You are on page 1of 16

Инклюзивті білім беру

Мамандық: ФилФак 1,2-курс


Оқытушы: Жубатырова Б.Т.

1
Лекция
Тақырып: Сөйлеу қабілеті бұзылған
балалардың психологиялық-педагогикалық
сипаттамасы
Жоспар:
1.Сөйлеу бұзылыстары бар балалар. Сөйлеу
бұзылыстарының биологиялық және әлеуметтік
себептері.
2.Сөйлеу тілі бұзылған балалардың
психологиялық-педагогикалық сипаттамасы.
2
Әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер

 1. Бахтиярова, Г.Р., Кеншілікова К.М. Инклюзивті білім беру:мәні және мәселелері. – Ақтөбе, :
"Жұбанов университеті" баспасы, 2019. - 160 бет.
 2. Бахтиярова Г.Р., Абильдина С.К., Инклюзивті білім берудің негіздері. –Ақтөбе, 2020. – 184 б.
 3. Лиходедова Л.Н. Инклюзивті білім берудің теориясы мен практикасы. – Қарағанды, 2020.-
194 б.
 4. Лиходедова Л.Н. Теория и практика инклюзивного образования. – Қарағанда, 2020.-208 с.
 5. Шалабаева Л.И., Кулбаев А.Т., Умирбекова А.Н., Шакирова А.Д. Инклюзивное образование.
– Алматы, 2021. – 132 с.
 6. Магауова А.С., Ермекова Ж.К. Инновационные образовательные технологии в высшей
школе. – Алматы, 2018. – 192 с.
 7.Байменова Б.С. Развитие инклюзивного образования в Казахстане и за рубежом. – Алматы,
2017. – 148 с.
 8. Жубакова С.С.Теория и практика инклюзивного образования. –Алматы, 2017. – 148 с.
Қосымша әдебиеттер
 9.Коккозева К.Ш. Арнайы педагогика. –Алматы, 2018. -244 б.
 10. Заркенова Л.С., Омарова Н.Н., Ильясова Б.И. Арнайы педаагогика. –Алматы, 2014. – 180 б.
 11.Абаева Ғ.Ә., Төребаева К.Ж., Оразаева Г.С., Қартбаева Ж.Ж. Арнайы педагогика. –Алматы,
3
2018. – 324 б.
Сөйлеу бұзылыстары бар балалар:

