You are on page 1of 5

экспрессивті-эмоционалды сөздерді-5

ауыр кезеңдер

аяусыз соғыс

қиын заман
озат экономика

тақаған кез

ұлы төңкеріс

дамыған елдер

жаралы жүрек

статистикалық деректерді-3

2022 жылғы қантар-желтоқсанда елге келгендер саны 17 293 адам, елден кеткендер саны 24 239
адамды құрады. Көші-қон сальдосы- -6 946 адамды құрады.

2021 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда Қазақстанға келгендер саны 57,5% - ға өсті,
Қазақстаннан кеткендер саны 24,7% - ға азай ды.

Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүреді. ТМД елдерінен келгендердің
үлесі 85,9%, ал бұл елдерге кеткендердің үлесі 83,4% құрады.
дәйексөздерді-2

"Көші-қон саласында алғаш рет соңғы 10 жылда оң үрдіс


қалыптасқанын жеткізгім келіп отыр. Әрине, бұл бір жағынан
геосаяси ахуалдың әсері болса, екінші жағынан көші-қон саласы
тұжырымдамасының шараларын белсенді атқарудың нәтижесі", -
деді Дүйсенова үкіметтің бүгінгі отырысында.

"Бүгінде оңтүстік, батыс аймақтарда және мегаполистерде халық саны айтарлықтай өсіп
келе жатыр. Ал солтүстік аймақтарда керісінше азаю үрдісі байқалады. Кейінгі жылдар
ішінде Солтүстік Қазақстан (-22,43 пайыз), Павлодар (-5,76 пайыз) және Қостанай (-8,3
пайыз) облыстарында халық саны азайған", - дейді Әшімбаев.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, еліміздің қалаларына қоныс аударушылардың саны


өткен алты айда 10100 адам, ауылдарға көшіп келгендер 3,5 мың адам болған.

Далаға кетті – босқа кетті

Көзі ашылу – санасы ояну

Иін тірескен – өте көп

Көзі жету – кәміл сену

Көк өрім – бала кез


Кірерге тесік таппау – ұялу

Қолы ашық – жомарт

Қас пен көздің арасында

Үш ұйықтаса түске кірмейтін

 Ер — елінде, гүл — жерінде.


 Өз елінде көртышқан да батыр.
 Өз елінің иті де қадірлі.
 Отан үшін күрес — ерге тиген үлес.
 Орағың өткір болса, қарың талмайды, Отаның берік болса, жауың алмайды.
 Елінен безген ер болмас, Көлінен безген қаз болмас.
 Сағынған елін аңсайды, Сары ала қаз көлін аңсайды.
 Жат жердің қаршығасынан, Өз еліңнің қарғасы артық.
 Егілмеген жер жетім, Елінен айырылған ер жетім.
 Ерінен айырылған көмгенше жылайды, Елінен айырылған өлгенше жылайды.
 Отан — отбасынан басталады.
 Опасызда oтан жоқ.
 Отан оттан да ыстық.
 Отансыз адам — ормансыз бұлбұл
Ұлт жоспары - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес институционалдық
реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам. «100 нақты қадам» - бұл
ЖАҺАНДЫҚ ЖӘНЕ ІШКІ СЫН-ҚАТЕРЛЕРГЕ ЖАУАП және сонымен бір мезгілде,
жаңа тарихи жағдайлардаҰЛТТЫҢ ДАМЫҒАН МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ОТЫЗДЫҒЫНА
КІРУІ ЖӨНІНДЕГІ ЖОСПАРЫ. «100 нақты қадам» елімізге «2050-Стратегиясын» жүзеге
асыру мен ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІЛІГІН НЫҒАЙТУҒА, ЖОЛДАН АДАСПАУҒА,
КҮРДЕЛІ КЕЗЕҢНЕН СЕНІМДІ ӨТУГЕ жағдай туғызатын БЕРІКТІК ҚОРЫН жасап
беретін болады. Жоспардың негізгі мақсаты «АУРУЛАРДЫҢ СЫРТҚЫ БЕЛГІЛЕРІН»
СЫЛАП-СИПАП ҚОЮ ЕМЕС, ОЛАРДЫ «ЖҮЙЕЛІ ЕМДЕУ»болып табылатын қоғам
мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негіз қалайды.

Қазақстанда кедейлік деңгейі күрт қысқарды: 1996 жылы ел тұрғындарының 35%-і кедейлік
шегінде болса, тәуелсіздік жылдары бұл көрсеткіш 12,5 есеге — 2,5%-ке дейін қысқарды.
Тіпті, әлемнің ең дамыған елдерінің көпшілігінде мұндай көрсеткіш жоқ.
Қазақстан жұмыссыздық деңгейін 2,6 есе қысқартты. Қазақстанның озат экономикасы
қазақстандықтардың әл-ауқатын айтарлықтай арттыруды қамтамасыз етті. Қазақстан
азаматтарының орташа жалақысы тәуелсіздік жылдары 17 есе өсті.
Қазақстандағы әлеуметтік шығындар 25 жылда 26 млн теңгеден 4,8 трлн теңгеге дейін артты,
қазір ел бюджетінің 46%-ін құрайды.
Соңғы он бес жылда орташа жалақы мен зейнетақылар өсімі 10 еседен асып кетті.
25 жылда Қазақстанда туу деңгейі 60%-ке жоғарылады.
Қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 64 жылдан 72 жылға дейін артты.
Қазақстанда 100 миллионнан астам шаршы метр баспана салынып, тұрғындарды баспанамен
қамту бір жарым есеге артты.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016 - 2019
жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы
Бағдарламаның мақсаты - еліміздің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз
ету үшін халықтың денсаулығын нығайту.
Бағдарламаның міндеттері болып саналады:
 Қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін дамыту; аурулардың профилактикасын және басқаруды
жетілдіру;
 денсаулық сақтау жүйесін басқарудың және қаржыландырудың тиімділігін арттыру;
 ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру және саланың инфрақұрылымын жетілдіру.
Денсаулық сақтау саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында
Қазақстан мынадай мақсатты индикаторға қол жеткізуге тиіс:
 2020 жылға қарай өмір сүрудің күтілетін ұзақтығы 73 жасқа жетеді;
 2020 жылға қарай халық денсаулығының индексі 20 % - ға жетеді;
 2020 жылға қарай халықтың медициналық көмек сапасына қанағаттануының деңгейі.

