You are on page 1of 20

САЯСАТТАНУ ПӘНІ

САЙЛАУ ЖӘНЕ САЙЛАУ ЖҮЙЕЛЕРІ

Лектор: с.ғ.к., доцент


Тажитаева Райя Сеиловна
Лекция жоспары:
1. Сайлау саяси институт ретінде. Сайлаудың
кызметтері және жіктелуі.
2.Сайлау кұкығы және кағидалары.
3. Қазіргі сайлау жүйелері: мажоритарлы,
пропорциялы және аралас.
4. Қазақстан Республикасындағы сайлау және
сайлау жүйелері.
Сайлау тақырыбы қазiргi кезеңде бүкiл адамзат үшiн ең
өзектi тақырып болып отыр, өйткенi:
сайлау – қоғамның алдыңғы қатарлы өкiлдерiн билiк
құрылымдарына әкелу мүмкiндiгi;
сайлау – демократия дамуының көрсеткiшi;
сайлау – қоғам мен билiк байланысының тиiмдi механизмi;
сайлау – азаматтар мүддесi мен талап-тiлектерiн билiк
құрылдарына ұсыну.
Дегенмен, орыс философы А. Ильин айтуы бойынша
«барлық халық барлық уақытта жалпы халықтық сайлауда
билiк басына лайықты адамдарды таңдауға қабiлеттi емес».
Сайлау нәтижесіне ықпал ететін факторлар:

1 экономикалық факторларға жеке меншiктiк, нарықтық


қатынастардың, ерiктi кәсiпкерлiктiң дамуы, жеке меншiкке ие
экономикалық тәуелсiз адамдардың көбеюi жатады.

2 әлеуметтiк факторлар – қоғамдық тұрақтылықты қолдаушы,


экономикалық ауқатты, күштi «орта таптың» өмiр сүруi болып
табылады. Сонымен бiрге, отырықшылық, отбасылық қатынас
тұрақтылығы сияқты жағдайлар да ықпал етедi.

3 сайлауды нәтижелi пайдаланудың рухани негiзiне – халықтың


патриотизмдi сезiнуi, заңға деген құрмет, мемлекеттiк жауапкершiлiк
сезiмi жатады. Мұнда әсiресе маңызды нәрселер халықтың жоғарғы
саяси мәдениетi мен бiлiмдiлiгi, оның демократиялық дәстүрi болып
табылады.
САЙЛАУ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ
1 Территориялық өкiлдiлiк бойынша жоғарғы мемлекеттiк
ұйымды (парламент, президент) және жергiлiктi ұйымды (әкiм,
маслихат) сайлау болып бөлiнедi.
2 Дауыс беру түріне қарай сайлау: балама, коммулятивтi,
лимиттiк деп бөлінеді.
Балама дауыс беруде белсендi сайлаушыда бiр дауыс болады, оны
белгiлi бiр кандидат (жеке адам, партия, қозғалыс) үшiн бере алады.
Коммулятивтi дауыс беруде сайлаушыдағы дауыс саны,
тiркелген кандидаттар санынан көп. Сайлаушы барлық дауысты бiр
кандидатқа беруге немесе өз еркiмен барлық кандидатқа әртүрлi
көрсеткiшпен бөлiп беруге құқылы.
Лимиттiк дауыс беруде сайлаушыдағы дауыс саны тiркелген
кандидаттар санынан кем болады. Сайлаушы дауыстың барлығын
бiр кандидатқа немесе барлығына өзi қалаған тепе-теңдiкте бөлiп
бере алады.
3 Билiк органдарын сайлау жаппай және оқшау болады.
Жаппай сайлау бүкiл мемлекеттiк немесе өлке көлемiнде
өткiзiледi.
Оқшау сайлау белгiлi бiр себептерге байланысты
(қызметке қабiлетсiздiк немесе қайтыс болуы, сайлау заңы
бұзылған жағдайда) белгiлi бiр учаскіде сайлау өткiзiлуi
мүмкiн.
4 Сайлау сонымен бiрге кезектi немесе кезектен тыс
болуы мүмкiн.
Сайлаудың негізгі қызметтері:
1. Әлеуметтiк топтардың мүдделерiн
артикуляциялау қызметi;
2. Әртүрлi әлеуметтiк топтар мүдделерiнiң бейбiт
бәсекесi қызметi;
3. Сайлаудың өкiлдiлiк қатынастың қалыптасуы
мен институттануы қызметi;
4. Сайлаушылардың саяси белсендiлiгiн арттыру
қызметi.
Сайлаудың демократиялығын анықтайтын
қағидалар:

1. Жалпыға бiрдей сайлау құқығы қағидасы;


2. Сайлау құқығындағы тепе-теңдiк қағидасы;
3. Төте сайлау құқығы қағидасы;
4. Жабық сайлау қағидасы немесе жасырын сайлау
қағидасы;
5. Бәсекелестiк қағидасы.
САЙЛАУ ЖҮЙЕСІ
Сайлау жүйесі - бұл саяси билікті заңды түрде
қалыптастыруды қамтамасыз ететін ережелері, әдістер
мен процестер жиынтығы.
Кең мағынада сайлау жүйесі - қоғамдық
қатынастар жиынтығы.
Ал, тар мағынада сайлау жүйесі - депутаттық
мандаттарды кандидаттар арасында сайлаушылардың
дауыс беру нәтижелеріне қарай бөлу әдісі.
САЙЛАУ ЖҮЙЕЛЕРІ
1 Мажоритарлық сайлау жүйесi, оның мәнi көпшiлiк дауыс
алу принципіне негізделген. Бұл жағдайда сайлаулар әдетте бір
мандатты округ бойынша өткізіледі және көпшілік дауыс алған
кандидат жеңген болып саналады.

2 Тепе-тең /пропорциялы/ сайлау жүйесi, оның мәнi


мандаттар партиялар арасында жинаған дауыстарына сай
бөлiнедi.
МАЖОРИТАРЛЫҚ САЙЛАУ ЖҮЙЕСI
Мажоритарлық сайлау жүйесінің екі түрі бар: абсолютті
дауыстың көпшілігі және салыстырмалы дауыс көпшілігі.
1. Абсолютті дауыстың көпшілігі, дауыс беруге қатысқан
50%+1 дауысты жинаған кандидат абсолютті көпшілік
дауыспен сайланады. Егер кандидаттардың бірде-бірі дауыстың
талап етілген санын жинай алмаған жаңдайда сайлаудың екінші
туры өтіледі. Оған 1-ші турда көпщілік дауыс жинаған 2
кандидат өтеді. 2-ші турда көпшілік дауыс жинаған кандидат
жеңеді. Австрия, Ирландия, Франция да қолданылады.
2. Салыстырмалы көпшілік дауысқа негізделінген
мажоритарлық жүйеде көпшілік дауыс алған кандидат жеңеді.
Бұл жүйе Ұлыбритания, Үндістан, Канада, АҚШ-та
қолданылады.
Мажоритарлық сайлау жүйесiнiң артықшылықтары:

1 Партия емес жеке кандидатқа дауыс беруге негізделген


мажоритарлық сайлау жүйесі тәуелсіз кандидаттарды ұсынуға мүмкіндік
береді. Әрине бұл жүйеде де партиялық қолдау болады, әсіресе сайлау
науқаны кезінде. Партия басшылығы тарапынан қолдау таптаған
кандидаттардың жеңуіне жол ашады.
2 Депутаттар мен сайлаушылар арасында тығыз, тiкелей байланыс
қалыптасады, көбiнесе жекелiк сипатқа ие болады. Депутат өзiнiң сайлау
округын, оның проблемалары мен мүдделерiн жақсы бiледi. Депутаттың өз
сайлаушыларымен тiкелей тығыз байланысы, оның парламенттегi ықпалын
күшейтедi, оған сыртқы ықпалдардың әсерiн әлсiретедi, саяси қысымға
ұшырамайды.
3 Мажориталық сайлау жүйесі әмбебап, оны парламенттік сайлау
кезінде де президенттік сайлауға да қолдануға болады. Қазір ең көп
қолданылатын сайлау жүйесі.
Мажоритарлық сайлау жүйесiнiң кемшiлiктерi
1 Депутаттардың жалпыхалықтық, жалпымемлекеттiк
мүдделерден топтық және өлкелiк мүдделердi жоғары қоюға
итермелейдi. Бұл парламенттiң жалпыхалықтық,
жалпымемлекеттiк ұйым ретiндегi рөлiн әлсiретедi;

