You are on page 1of 28

Көргенов Қуандық

Айтыс-ұлттық өнер
Кіріспе
◼ Айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан
поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып
салып ай тылатын сөз сай ысы, жыр жарысы.

Ай тыс — синкреттік жанр, ол тұрмыс-салт
жырларынан бастау алып, келе-келе ақындар
ай тысына ұласқан. Ай тыста осыған орай лирикалық
, эпикалық, драмалық сипаттар мол ұшырасады. Сол
арқылы бұл жанр ауыз әдебиетінің өзге түрлерімен
қанаттаса дамып, бір-біріне елеулі әсер-ықпал жасап
отырған. Батыр және лиро-эпос жырларына да
әсерін тигізіп, өзі де арнасы кең мол салаға
ай налған.
Айтыстың типологиясы
◼ Қазақтың ауыз әдебиетінде ерте заманнан келе жатқан айтыс жанрының туу
негіздері мен өзіне тән ерекшеліктері, даму тарихы бар. Айтыс – халық ауыз
әдебиетінің ерекше бір түрі. Айтыс қазақтан басқа арабтың бәдеуилер
тайпасында және түрік тілдес елдердің бірқатарында, ірі ақындар айтысы
Үндістан халықтарында бар. Кейбір зерттеушілер айтыстың алғашқы шығу
тегі өте ерте заманнан келе жатқанын айтады.

◼ Махмұд Қашқаридің “Диуани-лұғат-ат түрк” атты еңбегіндегі “Жаз бен


Қыстың айтысы”, Қожа Ахмет Иасауидің“Диуани хикметіндегі” Жұмақ пен
Дозақтың айтысы” бұл жанрдың ғасырлар қойнауына жол тартатынын
аңғартады.

◼ Қазақ пен түрік, сонымен бірге әзербайжан, қырғыз, қарақалпақта айтыс екі
ақынның бірін-бірі суырыпсалма түрде жыр сайысында жеңетін жеке жанр
ретінде дамып, көркем өнер түріне айналған. Яғни, ақындар айтысының ата
дәстүрі қазақ пен түрік, әзербайжанда бүгінгі күнге ұласып отыр.
Айтыстың өзіне тән
ерекшеліктері
◼ Ақындар ай тысында "жаттама (трафарет) өлеңдер аз болады" (С.Мұқанов).
Олар өлеңді табан астында шығарады, тосыннан ай тысады. Ай тыс үстінде
талай күтпеген жай лар кездеседі. Ай тысар тақырыбы белгісіз, тосын
сұрауларға тап болады. Екі ақын да бірін-бірі тығырыққа қамау үшін, бірін-бірі
сүріндіру үшін, өмір құбылыстарын жұмбақ етіп те тартады. Соның бәріне
ақындар жөпелдемеде жауап беруге, дәлел ай туға әзір болуы керек. Мұның
бәрі ақындардан сөзге жүй ріктікті, білгірлікті, тапқырлықты, ұсталықты
қажетсінумен қатар, ел-елдің шежіресін, тарихын, жер жай ын, этнографиялық
ерекшеліктерін білуді керек етеді
Айтыстың өзіне тән
ерекшеліктері
Ай тыс – синкреті өнер. Оның көпқырлылығын профессор Ә.Қоңыратбаев
былай ша жүй елей ді: “...ескі ай тыс ақындарында импровизацияның төрт түрлі
өнері бірлесіп, ол синкретизм аңғарында көрінген:
1) Олар асқан импровизатор болған, мұны сөз өнері дей міз;
2) Теңдесі жоқ күй ші (домбыра, қобыз) болған, мұны музыкалық импровизация
дей міз;
3) Олар ғажап орындаушы (солист, артист) болды;
4) Заман, ел жай ын терең толғай тын үлкен ой шыл, ұстаз болды.
Бүгінгі ақындарда алдыңғы үш белгі өзінің өрнегін жоя бастаған. Ғалымның
тұжырымында бұл қасиеттер әр ай тыскердің бой ында өзара үндесіп, жымдасып
жатуға тиісті.
«Ойында өрелік жоқ»
Айтысқа үлкен де, кіші де, еркек те, әйел де қатынаса береді. тек талант-дарыны болса,
бәйгеге түсер шамасы болса болғаны. Майталаман ақынның жарыста таныла бастаған балаң
ақынмен, ұлғайған ақынның жас қыз-келіншекпен айтысуы, сөзбен сілкілесуі шам емес.

