You are on page 1of 1

Қорытынды

Мен, Нұралы Олжас Сарқан гуманитарлық колледжі 0105000 «Бастауыш білім


беру» мамандығының 403 «А» топ студенті «Мектептегі байқау практикасы»
педагогикалық іс – тәжірибеден өттім.
Тәжірибеден өту барысында іс – тәжірибемнің міндеттері мен мақсаттарымен
таныстым. Жаңа бағдарлама бойынша сабақ жоспарын құруды, сынып сағатын
жоспарлап өткізуді, оқу үрдісін ұйымдастыруды, оқушылармен педагогикалық
қарым қатынас орнатуды, оқушылардың шығармашылық жұмыстарын
ұйымдастыру әдістерін үйрендім. Сынып сағаттарын өткізу арқылы оқушылардың
танымын, адамгершілігін сана - сезімдерін ояту барысында іс – шара өткізудің әдіс
– тәсілін меңгердім.
Болашақ ұстаз ретінде, әрбір оқушыға жеке тұлға ретінде қарау керек екендігін
және оқушылармен жеке жұмысты қалай жүргізуді үйрендім. Оқушылардың білім
деңгейіне сай тапсырма, баға беруді және үлгерімі төмен оқушылармен
педагогикалық қарым – қатынас орната білдім. Сынып сағаттарына қатысты
көрнекі құралдарды, тақтаны безендіруді үйрендім.
Қорытындылай келе, педагогикалық іс – тәжірибеде меңгерген және
үйренгендерімді болашақта кеңінен қолданамын, әрі жетілдіремін.

05.10.2021

You might also like