You are on page 1of 12

Сертификаттау

Сертификаттау
Сертификаттау (куәландыру) -
азаматтардың өміріне, денсаулығына,
мүлкіне және айналадағы
ортаға өнімнің қауіпсіз болуы
талаптарына сай келуін тексеру.
Мамандандырылған мемлекеттік ұйымдар
жүргізеді. Сертификаттау деп
сәйкестікті растау жөніндегі орган
өнімнің, көрсетілетін қызметтің
белгіленген талаптарға сәйкестігін
жазбаша куәландыратын рәсімді де
атайды.
Халықаралық сертификаттау мәселелері жөніндегі
комитет(СЕРТИКО), халықаралық сертификаттау жөніндегі орган
ИСО 1982 жылы сертификаттау деген терминді алғаш рет
қалыптастырып, оған анықтама берді.

Сертификаттау латынша - «дұрыс жасалды» деген мағынаны


береді.Сертификаттауға сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік белгісі
арқылы бұйымның немесе қызметтің белгілі бір стандартқа немесе басқа
нормативтік құжаттарға сәйкес екенің растайтын іс- қимыл деген
анықтама берілген.

Сертификаттау - сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің, көрсетілетін


қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша куәландыратын
рәсім.
Сертификаттаудың мақсаттары

• Адамдардың өмірі мен денсаулығы, азаматтардың мүліктері мен қоршаған


ортаны қорғау,
• Өнімдердің, жұмыстардың, қызмет көрсетулердің қауіпсіздігін қамтамасыз
ету;
• Өнімдер мен қызмет көрсетулердің сапасы мәселелерінде тұтынушылардың
мүдделерін қорғау;
• Саудадағы техникалық кедергілерді жою, өнімнің ішкі және сыртқы нарықтық
бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету;
• Заңды және жеке тұлғалардың Қазақстанның бірыңғай тауар нарықтық
қызметі үшін,
• Xалықаралық экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа және
халықаралық саудаға қатысуы үшін қажетті жағдайлар жасау.
Сертификаттау жұмыстарын жүргізу тәртібі

сертификаттауды жүргізу үшін өтініш беру;

мәлімдемені қарастырып шешім қабылдау;

үлгілерді таңдап және идентификация жасап сынауды жүргізу;

өндірісті тексеру (егер сұлба бойынша тексеру қажет болса);

сынау нәтижелерін талдау, сертификат беру туралы шешім қабылдау;

сертификатты және сәйкестік белгіні пайдалануға рұқсат (лицензия)


беру;
сертификаттау сұлбасы бойынша сертификатталған өнімді
инспекциялық бақылау. 
Сәйкестікті растау түрлері

міндетті
ерікті растау
растау

дайындаушының
(орындаушының) немесе
сатушының бастамасы
бойынша жүргізіліп,
өнімнің техникалық
өнімнің, көрсетілетін
регламенттерде
қызметтің,
белгіленген талаптарға
процестердің стандартқа,
сәйкестігін растау жүзеге
өзге де құжатқа немесе
асырылатын рәсім
өтінім берушінің арнайы
талаптарына сәйкестігін
растауды жүзеге асыратын
рәсім
Міндетті сертификаттауға Ерікті сертификаттауға
жататын өнім тізімі жататын өнімдер

• машинажасау, электротехника,
өндірістік техникалық,
прибор жасау, медициналық
әлеуметтік тұрмыстық
техника, ауылшаруашылық
(мысалы, кітап, журнал
және
шығару, үй жиһазын шығару)
тамақ өнеркәсібі тауарлары,
өнімдері;
шикі-зат пен ағаш өңдеу
материалдық, материалдық
өнімдері, демалу ағзаларын
емес (мысалы, білім беру)
қорғау құрал-дары, таралар,
пиротехникалық бұйымдар
Сәйкестік сертификаты

 өнімнің, көрсетілетін қызметтің


техникалық регламенттерде
белгіленген талаптарға,
стандарттардың немесе өзге де
құжаттардың ережелеріне сәйкестігін
куәландыратын құжат. Өнімнің,
көрсетілетін қызметтің техникалық
регламенттерде, стандарттар мен өзге
де құжаттарда белгіленген талаптарға
сәйкестігін растау рәсімінен өткені
туралы сатып алушыларды хабардар
етуге арналған белгі - сәйкестік белгісі
деп аталады.
Б
Е
Л
Г
І
Л
Е
Р
Сертификаттаудың негізгі ережелері

1.Сертификаттау органы немесе сынау лабораториялары ретінде кез-келген әр түрлі жеке меншікті мекемелер болуы мүмкін,
егер олар әзірлеуші (сатушы) немесе тұтынушы (сатып алушы) болмаса және орнатылған тәртіп бойынша акредиттеуден
өтіп сертификаттау жұмыстарын атқаруға рұқсаты (лицензиясы) болса.
2.Сертификаттау органдарының және сынау лабораторияларының аккредиттеу жұмыстарын ҚР Мемлекеттік стандарт
комитеті немесе атқарушы өкіметтің органдары өткізеді. Аккредиттеудің нәтижесі бойынша аккредиттеу аттестаты беріледі. 
3.Отандық және импорттық өнімдердің сертификаттау жұмыстары бір ережелермен жүргізіледі.
4.Егер сертификаттау жүйесінде бір өнімнің бірнеше сертификаттау органдары болса, онда мәлімдеушінің қайсыбір органды
таңдауға құқығы бар.
5.Мемлекеттік Реестрде тіркеу уақыттан бастап міндетті серти-фикаттау жүйесіндегі сертификаттардың және аккредиттеу
аттестаттардың әрекет күштері кіреді.
6.Барлық құжаттар (мәлімдеме, хаттамалар, актілер, аттестаттар, сертификаттар және т.б.) қазақ немесе орыс тілдерінде
жазылады.
7.Келіспейтін жағдайлар туатын болса, онда сертификаттау орындарына, ҚР мемлекеттік стандарттау комитетіне және
сертифи-каттау жұмыстарымен айналысатын басқа да мекемелерге апелляция беруге құқық бар.
8.Біркелкі өнімнің немесе қызмет топтарының сертификаттау жүйесімен орнатылған сұлбасы бойынша сертификаттау
жұмыстары жүргізіледі.
 
Сертификаттау органдары
    
  Өнім,процесс, жұмыс, қызметті сертификаттау жөніндегі орган-мемлекеттік сертификаттау
жүйесімен белгіленген тәртіпте, белгілі қызмет саласында сертификаттау жөніндегі жұмыстарды
жүзеге асыруға тіркелген заңды тұлға.

Аккредиттеуден өткен ұйымға (сертификаттау органға) қойылатын талаптар:


1.үшінші тарапты (әкімшілікті, экономикалық және заңгерлік тәуелсіз) болу;
2.мәлімделген сертификаттау аймағында техникалық компетентті болу;
3.құжатталған процедуралар мен қажетті жабдықтарға ие болу;
4.арнайы оқытылған маман қызметкерлерімен қамтамасыз етілген;
5.керекті стандарттардың өзекті қорымен және басқа да нормативтік құжаттармен қамтамасыз ету;
6.сертификаттау және сынауды өткізу ғана емес, сонымен қатар сертификатталған өнімді инспекциялық түрде
бақылау жүргізу.

You might also like