You are on page 1of 27

Қазақстан Республикасының

конституциялық құқығының
негіздері
 
Конституция сөзі латынның  «constitutio» –
бекіту, орнату деген сөзді білдіреді.

Алғашқы конституция 1787 АҚШ-та, кейін 1789


жылы Францияда қабылданды. Кәзіргі кезде кез
келген мемлекетте өз конституциясы бар.

Конституция – бұл ұлттық құқықтың басқа


көздеріне қарағанда қоғам мен мемлекетте ең
жоғары заңдық күші бар нормалардың
жиынтығы.
Қазақстан Республикасн құрылған кезден
бастап бiрталай құқықтық актiлер
қабылданып, жаңа мемлекеттiң заңды негiзiн
қалай бастады. Оларға жататындар:
1. Қазақ ССР-нің Мемлекеттiк егемендiгi
туралы декларациясы.
2. Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы Заңы.
3. 1993 жылғы және 1995 жылғы
Қазақстан Республикасының
Конституциялары.
Конституцияның ерекшелiктерi:

- қоғамдық қатынастардың негiзiн қалайды;


- құқықтың негiзгi бастауы болып табылады;
- ең жоғарғы заңдылық күшi бар;
- оның ерекше тәртiппен қабылдануы;
- тұрақтылығы.
Конституциялық құқық дегеніміз -
қоғамдық өмірдің саяси, әлеуметтік
және экономикалық негіздерін
орнықтырумен, жеке тұлғаның
мемлекеттегі орны мен ролін
айқындаумен, жалпы мемлекет нысанын
бекітумен байланысты мемлекет үшін
аса маңызды қарым-қатынастарды
реттейтін құқық нормаларының
жиынтығы.
Конституциялық-құқықтық
қатынастарды реттеу үшін мынадай
бірнеше әдістер қолданылады:
а) міндеттеу әдісі тек мемлекеттік
органдарға ғана емес жеке тұлғаларға да
қатысты қолданылады. Бұл әдіс арқылы
мемлекет мемлекеттік органдармен қатар,
жеке тұлғаларды да өзінің басты
ұстанымдарына сәйкес әрекет етуге
міндеттейді.
ә) тыйым салу әдісі құқық
субъектілеріне мемлекет пен қоғам
үшін тиімсіз әрекеттерді жасауға
тыйым салады, көбінесе мемлекеттік
органдар мен қоғамдық ұйымдарға
қатысты қолданылады, ал жеке
тұлғаларға қатысты тек шектеулі
жағдайларда ғана қолданылуы мүмкін.
б) рұқсат ету әдісі көбінесе заң
арқылы республика азаматтарына заңға
сәйкес әрекеттер жасауға құқық береді.
в) тану әдісі арқылы азаматтардың,
мемлекеттік органдардың нақты
құқықтары мен мүдделерін тану немесе
танымау мәселелерін шешетін норма
қабылданады.
Қазақстан Республикасының
Ата заңы тоғыз тарау, тоқсан
сегіз баптан тұрады.
Конституция негізінде
биліктің бірден-бір бастауы
халық болып танылады.
•      I-бөлім. Жалпы ережелер
•       II-бөлім. Адам және азамат
•       III-бөлім. Президент
•       IV-бөлім. Парламент
•       V-бөлім. Үкімет
•       VI-бөлім. Конституциялық кеңес
•       VII-бөлім. Соттар және сот төрелігі
•       VIII-бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару
және өзін-өзі басқару
•       IX-бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер
ҚР Конституциясы бойынша
мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр
қайнар көзi - халық.
Халыққа, негiзiнен мемлекеттiң iшкi және
сыртқы саясатын анықтау құқығы берiлген.
Қазақстан халқы - тек қазақ ұлты емес, сонымен
қатар Қазақстанмен тарихи тағдыры тығыз
байланысты басқа ұлттар топтары. Халық дауыс
беру, (референдум), талқылау, сондай-ақ
Парламент депутаттарын сайлау арқылы
мемлекеттiк өмiрдiң маңызды мәселелерiн
шешуге қатысады. Президенттi де тiкелей
халық сайлайды.
Қазақстан Республикасы
басқару нысаны – Президенттік.
Президент:
- мемлекеттің басшысы;
- ішкі және сыртқы саясатты
қалыптастырады;
- үкімет мүшелерін тағайындайды және
босатады;
- парламентті тарата алады және кезектен тыс
сессияға шақыра алады;
- қарулы Күштердің бас қолбасшысы;
- референдум өткізеді;
Қазақстан Республикасы құрылым
нысаны унитарлы.
Республика аумағы әкімшілік-аумақтық
бірліктерге бөлінген, олар:
- ауыл (село);
- кент;
- ауылдық (селолық) округ;
- қаладағы аудан;
- қала- аудан- облыс.
Қазақстан Республикасы
демократиялық, құқықтық, әлеуметтік
және зайырлы мемлекет.
Мемлекетте саяси, идеологиялық
еркіндік, саяси көп пікірлілік бар.
