You are on page 1of 6

«Зерделі» ақыл ой дамыту орталығы

№8 Тақырып:
«бір-біріне» және «бір-бірінен» қарама-
қарсы қозғалыстар

1. Сапаржайжан екі автобус бір мезгілде бір-бірінен қарама – қарсы


бағытта екі жаққа жолға шықты. Егер біреуінің жылдамдығы 43
км/сағ, ал екіншісінің жылдамдығы 56 км/сағ болса, онда 5
сағаттан кейін олардың арақашықтығы қанша болады?

2. Екі қаладан бір мезгілде екі атты адам бір-біріне қарама – қарсы
бағытта жолға шықты. Біріншісі 13 км/сағ, ал екіншісі 11 км/сағ
жылдамдықпен жүрді. Егер екі қаланың арақашықтығы 96 км
болса, онда олар неше сағаттан кейін кездеседі?

3. Арақашықтығы 66 км болатын екі орыннан бір уақытта бір-біріне


қарама-қарсы екі шаңғышы жолға шықты. Біріншісінің
жылдамдығы 12 км/сағ, екіншісінің жылдамдығы 10 км/сағ. Қанша
уақыттан кейін екеуі кездеседі?

4. Арақышықтығы 288 км болатын екі қаладан қарама-қарсы бағытта


велосипедші және мотоциклші жолға шықты. Велосипедші 15
км/сағ жылдамдықпен, ал мотоциклші 57 км/сағ жылдамдықпен
қозғалады. Қанша уақыттан кейін олар кездеседі?

5. Екі адам екі қаладан мотоциклмен бір мезгілде бір-біріне қарама-


қарсы бағытта жолға шықты, бастапқыда олардың арқашықтығы
220 км болды. Егер біріншісінің жылдамдығы 60 км/сағ, бұл
екіншісінің жылдамдығынан 2 есе артық болса, қанша уақыттан
кейін олардың арақашықтығы 40 км болады?

6. Арақашықтығы 474 км екі айлақтан бір уақытта бір-біріне қарама-


қарсы бағытта екі теплоход жолға шығып, 6 сағаттан кейін кездесті.
Бірінші теплоходтың жылдамдығы 42 ксм/сағ. Әр теплоход қанша
жол жүрген?
7. Екі қыз үйлерінен бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы бағытта
жолға шықты. Бірінші қыз 60 м/мин жылдамдықпен жүре отырып,
екінші қызбен кездескенге дейін 420 м жүрді. Екінші қыз 70 м/мин
жылдамдықпен жүрді. Бірінші қызбен кездескенге дейін екінші қыз
қанша жол жүрді?

8. Арақашықтығы 90 км болатын екі айлақтан бір мезгілде бір-біріне


қарама-қарсы бағытта екі теплоход жолға шықты. Бірінші
теплоход 20 км/сағ жылдамдықпен, ал екінші теплоход 25 км/сағ
жылдамдықпен қозғалады. Екі теплоход қанша сағаттан кейін
кездеседі?

9. Арақашықтығы 920 м болатын екі орыннан бір уақытта екі


қарылғаш 23 м/с жылдамдықпен ұшып келеді. Қанша уақыттан
кейін олар кездеседі?

10. Ұзындығы 200 м болатын жолмен бір мезгілде бір-біріне


қарама-қарсы бағытта жүгірген екі бала 20 секундтан кейін
кездесті. Бірінші бала жылдамдығы 5 м/с болса, екінші баланың
жылдамдығы қанша?

11. Екі қаланың арақашықтығы 81 км. Осы қалалардан бір


уақытта қарама-қарсы бағытта екі велосипедші жолға шықты. Бір
велосипедші екіншісіне қарағанда сағатына 3 км артық жол жүреді.
Егер кездесу уақыты 3 сағат болса, әр қаладан қандай қашықтықта
екі пойыз кездесті?

