You are on page 1of 7

Лекция.

Саяси элита және саяси жетекшілік


 
1. Саяси элита ұғымы мен классикалық теориялары. Саяси элитаның қызметтері мен жіктелуі.
2. Саяси жетекшiлiктiң теориялары мен концепциялары. Саяси жетекшiлiк сипаты мен белгілері,
түрлері, қызметтері.
3. Қазіргі Қазақстандағы саяси жетекшілер.
 
1. Саяси элита ұғымы мен классикалық теориялары. Саяси элитаның қызметтері мен
жіктелуі.Элитология дербес ғылыми пән ретінде ХХ ғасырдың өнімі болса, ал оның тамыры тереңге
кетеді. "Элита" термині француздың elite деген сөзінен шыққан, сұрыпталған, таңдалған, іріктелген
деген мағынаны білдіреді. Ежелгі қытайлық ойшылдар билеушінің қалыптық моделін жасауға
тырысты. Гуань Чжун (б.з.д. 645 жылы қайтыс болған) легизмнің негізін салушының бірі, ол заңды
билеушіден жоғары қойған. Гуань Чжунның жоғарылар мен төменгілер қатынасы туралы идеялары
саяси ілімдерді мыңдаған жылдар алға тартты. Олар өзінің тереңдігімен, сұңғылалығымен
ерекшеленді. "Билеуші және шенеунік, жоғарғы және төменгі, атақты және қарапайым- барлығы
заңды сақтауы тиіс. Бұл басқарудың ұлы өнері деп аталынады"- деп жазады Гуань Чжун.
Ежелгі қытайлық ойшылдар империяның тұтастығы, гүлденуі немесе, керісінше оның құлауы, тарауы
ең алдымен билеуші сапасына тәуелді деп санады. Олардың ішінде Лао Цзы (б.з.д. 604ж. дүниеге
келген) тұжырымдары ерекшелінеді. "Жақсы билеуші барлық нәрсені біледі және болды. Жақсы
көретін және санасатыны жаманырақ. Ең жаманы халық қорқатыны. Бәрінен жаманы барлығы
күлетіні".
Әрине ұлы қытайлық ойшыл Конфуцийдің (б.з.д. 557-479ж.) пікірлері кеңінен тараған. Оның пікірі
бойынша мемлекетті тақсыр (государь) басшылығымен (аспан баласы) асыл тектілер ізгілік
қағидасымен басқарады. Асыл текті тәрбие арқылы жоғары моралдық сапаларды иеленеді.
Қарапайым халыққа, Конфуций жүйесі бойынша әлеуметтік етенелесу мүмкіндігі ашылады, жоғары
шендік шенеунік болу мүмкіндігі ашылады, егер ол жоғары қабілетті, бар ынтасымен оқыса, ізгі
ниетті адам ретінде өзін көрсетсе. Демек Конфуций жүйесі прогрессивті, ол билік жүйісіне білімді
адамдарды тартуға ерекше көңіл бөлді, ол білім саласы арқылы тең мүмкіндіктер қағидасын ұсынды.
Қытай ойшылдарының идеялды билеуші моделдері қызықты. Гуань Чжун үшін идеялды билеуші
халықтың жақсы өмір сүруін қалыптастыру маңызды ісім деп санайды: "жоғарылар төмендегілер
жөнінде жауапкершілікпен қамқорлық жасайды, ал төмендегілер жоғарыларға адал қызмет етуі тиіс".
Мұнда тиімді қарым-қатынаста "билеуші беделін жоймайды, төмендегілер өздерінің еңбегіне
жауапсыз қарамайды". Конфуций бойынша идеялды билеуші ізгілікті болуы тиіс. Оның жоғары
моралдық сапасы оған халықты билеу құқығын береді. Конфуций пікірінше билеушіде 5 сапалық
қасиет болуы тиіс: мейірбан билеуші мейірімділігімен ысырапшыл емес; еңбекке мәжбүр ете отырып
ашу-ыза шақырмайды; сұранысымен дүниеқоңыз емес; құрметтеуді талап ете отырып, қатал емес.
Сонымен бірге 4 жағымсыз сапаларды ұсынады: егер халықты үйретпей өлтірсе, бұл жауыздық; егер
халықты ескертпей, оның еңбегінің нәтижесіне қанағаттанбаса, онда бұл дөрекілік; егер алдымен
асықпаңдар деп кейінен тез жұмысты бітіруді талап етсе, бұл қарақшылық; егер халыққа мадақтауға
уәде беріп оны орындамаса, бұл қызғаншақтық. Егер халық қыңырлықпен соңынан жүрмесе, онда
қатал болу керек, егер тіл алса, онда жұмсақ болу керек. Конфуций пікірі бойынша халықты жалғыз
билеушімен қалдыруға болмайды, өйткені ол бұзылып кетеді. Ежелгі Қытайда төменгі қабаттан
жоғары қабатқа өтуге мүмкіндігі берілсе, ежелгі Үнді мәдениеті ондай мүмкіндік бермеді. Ежелгі
үнді касталық құрылысы өзіндік элитарлы дүниетанымды қалыптастырды. Брахма философиясы
бойынша брахмандар- билеуші ретінде түсіндірілді.