«Халық театрының анық, дәл ұрығы бар» (М.Әуезов)


Айтыс әсерлі болуы үшін ақындар домбыраның не сырнайдың , қобыздың сүйемелдеуімен,
әнмен айтады. Театр актерлеріндей сан түрлі құбылыс жасайды.

«Сиыршылау»
Сонымен қатар ай тысып отырғанда, ақын өзінің жеңілгенін білу де ай тыстың негізгі шартының бірі
болып саналады. Сөзге сөз табу, орынды жерінде ұтымды сөз ай ту сияқты өзінің, жеңілгендігін білу де
жоғары бағаланады. Жеңілгеніне қарамай , құр босқа төпей беруді көпшілік дарындылық, ақындық деп
танымай ды. Мұндай қылықты қазақ ай тысқыштық, ұтымшылық деп санамай ды. Оны қазақ
"сиыршылау" деп атай ды.
Зерттелуі
◼ «Қазақ халқымен ғасырлар бойы бірге жасасып, оның рухани өмірінен
елеулі орын алып келген осы айтыс жанрының Қазан төңкерісіне дейін дәл
қазіргідей мол жиналып, зерттелмегені жоғарыда ескертілді. Алайда, сол
тұстың өзінде-ақ халық бойындағы сарқылмас суырыпсалмалық дәстүр мен
айтыс өнерінің қоғамдық-әлеуметтік маңызын дұрыс бағалап, ол жөнінде
алғаш ғылыми ұстамды пікір айтқан қазақтың тұңғыш ғалымы, ағартушы-
демократы ­– Шоқан Уәлиханов еді».

Өткен заманда зерттеген ғалымдар: Қазіргі заманның зерттеушілері:

В.Радлов, М.Әуезов, С.Мұқанов, Т.Тебегенов, Р.Бердібай, С.Дунаева,


М.Жармұхамедұлы, С.Сейфуллин, М.Жолдасбеков, И.Нұрахметұлы,
Қ.Жұмалиев, Ә.Тәжібаев, Ы.Ысмайлов С.Дүйсенғазин т.б.
т.б.
М.Әуезовтың зерттеу еңбегі
◼ М.Әуезовтің 1948 жылы жазған «Айтыс өлеңдері» атты еңбегінде ол «Совет
ақындарының айтысы» деген атпен берілген. Еңбекте автор қазақ халқының
ежелден келе жатқан төл өнері - айтыстың жаңа заман, жаңа кезеңдегі өзіндік
ерекшеліктерін айқындайды. Егер өткен дәуірлердегі айтыстарда ақынның
негізгі арқа сүйері ру, ата-баба сияқты ескі әдет-салттар болса, кейінгі ақындар
өздерінің елі, ұжымшар, аудан, қала, облыс жайын тілге тиек етеді. Сол арқылы
сын мен өзара сынды өткірлеп, өрістете түседі. 1922 жылы Семейдің екі ақыны
(Иса мен Нүрлыбек) бірі қала, екіншісі ауыл атынан
айтысқанын, «Шашубайдың қасқырмен айтысын» (1932) мысалға келтіріп,
айтыс өнерінің жаңаша мазмұн, түр сипатқа ие бола бастағанын сөз етеді.Осы
сияқты «Қасқыр мен қойдың айтысы», «Қарагер ат пен директордың
айтысы», «Бай мен кедей айтысы» туралы, 1939 жылы Алматыда өткен
Нартай мен Нүрлыбектің айтысына және 1943 жылы республикалық көлемде
өткен үлкен айтыстың кейбіріне қысқаша тоқталады. Жазушы кеңес
кезеңіндегі айтыстарда қоғамдық-әлеуметтік, шаруашылық мәселелері
мейлінше кең, терең толғаныспен сөз болатынын атап көрсетеді.
Мұхамедрахым Жармұхамедұлы
(классификациясы)
Профессор М.Жармұхамедұлы айтыс туралы ұзақ жылдар іргелі
зерттеулер жүргізіп, монографиялық еңбектер жазды. Ол айтыстың
жанрлық сипатына байланысты бұрынғы-соңды зерттеулерді зерделей
келіп, оны мынандай ішкі түрлерге жүйелейді:
1) “Салт-әдет және мысал айтыстар”: 2) Ақындар айтысы:

а) “Бәдік айтысы”. а) Дін айтысы.

ә) “Жар-жар” үлгісіндегі айтыстар. б) Жұмбақ айтысы.

б) Қыз бен жігіт айтыстары. в) Жазба айтыс.

в) Қайымдасу және қағысулар.

г) Мысал айтыс.
Темірхан Тебегенов
(классификациясы)
Темірхан Тебегенов әдеби шығармашылық жөнінен зерттеуде ақындар
айтысын 3 түрге бөліп қарастырады:

Мұсылмандық Еларалық- Жазабаша


ағартушылық ұлтаралық айтыстар
айтыстар айтыстар
Рахманқұл Бердібаев
◼ Р.Бердібаев айтыс өнеріз зерттеуде маңызы зор. Оның
«Айтыс өнері» зерттеуінің салмағы айтарлықтай.
М.Әуезов, С.Мұқановтар жүргізгген зерттеу жұмыстары
жанр табиғатын ашып, айтыс үлгілеріне тарихи тұрғыда
зерттесе, Бердібай өзіне дейінгі ой-пікірлерді жинақтап,
айтыстың даму сипаты, дәстүрі, келешегі деген
мәселелерге арнайы тоқталып, бүгінгі айтыс
ақындарының шағырмашылығын талдаған.
◼ Р. Бердібай айтысқа «сегізінші ғажайып» деп баға береді.
Айтыс табиғаты
Айтыстағы сатира мен юмор объектісіне қарай сын-сықақ, әзіл-оспақ, қалжың-
қағытпа, ащы әжуа, уытты мысқыл, кекті кекесін түрінде келе береді. Бірақ
достық әзілден басқасы үлкен әлеуметтік мәнге ие екенін кереміз. Заман, дәуір
тынысы сезілетін айтыстардан бізге жеткені халықтық идеямен шыңдалған
шынайы да шебер күлкі ғана. Тек сондай күлкі ғана өміршең күлкі болатынын,
тек сондай күлкі ғана өлмейтінін В.Гюгоның «Әлсіздің езу тартқаны, әлдінің
қарқылдап күлгенінен әлдеқайда қатерлі» деген сөзі де дәлелдей түседі.
Айтыс табиғаты
Айтыс жанры табиғатында әзіл-қалжыңға, сатира мен юморға бейім.
Айтыс үстінде болсын, айтыс пішінінде келетін шығармаларда болсын
көркемдік тәсілдер әсірелеу (гипербола, гротеск), кішірейту (литота),
кекесін (ирония), әжуа (сарказм) секілді сатираға тән бейнелілік
құралдары молынан ұшырасады. Демек айтыс өнер бәсекесі ғана емес,
онда ең әуелі «драмалық қызу әсері бар» театрлық, ойын-сауықтық
белгілер басым. Әрине айтыстағы сатиралық сипаттың сырын түгел
ашып, әр түріне тән теориялық, практикалық мәселелерін шешіп бере қою
мүмкін емес. Келешекте айтыстағы сатира мәселесі жөніндегі пікірлер
дамытыла, толықтырыла түсері даусыз. Әрбір болмыс, құбылыс үнемі
даму, өзгеру, жаңғыруда болатынын ескерсек, айтыстағы сатира
көріністері де, оның белгі сипаттары да әрдайым қүбылып отырады. Бұл
үнемі жаңа зерттеулер жасап, тың пікірлер айтып отыруды қажет етеді.
Әр заманның айтыскер ақынға қоятын басты талабы — бұрынғы өрнектерді
қайталай беру, өмірдегіні қабылдап, көшіріп беру емес, жаңа дүние, тың
кестелер тудыру. Сонымен қатар, айтыскердің жасаған көркемдік әлемі
көрерменін иландырып қана қоймай, қарсылас әріптесін де ырқына баурап
әкетуі қажет. Айтыскер ақынның ойынан көрермен немесе қарсылас ақын
озып кетіп, айтысқа арқау болатын жағдайларды алдын-ала болжап, өзінше
өрбітуге дайын болып отырса, онда ол ақынның шынайы өнердің ақтабаны
дәрежесіне жетпегені. Бұл тұста айтыстың тағы бір қыры, яғни, айтыскерді
тәрбиелеп, қалыптастыратын жағдайлардың бірі — көрермен, екіншісі —
қарсылас ақын екені айқын.
Айтыскер ақындар

