You are on page 1of 29

«Астана медицина университеті» КеАҚ

А.Б.Аубакиров атындағы «Адам анатомиясы» кафедрасы


Стоматология студенттеріне
№ 2 Практикалық сабақ тақырыбы:
Артқы ми: көпір, мишық. Сопақша ми: сыртқы жəне ішкі
құрылысы. Төртінші қарынша. Ромб тəрізді шұңқыр, ми нервтері
ядроларының ромб тəрізді шұңқырға проекциясы.

ОБӨЖ тақырыбы:
Ромб тәрізді мидың қылтасы. Мишық құрылысы, қызметтері.
Мидың қабықтары, қабықаралық қуыстар. Қатты және торлы
қабық туындылары. Ликвордың өндірілуі, айналымы және
әкетілуі.
Практикалық сабақ сұрақтары:

1. Артқы ми бөлімдері, құрылысы (Варолий көпірі). Мишық құрылысы, ядролары, аяқтары,


қызметі.

2. Сопақша ми: сыртқы құрылысы, ішкі құрылысы, ядроларының қызметі.


3.IV қарынша, оның қабырғалары, байланыстары.
4. Ромбтəрізді мидың қылтасы, оның құрамы.
5. Ромбтəрізді шұңқыр, ми нервтері ядроларның ромбтəрізді шұңқырға
проекциясы.
6. Мидың қабықтары мен қабықаралық кеңістіктері.
7. Цистерналар туралы түсінік. Субархноидалды кеңістіктің цистерналары.
8. Мидың қатты қабығының туындылары, қатты қабықтың қойнаулары.

9. Ми-жұлын сұйықтықтығының түзілуі жəне айналымы, оның функционалдық


маңызы.
Практикалық сабақ сұрақтары:

10. Проекциялық талшықтар туралы түсінік, оның классификациясы.

11. Экстероцептивтік жолдарының түрлері.

12. Сипап сезу жəне қысым сезу жолы

13.Ауырсыну жəне температуралық сезімталдық жолы. Ми қыртысы


бағытындағы проприоцептивтік жолдар (Голль жəне Бурдах).

14. Мишық бағытындағы проприоцептивтік жолдар.

15. Негізгі пирамидалық жол.

16. Экстрапирамидалық жолдар. Рубоспиналды жəне тектоспиналды жол.


Артқы ми бөлімдері,құрылысы Варолий көпірі. Мишық құрылысы, ядролары,
аяқтары, қызметі.

Артқы ми metencephalon

*Варолий көпірі(pons warolii)


*Мишықтан (cerebellum) тұрады.
Артқы ми бөлімдері,құрылысы Варолий көпірі. Мишық құрылысы, ядролары,
аяқтары, қызметі.
Көпір сопақша мидан жоғары, пішіні көлденең
білік түрінде орналасқан.
Оның вентралді жəне дорсалді беттері болады.

1. Вентральді бетінің құрылымдары

*Негізгі жүлге

*Горизантальді жүлге

*Мишықтың ортаңғы аяқшалары

2. Дорсальді бетінің түзілістері

*Көпірдің дорсальді жағы ромб тəрізді


шұңқырдың жоғарғы үшбұрышын, IV
қарыншаның түбін құрайды.
Артқы ми бөлімдері, құрылысы Варолий көпірі. Мишық құрылысы, ядролары,
аяқтары, қызметі.
Артқы ми бөлімдері, құрылысы Варолий көпірі. Мишық құрылысы, ядролары,
аяқтары, қызметі.

Мишық меншікті артқы ми


құрамына кіреді, тепе-теңдік жəне
статокинетикалық функцияның
итеграциялық орталығы. Мишық
көпір мен сопақша мидан
дорсальді, ми сыңарларының
шүйде бөліктерінің астында,
бассүйектің артқы шұңқырында
орналасады.
Артқы ми бөлімдері, құрылысы Варолий көпірі. Мишық құрылысы, ядролары,
аяқтары, қызметі.
Сопақша ми сыртқы құрылысы, ішкі құрылысы, ядролаының қызметі.

Сопақшы ми жұлынның жалғасы болып


табылады,жоғарыда көпірге жалғасады жəне
мишықтың төменгі аяқшасы арқылы мишықпен
байланысқан.
Сопақша мидың сұр заттегі төрт топ ядродан
тұрады
*Жіңішке жəне сына тəрізді ядролар сопақша
мидың дорсалді бетіндегі өздеріне аттас
төмпешіктердің ішінде орналасады
*Олива ядросы-ливада орналасқан,пішіні тіс
тəрізді,оның аксондары оливо-мишық жəне оливо-
жұлын жолдарын түзеді
*Ретикулярлық формация ядролары-олива
ядроларынан дорсалді жатады
*9-12 жұп нервілерінің ядролары.
Сопақша ми сыртқы құрылысы, ішкі құрылысы, ядроларының қызметі.