Антикалық философияда элитарлы дүниетанымды қалыптастырған Платон болып табылады. Платон
демостардың саяси өмірге қатысуына қарсы болды, оларды тобыр, парасаттылық пен ақиқаттылық
қарсыласы ретінде түсіндіреді. Платон тұжырымы бойынша мемлекеттік басқару ісімен арнаулы
тәрбие алған аристократтар ғана айналысуы тиіс, ал қолөнершілер мен шаруалар қоғамды
басқарудан босатылуы тиіс, олар қара жұмыс істеулері қажет, ал құлдар тіпті қоғам мүшесі ретінде
саналмайды.
Платон өзінің бұл идеясын жан туралы ілімі арқылы дәлелдеуге тырысты, ол үш бөліктен: ақыл-ой,
ерік-күш, сезімнен тұрады. Алдыңғы екеуі сезімдік қызметтің жоғары формасы тек ғана азғана
таңдаулы- аристократтарға тән, бұл оларға мемлекетті басқаруға мүмкіндік береді. Осы ілімі арқылы
қоғамды жіктейді: ақыл-ой аристократтарда сондықтан ол мемлекетті басқарады; ерік-күш, ол
әскерде, олар қоғамда тәртіп, ретілікті қалыптастырады, қалғандары қалыптасқан тәртіпті сақтап
еңбек етулері тиіс, әрі билеуші мен сақшыларға толық бағынуы тиіс.
Қайта өрлеу идеологтары ішінде Н.Макиавеллидің еңбектері ерекше. Бірақ оның билеуші мен
биленуші туралы ілімі қарама-қайшылықты. Бір жағынан ол Италияның бірігуін тежеуші феодалдарға
қарсы болды, ал екінші жағынан бағынуды қойған бұқара көтерілісінен қорықты. Н.Макиавелли
билеуші мен халық арасындағы тиімді қатынасты іздейді, оны күшті билікте деп шешеді. Саяси
көсемге ерекше көңіл бөлген Н.Макиавелли саяси процесті тек солардың қызметімен
байланыстырады. Н.Макиавелли басқарудың қызықты типологиясын ұсынды: билік нәтижесін
қамтамасыз ететін: "арыстандар- тез шешімге келетін, күшке арқа сүйейтін билеушілер; түлкілер-
жұмсақ, қулық, арамдыққа бейім". Билеуші кімге арқа сүйеуі тиіс деген сұраққа жауап іздеді. Ол
біржақты халықты таңдады. Н.Макиавелли "ұзақ уақыт билік тираны мен шетел езгісіне көнген
халық- бұл бұзылған халық, өзіндегі құдай берген құнды дарындардан- бостандықсүйгіштік,
тәуелсіздік, адалдық, батылдықтан айырылған"- деп жазады.
Н.Макиавеллидің саяси элита ілімінде ерекше назар аударатын екі нәрсе бар, бірі күшті билік,
екіншісі саяси аморалдық. Бұл идеясының прогрессивті жағы қалайда Италияны біріктіруге
талпынуы.
Ағартушылық дәуірдің идеологтары элитизм теориясының дамуына үлес қосты. Ең алдымен,
қоғамдық келісім теориясының негізгі өкілдері Т.Гоббс, Дж.Локк, Ш.Монтескье,
Ж.Ж.Руссо болды. Жаңа пайда болған буржуазия идеологтері халықтың егемендік идеясын ұсынды.
Дж.Локк мемлекет көпшілік еркі бойынша әрекет етуі тиіс (көпшілік- буржуазиялық парламент) деп
санады. Ол биліктің тармақтарға бөлінуі идеясын дамытты, сол арқылы билеушінің билікті өз
пайдасына пайдалануын тиюға талпынды. Ш.Монтескье мемлекет пен оның азаматтарының мүддесі
билеуші мүддесінен жоғары деп санады. Ол басқару формасын билік жүргізуші адамдар санымен
емес, билеуші мен халық арасын-дағы қатынас арқылы жасады, әрі оның құқықтық жағына ерекше
мән берді.
Элитология негізін салушы классиктер.Элитология классиктері италяндық социологтер Г.Моска,
В.Парето, Р.Михельс болып табылады. Элитаның қазіргі заманғы теориясын жасаған Г.Моска мен
В.Парето. Бұл екі автор арасында басымдылықтар жөнінде пікір-таластар да болды. В.Парето
Европада Г.Москаға дейін танымал, атақты болған. Бірақ билеуші таптың тұтас концепциясын, оның
әлеуметтік-саяси процестегі рөлін бірінші рет Г.Моска ұсынды. (Г.Москаның алғашқы еңбектерінде
элита ұғымы қолданылмады). Кейін Г.Моска Т.Паретоны саяси элита теориясын қалыптастырудағы
еңбегін иеленгені үшін, оған сілтеме жасамағаны үшін кінәлайды. Дегенмен де Г.Моска мен В.Парето
теорияларында шын мәнінде ұқсас жақтары бар болатын
Саяси процесс субъектісі ретіндегі билеуші тап концепциясын Г.Моска«Саяси ғылымдар негіздері»
(1896ж.) атты кітабында жасады. Кейінен бұл кітап «Билеуші тап» деген атпен ағылшын тіліне
аударылды.
