You are on page 1of 23

САЯСАТТАНУ ПӘНІ

№10 лекция. САЯСИ ПАРТИЯЛАР ЖӘНЕ


ПАРТИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР МЕН ҚОҒАМДЫҚ-
САЯСИ ҚОЗҒАЛЫСТАР МЕН ҰЙЫМДАР

Лектор: с.ғ.к., доцент


Тажитаева Райя Сеиловна
Лекция жоспары:
1. Саяси партиялардың ұғымы, мәні, белгілері және
қызметтері.
2. Партиялық жүйелер, олардың жіктелуі.
3. Қазақстандық партиялық жүйелердің даму үрдістері
және ерекшеліктері.
4. Қоғамдык-саяси қозғалыстар мен бірлестіктердің пайда
болуы мен эволюциясы.
5. Лоббизм.
«Партология» саясаттану ғылымының саяси партияларды
зерттеуге арналған саласы.
Партия ұғымы латынның partis деген сөзiнен шыққан, ол
бөлу, бөлемiн деген мағынаны бiлдiредi.

Алғашқы партиялар ежелгі Грецияда пайда болған.


Қазіргідей партиялар ХІХ ғасырдың ІІ-ші жартысында пайда
болды. Тұңғыш көпшілік партия Ұлыбританияның либералдық
партиясы (1861ж.) болды. Кейінен Германияда көпшілік партия
«Жалпы Германияның жұмысшы Одағы» (1863ж.) партиясы
құрылды

Неміс ғалымы М.Вебер саяси партиялардың дамуының


мынадай кезеңдерін атап өткен:
1. аристократиялық үйірмелер
2. саяси клубтар
3. көпшілік партиялар
Бұл кезеңдерді тек Ұлыбританияың либералдық (виги) және
консервативтік (тори) партиялары ғана басынан өткізген. Басқа
партиялар әртүрлі даму жолдарынан өткен. Біразы бірден көпшілік
партияға айналды.
М.Вебердің анықтамасы:
Саяси партия дегенiмiз мүшелерiн өз ерiктерi бойынша
қабылдайтын, өз басшыларына билiктi жеңiп алуы мен
белсендi мүшелерiнiң материалдық және жеке
артықшылықтарды алуына қажеттi жағдайларды
қамтамасыз ету мақсатын қоятын қоғамдық ұйым.

Саяси партия деп саяси билiктi иеленуге немесе


мемлекетте билiктi жүзеге асыруға қатысуға талпынушы
идеология тұтастығымен байланысты ерiктi одақ.
Саяси партияның белгiлері
 белгiлi бiр идеологияны алып жүрушi;
 адамдардың ұйымдасқан бiрлестiгi (ұзақ
мерзiмдiк, ерiктi, саясаттың әртүрлi деңгейi
бойынша құрастырылған, жергiлiктiден
халықаралыққа дейiн);
 билiктi жеңiп алу және жүзеге асыру мақсатын
ұстануы;
 саясатта белгiлi бiр әлеуметтiк топтың мүддесiн
бiлдiруi немесе қорғауы;
 сайлауда бүкіл халықтық қолдау табуға
ұмтылуы.
Саяси партияның құрылымы:

 партиялық аппарат;

 қатардағы мүшелерi;

