You are on page 1of 10

Пән “Еңбекті қорғау”

Лекция тақырыбы: “Электр тогының


адам ағзасына әсері”
 Электрқауіпсіздігі дегеніміз, яғни электр
тогының, электр доғасының және статикалық
электр көзінің адамға зиянды және қауіпті
әсерлеріне қатысты ұйымдастырылған
техникалық шаралар жүйесі.
 Ток тізбегінің екі нүктесі арасындағы кернеуге
адам бір мезгілде жанасатын болса, мұны
жанасу, тию кернеуі деп атаймыз.
 Электр тогы адамның денесі арқылы өткенде
термикалық, электролитикалық және
биологиялық жағынан әсер етуі мүмкін.

 Токтың термикалық әсері электр энергиясының
жылу энергиясына ауысуы кезінде байқалады
және терінің, тканьдердің және қан айналыс
тамырларының қызуына әкеліп соқтырады.
 Токтың электролитикалық әсері қанның
құрамына, оның бөлшектенуіне әкеліп соқтырады.
 Токтың биологиялық әсері буындардың
тырысып қалуына әкеледі.
 Электр тогына түсіп қалудың 2 түрі болады:
 Электрлік травма (күйіктер, терінің металдануы,
электрлік белгілер, электроофтальмия).
 Электрлік соғулар.
 Электр тогына түсіп қалу және оның салдары
келесілерге тәуелді болады:
 Электр тогының шамасына, тегі және жиілігіне;
 Токтың адам денесімен өту жолдарына;
 Әсер ету ұзақтығына;
 Адамның жекелеген физиологиялық ерекшеліктері мен оның
токқа түсу мезетіндегі жағдайына.
 Бір шамадағы тұрақты және айнымалы токтар
адам ағзасына әртүрлі әсер етеді.
 50 Гц жиілігі бар айнымалы ток 300 В кернеудің
шамасы кезінде тұрақты токтан анағұрлым
қауіптірек.
U>300 В кернеудің шамасында тұрақты
токтың қауіптілігі жоғарлайды.
f=50 Гц мәннен жоғарыласа да қауіп
туғызады.

Токтар әсер ету деңгейіне қарай


келесідей болып бөлінеді: байқалатын,
жібермейтін және фибриляциялық.
12.1.038 МемСТ сәйкес байқалатын,
жібермейтін және фибриляциялық
токтардың қадамдық мәндері төмендегі
1 - кестеде көрсетілген.
Қадамдық Айнымалы Тұрақты ток,
токтар ток( f=50 Гц), мА
мА
Байқалатын 5-7
0,5-1,5
Жібермейтін 50-
10-15 80
Фибриляциял 80-
ық 50-100 500
Адамның денесі арқылы өткен токтың мәні
адам денесінің кедергісі мен кернеудің
шамасына тәуелді болады.
Кернеу көп болған сайын, токтың мәні де
көбейеді. Адам денесінің кедергісі терінің
жағдайына, әсер еткен кернеудің түйісу
тығыздығына және токтың әсер ету
уақытына тәуелді болады.

Есептеулердеадамның денесінің кедергісі -


1000 Ом деп алынады.
Токтың адам денесі арқылы өту жолдарының
да мәні зор. Токтың ең қауіпті өту жолы –
жүрек, өкпе, бас, ми, арқа жолдары арқылы
өтуі. Токтың ең көп таралған өту жолы:
«қол-аяқтар», «қол-қол», «аяқ-аяқ»,
«бас-аяқтар». «Аяқ-аяқ» жолдары аз
қауіпті аймақ болып табылады. Токтың әсер
ету ұзақтығының да көп мәні бар. Токтың
әсер ету ұзақтығы өскен сайын, терінің қызуы
артады, содан барып тері ылғалданады, оның
кедергісі төмендейді де, соның әсерінен
токтың мәні де күрт артады.
Адамның жекелеген физиологиялық
ерекшеліктері де ток соғуы кезінде әсері
болады. Егер адамның денсаулығы жақсы
болатын болса, электрсоғуының деңгейі
біршама азаяды. Егер да адам жүрек қан-
тамырлары ауруымен, тері және нерв
жүйесінің ауруымен ауыратын болса және
де ток соғуы кезінде мас күйінде болса,
электртравмасы тіпті ток аз ғана шамасы
болғанда да қайғылы жағдайға соқтырады.

You might also like