Г.Москаның концепциясындағы бастама бөлім- қоғамды билеуші азшылық пен саяси тәуелді
көпшілікке бөлуі. Г.Моска өзінің тұжырымын былай сараптады: «Тіпті сырттай қарағанның өзінде бір
нәрсе белгілі. Барлық қоғамда, енді өркениетке жеткенінен бастап, алдыңғы, күшті қоғамдарда
барлық уақытта адамдардың екі тобы пайда болады- билеуші тап және биленуші тап. Біріншісі
біршама азшылық, барлық саяси қызметтерді орындайды, бұл уақытта екіншісі, көпшілік тап
біріншілермен саяси организмнің әрекет етуіне мүмкіндік беретін тәсілмен басқарылады және
бақылайды. Ақиқат өмірде біз бәріміз бұл билеуші (саяси ) тап өмір сүруін мойындаймыз». Бұл үзінді
элитаризм зерттеушілеріне «классикалық» тұжырым, саяси элита теориясының негізі. Қоғамды
басқару әрқашанда «азғана ықпалды адамдар қолында болатындықтан» көпшілік олармен саналы
және санасыз келісетіндіктен Г.Моска «демократия»ұғымына сенімсіздік білдірді.Аристотельдің
демократия дегені тек қоғамның көпшілік мүшелерінен құралған аристократия билігі ғана деп
санады.
Азшылықтың көпшілікке билігі қандай да бір деңгейде легитимделінеді, яғни көпшілік мойындауымен
жүзеге асырылады. Бұл феноменді қалай түсіндіруге болады? Ең алдымен, бұл билеуші азшылық
әрқашанда ұйымдастырылмаған бұқараға қарағанда ұйымшыл. Бұл азшылық билігін
легитимдендіретін тағы бір жағдай: «Ол мынады, оны құрайтын индивидтер басқарылатын бұқараға
қарағанда сапа жағынан ерекшелінеді, олар материалдық, интелектуалдық және тіпті моралдық
артықшылықпен қамтамасыз етілген... Басқа сөзбен айтқанда басқарушы азшылық өздері тұратын
қоғамда өте құрметтелінетін қасиеттерге ие».
Г.Моска билікті иеленушілердің «моралдық артықшылығы» және «әскери табысы» сияқты
тезистерінен гөрі «байлығы» туралы тұжырым құндырақ деп санады. «Билеуші таптың басым қасиеті
әскери жетістігінен гөрі байлығында, билеуші батырдан гөрі бай». Содан соң «белгілі бір кемеңгерік
сатысына жеткен қоғамда, жеке билік қоғамдық билікке ауысқанда, мүліктілер билігі, байлар билігі
орнайды, бай болу- онда құдіретті болу деген сөз. Шын мәнінде темір жұдырықпен күреске тиым
салынғанда, фунт пен цент күрестеріне рұқсат беріледі, ең жақсы қызметтер кім ақшамен жақсы
қамтамасыз етілсе соған тиеді». Г.Моска пікірінше мұнда екі жақты бағыт пайда болады: байлық
саяси билікті қалыптастырады, сонымен бірге саяси билік ақшаны әкеледі.
Г.Моска пікірінше басқарушы азшылық әрқашанда белгілі бір деңгейде бірігеді, ол жабық тапқа
айналу үрдісіне ие. Барлық билеуші таптар мұрагерлік болуға тырысады, егер заң бойынша болмаса,
онда іс жүзінде». Мұнда шындық өлшемі көп, ол деспоттық шығыстан партноменклатуралық
социализм элитасына тән. Г.Москаның элитаны жабық тап деуі де орынды. Мұрагерлік элитада оның
құрамы отбасы мүшелерімен шектелген, бала туу ғана бұл тапқа өту өлшемі. Ал, ашық қоғамда білім
билеуші тапқа жол ашады. Дегенмен, билеуші тап мұнда білім беруді монополияландырады, белгілі
бір индивидтер ғана элитный білім алады.
Г.Моска үшін элитаға жаңа адамдардың келуі- қоғам денсаулығының кепілі. Бірақ Г.Моска пікірі
бойынша бұл консервативті үрдіс тұрақты қоғамда ғана мүмкін, яғни элитаны бұқарадан шыққан
таңдаулылармен толықтыру мен сабақтастықты сақтауы. Демек, Г.Моска элитаның ауысуы емес,
трансформация-лануы концепциясына жақын келді.
Г.Москаны тарихтағы бұқара рөлін жоққа шығарғаны үшін және демократияға негилистік қатынасы
үшін сынға алуға болады. Г.Моска билеуші таптағы екі үрдісті атап көрсетті- аристократиялық және
демократиялық. Біріншісі, элита мобилділігінің жоқтығымен, қоғам жаңармауымен ерекшелінеді, ал
екіншісі, әлеуметтік өзгерістер кезеңі, билеуші таптың әлеуметтік төмендегілердің біршама
динамикалық және қабілетті өкілдерімен толықтырылуына мүмкіндік жасалынады.
Сонымен қорыта айтқанда, Г.Москаның элита билігі идеясы- билеуші азшылық билігін ақтауға деген
талпыныс, көпшілікті оның легитимділігіне сендіру.
В.Парето- позитивті социологияның көрнекті өкілі, ол элитаға кім жататындығын анықтау үшін
статистикалық әдісті ұсынады: «... өз қызметінің саласында ең жоғары баға алған адамдардың
әрқайсысын элита деп атаймыз»- деп жазады.