Елбасының биылғы «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ"
атты Жолдауының тарихи маңызы ерекше. „Мəңгілік ел“ идеясы қазақ халқының
қаншама ғасырлар, аңсап келе жатқан, арманына апаратын, мақсатына жеткізетін,
бірден-бір мəңгіліктің жолы. Елбасы өз Жолдауында „Мəңгілік ел“ болып қалу
үшін бүгінгі заманға сай не істеу керектігін нақтылап айқындады. „Мəңгілік ел“ —
ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман-əлем елдерімен
терезесі тең қатынас құрып, əлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тəуелсіз Мемлекет
атану еді… Біз үшін болашағымызға бағдар беретін, ұлтты ұйыстырып,
ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол — „Мəңгілік ел“ идеясы» деп
Елбасымыз бұл идеяның аса қажеттіліктен туындағанын ерекше атап өтті. «Мəңгілік ел»
идеясының негізгі мақсаты — елімізді қарышты дамыған мемлекетке айналдыруда ұлттық
мүддені, рухани дүниені жаңғыртуды жəне өзіміздің қазақ ұлтының мерейін асыруға,
қалыптасқан тарихи үрдістерін жаңғыртуға арналған құжат деп білуге болады.
Президенттің жалпы ұлттық идеясы — еліміздің рухын көтеретін,
ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мəңгілік ел» — елімізді өз мақсатына талай дəуір сынынан
сүріндірмей жеткізетін тұғырлы бастама. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына
кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз. Бұл үшін бізде барлық мүмкіндіктер: ресурстар,
білімді адамдар, жұдырықтай жұмылған ұлтымыз бар, деді Елбасымыз. Ел басшысы
өз сөзін ары қарай жалғастыра келе: «Біз бəріміз бір атаның — қазақ халқының ұлымыз.
Бəріміздің де туған жеріміз біреу — қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана
Отанымыз бар, ол — тəуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тəуелсіз елімізді
«Мəңгілік Ел» етуді мұрат қылдық. «Қазақстан-2050» Стратегиясы осынау мəңгілік
жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі. Бабалардың ерлігі,
бүгінгі буынның ерен істері жəне жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық
болса ғана, біз «Мəңгілік Ел» боламыз. Тəуелсіздік алғаннан кейін небір тар жол, тайғақ
кешулерден сүрінбей өттік. Бүгін Қазақстанды бүкіл əлем танып отыр. Қазақстан
таяудағы жылдар ішінде əлемдік бəсекеге барынша қабілетті елдердің қатарына кіруі тиіс.
Бұл дегеніміз — бəсекеге төтеп беру. Əлемдік бəсекеге төтеп берудің басты шарты —
күшті рух пен білім.

 Қазақстан Республикасында 1989 жылғы халық санағында 16199,2 мың адам


тіркелді.
 2018 жылы Қазақстан халқының саны 18 321 606 адамға жетті.
 Демографиялық бағдарлама –“Қазақстан Республикасы
демографиялықдамуының 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасы”
 Баспана, Шаңырақ, Жас Отбасы, бағдарламалары жүзеге асуда.
 Қазақстанда 2018 жылы Отбасы институты құрылды.
 Тәуелсіздік жылдары ішінде ана өлімі 5,5 есеге азайып, 2015 жылы бұл
көрсеткіш 100 мың тірі туылғанға шаққанда 12,3 көрсеткішін құрады.

Соңғы алты жылдың ішінде (2009 – 2015 жылдар) нәресте шетінеушілігі 1000 тірі
туылғанға шаққанда 9,39 деңгейіне дейін 3 есеге төмендетілді.

Елбасы 1997 жылдың 16-шы қазан күні «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі,


қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» атты Жолдауында Қазақстан Республикасының
2030 жылға дейінгі даму стратегиясын ұсынған болатын.

Мақсаты. ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-


ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан
мемлекетін орнату. Осы мақсатқа орай мынандай ұзақ мерзімді негізгі 7 бағыттар бөліп
көрсетілді:

1. Ұлттық кауіпсіздікті сақтау. (Ұлттық кауіпсіздік басымдыктарының деңгейіне мықты


демографиялық және көші-кон саясаты шығарылуға тиіс)

2. Ішкі саяси-тұрақтылық пен коғамның топтасуын нығайту.(-Теңдікке негізделген


бірынғай азаматтықты дамыту. Этникалық түсініспеушілік себептерінің жойылуы және
этникалық топтар қүқықтарыньщ тең болуын қамтамасыз ету. Дәулеттілер мен жарлылар
арасындағы айырмашылықты азайту. Ауыл проблемасына үлкен ерекше көңіл бөлу.)

You might also like