Сөйлеу әрекетінің күрделі құрылымы туралы


ілім (Л.С. Выготский, А.Р. Лурия, А.А.
Леонтьев), жақын және өзекті даму аймағы
туралы концепция (Л.С. Выготский), негізгі
диагностикалық принциптер (Л.С.Выготский,
С.Я. Рубинштейн, А.Р. Лурия, А.Н. Леонтьев),
сөйлеуінде жалпы тіл кемістігі бар балалар
туралы фундаменталды еңбектер (Р.Е.
Левина, Н.А. Никошина, Г.А. Каше, Л.Ф.
Спирова, Г.В. Чиркина, И.К. Колповская,
Қ.Қ.Өмірбекова, Г.М. Коржова) және т.б.
4
Сөйлеу тіліндегі кемшіліктердің
клиникалық-педагогикалық классификациясы:
1. Ауызша сөйлеудің фонациялық бейнесінің бұзылуы:
 - афония, дисфония — дауыстың болмауы немесе бұзылуы;
 - брадилалия — сөйлеудің патологиялық баяулауы;
 - тахилалия — сөйлеудің жылдамдығы;
 - тұтығу - сөйлеу аппараттарындағы бұлшық еттердің құрысуынан сөйлеудің бұзылуы;
 - дислалия - дыбыстарды айтудың бұзылуы;
 - ринолалия – сөйлеу аппаратының анатомо-физиологиялық құрылысының бұзылуы;
 - дизартрия - сөйлеу аппаратындағы органикалық кемшіліктердің әсерінен
дыбыстарды айтудың бұзылуы.
Сөйлеудің құрылымдық-семантикалық жағының бұзылуы:
 - алалия — бас миының сөйлеу зоналарындағы қабықтық бөлімдердің органикалық
зақымдануынан сөйлеудің болмауы немесе дамымауы;
 - афазия —бас миының белгілі бір аумақтарының зақымдануынан сөйлеу тілінің
жартылай немесе толықтай жойылып кетуі;
2.Жазбаша сөйлеудің бұзылуына
мынадай кемшіліктер жатады:
- дислексия (алексия) — оқудың
жекелей немесе толықтай бұзылуы;
- дисграфия (аграфия) — жазудың
жекелей немесе толықтай бұзылуы.
Психологиялық-педагогикалық
классификация лингвистикалық және
психологиялық критерийлерге байланысты
анықталады.
6
Қарым-қатынас құралдарының бұзылуы:
 сөйлеу кезіндегі фонемаларды қабылдаудағы
жетіспеушілік, ана тілін меңгерудің мағыналық
жағының бұзылуы, фонемаларды қабылдау
барысында байқалатын кемшілік;
 жалпы сөйлеудің бұзылуы (ЖСБ 1-4 деңгейде
анықталады), оларды сөйлеу тіліндегі күрделі
кемшіліктер біріктіреді.
 Сөйлеу әрекеті кезіндегі қарым-қатынас
құралдарын қолданудың бұзылуынан қарым-
қатынасқа түсудің кемшілігі байқалады.
 - тұтығу.
7
Жалпы сөйлеу тілінің бұзылысының
алғашқы үш деңгейін
Р.Е. Левина бөліп қарастырды
 Жалпы сөйлеу тілінің бұзылысының бірінші деңгейіндегі
балаларды мылқау, тілсіз балалар деп атайды. Себебі бұл
деңгейдегі балаларда сөйлеу тілінің мүлде қалыптаспауы
байқалады. жалпы сөйлеу тілінің бұзылысының бірінші
деңгейіндегі балаларға тән белгілер:
 балалар былдырлап сөйлеп,сөйлемдерді түсініксіз үзіп қысқа
түрде айтады.
 тек жекелеген зат есімдерді, сонымен қатар өзіне таныс
тұрмыста айтылып жүрген етістік сөздерді қолданады.
 сөйлемде және сөзде дыбыстары анық айтылмайды, жекелеген
дыбыстарға еліктеп, сөйлеу барысында ымдап сөйлеп, ым-
ишара қолданады.
 Бұл деңгейдегі балаларда сөздік қоры аз, сөйлеу тілінде
заттардың, іс-әрекеттердің сыртқы бейнесіне қарап бір сөзбен 8

атап, былдырлап сөйлейді.


 Жалпы сөйлеу тілінің екінші деңгейі сөйлеу қабілетінің едәуір
жақсаруымен сипатталады, сөйлеу барысында тек ым-ишара арқылы
ғана емес, сонымен қатар сөздерді қолдана бастайды. Мысалы, «Екі
ешкі» секілді сюжетті сериялды әңгімені сипаттау кезінде әңгімелеуі
қарапайым, әрі қысқа болсада, сөйлеу тілінің грамматикалық
құрылымы біршама жақсы деңгейде болады. Бұл деңгейдегі балалар
жұрнақ, жалғауларды пайдалану кезінде көп қателер жібереді.
Мәселен: аю-аюдар, түлкі-түлкілар. Сондай-ақ сөйлеу тілінің
граммитикалық құрылымындада біршама қателер жібереді. Яғни
септік жалғауларды, сөздің жекеше-көпше түрлерін қолануда қателер
жібереді. Зат есімдерді жекеше-көпше түрлерін қолдану кезінде
ауыстырып, шатастырады. Мысалы: кітаптар-кітапдар, оларға-оларге.
 Сөйлеу тілінде ысқырық-ызың дыбыстарды және әртүрлі буынды
сөздерді айту барысында өрескел қателер жіберетіндіктен бұл
деңгейде балалардың сөйлеу тілінің біршама артта қалғандығын
байқауымызға болады. Бұл деңгейде балалар жеке есімдіктерді, зат
есімдерді қарапайым мағынада қолдана бастайды. Өздеріне жақсы
таныс ертегілер туралы, отбасы туралы, өзі туралы, жолдастары
туралы әңгімелеп егжей-тегжейлі айта алады. Бірақ сөйлеу тілінің
дамымауы әлі де айқын көрінеді: көптеген сөздерді білмеу,
дыбыстардың дұрыс айтылмауы, сөз құрылымының бұзылуы,
аграмматизм секілді дамымауы байқалады. 9
Жалпы сөйлеу тілінің дамымауының
екінші деңгейіне тән белгілерді қысқаша
былай сипаттауымызға болады:
 Сөздік қоры зат есім, үстеулермен
көбейеді.
 Байланыстырып сөйлеу тілі дами
бастайды.
 Қателіктер жіберседе, септік жалғау,
жұрнақтарды қолдана бастайды.
 Сөз түсінуі, енжар сөз қоры дамиды. 10
 Жалпы сөйлеу тілі бұзылысының үшінші
деңгейі сөйлеу тіліндегі лексикалық-
грамматикалық және фонетикалық-
фонематикалық қабылдауының дамымауымен
сипатталады. Бұл деңгейдегі мектеп жасына
дейінгі балалар қоршаған ортада қарым-
қатынасқа түсіп сөйлесе алады, бірақ айтайын
деп отырған ойын толық айтып жеткізе
алмайды. Балалар әңгімелесу барысында өзінің
тілі келмейтін күрделі сөздерді, сөз тіркестерін
айтпауға тырысады. Сөйлеу тілінде сөздік
қорының біршама өскеніне қарамастан, сөздің
лексикалық құрылымын білмейді. Мәселен,
мамандықтың атауын атау барсында сол
мамандықтың атқаратын іс-әрекетімен 11