Сонымен байлар әлеуметтік пирамиданың шыңын қалыптастырады, кедейлер негізін құрайды.
В.Парето пікірінше қоғамды басқа негізде, мәселен, кез келген қызмет облысындағы қабілет
негізінде жіктеуге болады. Оның тұжырымы бойынша өмір сүру үшін күресте кімдер ең жоғары
шыңға жетсе, олар элитаны құрайды. Индивидтер, күшті ықпал мен байлыққа ие, «қоғамның жоғары
қабаты элитаны» құрайды. Оларға В.Парето ең алдымен коммерциялық, саяси, әскери, діни
төбелтопты жатқызды. Бұл элитаны кең тұжырымдау. Дегенмен В.Парето элитаны тар мағынада да
тұжырымдайды. Бұл элитаның саясатта шешуші рөл атқаратын бөлігі, яғни билеуші элита. Демек,
элитаның барлық мүшелері оның тар мағынасына енбейді. Әлеуметтік құрылым В.Парето бойынша
былай бөлінеді: жоғары қабат- элита, билеуші және билемеуші; төменгі қабат- бұқара.
Қоғамдағы материалдық және рухани құндылықтарды бөлу, әсіресе, билік, байлық, беделді тең емес.
«Байлықты бөлудегі теңсіздік қоғамның экономикалық ұйымдастырылуынан гөрі, адамның
табиғатына көбірек тәуелді».
Әлеуметтік динамиканы түсіндіру үшін В.Парето «элитаның циркуляциялану» теориясын жасады:
әлеуметтік жүйе тепе-теңдікке ұмтылады және ол тепе-теңдіктен шыққанда белгілі бір мерзімде оған
қайтып келеді; жүйенің теңселу процесімен оның тепе-теңдіктің «бірқалыпты жағдайына» келуі
әлеуметтік циклді қалыптастырады; цикл ағымы элитаның циркуляциялану сипатына тәуелді.
В.Парето тарихи процесті элитаның негізгі түрінің мәңгілік цикуляциялануы ретінде көрсетуге
талпынды. Бұл циркуляциялану схемасының қоғамдық дамудың тарихи тұрғысымен байланысы
шамалы. Ол «элита қоғамның төменгі қабатынан пайда болады және күрес барысында жоғары
көтеріледі, гүлденеді және ақыр соңында жойылады және жаншылады. Бұл элита айналымы
тарихтың әмбебап заңы болып табылады»- деп жазады. В.Парето үшін тарих- артықшылыққа ие
азшылықтың сабақтастық тарихы, олардың қалыптасуы, күресі, билікке жетуі, биліктен құмарының
қануы, құлауы, басқа артықшылыққа ие таптың келуі.
Неге элитаның ауысуы болады, ал олардың үстемдігінің тұрақсыз және ұзақ болмау себебі неде? Бір
элитаның тұрақты түрде екіншісін ауыстырып отыруы қоғамды басқару сұранысына басқару әдісінің
сай келмеуінен. Демек, әлеуметтік жүйеде тепе-теңдікті сақтау үшін бір элитаны басқасымен
ауыстыру процесін талап етеді, элиталар алдында бұл талап қайта ауысып пайда болып отырады.
В.Парето элита күштілігін күштеумен шатастыруға болмайды, ол әлсіздік сыңары деп санады. Төменгі
қабатта барлық уақытта қоғамды басқаруға қабілетті адамдар бар. Элитада тұрақты түрде қоғамды
басқаруға қажетті сапасы болмайды. Күштеуге жүгінетін элементтер жинақталынып отырады.
«Аристократияда сандық ғана емес, сапалық та құлдырау болып тұрады». Яғни билеуші элита
уақыты келгенде өзінің сапалық қасиеттерінен айырылады, сол кезеде халық үшін қажетті сапалық
қасиеттерге ие жаңа, жас элита өмірге келеді.
Р.Михельс (1876-1936жж) элитологияның негізгі классиктерінің бірі, оның теориясының негізгі
бағыттары мынадай:
· Элитаның билігі оның ұйымшылдығына тәуелді, яғни тек ұйымшылдық қабілеті ғана билікке
кепілдік бермейді, сондай-ақ кез келген ұйымшыл қоғам элитаның әрекет етуіне жағдай жасайды;
· Кез келген қоғамдық ұйымның элитарлық құрылымының болуы сөзсіз;
· Партиялардағы билік іс жүзінде азғана адамдарға тән, олар партиялық иерархияның жоғары
сатысындағылар;
· Кез келген ұйымға элитаның билік үшін күресі тән. Ескі мен жаңа көсемдер арасындағы күрес
біріншілердің алшақтауымен аяқталады. Бұл процестің қорытынды актісі элитаны ауыстыруға ғана
емес, оны қайта ұйымдастыру. Олардың бірігуі жүзеге асады;
· Демократияның басқару аппаратынсыз мүмкін еместігі, соңында артықшылыққа ие адамдар тобын
қалыптастырады.
· Р.Михельстің негізгі қорытындысы, үлкен ұйымдарды олигархиясыз басқару техникалық мүмкін
емес.
Элита ұғымы, түрлері мен қалыптасуы.Саяси элита деп қазына-байлықты, қаржы-қаражатты
бөлуге байланысты және т.б. саяси маңызды шешімдер қабылдауға қатысты жоғары мәртебесі мен
ықпалы бар ұйымдасқан топты айтады.