12. Екі бекеттен бір уақытта бір-біріне қарама-қарсы бағытта


катер және қайық жолға шықты және біраз уақыттан кейін кездесті.
Кездескенге дейін катер 48 км, ал қайық 24 км жүзіп өтті. Қайықтың
жылдамдығы 8 км/сағ болса, катердің жылдамдығы қанша?
13. Екі бекеттен бір уақытта бір-біріне қарама-қарсы бағытта
катер және қайық жолға шықты және олар 3 сағаттан кейін
кездесті. Қайықтың жылдамдығы 15 км/сағ, ал катер жылдамдығы
қайық жылдамдығынан 4 есе артық. Екі бекеттің арақашықтығы
қанша?

14. А және В екі автомобил арақашықтығы 180 км болатын екі


қаладан бір-біріне қарай жолға шықты. А автомобилдің
жылдамдығы 50 км/сағ, В автомобилдің жылдамдығы 40 км/сағ.
Екеуі қанша сағаттан кейін кездеседі?

15. А және В екі көлік екі қаладан бір уақытта бір-біріне қарама-
қарсы жолға шықты, А көліктің жылдамдығы 50 км/сағ, В көліктің
жылдамдығы 40 км/сағ. 5 сағат жол жүргеннен кейін, екеуінің
кездесуіне тағы 60 км жол қалған болса, онда екі қаланың
арақашықтығы қанша екенін табыңыз.

16. Асан мен Үсен бір уақытта екі қаладан бір-біріне қарама-
қарсы бағытта велосипедпен жолға шықты. Асанның жылдамдығы
15 км/сағ, Үсеннің жылдамдығы 13 км/сағ. Екеуі барлық
арақашықтың жартысынан 4 км өткеннен кейін кездескен болса,
екі қаланың арақашықтығы қанша болады?

17. Екі үйдің арақашықтығы 1360 м, А және В екі адам бір


уақытта қарама-қарсы жолға шықты, А адамның жанында бір иті
бар. А адамның жылдамдығы 90 м/мин, В адамның жылдамдығы 80
м/мин, иттің жүгіру жылдамдығы 200 м/мин. Ит В адамға
кездескеннен кейін, дереу артына бұрылып А адамға кездесті, ол
қайтадан дереу бұрылып В адамға қарай жүгірді, осылай ит А адам
мен В адам кездескенше тоқтамай жүгірді. Ит жалпы қанша жерді
жүгірген?
Үй жұмысы

18. Станциядан екі поезд бір мезгілде бір-бірінен қарама –


қарсы бағытта екі жаққа жолға шықты. Егер біреуінің
жылдамдығы 45 км/сағ, ал екіншісінің жылдамдығы 55 км/сағ
болса, онда қанша сағаттан кейін олардың арақашықтығы 300 км
болады?

19. Екі айлақтан бір мезгілде екі теплоход бір-біріне қарама –


қарсы бағытта жолға шығып 2 сағаттан кейін кездесті. Егер
бірішісінің жылдамдығы 50 км/сағ, ал екіншісінің жылдамдығы 5
км/сағ көп болса, онда екі айлақтың арасы қанша километр
болады?

20. Арақашықтығы 650 болатын екі қаладан бір уақытта бір-


біріне қарама –қарсы бағытта шыққан екі пойыз 5 сағаттан кейін
кездесті. Біріншісінің жылдамдығы 62 км/сағ болса, екінші
пойыздың жылдамдығы қанша?

21. Арақашықтығы 520 км болатын екі қаладан бір-біріне қарама-


қарсы бағытта жүк пойызы және жолаушы пойызы жолға шықты.
Жүк пойызы 56 км/сағ жылдамдықпен қозғала отырып,
кездескенге дейін 224 км жол жүрді. Жолаушы пойызының
жылдамдығы қанша?

22. Екі қаладан бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы бағытта екі


ұшақ жолға шығып, 3 сағаттан кейін кездесті. Біріншісінің
жылдамдығы 320 км/сағ, екіншісінің жылдамдығы 450 км/сағ. Екі
қаланың арақашықтығы қанша?

23. Ұзындығы 100 м болатын хауыздың екі шетінен бір уақытта


бір-біріне қарама-қарсы бағытта екі бала жүзіп шықты. Бірінші бала
20 м/мин жылдамдықпен, екінші бала 30 м/мин жылдамдықпен
жүзді. Екеуі кездескенге дейін әр бала қанша метр жүзген?