Шөже Қаржаубайұлы
Шөже – өрен жүйрік айтыс ақындарының бірі. Айтыстарға
катысқанда қалыптасқан әлеуметтік — философиялық
көзқарастары болды.
Адамгершілікке жат кесілді кемшіліктерді әшкерелейді.

Кемпірбай Бөгенбайұлы.
Оның әйгілі ақындар Шөже, Тезекбай Әсет, Жәмшібаймен
айтыстары халық арасына кең тараған. Кемпірбайдың
Шөжемен айтысының аяғы жұмбақ айтысқа айналды.
Кемпірбайдың Жәмшібаймен сөз қағысы ру айтысының
дәстүрінде өтеді.
Айтыскер ақындар
Нұрым Шыршығұлұлы
Шамырқанса, көңіл көгі найзағайдай шатырлап, тебіренсе,
телегей теңіздей бұрқап, ақ жаңбырдай ақтарылған, "Атыраудың
ақиығы" атанған ақын, жыраулардың бірі – Нұрым. Ол –
Махамбет пен Абыл, Қалнияз бен Шернияз сияқты халық
мұратын жырлап өткен көрнекті сөз зергері.

Байқошқарұлы Түбек
15 жасынан өлеңді серік еткен ақын алқалы жиындарда
көптеген ақындармен сөз сайысына түскен. Түбектің Тезек төре,
Сабырбай, Құлмамбет, Қарқабат, Қосан, Бақтыбай, Орынбай
сияқты танымал жыр жүйріктерімен айтысына М.О. Әуезов өз
еңбектерінде ерекше тоқталып, Түбектің айтыс өнеріне жоғары
баға берген.
Біржан мен Сара айтысы
Сүйінбай мен Қатағанның
айтысы
Айтыстың жандану дәуірі
Қазіргі заманғы шоқтығы биік айтыстар.
Аспанбек Шұғатаев пен Әлібек Серғалиев
Еркебұлан Қайназаров пен Ринат
Зайытов
Аспанбек Шұғатаев пен Болатбек
Оразбаев
Болатбек Оразбаев пен Айбек
Қалиев
Еркебұлан Қайназаров пен
Аспанбек Шұғатаев
Аспанбек Шұғатаев пен Мейірбек
Сұлтанхан
1-тапсырма.

1. Айтыстың тақырыбы

2. Айтыс түрі

3. Дәуірі

4. Айтыста қозғалған проблема

5. Айтыстың фабуласы

6. Айтыста кездескен көркемдегіш құралдар


2-тапсырма.
Ұқсастықтары

Бұрынғы айтыс Қазіргі айтыс

Айырмашылықтары
ПІКІРТАЛАС

ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ
АЙТЫС ӨНЕРІ

You might also like