 партия жақтаушылары.
Саяси партиялардың қызметтері:
билiк үшiн күрес, оны пайдалану және бақылау;
үлкен әлеуметтiк топтардың мүдделерiн негiздеу,
анықтау, жинақтау;
үлкен әлеуметтiк топтың белсендiлiгiн арттыру және
топтастыру;
партиялық идеологияны, қоғамдық пiкiрдi
қалыптастыру, үгiт-насихат жұмыстарын жүргiзу;
қоғамда саяси тәрбие жүргiзу;
партия, мемлекеттiк құрылымдар мен әртүрлi
қоғамдық ұйымдарға кадрлар даярлау және ұсыну.
Қазіргі демократиялық қоғамдағы партияның маңызды
міндеті – азаматтық қоғам мен мемлекеттің арасындағы
байланысты орнату. Партиялар арқылы әртүрлі әлеуметтік
топтар өздерінің саяси талаптарын мәлімдейді.
Саяси партияларды идеологиялық бағытына
қарай жіктеу
Социал-демократиялық партиялар, қазіргі капиталистік
қоғамды еңбекші халықтың мүддесіне сай ұдайы реформалап
отыруды қалайды. Олардың басты құндылықтары:
бостандық, әділеттілік, ынтымақтастық, теңдік. Олар Австрия,
Германия, Швецияның социал-демократиялық партиялар
Коммунистiк партиялар, жеке меншіксіз, тапсыз қоғам
құруға тырысады. Бұл партиялар Қытай, Солтүстік Корея, Куба,
бұрынғы КСРО-дағы коммунистік партиялар.
Буржуазиялық-демократиялық партиялар, қоғамда билік
үшін әрқашанда ашық күрес жүруін, сайлауды, оппозиция
болуын қолдайды. Германияның еркін демократиялық
партиясы, Ұлыбританияның социал- либералдық партиясы
т.б.
Консервативтік партиялар, ірі буржуазя мүддесін
қорғайды, әлеуметтік теңсіздікті сақтағысы келеді, адамдық,
азаматтық, ар намыс, плюрализм, ынтымақтастықты
жақтайды. АҚШ-тың республикалық партиясы, Германияның
хрестиандық-демократиялық одағының блогы,
Ұлыбританияның консервативті партиясы.

Фашистік партиялар, жеке мүддеден мемлекеттік


мүдденің басым болғанын, басқаруды қатал орталық-
тандыруды, адам құқықтары мен бостандықтарын шектейді.
Күштеу қолданады.

Оппозициялық партиялар. олар басқарушы партияның


саясатын сын көзбен бағалайды, қарсыластық қасиет тән.
М.Дюверже саяси партияны екіге бөледі:
Кадрлық партия демократия дамуымен, сайлау құқығы
мен принциптерi енгiзiлуiмен бiрге келдi. Бұл партияның
негiзгi қызметтi сайлау компаниясын өткiзу. Бұл
партияның негiзгi мақсаты көп сайлаушыларға ие болу.
Кадрлық партиялардың ұйымдары әлсiз, құрылымы нақты
емес, тұрақты мүшелері жоқ. Кадрлық партияға АҚШ-
тағы Республикалық және Демократиялық партиялар
жатады.
Бұқаралық /массовые/ партияға европалық барлық
социалистiк, христиандық-демократиялық, коммунистiк,
ұлттық-социалистiк партиялар жатады. Бұқаралық
партиялар қатал тәртiпке ие. Демократиялық
орталықтандыру принципiне тәуелдiлiк бұл партияларды
бiр тұтас еттi. Бұқаралық партиялар саяси жүйеге ең
ықпалды партия. Парламенттiк сайлау барысында тығыз
ұйымдық құрылымға ие бола отырып жеңiске оңай
жетедi.
Саяси партияларды жіктеу:
Ұлы француз революциясынан кейін (1789ж.) саяси
партиялар солшыл, оңшыл деп бөліне бастады.
Солшыл партияларды – республиканы, сословиелік
теңсіздікті жоюды, шіркеуді мемлекеттен бөлу мен
революциялық қозғалыстарды қолдады.
Оңшыл партияларды – ескі тәртіпті (монархияны,
аристократияны және мемлекеттік дінді), яғни монархиялық
шіркеулік режимді қолдады.
М.Дюверже ұсынған партиялық жүйелердің
түрлері
Көппартиялық жүйе /мультипартизм/. Батыс
Европаның көптеген елдерiнде көппартиялық жүйе өмiр
сүредi. Көппартиялық жүйе елде қалыптасқан әлеуметтiк-
саяси жағдайға және идеологиялық бағыттылыққа тәуелдi.
Екiпартиялық жүйе /бипартизм/. Көптеген
саясаттанушылар саяси жүйе бiрқалыпты жұмыс iстеуi
үшiн екi партиялық жүйе тиiмдi деп есептейдi. Мұның
тиiмдiлiгi билiк басындағы партияны екiншi оппозициялық
партия толық бақылауға алуы. Сондай-ақ жеңiске жеткен
партия тұрақты үкiметтi құруға қол жеткiзедi. Парламентке
сайлауда екi партиялық жүйе қызметшiл. Екi партиялық
жүйенiң классикалық көрсеткiшi АҚШ-тың партиялық
жүйесi.
Бiрпартиялық жүйе /монопартизм/. Бiрпартиялық
жүйе белгiлi бiр саяси жүйеге ғана тән, олар тоталитарлы,
социалистiк, фашистiк және дамушы елдерге.
Саяси партия

