес, сонымен қатар сенсорлық жүйелердің
дисфункциялары пайда болады
Сөйлеудің бұзылуына биологиялық және психологиялық факторлар ықпал
етеді. Осыған байланысты тіл мүкістіктерінің бұзылуының бірнеше
түрлерін ажыратып кетуге болады:

1.Дислалия - сөйлеу тіліндегі ең көп тараған мүкістіктер. Мұнда тек


дыбыстардың айтылуы ғана бұзылады.
2.Дизартрия – сөйлеу тіл аппаратындағы ағзалар мен тіндердің нервпен
қамтамасыз етілуінің органикалық жеткіліксіздігінен сөйлеу тілінің
дыбыстарды айту жағынан бұзылуын көрсетеді.
3.Ринолалия – ең алдымен сөйлеу тіл аппаратының анатомо-физиологиялық
құрылысы бұзылады, ал оның зардабынан дауыстың реңі мен әуезділігі және
дыбыстардың айтылуы бұзылады.
4.Алалия – тіл мүкістіктерінің ішіндегі ең ауыр түріне жатады. Мүкістіктің
мұндай түріне шалдыққан баланың сөйлеу тілі іс жүзінде қатынас құралы
бола алмайды. Баланың ана құрсағында және сәбилік кезде дамуындағы ми
қабығының сөйлеу орталықтарына табиғи байланыстардың бұзылу әсерінен
сөйлеуінің дамымауы немесе мүлдем болмауы деген сөз. Алалия сөйлеудің
болмауы, сөйлей алмау деген мағынаны білдіреді.
5.Афазия – бұған бас миының белгілі бір жеріне жинақталған зақымнан сөйлеу
тілінің мүлде немесе жартылай жойылып кетуі жатады. Бұл көбнесе үлкен ми
сыңарларының белгілі бір бөлігінің зақымдануынан болады. Афазия көбіне
мидың белгілі бір жеріне қан құйылу, ми тамырларының тромбоз сырқатына
шалдығуы, мидың ісуі, қабынуы, жарақаттануы салдарынан болады.
Баланың сөйлеу тіл бұзылыстарына сыртқы немес ішкі зиянды
факторлар әсер етеді. Бала тілінің кеш шығуының негізгі себептері:

1. Тұқым қуалаушылық фактор


2. Болашақ ананың дұрыс емес өмір салты, көңіл-күйінің дұрыс
болмауы, күйзелісте болуы және жаман әдеттер (шылым шегу,
ішімдікке құмар болу);
3. Жүктілік кезіндегі анасының созылмалы аурулары (тұмау, қызамық,
эндокринді бұзылыстары, бүйрек және жүрек аурулары, т.б.);
4. Болашақ ананың жүктілік кезіндегі жағымсыз кәсіби жағдайлар
(ауыр физикалық жұмыс немесе түнгі ауысымда жұмыс істеу!
5. Таңдайда не ерінде жырықтардың болуы;
6. Бас жарақаттары, ми шайқалуы;
7. Бас миының асқыну аурулары (менингит, менингоэнцефалит);
8. Есту мүшесіндегі асқынулар немесе  үлдем естімей қалуына себеп
болатын аяғына дейін емделмеген ортаңғы және ішкі құлағының асқыну
.
аурулары;
9. Дыбыс шығару жүйесінің жұмыс істемеуі;
10. Ауыз қуысы бұлшықеттерінің дұрыс жұмыс істемеуі, тіс және жақ
сүйектерінің ауытқулары;
11. Баламен сөйлеспеу (ересектердің балаға жеткілікті көңіл бөлмеуі
немесе айналасындағы адамдардың сөйлеу тіліндегі ақаулары);
12. Қатты қорқып қалудан болған тұтығу;
13. Өзге аурулардың немесе қолданған дәрі-дәрмектердің
● . Мидың даму процесі белгілі бір кезеңге жеткенде ғана балалар дұрыс сөйлей
бастайды. Бұл –асығуды қажет етпейтін көп уақыттық процесс. Мәселен, сәби
үш айлық кезінде еліктеу дыбыстарын шығара бастайды. Бес-алты айлығында
уілдеп, жеті айлығынан бастап жеке дыбыстардан буындар құрап үйренеді, бір
жасқа келгенде бес-он сөз айта алатын болады. Екі жасқа жеткенде баланың
сөздік қоры 200-400 ге жетеді, 4 жасқа келгенде қарапайым сөздерден сөйлем
құрауға әрекет жасайды. Келе-келе баланың сөздік қоры ұлғайып активтік және
пассивтік сөз қоры пайда болады. Активтік дегеніміз - бала өзі айтқан сөзінің
мағынасын түсінетін сөздер де, пассивтік дегеніміз өзі айта алмайтын, бірақ өзге
адам айтқанда түсінетін сөздік қоры. Сондықтан бір жасқа жеткен бала әлі дұрыс
сөйлей алмаса, оған қайғырудың қажеті жоқ. Бала сөйлей алмаса да,
ересектердің айтқан сөзін ұқса, айтқанды дұрыс орындай білсе, онда
уайымдауға ешқандай негіз жоқ. Баланың тілі шыға бастаған кезде онымен
байқап, дұрыс сөйлескен мақұл. Сақауланып сөйлеуге, баланың тілін бұрап
сөйлегенін қызық көріп, оның айтқандарындай етіп қайталау жақсылыққа
апармайды. Өйткені бала солай сөйлеуге үйреніп кетеді.
ҚОРЫТЫНДЫ

● Көп жағдайда бала тілінің уақытында шығуы тікелей ата-анаға


байланысты екенін ескертеді. Алайда ата-аналардың бала тілін
қызық көріп олардың қате дыбыстаған сөздерін қайталауы
дұрыс емес, керісінше бала ата-анасының сөйлегеніне қарап
сөзін түзеуі үшін, ата-ана әр сөзді анық дыбыстап айтқаны жөн
дейді
Назарларыңызға
рақмет!!!

You might also like