Қоғамда саяси элитаны тудыратын факторлар мыналар:
§ Қоғамға арнайы білімі, тәжірибесі, қабілетті бар кәсіби басқарушылар керек;
§ Адамдардың психологиялық /туа біткен/ және әлеуметтік /оқу, тәрбие/ теңсіздігі;
§ Қоғамда басқарушы еңбек жоғары бағаланады және ынталандырады;
§ Бұқара халықтың саяси енжарлығы, селқостығы.
Саяси элита стратегиялық мақсатты айқындайды, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын белгілейді,
өз жоспарларын жүзеге асырудың тетіктерін табады, қоғам алдына қойылған мақсаттардың жүзеге
асырулын бақылайды.
Саяси элитаның түрлері:
§ Мұрагерлік, мысалы аристократтар;
§ Құндылықтық, жоғары және ықпалды қоғамдық және мемлекеттік позицияға ие адамдар;
§ Биліктік, тікелей билікті иеленушілер;
§ Қызметтік, кәсіби-басқарушылар, осындай біліктілікке ие адамдар;
§ Билеуші, мемлкеттік билікке иелер;
§ Оппозициялық, контрэлита;
§ Ашық, қоғамннан шыққан;
§ Жабық, өз ортасынан шыққан, мысалы дворяндық
Элита сонымен бірге, жоғары және орта болып бөлінеді. Жоғары элита бүкіл мемлекет үшін маңызды
шешім қабылдауға ықпал етеді. Орта элитаға тұрғындардың 5 пайызы жатады, мына үш белгісі
бойынша ерекшелінетін- табыс, кәсіби статус, білім. Осы белгілердің бір немес екеуіне
иесі маргинал элита деп аталынады.
Саяси элитаның қалыптасуының екі жүйесі бар:
1. гильдий жүйесі /социалистік елдерде кеңінен қолданылған/
2. антрепренерлік жүйе /демократиялық елдерде қолданылған/
Гильдий жүйесінің ерекшелігі:
§ Жабықтығы;
§ Таңдау процесінің институциализация деңгейінің жоғарылығы /партиялығы, жасы, стажы, білімі,
басшы мінездемесі т.б./;
§ Бәсекенің жоқтығы;
§ Элита құрамының өзгеруі баяу.
Антрепренерлік жүйе ерекшелігі:
§ Ашықтығы;
§ Талаптардың аздығы;
§ Жоғары бәсекелік;
§ Элита құрамының тез өзгеруі.
1. Саяси жетекшiлiктiң табиғаты. Саяси жетекшiлiк- өте күрделi, субъектiлi-объектiлi сипатты
және саясаттанудың қызықты мәселесiнiң бiрi. Саясаттың субъектiсi мен объектiсi ретiнде адамдар
өздерiнiң саяси мүдделерiмен, құндылығымен, мәдениетiмен әрекет етедi. Әр дәуiрде, таптар мен
әлеуметтiк топтар жетекшiнi қажет еттi, оған әр түрлi талаптар қойды, оның негiзгi өлшемi қызметiнiң
нәтижесiнде сол қауымдастықтың сұранысы мен мүддесiн қанағаттандыруы тиiс. Белгiлi француз
саясаттанушысы Жан Блондель «жетекшiлiк те адамзат сияқты ескi. Ол жан-жақты, қажеттi және
онсыз мүмкiн емес. Ол барлық жерде- үлкен және ұсақ ұйымдарда, көше бұзақыларында және
жаппай демонстрация-ларда бар. Жетекшiлiк өмiр сүруi үшiн топтар өмiр сүруi тиiс, қай жерде топтар
болса онда көсемдер де бар»- деп жазды.
Адам дамуының алғашқы кезеңдерiнiң өзiнде-ақ оның өмiр сүруi қандай да бiр топтық iс-әрекет пен
мiнез-құлық моделдерi қалыптасуынсыз мүмкiн емес болды. Ал, бұл тәжiрибелi, күштi, ақылды, өз
қауымдастары арасында сенiмге, беделге ие адамдар жетекшi рөл атқаратын қоғамдық өмiр тәртiбiн
таңдауға итермеледi. Жетекшiлiк қоғам бiрте-бiрте күрделi формаларына: жетекшiлiк институттарға,
топтық жетекшiлiкке өттi.
Жетекшi/лидер ағылшынша жетекшi/-жеке ықпалымен әлеуметтiк және саяси процестерде
шешушi рөлге ие ұйым немесе ұсақ топтың беделдi мүшесi. Жетекшiлiк- бұл топтық қызметтi
интеграциялау механизмi, сонымен бiрге ұйым мен индивид мақсаты үшiн жеке адамдар мен
топтарға тұлғалық ықпал етуге қабiлетi. Саяси жетекшiлiк- адамдардың саяси мiнез-құлқы мен саяси
қызметiне ықпал етудiң жеке тұлғалық қасиетi. Оның негiзгi ерекшелiгi- билiк феноменiмен тығыз
байланысты болуында.
Сонымен «саяси жетекшi» категориясы саяси қызмет субъектiсiнiң түрiн /субъект-лидер/, қызмет
субъектiсi мен объектiсi арасындағы қатынасты /жетекшiлiк/ және саяси институт- көсемдiктiң әрекет
етуi мен таратылуы механизмiн бiлдiредi.
