You are on page 1of 18

Сәйкестiктi растау

Сәйкестiктi растау –техникалық реттеу объектісінің техникалық


регламенттерде және (немесе) стандарттау жөніндегі құжаттарда
белгіленген талаптарға сәйкестігін құжаттамалық куәландыру
(сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты
түрінде) болып табылатын рәсім;

Сәйкестікті бағалау – техникалық реттеу объектісіне қойылатын


талаптардың сақталуын тікелей немесе жанама айқындау;

1
Сәйкестiктi растау

 Адамдардың өмірі мен денсаулығы, азаматтардың мүліктері


мен қоршаған ортаны қорғау,

 Өнімдердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің қауіпсіздігін


қамтамасыз ету;

 Өнімдер мен қызмет көрсетулердің сапасы мәселелерінде


тұтынушылардың мүдделерін қорғау;

 Саудадағы техникалық кедергілерді жою, өнімнің ішкі және


сыртқы нарықтық бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету;

 Заңды және жеке тұлғалардың Қазақстанның бірыңғай тауар


нарықтық қызметі үшін

 Xалықаралық экономикалық, ғылыми-техникалық


ынтымақтастыққа және халықаралық саудаға қатысуы үшін
қажетті жағдайлар жасау.

1
Сәйкестікті бағалау

1
Сәйкестікті бағалау

1
Сәйкестікті бағалау
Өнімге, процеске, тұлғаға немесе органға қойылған талаптардың
орындалғанының дәлелдемесі. Сәйкестікті растау, тіркеу, аккредиттеу,
тексеру және қадағалау сәйкестікті бағалау іс-әрекеттерінің айқын мысалы
болып табылады.

Сәйкесті растау нәтижесі — объектінің техникалық регламенттерінде,


стандарттарында немесе шарттарында белгіленген талаптарға
сәйкестігін құжаттамалық куәландыру (сәйкестік туралы декларация
немесе сәйкестік сертификаты түрінде) болып табылатын сәйкестікті
бағалау рәсімі.
Сәйкестікті растау нысаны – өнімнің нәтижелері, көрсетілетін
қызметтің техникалық регламенттерінде, стандарттарында немесе
шарттарында белгіленген талаптарға сәйкестігінің дәлелі ретінде
қаралатын іс-қимылдардың жиынтығы.  6
Сәйкестікті бағалау туралы құжаттар
Сәйкестікті бағалау туралы құжаттарға мыналар жатады:
1) сәйкестік сертификаты;
2) сәйкестік туралы декларация;
3) егер сынақ техникалық регламентерге сәйкес сәйкестікті
бағалаудың дербес нысаны болып табылса, сынақтар хаттамасы;
4) жалпы қауіпсіздік туралы декларация;
5) көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік;
6) көлік құралы типін мақұлдау;
7) шасси типін мақұлдау;
8) техникалық регламенттерде және (немесе) стандарттау
жөніндегі құжаттарда тіркеу (мемлекеттік тіркеу), сынақтар,
сараптама нысандарында және (немесе) өзге де нысанда
белгіленген өзге де құжаттар.
Қазақстан Республикасының аумағында өнімдер мен процестердің
сәйкестігін растау міндетті немесе ерікті сипатта болады.
Сәйкестікті растау схемаларында сәйкестікті анықтау тәсілдері
(сынақтар, өндірістің жай-күйін талдау, сапа менеджменті жүйесін
бағалау, техникалық құжаттаманы талдау, өнімді талдау) қамтылады
және оларды сәйкестікті растау жөніндегі органдар және (немесе)
өнім дайындаушылар сертификаттау рәсімдерін жүргізу немесе
сәйкестік туралы декларацияны қабылдау кезінде қолданады.
Өнім сәйкестігін растау кезінде техникалық сарапшылар 2
Сәйкестікті міндетті растау

