You are on page 1of 14

Жобаның атауы

Орындаушылардың аты-жөні
Мамандығы
Презентация дайындау ережелері

Форматы:
 Презентация қазақ тілінде дайындалуы тиіс
 5 минут презентацияны баяндауға және 2 минут «сұрақ - жауапқа»
беріледі
 Команданың барлық қатысушылары қатысуы тиіс және команда мүшелеріне
жеке-жеке сұрақ қойылады. (егер команда мүшесі сұраққа жауап бере алмай
қалған жағдайда басқа мүшесіне жауап беруге рұқсат етіледі»)
 Ең көп болғанда 15 слайд жасалуы тиіс (!)
 Презентация PowerPoint түрінде ғана дайындалуы қажет Назар аударыңыз:
презентацияны дайындау кезінде жобаның мәнінің ашылуына мән беріңіз
және белгіленген уақытта негізгі түйінін айтып жеткізуге тырысыңыз.
Слайдтарда артық мәтіндерді қолдануға жол берілмейді, мүмкіндігінше
негізгі мәліметтер мен фактілерге көңіл бөліңіз, сәйкес суреттер мен
картиналарды қолдануға болады.
Презентация

Презентацияны нені қамту қажет?


1- Слайд. Титулдық бет*

Жобаның атауы, орындаушылардың аты-жөні,


мамандығы, тобы, email және байланыс номері
2- Слайд. Кіріспе*

• Жобаның логотипі немесе сауда белгісі


• Жобаның мақсаты: компанияны немесе бизнесті 1-2
сөйлеммен сипаттаңыз
• Сіздің жобаңыздың қажеттілігін және іске асатындығын
негіздеңіз. (Нақты дәлелдермен көрсетуге тырысу қажет)
3-Слайд: Проблема*

• Өз тұтынушыңыздың (клиентіңіздің) проблемасын


сипаттаңыз. Яғни, бизнес идея қайдан туындады? (Сіздің
бизнес идеяңыз қандай да бір туындаған проблеманы
шешуге бағытталуы тиіс).
• Тұтынушыңыз бұл проблеманы қалай шешіп отырғанын
көрсетіңіз.
4-Слайд: Шешімі*

• Сіздің компанияңыздың ұсынысының (бизнес идеяның)


құндылығын сипаттаңыз.
• Сіздің өніміңіз немесе қызметіңіз арқылы мәселені шешу
жолдарын көрсетіңіз.
• Қандай жағдайларда Сіздің өніміңіз немесе қызметіңіз
қолданылады.

• 3-слайдпен өзара байланыста қарастырылу керек.


5-слайд. Бұл қалай жұмыс жасайды?*

Сіздің өніміңізді немесе қызметіңізді дайындау


технологиясын сипаттаңыз не болмаса ұсынатын ноу-хау
немесе магия жөнінде баяндаңыз.
6-Слайд: Тұтынушылар сегменті*
• Тұтынушылар сегменті, яғни, сіздің өніміңіз немесе қызметіңіз
қандай сегментке арналған және не себепті? (Нақты зерттеу
мәліметтері негізінде жасалуы қажет)
• Өнімді өткізу каналдары.
• Қолданылатын маркетингтік технологиялар мен стратегиялар.
7-Слайд : Бәсекелестер *

• Бәсекелестер тізімі: бәсекелестермен салыстырмалы талдау


• Сіздің бәсекелестеріңіздің бәсекелік артықшылықтары.
• Сіздің өніміңіздің (қызметіңіздің) бәсекелік
артықшылықтары қандай?
• SWOT талдау жасау .
8-Слайд : Өнім*

• Өндірістік процесс және өнім көлемі.


• Өнімнің даму жоспары.
• Өнім өндіруге қажетті ресурстар ( материалдық, еңбек,
техникалық т.б.)
• Негізгі әріптестер.
9-Слайд : Шығыстар мен табыстар*

• Шығыстар құрылымы (шығындар калькуляциясы, тұрақты және


өзгермелі шығыстар, орташа күндік, айлық, тоқсандық немесе
жылдық шығыстар т.с.с.)
• Табыстар көздері, орташа күндік, айлық, тоқсандық, жылдық
табыс көлемі.
• Өнімге баға белгілеу және сату көлемі
10-Слайд : Команда*

• Жобаны іске асырушы команда және олардың өкілеттіліктері


• Бизнесті құрушылар және Менеджмент (Команданың
тәжірибесі және басқару ерекшеліктері )
11-Слайд : Қаржы *

• Инвестиция жоспары, жобаны жүзеге асыруға қажетті


инвестиция көлемі.
• Капиталдың қайтымдылық мерзімі, зиянсыздық нүктесін
анықтау.
• Бизнес идеяның табыстылығын нақты сандармен дәлелдеу.

You might also like