Саяси жетекшiлiк категориясы екi аспектiнi қамтиды:
1) формальдi басқарушылық-қызметтiк статус, билiктi иеленумен байланысты.
2) субъективтi қызмет, әлеуметтiк рөл атқарумен байланысты.
2. Саяси жетекшiлiк сипаты.Саяси жетекшi бiруақытта саяси процесс субъектiсi де, объектiсi де
болып табылады. Субъект ретiнде өзiн қолдаған қауымдастықтың мүдделерiн iске асыру үшiн ол
әлеуметтiк-саяси қозғалыс басында тұрады. Бұл үшiн жетекшiге билiк өкiлеттiлiгi және адамдардың
еркiн, интелектiн бағыттау, материалдық, қаржы құндылықтарын пайдалану құқы берiледi. Саясат
объектiсi жетекшi әр түрлi бағыттар тарапынан ықпал мен қысымдарға ұшырайды, оны қабылдауға
және келiсiмге баруға ол дайын болуы керек. Әрбiр жетекшiлiк өзiн көрсетуге, көбiрек қолдаушылар
табуға, қалыптасуға, сол кездегi саяси жүйеге енуге талпынады. Саяси жетекшiлiк эволюциясы- бұл
қарапайымнан күрделiге қарай қозғалыс. Практикадағы оның кезеңдерi: бiрнеше қоғамдық
қозғалыстардың пайда болуы және жетекшiнiң ерекшеленуi, ары қарай, партия құрылуы,
бағдарламалық бағдар мен ұйымдық қағидалардың анықтауы, партиялық-саяси жетекшi
иерархиясының қалыптасуы, соныңда билiк үшiн күрес; партияның билiкке келуi, партия
жетекшiлердiң мемлекет қызметiне өтуi.
Саяси жетекшiлiк белгiлерi:
· өзiндiк бағдарламасының немесе жаңашыл стратегиясы мен тактикасының болуы;
· қандай да бiр топтың көзқарастарын бiлдiре және қорғай бiлу;
· бағдарламаларын iске асыру және өз қолдаушыларын жинау үшiн қажеттi сапалық қасиеттерiнiң
болуы;
· қажеттi саяси мәдениет деңгейi;
· сол қоғам мен топта қалыптасқан моралдық нормаға жауап беретiн жетекшi имеджi;
· танымалдылық;
· көмекшiлер мен орындаушылар командасының болуы;
· халық бұқарасының, ресми билiк құрылымының, немесе қоғамдық ұйымдардың белгiлi бiр деңгейде
қолдауына ие бола бiлу;
· өз жақтастары мен сайлаушыларына керек бола бiлу;
· қоғам немесе өз тобы атынан сөйлеу бiлу.
Саяси жетекшiлiкке көптеген себептер ықпал етуi мүмкiн. Саясаттанушылар мен психологтар ондай
онға жуық факторларды атап көрсетедi. Олардың iшiнде:жетекшiнiң негiзгi саяси сенiм-нанымы;
оның саяси стилi; ол басшылыққа алатын мотивтер; оның қысымдар мен стрестерге реакциясы; ол
алғаш рет қалай жетекшiлiкке жеттi; оның өткен тәжiрибесi, қызметiн алғаш бастаған саяси климат;
қамқорлық таланты /эмпатии/.
Осы аталған факторлардан мынаны байқауға болады жетекшiнiң өз айналасындағылармен,
көмекшiлерiмен қарым-қатынасы жетекшiнiң бағытын күшейтуi немесе әлсiретуi мүмкiн. Бұл
туралы Н.Макиавелли «басқарушы ақылдылығы ең алдымен өзiне қандай адамдарды
жақындататындығымен бағаланады» - деп жасады.
М.Герман жетекшiлiк феноменiн анықтаушы құрылымдық факторларды пайдалана отырып,
мынадай объективтi және субъективтi алғышарттарды жинақтайды:
1. тарихи контекст /ахуал/;
2. жетекшi және оның iзбасары арасындағы қарым-қатынас;
3. жетекшi iс-әрекетi;
4. жетекшiнiң базалық саяси сенiмi;
5. саяси стилi;
6. жетекшi саяси бағытқа жетуде ұстанған мотивi;
7. стрестер мен қысымға көсем реакциясы;
8. жетекшiлiкке жету тәсiлi;
9. саяси тәжiрибе сабақтастығы.
Сонымен, бiз саяси жетекшi қалыптасу процесiнде iшкi және сыртқы объективтi және субъективтi
факторлар, жетекшi мотивтерi мен әлеуметтiк етенелесуi шешушi рөл атқаратынын байқадық.
Жетекшi қалыптасу процесiнде шешушi рөлдi ұлт, халық менталитетi, қоғамның жалпы мәдени даму
деңгейi, оның өркениеттiлiгi, дiни-саяси және әлеуметтiк-экономикалық бағдары мен бағыты да
атқарады.