Сәйкестігі міндетті растауға жататын өнім техникалық регламенттерде


айқындалады.
Сәйкестікті міндетті растау мынадай нысандарда жүзеге асырылады:
1) сәйкестiк туралы декларация қабылдау;
2) міндетті сертификаттау жүргізу.
Сәйкестікті міндетті растау тиісті техникалық регламентте белгіленген
жағдайларда ғана және тек қана оның талаптарына сәйкестігіне
жүргізіледі.
Өнімдерді сәйкестендіру мақсатында ұйымдардың стандарттарын
қолдануға жол беріледі, бірақ ұйымдардың стандарттары сәйкестікті
міндетті растау рәсімдерін жүргізу үшін қолданылмайды.
Егер техникалық регламенттерде өзгеше белгіленбесе, сәйкестікті
міндетті растау объектілеріне бұрын тұтынуда болған, көрме үшін және
нысаналы пайдаланбау үшін әкелінетін, сондай-ақ гуманитарлық көмек
желісі бойынша берілетін өнім жатпайды.

2
Сәйкестікті ерікті түрде растау

Сәйкестікті ерікті түрде растау ерікті түрде сертификаттау нысанында


жүргізіледі.
Ерікті түрде сертификаттау өтінім берушінің бастамасы мен талап етуі
бойынша кез келген сәйкестікті бағалау объектілеріне қатысты – олардың
стандарттау жөніндегі құжаттарға, ал олар болмаған кезде мәлімделген
талаптарға сәйкестігі тұрғысынан жүргізіледі.
Ерікті түрде сертификаттау жүйесін заңды тұлға және (немесе) дара
кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға немесе бірнеше заңды тұлғалар және
(немесе) дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғалар құра алады.
Ерікті түрде сертификаттау жүйесін құрған тұлға немесе тұлғалар
сертификаттауға жататын объектілердің тізбесін және сәйкестігіне ерікті
түрде сертификаттау жүзеге асырылатын олардың сипаттамаларын
белгілейді, осы ерікті түрде сертификаттау жүйесіне қатысушыларды
айқындайды.
Сәйкестікті ерікті түрде растау, егер бұл техникалық регламентте немесе
өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленсе, өнімнің сәйкестігін
міндетті растауды алмастырмайды.
Сәйкестікті ерікті түрде растауды сәйкестікті растау жөніндегі орган
шарттық негізде жүргізеді.
Сәйкестікті ерікті түрде растау рәсімін жүргізу тәртібіне және сәйкестік
белгілерін беруге қойылатын талаптар ұлттық стандарттарда белгіленеді. 2
Сәйкестік сертификаты

Сәйкестік сертификатын өтінім берушіге таңдап алынған сәйкестікті


растау схемасына сәйкес барлық рәсімдерді орындаудың оң нәтижелері
болған жағдайда өнімдерге, процестерге және көрсетілетін қызметтерге
сәйкестікті растау жөніндегі орган береді.
Дайындаушы, импорттаушы, дайындаушы уәкілеттік берген тұлға,
сатушы сәйкестік сертификатының иелері болып табылады.
Сәйкестік сертификатының нысандары және оларды ресімдеу тәртібі
сәйкестікті бағалау қағидаларында айқындалады.
Сәйкестік сертификатын оны берген сәйкестікті растау жөніндегі орган
техникалық реттеу тізілімінде немесе Еуразиялық экономикалық одақтың
сәйкестікті бағалау туралы берілген немесе қабылданған құжаттарының
бірыңғай тізілімдерінде тіркеуге тиіс.
Сәйкестік сертификатының күші Қазақстан Республикасының бүкіл
аумағында қолданылады.
Сериялы шығарылатын өнімге сәйкестік сертификаты сәйкестікті
растау схемасында белгіленген мерзімге беріледі.

2
Сәйкестік белгісі

 Сәйкестік белгісі сәйкестікті растау рәсімінен өткен өнімді таңбалауға


арналады.
 Сәйкестік белгісінің бейнесі, оған қойылатын техникалық талаптар
және таңбалау тәртібі ұлттық стандарттарда айқындалады.
 Сәйкестік сертификатын алған дайындаушы, импорттаушы,
дайындаушы уәкілеттік берген тұлға, сатушы сәйкестік белгісін ұлттық
стандарттарда белгіленген, өздері үшін қолайлы кез келген тәсілдермен
қолдануға құқылы.
 Сәйкестігі міндетті растауға жататын және техникалық
регламенттерде және (немесе) ұлттық стандарттарда белгіленген
талаптарға сәйкестігін растаудан өтпеген өнімге сәйкестік белгісін қоюға
жол берілмейді.

