You are on page 1of 16

Өзбекстан

Өзбекстан Республикасы —
Орталық Азияда орналасқан
мемлекет. 1992 жылы 8
желтоқсанда қабылданған
конституциясы бойынша –
президенттік басқару нысанындағы
зайырлы мемлекет. Президент 5
жылға сайланады. Жоғары заң
шығарушы органы (Олий Мажлис)
– қос палаталы парламент заң
шығарушы палата (төменгі палата)
және Сенаттан (жоғарғы палата)
тұрады. Атқарушы органы –
Министрлік Кабинет Әкімшілігі
жағынан бір автономиялық
республикаға (қ. Қарақалпақстан)
және 12 облысқа бөлінеді.
 Өзбекстан жерін адамдар ежелгі тас ғасырынан
(палеолит) мекендей бастады. Олар аңшылық және
терімшілікпен айналысты. Жаңа тас дәуірінде
(неолит) егіншілік пен бақташылық пайда болды.
Қола дәуірінің соңында алғашқы мемлекеттік
бірлестіктер – Соғды, Хорезм тайпалық одақтары
құрыла бастады. Б.з.б. 5 – 4 ғасырларда ел аумағы
Ахемен әулеті билеген парсы патшалығына
бағынды. Бұл кезеңде өзбек жерін мекендеген
халықтар мен олардың тарихы туралы Геродоттың
жазбалары мен Бехистун сына жазуында айтылады.
Б.з.б. 330 – 328 жылдары өлкеге Македонский
шапқыншылық жасады.
 Грек-македон империясы ыдырағаннан кейін ел аумағында әр
түрлі кезеңдерде Бактрия, Кушан, Қаңлы мемлекеттері өмір
сүрді. 5 ғасырдың ортасында құрылып, түріктердің
қысымымен ыдырап кеткен ақ ғұндар (эфталит) мемлекетінің
негізінде ел аумағы бір орталыққа біріге бастады. 6 ғасырдың
ортасында Алтай мен Жетісуда құрылған Түрік қағанаты
құрамында болды. 7 ғасырда ел аумағы Батыс түрік
қағанатына бағынды. Осы кезеңде Ұлы Жібек жолы дамып,
Самарқанд, Бұхара, т.б. қалалар ірі сауда орталықтарына
айналды. Бірақ 7 ғасырдың аяғында қағандық ыдырап, өлкені
арабтар жаулап ала бастады. Халық жаппай ислам дінін
қабылдай бастады. Араб мәдениетінің ықпалымен
Мауераннахр аймағы ислам әлемінің аса ірі мәдени
орталығына айналды. 9 ғасырдың басында Араб халифаты
ыдырай бастады да, ел аумағында Самани мемлекеті
құрылды.
Мәдениеті мен өнері
Өзбекстандағы ежелгі сәулет
ескерткіштері б.з.б. 4 ғасырда
салынған. Олар Бактрия, Хорезм,
Соғдияна, Ферғана өңірінде жақсы
сақталған. Қала салу өнері көне
заманнан (б.з.б. 3 ғасыр) басталып,
орта ғасырларда өркендей түсті.
Бұхара, Самарқанд, Ташкент, Хиуа,
т.б. қалалардың сәулеттік өнер
элементтері (шаһристан, рабад, т.б.)
сол кезеңнің классик. үлгісіне
жатады. Жергілікті қала салу
мәдениетінде, негізінен, өрнек пен
эпиграфика әдісі қалыптасып, портал-
күмбезді композиция пайда болды.
Табиғаты
 Өзбекстан өңірі жер бедері жөнінен солт.-батыс жазық және
оңтүстік-шығыс таулы бөліктерге бөлінеді. Жазық жағын
Қызылқұм шөлі, Үстірт, Тұран ойпаты, Әмудария атырауы
алып жатыр. Таулы өлке Шатқал, Құрама, Ферғана, Алай,
Зеравшан, Түркістан, т.б. жоталардан құралады, бұлардың
аралықтарында Ферғана, Зеравшан, Шыршық-Ангрек,
Қашқадария, Сурхандария, т.б. аңғарлар орналасқан. Жер
қойнауы пайдалы қазындыларға бай. Қаратау-Нарын
белдеуінен сирек металл, темір кен тасы, полиметалл,
қорғасын-мырыш, Белтау-Құрамадан мыс (Қалмақыр,
Сарычек кендері), Түркістан-Алайдан графит-никель-
кобальт (Тасқазған) кен орындары ашылған. Ө. аумағы
Орталық Азиядағы ірі мұнайлы-газды аймақ саналады.
 Назарларыңызға рахмет!!!

You might also like