3. Саяси жетекшi концепциялары.Саяси жетекшiлiктiң күрделi әлеуметтiк-саяси және
психологиялық табиғаты бұл құбылысты зерттеуге қызығушылықты тудырды. Солардың iшiнен ең
кең тараған концепцияларға тоқталайық. Жетекшiлiктiңволюнтористiктеориясының негiзгi өкiлдерi
Т.Карлейль /1795-1881ж./ және Р.Эмерсон /1803-1883ж./ тарихты көрнектi тұлғалардың
шығармашылығының нәтижесi, бұхараны «қараңғы», ол жетекшiнiң бағыт берушi әрекетiнсiз өмiр
сүре алмайды деп түсiндiрдi. Волюнтористiк концепцияда жетекшi барлық проблеманы шеше алатын
күштi тұлға. Шын мәнiнде, қатал, талапшыл тұлға қызметi белгiлi бiр кезеңдерде нәтижелi болуы
мүмкiн. Бiрақ жетекшiнiң негiзгi мiндетi белсендiлiктi көтеру, бейжайлықты жою, көпшiлiктi қоғамдық
мәселердi шешуге тарту.
Саяси жетекшiлiктi зерттеуге ерекше үлес қосқан Н.Макиавелли, оның саяси жетекшi- патша
/государь/ бүкiл қоғамның бiрiктiрушiсi және өкiлi, қоғамдық тәртiп пен өз үстемдiгiн сақтау үшiн
әртүрлi құралдарды қолданушы.
Жетекшiлiк концепциясына үлес қосқанның бiрi- Г.Тард, әлеуметтендiру теориясының негiзiн
салушы. Тард әлеуметтiк өмiрдiң негiзгi заңдылығы жетекшiлер сабақтастығы екенiн дәлелдеуге
тырысты. «Көпшiлiк тұрғындар дербес әлеуметтiк шығармашылыққа қабiлетсiз. Қоғамдық прогрестiң
негiзгi көзi белсендi, ерекше тұлғалардың ашулары»- деп жазды.
Жетекшiлiктiң психоаналитикалық мектебiнiң негiзiн салушы З.Фрейдтiң жетекшiлiк концепциясы-
бұл жеке тұлғалық беделдiң топ мүшелерiнiң iс-әрекетiне ықпалы. З.Фрейдтiң теориясы бойынша
жетекшiлiк компоненттерi- көңiл-күйлiк, денелiк, ұйымдастырушылық, ақпараттық. З.Фрейд
жетекшiлiкке бiрнеше анықтамалар бередi. Жетекшiлiк бұл:
1.Патриархалды билеушi. қатал және сүйiктi көсем бейнесiндегi тұлға. Оны көпшiлiк қалайды және
қолдайды.
2.Жетекшi- топтық стандарттарды алып жүрушi. Оған елiктейдi.
3. Тиран- басым, авторитарлы тұлға. Одан қорқады және оған бағынады.
4. Ұйымдастырушы- әркiмнiң сұранысын қанағаттандырады, кiнәлi сезiнудi, қорқуды жояды, оны
сыйлайды.
5. Арбаушы- басқа адамның әлсiз жағымен ойнайды, жаншылған көңiл-күйдiң шығуына, қиналысты
төмендетуге тырысады.
6. Батыр- топтық қарсылықты, әдiлеттiлiк стандартты бiлдiредi. Соңынан ерте бiледi.
7. Жөнсiз үлгi- басқаларды көңiл-күйлiк толықтыру. Шиеленiс көзi болып табылады.
8. Пiр (кумир)- өзiне тартады, сүйкiмдi, айналасындағыларға жағымды ықпал етедi. Оны жақсы
көредi, сиынады.
9. Жағымсыз- агрессиялық үрдiс объектiсi, ол жоқ болса топ та жойылады, себебi жалпы топтық
стимулда.
Компенсатор теориясы -көптеген саясаткерлер үшiн билiк психологиялық жетiмсiздiктерiн
толықтыруға қажет деп түсiндiредi. Саяси жетекшiлер басынан жетiлмеушiлiктi сезiнедi деп
тұжырымдауға болмайды, бiрақ олардың көпшiлiгi саяси қызметiмен толықтыруға тырысқан жеке
проблемалар мен жарақаттарға ие.Батыс әдебиеттерiнде жетекшiлiк ерекше iс-әрекет түрi, невроз
немесе психикалық жетiмсiздiк салдары деген пiкiрлер жиi кездеседi.
Басқа әлеуметтiк-психологиялық концепцияда саяси жетекшiлiктiң түрлерiне ерекше көңiл
бөледi. Барлық типтер iшiнен«билiктi iздеушi» ерекшеленедi. «Билiктi iздеушiнiң» бiрнеше түрлерi
бар, агитатор, администратор, теоретик. Агитаторбасқа адамдарды бақылаудан, комиссияға,
конференцияға, жиналысқа қатысып бiреудi сендiруден немесе қайта сендiруден қанағаттанушылық
алады /Г.Зюганов/. Администратортопта жұмыс iстегендi қалайды, жүйеде өзiн қолайлы сезiнедi,
ұжымда, топтар арасында қатынасты құрауға талпынады /А.Чубайс/. Теоретик өз түсiнiгiн сөз бен
өтiнiшке айналдырады және сонымен арбайды /Е.Гайдар/.
Психоталдау дамуына үлес қосқан Франкфрут мектебiнiң ғалымдары Э.Фромм, Т.Адорно және т.б.
Олар авторитаризмге жақын, билiкке талпынушы саяси тұлғалардың түрлерiн анықтауға тырысты.