Саяси партия - саяси билiктi иеленетін


билiк үшін күресетін, билікті бақылайтын саяси институт

Билiк үшiн күрес, оны пайдалану


және бақылау ҚР
«Саяси партиялар туралы»
Әлеуметтiк топтардың Әлеуметтiк топтың Заңы
мүдделерiн негiздеу, белсендiлiгiн І-ші 1996 ж. 2-шілдеде,
анықтау, жинақтау арттыру, топтастыру ІІ-ші 2002 ж. 15-шілдеде
қабылданған
Партиялық идеологияны, Қоғамда саяси тәрбие
қоғамдық пiкiрдi қалыптастыру, жүргiзу және кадрлар
үгiт-насихат жұмыстарын даярлау мен ұсыну
жүргiзу
«Нұр Отан» ХДП- 76 депутат
«Ақ жол» ҚДП- 12 депутат
Сіздердің шаруаларыңыз – елді басқару емес, ҚХП- 10 депутат
елді басқаратындардың есеп беруін талап ету. ҚХА- 9 депутат
Уильям Гладстон
8
Қазақстан Республикасында ресми түрде
тіркелген саяси партиялар :
1. «Amanat» партиясы.
2. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы.
3. Қазақстан Халық партиясы.
4. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық
партиясы.
5. Адал саяси партиясы.
​6. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия.
7. Қазақстандық «Байтақ» Жасылдар партиясы.
8. Respublica» партиясы
Парламент Мәжілісіне партиялық тізім бойынша:
1. «AMANAT» партиясынан - 40 депутат,
2. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан
- 8 депутат
3. «Respublica» партиясынан - 6 депутат
4. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясынан - 6 депутат
5. Қазақстан халық партиясынан – 5 депутат
6. Жалпыұлттық социал-демократиялық партиядан 4 депутат
сайланды.
Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша
Парламент Мәжілісінде 29 депутат бар, «AMANAT» партиясы
ұсынған 22 депутат жұмыс істейді, 7 депутат өзін-өзі ұсынғандар
болып табылады.
ҚР «САЯСИ ПАРТИЯЛАР ТУРАЛЫ» ЗАҢЫ
2002 жыл 15 шілде
1. Саяси партиялардың қызметi ерiктiлiк, тең құқықтылық, өзiн-
өзi басқару, заңдылық және жариялылық принциптерiне
негiзделедi.
2. Азаматтардың кәсiби, нәсiлдiк, ұлттық, этникалық және дiни
белгiлерi бойынша саяси партиялар құруға, сондай-ақ мемлекеттiк
органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында саяси
партиялардың бастауыш партия ұйымдарын құруға жол
берiлмейдi.
3. Әскерилендiрiлген саяси партиялар, сондай-ақ саяси партиялар
жанынан әскерилендiрiлген құралымдар құруға тыйым салынады.
4. Бiлiм беру ұйымдарының оқу процесiнде саяси партиялардың
бағдарламалық, жарғылық талаптарын насихаттауға жол
берiлмейдi.
Саяси партияға мүше болу
1. ҚР он сегiзге толған азаматы саяси партияның мүшесi бола
алады.
2. Саяси партияға шетелдiктердiң, азаматтығы жоқ адамдардың
мүше болуына, сондай-ақ ұжымдық мүшелiкке жол берiлмейдi.
3. ҚР Конституциялық Сотының Төрағасы, ҚР Жоғарғы
Сотының және өзге де соттардың Төрағасы мен судьялары, ҚР
Орталық сайлау қызметкерлері саяси партияларда болмауға,
қандай да бір саяси партияға қолдау көрсетпеуге тиіс.
4. Қазақстан Республикасының Президенті өз өкілеттігін жүзеге
асыру кезеңінде саяси партияда болмауға тиіс.
5. Саяси партияға мүшелiк ерiктi болады.
