You are on page 1of 1

Павлодар қаласы

“Ы.Алтинсарин атындағы
дарынды балаларға арналған
облыстық қазақ гимназия –
интернаты “ 6-«А» сынып
оқушысы Ботабай Мақсатқа

Мінездеме
6«A» сынып оқушысы Ботабай Мақсат Серікұлы осы мектепте 5 сыныптан бастап оқиды.
Сырт бейнесі өте тартымды, жарасымды. Мектеп талабына сай киінеді. Үнемі таза жүреді.
Дене дамуы өзінің жасына, ортасына сәйкес келеді. Денсаулық жағдайы жақсы. Еске
сақтау қабілеті, шығармашылық қиялы орташа деңгейде дамыған. Сөздік қоры жас
ерекшелігіне сай. Сауатты, таза жазады, жазу дағдысы жақсы қалыптасқан. Пәндер ішінде
математика, орыс тілі пәндеріне қызығушылығы мол. Мінезі тұйық, көңіл – күйі тұрақты.
Қойылған талаптарды қабылдайды, тәртібі мектеп ережесіне сай. Эмоциялары: мазасыз
емес, сабырлы, әр нәрсеге шыдамдылық таныта біледі. Үзілісте де жүгіру, шулау, қатты
сөйлеу деген сияқты жаман қылықтарды көрсетпейді. Қоршаған орта туралы түсінігі мол,
айналасындағы адамдармен тіл табыса алады, сыныптағы балалармен қарым - қатынасы
жақсы, кішіпейіл. Тәртібі жақсы. Ол болашақта үлкен белестерден көрінеді деп сенемін,
себебі ол өз алдына анық мақсат қоя біледі.

Практикант: Жавланова Севинч

Сынып жетекшісі: Смагулова Анар Тәуекеловна

Сынып жетекшісінің қолы:

You might also like