Азаматтар кез-келген саяси партия
құрамына кіруге құқылы.
Қазақстан азаматы тек бір партияға
мүше бола алады.
Мемлекеттік билік дін ісіне
араласпайды, діни ұйымдар
мемлекет ісіне араласпауға тиіс.
Елімізде бір дінге
артықшылық жасалып, оған
мемлекеттік мәртебе берілмейді.
Конституциясының екінші
тарауы «Адам және азамат» деп
аталады.
Бұл тарауда адам мен азаматтың
мынандай мәселелері қаралған:
- құқықтары;
- бостандықтарына;
- кепілдіктері;
- міндеттер;
Азаматтық дегеніміз - адамның нақты бір
мемлекетке саяси және құқықтық қатысты.
Шетел азаматты дегеніміз - Қазақстан
азаматы болып табылмайтын, бірақ, өзге бір
мемлекеттің азаматы.
Азаматтығы жоқ дегеніміз - Қазақстан
азаматы болып табылмайтын, өзге елдің
азаматы екендігі дәлелденбеген адамдар.
Қазақстан Республикасында
шетел азаматтары мен
азаматтығы жоқ адамдар
республика азаматтарымен тең
дәрежедегі құқықтарға ие бола
алады және міндеттер атқарады.
     III-бөлім. Президент
•  Қазақстан Республикасының Президенті -
мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі
және сыртқы саясатының негізгі
бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және
халықаралық қатынастарда Қазақстанның
атынан өкілдік ететін ең жоғары
лауазымды тұлға.
Президенті республикадағы адам
құқықтарының қорғалуы мен
қамтамасыз етілуінің кепілі.
Президент адам мен азаматтың
саяси, әлеуметтік және жеке
құқықтары мен бостандықтарын
жүзеге асыруды көздейтін жеке
құқықтық актілер шығарады.
IV бөлім ПАРЛАМЕНТ
• Парламент – Қазақстан Республикасының
заң шығару билігiн жүзеге асыратын
Республиканың ең жоғары өкiлдi органы.
• Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін
екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен
тұрады.
• Сенат конституциялық заңда белгіленген
тәртіппен әр облыстан, республикалық
маңызы бар қаладан және Қазақстан
Республикасының астанасынан екі
адамнан өкілдік ететін депутаттардан
құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-
мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің
білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі
ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын
Республика Президенті тағайындайды.
• Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген
тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан
тұрады.
• Парламент депутаты бір мезгілде екі
Палатаға бірдей мүше бола алмайды.
• Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі -
алты жыл, Мәжіліс депутаттарының
өкілеттік мерзімі - бес жыл.
V бөлім ҮКIМЕТ
• Үкімет Қазақстан Республикасының
атқарушы билігін жүзеге асырады,
атқарушы органдардың жүйесін басқарады
және олардың қызметіне басшылық
жасайды
VI бөлім КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС
• Қазақстан Республикасының
Конституциялық Кеңесі жеті мүшеден
тұрады, олардың өкілеттігі алты жылға
созылады
VII бөлім СОТТАР ЖӘНЕ СОТ ТӨРЕЛIГI
• Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот
қана жүзеге асырады.
•  Сот билігі сотта іс жүргізудің азаматтық,
қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де
нысандары арқылы жүзеге асырылады. Заңда
көзделген жағдайларда қылмыстық сот ісін
жүргізу алқабилердің қатысуымен жүзеге
асырылады.
•  Заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты,
Республиканың жергілікті және басқа да соттары
Республиканың соттары болып табылады.
VIII бөлім
ЖЕРГIЛIКТI МЕМЛЕКЕТТIК БАСҚАРУ ЖӘНЕ
ӨЗIН-ӨЗI БАСҚАРУ
•  Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті
аумақтағы істің жай-күйіне жауапты жергілікті
өкілді және атқарушы органдар жүзеге асырады.
• Жергілікті өкілді органдар - мәслихаттар тиісті
әкімшілік-аумақтық бөліністегі халықтың еркін
білдіреді және жалпымемлекеттік мүдделерді
ескере отырып, оны іске асыруға қажетті
шараларды белгілейді, олардың жүзеге
асырылуын бақылайды.

You might also like