Қоғамдық қозғалыс белгілі бір мақсатты көздейтін,
бірақ айқын ұйымдық құрылымы мен белгіленген мүшелері
жоқ, азаматтардың бірлескен қызметі.
Қоғамдық қозғалыстардың пайда болу себептері:
 Жеке адамның өз ойын, көзқарасын өкімет орындарына тікелей
жеткізе алмауы, сондықтан топтасуға мәжбүр болады.
 Экономикалық және әлеуметтік қайшылықтар, наразылықтар
себеп болады.
 Ұлттық мәселелердің шешілмеуі.
ҚҚ типологиясы: соғысқа қарсы, экологиялық, жастар,
әйелдер қозғалыстары, нәсілдік және ұлттық құқықты қорғау
қозғалыстар, тұтынушыларды қорғау, діни қозғалыстар және
кәсіби қозғалыстар.
Олар революциялық, реформистік, консервативті, реакцияшыл
болуы мүмкін
ҚР «Қоғамдық бірлестіктер туралы» заң 1996ж. қабылданды.
Қоғамдық ұйым дегеніміз біршама тұрақты және
төменнен жоғарыға қарай ұйымдасқан ішкі
құрылымы бар, билікке ықпал етуші жеке дара және
ұжымдық мүшелігі қалыптасқан, мүдделерінің
ортақтығы негізінде құрылған азаматтардың ерікті,
мемлекеттік емес, партия емес бірлестігі,
ҚҰ жарғысы, басқару аппараты, тұрақты мүшесі
(жарна төлеу) болады.
Қазақстандағы қоғамдық ұйымдар мен
қозғалыстар
1. Экологиялық бағыттағы ұйымдар: «Невада-Семей» қозғалысы,
«Арал-Азия-Қазақстан» халықаралық қоғамдық комитеті, «Табиғат»
комитеті.
2. Ұлт мәселесін шешуге қатысты ұйымдар: Қазақстанның
«Азат»азаматтық қозғалысы, славяндардың республикалық қоғамдық
«Лад» қозғалысы, «Русская община», «Единство» қоғамдық бірлестігі,
республикадағы казактар қозғалысы, неміс, ұйғыр, грек, кәріс және т.б.
мәдениет орталықтары.
3. Тарихи-ағартушылық қоғамдар: «Мемориал» , «Әділет , «Ақиқат»
және т.б.
4. Әлеуметтік талаптар қойған ұйымдар: «Атамекен» , «Алтын бесік» ,
«Жерұйық» , «Шаңырақ» және т.с.с.
Невада-Семей ХАҚ-ы 1989 жылы 26 ақпанда құрылып,
қазан айында ресми тіркелді. оның жетекшісі О. Сүлейменов.
Невада-Семей ХАҚ-ы Қазақстан аумағындағы ядролық
сынақтарды тоқтату мен Семей ядролық полигонын жабуда
шешуші рөл атқарған.
Невада-Семей ХАҚ-ы негізгі мақсаты - яролық
жарылыстарға қарсылық білдіріп, әлемдегі ядролық қауіпті
жоюды мақсат етті.
«Арал-Азия-Қазақстан» қоғамдық комитеті - ақын
М.Шаханов бастамасымен Арал, Балхаш, Қазақстанның
экологиялық проблемаларын шешуге атсалысатын қоғамдық
комитет ретінде 1987 жылы құрылған.
«Арал-Азия-Қазақстан» қоғамдық комитетінің негізгі
мақсаты - Арал аймағындағы экологиялық және әлеуметтік
ахуалды жақсартуға көмектесу.
Қазақстан Республикасында ресми түрде
тіркелген саяси партиялар :
1. «Amanat» партиясы.
2. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы.
3. Қазақстан Халық партиясы.
4. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық
партиясы.
5. Адал саяси партиясы.
​6. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия.
7. Қазақстандық «Байтақ» Жасылдар партиясы.
8. Respublica» партиясы
Лоббизм дегеніміз билік ұйымына қысым жасау
формасы. Бұл – билік институттарының жұмыс
істеуінің ресми процедураларынан тыс іске
асырылатын қызмет.

You might also like