шатастырады.
Жалпы сөйлеу тілінің дамымауының үшінші
деңгейіне қысқаша сипаттама:
 Сөйлеу тілінде жәй сөйлемдерді ғана пайдаланады,
күрделі сөйлемдерді сирек қолданады.
 Балалар байланыстырып сөйлеу тілінде кей сөздерді
білмейтіндігі және дұрыс пайдалана алмайтындығы
көрінеді. Сөздік қорында зат есім, етістіктерді көп
қолданады, сын есім, үстеу таптарын аз пайдаланады.
 Сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымының
жетілмеуі байқалады.
 Балалар септік жалғау, жұрнақтарды пайдалану
барысында қателер жібереді.

12
 Т.Б. Филичева сипаттаған жалпы сөйлеу тілі
дамымауының төртінші деңгейі сөйлеудің лексикалық-
грамматикалық және фонетикалық-фонемалық
дамымауымен айқын көріністерімен сипатталады. Жалпы
сөйлеу тілі дамымауының төртінші деңгейдегі балалар өз
ойларын толық жеткізе алмауымен сипатталады. Белгілі
бір тақырып бойынша сюжетті суреттер сериясы
бойынша, әңгіме құрастыру кезінде ойы бұзылып
ортасында тоқтап қалып, әңгіменің негізгі бөлігін айтпай
кетеді және жеке бөліктерін қайталай береді. Әңгімелеу
барысында жай сөйлемдерді қолданады. Сонымен қатар
ойларын жинақтай алмауымен сипатталады. Бұл
деңгейдегі балалар көптік жалғауларды қолдану
барысында қателіктер жібереді (доп-доплар, қағаз-
қағазтар, машина-машиналер). Сонымен қатар кеңістікте
бағдарлауға қатысты сөздерді сирек пайдаланады. 13
Сөйлеу тілінде бұзылымы бар балалардың
психологиялық ерекшеліктері:

 -баланың зейінін және есте сақтау қабілетін


дамыту;
 -сөз түсінігін жетілдіру;
 -еліктеп сөйлеу тілін дамыту;
 сөйлеу тілінің бұзылымын түзету
жұмысында комплексті түрде сөйлеу тілінің
барлық функцияларын дамыту, танымдық
процестерін жетілдіру жұмыстарын жүргізу.

14
Қорытынды:
 Жалпы сөйлеу тілінің бұзылымы –
есту қабілеті мен ой-өрісі әдеттегідей
дамыған балалардың дыбыстық,
мағыналық жағына қатысты сөйлеу тілі
құрамының компоненттерінің
бұзылуынан болатын түрлі тіл
кемістіктері.
 Жалпы сөйлеу тілінің бұзылымы бар
балалардың барлығына тән кемшілік:
дыбыстарды бұзып айтуы, фонетикалық
есту қабілетінің дұрыс дамымауы, сөздік
қоры мен грамматикалық сөйлем 15

құрылысының артта қалуы. 


Сөйлеу бұзылыстарының
биологиялық және әлеуметтік себептері:

№ биологиялық: әлеуметтік

16

You might also like