24. Ауылдан және қаладан бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы


бағытта велосипедші және мотоциклші жолға шықты.
Велосипедшінің жылдамдығы 16 км/сағ, ал мотоциклші
жылдамдығы 54 км/сағ. Велосипедші мотоциклшімен кездескенге
дейін 48 км жол жүрді. Мотоциклші велосипедшімен кездескенге
дейін қанша жол жүрген?

25. Арақашықтығы 90 км болатын екі айлақтан бір уақытта бір-


біріне қарама-қарсы бағытта екі қайық жолға шықты. Бірінші
қайық 8 км/сағ жылдамдықпен, ал екінші қайық 10 км/сағ
жылдамдықпен жүзіп келеді. Екі қайық қанша уақыттан кейін
кездеседі?

26. . Екі бекеттен бір уақытта бір-біріне қарама-қарсы бағытта екі


жүк пойызы жолға шықты және олар 5 сағаттан кейін кездесті.
Бірінші пойыз сағатына 29 км, ал екіншісі сағатына 35 км жол
жүреді. Екі бекет арақашықтығы неге тең?

27. Арақашықтығы 10 км болатын жерден екі салт атты бір


мезгілде бір-біріне қарама-қарсы бағытта жолға шығып, 4 сағаттан
кейін кездесті. Екінші салт аттының жылдамдығы 13 км/сағ болса,
бірінші салт аттының жылдамдығын анықта.

28. Екі қаладан бір уақытта бір-біріне қарама-қарсы бағытта екі


мотоциклші жолға шықты. Біріншісінің жылдамдығы 80 км/сағ
және ол екіншісімен кездескенге дейін 320 км жүріп өтті.
Екіншісінің жылдамдығы 65 км/сағ. Бірінші мотоциклшімен
кездескенге дейін, екінші мотоциклші қанша қашықтықты жүріп
өткен?

29. Екі әуежайдан бір уақытта бір-біріне қарама-қарсы бағытта


екі ұшақ ұшып шығып, 3 сағаттан кейін кездесті. Бірінші ұшақтың
жылдамдығы 600 км/сағ, ал екінші ұшақ жылдамдығы 900 км/сағ-
қа тең. Екі әуежайдың арақашықтығы қанша?

30. Талапкер ауылы мен Қайнар ауылының арақашықтығы 450


км, А және В екі көлік бір уақытта бір-біріне қарама-қарсы жолға
шығып, 5 сағат өткеннен кейін кездесті. Егер А көліктің
жылдамдығы В көлік жылдамдығынан 10 км/сағ артық болса, онда
А және В екі көліктің әрқайсысының жылдамдығы қанша екенін
тап.
31. Жуалы ауылы мен Қайнар ауылынан бір уақытта А және В
көліктер бір-біріне қарама-қарсы жолға шықты. А көліктің
жылдамдығы 56 км/сағ, В көліктің жылдамдығы 48 км/сағ.
Кездескен кезде А көлік В көлікке қарағанда 64 км артық жол
жүрген болса, екі ауылдың арақашықтығы қанша?

32. Екі сауда үйінің арақашықтығы 1500 м, Асан мен Үсен бір
уақытта бір бағытпен бірінші сауда үйінен жолға шықты. Асанның
жылдамдығы 70 м/мин, Үсеннің жылдамдығы 80 м/мин, Үсен
екінші сауда үйіне жеткеннен кейін бөгелместен артына қайтып,
Асанмен кездесті. Кездескенге дейін Асан мен Үсеннің жүрген
уақыттарын анықтаыңз.

33. Екі демалыс орнының арасы 24 км. Саяхатшылар осы


аралыққа екі түрлі жолмен жете алады: Атпен барса 6 сағатта,
машинамен 2 есе аз уақытта барады. Екі демалыс орнынан бір
мезгілде бір-біріне қарама-қарсы бағытта екі жолаушылар тобы
жолға шықты. Егер бірі атпен, екіншісі машинамен жолға шыққан
болса, онда олар қанша уақыттан кейін кездеседі?

You might also like