You are on page 1of 1

Павлодар қаласы

«Ы.Алтынсарин атындағы
дарынды балаларға арналған
облыстық қазақ гимназия-
интернаты» 6- «А» сынып
оқушыларына

Мінездеме
Сынып жетекшісі: Смагулова Анар Тәуекеловна

Сынып оқушыларының ұстанымы: «Біз талаптанып, үлгі аламыз жақсыдан»

Оқушы саны - 23 оқушы

Ұлдар саны -10

Қыздар саны -13

Сынып оқушыларының оқу әрекетіне, тәрбиелік шараларға қатысу белсенділіктері жас


ерекшеліктеріне сай жақсы деп айтуға болады. Оқушылардың мұғалімге қарым-қатынастары
жақсы, педагогикалық талаптарға бағынады. Сынып оқушыларының мектеп мотивациялары оң,
сабаққа қызығушылықпен келеді, көңіл-күйлері көтеріңкі. Шеттетілген бала жоқ. Сыныптағы
психологиялық ахуалды қолайлы деп айтуға болады. Сынып оқушылары ұйымшыл. Сонымен
қатар сыныпта шығармашылыққа бейім оқушылар бар. Жалпы сыныптан тыс шараларға,
сабақтарға қатысуға тырысады. Оқушылардың еңбек қатынасына деген ынта – жігері орташа.
Сыныптағы оқушылардың бір біріне деген қарым – қатынасы жақсы, бір – бірімен тату,
қиыншылық кезде бір-біріне қол ұшын беруге әзір тұрады. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете
біледі. Ұл бала мен қыз балдардың өзара қарым – қатынастары да айтарлықтай жақсы.

Практикант: Жавланова Севинч Уткиржанқызы

Сынып жетекшісі: Смагулова Анар Тәуекеловна

Сынып жетекшісінің қолы:

You might also like