Сопақша мидың сұр заттегі төрт топ


ядродан тұрады
*Жіңішке жəне сына тəрізді ядролар
сопақша мидың дорсалді бетіндегі
өздеріне аттас төмпешіктердің
ішінде орналасады
*Олива ядросы-оливада
орналасқан, пішіні тіс тəрізді,
оның аксондары оливо-мишық
жəне оливо-жұлын жолдарын
түзеді
*Ретикулярлық формация
ядролары-олива ядроларынан
дорсалді жатады
*9-12 жұп нервілерінің
ядролары.
IV қарынша, оның қабырғалары, байланыстары.

IV қарынша, ventriculis quartus, артқы ми


көпіршігі қуысының қалдығы
болғандықтан, ромбтәрізді миды,
(сопақша ми, мишық, көпір және қылта)
құрайтын артқы мидың барлық
бөлімдері үшін ортақ қуыс болып
табылады. IV қарынша шатырға
ұқсайды, оның түбі мен төбесін
ажыратады. Алдыңғы жоғарғы
бұрышында ортаңғы мидың су
құбырына ашылады жəне артқы төменгі
бұрышында жұлынның орталық
каналының жалғасы болып табылады.
Ромбтəрізді шұңқыр, ми нервтері ядроларның ромбтəрізді шұңқырға проекциясы.
IV қарынша, оның қабырғалары, байланыстары.

*Жұлынның орталық
каналымен

*Ортаңғы мидың су
құбырымен

*Люшко жəне Можанди


тесіктері арқылы мидың
торлы қабық асты
субарахноидтық
кеңістігімен байланысады.
Ромб тəрізді мидың қылтасы, оның құрамы.

Ромб тəрізді мидың қылтасы

1. Мишықтың жоғарғы
аяқшалары

2. Мидың жоғарғы
желкені

3. Ілмек үшбұрышы

*Ми аяқшаларының латералді


жүлгесімен

*Төменгі тұтқасымен
Мидың қабықтары мен қабықаралық кеңістіктері.

Ми қабықтары-жұлын
қабықтарының тікелей жалғасы.

1. Мидың қатты қабығы (Dura


mater encephali)

2. Мидың торлы қабығы


(Arachnoidea encephali)

3. Мидың жұмсақ қабығы (Pia


mater encephali)
Мидың қатты қабығының туындылары,қатты қабықтың қойнаулары.
Қатты ми қабығының қойнаулары.
Қатты қабықтың екі жапырақшаға бөлінуінің нəтижесінде қойнаулар пайда болады,
қойнаулардағы веналық қан ішкі мойындырық венасына құйылады.
Қойнау түрлері:
1.Жоғарғы сагитальды қойнау- тор сүйегінің əтеш айдарынан шүйде сүйегінің ішкі
дөңесіне дейін созылып жатады. Алдыңғы бөлігі мұрын қуысының венасымен аностомоз
жасайды, артқы бөлігі көлденең қойнауға қосылады.

2.Төменгі сагитальды қойнау- жоғарғы қойнау жоғарғы қойнаудан кіші, орақтан төмен
жатады. Артқы бөлігі тік қойнауға қосылады.

3.Тік қойнау- осы қайнауға үлкен ми венасы қосылады, артқы бөлігі көлденең қойнауға
қосылады.
4.Көлденең қойнау- жоғарғы сагитальды, шүйде жəне тік қойнаулардың қосылатын
орны қойнаулар қосылысы деп аталады. Көлденең қойнау сигма тəрізді қойнауға
қосылады.
5. Шүйде қойнауы - мишық орағының астында орналасады. Үлкен шүйде тесігінің
тұсында екіге бөлініп сигма тəрізді қойнауға қосылады.