Авторитарлы тұлға үшiн билiк психологиялық қажеттiлiк, өз жетiлмеушiлiгiнен /комплекс/ өз еркiн
басқа адамдарға тарату арқылы айырылуға тырысады, олар көңiл-күйдi басшылыққа алады, теңдiктi,
демократияны қолдамайды. Ол бүкiл әлемдi күштi-әлсiз қатынасы арқылы таниды.
Жетекшiнiң «бет әлпетi»концепциясы, бихевиористiк бағытқа сүйенген және кең тараған. Оның
негiзгi мәнi- қалаулы немесе мiндеттi психологиялық қасиеттердi жинақтау. Американ
социологы Э.Богардус жетекшi иеленуi тиiстi ондаған қасиеттердi атап көрсеттi, олар- ақыл,
энергия, қабiлет, көрiпкелдiк, өзiне көңiл аударта бiлу, такт, әзiлдеу сезiмi, қатал мiнез, шешiмдiлiк
т.б. Ал оның әрiптесi К.Бирд жетекшiнiң жүз қасиетiн атап көрсеткен.
«Ахуал қызметi» концепциясыныңнегiзгi өкiлдерi де тұлғалардың психологиялық қасиеттерiне
белгiлi бiр көңiл бөледi, бiрақ ең алдымен тұлға қасиеттерi қалыптасқан ахуалға тәуелдi өзгермелi
болады деп есептейдi. Олар үшiн жетекшiлiк- бұл ең бiрiншi топта қалыптасқан ахуал өнiмi.
Ф.Фидлер және т.б. психологтер топ үшiн қолайлы немесе қолайсыз ахуалда негiзгi мiндеттердi
шешуге бағытталған жетекшiлер адамдарға бағдар ұстанғандарға қарағанда көп нәтижеге жетедi деп
есептейдi. Жетекшiлiк ахуал қызметi ретiнде қаралады. Жетекшiлiк мәнi индивидте емес, оның
тиянақты жағдайда орындауы тиiстi рөлiнде, және бұл жетекшiнi таңдауды, оның iс-әрекетiн
анықтайды. Объективтi жағдай талаптарына басымдылық бере отырып, көптеген саясаттанушылар
жетекшiнiң ахуалға қарап белсендiлiгi артатынын жоққа шығаруға болмайды деп есептейдi. Осыған
байланысты Ю.Дженингс «күмән жоқ егер ахуал Наполеон үшiн пiсiп жетiлсе, онда Наполеон да
ахуал үшiн пiсiп жетiлдi. Ұлы жетекшi ахуалды сезiнедi және оны қашан пайдалану қажет екенiн
бiледi және өз белсендiлiгiн реттеп отырады»- деген. Сонымен ахуалдылық теориясы жетекшi қасиетi
концепциясын да жоққа шығармайды. Сол қалыптасқан ахуал мен жағдай саяси жетекшi қасиетi мен
бет әлпетiн анықтайды деп есептейдi. Э.Фромм мен Д.Рисмен ахуал қызметi негiзiнде саяси
жетекшiнiң екi түрiн ажыратып көрсетедi. 1) нарықтық бағдардағы тұлға /Э.Формм/, өзiне товар
ретiнде қарайды, «ахуалдық сұраныс» негiзiнде қажеттi қасиеттердi игерiп, өзiн қымбат сатуға
талпынушы; 2) «өндiрiстiк тұлға» тәуелсiз, өз потенциалын таратушы, ақиқаттылықты өзгертушi.
Ахуалдық концепция дамуына ерекше үлес қосқан Р.Такер. Ол саяси жетекшiлiкте үш
элемент шешушi рөл атқарады деп есептедi.
Бұл, бiрiншiден, жетекшiнiң жеке қасиеттерi; екiншiден, билiктi iске асыруда қолданатын
құралдары; үшiншiден, жетекшi түсетiн.
Р.Такер саяси жетекшiнiң үш түрiн де ажыратып көрсетедi: консерваторлар, реформаторлар,
революционерлер.
Конституенттер теориясыбойынша жетекшi- жақтаушылары бар адам. Топ өз мүддесiн
қанағаттандыратын жетекшiнi қалыптастырады; жетекшi- топ құралы, яғни оның құпиясы топ
психологиясы мен сұранысында. Жетекшi- өз жақтаушыларының мүдделерiн бiлдiруге қабiлеттi
адам.
4. Саяси жетекшiнiң түрлерi:
Американ зерттеушiсi М.Херманнсаяси жетекшiлiктiң кең тараған классификациясын ұсынды:
· ту көтерушi
· саудагер
· қызметкер
· өрт сөндiрушi
· марионетка .
Саяси жетекшi қызметтерi:
1. қоғамды интеграциялау, бұқараны бiрiктiру;
2. тиiмдi саяси шешiмдердi табу және қабылдау;
3. әлеуметтiк арбитраж және патронаж;
4. билiк және бұқара коммуникациясы, саяси және көңiл-күйлiк байланыс каналдарын кеңейту,
азаматтардың билiктен аластауын болдырмау;
5. жаңаруды қолдау, оптимизм мен әлеуметтiк энергияны беру, саяси мақсатқа бұқараны тарту;
6. саяси құрылысты легитимдеу.
 

You might also like