2
Өнімді сынау

Сынақтардың мақсаттары :
 өнім үлгісі, өзге де сәйкестікті бағалау объектісі қасиеттерінің
сипаттамаларын айқындау;
 егер сынақтар сәйкестікті растау шеңберіндегі рәсім болып табылса,
сәйкестікті растаудың жүргізілуін қамтамасыз ету;
 егер сынақтар сәйкестікті бағалаудың дербес нысаны болып
табылса, осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көрсетілген өзге де
мақсаттар.
Сынақтардың қағидаттары :
 сынақтар нәтижелерінің анықтығы, сынақтарды жүргізу кезіндегі
бейтараптылық;
 егер сынақтар сәйкестікті бағалаудың дербес нысаны болып табылса
 Сынақтар, егер бұл сертификаттау немесе сәйкестікті декларациялау
кезінде қолданылатын сәйкестікті растау схемасында көзделсе,
сәйкестікті растау шеңберіндегі рәсім болып табылады. Сынақтар, егер
бұл техникалық регламенттерде көзделсе, сәйкестікті бағалаудың дербес
нысаны болып табылады.

2
Өнімді сынау

Үлгілер төмендегі атаумен ұсынылған өнімнен іріктелді

Ұсынылған Өлшем Партияның Партияның Дайындалған Жарамды Іріктелген


өнім үлгі- бірлігі нөмірі мөлшері күні лық өнім үлгілерінің
лерінің мерзімі саны
атауы
1 2 3 4 5 6 7

2
Өнімді сертификаттау тәртібі

1) СРО сертификаттауға өтінім беру;


2) СРО-ның қоса берілген құжаттарымен бірге өтініштерді
қарауы және ол бойынша шешім қабылдауы, оның ішінде растау
схемасын бекітуі;
3) сертификаттау бойынша жұмыстарды жүргізуге арналған
шартты жасасу;
4) сәйкестендіру, үлгілерді іріктеу және сынау;
5) өндiрiстiң жай-күйiне талдау жүргізу (егер бұл растау
схемасында көзделсе);
6) алынған нәтижелерді талдау және сертификатты беру
(беруден бас тарту) туралы шешім қабылдау;
7) сертификатты мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің
тізіліміне тіркеу;
8) сертификатты беру;
9) сертификатталған өнiмге инспекциялық бақылауды жүзеге
асыру (егер бұл растау схемасында көзделсе);
10) сертификаттау нәтижесі туралы ақпарат беру
2
Өнімді сертификаттау тәртібі

Сертификаттың қолданылу мерзімін СРО сертификаттаудың


таңдап алынған растау схемасын, өнімнің ерекшелігін, оның
өндірісін, нормативтік құжаттардың қолданылу мерзімін, нақты
өнімге арналған нормативтік құжаттардың талаптарын, сондай-ақ
менеджмент жүйесі сертификатталған мерзімді (егер бұл растау
схемасында көзделген болса), бірақ 3 (үш) жылдан немесе өнімнің
жарамдылық мерзімінен аспайтын мерзімді ескере отырып, СРО
белгілейді.

2
Өндіріс жағдайын талдау

Өндіріс жағдайын талдау кезінде төмендегілер тексеріледі:

1) нормативтік және техникалық құжаттардың болуы, оларды


актуалдандыру;
2) білікті персоналдың болуы;
3) технологиялық процесті және оның метрологиялық
қамтамасыз ету жағдайын сақтау;
4) енгізу, қабылдау-бақылау және мерзімді сынақ жүйесінің
болуы;
5) жабдықты және сынақ жабдығын техникалық қамтамасыз
ету мен жөндеу жүйелерінің болуы;
6) шикізатпен және материалдармен қамтамасыз етілуі;
7) сертификатталатын өнiм сапасының тұрақтылығы;
8) сақтау шартының болуы;
9) рекламацияларды есепке алу мен талдаудың болуы.

2
2
Әдебиеттер
1. Сәйкестікті растау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2021 жылғы 29
маусымдағы № 433-НҚ бұйрығы.

18

You might also like