2 Сайлаушылардың саяси еркiн манипуляциялауға жол


бередi, көбiнесе сайлаудың нәтижесi сайлау округтарын
дұрыстап бөлуге байланысты.
ПРОПОРЦИЯЛЫ САЙЛАУ ЖҮЙЕСІ
1 Бұл сайлау жүйесінде партия шешуші рөл атқарады,
партия басшылары кандидаттар тізімін жасайды.
2 Бұл жүйемен сайланған депутат одан әрі сайлаушыларға
емес партияға тәуелді болады.
3 Сайлау квотасы – бір депутатты сайлау үшін қажет ең аз
дауыс саны. Сол округ бойынша жинаған дауыс санын
бөлінетін мандаттар санына бөлу. Сонымен бірге, мандатты
бөлуге шек те белгіленеді.
4 Бұл сайлау жүйесі Австрия, Бельгия, Греция, Италия,
Норвегия, Финляндия, Швейцария, Швеция елдерінде
қолданылады.
ТЕПЕ-ТЕҢ САЙЛАУ ЖҮЙЕСIНIҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

1. Парламент деңгейiнде саяси күштердiң ақиқат өкiлдерi


болуына мүмкiндiк бередi.
2. Парламенттiк саяси шешiм қабылдау нәтижесiнде
жекелеген әлеуметтiк және саяси топтар мүдделерi есепке
алынады.
3. Тепе-тең сайлау жүйесi азаматтық қоғам мен саяси
жүйе, мемлекет арасындағы байланысты нығайтады,
плюрализм дамуына мүмкiндiк бередi.
ТЕПЕ-ТЕҢ САЙЛАУ ЖҮЙЕСIНIҢ КЕМШIЛIКТЕРI
1 Дауыс беру жеке адамға емес, партияға негiзделген соң
сайлаушылар мен парламент депутаттары арасындағы
байланыс әлсiрейдi. Кандидаттар тiзiмi әкiмшiлiк-
канцеляриялық жолмен әзiрленедi, бұл кандидаттың
партиялық-аппараттық құрылымға тәуелдiлiгiн күшейтедi.
Бұл бюрократиялық шешiм мүмкiндiктерiн күшейтедi,
тұрғындардың өкiлдiлiк ұйымдарға сенiмiн әлсiретедi.
2 Тепе-тең сайлау жүйесiнiң бүкiл ел көлемiнде
қолдаушылары жоқ саяси күштердiң парламентке келуi
Үкiметтi құруда қиындықтар тудырады. Үкiмет қызметiне де
әсер етiп, қайшылықтар тудырады.
АРАЛАС САЙЛАУ ЖҮЙЕСІ
Аралас сайлау жүйесі пропорциялық және мажоритарлық сайлау
жүйелерін біріктіреді. Ондағы мақсат - екі сайлау жүйесінің
кемшіліктерін мейлінше азайту.
Ресей Федерациясының Мемлекеттік Думасын сайлау, мысалы 450
депутаттың жартысы пропорциялық, екінші жартысы мажоритарлық
сайлау жүйесімен сайланады.
ҚР Парламентінің Мәжілісі аралас сайлау жүйесі енгізілген, 69
депутат партиялық тізім бойынша, 29 депутат бірмандаттық
аумақтық сайлау округтері бойынша сайланды. Барлығы- 98
депутат.
Референдум- маңызды заң шығарушы немесе
ішкі және сыртқы мәселені түпкілікті шешу
мақсатында сайлаушылардың көңілін білдіруі.
Плебицит – ерекше маңызды мәселе туралы
барлық халықтың пікірін сұрау, анықтау /басқа
елдің жерін қосап алғанда халық пікірін білу/.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЙЛАУ
ЖҮЙЕЛЕРІ.
1. Президентті, Парламент Сенаты депутаттарын
сайлауда абсолюттік көпшілік 2 турлы мажоритарлық
сайлау жүйесі енгізілген;
2. Парламент Мәжілісі депутаттарын аралас сайлау
жүйесімен: жалпыұлттық аумақ пропорционалды сайлау
жүйесі және бірмандаттық аумақтық сайлау округтері
бойынша сайланады. Бірмандаттық аумақтық сайлауда
көпшілік дауыс алған кандидат сайланады.
3. Республикалық маңызы бар қалалар және астана
мәслихаттарының депутаттары аралас сайлау жүйесімен
сайланады: пропорционалды сайлау жүйесі бойынша –
депутаттардың жартысы, сондай-ақ бірмандаттық аумақтық
сайлау округтері бойынша екінші жартысы сайланады.
4. Аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар
мәслихаттарының депутаттары бірмандаттық аумақтық
сайлау округтері бойынша сайланады. Бұл сайлауда
көпшілік дауыс алған кандидат сайланады.
5. Әкімді сайлау кезінде басқа кандидаттармен
салыстырғанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылар
даусының көпшілігін жинаған кандидат сайланды деп
есептеледі.

You might also like