6. Сигма тəрізді қойнау- жұп S тəрізді пішінді. Мойындырық тесігінің тұсында ішкі
мойындырық венасына қосылады.
7. Үңгірлі қойнау- ми сауытының негізінде түрік ершігінің бүйірінде орналасады. 8.
Сына-төбе қойнауы - жұп, сына сүйегінің кіші қанаты тұсында орналасады.
8. Жоғарғы жəне төменгі тас қойнауы - жұп самай сүйегі пирамидасының жоғарғы
жəне төменгі жиегінде орналасады. Шүйде сүйегінің негізінің тұсында майда
веналармен байланысады баззилярлы өрім түзіледі. Қатты қабық қойнаулары
бастың сыртқы веналарымен эмиссар веналары арқылы байланысады,
диплоэлалық веналар арқылы бас сүйегінің беткей веналарымен байланысады
Торлы қабақ (ARACHNOIDEA ENCEPHALI)
•Жұқа, мөлдір қабық. Жұмсақ қабық торлы қабық асты кеңістік арқылы бөлініп
тұрады,бұл кеңістікте жұлын ми сұйықтығы бар.Торлы қабық асты кеңістік жəне кең ми
сайларының тұсында əртүрлі көлемді торлы қабық асты цистерна пайла болады.
• Ірі цистерналар:
• 1. Мишық- ми цистернасы- сопақша ми мен мишық арасында орналасқан.
•2. Үлкен мидың латеральды ойысының цистернасы үлкен ми сыңарларының бүйір
ойыстарында орналасқан.
•3.Қиылысу цистернасы- көру қиылысының алдында орналасуы.
• 4. Аяқшалар арасындағы цистерна артқы тесікті зат астында орналасады. Торлы қабық
асты кеңістігімен жалғасады. Жұлын ми сұйықтығы ми қарыншаларының тамырлы
өрімінде пайда болады. бүйір қарыншалардың оң жəне сол қарынша аралық тесік
арқылы жұлын ми сұйықтығы III қарыншаға,суағар арқылы ІҮ қарыншаға өтеді.Қатты
қабық қойнаулары тұсында торлы қабықтан өсіділер-торлы қабық грануляциялары пайда
болады.Бұд өсінділер веналық қойнауларға ашылады.Грануляциялар жұлын ми
сұйықтығын веналық жүйемен байланыстырады.
ЖҰМСАҚ МИ ҚАБЫҚТАРЫ(PIA
MATER ENCEPHALI)
•Ең ішкі ми қабығы. Мидың
сыртқы бетіне тығыз жанасып
орналасады. Болбыр дəнекер
тінінен түзілген, қан тамырларына
өте бай. Жұқа ми қабығы кейбір
жерлерде ми қарыншаларына өтіп,
тамырлы өрім құрайды,өрімде
жұлын ми сұйықтығы пайда болады.
Ми-жұлын сұйықтықтығының түзілуі жəне айналымы,оның функционалдық маңызы.

Жұлын ми сұйықтығының 70-90 3ші 4ші жəне бүйір қарыншалардың тамырлы


өрімдерінің эпителилік қабатымен түзіледі.Ал қалған 10-30 орталық нер жүйесінің
тіндерімен түзіледі жəне тамырлы өрімнен сыртқары орналасатын эпендимамен бөлінеді.
-Эпендима-эмбриогенезде эктодермадан дамиды жəне бір қабатты,цилиндр пішінді
эпендималық клеткалардан немесе эпендимоциттерден тұрады.
-Эпендимоциттер-барлық қарнышаларды жəне жұлын каналын қаптап жауып жатқын
нейроглияның эпителийі тəрізді клеткаларынегізгі қызметі тірек,шектеп бқлу жəне
секреторлық функция.
Liquor cerebrospinalis құрамы бойынша ішкі құлақтың эндо- жəне перилимфасы мен көз
алмасының сулы ылғалдығына ұқсас,яғни мөлдір келеді,құрамында клеткалар жоқтың
қасы 1мм2 0-5 эритроциттер жəне 0-3 лейкоциттер мен лимфоциттер болуы мүмкін
Ми-жұлын сұйықтығының мөлшері жаңа туылған балады 15-20 мл,бір жастағы балада іғ
мл,ал үлкендерде 140мл шамасын құрайды,оның 40мл жұлынның түзілу жылдамдылығы
болады,ересек адамдарда сүйықтықтың жылдамдығы 0,35мл/мин немесе 20мл/сағ,яғни
тəулігіне 500-700мл сұйықтық түзіледі
Проекциялық талшықтар туралы түсінік,оның классификациясы.

Проекциялық талшықтар
үлкен ми жартышарлары
қыртысының проекциялық
орталықтарын негіздік
ядролармен, ми бағандарының
ядроларымен немесе жұлының
ядроларымен
байланыстыратын афференттік
жəне эффернттік
талшықтардың будаларынан
түзіледі.
Негізгі пирамидалық жол.
Пирамидалық жол-ерікті қимылдарды іске асыру үшін ми қыртысының
нейрондарында пайда болған импульстар жұлынның алдыңғы мүйзіне, одан бұлшық
еттерге жетуі қажет. Бұл жол қыртыс- жұлындық немесе пирамидті жол деп аталады.
Экстрапирамидалық жолдар. Рубоспиналды жəне тектоспиналды жол.

Экстрапирамидалық жүйе-бас мидың


негіздік жəне қыртысасты ядролары жəне
эфференттік экстрапирамидалық жолдар
жүйесі,жоғары шартсыз рефлекстерді іске
асырып, бұлшықет тонусын қамтамасыз
етеді, əрі бұлшықеттердің жұмысын
автономды түрде реттеп отырады,яғни
біздің санамызға байланыссыз күрделі
қозғалыстарды атқарады,сонымен
қатар,адамның кеңістіктегі қалпын
ұстауын жəне эмоция кезіндегі болатын
қозғалыстарды қамтамасыз етеді.

You might also like